Ыбырай Алтынсарин 1841 жылғы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында туған. әкесі Алтынсары ерете өсіп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. өз заманының беделді адамдарының бірі болған, заман ағымын аңғарғыш, оқу-өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болашақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі – Ыбырай болған.
Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша чиновниктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан‑жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.
Содан кейін екі жылдай Ыбырай өз елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қазақ қоғамының қайшылықты тұрмысын тереңірек түсініп, оның болашағы жайлы ойлануда бұл аз уақыттың өзі Ыбырай өмірінде едәуір із қалдырады.
1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде ол Шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым, профессор В.В. Григорьевпен жақын танысады. Атасы Балқожаны жақсы білетін және сыйлайтын Григорьев Ыбырайға аса ілтипатпен қарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануына оған мүмкіндік берген. Осы кітапханада Ыбырай Григорьевтің көмегімен орыс жазушыларының еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі мен өлеңдерін көп оқыған. өз заманының озат ой-пікірімен танысып, әдебиет, саясат ағарту саласындағы журналдарды да қараған.
Осылайша өз бетімен оқуды нәтижесінде білім қорын едәуір молайтқан Ыбырай өзінің болашағын тілмаш болудан емес, халыққа пайдалы қызмет істеуден іздейді. Оның бойында ағартушылыққа деген ынта туады. Сөйтіп, сол заманның прогресшіл ағартушылық ой‑пікірі негізінде оның көзқарасы қалыптаса бастайды. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп (Троицк, Торғай, Ырғыз және Қазалы қалаларында) ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алады.
Сөйтіп, мектеп ашу мақсатымен 1860 жылы Ыбырай Торғайға айысады. Бірақ жергілікті орындардың жәрдемі жеткіліксіз болып, мектеп ашу ісі біраз созылып кетеді. Соған қарамастан Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз баланы өз үйінде оқытады.
Ыбырай дың арман еткен мектебі Торғайда 1864 жылы ғана ашылады. «Осы жылы қаңтардың 8 күні көптін күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы қабылданды. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім», — деп жазды ол белгілі Шығыс зерттеуші, профессор Н.И. Ильшинскийге жолдаған хатында.
Ыбырай мектептегі сабақ пен бүкіл тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ беруге тырысады. Тәрбие жұмысын Ыбырай оқу арқылы әкем даярлау мақсатына емес, адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.
Халықпен етене араласу арқылы Ыбырай мәдениет пен білім жолына ұмтылудағы туған халқының көңіл-күйін жақсы ұғады. Бұл оны ағартушылық іске рухтандыра түседі. «Қазақтар мені құшағын жая қарсы алды. Мектепке балаларын беруге ынтымалы адамдар толып жатыр», деп жазды ол Торғайға барған сондай‑ақ Н.И. Ильшинскийге. Ыбырай Ильшинскиймен халықтың жағымды мінез‑құлқы, болашағы жайлы ойларын да бөленді. «Қазақ даласын үш жылдай аралаған Сіздің қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық дейтініңізге мен сенемін», — деп жазды Ыбырай оған. – Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз». Туған халқы туралы мұндай озық ойда болу Ыбырайдың демократтық көзқарастарының негізі болды және оның сеніммен жұмыс істеіне көмектесті. Сонымен бірге Ыбырай ел ішіндегі теңсіздік, әділетсіздік, қанаушылықты да көре білді. әкімдерінің зорлықшыл сорағы қылымтарын сынға алды. Езілуші бұқараның мүддесін қорғады.
«қызмет бабында мен қазақтармен жиі-жиі ұстасып қаламын, ‑ деп жазды 1864 жылы Ильшинскийге. – Олырдың ішінде менің өз туысқандарым бар. Олырдың ішінде менің өз туысқандарым бар. Олардың сырын жақсы білемін, кобін тіпті жек көремін. Қазақ арасындағы қызмет адамдарын да қоңілім тіпті сүймейді. Олар кедиі қазақтарды – қарсылық көрсете алмай, қасқырдың аузына жем болатын қорғансыз момындарды-адамшылықтың шегінен шыға арсыздықпен тонайды, талайды. Соларды көргенде… өте қатты күйінемін… Осы елдің күшті жемқорларының бірі олардың істеп жүрген істерін менің жаратпайтынымды біліп қалды. Сондықтан ол мені бұл арадан қуып жіберудің амалын істеп жүр.»
Осы негізді Ыбырайдың, ағартушылық, демократтық көзқарастары қалыптасып, дамыды.
1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық, жүйесін, орыс ағартушылрының еңбектерін зерттейді. Соларға еліктеп, қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды.
Оқулық жасау жұмысына Ыбырай мектепке қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің ең негізгі шараларының бірі деп қарайды. Ол балалрға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шығын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез – құлыққа баулуды көздейді. Діни мектептерде оқытылып жүрген «татар, араб, парсы кітаптарының бәрі адам баласын дұрыс ойлаудан шатастырып, кері кетіретінін» айта отырып, Ыбырай балалрды «ондай ықпалдан құтқару үшін… мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды… қазақтың өз тілінде шығару керектігін» түсенеді. Сөйтіп 1876 ж бастап «Қазақ христоматиясын» жазуға кіріседі.
«Қазақ христоматиясын» 1879 жылы Орынборда басылады. «Бұл кітапты құрастырғанда мен, — деп жазды Ыбырай христоматиясының алғы сөзінде, — біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс- қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім». Сол мақсатпен Ыбырай «Қазақ христоматиясын» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме- новеллалардан құрастырды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан алып, еркін аударды. Сонымен бірге кітапқа қазақтың халық әдебиетінің үгілерін іріктеп кіргізді.
«Қазақ христоматиясын» Ыбырай орыс алфавиті негізінде жасады. «Орыс әрпін қолданумен байланысты қазақ тілі орынсыз ген араб, парсы, татар сөздерімен тазарады. Орыс әрпін қолданғанда ғана қазақ ітаптары дұрыс жазылатын болады», — деп жазды Ыбырай. Ол қазақ тілін орыс графикасына көшіруді тұңғыш рет ұсынады.
«қазақ христоматиясына» жазған алғы сөзінде Ыбырай біраз шығармалардың «Түрлі орыс хрестоматияларынан» аударылып. Алынғанын айтады. Бұл – Ыбырайдың қазақша ақулық жасауда орыс оқулықтары үлгісін пайдаланумен бірге, балалрға тәрбие беретін шағын шығармалардың басқа халықтағы нұсқаларын да кітапқа кіргізу ниетін ұстағанын көрсетеді. Сол арқылы Ыбырай жастарды озық әдебиеттір үлгілерімен, орыстың ағартушылық ой-пікірімен таныстыруды мақсат етті.
Сөйтіп, «Қазақ христоматиясына» кірген біраз материалдарды И.И. Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языкеә, К.Д. Ушинскийдің «Детский мир», «Родное слово», Л.Н. Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан алды.
Ыбырай – қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы. Сондықтан ол аудармаға үлкен маңыз бере ұқыптылықпен қарады. Бірақ бұл ұқыптылық аударманың дәлме-дәлдігін сақтауда емес, шығарманы өзінің ағартушылық мақсатына лайықтап ала білуінде жатыр. Сол шығармалар арқылы ол озық мәдениеттің алдыңғы қатарлы демократтық көзқарастарын әкелді, оның дамуына мүмкіндік жасады. Аударма жасау арқылы өзінің жазушылық шеберлігін де жетілдіре түсті.
1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалды. Бұл оынң ағартушылық қызметінің кең орыс алуына жол ашты. Ол жаңа үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады.
Ы.Алтынсарин сол кездегі Орынбор , Қазан қалаларындағы Шығыстану ғылымен шұғылданушылар В.В. Григорьев, Н.И. Ильшинский, в.В. Катаринский, халық ағарту қызметкерлері – Я.П. Яковлев, А.А. Мазохин, т.б. тығыз қарым-қатынаста болған. Мәдениетті де талантты педагог-жазушы, әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс жолдастарының арасында мейлінше беделді, құрметті саналған.
Қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесінде көп еңбек еткен қазақтың тұңғыш педагогі, әрі ақын, әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салған.