Тамыр жүйесін сұйық өткізетін жолдар, түтіктер құрайды, ол түтіктердегі ағып жататын сұйықтар (қан мен лимфа) арқылы бір жағынан организм жасушалары мен тіндеріне қажетті қоректік заттар жеткізіліп, екінші жағынан жасуша элементтерінің тіршілік әрекетінен пайда болған заттар экскреттік мүшелерге (бүйректерге) жеткізіледі. Сүтқоректілер мен адамдарда жүрек екі қан айналым шеңберіне сәйкес перде арқылы толығынан екі қарыншаға бөлінеді. Соның арқасында оларды вена және артерия қаны толық бөлінген: веналық қан оң жақ жүректен, ал артериялық қан сол жақ жүректен ағады.
Ағатын сұйықтың сипатына қарай адам мен омыртқалылардың тамыр жүйесін екі бөлімге бөлуге болады:
- қантамыр жүйесі – қан ағатын түтікшелер жүйесі (артериялар, веналар, микроағын бөлімдері мен жүрек)
- лимфа жүйесі – түссіз сұйық, лимфа ағатын түтікшелер жүйесі. Артерияларда қан ж.ректен шет жаққа, ағзалар мен тіндерге қарай, ал веналарда жүрекке қарай ағады. Лимфа тамырларында сұйық веналардағы сияқты тіндерден орталыққа қарай ағады. Алайда веналық және лимфа тамырларының аттарды шығарып әкету сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Еріген заттарды негізінен қан тамырлары сіңіріп алады да, ал қатты түйіршіктерді лимфа тамырлары сіңіреді. Қан арқылы сіңіру едәуір жылдамдау жүреді. Клиникада бүкіл тамырдар жүйесін жүрек – тамыр жүйесі деп атап, оның ішінде жүрек пен тамырларды бөледі.
Қантамыр жүйесі
Қантамыр жүйесі орталық ағза – жүректен және онымен байланысқан көлемі әр түрлі, қан тамырлары (латынша vas, грекше angeon – тамыр; осыдан ангиология) деп аталатын түтікшелерден тұрады. Жүрек ырғақты жиырылу арқылы тамырлардағы бүкіл қанды қозғалысқа келтіреді.
Артериялар. Жүректен ағзаларға қарай шығып, оларға қан әкелетін тамырлар артериялар (aer – ауа, tereo – бар; өлік денесіндегі артериялар бос болады, сондықтан ерте кезде оларды ауалы түтікшелер деп есептеген) деп аталады.
Артериялардың қабырғасы үш қабықтан тұрады. Ішкі қабық — tunica intima – тамырлардың қуысы жағынан эндотелимен астарланған, оның астында субэндотелий мен ішкі серпімді мембрана орналасады; ортаңғы қабық — tunica media – бірыңғай салалы бұлшық тінінен, серпімді талшықтармен ауысып, аларасып отыратын миоциттерден құралған; сыртқы қабық — tunica externa – дәнекер тінді талшықтардан тұрады. Артериялық қабырға серпімді қаңқа түзеді.
Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақтарға бөлініп, барған сайын ұсақтала береді. Жүрекке жақын артериялар (қолқа мен оның ірі тармақтары) негізінен қанды өткізу қызметін атқарады. Олардың ең бірінші міндеті жүрек соғуынан лақтырылып шығатын қан массасының әсерінен тамыр қабырғасында созылуына әсер ету. Сондықтан олардың қабырғасында механикалық сипатты құрылымдар, яғни серпімді талшықтар мен мембраналар көбірек дамыған. Мұндай артериялар серпімді артериялар деп аталады.
Жүрек соғысының инерциясын әлсіретіп, қанның әрі қарай жылжуы өз қабырғасының жиырылуы қажет болатын орташа және ұсақ артерияларда жиырылу қызметі басым болады. Ол қызмет тамыр қабырғасында бұлшықет тінінің біршама көбірек дамуы арқылы қамтамасыз етіледі. Мұндай артериялар тұтас ағзаларды немесе олардың бөліктерін қанмен жабдықтайды.
Артериялардың соңғы тармақтары жіңішке және ұсақ, сондықтан оларды артериолалар деп атайды.
Артериоланың артериядан айырмашылығы оның қабырғасында бір қабат ғана бұлшықет жасушалары болады, соның арқасында ол реттеуші қызметін атқарады. Артериола тікелей прекапиллярға жалғасады, онда бұлшықет жасушалары бөлек – бөлек болады, тұтас қабат құрмайды. Прекапиллярдан артериоладан тағы бір айырмашылығы – онымен венула тамыры қатарласа жүрмейді.
Прекапилярлардан көптеген капиллярлар (қылтамыр) шығады.
Капиллярлар – зат алмасу қызметін орындайтын аса жіңішке тамырлар. Осы қызметіне байланысты олардың қабырғасы сұйықта еріген заттар мен газдар өтетін жалпақ эндотелий жасушаларының бір қабатынан тұрады. Капиллярлар өзара кеңінен жалғаса – анастомоздана, прекапиллярларға ұқсас құрылған посткапиллярларға айналатын торлар (капиллярлық торлар) түзеді. Посткапилляр артериоламен қосарлана жүретін венулаға айналады. Венулалар веналардан түбірін құрайтын және веналарға айналатын вена арнасының жұқа бастапқы бөлігін түзеді.
Веналар (латынша vena, грекше phlebs, осыдан флебит – веналардың қабынуы) артериялардан қарама – қарсы бағытта ағзалардан жүрекке қан әкеледі. Олардың қабырғалары артериялардағыдай болып құрылған, бірақ олар едәуір жұқалау, серпімді және бұлшықет тіндері, аздау, соның нәтижесінде бас веналар босап қабысып қалады, ал артериялардың құысы көлденең кесіндісінде үңірейіп көрңнңп тұрады, веналар бір – бірімен қосылып, ірі вена бағандарын жүрекке құятын веналар түзеді.
Вена веналық өрімдер түзе бір – бірімен жалғасады.
Қанның веналардан қозғалуы жүрек пен кеуде құысының қызметі мен сору әсері арқылы іске асады, дем алу кезінде кеуде қуысында, қуыстардағы қысымның айырмасы әсерінен, сондай – ақ қаңқа және ағзалардың висцералды бұлшықеттерінің жиырылуынан және тағы басқа факторлардан теріс қысым пайда болады. Веналық қанның кері ағуы қиындау келетін дененің төменгі жартысының веналарында, дененің жоғарғы бөлігіндегі веналарға қарағанда күштілеу дамыған бұлшықет қабығының жиырылуының да маңызы бар. Веналық қанның кері ағуына веналық қабырғаның ерекшелігін құрайтын веналардан ерекше тетіктері – қақпақшалар кедергі жасайды. Веналық қақпақшалар дәнекер тін қабаты бар эндотелий қатпарларынан тұрады. Олардың бос жиектері жүрекке қараған, сондықтан қанның осы бағыттағы ағынына кедергі келтірмейді, бірақ оның кері қарай ағуына кедергі болады. Артериялар мен веналар әдетте қатарласа жүреді, соның өзінде ұсақ және орташа артериялармен екі вена, ірі артериялармен бір вена қосарлана жүреді. Бұл ережеден кейбір тереңдегі веналардан басқа негізінен терәі астында орналасқан дәне ешуақытта дерлік артериялармен қосарланбайтын беткей веналар тысқары тұрады. Қан тамырларының қабырғаларында өзіне меншікті, олардың өздерін, қанмен қамтамасыз ететін жіңішке артериялар мен веналар – vasa vasorum болады. Олар тамырлар қабырғаларын қанмен жабдықтайтын сол бір бағаннан немесе көрші бағаннан шығып, қан тамырларды қоршап жатқан дәнекер тәндә қабатта өтеді; бұл қабат тамырлық қынап – vagina vasorum – деп аталады. Артериялар мен веналардың қабырғасында орталық нерв жүйесімен байланысқан нерв ұштары орналасқан, соның арқасында рефлекс механизмі бойынша қан айналысының нервтік реттелуі іске асырылады. Қан тамырлары зат алмасудың нейрогуморалдық реттелуінде үлкен қызмет атқаратын рефлексогендік аймақтар болып табылады.
Атқаратын қызметі мен түрлі бөлімдерінің құрылысы және нервтендірілу ерекшеліктеріне сәйкес бөлімдерінің құрылысы және нервтендірілу ерекшеліктеріне сәйкес соңғы кезде барлық қан тамырларын үш топқа бөледі.
- Екі қан айналым шеңберін бастап және аяқтайтын жүрекқасылық тамырлар – қолқа және өкпелік баған (яғни, серпімді типті артериялар), қуыс және өкпе веналары;
- Организм бойынша қанды таратуға арналған магистралды тамырлар. Бұларға бұлшықет типті ірі және экстраағзалық веналар жатады.
- Қан мен ағзалардың паренхимасы арасында алмасу реакцияларын қамтамасыз ететін ағзалық тамырлар. Бұлар ағзаішілік артериялар мен веналар, сондай ақ микроциркуляциялық арнаның буындары.
Қанайналым үлгісі (схемасы)
Қанайналымы капиллярлар қабырғалары арқылы (қан мен лимфалық) зат алмасу іске асатын тіндерге басталады.
Капиллярлар қан мен лимфаның микроциркуляциясы жүретін микроциркуляциялық арнаның басты бөлігін құрайды. Микроциркуляциялық арнаға лимфа капиллярлары мен аралық кеңістік те жатады.
Микроциркуляция – қан мен лимфаның тамыр арнасының микроскопиялық бөлігінің қозғаласы. Микроциркуляциялық арна түрлі тамырлардың механикалық қосындысы емес, жеті буыннан тұратін және организмнің өмірлік маңызды үрдісі зат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі анатомиялық физиологиялық үрдіс болып табылады. Бүйректерде артериялық капиллярлар шумақтары бар. Ерекша синусоидтар жілік майына тән және т.б.
Кіші (өкпелік) қанайналым шеңбері қанды өкпедегі оттегімен байыту үшін керек. Ол оң жақ қарыншадан басталады, бұл қарыншаға оң жақ жүрекшеге келген барлық вена қаны оң жақ жүрекше қарынша тесігі арқылы өтеді. Оң жақ қарыншадан өкпе бағаны шығады, ол өкпеге жақындай келе оң жақ және сол жақ өкпе артерияларына бөлінеді. Бұлар өкпеге келіп, артерия, артериола, прекапилляр және капилляр тамырлары болып тармақталады. өкпе көпіршіктерін шырмап жатқан капилляр торларында қан көмірқышқыл газын беріп, оның орнына оттегінің жаңа қорын алады (өкпелік тыныс алу). Тотыққан қан қайтадан алқызыл түске боялып, артерия қанына айналып, капиллярлардан венулалар мен веналарға келеді, олар төрт өкпе веналарына (әр жағынан) екеуден қосылып, сол жақ жүрекшеге құяды.
Кіші (өкпелік) қанайналым шеңбері сол жақ жүрекшеде аяқталады, ал ол жүрекшеге келген артерия қаны сол жақ атриовентрикулалық тесік арқылы үлкен қанайналым шеңбері басталатын жерге, яғни сол жақ қарыншаға келеді.
Үлкен (денелік) қанайналым шеңбері дененің барлық ағзалары мен тіндеріне қоректік заттар мен оттегін жеткізіп, олардан зат алмасу өнімдері мен көмірқышқыл газын әкету қызметін атқарады. Ол артериялық қанды таситын қолқа тамыры шығатын жүректің сол жақ қарыншасынан басталады. Артерия қанында организм тіршілігі үшін қажетті қоректік заттар мен оттегін бар және түсі алқызыл келеді. Қолқа артерияларға тармақталады, ал артериялар дененің барлық ағзалары мен тіндеріне тарап, олардың шығатын жүректің сол жақ қарыншасынан басталады, көмірқышқыл газын әкету қызметін атқарады. Ол артериялық қанды таситын қос қабатында артериолаларғағ одан әрі капиллярларға айналады. Капиллярларда ағатын артериялық қан қоректік заттар мен оттегін беріп, олардың орнына алмасу өнімдері мен көмірқышқыл газын алады (тіндік алмасу). Осының салдарынан веналық арнағы келетін қанда оттегі аз да, көмірқышқыл газы көп, сондықтан қошқыл түсті, бұл вена қаны; қан кеткенде қанның түсі бойынша қандай тамырдың (вена ма, әлде артерия ма) зақымданғанын білуге болады. Веналар екі ірі бағанаға жоғарғы және төменгі құыс веналарға айнала қосылып, оң жақ жүрекшеге құяды. Жүректің осы бөлімінде үлкен қанайналым шеңберіне аяқталады.