Франция мемлекетінің бизнесмендермен қарым-қатынасын классикалық деп атауға болады. Себебі, бұл қатынастар маңызды эволюциялық жолмен құрылған.
1940 жылға дейін «Францияның өз олигархиясы – атақты «200 отбасы», өз аллергені – Ротишильд болған. Мемлекеттік аппарат пен ірі бизнес арасындағы кең таралған формальды емес қарым-қатынастар кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын ұлттық ұйымдарының әлсіздігімен қатар келген.
Өзгерістер соғыстан кейін басталды. Қарым-қатынастар формальдана бастады. Француз кәсіпкерлерінің ұлттық кеңесі, бизнестің жаңа ұйымы, шынайы күшке ие болды. Мемлекет өкілдері, эксперттер, кәсіпкерлер және профсоюз делегаттары кірген әлеуметтік-экономикалық кеңес құрылды. Бұл кеңестің мақсаты – үкімет ұсынған экономикалық даму жоспарларын талқылап, жұмыс берушілерді де, жұмысшыларды да қанағаттандыратын компромистік шешеімдер табу болды. Аталған әлеуметтік-экономикалық кеңестен басқа елде 5 мың-дай әртүрлі кеңес беретін органдар жұмыс істейтін. Бұнда бизнес өкілдері мемлекетпен және профсоюздармен бизнес – диалог жүргізе алатын болды.
Ірі бизнестің мемлекеттік институттарға жолы әлі де ашық, дегенмен ірі бизнес өкілдері үшін жағдай бұрынғыдан күрделене түсті: мемлекетпен жүргізетін келісімсөздерінсіз олардың өз мақсаттарына жетуі мүмкін емес, яғни мемлекет бизнесмендерге ешқандай эксклюзивті шарттар да, жеңілдіктер де жасамайды. Мемлекет белгілі бір бизнесменді емес, саланы (м/с: балық шаруашылығы) қолдайды.
Қазіргі кезде Францияда шамамен 3 млн-дай шағын кәсіпорындар тіркелген; оның 1,5 млн-ы қызмет көрсету саласында, 780 мыңы – саудада, 350 мыңы – құрылыс саласында, 303 мыңы – өндірісте жұмыс істейді. Бұл –постиндустриалды экономиканың классикалық құрылымының көрнекті үлгісі. Жылда Францияда 50 мыңға жуық кәсіпорын банкротқа ұшырайтынына қарамастан, елдегі жаңа жұмыс орындарынын 40-50% дәл осы сала қамтамасыз етеді. Францияда жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық проблемалардың ең маңыздыларының бірі болғандықтан (жұмысқа қабілетті халықтың 10-12% -ы жұмыссыз), шағын бизнестің ел экономикасы үшін маңызы зор. Осыған байланысты мынандайжаңдай туындайды: әрбір жаңа Франция үкіметі өз қызметін жұмыссыздықпен күресу шараларынан бастайды, ал ол әдетте шағын және орта бизнесті дамытумен байланысты. Сондықтан үкімет те, бизнесмендер де екі жақты пайдалы қарым қатынастарды ұстауды жөн көреді.
Францияда шағын бизнес қатарына кем дегенде 50 жұмысшысы бар фирмалар жатқызылады.
Бүгінгі күні Францияның барлық 3 млн. шағын кәсіпорындарының шамамен 1,5 млн-ы жеке немесе отбасылық бизнеске тиесілі, және жалдамалы жұмысшыларды қажет етпейді. Сонымен қатар орта есеппен 1,2 мың кәсіпорында еңбек ететін жұмысшылардың тек 10-ы жалдамалы. Францияда шағын кәсіпорындардың пайдасына мемлекет тарапынан нақты заңды шектеулер қойылмайды. Салық комитетінің деректері бойынша орта есеппен шағын кәсіпорындардың жылдық табыстары 100 мыңнан 40 млн. евро аралығында.
Францияда шағын бизнесті мемлекет бақылайды. Бұл бақылау 3 жолмен жүргізіледі.
Салықтық бақылау. Салықтық бақылаудың мәні барлық физикалық және заңды тұлғалардың жыл сайын тапсыратын табыс декларациясына бақылау жүргізумен жүзеге асырылады.
Банктік бақылаудың мәні – мемлекеттік және мемлекеттік емес банктер Францияның Орталық Банкіне барлық жылжитын және жылжымайтын мүлік сату-сатып алу туралы ірі төлемдер, шетелге аударымдар жайлы мәлімет беріп тұруы міндетті.
Қылмыстық бақылау – полицияның қаржылық бөлімдерімен жүргізіледі. Қылмыстық бақылаудың мақсаты – барлық экономикалық қылмыстарды ашу.
Францияда салық төлеуден қасақана бас тарту қатаң жазаланады. Жаза көлемі ауырлығына байланысты 40 мың евро айыппұлдан 5 жыл бас бостандығынан айыруға дейін өзгереді.
Соңғы 25 жылда мемлекетте шағын бизнесті қолдайтын айтарлықтай тиімді мемлекеттік бағдарламалар қабылданған.
Жаңа ашылған кәсіпорындағы мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық көрсетіледі. Олар:
- 2 жылға акционерлік қоғам салығынан және жергілікті салықтардан босталады;
- жаңа кәсіпкер үшін жеке табыс салығы және инвестицияланатын табыс бөлігі үшін төленетін салық көлемі төмендетіледі;
Әсіресе мемлекеттің қолдауы экономикалық жағымсыз зоналарда ашылған кәсіпорындарға үлкен болады. Бұл кәсіпкер үшін:
- әлеуметтік қамсаздандыру қорларына (денсаулық сақтау, зейнатақы қорларына, көпбалалы отбасылар үшін қорларына, жұмыссыздар үшін көмекақы кассаларына) аударылатын төлемдерге жеңілдіктер қарастыралған және кейбір түрлерінен босатылған;
- кей жағдайларда кәсіпкерлерге «көтермелер» төленеді (бизнестің «алғашқы қадамдарын» жасауға көмектесетін мемлекеттік төлемдер).
Өз бизнесін ашуға бағытталған жұмыссыздарға арналған өзіндік қолдау жүйесі қарастырылған: олар салықтан 2 емес, 3 жылға және міндетті әлеуметтік төлемдерден босатылады. Бұрынғы жұмыссыз жаңа кәсіпкерлерге арнайы чек-кітапшалары беріледі. Бұл чектер арқылы олар менеджмент, заң, бухгалтерлік есеп және басқа да кеңес беру қызметі үшін төлемдер төлеуге болады. Сондай-ақ барлық шағын кәсіпорын иелері кредит, ссуда, субсидияларды мемлекет қарастырған жеңілдіктермен алуға құқықтары бар.
Жаңа кәсіпорын құруды және кәсіпорындарды банкроттан құтқаруды марапаттау – мемлекеттің бизнесті қолдауындағы басты бағытының бірі. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда арнайы ұйым – Кәсіпорын ұйымдастыру ұлттық агенттігі (AHCE) жұмыс істейді. Оның мақсаты тек жаңа ұйымдастырылған фирмаларға ғана қолдау жасау емес, сондай-ақ, банкротқа ұшырау мүмкіндігі бар фирмаларды сатып алумен айналу.
АНСЕ-мен бірге кәсіпорындар құру бағытында мемлекеттік көмекті министрліктердің территориялық ұйымдастыру органдары, сауда-өндірістік палаталар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының арнайы бөлімдері – аймақтық және бас кеңестер, сонымен қатар кәсіпорын құруға көмек беретін жеке меншік қорлар (Жак Дус, Жак Гийомарк фондтары) көрсетеді. Бизнес құру үшін максималды қолайлы жағдайлар жасалған ашық экономикалық зоналар мемлекеттің бүкіл территориясына таралған.
Франциядағы шағын бизнес соңғы 20-30 жыл ішінде жүйелі түрде өзгерген. Бұған дейін кішігірім өндірістік кәсіпорындар нарықтың анархиялық сегменті болып есептелді, өйткені олардың иелері тек арзан немесе ескірген құрал-жабдықтарды алуға мүмкіндіктері бар еді. Бүгінгі күнге дейін жағдай сапалы түрде өзгерген. Қазіргі шағын кәсіпорындар, әсіресе, өндіріс саласында, ең жоғарғы техникамен жабдықталған. Бұл, әрине, қазіргі кәсіпорындардың барлық нәрсені өз күшімен (адам факторының шамадан тыс араласуымен) өндірудің тиімсіздігіне байланысты туындаған қажеттілік болды.
Франция үкіметі әрдайым шағын бизнесмендердің жолын жеңілдетуге шаралар қолданып отырады. Осыған байланысты шағын кәсіпкерліктің мүдделерін қорғайтын мекемелер құрылған. Осы бағытта жұмыс істеуші ұйымдардың бастысы – Француз Кәсіпкерлерінің Қозғалысы. ФКҚ-на автономды түрде «Бүкіл шағын және орта бизнес конференциясы» кіреді. Ол 400 салалық федерациялардан тұрады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын тағы бір мемлекеттің автономды ұйымы – Бәсекелестікті қолдау жөніндегі кеңес.
Франция Республикасының іскер азаматтары «Экономикалық инициатива» туралы заңды өздерінің және мемлекет берекесіне тиімді пайдаланып жүр. Заңда көрсетілген жеңілдіктер арқасында бүгінгі күні Францияда күніне 1000-ға дейін шағын кәсіпорындар тіркеледі. Тіркеу процесінің өзі де минимумға әкелінген.
Франция үкіметі шағын және орта бизнеске қамқор жасаудан дүние жүзі елдерінің алдыңғы қатарында.
Қарапайым мысал, көптеген елдерде кәсіпорын құрудың басты қиыншылығы неде? Әрине бастапқы қаржының тапшылығында. Ал Францияда, бұл мәселе мемлекет көмегімен шешілген: арнайы құрылған банктік жүйе жаңа құрылған және қайта құрылған фирмаларға 15 мың евроға дейін ешбір кепілдіксіз кредит береді.
Франциядағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау интенсивті жүріп жатыр. ЕС бекіткен нормалар бойынша кіші және орта кәсіпорын категориясына жылдық табысы 40 млн. евродан аспайтын компаниялар жатады. Осыған сәйкес, Франция Экономика минстрлігінің мәліметтері бойынша, «шағын және ора кәсіпорын» анықтамасына Францияда тіркелген барлық компаниялардың 99,8 %-ы сәйкес келеді және тек 0,2 % француздық компанияларының штаты 250 ден астам, ал табысы 40 млн-нан асады.
Франция үкіметінің кіші және орта бизнесті қолдау шараларының тағы бірі – бизнесті көбірек қаржыландыру. Secretariat d’Etat aux PME агенттігі эксперттернің бағалауы бойынша, қазіргі кезде Франция азаматтарының жасайтын инвестициялық аударымдарының 17 %-ы шағын бизнеске тиесілі.
2008 жылы Франция үкіметі азаматтардың капиталын шағын және орта бизнеске бағыттау бойынша масштабты кампания жүргізгелі отыр. Мемлекеттік бағдарламаның бұл бөлімінің негізі – серіктес инвестициондық қорларды қолдау болады. Бұл серіктес қаржылық ұйымдар салымдары үлкен емес (10 мың евродан бастап) жеке салымшыларды біріктіретін болады.
Франция Үкіметінің шағын және орта бизнеске осынша үлкен көңіл бөлуі түсінікті – шағын және орта кәсіпорындар Франция ЖІӨ-нің 60 % үлесін құрайды.
Бизнесті жүргізудің заңдық құрылымдары Францияда көп, бірақ ең көп таралған түрі – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар. АҚ ашық не жабық формада болуы мүмкін. ЖШС-ге сұраныс көбірек, себебі 2004 жылдан бері олардың тіркелу жолы жеңілдетілген. ЖШС ашу үшін кәсіпкрдің 1 евро көлеміндегі символдық уставты капиталы болса жеткілікті.
АҚ-ға қойылатын талаптар күрелірек және қымбатырақ: уставты капталы кемінде 37 мың евро болуы қажет. Оның жартысы тіркеу кезінде құйылуы міндетті. Бұл қаржы, әрине, айналысқа түсу үшін пайдалануы мүмкін.
Францияда заң, медициналық қызмет, білім беру сияқты аздаған салаларда жұмыс істеу лицензия арқылы жүзеге асырылады, ал басқа салаларда шетел инвесторларына ешқандай шектеу қойылмайды, «шетелдікке бәрі рұқсат, тек заңға сәйкес жұмыс істесе» принципін ұстанады.
Франция бюрократиялық ел болып есептеледі. Дегенмен бұл елде бизнеске, әсіресе жаңа ашылған кәсіпкерлікке, кедергілер аз, қайта қолдау көп. Және осы қолдау көбінесе мемлекет тарапынан көрсетіледі.