Халықаралық сауда туралы реферат

Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына – сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дис Сакстың пікірінше: «қандай да бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Сыртқы сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда) немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) талдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

«Фритретерство» саясатын ең алғаш А.Смитт өзінің «Салыстырмалы артықшылқтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады»- деп жазған.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады. Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:

  1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалданудың дамуы;
  2. экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми-техникалық революция;
  3. дүниежүзілік нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
  4. тарифтер мен сауда туралы келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
  5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бағасы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
  6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей нарықтың қалыптасуы;
  7. сыртқы нарыққа бейімделген, экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы, тағы басқа да жағдайлар.

Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі байқала бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы басымдығынан айырыла бастады.

Егер 1950 жылы АҚШ үлесіне дүниежүзілік экспорттың 1/3 тиген болса, өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ деңгейіне жақындады. Сөйтіп, 90-шы жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауда-саттықта Испания едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтарды экспорттауда Испания дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңдерде өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» — Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандарда басқа қазба байлықтар, инфрақұралым, байланыс құрал-жабдықтар тағы басқа факторлар ескеріледі.

Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында, бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік нарыққа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

Мамандардың болжауы бойынша ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер сипатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030-шы жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.

Дамушы елдердің өз экспортын диверцификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарабынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер ең алдымен «жаңа индустриалды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.

Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1994 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді:

Мемлекеттер Экспорт млрд.

доллар

Дүниежүзілік

саудадағы орны-%

1.АҚШ 512 12,3
2.Алмания 421 10,1
3.Жапония 397 9,5
4.Франция 236 5,7
5.Ұлыбритания 205 4,9
6.Италия 189 4,5
7.Канада 165 4,0
8.Гонконг 152 3,7
9.Голландия 148 3,6
10.Белгия 131 3,1
11.Қытай 121 2,9
12.Сингапур 96 2,3
13.Оңтүстік Корея 96 2,3
14.Тайвань 93 2,2
15.Испания 73 1,7

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының ролі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылы дүниежүзілік сауда көлемінің 40%-і Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.

Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, олардың өзара қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.

Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік»: АҚШ — Батыс Еуропа — Жапония шеңберінде ағылып жатыр.

Дүниежүзілік сауданың құрылымы. Дүниежүзілік сауданың қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы-өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми сыйымды тауарлар экспорты жылына -500 млрд доллар құрайды, ал жоғарғы технологиялық өнімнің үлесі 40%-ке жақын. Машиналар мен жабдықтар саудасының да ролі артып келеді. Осымен байланысты ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық, қаржы-несие қызметтерінің айырбасы кең қанат жаюда. Машиналар мен жабдықтар саудасының қарқыны бірқатар жаңа қызметтер түрлерін өмірге алып келді. Оларға: инжиниринг, лизинг, консалтинг, ақпаратты есептеу қызметтері жатады.

Инжинирингклиентке көрсетілетін иинженерлік қызметтердің жиынтығы. Оның түпкі мақсаты өндіріске жұмсалған күрделі қаржыны, немесе басқа шығындарды өтеуде жоғарғы нәтижеге жету. Ондай нәтижеге жету үшін инжиниринг материалдық, технологиялық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланудың әдістерін іздестіреді.

Лизинг— машиналар мен жабдықтарды белгілі бір мерзімге арендаға беру туралы келісім. Лизинг халықаралық және ұлттық деңгейде өнеркәсіп –банк монополияларының жалғасып кетуінің жаңа нысаны.

Консалтинг— жобаларды дайындау және жүзеге асыру кезіндегі кеңес беру қызметі.

Соңғы онжылдықта (1985-1996ж.ж.) өнеркәсібі дамыған елдердің машиналар мен жабдықтар экспорты үш есе өсті. әсіресе электротехникалық және электронды жабдықтарды экспорттау жедел қарқынмен дамып келеді, олардың үлесіне машинатехникалық өнімдері экспортының 25%-і тиеді.

Халықаралық сауда жедел дамып келе жатқан саланың бірі – химиялық өнімдеу саудасы. Энергоресурстар мен шикізатқа сұраныстың көбейгенімен, шикізат саудасының қарқынды дүниежүзілік сауда қарқынынан едәуір төмен. Мұның себебі: біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді ұлғайтуды; екіншіден, шикізаттың өзін ұтымды пайдалану арқылы қалдықсыз, терең өңдеу процесін қолдану.

Дүниежүзілік азық-түлік саудасының оған деген сұраныстың біршама азайғандығы байқалады. Бұл белгілі дәрежеде өнеркәсібі дамыған елдерде азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауымен байланысты.

Халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша, соңғы онжылдықта (1985-1996ж.ж.) халықаралық сауда жыл сайын орта есеппен 5,2%-ке өскен. Бірақ мұншалықты өсу барлық уақытта бірдей емес. Мысалы, 1989 жылы халықаралық сауданың өсуі 8,2% болса, 1993 жылы 4%-ке дейін төмендеген. Мұның басты себебі: өнеркәсібі дамыған елдерде байқалған экономикалық тоқырау. Ал, дәл осы кезеңде азиялық «жаңа индустриалды елдерде» сыртқы сауда қарқыны 10%-н асқан. 1994 жылы халықаралық сауданың көлемі 9,5%-ке жоғарылап, осы жылдардың басындағы төмендеу тенденциясы тоқтаған.

Дүниежүзілік сауданың 90-шы жылдардың орта шенінде жедел өсуі , АҚШ-тың, Италияның, Канаданың, Испанияның импортының қарқынды өсуімен байланысты. Сонымен қатар бұл процеске Қиыр Шығыс, Латын Америкасы елдерінің шаруашылық коньюнктурасының жақсарғаны да әсер етті. Егер сауда саласындағы кедергілер біртіндеп жойыла берсе, онда халықаралық тауарлар нарығы жыл сайын орта есеппен 6%-ке өсері анық.

Дүниежүзілік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ, оның басты тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едік. Бұл орайда бірқатар проблемелар да көрсетер еді. Оның негізгісі – мемлекетарлық экономикалық топтар, сауда-экономикалық одақтар деңгейіндегі протекционистік тенденциялардың ұлғаюы. Дүниежүзілік банктық есептеулерге қарасақ бұл одақтардың шеңберіндегі 90-шы жылдары дүниежүзілік сауданың 42%-ы жүзеге асырылған.

Ең ірі тоғыз халықаралық аймақтың сауда одақтары мынадай құрамда:

  1. Еуропалық Одақ – Австрия, Алмания, Ұлыбритания, Италия, Ирландия, Франция, Испания, Португалия, Финляндия, Дания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Греция.
  2. еуропалық еркін сауда ассоциациясы – Исландия, Норвегия, Швейцария, Лихтенштейн.
  3. еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісім АҚШ, Канада, Мексика.
  4. Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы – Австралия, Бруней, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Индонезия, Филлипин, Тайвань, Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Мексика, Чили.
  5. «Меркосур» — Бразилия, Аргентина, Парагвай, Уругвай.
  6. Оңтүстік Африкалық даму комитеті – Ангола, Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик, Маврикий, Намибия, ЮАР, Свазиленд, Танзания, Зимбабве.
  7. Батыс Африкалық экономикалық және валюталық одақ – Кот’д Ивуар, Буркина-фасо, Нигерия, Того, Сенегал, Бенин, Мали.
  8. Оңтүстік Азиялық аймақтың ынтымақтастық асоциациясы – Индия, Пакистан, Шриланка, Бангладеш, Мальдив, Бтан, Непал.
  9. Анд факті – Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия.

Аталған Одақтастықтарды құруының негізінде саяси, экономикалық, тарихи мәні бар объективті процестер жатыр. Бұл процестердің күшеюі бір жағынан, халықаралық сауданың дамуына әсер етеді, екінші жағынан кез келген жабдық құрылымдарға тән бірқатар кедергілер де болады.

Біртұтас әлемдік нарықтар жүйесін қалыптастыру бағытында әлі де болса көптеген кедергілер мен қайшылықтар бар. Еркін сауда немесе протекционизм мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сауда-экономикалық одақтастарына мүше елдер қайшылықты жағдайларды ескере отырып, проблемелардың оңтайлы шешімін іздестіру үстінде.

Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және ролі. Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ-на және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы, ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.

Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік:

1.Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995-ші жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8% төмендеген болса, 1996 жылы 4,5% қана төмендеді.

2.Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктың қайта құру ставкасы, егер 1995 жылдың ортасында 75% болса, сол жылдың аяғында 52,2%, ал 1996 жылы 30% болды.

3.өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономикалық ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім 1996-шы жылы бірінші жарты жылында 1995-ші жылдың сол кезеңімен салыстырғанда – 100,1%, соның ішінде өнеркәсіп өнімі – 100,2% болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқтатылып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.

4.Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,5% болса, кейінгі жылдары да едәуір өседі деп күтілуде.

Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған сыртқы сауда режиміне баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік нарықтағы бәсеке бағытында, елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр. Солардың ішінде:

  • облыстардың лицензия берген құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
  • барлық лицензиялар мен квоталарды аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктің әр түрлі нысанындағы кез-келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелестік түрде қол жеткізуіне мүмкіндек береді;
  • экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре берумен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.

Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, ролін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіру салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.

Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін, интенсивті ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс-шараларды батыл қолға алу міндеттері тұр.

Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспорттық потенциялын ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы, өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек, олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы ролін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазақстанның осы замандағы басты ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.

Қазақстанда дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.

Экономиканың, шикізаттың бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияға деген қажеттілік, инфроқұрылымның төмен дәрежесі, Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері.

Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ, АҚШ «таргетинг» дегенді пайдаланушы елдерге қарсы санкциялар (жазалау шаралары) қолданады.

Таргетинг – экспорттық потенциялды, негізінде бір мақсатты ғана көздеп, өсіре беру. 1997 жылдың басында Мәскеуде, Интеграциялық комитетте Белорусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресей Федерациясының сарапшы топтарының бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі жөніндегі жұмыс бабындағы кеңесі болып өтті. Кеңеске қатысушылар 1996 жылдың соңында Сингапурда өткен бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына (БСҰ) мүше мемлекеттер министрлерінің конференциясының жұмыс қорытындысын талқылады. Бұл форумның мақсаты – БСҰ мүшелерінің келісімдер мен шешімдер жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын қарау, беделді халықаралық сауда ұйымы қызметінің жұмыс бағдарламасына шолу жасау, дүниежүзілік саудада қалыптасып отырған бағыттарды және ең алдымен дамушы елдерге қойылатын талаптарды талдады.

1996 жылы Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей өкіметтері делегацияларының БСҰ-ға кіру мәселелері жөніндегі жұмысының қорытындылары, олардың осы бағытта қазір жүргізіп отырған қызметінің жоспарлары қаралды.

«Төрттік» елдердің БСҰ-ға қосылу туралы құжаттарды дербес жасайтыны және дербес келіссөз жүргізетіні атап өтілді. Кеден одағына қатысушылардың БСҰ-ға қосылуы айтарлықтай күрделі процесс болып табылатыны, сондықтан ұзақ уақытқа созылатыны айтылды.

Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы қажет.

Халықаралық экономикалық қатынастар жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері-өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым-қатынастарын зерттейді.

ХЭҚ-ң негізгі нысаны – халықаралық сауда. Дүниежүзілік шаруашылық кешенінде өзінің құндық көлемі бойынша сыртқы сауда қатынастары алдыңғы позицияларды сақтап тұр.

Соңғы онжылдықтарда ғылыми-техникалық, көлік, қамсыздандыру, туризм, ақпарат, жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға беру, консультациялық қызмет көрсету жүйелеріндегі мемлекетаралық қатынастар да дамып келеді.

Өндірістің интернационалдануы өндіргіш күштердің қызметін кеңейтумен қатар өндірістік қатынастарды да жетілдіреді. Экономикалық интернационалдануы халықаралық өндірістік қатынастармен мейлінше жақындастырады.

Дүниежүзілік шаруашылық – ХЭҚ-ң объктивті негізі және маңызды бөлігі. ХЭҚ-р дүниежүзілік шаруашылық қалыптасқанға дейін де бар болған. Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуына байланысты. ХЭҚ-ң да қызмет ауқымы кеңейіп, тереңдеп әлемдік сипатқа ие бола бастады.

ХХ ғасырдың бас кезінде дүниежүзілік шаруашылық экономикалық емес әдістерге: мәжбүр ету, ықтиярсыз бағындыру, күштеу саясатына негізделді. Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың нарықтық және халықаралық еңбек бөлінісінің принциптеріне негізделген интернационалдық бағыттағы шаруашылық бейнесіне ие болып отыр.

Интернационалдану дегеніміз – халықаралық  еңбек бөлінісі негізінде жекелеген елдер арасындағы тұрақты өндірістік-экономикалық байланыстарды қалыптастыру.

ХЭҚ-ң дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.

Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзіндегі елдердің арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы. Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сиымды тауарлар.

Қазақстан дарбес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы керек.

Сыртқы саудадағы бағалардың негізінде рыноктық (қоғамдық) баға жатыр. Дамыған қоғамдық еңбек бөлінісі және халықаралық сауда жағдайында ұлттық құндар өндірістің ұлттық бағасына, ал интернационалдық құндар — өндірістің интернационалдық бағасына айналды.

Ұлттық құнның интернационалдық құннан ерекшелігі бар. Оған жекелеген елдердің экономикалық дамуының жалпы деңгейі, географиялық, табиғи және тарихи жағдайлары , ұлттық ерекшеліктері және тағы басқа жатады. Ұзақ уақыт бойы жұмыс күші құнындағы өзгешеліктер шешуші фактор болып келді, бірақ қазір бірінші кезекке басқа себептер, әсіресе технологиялық артықшылықтар, рыноктық коньюнктурасына бейімделу жылдамдығы және тағы басқа себептер шықты. Ұлттық және интернационалдық құндардың айырмашылықтарынан еңбек өнімділігі мен тиімділігінің деңгейлері көрінеді.

Тауарлардың дүниежүзілік рынокта өткізілген кезінде жекелеген елдердегі еңбек, дүниежүзілік шаруашылықтағы жиынтық еңбектің бөлігі ретінде қоғамдық мойындауға ие болады. Нәтижесінде ұлттық қоғамдық жұмыс уақытының орташа қатынасы, бір елдегі жеке жұмыс уақытының қоғамдық жұмыс уақытына қатынасы сияқты көрінеді.

Еңбектің шығындары мен нәтижелерінің салыстырмалы айырмашылықтарын икемді пайдалану халықаралық айырбасқа қатысушы елдер үшін экономикалық тиімділікті қалыптастырады.

Дүниежүзілік шаруашылықтағы құн заңының әрекеті, дүниежүзілік рыноктағы тауарлар айырбасты ұлттық қоғамдық қажетті еңбек шығындарының негізінде емес, орташа әлемдік шығындар негізінде анықталады. Басқаша айтқанда, халықаралық тауар айырбасы, өндіргіш күштердің өсуі мен еңбек қарқындылығы, орташа әлемдік қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен анықталатын өндірістің интернационалдық шығындарына негізделген.

 Әлемдік рынокта ұлттық тауарлардың құны әлемдік баға және қоғамдық қажетті шығындар арқылы анықталады. Бұл жағдайда даму деңгейі мен еңбек өнімділігі неғұрлым жоғары елдердің өнімдерінің ұлттық құны интернационалдық құннан төмен болады, ал даму деңгейі төмен елдердің өнімдерінің ұлттық құны интернационалдық құннан жоғары болады. Дүниежүзілік рыноктың ерекшеліктерінің бірі – қоғамдық қажетті орташа жұмыс уақыт жекелеген тауар өндірушілердің жұмыс уақытының орташа арифметикалық шығындарының нәтижесінде емес, халықаралық деңгейде, белгілі бір тауардың басты жеткізушілері болып табылатын елдердің ұлттық құндарының негізінде жасалады. Кейбір жағдайларда, дүниежүзілік рынокқа жекелеген тауарлардың басты жеткізушілері қатарында әлемдік өндірісте үлесі төмен тауар өндірушілер де болуы мүмкін. Дүниежүзілік рыноктағы халықаралық бағалардың ұлттық экономикадағы бағалардан айырмашылығы бар.

Өндіріс факторларының елдер арасында толық ауысуы мүмкін емес. Демек, халықаралық айырбасқа бәсекеге қабілетті, өндіріс шығындары төмен, тұтыну қасиеттері өте жоғары тауар ғана шығарылады. Экспорттық тауарларды өндіру үшін алдыңғы қатарлы технология қолданылады, ерекше табиғи немесе географиялық жағдайлар интенсивті түрде пайдаланылады.

Халықаралық сауда дүниежүзілік рынок болмысының бірденбір нысаны емес екендігін атап көрсету керек. Өз кезегінде дүниежүзілік рынок, дүниежүзілік шаруашылықтағы халықаралық тауар және қызмет айырбасы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Дүниежүзілік рыноктың қалыптасып, өрістеуінде ірі өнеркәсіптің рөлі өте зор. Егер еркін бәсеке дәуірінде дүниежүзілік рыноктың негізі сыртқы сауда болса, ХХ ғасырда бүкіл шаруашылық өмірдің халықаралық сипаты күшейеді, сөйтіп халықаралық экономикалық қатынастардың жаңа нысандары пайда болып, дамыды.