Қазақ және Өзбек тіліне ортақ лексика

Тілді қолданушылар әр заманда оның өзіне дейінгі жинақталған сөздік қорын, қалыптасқан заңдылықтарын қолдана отырып, тілішілік және тілден тыс факторларға байланысты өз тарапынан әртүрлі ереже-қағидаларды енгізетіні, сөздік құрамды әртүрлі қырынан байытатыны және қандай да бір бөлігін қолданыстан мүлде шығарып тастайтыны, я болмаса бұрыннан келе жатқан қолданыстарды әртүрлі қырынан өзгертетіні белгілі. Тілді осындай даму және қалыптасу заңдылықтарын қазіргі кезде қолданылатын тілдердің деректерімен салыстыра отырып айқындау, олардың арасындағы сабақтастықты анықтау қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Қазақтардың өзбек елімен бұрынғы замандардан бері қатар отырғаны, қоян-қолтық араласқаны белгілі. Қазақ халқы өкілдерінің жекелеген бөлігі (Өзбекстан мемлекеті жеріндегі кейбір қазақтар) өзбек халықтарының құрамына еніп, сіңіп кеткен жағдайлары да кездеседі. Бірнеше мың жылдық көршілестік негізіндегі мәдени байланыстардың дәнекерлік қызметі және бар. Сондықтан, маман ғалымдардың пікірі бойынша, қазақ және өзбек тілдерінің көне дәуіріне қатысты мұрағаттардағы лексикалық бірліктердің тілдік табиғатын айқындауда аталған тілдердің даму жолындағы түрлі кезеңдердің ерекшеліктерін ескерген жөн.

Ежелден аралас-құралас өмір сүріп келе жатқан қазақтар мен өзбектердің бұрынғы кезден бері аудармасыз тілдесіп келгендігі анық. Оның үстіне қазақ және өзбектердің бір мемлекет құрамында болуына байланысты бір-бірінің құрамына сіңіп кету жағдайлары да тарихта жиі кездеседі. Осындай жағдайларға байланысты жекелеген атаулардың, сөздердің аталған екі тілдің бірінен біріне ауысуы мәселесінде ақиқатқа жету өте қиын [1, 157-б.]. Академик Ө.Айтбайұлының «ұлт болып бөлінбей тұрған кезде ортақ қолданыста болған сөздерді бір тілден екінші тілге ауысты деп айту қисынсыз. Асылы, тіл-тілдегі мұндай элементтерді ортақ мұра есебінде қарастырған жөн деп ойлаймыз» [2] – деген пікірі қисынды көрінеді. Сондықтан қазақ және өзбек тілдеріне тән лексика құрамын белгілеуде осы кезеңге жататын лексиканы ортақ мұра ретінде қарастырудың қажеттігі дау тудырмайды [1, 157-б.].

Біздің дәуірімізге келіп жеткен Орхон-енисей ескерткіштерін оқып қарап таныссақ, шүбәсіз түсінуге болады. Оның үстіне бұл ескерткіштер таза түркі тілдерімен жазылған [3, 39-б.]. Себебі Шығыс Түрік қағандығының құрамында өмір сүрген түріктер осы Орхон-енисей жазуын қолданып, сол жазудың тілінде сөйлеген [4, 12-б.]. Демек, бұл қазіргі түркі тілдерінің де, бәріне ортақ ата тілі болып есептеледі. Әрбір ұлт тілінің қандай өзгеріске түскенін білу үшін оны ескерткіштер тілімен салыстырып, анықтауымыз мүмкін [3, 39-б.].

Қазақ және өзбек тілдерін Орхон-енисей тілімен салыстырып қарайық.

Қазақ тілі Өзбек тілі Орхон-енисей ескерткіштер тілі
Ұл

қыз

ана

ата

іні

ер

келін

қатын

күйеу

уғил

қиз

она

ота

ини

эр

келин

хотин

куёв

огул (сын)

қыз (доч, девочка)

ана (мать)

ата, ада (отец)

ини (младший брат)

ер (муж, герой)

келин (невестка)

қатун (жена, госпожа)

кудегу (зять)

Сол сияқты адамның дене мүшелерінің аттары да жалпы түркі халықтарында, соның ішінде салыстырып отырған қазақ және өзбек тілдерінде, ұқсастығы былай тұрсын, Орхон-енисей тілімен де жақындығы сақталғандығын көреміз.

Қазақ тілі Өзбек тілі Орхон-енисей ескерткіштер тілі
Бас

құлақ

көз

қас

аяқ

тізе

бош

қулоқ

куз

қош

оёқ

тизза

баш (голова)

кулак (ухо)

көз (глаз)

каш (бров)

адак (нога)

тиз (колена)

Хайуанаттар, құстар, жәндіктерге байланысты лексикалық ұқсастықтар да барлығын салыстырып көруге болады:

Қазақ тілі Өзбек тілі Орхон-енисей ескерткіштер тілі
Ат

тай

бие

айғыр

іңген

түйе

бұқа

өгіз

қой

құс

ит

от

той

бия

айғир

урғочи туя

туя

буқа

хукиз

қуй

куш

ит

ат (лошадь)

тай (жеребенок)

би (кобыла)

айгыр (жеребец)

инген (верблюдица, самка)

тебе (верблюд)

бука (бык-производитель)

өкүз (вол, бык)

қой (баран)

хус (птица)

ит (собака)

Маусым, уақыт аттары да ұқсас екендігі байқалады:

Қазақ тілі Өзбек тілі Орхон-енисей ескерткіштері тілі
Күн

жыл

жаз

күз

таң

кун

йил

ёз

куз

тонг

кун (день)

иыл (год)

йай (лето)

куз (осень)

таң (рассвет)

Сол сияқты жер-су, табиғат, аттарында да тектестік, ұқсастықтар сезіледі:

Қазақ тілі Өзбек тілі Орхон-енисей ескерткіштері тілі
Жер

су

тау

теңіз

йер

сув

тоғ

денгиз

йер, йир (земля)

суб (вода)

тағ (гора)

талуй (море)

Қазақ және өзбек тілдерінің ұқсастығын сөз таптары бойынша да байқауға болады. Біз кейбір сын есімдерді салыстырып қарайық:

Қазақ тілі Өзбек тілі Орхон-енисей ескерткіштері тілі
Қызыл

қалың

жасыл

қара

сары

ұзын

ауыр

қысқа

жаңа

қизил

қалин

яшил

қора

сариқ

узун

оғир

қисқа

янги

кызыл (красный)

калын (толстый)

йашыл (зелёный)

кара (чёрный)

сарығ (желтый)

узын (длинный)

агыр (тяжелый)

кысга (короткий)

йаңы (новый)

Қысқасы, қазақ және өзбек тілдерін өзара салыстыру арқылы олардың бір-бірімен жақындығын, ал Орхон-енисей ескерткіштерінің тілімен салыстырсақ, ол сөздердің ертедегі түркі сөздері екендігін, сақталу дәрежесін анықтаймыз. Демек, түркі тілдері, соның ішінде қазақ, өзбек тілдері негізінен түркі тілдік, бір-бірімен тектестік қасиетін сақтап қалған. Бірақ бұл тілдердің ескі сөздік құрамын сақтап қалғандығын шартты түсіну керек. Өйткені салыстырылған сөздердің мазмұны дәл келгенмен, айтылуында бірсыпыра фонетикалық өзгерістер пайда болған. Демек, әрбір тіл ұлт тілі болып қалыптасуда өзіндік өзгешеліктер пайда болады. Ол өзгешеліктер – бір тілді екінші тілден ажыратудағы ұлт тілінің белгісінің бірі.

ІХ ғасырдың басында Орта Азия мен Қазақстан территориясын арабтардың жаулап алуына байланысты оқу-білім, әдебиет араб тілінің ықпалында өркендейді. Осыған байланысты Орта Азия тілдеріне араб сөздері келіп кіреді. Өзбек тіліне қарағанда қазақ тілінде айтарлықтай көп емес. Оның үстіне араб сөздері қазақ тілінің ырқына көніп біраз фонетикалық өзгеріске түскен, әйтсе де араб сөздері қазақ тілінде өз сөзіндей болып сіңіп кеткен. Өзбек тілінде көбінше өзгеріссіз және кеңінен қолданылады. Қазақ және өзбек тілдерінде қолданылатын бірнеше сөздерді салыстырып қарайық:

Арабша Қазақша Өзбекше
Жаза

шифа

қассаб

диққат

харакат

зиһн

кадрат

баракат

фикр

инсаф

мажбур

мақул

масалан

тақдир

адат

даһр

назар

аман

даража

жаза

шипа

қасап

әрекет

зейін

құдірет

береке

пікір

ынсап

мәжбүр

мақұл

мәселен

тағдыр

әдет

дәуір

назар

аман

дәреже

жазо

шифо

қассоб

диққат

харакат

зехн

кудрат

баракат

фикр

инсоф

мажбур

маъқул

масалан

тақдир

одат

давр

назар

омон

даража

Бұндай сөздерді көптеп келтіруге болады. Салыстырып зерттеу арқылы араб сөздері біршама фонетикалық өзгерісте айтылғанымен екі тілде де мағынасы бірдей екендігі сезіледі.

Осымен қатар, қазақ және өзбек тілдеріне парсы-тәжік тілдерінен де біршама сөздер келіп кірген, ол сөздердің екі тілде ортақ қолданылатындығын төмендегідей салыстырулар арқылы көруімізге болады.

Тәжікше Қазақша Өзбекше
Куча

сишамба

умед

пулод

заргар

дузах

нозик

норозий

бетараф

дорухона

фарзанд

занчир

пара

дарвоза

найза

охур

остар

тоза

шира

нишона

мис

көше

сейсенбі

үміт

болат

зергер

тозақ

нәзік

наразы

бейтарап

дәріхана

перзент

шынжыр

пара

дарбаза

найза

ақыр

астар

таза

шырын

нысана

мыс

куча

сешанба

умид

пулат

заргор

дузах

нозик

норози

бетараф

дорихона

фарзанд

занжир

пора

дарвоза

найза

охур

астар

тоза

шира

нишон

мис

Демек, әрбір ұлт тілі өзінің қалыптасу дәуірлеріне жеткенше өте көп бұрылыстарды, тарихи кезеңдерді басынан кешірген, ол әрбір тілдің сөздік құрамында із қалдырғанын көреміз. Қазақ және өзбек тілдерінің сөздік құрамына енген араб, парсы-тәжік, т.б. сөздері біртіндеп сіңісіп, халыққа толық түсінікті болғанда, өз сөзіндей қалыптасып кеткен. Бұл сөздерді тек салыстырып зерттеп, этимологиясын іздемесек, қазіргі қазақтың немесе өзбектің сөзі емес деу де қиын. Сондықтан бір тілдің лексикалық құрамындағы сөздерді екінші тілдермен салыстыру арқылы ғана оның тарихи даму жолдарын, ескі түркі тектестігін сақтау дәрежесін, өзінің жақын тілдерімен байланысының алыстық, жақындық өзгешелігін анықтау мүмкін [3, 40-50-бб.].

Резюме

В данной статье рассмотривается лексические особенности приминение в казахском и узбекском языках.

Summary

This article considered the usage of lexicons of kazakh and uzbek languages.

Әдебиеттер

  1. Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері. «Жібек жолы баспасы» Алматы, 2007.
  2. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі (Қазақ терминологиясының негіздері). Алматы, 1997.
  3. Нұрмаханова Ә.Н. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы «Мектеп баспасы» Алматы, 1971.
  4. Айдаров Ғ., Құрышжанов А., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. «Мектеп баспасы» Алматы, 1971.