Ең алғаш «этика»сөзін ежелгі грек философы Аристотель қолданған, ол мемлекет (саясат) пен жан (психология) туралы ілімдердің аралығынан орын алатын, адам мінез-құлқының жақсы әрекеттерін (ерліктік,сабырлылық және т.б)оқып-танитын ғылым. Фармацевтикалық этика- ол фармацевтикалық қызметкерлердің өз қызметін атқаруда қоғаммен,науқаспен,әріптестерімен, өзге топ адамдарымен (медициналық қызметкерлер, тексеруші орган қызметкерлері және т.б)қарым-қатынасында ұстанатын өнегелі мінез-құлқының формальды емес нормасының жиынтығы.
Ең алғаш Ресейде кәсіби этиканың талаптары 1789ж. Дәріханашылар уставында сипатын таба бастады. Онда былай делінген: « Дәріханашы, мейірімді, өз міндетіне берік ұстанатын адал, ары таза, әр нәрсені ақылға пайымдайтын, тәні сау азамат. Халық игілігі үшін қызмет етуге дайын тұлға».Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ),Халықаралық фармацевттер одағының ( FIP) және қайырымдылық пен адамгершілік қағидаларын ұстана отырып, сондай-ақ, фармацевтикалық қызметкерлердің қоғам алдындағы атқаратын қызметтері үшін өнегелі жауапкершілік пен жоғары рольдің тұрғанын сезіне отырып, Ресей фармацевтикалық ассоциациясы 1995жылы Ресей фармацевтінің этикалық кодексін қабылдады. Кодекс 12 баптан тұрады және онда фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби қызметінің басты мақсаты, шарттары және ұстанымдары сипатталған, солардың негізгілері төмендегідей: Әрбір адамның жынысына, жасына, нәсіліне, ұлттық тегіне, әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси сеніміне қарамастан оның өмірін қорғау және кәсіби парызы мен этикасының талаптарына сай қызмет атқару;Кәсіби деңгейін жоғары ұстау;Аурулар мен дәрігерлерді дәрілердің құндылығы туралы хабардар ету, дәрілік көмектің сапасына жауап беру;Кәсіби тәуелсіздігі;Дәрілік заттарды таңдауда,тағайындауда және қолдануда көмек көрсету; Әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста болу; Мамандыққа баулыған ұстаздарға құрмет көрсету,алғыс білдіру;Фармацевтикалық қоғамдастықтың бірігуі;Таңдаған мамандығы бойынша алған білімі мен қызметтік жағдайларында сәйкессіздіктің туындауы;
1997ж.(FIP)Өкілдерінің қатысуымен «Болашақ фармацевтерді дайындау: оқу бағдарламаларын жасау (Ванкувер,Канада)»мәселесі туралы ДДҰ-ның (ВОЗ) өткізген жиынында: « Фармацевт 7 жұлдызша» атағын алған маандарға қойылатын қазіргі заман талаптарын қалыптастырады, ондада жеке тұлғалардың мінез-құлқына көп мән берілді. Осы талаптарға сәйкес фармацевт (провизор)мынадай болады: Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері, команда мүшесі;Жауапты шешімді қабылдауға қабілетті;Дәрігер мен науқас арасындағы қарым- қатынасты байланыстырушы, коммуникация бойынша маман;Қоғам мақсаты үшін көшбасшылық көрсетуге дайын; Ресурстар (игіліктер) мен ақпараттарды басқаруға қабілетті жетекші; Өмір бойы ізденуге, білім алуға дайын;Жас фармацевтер (провизорлар) дайындауда тәлімгер, жетекші;Тәуелсіз Қазақстан Республикасында да осындай жұмыстардан тыс қалған жоқ.
2008ж. « ҚР медицина және фармацевтика қызметкерлерінің беделі туралы кодексі» жасалды, ол 2009 жылы «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің» 184 бабына енгізілді.Адамдар тек, ауырып қалған жағдайда ғана фармацевтпен кездеседі. Фармацевт еңбегінің маңыздылығы, құндылығы мынада, егер болар болмас қателессе немесе салқын қандық танытса, онда оның соңы орны толмас өкінішке әкеледі. Фармацевтің мінез- құлқы мен өмірлік жолын медицинаның адамгершілік мақсаты айқындап береді. Фармацевтің қызметінде көрсеткен жеке сапасының оң жақтары айталық, достығы,сергектігі, даралығы (ерекшелігі) аурудың қандай кеселмен ауырғанына қарамастан, оның психикасына әсерін тигізеді.Науқас ауруының сипатына, ақыл-ойының дамуына, жүйке жүйесінің жағдайына байланысты, ауырған кезде мазасы кетіп, қырсықтық, дөрекілік, түсініксіздік танытуы мүмкін. Осының бәрін сабырлылықпен түсініп, фармацевт өз тарапынан ашу көрсетпей, науқасқа тиісті көмегін көрсетуі тиіс.
Осыдан кейін фармацевт жоғары сападан көрінеді, «адамгершілік» ұғымымен қатар тұрады. Осы көп салалы сөздің мағынасында оның жайдарлылығы, пысықтығы, ақ көңілдігі, жұбата білуі сияқты түсініктер жатыр.Науқас дәріханаға көбіне жабырқаған күйде келеді.Ол ауруына шипа іздеп, соны дәріханадан табатындығына сеніп келеді.Фармацевтің парызы –сол сенімді ақтау,қолдау.Дегенмен,дәрілік заттардың барлығы аурудың себебін жойып немесе одан оны мүлдем жазып жібермейді.
Фармацевтің міндеті ауруды жеңу үшін тағайындалған дәріні ғана қолданудың қажет екендігін науқасқа түсіндіріп айту. Сөз адамзатқа,әсіресе науқасқа әсер ететін құдіретті құрал. «Жақсы сөз жарым ырыс »деген. Науқас дертіне шипа боларлық дәрі сатып алумен қатар,фармацевтің қимылынан, әңгімелесу мәнерінен, көзқарасынан жазылып кетерліктей әсер алу керек. Науқастың бойында тез сенгіштік,қиындықпен көндіре алмау белгілері басым болады. Адам денсаулығының қандай дәрежеде екеніндігін білмей тұрып, дәрінің ағзаға тигізетін әсерін пайымдау қиын.
Дегенмен де,дәрігердің нұсқауымен, науқастың толық емдеу курсын алуына сенімділігін арттыру қажет. Науқастың дертіне шипа алатындығына сендіре отырып,дәрілерді қабылдау кезінде болатын жайсыздықтар мен жағымсыз әсерлері туралы алдын ала айтып, оны қорқытудың қажеті жоқ. Дәрігер рецептте дәрінің 1рет қабылдауға арналған бір реттік мөлшерін көрсетеді де, оның қай уақытта қабылдану керектігін көрсетпейді. Аш қарынға ішілген дәрі асқазанды тітіркендіреді, тамақтан кейін ішсе қанға сіңбей,белсенділігін жояды. Осыдан барып препарат фармакологиялық әсеріне жетпей, жанама әсер көрсетеді. Дәрігер науқастың дәрі қабылдау уақытын білу білмеуіне мән бере бермейді.Өйткені,бұл ретте әріптесі фармацевтің біліміне жүгінеді. Сондықтан,фармацевт дәріханадан дәріні жібермес бұрын дәрі қабылдаудың толық уақытын көрсетіп,анықтап көрсету қажет.
Дәріханаларда науқас дәрінің не үшін жазғанын сұрап жатады. Бұл дәріні дәрігер қандай ауруға жазғанын фармацевт білуге тиісті емес, оны науқастан сұрауға да болмайды. Бірақ фармацевтің «білмеймін» деген жауабы науқастарды қанағаттандырмайды. Фармацевтке өмірдің барлық жағдайларына жауап айту қиынға соғады. Бірақ науқаспен сөйлескенде түсініксіз терминдер: глаукома,гипертония, рак т.б. сияқты сөздермен емес, қарапайым: өт айдайтын, суық тиюге қарсы, зәр шығаратын, ұйықтатқыш т.б. деген сөздермен науқасқа түсіндіру керек.Кейбір фармацевтер науқаспен сөйлесуге уақыт жоқ: чегін алып, дәрісін беру керек,олардың сұрақтарына: «барма?» «бар», «жоқ па?» «жоқ», деп жауап беріп жатады. Бірақ бір сөздің өзі әртүрлі естілуі мүмкін. Бернард Шоу айтқан: «иә» сөзінің 50 әдісі, «жоқ» сөзінің 50 әдісі бар деп. Науқас фармацевтің мейірімділік танытып. Оған қажеттіні жан жақты, толық түсіндіруге тырысқанын сезінуі тиіс.Жанды жаралайтын сөз фармацевт жұмысының қателігі және үшін ғана емес, өзінің психикалық күйзелісін жеңілдету үшінде келеді. Бұл жағдайда адамды тек тыңдай білу қажет, егер фармацевт тыңдағысы келмей, сөзін бөле берсе, бұл науқасқа ауыр тиеді.
Бұл ретте фармацевт өзін мейірімділікпен,биязылықпен көрсете білуі керек. Сөйлесу кезінде дауыстың тоны бір қалыпты болуы керек.Фармацевтің қызметінде жіберілген қателік пен міннен туындайтын оның салдарының үлкен мағынасы бар. Өзінің қателігін мойындауы фармацевт этикасының дәлелі болып табылады. Өзінің немесе жолдасының қателігін сезініп, тездетіп себебін іздеп, екінші рет қайталамауға тырысу қажет. Фармацевт озін сынамаса, онда оның теория жағынан тереңдігі мен практикалық тәжірибесін жинақтауы қиын болады.Дәріні тек технологиялық жағынан дұрыс дайындап қана қоймай, оның фармакологиялық әсерінде сол қалпында сақтап қалу керек екендігін біледі. Күрделі дәрілік заттарға талдау жасағанда жаңа әдістерді пайдалану тиімді болып келеді. Халық игілігі үшін жұмыс жасауда фармацевт үнемі білімін жетілдіріп, фармацевтикалық ғылымның барлық жетістіктерін қадағалап отыруы керек. Оның кәсібі осыған оны міндеттейді. Фармацевт тек жақсы маман ғана болмауы керек. Медициналық адамгершілік мақсаты оның бет әлпеті мен мінезін көрсетеді: тазалығы,мейірімділігі, адамның денсаулығын сақтауға тырысуы т.б.Оның бойында өзіне деген сенім мен беріктігі қатар жүреді. Іс әрекетіндегі күдік тудыратын жайттар,баяулығы,шешімсіздігі науқасқа кері әсерін тигізеді.