Ұлттық ойындар туралы реферат

Жас мемлекетіміздің спорттықмүмкіндігі зор екендігін биік жеңістерге жол салған сайыпкырандарымыздың көптігімен дәледей аламыз. Мұның айғағы спорт және дене тәрбиесіне аса көңіл бөліп, Жетісу өңірін спорттық аймаққа айналдыруға ден қоюы.

Қазақстан спорты Кеңес үкіметі тұсында мүмкіндігінше тұншықтырылып келді. Әсіресе, әлем спортшылары қатысатын Олимпиада ойындарына қазақ жігіттері өте аз жіберілетін. Еліміз тәуелсіздік алғалы құдайға шүкір, қазақтың баһадүр жігіттері әлемнің шаршы алаңдарында жеңімпаз атана бастады. Қазақстанның споршылары ірі-ірі жетістіктерге жетіп жүргені де жасырын емес.

Сол жеңістерге түре жол салған сайыпқырандардың ішінде жетісулықтардың үлес салмағы басым. Талдықорған қаласының Жетісу өңірі спортының талбесігіне және да Қазақстандағы халықаралық жарыстар өткізетін шаһарға айналары һақӨткен жылы бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылды. Айтулы бірнеше спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар өздерінің үлкен сайыстар алдындағы оқу-жаттығу жиындарында осы қаланы таңдауда.Олардың барлығы да әлемдік, құрлықтық додаларда бокс,күрес, ауыр атлетика бойынша жоғары биіктерді бағындырды.Ал сондай ақ әлемдік талаптарға сай салынып жатқан Спорт сарайында алдағы уақытта жалауын көтеретін додалы жарыстардың куәсі боларымыз да сөзсіз.

Күрес

Жұдырықтасуымызға қарағанда күресіміз әлсіз болып тұрған секілді. Себебі, соңғы линцензиялық турнирлер қазақстандық күрестің бұрынғыға қарағанда нашарлаған көрсеткен сыңайлы. Дегенмен, қоржынымызда жолдамалар жоқ емес, бар. Енді, соларды сапаға айналдыра алсақ болғаны.

Қазақ халқының ұлттық “Тоғызқұмалық” ойыны

Тарихтың терең қойнауынан бастау алған,шығу және пайда болу мерзімі әлі толық дәрежеде зерттелмеген,яғни ғылыми түрде тұжырымдамс айқындалмаған,ұлтымыздың асыл қазыналарының бірі-тоғызқұмалақ.

Оның ерте замманан келе жатқанына дәлел боларлық тастарға қамшалып қалдырған.

Тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері:

Қазақ дене тәрбиесі институтының кафедра меңгерушісі, профессор М.Т.Тәникенов өзінің “Қазақстандағы дене тәрбиесінің тарихы атты оқулық-нұсқамасында: ”Архелогтар 1970 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысынан біздің ғасырға дейінгі ІV ғасырдағы екі мекен жайдан арнайы жасалынған ойын шариктерін танытты.Осы шариктер тоғызқұмалақ ойнына пайдаланғаны жөнінде ғалымдар тұжырымдар жасап отыр”, -деп жазады.

Біріншіден, неге ойыншының әрқайсысы тоғыз отаудын шектелген? ”Тоғыз” деген санның киелі сан екні белгілі.

“Тоқсан ауыз сөздің” тобықтай түйіні”, ”Тоғыз жолдың” торабы”, ”Білгені” бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз”

“Екі жіп есіледі,үш жіп өріледі,ал тоғыз жіп тоқылады” деген секілді сөз тіркестерінде де тоғыз саны тіркелмеленіп келеді,

Уақыт есебінде де тоғыз санының орнына ерекше.

Жыл есептеудің (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, тауық, мешін, ит, доңыз) тоғызыншы мешін жылы. Бір ғажабы сол мешін жылдары ғана он екіге қалдықсыз бөлінеді екен.

Қазірге таңда Талдықорған қаласында да жоғарғы оқу орындар мен мектеп оқушыларының арасында жыл сайын “тоғызқұмалақ”жарысы өтіп тұрады.

Қысқаша айтқанда ұлтымыздың асыл мұраларының бірі тоғызқұмалақтың қысқаша даму жолдары осындай.

Жаңылтпаш ойыны. Бұл ойыңды әуелде тілінің мүкісі бар, әр әріпті, дыбысты дұрыс айта алмайтын балалар үшін пайдаланған халық педагогикасының бір саласы. Кішкене кезіңце «р»-дың орнына «и» дыбысын ауыстырып айтуға байланыты халық үні, әуені әдемі, өлеңдетіп:

Дегеңде, ей, Тайқарбай, өй, Тайқарбай,

Қойынды мол жусанға жай, Тайқарбай,

Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,

Әй, Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай?

— деп балаларға әр дыбысты өз орындарында айтуға дағдыландыру арқылы тіл мүкісін түзетуге көмектескен — ойын түрі. Халық ойнатып отырып, ойланып сөйлеуге баулыған.

«Соқыр теке» ойыны. Оның шарты қатысулардың әр қайсысына мал аты қойылады. Ең соңғы аталған бала «Тентек теке» болады:

Бұзау, бота, құлыншақ

Тоқты, серке, тай торпақ,

Тана, тайлақ, құнан, дөнен, бесті бар.

Малдың жасын айыра біл, естіп ал,

Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бар

Сүзегенсің, тентек теке, жеке қал.

Көзін байла, теке-теке «бақ-бақ»

Соқыр теке қайдан бізді таппақ.

Ойын үлкен шеңбер ішінде ойналады. Ойынды бастаушы «Тентек текені» көзін байлап, ортаға шығарып: «ал ойын басталды» дегеңде, «Тентек теке» былай дейді:

Қараңғыда көзім жоқ

Тиіп кетсем сөзім жоқ,

Маған жақын келіңдер,

Бір қыз ұстап беріндер!

Балалар көзі байлаулы «Соқыр текені» мазақгап өлеңдетіп:

Соқыр, соқыр, соқырақ,

Оң көзіне топырақ

Топырағын алатын,

Тотияйын салатын.

Ал үстап көр, батырым,

Міне, келе жатырмын! —

деп әр жаққа қашады. Ары қарай оиын жалғаса береді.

Сәбит Мұқанов өзінің «Өмір мектебіңде» кейбір ойын-түрлері жайлы былай деп баяндаған екен: «Хан» деген сөзді мен кішкене күнімнен білем. Ауылдың баласы есін білер-білмес кезде, асық ойнай бастайды. Асықтың да «ханы» болады. Ол — өрі оңқай, әрі қошқар сияқты үлкен қойдың асығы. «Хаңды» балалар қынаға бояйды. Асық ойынының бір түрі: ойынға қатынасатын балалар сан мөлшерін бірдей ғып асық шығарады да ұтысады. Ұтыстың тәртібі: әуелі ойынға қатынасатын балалар «ханды» жағалай иіріп шығады да, кім алшы түсірсе, ойынды сол бастайды. Ойын бастаған бала, балалардың ойынға салатын асықтарын жерге шашып жібереді. Тәртіп: бүкті бүкпен ғана, шікті шікпен ғана, тәйкені тәйкемен ғана, алшыны алшымен ғана, шомпыны шомпымен ғана ату, және бір ғана үсік саусағымен ату… Бала ең алдымен «ханды» атып алады. Атқан асығына тигізе алмаса, екінші балаға кезек береді… Асықты алғаш шашқанда, «хан» алшы түссе, «хан таламақай» болады, онысы — шашылған асықты үлгергенше талап алу… Бүл «таламақай» да, әр бала колына «ханды» түсіруге тырысады…

«Хан» ойынының бұл — бір түрі. Екінші түрі, балалар түнде жиналады да, екіге бөлініп, әр топ орталарынан бір баланы «хан» сайлайды. Екі «ханды» арасы алшақ екі жерге отырғызып, ол араны «орда» деп атайды. Аржағындағы тәртіп «Ақ сүйек» ойнау. Онысы — екі топтан бір бала шығу керек те, даярлап қойған малдың қу сүйегін (әдетте ол жілік болуы керек) алыска апарып лактырып келуі керек. Сол сүйекті балалар іздеп, тапқан бала, өз «ордасына» алып кашу керек. Ол баланы өзге балалар куғанда, қашқан баланың жақтастары, екінші топтың балаларына сүйекті бермеуге тырысып, қай жүйрігі кағып әкете береді. Жеткен балаға, қай топтың баласы болса да, сүйекті карсыласпай береді.. Сүйек келген «орда» жеңген жақ болады. Жеңілген жақ айыпқа бала береді. Мақсат — баланы көп ұту. Егер бір «орда» балаларын түгел ұтқызса, ол «орданың ханын» балалар түйе-бас қылады.

«Хан» ойынының үшінші түрі, қыз-бозбала жиналғанда «хан жақсы ма?» ойнайды, оның тәртібі: ойынды басқаратын «хан» мен «ханша» жөне «уәзір» сайланады. (Әдетте «хан үйленген» жігітпен, «ханша» келіншектен болады. «Уәзір» қай жігіт болса да мейлі.) Ойынды баскаратын «ханның» бұйрығы бойынша, бір қыз, бір жігітпен араласа отырады. Хан жігіттерді кезекпен шақырып, әртүрлі өлендер айтқызады.) Хан бұйыратын өлеңнің барлық саны 24 ауыз және жігіттер бірін-бірі қайталамай, тыңнан өлендер табуы керек… Осы бұйрықты орындап шықкан жігітке «ханның» берер сыйы — тандаған кызының касына отырғызу. Бұйрықты орындай алмаған жігіт өзінің отырған орнынан айрылып қалады. Қу «хандар», өленді ақшамен де, немесе орамал, айна, тарақ, кисет сияқты заттармен де өтетеді. Бірақ борышын олай өтеген жігіт, тек орнынан ғана айрылмайды, сүйгенінің олай өтеген жігіт, тек орнынан ғана айрылмайды, сүйгенінің қасына отыра алмайды. Ойын осы тәртіппен өткеннен кейін, «уәзір» ойынға қатынасушылардан «хан жақсы ма?» деп сүрайды. Әдетте жастар ойынды «ханды» мазақтаумен аяқтайды. Балалардың да, жастардың да осылар сияқты «хан» сайлайтын шағымызда талайлардан естідік те, естігеңдерімізді озгелерге де айттык, Солардың ішінде қылығына қарай жақсы көрген де, жек көрген де «хандарымыз» болады…- дейді.