Үсік туралы реферат

Үсік деп дененің әр түрлі бөліктерінде, әсіресе аяқ-қолдарға, төменгі температураның ұзақ уақыт әсер етуінде пайда болатын патологиялық синдромды айтады.

Патогенезі: төмен температура ұзақ әсер еткенде теріде, терең жаткан тіндерде қанайналымның бүзылыстары болады, соның еебебінен терморегуляцияның, қышқыл-негізді жағдайдың, су-электрлік алмасудың, иннервациялық бұзылыстары дамиды. Бұл процесс қайтымды және қайтымсыз болуы мүмкін. —

Жіктелуі. Суық жарақат ағымында реактивтілікке дейінгі және реактивті кезеңдер, процесс ағымы дамуының 4 сатысына және үсудің 4 дәрежесіне бөлінеді.Реактивтілікке дейінгі кезең суық жарақат алған уақыттан жылыту басталғанға дейін созылады. Реактивті кезең жылытудан кейін дамиды. Және де онда тіндердің гипоксиясы, қабынуы және некроздануы дамиды. Клиникалық сипатталу дәрежесін және үсу мен жарақаттың тереңдігін тек қана суық агенттің әсерінен кейін,12- 24 сағаттан соң анықтауға болады.

 Реактивтілікке дейінгі кезең Суық жарақаттың кез-келгентүрі «жасырын кезеңнен» басталады. Оған суық жарақаттың біріншілік симптомдарының болуы тәі жансыздану сезімі, қышыну, «томарлану». Жүруі қиындап, наукг табанының қозғалысы мен жерге тигенін сезбейді., балтырда және табанда қатты ауыру сезімі пайда болады. Көбінесе аяғының суы кеткеніне шағымданады. Бұл кезде тері мәр-мәр не цианозды сұр түстес болады. Үсу сезімталдықтың әр-түрлі бұзылыстары тудырады. Ең алғаш суықты сезу сезімі, кейін ине сұққанда сезімге айналады, сонан соң оның өзгеруі мен жоғалуы болады. Үсінген қол-аяқ ауырлап, шымырлап кетеді. Зардап шегуші есі жоғалтып, қозғалуы қиындайды. Тері жабындылары бозғьхт көкшіл тартып, суык болады. кесілген ағаш сиякты қатып қалу.Тактильді және ауыру сезімталдығын жоғалтып,-рефлексте; төмендейді. Қарашық рефлекстерінің басылуы мүмкін, де? температурасы 36,0 С төмен.

Реактивті кезең Ауыру сезімінің жылытудан кейін интенсивтілі патологиялық процесстің тереңдігімен таралуына байланысты. І-ші дәрежедегі үсуде зардап шегуші шаншыған және күйдірсе ауру сезіміне, буындардын сырқырауына, кейде қышынуға, терін; ісіну сезіміне, әр-түрлі парестезияларға шағымданады. Қарп тексергенде: зақымданған бөлікте терінің ісінуі мен түсінің өзгер болады. Терінің түсі жиі күңгірт, көк қызыл болады. Кейбір кезде; барлық терінің түсі ақ, көк және қызыл түстерінің қосарлануын әр бір жерінде мәр-мәр түсті болып көрінеді. Терінің сыртқы түрінің өзгеруі табанда немесе қолда біркелкі болады. I дәрежел үсудің басқа ауырлық деңгейіндегі айырмашылығы мынаған байланысты: онда обьективті өзгерістердің ауырлығы және перифериясына қарай жоғарылайды.

ІІ-ші дәрежелік үсуде ауру сезімі бірінші дәрежедегідей бірақ интенсивтілігі жоғарырақ, «жасырын» кезеңі дамуынағы уақыт аралығында пайда болып, жасырын кезеңде жоғалып, ісіну дамығанда қайта пайда болады. Ауыру сезімі 2-3 күн сақталады. Ауру сезімінің интенсивтілігі де әр-түрлі. Көбінесе нашар айқын болмайды немесе мүлдем болмайды, бірақ кейбір наукастар өте күшті сезіледі. 2-і дәрежедегі үсуде, обьективті көріністі алғашқы 2 күнде пайда болатын, бірақ кейде 7-8 күнге дейін дамитын көпіршіктер анықтайды. Көпіршіктердің құрамы мөлдір, консистенциясы желе тәрізді, көпіршіктердің түбі ақ қызыл түсті, фибринді жабындымен қапталған. ІІ-ші дәрежелік үсуде некроз көріністері болмайды және терінің құрылымы өзгермейді, грануляциялар мен тыртықтар түзілмейді.III -ші дэрежелік үсуде субьективті сезімдер 2-ші дәрежедегідей, бірақ интенсивтілігі мен ұзақтылығы бойынша күшті. Обьективті көріністі терінің және оның астындағы жұмсақ тіндердің қабаттарының некрозы анықтайды. Патологиялық процесстер 3 кезеңнен өтеді:

  • өліеттену және көпіршіктер кезеңі.
  • некрозданған тіндердің сылынуы және грануляцияның дамуы.
  • тыртықтану және эпителизация кезеңі.

ІV -ші дәрежелік үсу. Обьективті көріністері: жалпы өліеттену. Ауру сезімінің күштілігі зақымданудың көлемі мен тереңдігіне байланысты. Шамамен 12 күнге қарай демаркациялық сызық түзіледі.Шүғыл ем шаралары тіндердің температурасын, кднайналымын қалпына келтіріп, шокпен күресу, тіндік гипоксияны жоюға бағытталған.

Тіидердің температурасын калпына келтіру.Зақымданушыны жылы бөлмеге кіргізіп, киімін шешіндіру керек. Зақымдалған бөлікті спирт немесе басқа антисептиктермен сүртіп, кұрғатып сүртіп, жылу шығармайтын таңғыш салу қажет.Зақымданған жерге дәке мен мақтаны бірнеше қабаттап орап, сыртынан орағышпен бүкіл жарақатты жабу. Ауруханаға жатқызу мәселесін жарақаттың ауырлығына қарай шешеді. Егер ысқылап,жылытқанда ауру синдромы дамып, бозарса, яғни ол жаракаттың 3-4 дәрежесі деп есептеп, ауруханаға міндетті түрде жаткызу керек. Суык агрессиядан кейін, жоғары катоболизмнің әсерінен, ағзаның энергиялык кажеттіліктері жоғарылайды. Бұл наукастарға алкоголь колдану қажеттігі туады. Ол ұйыктатқыш, ауырсынуды басатын, қоректендіретін энергия көзі болып есептеледі. Ауыру синдромын басу үшін наркотиктер қолданылады. Шокпен күресу, қанайналымын калыптастыру, тіндік гипоксияны жою, жалпы шокка қарсы күрес принциптері бойынша жүргізіледі.

Дәрігерлік көмекке дейінгі кезеңде мына 2 сұраққа көңіл бөлу кажет: зақымданған бөлікті қармен ысу және алкоголь беру. Закымданған бөлікті қармен ысу. Қармен ысу кезінде зақымданған бөлік микрожарақат алып ол іртіңдеген асқынулар туғызуы мүмкін.

Алкогольді калыпты мөлшерде беру (50-100мл 40%)спирт микроциркуляция жүйесінде тамырларды кеңейтеді. Соның салдарынан үсік аймағында жылу сезімі пайда болып, жылу шығаруы да күшейеді. Егер науқас табылған соң 15- 20 минуттан кейін жылы бөлмеге орналастырылса, онда алкогольді жоғарыда көрсетілген мөлшерде беруге болады. Ал басқа жағдайларда беруге болмайды.

Күйік ауруы. Күйік шогы.

Ауыр термиялық жарақат және осыдан болатын бірқатар өзгерістерді күйік ауруы деп атайды, ол дене бетінің 10%-нен астамы күйікке ұшырағандарда дамиды. Күйік ауруының ағымында 4 кезеңці ажыратады:

Күйік шогы (2 тәулікке дейін)

Токсемия (9 тәулік)

Септикосемия (21 тәулік)

Реконвалесценция (1-1,5 ай)

Ауруханаға дейінгі саты үшін -күйік ауруының бірінші кезеңін, яғни күйік шогын анықтау өте маңызды. Бұл шок жаракат шогына ұқсас екі жағдайда да, жүрек қантамыр жетіспеушілігі болып, айналымдағы қан көлемі азайып, тіндерде оттегі жетіспеушілігі болады.

Күйіктік шок үзаққа созылатын үрдіс. Күйік шогының себебі: өте қатты ауыру сезімі, қорқыныш. Шоктың патогенезіндегі негізгі буыны термодинамиканың басты реттеушісі ОЖЖ — қатты қозуы болып саналады. Күйік шогының клиникасында 2 фазаны ажыратады: 1. Эрективті, яғни компенсация сатысы, адамның реактивті мүмкіншіліктерімен көрінеді, ұзақтығы күйіктің аумағы мен ауырлығына пропорционал болады. 2.Торпидті, декомпенсация сатысы, ағзаның компенсаторлы қоры таусылған соң дамиды.Күйік шогы генезібойынша гиповолемиялық және гипоплазмиялық болады.Жарақаттың ерте кезінде күйік шогының ауырлығын бағалауға болмайды, себебі ол плазморрагия күшейген сайын үдей түседі.

Клиникалық көрініс 4 сатыдан тұрады.

1 саты. Күйік беті 8-10%; перифериялық қанайналым бұзылысының
белгілері жоқ.

  • саты. Күйік беті 10% -тен көп.
  • саты. Қанайналым бұзылысының белгілері күйік аумағында мөлшеріне тәуелсіз болады.

4 саты.Күйік беті 20% -тен астам,.канайналымның

лецентрализациясының белгілері.

Күйік шогының клиникалық көрінісі зақым алған соң дереу көріне бастайды, олар катты қозу, мазасыздық, катты ауру сезімі, тыныс және пульстің жиілеуі.

Декомпенсациялық сатыға өткен кезде-науқастыңкозуы апатияға ауысады.Клиникалық көрінісінде бірінші кезекте ауыру сезімі болмайды.Тері бетінің бозаруы, шырыш қабаттар мен мүрын ұшының цианозы. Артериалдық қан қысымы төмендейді, пульс жиілейді, аяк-қолдардың тоңуы күшейеді. Тыныс жиілейді және беткейлейді. Күйік шогының декомпенсациялық сатысының ең негізгі белгісі —қатты шөлдеу. Егер қүсық пайда болса, ол науқастың жағдайының ауырлағанын көрсетеді. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы нәтижесінде — айқын олигоанурия пайда болады.

Көрсетілетін көмек : — 20 мл/кг 6% полиглюкин ерітіндісін кұю; 0,25% новокаин ерітіндісі және 10% глюкоза ерітіндісі 1: катынаста.- 4%натрий гидрокарбонаты 1,5-2,0 мл/кг есебімен инфузия жүргізу.

III- IV дәрежелі шокта преднизолонды З мл/кг есебімен енгізу керек. Тыныс жолдарының күйігі кезінде алдымен тыныс жолдарының өткізгіштігін камтамасыз ету керек. Күйікке  шалдыққан  балаларды  ауруханаға  жатқызу көрсеткіштері:

  1. бет, мойын, аралық, гениталий күйіктері, шырышты қабаттардың күйігімен қоса.
  2. I дәрежелі күйіктер -10-15 %; II дәрежелі 5% көп; III дәрежелі 3% көп және бет, үсақ буындар жанының, бармақтар және табан күйіктері.
  3. Электрокүйіктер
  4. Дене және тыныс жолдарының күйіктері косылғанда канайналым бұзылысының үдемелі бұзылысы- өлімге әкеледі. Кейбір авторлардың айтуы бойынша жалпы клиникалық белгілеріне қарай күйік шогын 3-дәрежеге бөледі.

Күйік шогының I дәрежесі. Жағдайы орташа ауырлықта, наукастар ауру сезіміне шағымданбайды, санасы сақтаулы, әлсіздік, ұйқышылдык, дірілдеу, шөлдеу, жүрек тондары анық,шекаралары кеңеймеген, пульс калыпты, диурез қалыпты.

Күйік шогының II дәрежесі. Жалпы жағдайы ауыр, санасы сактаулы, қатты қозу, кейде енжарлық және тежелу, болуы мүмкін. Тері беттерінің бозғылттығы, цианоз, дірілдеу, қолдардың тырысуы, тахикардия, АҚҚ-төмендеген, айқын шөлдеу, сүйықтық ішкен кезде қүсу пайда болады, диурез төмендеген.

Күйік шогының III дәрежссі. Жалпы жағдайы өте ауыр, санасы қарауытқан немесе жоғалған, бозғылттық, цианоз, тері беттерінің мәр‑мәрлануы, ентігу, жүрек тондарының тұйыкталуы, тахикардия. АҚҚ төмендеген, пульсі жіп тәрізді, кейде анықталмайды, дене қызуы субқалыпты, жүрек жетіспеушілігі дамиды. Диурез 1/2 -1/3 — ке дейін төмендейді, гемоконцентрация, метаболикалық ацидоз.

Ауруханаға дейінгі сатыда күйік болған балаға алғаш көмек

көрсету кезінде жасалатын шаралар:

  1. Дененің зақымданған аймағын киімнен ажырату (киімді кесу) «тоғыздық» немесе «Ланд-Броудер» схемасы бойынша күйіктің тереңдігі мен аумағын шамамен анықтау.
  2. Күйік беті іріңдеуінің алдын -алу үшін, ауруханаға дейінгі сатыда күйген бетке ылғалды асептикалык 0,25% новокаин немесе фурацилин ерітіндісіне малынған таңғыш салу керек. Күйік айналасындағы теріні спиртпен сүрту. Егер күйік беті үлкен болса, науқасты стерильды жөргекке немесе жаймаға орап алуға болады.
  3. Дереу ауырсыздандыру жасау керек. I дәрежелі күйікте 0,1 мл/1 жасына есебімен 50% анальгин, 1% димедрол. 2-3 дәрежелі күйікте промедол 1% 0,1 мл /1 жасқа және 0,25% дроперидол. Мүмкіншілік болса бұлшық етке кетолар 4мг/кг есебімен, 0,5% седуксен 0,2 мг/1 жасқа есебімен енгізу керек.
  4. Айналымдағы қан көлемін толтыру. Коллоидты ерітінділер (белок, электролит ерітінділері), плазма жоғалғандықтан 1/3 коллоид және 2/3 кристаллоидтар (электролит +5% глюкоза ерітіндісі) салу қажет.
  5. Тыныс жетіспеушілігін емдеу, алдын-алу, ӨЖЖ.
  6. Тасымалдау барысында таңудың алдын -алу, себебі мұндай науқастарда күйген бет арқылы жылу берілуі күшейеді.