Азаматтық қоғамнан бастайтын болсақ, онда оның өзі қиын әлеуметтік құбылыстың өзі, өзіне тән белгілі жүйесімен бірнеше мыңжылдық тарихы бар, өзінің қалыптасуы әр түрлі болып келетін күрделі құбылыстың бірі.
Қазіргі таңда азаматтық қоғамның дамуы ең маңызды даму жолыретінде саяси трансформация жүргізіп отырған мемлекеттер үшін маңызы зор.
Бұл сала орта мамандар ескі демократия елдері мысалыға АҚШ-та толығымен бұл құбылыс орнағанымен қалыптасып біткен жоқ. Демократия, адам құқықтарының сақталуымен толық байланысты бұл құбылыстың тарихына, қайнар көзіне көшетін болсақ. Өз бастауын ежелден алады. Азаматтық қоғам туралы алғашқы ойларын грек философтары жалпы түсінік берген болатын. Атап айтатын болсақ, Сократ, Платон, Аристотель өзінің антикалық концепцияға сай азаматтық қоғамның ойларын қарастырушы атақты антика әлемінің зерттеушісі: Кнабе Г.С., Мотрошилова В.Н., Утченко С.Л. қарастырып кеткен. Азаматтық қоғам теориясын жасақталуын жаңа заман Европалық философия мектебінің өкілдері үлес салмағын қосты. Өкілдері Гоббс Т., Локк Дж, т.с.с. Аса маңызды азаматтық қоғам теориясын қарастырушы Гегельге жатады. Өзінің үлесін қосқандар ішінен тағы да айтып кететін болсақ, Кант И., Маркс К., Джефферсон Т., Бердяев Н., Ясперс К., тағы да басқа зерттеушілер ат салысты.
Қазақстандағы азаматтық қоғам жөнінде өзінің үлесін қосқан Н.Ә.Назарбаев еңбектері болып табылады. Теория жағынан және дамуын біздің елден бір топ зерттеушілерімен белсенді түрде үлес қосуда. Атап кететін болсақ, олардың қатарына Абишенің К.А., Аяғановтың Б.Г., Байдильдинов А.А.,Жусупованың А.Д.,Нұрмағамбетов А.А., Бельгибаев С.Т.,Шомановтың А.Ж т.с.с. өте көп зерттеушілер осы мәселемен айналысып ат салысуда.
Ал мәселенің яғни азаматтық қоғамның ежелде қарастырып кететін антикалық қоғамда қалай болды деген сұраққа жауап берсек. Онда антикалық түсінікте мемлекет, республика, азаматтық қоғам деген түсініктер синоним ретінде ішінара байланысқан терминдерден құралған болатын.
Ол «polis» және «politca»ежелгі гректерде, ал ежелгі римдіктерпде «res publica» және «society civitas» деп атаған. Полис деген сөзден мағынасына келетін болсақ ол «қала, мемлекет» деген түсінік берді, тура солай ол термин «азаматтық қоғам» (қауым) деген түсінігімен жақын болып келеді.
Аристотель түсінігі бойынша мемлекет және азаматық қоғамды былай түсіндіреді «Всякое государства предоставляет своего рода общение, всякое же общение организуется ради какого-либо блага больше других и к высшему из всех благ стремиться то общение, которое являеться наиболее важным из всех и обнимает собой все остальные общения, это общение и называеться государственным или политическим» (22).
Осындай азаматтық қоғам туралы түсінік, кең мүмкіндіктер қазіргі кезеңге даму концепциясын ашады. Қазақстандағы фундаменті байланыс жүйесі ретінде ұлттық стратегиядан көрініс табады. Ол ел басының «2030 жылдардағы Қазақстан даму стратегиясында» орын алған болатын.
«Адамдар арасындағы өзара байланысты мен қарым-қатынасты орнатумен қатар, біз біртіндеп біздің ұлттық бірлігімізді кеңейте түсеміз». Сонымен осы айтылған ел басының стратегиясында халық арасындағы байланысты нығайту жолдары туралы айтылған. Ал ол келешекте ұлттық ерекшелігімізді сақтап, болашақта мықты ұлттың біріне ішінара халық арасындағы келеңсіз немесе орынсыз текетіреске жол бермеуіне маңызды роль атқарады. Өйткені қалыптасып келе жатқан құбылыстың яғни «азаматтық қоғамның» негізі – халық болып саналады. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік пен экономикалық дәрежесінің өсуі де азамттық қоғамның дамуының басты ілгері қарай бет алатын құбылыстың бірі болып табылады. Осындай тұжырымды ерте кезде грек қоғамына да тән болды. Оларда бүкіл адамзаттың қоғамның ішінде тең болуы туралы Платон өзінің шығармаларында былай айтқан.
«Равенство происхождения раставляет нас стремиться к равным правам для всех основанным на законе и повиноваться друг-другу в силу авторитета доблести и разума» (23).
Осы Платонның айтқан ойында, азаматтық қоғамның негізгі қағиданың бірі сол кезеңде айтылып кетеді. Ол заң алдындағы бірдейлік қағидасы. Бәрімізге белгілі, қазіргі таңда да әр мемлекетте заң ерекше орын алады. Азаматтық қоғам дамуындағы келесі этаптарының бірі жаңа заман европалық философтар өкілдері құрайды. Азаматтық қоғам туралы түсініктер Гоббс Г., Локк Дж, Монтескье Ш. еңбектерінде көрініс табады. Олардың тұжырымдамасы табиғи құқықтары негізінде жасалынған және қоғамдық келісім шартты қолдай отырып, ол келісім шарттың мазмұны немесе мақсатты өзін-өзі сақтау негізінде, келешекте жақсы өмір тұрмысқа негізделген болатын. Осы ойшылдардың дүниетаным көзқарастары бойынша былай деген, «Человек как разумное существо стремиться к свабоде он хочет осознавать себя владелцом своих жизненных прав» яғни туысынан берілген әр адамға бостандық және табиғи құқықтарының сақталуын талап етеді. Джон Локк айтуы бойынша табиғи қауым топ адамдар, адамзаттық қоғамға айналады, яғни былай айтқан «Когда какое либо число людей так объединено в одно общество что каждый из них отказываться от исполнительной власти, присущей ему по закону природы и передает ее обществу» (24).
Монтескье Ш. бойынша азаматтық қоғам ол тәуелсіз ассоциациялар жиынтығы ретінде қарастырады. Сонымен қатар жеке тұлға мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты қарастырған болған.
Ерекше, азаматтық қоғам туралы қарастырған ойшыл Г.Гегель болып табылады. Жанұя тұрғысынан алып мемлекетпен байланыстырып өткен. Оның айтуы бойынша, «Гражданское общество есть дифференцация, которая выступает между семьей и государством, хотя развития гражданского общества наступает позднее, чем развития государства». Сонымен Гегель айтуы бойынша тек қана жалпы саяси қызығушылықтармен айқындалатын сферадан бөлек, тағы да жеке меншік сфера бар ол сфераны ол «азаматтық қоғам» деп атаған. Жаңа заман өкілдері осы тұжырымдарды жасай келе қоғамның жаңа тап өкілдері пайда болып келе жатқан көп үшін ол идеологиялық платформа негізінде болсын деп, олар сол қоғамның бай, дербес халқы – буржуа туралы айтқан. Олар өз кезеңіне сай дворяндармен қатар бірдей құқықтар алғысы келген.
Сонымен осындай азаматтық қоғам туралы ертедегі ойшыл, философтардың ойлары іс жүзінде жүзеге аспай қалған. Өйткені Үкіметтік емес ұйымдар кеңестік кезеңінде екi кері тартпа тән болған олар біріншіден жалпы ойлау негізінде тұрпайы түрде мағына берген. Ол яғни азаматтық қоғам, өзінің саны жағынан қоғаммен тең, барлық адамдар, адамзат етіп танылып, адамзаттық құқықтарға ие сонымен шектелінеді. Екіншіден, азаматтық қоғам мен ҮЕҰ-дар арасындағы айырмашылық жоқ деп түсіндіріледі, яғни олар бірдей деп, осындай сияқты азаматтық қоғам теориясындағы кемшіліктер ілгері дамуына ҮЕҰ-дың секторының қалыптасуына өз зардабын тигізген. Қазақстан Респуликасындағы азаматтық қоғам құру мәселесімен айналысып жүрген зерттеушілер аз емес. Олардың атайтын болсақ, Абишев К.А., Байгельдинов Л.А., Аяған Б.Т., Шоманов А.Ж., Жусупова А.Д., Ибраева Т.Ж., Джунусов А.М. өте көптеген зерттеушілер азаматтық қоғам құру мәселесі қызықтырады. Осы салаға байланысты аз емес өз үлесін қосқандар ішінен тағы да ынтымақтастықты дамыту институты (IdC) деп аталатын ұйым ҮЕҰ-дар секторын дамыту барысында мерзімді басылымдармен қатар ҮЕҰ-ға нұсқаулар шығарумен айналысады. Олардың негізгі ғылыми журналдары «Спектр Развития» мен «Организация» деп аталады. Ол басылымдар 2001 жылы алғашқы жарық көрді. Қазіргі уақытқа дейін шығып жатыр және де ол көптеген ҮЕҰ-дарға бүкіл Қазақстан бойынша көмек беруде ат салысады. Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі азаматтық қоғам дамуына байланысты шетел зерттеушілерімен ол мәселе бойынша пікір алысып, өз нұсқауын береді. Мемлекет пен ҮЕҰ-дар арасындағы, әлеуметтік-экономикалық, заңдық, яғни ҮЕҰ-дарға қатысты сұрақтардың барлық жақтарын көтереді. Ғылыми жұмыстың жазу барысында осы аталмыш институтын мерзімді басылымдары қаралып негізге алып жазылған. Сонымен біздің елдегі азаматтық қоғам мәселесі көптеген зерттеушілер айналысатынына күмәнсіз үлкен жұмыстар жасалуда бір ауыздан құптаймыз.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі азаматтық қоғам туралы, Шаманов А.Ж. ҚР Президенті жанындағы Қазақатсанның Стратегиялық Зерттеулер Институтының директорының бірінші орынбасары мен Үмбеталиева Т.Б. саяси ғылымдарының кандидаты екеуі бірлесіп жазған мақаласында «Азаматтық қоғаммен оның институттарының қазіргі жағдайдағы әлеуметтік кикілжіңдерді реттеудегі рөлі» деп аталынған мақалада (25). Азаматтық қоғам мен оның институттарының әлеуметтік кикілжіңдерді реттеудегі рөлін анықтау осынау әлеуметтік феномендер – азаматтық қоғам, оның субъектілері мен әлеуметтік кикілжіңдердің арасындағы іс жүзінде қалыптасатын ұсынды өзара байланыстарды анықтап алуды талап етеді. Азаматтық қоғам институттарының іс қызметтерін талдау, олардың әр түрлі әлеуметтік мүдделердің айтарлықта кең ауқымын қамтитындығын және қоғамдық проблемаларды шешудің біршама ресурстарына ие екендігін дәлелдейді. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам институттарының қоғамдағы әлеуметтік кикілжің деңгейін бәсеңдетудегі рөлі, ең біріншіден, оның тұрақтылығына келеңсіз әсер ететін үрдістерді үйлестіруден көрініс табады. Азаматтық қоғамның дамуы, қазіргі таңдағы дамушы елдер үшін дамуындағы маңызды орын алады. «Ескі демократия» елдеріндегі азаматтық қоғам құрылып болғанымен, нақты жұмыс істеуде әлі дамып келе жатқан құбылыстың бірі болып табылады. Аталмыш кісілердің зерттеуінде олардың қосқан үлесі азаматтық қоғам институттарын айқындап кесте ретінде береді. Қосымшадағы кестеден көріп отырғанымыздай азаматтық қоғам институттарының негізі айқындалып, олардың арасындағы байланысты көрсетіп, анықталып көрсетілген.
Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу проблемасы ең біріншіден адам құқығы сақталып сипаты тұрғысынан демократиялық қоғамды орнату туралы мәселемен байланысты. Аталмыш мәселе модернизация идеясымен, яғни қазіргі заманға сай қоғамды орнатумен тікелей тоғысады. Осыған дәлел ретінде ел басының 18 ақпандағы халыққа жолдауынан көре аламыз. Оның аталған атынан Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында деп аталады. Онда ел басымыз мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан бері қарай яғни қазіргі күнге дейінгі істелген жұмысын қорытындылап, қиыншылықтары мен жетістіктерін атап көрсетті. Сонда негізгі даму барысында ұстаған мақсатымыз жақсы тұру, бостандықты армандадық. Нәтижесінде болашағымыз жарқын болу үшін қажымай еңбек еттік. Ендігі 10 жылдық ішінде ұлттық теңгеміздің тұрақтануы, одан көріп отырғанымыздай экономикалық тұрақтануымызды білдіреді. Нарықтық реформаларды жүргізуде өз орнын нақты алған және де әлі күнге дейін жұмыс істеп жатқан құбылыстың бірі. Сонымен еліміздің барлық салаларын қамтыған жолдауында негізгі әлеуметтік топтың мәселесін, шешіп берді. Әлеуметтік топ дегеніміз оларға зейнеткерлер, студенттер мен мемлекет жұмысында істейтін жұмыскерлер жатады. Олардың зейнетақысы, стипендиясы мен жалақысы екi есе көтеріліп, жағдайлары біршама жақсарды деп айта аламыз. Тағы да ертеңгі елдің болашағы кәсіби білім алу мақсатын көздеген ел басы, биылғы, «Болашақ» стипендиясының санының 3000-ға дейін көтерді. Азаматтық қоғам институттарының дамуы туралы да айтылды. Ең бастысы елдің азаматтырының құқығының кепілдігі болатын сөз бостандығы, қоғамдық бірлестіктер мен саяси еріктіліктің дамуын атап көрсеткен. Адам құқығы мен азаматтардың құқықтары заңда белгіленгенімен кейбір кезде өз орнын таппай жүруде, яғни бір жағдайларда олар бұзылады осымен күресу үшін құқық қорғаушы органдары өз жұмысын белгілі істерде нақты атқару қажет деп түсіндіреді. Ең бастысы – сөз бостандығы демократиялық дамудың негізгі өзегі болып табылады. Сонымен құқыққорғаушы органдар сөз бостандығының бұзылмауын да қамтамасыз ету керек. Қорыта келгенде ел басының халыққа жолдауынан болашақта еліміздің дамуына қазіргі таңда барлық жағдайлар жасалған. Осыған дәлел атақты Ресей ғалымы, академик А.Аганбегян айтуы бойынша «екі ел – Қытай мен Қазақстан – қазіргі таңда, экономикалық даму жоғары қарқында» деп айтып кеткен. Ал бізге белгілі экономиканың мықты мен саяси тұрақты елде ғана ары қарай дамуы жүзеге асыратын үлкен құбылыс, азаматтық қоғамның да дамуына қолайлы жағдай туады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Кофи Аннанның айтуы бойынша «Бүкіл адамзат үшін жарқын болашаққа үміт беретін бірден бір жол, ол өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық жолы, мұнда барлық қоғамдық күш-жігерлер – мемлекеттер, жеке сектор, білім беретін және зерттеу мекемелері, барлық нысандағы азаматтық қоғам – нақты қол жететін мақсаттарға ұмтылу үшін өз күштерін біріктіреді» (26). Осыдан көріп отырғанымыздай мықты адамзаттық қоғам құру үшін қоғамның үш секторын яғни мемлекет, бизнес мен ҮЕҰ-да қажымай еңбек ету қажет болып табылады. Сонымен азаматтық қоғам ол өзі қиын әлеуметтік феномен белгілі өзінің жүйесі бар, және көптеген мыңжылдықтарда дамып келе жатқан құбылыс. Қазақстандағы азаматтық қоғамның құрылуы тікелей өркениетті дамушы елмен бейланысты. Негізінен адам дамудың басты субъектісі ретінде айқындалады. Ол демократиялық негізінде, адам құқықтарының шектелмеуінен тұратын процесс. Қазіргі таңдағы азаматтық қоғам деп бірнеше қағидадан тұратын кезеңді айқындап берген Бельгибаев С.Т. (27).
- Индустриалды қоғам
- Экономикалық қарым-қатынас ол қоғамдық нарықтық экономика жүйесі.
- Саяси тұрғыдан – демократиялық жүйе.
- Әлеуметтік құрылымда – қиын дефференциялды және стратификациялық жүйе.
- Діни-идеологиялық жағына ашық қоғамның танылуы, толеранттық және гуманды қоғамның орнауы.
Осы 5 қағидасынан қазіргі таңда азаматтық қоғам тұрады деп айтып кеткен. Көптеген зерттеушілер пікірлерін сараптайтын болсақ, азаматтық қоғам 2 түсінікте қалыптасып жасалынған.
- Жеке тұлға түсінігі.
- Жеке меншік түсінігі.
Батыс Европадағы азаматтық қоғам дәл осы екі түсінікте қалыптасқан болатын. Азаматтық қоғам Европада жеке тұлғалардың яғни азаматтардың, мемлекетпен күрес нәтижесінде қалыптасты. Тарихтан белгілі осы күрес нәтижесінде қоғамдық келісім шартты жүзеге асырушы ол заңдарда орын тапты. Сонымен көріп отырғанымыздай демократиялық дамудың негізгі өзегі заң болып табылады. Оны сақтау және қорғау демократиялық қағидаларының негізі болып табылады. Осы кезде демократия туралы атақты Маргарет Тэтчер айтуы тура сай келеді. Ол демократия туралы айтқан, «Әр елде демократиялы бір қолмен енгізу оңайға түседі, бірақ оның да өз зардаптары белгілі, басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей қоғамның барлық қабаттары оған үйрену керек, ол өте көп уақытты қажет етеді. Көптеген елдер мыңжылдық тарихы бар либералды дәстүрлерімен ол мемлекеттер жетістікке жетпеді. Біз өз мемлекетімізді құруда тегiс жерден бастау алдық, бiрақ ескеру қажет демократия ол адамның жүріс-тұрысы мен мәдени ойлауының мәдениетінен тұрды деп солай айтқан (28).
Азаматтық қоғам құру процесі біздің елдің тәуелсіздік алғаннан басталады да, әлі күнге дейін жалғасуда. Қазіргі таңда азаматтық қоғам орнату тікелей ҮЕҰ-дармен байланысты екенін білеміз. Бізге ең керекті нәрсенің бірі ол қазіргі таңдағы жақандануға байланысты өзіміздің тұрақты даму стратегиямызда таңдап алуымыз қажет болып табылады. Еліміздің ерекше түрлі жақтары бар оның бірі көп ұлтты халқымыздан көруге болады. Қазақстанда діни жағдай да ерекше болып табылады. Сарапшылар зерттеуі бойынша 3000 діни ұйымдар бар олар 70 конфессияға жатады. Діни емес ұйымдар да ҮЕҰ-дарға жатады, бірақ та олардың ҮЕҰ-дардан айыра алатын айырмашылық бар. Ол діни ұйымдар белгілі бір идеологиялық тоталитаризм негізінде өзінің тағы да мысалы 2 конфессияда тұру рұқсат етілмеген жағдайлар бар. Ал ҮЕҰ-дар демократиялық негізінде жұмыс істеді. Осындай әр қилы қиын деп те айта алатын жағдайда Қазақстан барлық конфессиялармен өзара түсінушілік сипатта өмір сүруде. Ел басымыз халықтар ассамблеясының ІХ сессиясында, Евразиялық хартияның қабылдануы туралы ой білдіреді. Ол хартия конфессиялар арасындағы бейбітшілік және келісімге келшу туралы айтылады. Көпшілік оны қолдады, олардың ішінен көптеген діни ұйымдардың өкілдері де болды. Сонымен халқымыздың ілгері дамуы келешекте мықты азаматтық қоғамға айналатыны сөзсіз. Осыған байланысты көптеген зерттеушілер ұлттық рухты жоғары ұстап Қазақстанның дамуына «ұлттық идеяның» болуы қажет деп түсіндіреді. Бұл ойды айтушылар ішінен Ашимбаев М., Косиченко А., Нысанбаев А., Шоманов А. Сонда ғана болашақта жарқын ел ретінде өмір сүреміз (29). Келешекте әрбір азамат өзіне қолайлы өмір сүрі үшін бағытталған бұл шара маңызды болып табылады. Осы жоғарыда зерттеушiлер көптеген дамушы мемлекеттер тәжiрибесiн айта келе мақала соңында өз ұсыныстарын айтады. Оларды бiраз жүзеге асыру үшiн уақыт керек. Сонда ғана елiмiздiң тұрақты дамуы азаматтық қоғамға әсер ететiн қоғамның да бұл маңызды бөлшегi дамиды. Көптеген елдерде ол қалыптасқанмен әлi де даму үстiнде. Негiзгi фактор азамат екенiн ұмытпауымыз қажет. Ал азаматтардың яғни көпшiлiкке жақын тұратын ҮЕҰ-дар арқылы ол процесс жүзеге асырылады.
Қорыта келгенде азаматтық қоғамның эволюциясы ежелден бастау алады, әр кезде даму процестерге байланысты ол әртүрлi формада болды. Қазiргi таңда азаматтық қоғам құру мәселесi көптеген мемлекеттер бастан кешiруде де Қазақстан артта қалмады. Нарықтық экономиканың дамуы, азаматтық қоғам мәселесi де айқындала түстi. Азаматтық қоғам бiзге белгiлi үш сектордан тұрады, олардың бiр-бiрiмен араласып қарым-қатынастың терең жүргiзiлуiнде мықты азаматтық қоғам құруға болады. Ол қоғам мемлекетiмiздiң әрбiр азаматы үшiн қажет.
Азаматтық қоғамдағы еріктілік
Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар дың дамуы, белгілі бір шамада, еріктілік қозғалысымен байланысты. Еріктілер күш жігерін Халықаралық Ерікті Күш салу Қауымдастығынаң (IAVE) ынта білдіруімен 1990 жылы Парижде қабылданған декларациясы бойынша, еріктілік – жеке азаматтың адамзат қоғамдастықтары өміріне белсенді қатысу мәселесін ерікті таңдауы, ол қоғамдастықтар әділ және бейбітшілік қоғам құру жолында адамның негізгі қажеттіліктерін іске асыруға, баланстандырылған экономиканың және әлеуметтік дамуға, жаңа жұмыс орындары және жаңа мамандықтар құруға мүмкіндік жасайды.
Көпшілік елдерде еріктілік адам өмірінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге еріктілер қызыметі жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейлерде бірдей іске асырыла береді. Еріктілік жаңа нысандарды иемдене алады, сол немесе басқа елдің қажеттіліктерін икемділікпен қанағаттандара алады. Ол қоғамның дамуында маңызды рөль атқарады: белсенді азаматтар жергілікті, аймақтық және халықаралық әлеуметтік мәні бар проблемаларды шешуде үкіметтік шараларына жәрдемдеседі, дүниежүзілік қоғамдастықтың арықарай интерграциясына ықпал етеді. Жетекші қызыметті бұл арады БҰҰ еріктілері, VSO (Voluntary Service Overseas), бейбітшілік корпусы және басқалары сияқты халықаралық еріктілік ұйымдары еншілейді.
Экономикалық дамыған елдерде еріктілік қоғам өмірінің барлық салаларына белсенді түрде еңгізілді АҚШ да еріктілердің 500 жергілікті Орталықтары бар. Осы орталықтардың жұмысы қайырымдылық ұйымдар мен мемлекеттік агентіктерінде жұмыс істеулері үшін еріктілерді жинақтау және бөлу. Еріктілердің жұмысы елеулі экономикалық тиімділікке ие. Мысалы, 2001 жылы 83,9 миллион АҚШ азаматтары (халықтың 44% ересек адамдары) 15,5 милиард сағат тегін жұмыс істейді. Осы жұмсалған уақыттың бағасы 239,2 милиард АҚШ долларын құрайды (сағатына 15,40$ есеп құрауға сүйенгенде).(30) Жапонияда жергілікті еріктілер орталықтарында еріктілер ретінде 4,2 миллион адам тіркелген (бұл халықтың 3%). Австралияда тіпті мемлекеттік еріктілер орталықтары да құрылған, олар ішінара бюджет қаржыландыруы қарауында. Осы елдерде ерікті болу әрі құрметті, әрі мәртебелі.
Еріктілік көптеген елдерде жақсы дамыған, үйткені ол жоқшылық пен мұқтаждыққа, қоршаған ортаға теріс ықпал тигізуге, АИТС (СПИД) ауруының таралуына, т.б. қарсы қүрес жүргізудің маңызды құралы болып қызымет жасайды. Индияда, мысалы, еріктіліктің тарихи терең тамырлары бар, қоғамның дамуы көбінесе ерікті жұмыс, өзара көмек рухына негізделеді. Африка елдерінде үкіметтік емес ұйымдар санының өсуіне, олардың ұйымдық орнықтылығына байланысты, омірдің әр түрлі салаларында еріктілер бастамалары көрініс береді, оған — әйелдер, экология, бейбітшіл және басқа да қоғамдық қозғалыстар жатады.
Еріктілерді тіпті коммерциялық қызыметке тартудың қызықты тәжірибесі де бар. Коммерциялық ұйымдардың өз қызыметіне еріктілік элементтерін енгізуі батыста “әлеуметтік жауапкершілік саясаты” аталынады және ол форманың қоғам арасында орнықты жақсы атақ қалыптастыруына жағдай жасайды.
Қазақстанда әр түрлі жастағы және әлеуметтік тектері әр басқа адамдар (негізінен студент жастар), республиканың қоғамдық ұйымдарда ақысыз негізінде жұмыс істейді, сол арқылы олар бейматериалдық өтем ретінде кәсіби тәжірибе, машықтар, ақпаратқа қол жеткізуі, баламалы білім, байланыстарды кеңейтуге мүмкіндігін алады.
Қазақстан Республикасында еріктілердің мемлекеттік құрылымдарында жұмыс істеудегі оң тәжірибесі бар. Мысалы, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдақ келісім министрлігі VSO-мен ынтымақтастық жүргізеді, әр түрлі акцияларына ақпараттық қолдау көрсетеді. Қазақстанда коммрциялық еріктіліктің де мысалдары бар, мәселең, коммерциялық ұйым қызыметкерлері жылына бір күн тегін жұмыс істейді, сол күнгі жалақыларын ауқатсыздардың мұқтаждарына жұмсайды немесе әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға қызымет көрсетеді.
Тіпті соңғы үш жыл ішінде еріктілікке қатынастың оң динамикасын байқауға болады. Қазақстандағы еріктілікті бастапқы бағалауға жәрдемдесуі үшін жүргізілген әлеуметтік зерттеу бойынша “Еріктілік жұмысқа қалай қарайсыз?” деген сауалға, сұрақ қойғандардың 74% оң жауап берген. 2001 жылы “Аккорд” қоғамдық даму Орталығы жүргізген сауалдама нәтижелері бойынша, сұрақтама қойылғандардың 89% республикамыздағы еріктілік еңбектің даму преспиктивалығын атап көрсеткен және өздері қатысқысы келетін қызымет салаларын ажыратып атаған.
Үкіметтік Емес Ұйымдардың
үшінші сектор ретінде дамуы
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап еліміздегі маңызды демократиялық процестердегі қоғамдық өзгерістерге үкіметтік емес ұйымдардың белсенді және тікелей қатысуы, қоғамның ажырамас үшінші секторына айналды. Әр мемлекет демократияның қалыптасуында өзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму деңгейіне, халықтың дәстүрлері мен діліне қарай өз даму жолын таңдайды. Қазір сарапшылар мен саясатшылардың басым көпшілігі, демократияның әділдік пен игіліктің ең ықтимал кепілдіктерінің бірі екендігін, ал оны практика жүзінде іске асыру механизмі азаматтық қоғам болып танылатынын бірауыздан құптайды.
Азаматтық қоғам – ол жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен еркіндіктері заң жүзінде қамтамасыз ететінін және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесімді дамыған қоғам. Оны ішкі мемлекеттік қатынастардың дамуына ықпал жасайтын адамдар таптарының ұйымдасқан әрекеті ретінде де анықтауға болады. Қоғам мүдделеріне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қоғамның маңызды белгісі болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер санымен қатар өркендеген азматтық қоғамдар да болып табылады. Азаматтық қоғамның дамуына бағытталған түрлі әлеуметтік топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары мемлекет арқылы қабылданады және оны жетілдіре түседі. Азаматтық қоғамның қалыптасу және даму процесі үшінші сектордың дамуымен тығыз байланысты. Үшінші сектор – бұл өз мақсатты мүдделер бойынша клубтарда, кәсіби одақтарда әлеуметтік қозғалыстарда, одақтарда іске асыратын ерікті азаматтардан құралатын өзін-өзі басқаратын сектор.
Азаматтық қоғамның ажырамас құрамды бөлігі бола отырып, үшінші сектор елдегі қоғамдық саяси процестерді ары қарай демократияландыруға оң ықпалын тигізеді.
Үкіметтік Емес Ұйымдар – кәсіби ерекшелікпен шектелмейтін және мемлекеттік билікке ұмтылмайтын ашық коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар. ҮЕҰ-дар мемлекеттік құрылымдардан бос аралықтарды толтырады. Үкіметтік емес Ұйымдардың қызметі жұмылдырғыштық және серпінділік, ынталылық пен өз күштеріне бағдар жасаумен ерекшеленеді. Яғни ҮЕҰ-дар қоғамдық дербес әрекеттің түріне жатады. ҮЕҰ-дар ұғымына кіретін қоғамдық ұйымдар, фондтар, кәсіподақтар, партиялар, коммерциялық емес корпорациялар, т.с.с. осындай сияқты қоғамдық ұйымдар мемлекеттен толық дербес болуы керек және де пайда табу көзін көздемейтін ұйымдар болуы қажет. Сонда ғана ол қоғамдық ұйымдар Үкіметтік Емес Ұйымдарға жатқызылады. Коммерциялық емес сектордың ішіне жоғарыда көрсетілген ұйымдар кіреді, сонымен қатар тағы да арнайы сектор ретінде үкіметтік емес немесе мемлекеттік емес ол сектор Үкіметтік емес Ұйымдарда біріктіреді де солардан құралады.
Үкіметтік емес секторды жиі қолданыста, коммерциялық емес сектор деп атап келеді. Негізінен солай атауы да дұрыс болып табылады. Бірақ та ондай атау ол сектордың бір ғана негізгі элементі ретінде көрсетіледі. Одан басқа үкіметтік емес секторды табыссыз, мемлекеттік емес, әлеуметтік, тәуелсіз, қоғамдық және қоғамның “үшінші” секторы деп атайды (29). Осы барлық түсініктер әр түрлі мағына беріп, бұл сектордың шын мәнісіндегі мазмұнын бере алмайды. Сондықтан осы атаулардың ішінен, дәстүрлі түрде қалыптасқан көптеген Қазақстанның қоғам танушылары өз әдебиетінде көрсеткендей “үкіметтік емес” сектор деп олар қарастырып, оны “үшінші сектор” деп те атайды. Біз ары қарай осы терминді пайдаланамыз. АҚШ-тың Массачусет технологиялық институтының үкіметтік емес сектордың зерттеушісі Адил Наджам ҮЕҰ-дардың әдебиеттерде қарастырылған атауына байланысты 45 (қырық бес) терминнен тұратын тізім жасаған. Мысалыға, Францияда ҮЕҰ-дарды мына терминмен көрсетеді «economie sociale» (әлеуметтік шаруашылық), британдықтар–public charities (ерікті), жапондықтар – koeki hojen (әлеуметтік корпорациялар), немістер-vereine(сектор ассоциаций), американдықтар–not-for-profits(салықтарданбосатылған)non-governmental organizations (үкіметтік емес ұйымдар) деп атайды. Біздің елдегі донорлық жүйелерге байланысты, қоғамдық ұйымдардың атауы, толығымен американдық non-governmental organizations (NGO), яғни үкіметтік емес сектор деп аталуы содан (30). Бұндай терминнің қолданыста енуіне батыстың ықпалы ретінде көрініс табады. Ал негізінде әр елде осы үшінші сектордың атаулары әр қалай болғанымен, атқаратын қызметі бірдей болып табылады.
Үшінші сектордың атақты зерттеушісі Питер Друкер ҮЕҰ-дарды коммерциялық емес табыссыз, т.с.с. атаулар бұл секторды негативті айқындайды, сонымен ҮЕҰ-дарды «адамды өзгерту институты» ретінде атауды ұсынған. Осыған байланысты осындай айқындау толығымен жүйелік анализ мүмкіндіктерін толық ашып көрсететінін, еліміздің саясаттану ғылымына белсенді түрмен атақты ғалым М.Машаның осы тұжырымды еңгізу бізге белгілі болып табылады. Жүйелік анализ арқылы үкіметтік емес сектор мен еліміздің саяси жүйесі арасындағы өзара байланысты айқындауға үлкен мүмкіндіктер береді.
Үшінші сектор – ол қайырымдылық, әлеуметтік қызмет көрсету, құқық заңның сақталуын қадағалап отырады, экология мәселелерін қарастырады т.с.с. Оның үшінші сектор деп аталуын түсіндіретін болсақ, онда ол бәрімізге белгілі қоғамның үш секторы бар. Бiрiншi сектор ол Мемлекеттің өзі болып табылады. Қоғамда мемлекет оның қаражаты бөлінген белгілі бір нәрсені шешумен айналысады. Екiншi сектор ол Бизнес, (кәсіпкерлік) қоғамның Екiнші секторы адам төлей алатын, яғни өз қаражатын жұмсай алатын ғана әлеуметтік мәселені шеше алады. Ал үшінші сектор ол мемлекет пен бизнес бөлінген қаражатына қарамастан осы екiншi сектордың шеше алмаған әлеуметтік-экономикалық т.с.с. мәселені шешуде маңызды роль атқарады. Біздің еліміздегі үшінші сектор өз даму үстінде.
Қазіргі таңда еліміздің үкіметтік емес секторы, келешекте азаматтық қоғам құрылуының алғышарттары ретінде көрініс табады. Бірақ ол үшін әлі де болса үкіметтік емес ұйымдардың институционалды дамуын қалыптастырып, саны мен сапасы жағынан қоғамның үшінші секторы әлемдегі дамушы елдер көрсеткішіне дейін жеткізу қажет болып табылады. Әлемнің дамушы елдерін мысалға алып қарайтын болсақ, тығыздығы жағынан ҮЕҰ-дар АҚШ-та 1 миллион халыққа 140 мың ұйымдар, Канадада 144 мың, 1 миллион халыққа санын құрайды. Ұлыбританияда 5172 ұйым 1 миллион халыққа. Ең алдымен ҮЕҰ-дар желісі жақсы дамыған ол Швеция мемлекеті болып табылады. Онда 1 миллион халыққа 20 000 ұйымдар жұмыс істеуде. Көрші жатқан Ресей мемлекетінде заңды түрде тіркелген 350 мың коммерциялық емес, қоғамдық ұйымдар бар, яғни 1 миллион халыққа
2 000 астам ҮЕҰ-дар қызмет атқарады.
Сарапшылар берген көрсеткіштерге қарайтын болсақ, шамамен 70 мың ұйым белсенді түрде тұрақты өз жұмысын атқарады. Бұл ұйымдарда миллионнан асатын белсенділер жұмыс істейді. Олардың көлемі шамамен алғанда 20 миллион Ресей азаматтарына тиеді .
Сонымен үшінші секторды ең көп жұмыскерлер тартылған, олар өз еркімен қоғамның бір бөлшегі ретiнде, ертеңгі жарқын болашақты өзгерту мақсатын қоя отырып, өздері өз еркімен келеді. Көпшілік елдерде еріктілік адам өмірінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
Атақты зерттеуші Питер Друкер есептеуінше, әр екеуінің біреуі орта жастағы американдық, яғни нақты айтатын болсақ 90 миллион адам үшінші секторда жұмыс істейді. Олар өздерінің күнделікті төленетін күнделікті баратын негізгі жұмысына, қосымша жұмыс атқарады. Бұл еріктілер жалпы үшінші секторға 7,5 миллионға толық жұмыс күндерін береді. Оларға төлейтін болған жағдайда олардың жалақысы жылына 150 миллиард АҚШ долларын құрайтын еді. Питер Друкер ойынша ҮЕҰ желiсiнiң дамуы негізінен салықтың төмендігінде айқындалады. Шынында АҚШ-тың салық жүйесі ҮЕҰ-дардың өмір сүруіне ыңғайлы жағдай туғызады. Мысалыға ішкі өнімнің 15%-ға дейін салықпен жүктелмейді. Ол тікелей үкіметтік емес институттарға бағытталады да, сондағы керектi мұқтаждықтарға жұмсалады .Сондықтан экономикалық дамыған елдерде еріктілік қоғам өмірінің барлық салаларына белсенді түрде енгізіледі. Австралияда тіпті мемлекеттік еріктілер орталықтары да құрылған, олар ішінара бюджет қаржыландыруы қарауында. Осы елді ерікті болу әрі құрметті, әрі мәртебелі.
Қазақстанда әр түрлі жастағы және әлеуметтік тектері әртүрлі адамдар, негізінен студент жастар, республиканың қоғамдық ұйымдарында ақысыз негізде жұмыс істейді, сол арқылы олар бейматериалдық өтем ретінде кәсіби тәжірибе, ақпаратқа қол жеткізу, баламалы білім, байланыстарды кеңейту мүмкіндігін алады. Қазақстан Республикасында еріктілердің мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеудегі оң тәжірибесі бар. Мысалы, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі VSO-мен ынтымақтастық жүргізеді, бұл халықаралық ерiктiлiк ассосациясы, әр түрлі еріктілік акцияларына ақпараттық қолдау көрсетеді. Біздің елде коммерциялық еріктіліктің де мысалдары бар, мәселен коммерциялық ұйым қызметкерлері жылына бір күн тегін жұмыс істейді, сол күнгі жалақыларын ауқатсыздардың мұқтаждарына жұмсайды немесе әлеуметтік қорғалмаған азматтарға тегін қызмет көрсетеді. Тіпті соңғы үш жыл ішінде еріктілікке қатынастың оң динамикасын байқауға болады. Қазақстандағы еріктілікті бастапқы бағалауға жәрдемдесу үшін жүргізілген әоеуметтік зерттеу бойынша «Еріктілік жұмысқа қалай қарайсың?» деген сауалға сұрақ қойылғандардың 74% оң жауап берген. 2001 жылы «Аккорд» қоғамдық даму орталығы жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша, сұрақтама қойылғандардың 89% республикамыздағы еріктілік еңбектің дамуын атап көрсетіп және өздері қатысқысы келетін қызмет салаларын ажыратып атаған болатын. Жүргізілген зерттеулер негізінде қазақстандық еріктінің әлеуметтік портретін жасауға болады. Қазақстандық еріктілерінің 42% — 17-ден 30 жасқа дейінгі жастар (студенттер), 36% орта жастағы адамдар және 7,4% — 50 жастан үлкен еріктілер. Сонымен еріктілердің 60% — әйелдер, студенттер, үй шаруасындағылар құрайды. Ал бұл саладағы әлеуметтік мәртебесін айқындайтын болсақ, мұндағы басым топ – гуманитарлық мамандықтағы студенттер. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Диабеттік Қауымдастығы жалғыз басты аналардың «Мөлдір» Қауымдастығы сияқты ірі ұйымдардың қатарында және басқаларында қайсыбір саладағы билікті мамандар немесе жастары 30-дан жоғары мақсаттары топ өкілдері жұмыс істейді. Студенттердің қоғам өміріне осылай белсенді қатысуы соңғы екі жыл ішінде жастар үкіметтік емес ұйымдары мен студенттік өзін-өзі басқару құрылуының жандануымен түсіндіріледі. Олар студенттік мәслихаттар, жас ғалымдар кеңестері т.с.с. Мысалыға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде әр факультетінде студенттік мәслихаттар ұйымдастырылған, пікір-сайыс орталығы, сонымен қатар жас ғалымдар кеңестері бар.
Бірақ та Қазақстандағы еріктілік секторы әлемнің дамыған елдеріндегі сияқты роль атқармайды. Еріктілік қозғалысы құрылымының талдайтын болсақ, Қазақстан Республикасы еріктілердің негізгі қауымы – студенттер екендігі айқын көрінеді. Ал АҚШ-та олар жасы келген адамдар. Қазақстан қоғамына еріктілік әлі де болса сіңген жоқ, өтйкені қазіргі таңда баю немесе аман қалу ниеті үстемдік құрады, ал қоғамға еңбегіНе тегіне жұмсау өте сирек кездеседі. Әйтсе де, еріктілік Қазақстанда қалыптасу үстінде және өз дамуын алып жатыр. Еріктілер қазірдің өзінде дәнекерлерге айналып келеді. Келешекте, еріктілік бағдарламаларының дамуы мен билік жүргізуші құрылымдар тарапынан танылған жағдайда, еріктілер өкімет пен қоғам арасындағы дәнекер, қоғамның белсенді азаматтық резерві болады. Осы еріктілерге жағдай жасау ҮЕҰ-дар қажымай еңбек ету керек. Бізге белгілі қазақ ұлтында сан ғасырлар алып жатқан тарихында халық арасында, елде, бір-біріне көмек көрсетіп, оған жәрдем беру ерте кезден-ақ пайда болған құбылыстың бірі болып табылады. Ол «Асар» деп аталады. Мысалыға бір ағасы үй салған кезде, оған басқа туысқандары келіп көмектеседі. Осылай халқымыздың санасында ерте кезде-ақ ондай көмек беру қалыптасқан.
Еріктілер күш жігері Халықаралық Ерікті Күш салу Қауымдастығының (IAVE) ынта білдірумен 1990 жылы Парижде қабылданған декларациясы бойынша, «еріктілік» жеке азаматтық адамзат қоғамдастықтары өміріне белсенді қатысу мәселесін ерікті таңдауы, ол қоғамдастықтар барынша әділ және бейбітшілік қоғам құру жолында адамның негізгі қажеттіліктерін іске асыруға, баланстандырылған экономиканың және әлеуметтік дамуына, жаңа жұмыс орындары мен жаңа мамандықтар құруға мүмкіндік жасайды. Сонымен үшінші сектордың экономикалық пен әлеуметтік мәселелерді шешуде шешуші орын алады.
Әлемнің дамушы елдеріндегі экономикасының дамуында үшінші сектор маңызды саланың бірі болып табылады. Сонымен қатар ол бір орнында тұрмай, үнемі даму үстінде болады. Үшінші секторды зерттеу барысында біздің елдегі экономикалық пайдасын ескере отыру қажет. Өйткені әлемнің дамушы елдерінде мысалға айтатын болсақ, Европадағы шағын мемлекеттерде Ирландия, Бельгия, Нидерланды, ҮЕҰ-дар көрсеткені бойынша 10% құрайды. Сонымен осы жоғарыда аталған мемлекеттерде үшінші сектор дамығанын және де әлі даму үстінде. Ал бұл көрсеткіші Германиямен салыстыратын болсақ, соңғы мәліметтер бойынша Германияның әрбір үшінші азаматы ҮЕҰ-дардың мүшесі болып табылады. Яғни мұндай көрсеткіштер осы елдердің экономикалық жағынан дамуындағы үшінші сектор маңызды орын алады. Ал Қазақстандағы ҮкіметТік Емес Ұйымдар кеңінен және толығымен донорлық шетел компанияларға тәуелді болады. Олардың экономикалық жағынан тәуелдігі айқын көрінеді. Олар шетел компаниялар, шағын грант береді де ол тек қана кішігірім жобаны іске асыруға жұмсалады. Сонымен ҮЕҰ-дар шетел компаниясынан ақшалай өктемдіктер ала отырып, сол компанияның саясатын жүргізуші ретінде өмір сүреді. Ол неліктен? деген сұраққа жауап беретін болсақ, біздің елдегі ҮЕҰ-дар, қоғамның маңызды «үшінші сектор» ретінде қалыптасқанымен әлі де болса дамыған жоқ.
Мемлекет пен ҮЕҰ-дар арасындағы өзара байланыс нақты орныққан жоқ. Сонымен қатар экономикалық жағынан қарайтын болсақ, ондағы да кемшіліктерді жоққа шығаруға болмайды. Мысалға, біздің елдің салық жүйесіндегі ҮЕҰ-дар үшін ыңғайлы емес жасалған. Мысал келтіретін болсақ, ҮЕҰ-дарға Қазақстан Республикасының Салық кодексіндегі көрсетілген алымдар мене төлемдер өте көп болғанына қарамастан ҮЕҰ-ды тіркеу барысында 35 000 теңге тұрады, ал шағын өндіріс үшін осындай тіркеу 20 000 теңгені құрайды, осындай сияқты тең емес жағдайлар толып жатыр. Осы сияқты жағдайларды ескере отырып, ҮЕҰ-дар мен Үкімет арасындағы жақсы байланыс орнату өте қажет екенi рас болып табылады. Қазіргі таңда бұл құбылыс кең етек алуда. Осы жылдың 7 сәуірде ҮЕҰ-дардың Алматы форумы өтеді. Ондағы басты мәселенің бірі ҮЕҰ-дардың, үкімет пен бизнеспен қарым-қатынасын орнату болып табылады. Форумның ашылуында Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов өз баяндамасымен сөз сөйледі. Ол ҮЕҰ-дардың Алматы әкімшілігінің негізгі көмекшілері деп айқындады.
Стратегиялық маңызы бар мәселелердің түп негіздік шешумен қатар әрбір азаматтың өмірінің жақсаруында елеулі өзгерістер енгізетінін айтты. Бүкіл Қазақстан бойынша 5 000 тіркелген ұйым болса, соның тең жартысынан көп, яғни 3 000 ұйымы Алматы қаласында жұмыс істеуде. Қазіргі таңда белсенді жұмыс істеп жатқан ұйымдар саны 500-ге жетеді. Олардың қамтыған қоғамның әр түрлі саласында жұмыс істейді. ҮЕҰ-дарға қатысты Алматы әкімшілігінің әзірлеуінде ұсынылған. 2005 жылға арналған бағдарлама қабылданды. Бағдарлама негізінде үкімет, бизнес және ҮЕҰ-дар, яғни 3 жақтылы қарым-қатынасының мәні, мақсаты жазылған, оны орындап жатқан жағдайда бізідң мегаполис үшін ол әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың негізін қалайды.
ҮЕҰ-дар қоғамдағы алатын орны маңызды екенін айта келе, тағы да бір жағдайды қарастырып кетуіміз керек. Олар өзінің жұмыс істеу барысында мемлекеттен гөрі инновациялық методты қолданады. Үшінші сектор өзi жұмысы барысында Public Relations (PR) технологиясын пайдаланады.
Қазіргі заманға сай менеджмент мен маркетинг әдіс-тәсілдерін қолданады. Бұндай құбылыс қазіргі заманға сай жаңа технологияларды еңгізумен уақыт талабы қажет. Өйткені жоғарыда көрсетілген PR технологиясының негізінде қоғамда, яғни азаматтармен қарым-қатынас негізінде жатыр. Сонымен қоса ҮЕҰ-дар өзінің жұмыс істеу барысында көпшілікте халықтың тек қана қолдаумен өмір сүруі оларға ешқандай ақшалай қаражат бөлінбейді. Сондықтан донорлық ұйымдар өз қаражатын беруде сол ҮЕҰ-дың қоғамдағы беделіне қарап, өз назарын аударады. Оған байланысты ҮЕҰ-дар жаңа технологияларды игеруде үнемі ізденіс жолында болады. Олар өз еліндегі азаматтар үшін аянбай еңбек етеді. Өйткені олардың жасаған жұмысы, азаматтық қоғам орнатуда, әрбір азаматтың тең құқылы құқықтарының сақталуынан тұратын негізгі демократияның үрдістеріне ықпал тигізіп, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ал ол келекшекте елдің ілгері дамуына негізгі фактор ретінде әсер етеді.