Бұл күндері еліміз қазақтың біртуар ұлы, тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтың туғанына 170 жыл толуын атап өтуде. Ол тарих, этнография, шығыстану, геогра
фия сияқты ғылымның түрлі салаларын зерттеп, отыз жылдық қысқа ғұмырын да артына мол ғылыми мұра қалдырды. Ғалымның еңбектерінен алуан түрлі ғы лым саласына қатысы бар, өз құнын бүгінгі күнге дейін жоймаған ойлы тұжырымдар табуға болады. Ш.Уәлихановтың шексіз энциклопедиялық білімі тек жан – жақты дарындылығын паш етіп қана қоймайды, оның көптеген халық тың өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, сол арқылы өз халқының тарихи даму сала сын зерттеуді байытқан, әрі жаңа сатыға көтерген бірден – бір ойшыл екенін аң ғартады./1/
Ш.Ш.Уәлиханов қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеуге ерек ше назар аударды. Ол өзінің зерттеулерінде этнографияның негізгі мәселелері мен бағыттарына тоқталды. Бұл туралы Е.А.Масанов: «В его трудах мы нахо дим исключительное богатство оригинальных и глубоких мыслей и идей, науч ных выводов, интереснейших гипотез, сведений, не утративших своего значе ния для науки и по настоящее время. Широта познаний ученого, его эрудиция, умение исследовать актуальные и чрезвычайно сложные и трудные проблемы, тонкое понимание самобытности жизни и культуры народов Востока, роли и значения передовой русской культуры для их судеб поражают читателя,»/2/ — деп жазды.
Ең алдымен, туған халқының тарихын зерттеуші, қазақтардың этникалық тарихы мен этногенез мәселелеріне көңіл бөлді. Қазақ халқының шығуы туралы
ойын ол 1852 жылғы «Письмо профессору И.Н.Березину» еңбегінде: «Все данные, собиранием которых я теперь занимаюсь,…подтверждают, что народ ка
зак (так называем себя мы) образовался от союза разных племен турецких и монгольских во время междоусобий в орде, начавшихся тотчас после смерти Бердибека, а не народ древний о котором писал Фирдоуси. Каждый потомок Ба
тыя хотел быть ханом и иметь народ: так, я думаю, образовались ханство Крым
ское, Казанское, орда Чорайгаковская, союз узбеков – шейбанов и казаков,»/3/ — деп анық көрсетті.
Ш.Ш.Уәлиханов «қазақ» этнонимі туралы ең алғаш дұрыс болжам жасады. Оның бұл тұжырымын өзінен кейінгі зерттеушілер де қолдады. Ш.Уәлиханов бойынша «қазақ» термині алғашқыда әлеуметтік мағынаға ие болып, кейінірек Қазақ хандығы құрылғаннан соң ғана (15-16 ғасырларда) этникалық мағынаға ие болды. «Киргизское родословие» еңбегінде былай деп көрсетті: «Кочевой степняк, для отличия от своих городских родовичей – соседей, узбеков и ногайцев, гордился именем казака – свободного степняка, кочевого человека.»/4/ Ғалымның қазақтардың этникалық тарихы мен этногенезі жөнін дегі басқа да зерттеулері осындай тұжырымдарға сәйкес екендігі белгілі.
Ш.Уәлиханов Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі халықтардың этникалық тарихы мәселелерінің дұрыс шешілуі үшін әртүрлі деректерді жан – жақты пайдаланды. Деректердің қандай деңгейде қолданылып жатқандығын да, атап айтар болсақ, қытай, шығыс және еуропалық жазбаша деректердің зерттеу лерде кеңінен қолданылып, ал халық ауыз әдебиеті туындылары (ертегілер, дас
тандар, аңыз әңгімелер т.б.) осы уақытқа дейін (Шоқан зерттегенге дейін) «еш кім тимеген қалпында» екендігін атап көрсетті.
Ш.Уәлиханов Қазақстанды мекендеген көшпелі халықтардың рулық – тайпа лық (қауымдық) құрылысын зерттеуге аса көңіл бөлді. «Предания и легенды Большой киргиз – кайсацкой орды», «Киргизское родословие», «Записки о киргизах», «О киргиз – кайсацкой Большой орде» сияқты еңбектерінде ол, кей іннен бірнеше халықтың құрамына енген: өзбек, қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен т.б. да көптеген ежелгі түркі тілдес тайпалардың тарихын қарастырды.
Сонымен қатар, кейіннен пайда болған рулық одақтар туралы да: «Аблай – хан в одном из своих чапу на киргизов (1757)… вывез в свою орду несколько сот джесырей (пленников); эти буруты, кочуя вместе с атыгаевским родом Средней орды от племени аргын, постепенно слились и теперь составляют отделение это го рода под именем яна – киргиз и бай – киргиз и, для получения генеалогичес кого права братства родов, производят себя от одного из 12 сыновей Даута (ро доначальника атыгаев)»,- әділ айтты.
Күрделі тарихи мәселелердің табысты шешімін табуына, зерттеушілердің ара сынан бірінші болып Ш.Уәлиханов тарихи – этнографиялық дерек ретінде, ха лық ауыз әдебиеті шығармаларын қолдануы болды. Ол халық поэзиясының көр кемдігіне сүйсіне отырып, одан тарихи – этнографиялық мәліметтер іздейді. Ол арды туған халқының тарихын қайта қалпына келтіруде шебер пайдалана білді.
Ежелгі заманнан бүгінгі күндерге дейін сақталып келген көшпелі халықтардың жетістігі — халық ауыз әдебиеті туындыларының маңызын: «Пре дания эти сохраняются свято или в виде родовых воспоминаний в памяти ста рейшин, как, например, юридические предания и генеалогические, или в форме
эпоса передаются из рода в род особенным сословием певцов. Многие слова и обороты, не употребительные в настоящее время, показывают их древность»/6/, — деп көрсетті.
Ш.Уәлиханов қазақ халқының батырлар жыры үнді – герман эпостарына ұқсай тындығын ашады. Тарихи жырлардың шығу тегін қадағалай келіп, ол «ноғай лы» заманының туындылары 14-16 ғасырларға жататынын анықтайды. «Ер Көк
ше» жырын зерттегенде шығарманың бас кейіпкері Ер Көкше батыр тарихта болған адам екенін, 1423 жылы ұрыста ерлікпен қаза тапқаны туралы жазба де рек табады.
Ш.Ш.Уәлиханов қазақ халқының тарихын зерттеуге үлкен үлес қосты. Оның зерттеулері туған халқының тарихының әрі қарай жан – жақты зерттелуіне зор әсер етті. Бүгінгі таңда да маңыздылығы арта түсуде.