Сүтқоректілердің дене мөлшері мен пішіні алуан түрлі, ол көбінесе тіршілік әрекеті мен мекендейтін орта жағдайларына байланысты болады. Бұлар — негізінен құрлықта тіршілік ететін төрт аяқты жануарлар. Рас, суда, топырақтан ін қазып, ұшып жүріп тіршілік ететін де түрлері бар,алдағы сабақтарда танысасыңдар. Сүтқоректілердің сыртқы құрылысы күнделікті тұрмыста өздерің білетін мысықты мысалға алып қарастырылады.
Асыранды -мысықтың арғы тегі ливиялық мысық болып саналады, оны Африка . тұрғындары бұдан 5 мың жыл бұрын қолға үйретсе керек. Қолға үйретілген басқа жануарларға қарағанда мысық арғы тегінен онша өзгере қоймаған, сондықтан мысықтың қолтұқымдары айтарлықтай көп емес. Мысықтың денесінен, басқа сүтқоректілерден де байқалатын, бас, мойын, тұлға, құйрық (кейбір сүтқоректілерде құйрық жойылған), алдыңғы және артқы аяқтарды айқын ажыратуға болады . Сүтқоректілердің аяқтары қосмекенділер мен жорғалаушылардың аяқ бөліктері тәрізді болғанымен тұлғасынан екі жаққа қарай тарбимай, тұлғаны тік көтеріп тұрады (құрлықта бауырын жерге тигізбей төрт аяғымен еркін қозғалып жүреді).
Мысықтың басына назар аударсақ: бұған дейін оқып өткен омыртқалы жануарлардан кездеспеген екі құлақ қалқаны көрінеді. Бұл — сүтқоректілерге тән ерекшелік. Қарашығы жарық сәулесінің күшіне қарай өзгеріп тұратын бадырайған үлкен көз, қабағы мен үстіңгі ерніндегі ұзын қылшық, ешқандай түгі жоқ тақыр мұрыннан екі танау тесіктері бірден көзге түседі.
Қорегін аулағанда дыбысын , сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде арқасын бүгеді де аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне қарай атылады. Міне осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы кері-леді, сөйтіп құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын қызметін атқарады. Қорегін осылай аулау — мысық тұқымдас аңдарға тән. Сүтқоректілердің денесі берік созылғыш терімен қапталады. Теріде түтік тәрізді тер бездері мен көпіршік тәрізді май бездері орналасады . Тер безінен тер бөлініп шығады да, денені қызып кетуден сақтап, салқындата-ды, ал май безінен бөлінген май теріде орналасқан түкті майлап, оған су жұқпауға мүмкіндік жасайды. Тер бездерінің өзгерген түрі сүт безіне айналады да, сүтқоректілер баласын сүтпен қоректенді-реді.
Сүтқоректілердің көпшілігінің терісінен түкті жамылғы өсіп шығады. Оны денесіндегі түкті жамылғыны аяғымен тазалап, жуы-нып отырған мысықтан анық көруге болады. Мысық денесінен итте болатын қолайсыз иіс сезілмейді, ол қашан да таза жүреді. Өйткені мысықтың терісінен май бөлінбейді, сондықтан да мысық суға түспеуге және жаңбырдың астында қалмауға тырысады. Тер бездері тек табандарында ғана болатындықтан, мысықтың денесінен тер иісі де сезілмейді. Итте де тер бездері өте аз, сондықтан денесін салқындату үшін ыстық күндері ит тілін салақтатып жүреді, кейде суға, шомылып, судан шығысымен қатты сілкінеді де, майлы түктердегі су тамшыларын жан-жаққа шашып, денесін құрғатып алады.
Сүтқоректілердің түкті жамылғысы біркелкі түктерден құрал-маған: жуандау және ұзын түк қылшық деп, ал қысқа жұмсақ түк — мамық немесе түбіт деп аталады. Қылшық жүн түбіттің қыр-қылмауына және бірімен-бірінің ұйысып қалмауына септігін тигізеді, ал түбіт денедегі жьтлуды сақтайды. Бегемот, керік, кит, морж тәрізді сүтқоректілердің денесінде түкті жамылғы болмайды, киттің денесіндегі жылуды тері астында болатын қалың май қабаты сақтап қалады. Түкті жамылғысы бар сүтқоректілер жылына екі рет жүнін алмастырып, түлейді. Түк терідегі түк үясына орналасады. Түк дегеніміз — мүйізтекті түзіліс. Ал сүтқоректі жануарлардың үлпек жүнді бағалы терісі үлбір деп аталады.
Тері тек түк қана емес, қабыршақ, өткір және жалпақ тырнақ, тұяқ және мүйіз сияқты мүйізтекті заттар түзіледі. Қабыршақ аңкесірткенің бүкіл денесін қаптаса, қалталы, кеміруші және бунақ дене қоректі сүтқоректілердің құйрығында да болады. Бұл — сүтқоректілерге ежелгі жорғалаушылардан тұқым қуалау нәтижесіңде пайда болған белгі. Өткір тырнақты — кез келген жыртқыш сүтқоректілерден, жалпақ тырнақты — приматтардан, тақ және жүп тұяқты — өсімдікқоректі сүтқоректілерден байқайтын болсақ, кейбір сүтқоректілердің терісінен басына мүйіз өсіп шығады. (Бұғылардың мүйізі сүйекті бо-лады.) Сөйтіп, түк, қабыршақ, өткір және жалпақ тырнақтар, мүйіз
(бұғыдан басқасы), тұяқ терінің мүйізтекті қосалқы түзілісі болып былады.Бұларды жаққан кезде мүйізді жаққаңдағыдай иіс шығады. Сүтқоректілерді қаңқасы және осыған дейін оқылған омыртқалы жануарлардың сүйек бөліктеріне ұқсас бассүйек, омыртқа жотасы кеуде қуысы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқ және жамбас белдеуі мен артқы аяқ сүйектерінен құралады. Бұларға тән негізгі белгі — мойынның ұзын-қысқалығына қарамастан 7 омыртқа болады (ұзын мойынды жирафтд- да, қысқа мойынды түленде де мойын 7 омыртқадан тұрады.
Сүтқоректілердің бассүйегі жорғалау-шылардыкіне ұқсас болғанымен, тістердің атқаратын қызметіне қарай түрленіп ерекшеленуі және ми сауытының көлемді болуына байланысты күрделі құрылысты болады . Бассүйек ми сауытымен тұтасқан үстіңгі жақсүйектен және еркін қозғала алатын астықғы жақсүйектен құралған. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектердің алдыңғы жағында бірнеше күректістер орналасады, одан кейінірек иттіс, жақсүйектің түбіне қарай кіші азу және үлкен азу тістер жалғасады. Азу тістердің ең ірісі жыртқыш тіс деп аталады. Сүт-қоректілер тісінің жорғалаушылардан негізгі ерекшелігі — жақсүйекке тіс түбірі арқылы орнығуында. Мысық тәрізді етпен қоректенетін сүтқоректілер жыртқыш сутқоректілер деп аталады. Жыртқыш сүтқоректілердің жақсүйектері тек қана жоғары және төмен қарай қимылдайды, олар жақ сүйектерін жан-жағына қимылдата
алмайды. Ал өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілер (сиыр, жылқы, қой, қоян) жақсүйектерін кез келген бағытқа: жоғары, төмен, оң жаққа және сол жаққа қарай қозғалта алады; олардың тіс құрылысы да жыртқыштардан басқаша.
Сүтқоректілердің бассүйегі мойын омыртқаға жалғасады да, омыртқа жотасы бүкіл арқаны бойлай құйрық омыртқалармен шектеледі. Енді сүтқоректілер қаңқасының құрылысын қарастырады.
Төрт түлік малдардың ішінде сиырдың өте маңызды екенін ескермеуге болмайды. Сиыр дегенде — сүт пен еттің молшылығы еске түседі. Сиырдың терісі, мүйізі тікелей пайдаланы-лумен қатар көптеген қосалқы бүйымдар жасауға негіз болады. Сиыр мүшелдік жыл санауда 2-жыл.
Сиырдың үстіңгі жақсүйегінде күрек және ит тістердің болмайтыны және маңдай түсынан екі мүйіз өсіп шығатыны белгілі.Ал омыртқа жотасы басқа да сүтқоректілер тәрізді мойын омыртқадан, арқа омыртқадан, бел омыртқадан, сегізкөз және құйрық омыртқаларынан құралады. Қаңқаның алдыңғы бөлігі иық белдеуінен, соңғы бөлігі жамбас белдеуінен тұрады.
Сүтқоректілердің иық белдеуінің құрылысы айтарлықтай күрделі емес. Ол қарға сүйегі бітісіп кеткен жауырыннан және бұғанадан құралады. Сиырда (жалпы тұяқтыларда), итте бұғана сүйек болмайды, ал төрт аяқпен де, тік те қимылдай алатын сүтқоректілерде (көртышқан, жарғанат, мысық, аю, маймыл, адам) иық белдеуі бұғана арқылы жалғасады. Жұмыртқалаушы сүтқоректілердің (үйрек тұмсық, түрпі) қарға сүйегі де болады.
Әрқайсысы үш сүйектен құралатын екі жамбас сүтқоректілердің жамбас белдеуін түзеді.
Басқа сүтқоректілер тәрізді сиырда да екі алдыңғы және екі артқы аяқтары болады. Сүтқоректілердің аяқ қаңқасындағы сүйектер бес саусақпен аяқталғанмен де тіршілік ету жағдайларына және аяқтардың атқаратын қызметіне байланысты құрылысы жағынан бірдей емес: алдыңғы аяқ сүйектері ұшуға, жүзуге және жер қазуға бейімделіп, артқы аяқтарындағы сүйектерде жүру сипатына қарай саусақтар саны өзгереді.
Сүтқоректілердің арқа омыртқалары (12—15) қабырғаларға жалғасып, қабырғалардың екінші үшы шеміршек арқылы төссүйекке бірігуінен кеуде қуысы түзіледі. Бел омыртқалардың саны да барлық сүтқоректілерде бірдей емес (2—9). Сегізкөз 3—4 омыртқаның түтасуынан пайда болған. Ал құйрық омыртқалардың саны 3-тен 49-ға дейін жетеді.
Сүтқоректілердің бұлшық еті орналасу ретіне байланысты сан алуан қызмет атқарады. Бұлшықеттер әсіресе аяқ, бел, арқа бөліктерінде жақсы дамыған, сондай-ақ ұстаған жемін шайнағанда жақсүйектерді қимылға келтіретін шайнау бұлшықеттері де жақсы жетілген.. Барлық жыртқыш жануарлар тәрізді мысық етпен қоректенеді. Мысық тышқанды немесе құсты олжалаған кезде оны тісімен жұлқылай бастайды. Ол иттісімен кемірушінің омыртқа жотасын үзіп, азу тісімен мылжалайды, ал сүйектегі етті алдыңғы жағындағы күректістерімен тазартады. Тістің негізгі ерекше заты — дентиннен тұрады, ал дентиннің сыртын өте берік зат — кіреуке қаптайды. Қоректену ерекшеліктеріне байланысты сүтқоректілер тісінің пішіні әр түрлі болады.
Мысық ауызға түскен қоректі тілімен қимылдатып, дәмін сезініп, сілекей бездерінен бөлінген сұйықты — сілекеймен шылайды . Сөйтіп, қорек жұтқыншақ арқылы өңешке түседі, ал өңеш қарынға жалғасады.
Сүтқоректілердің қарны қоректену тәсіліне қарай бір немесе бірнеше бөліктерден құралады. Етпен ғана қоректенетін немесе дән, бунакдене жейтін сүтқоректілердің қарын құрылысы онша күрделі болмайды, ал өсімдіктекті ірі азықпен қоректенетін, әсіресе күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны күрделі құрылысты болып келеді. Мәселен, түйе мен сиырдың қарны 3—4 бөлімді болады. Өңештен түскен қорек қарынның ең үлкен бөлігі — таз-қарында сілекей мен әр түрлі бактериялардың әрекетінен ашиды да қабырғасы ұяшықтанған жұмыршаққа жылжып, жұмыршақ жиырылған кезде қайтадан ауызға толады; түйе немесе сиыр ауызға түскен қоректі сілекейге шылап, тісімен шайнап, ұнтақтайды, сөйтіп қоймалжың зат пайда болады. Қоймалжың зат қайтадан жұтылып, өңештің жіңішке өзегі арқылы қатпарланған қатпар-шақ қарынға, одан ұлтабарға өтеді.
Мысықтың қарны бір бөлімді, оған аш ішек, тоқ ішек және тік ішек жалғасады. Ішектегі ас ұйқыбез бен бауырдан бөлінетін сөл арқылы қорытылады. Өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілерде аш ішек пен тоқ ішек тоғысатын тұстан бүйен тармақталып шығады, кейбір сүтқоректілердің (қоян, шаламаймыл, адам) бүйендерінен соқырішек өседі. Бауырдан өт бөлінеді. Бір көңіл аударатын нәрсе: егеу құйрықта өт қабы болмайды, сондық-тан өт бауырдан тікелей ұлтабарұшы бөлігіне құйылады. Ұлтабар-ұшы дегеніміз — ұлтабарға жалғасқан аш ішектің алдыңғы жуантықтау бөлімі. Қорытылмай қалған ас қалдықтары тік ішекке жиналып, одан аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Еттекті азықпен қоректенетін сүтқоректілердің ішегі (тұрқынан 4—5 есе ұзын) өсімдікқоректі сүтқоректілердің ішегінен (тұрқынан 20 есе ұзын) әлдекайда қысқа болады, өйткені олар кенеулі аздйқпен қоректенеді.
Сүтқоректілердің басқа омыртқалылардан тағы бір ерекшелігі — кеуде қуысы мен құрсақ қуысын бірінен-бірін бөліп тұратын бұлшық ет — көкеттің болуы . Көкек кеуде қуысына күмбездене еніп, өкпеге жанасып жатады. Бұл тыныс алған кезде кеуде қуысының көлемі өзгеріп тұрады. Сүтқоректілер ауадағы оттегімен өкпесі арқылы тыныс алады. Тынысалу жүйесі мұрын қуысынан, жұтқыншақтан, көмекейден, кеңірдектен, кеңірдек тармақтары — ауатамырдан және өкпеден құралады.
Ауатамырлар өкпеде одан әрі тармақтанып, өкпе көпіршіктеріне та-ралады. Сүтқоректілер қабырғааралық бұлшықеттер мен көкеттін жиырылып, босаңсуы нәтижесінде тыныс алып, тыныс шығарады. Өкпе көпіршіктерін ұсақ қылтамырлар торлап жатады. Өкпе көпіршіктерінің саны неғұрлым көп болса, жануардың тынысалу көлемі соғұрлым арта түседі.
Сүтқоректілердің жүрегі де құстардыкі тәрізді төрт бөліктен: екі жүрекше және екі қарыншадан қүралады. Қан ағзада екі қан айналым шеңбері бойынша ағады, сондықтан салатамыр қаны көктамыр қанымен араласпайды. Сүтқоректілердің жүрегіндегі қан қарқынды ағып, денедегі ұлпаларды оттегімен, кенеулі заттармен қамтамасыз етеді және ұлпа жасушаларын ыдырау өнімдерінен тазартады.
Мысықтың жамбас бұршақ пішіндес екі бүйрегі беломыртқа түсында орнаііасады. Оның зәршығару мүшелері: екі бүйрек, екі несепағар және бір қуық. Бүйректе түзілген несеп несепағар арқылы қуыққа жиналып, одан зәр шығаратын өзек арқылы сыртқа шығарылады. Ағзадағы тұздың біраз бөлігі тер бездері арқылы теріден де бөлінеді.
Сүтқоректілердің едәуір жетілген асқорыту мүшелері мен өкпе,
жүрек және зәршығару мүшелері ағзадағы зат алмасуды қамтамасыз
етеді. Осындай әрекеттер арқылы сүткоректілердің дене температурасы
тұрақты (37—38°С) болады.
Басқа да омыртқалы жануар-лар тәрізді сүтқоректілердің миы да алдыңғы ми сыңарлары, ортаңғы ми, аралық ми, мишық және сопақша мидан құралады . Алайда алдыңғы ми мен мишықтың көлемі басқа омыртқалылардан әлде қайда көлемді және ми сыңарларында иірім болғандықтан, сондай ақ ми қыртысы түзілгендіктен, сүтқоректілердің мінез-қылығы өте күрделі.
Сүтқоректілердің иіс сезу, есту, көру, сипап сезу және дәм сезу мүшелері жақсы дамыған, бірақ барлығында біркелкі деуге болмайды. Сүтқоректілердің тіршілік ортасы мен тіршілік жағдайы сезім мүшелерінің дамуына түрліше әсер етеді. Мысалы, ашық жерлерде мекендейтін жыртқыш аңдардың көзі жақсы жетілсе, орманда мекендейтін сүтқоректілердің есту сезімі мен иіс сезімі күштірек дамиды. Ал суда тіршілік ететін дельфин мен киттер мүлде иіс сезбейді, қорегін жер астынан табатын көртышқанның көзі көрмёйді. Сүтқоректілердің қай-қайсысы болса да құстардай қырағы болмайды.
Сүтқоректілердің қабағынан, самайынан, үстіңгі ернінің төңірегінен қатқылдау келген ұзын қылшық көзге бірден шалынады. Бұл сезімтал қылшықтар сүтқоректілердің сипап сезу мүшесі — мұрт. Маймылдар адам тәрізді саусақтарының ұшымен сипап.Сүтқоректілердің мінез-қылығы. Алдыңғы ми сыңарларында иірімдер мидың көлемін арттырып, сүтқоректілердің шартты рефлекстерінің түзілуіне жеңілдік жасайды . Сыртқы ортадан келген сансыз хабарларға орай алуан түрлі шартты рефлекстер қалыптасады да, тіршілік ортасының өзгерісіне бейімделу арқылы жануарларда жаңа байланыстар пайда болады.Мысалы, сүтқоректілердің баласы жарық дүниеге келісімен анасының сүтін қорек етеді, ата-енесінің бауырында жүріп, ата-енесі пайдаланатын азық-пен қоректенуге бейімделеді. Егер жыртқыштың баласы болса — етпен, ал өсімдікқоректі жануардың баласы болса — өсімдікпен қоректенудің әдіс-айласына үйренеді. Желіден ағытылған құлынның ойнақтап, алысып, енесін мазалап ойнап жүргенін байқаған боларсыңдар. Ойын — сүтқоректілердің балаларының жауынан қорғану және жемін аулауға машықтану жаттығуы. Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Сутқоректілер — дара жынысты жануарлар, олар іштей ұрықтанады. Аналық сүтқоректінің жыныстық көбею мүшесі — аналықбез, одан жұмыртқа жасушалар дамиды, ал аталық сүтқоректінің көбею мүшесі — сперматозоид дамитын аталықбез. Сүтқоректілерді көбеюі мен даму ерек-шеліктеріне байланысты жұмыртқалаушылар, қалталылар және қа-ғанақтылар деген үш топқа бөлуге болады.
Пісіп жетілген жұмыртқажасушалар аналық сүтқоректінің екі жүмыртқажолына түсіп ұрықтанады да, жыныс жүйесінің ерекше мүшесі — жатырда дамиды . Жатыр дегеніміз тек сүтқоректілерде ғана болатын, екі жұмыртқажолы түтігінің аузы ашылатын бұлшық етті — ерекше мүше. Жатырдың қабырғасы өте созылғыш. Жұмыртқа жол түтіктері арқылы келген, ұрықтанған жұмыртқажасушалар жатырдың қабырғасына жабысып, бөліне бастайды және сол жерде одан әрі дамиды. Ұрықтың қабықшасы жатырдың қабырғасына тығыз жанасады. Сол жанасқан жерде баланың жолдасы (аңдарда шу, үй), яғни қағанақ түзіледі. Қағанақ дегеніміз — құрсақта даму кезінде ұрықтың ана ағзасымен байланысын жүзеге асыратын мүше. Ұрық қағанаққа кіндік арқылы жалғасады, кіндікті қантамырлар торлаһ жатады. Қағанақта қантамырлардың қабырғасы арқылы аналық денесіндегі қанның кенеулі заттары мен оттегі ұрыққа барып, ондағы ұрықтың тіршілік әрекетіне зиянды заттар мен көмірқышқыл газды қан құрамынан арылтады. Баласын тірі туатын жануарлар мен адамның ұрықты құрсақта көтеру кезеңі буаздық (буаз болу) немесе екіқабат болу, жүктілік деп аталады. Ұрықтың жатырда даму ұзақтығы сүтқоректі-лердің барлығында бірдей емес, сұр тышқанның буаз болу мерзімі — 16—23 күн, алып кенгурудікі — 38—40 күн, пілдікі — 600 күннен астам.
Сүтқоректілердің ұрығында белгілі бір кезеңде желбезектердің сілемі байқалады, бұл кезеңде олар қосмекенділер мен жорғалаушылардың көптеген белгілерін қайталайды. Буаз болу кезеңінде сүтқоректілердің кеуде немесе құрсақ бөлігіндегі сүт бездерінде сүт түзіле бастайды. Бұл кезең жануарларда желіндеу деп (сүт безі жануарларда желін немесе емшек, адамда — емшек) аталады. Сүтқоректілер баласын құрамында жас төлдің өсіп-жетілуіне қажетті заттардың барлығы: су, май, ақуыз, көмірсу, дәрумен және минералды тұздар мол болатын ақ түсті кенеулі сұйықтық — сүтпен Қоректендіреді. Сүтқоректілердің аналығы баласын сүтпен қорек-тендіріп, денесімен жылытады, оны жауынан қорғап, қоректенуге үйретеді. Ит, мысық тәрізді сүтқоректілердің баласын туған кезде гінділерінен табылған щр . Қазбадан табылған жоғары сатылы аңтістілер тобына жататын бұл жорғалаушы — иностранцевия тікелей сүтқоректілердің ата тегі болмаса да оның дене құрылысында аңдарға ұқсастық көбірек болды. Иностранцевияның дене тұрқы 3—3,5 м, басы өте үлкен (бассүйегінің ұзындығы 50 сантиметрге дейін жетеді), қаңқа сүйектері жеңіл жануар болғаны байқалады. Сүйектерінің жеңіл болуы оның тез қимылдайтынын, басқа жорғалаушылар тәрізді бауырын жерге сүйретпей, көтеріңкі ұстап жүруге бейім болғанын аңғартады. Мұның сүтқоректілерге тағы бір ұқсастығы — үстіңгі жақсүйегінде ірі күректістер мен үлкен екі иттістің болуы. Иностранцевия — су маңында немесе суда мекендеген жыртқыш жорғалаушы жануар, оның саусақтарында үлкен тырнақтары болды. Денесінің үлкендігі, терісінде түктердің болмауы, дене температурасының тұрақсыздығы иностранцевия тәрізді жорғалаушылардың табиғаттағы қолайсыз жағдайларға төтеп бере алмауы салдарынан, ақыры өліп бітті.
Омыртқасыз жануарлар даму ерекшелігі.
Табиғаттағы кез келген тіршілік иелері белгілі бір табиғи ортада тіршілік етеді. Жеке тірі ағзалардың арғы тегі ғаламшарда миллиондаған жылдар бойы дамып, өз айналасындағы басқа жануарларға, өсімдіктерге, ауа райына, топыраққа, температураға, ауадағы ылғалдылыққа және судың тұздылығына бейімделді. Ал омыртқасыз жануарлардың, яғни жәндіктердің арқа жағында ішкі жағынан бас пен құйрықты жалғастыратын омыртқа жотасы болмайды. Денесі бір жасушадан немесе көп жасушадан құралатын омыртқасыз жануарлар, яғни жәндіктер табиғатта 2 миллионға тарта тұр құрайды деп саналады. Анығырақ айтқавда жәндіктерге біржасушалы қарапайым жәңдіктер, губкалар, ішекқуыстылар, тікентерілілер, былқылдақденелілер, құрттар және буынаяқтылар типті омыртқасыз жануарлар жатады.
Алғашқы тірі ағзалардың пайда болуы және біржасушалы қарапайым жәндіктердің шығу тегі. Ауа қабатында бос оттегі бол-маған жағдайда Жер үстінде тіршіліктің пайда болуы мүмкін екенін ғалымдар дәлелдеуде. Мұндай жағдайда Жерде пайда болған органикалық заттар тотықпай, жинақтала түседі де, суда ең алғашқы сілемейлі түйіршік тәрізді үсақ тірі ағзалар түзіледі. Алғашқы тірі ағзалардың жасушалары ядросыз, вокуольсіз болды деп жорамалданады. Олардың басқа органикалық заттардан айырмашылығы — айналадағы ортадан қоректік затты сіңіріп, өсуге және көбеюге бейім болуы. Эволюция барысында алғашқы тірі ағзалар табиғи сұрыпталу нәтижесінде күрделі құрылысқа ие болып, жасушасында ядросы бар біржасушалы жәндіктер мен қарапайым саңырауқұлақтар пайда болған.
Қарапайымдардың дәл қашан пайда болғаны әзірге нақтылы емес, дегенмен біздің жыл санауымызға дейін 3 миллиард жыл бұрын қарапайымдар түзілді деп есептеледі (яғни кембрий кезеңіне дейін пайда болған). Сөйтіп, қарапайым біржасушалы жәндіктер түйіршік тәрізді өте үсақ тірі ағзалардан түзілген. Қаратайым жәңдіктердің жеке жасушалы және топтасып тіршілік ететін де түрлері бар.
Көпжасушалы жәндік-терге тән қасиет — денесін құрайтын жасушалардың біркелкі мөлшерде болмауы, атқаратын қызметіне қарай тұтас денедегі жасушалардың әр түрлі күрделілікте жинақталып (ұлпа және мүше түзіп) саралануы. Көпжасушалы жәндіктер эволюция барысында топтасып тіршілік ететін біржасушалы қарапайым жәндіктерден пайда болды деп есептеледі. Көпжасушалы жәндіктер біржасушалы қарапайым жәндіктерден (екі қабат жасушалардан құралып, екі қабаты екі түрлі ортада пайда болғандықтан; эволюции сінде табиғи сұрыпталудан әр түрлі қызмет атқару дәрежесіне дейін жетіп, сыртқы қабаттағы жасушалар қозғалып, қорегін қармау және қорғану әрекетін жасаса, ішкі қабаттағы жасушалар асқорыту бағытында бейімделуімен ерекшеленеді.
Көпжасушалы жәндіктердің ең қарапайым құрылыстысы — ішек-қуысты жәндіктер. Ертедегі топтасып тіршілік ететін қарапайым жәндіктердің табиғи сұрыпталу нәтижесінде эволюциялық елеулі жағдайлар әсерінен қарапайымдардан гөрі едәуір күрделі құрылысты ішекқуыстылар пайда болды деп есептеледі. Бұлардың жыныс жасушалары қарапайымдарға ұқсас болғанмен де жасушалары ұлпа дәрежесіне дейш жетілген. Ең төмен сатылы көпжасушалы жәндік губканың қазба қалдығы кембрий кезеңінен белгілі.
Бұл — асқорыту жүйесі ішек-қуыстыларға ұқсас, денесінде бір ғана ауыз тесігі бар, қос симметриялы денесі жасушалардың үш қабатынан құралатын құрттар типі. Эволюция барысында қоректену сипатына байланысты ішегі жойылып, қоректі бүкіл денесімен қорытатын паразит құрттар да кездеседі. Ертедегі ішекқуыстыларға ұқсас су түбінде жылжып қозғалатын құрттар түрлері тіршілік үшін күреске төтеп бере алмай жойылып, табиғи сұрыпталу кезінде жалпақ құрттарға бастама болуы мүмкін деген жорамал бар. Сонымен жалпақ құрттардың арғы тегі денесі қос симметриялы ішекқуысты жәндіктер деп есептеледі.
Жұмыр құрттардың денесі, атынан белгілі болып тұрғандай, көлденең кескенде дөңгелек пішінді болады. Бұларда сонымен қатар екі тесік — ауыз және аналь тесігінің болуы жалпақ құрттардың дене пішінінен негізгі ерекшелігі болып табылады. Жұмыр құрттардың арғы тегі ертеде тіршілік еткен жалпақ құрттар деп есептеледі. Жұмыр құртта дене қуысы болғандықтан, онда ішкі мүшелер орналасады. Бұлар суда да, топы-рақта да тіршілік етеді.
Буылтық құрттар тұщы мен теңізде және жерде мекен етеді. Олардың құрылысы ; құрттардан да күрделі. Буылтық құрттардың денесі көптеген тықтардан тұрады және олардың қанайналым, жүйке жүі бастамасы бар, сондай-ақ денесін көптеген қыдаандар қаптайды. Басқа құрттар тәрізді буылтық құрттар жағдайларының әсерінен табиғи сұрыптау және жұмыр қүрттардан шыққан. Сыртқы дене пішінінде ұқсастық болмағанмен де былқылдакденелілердің ұрығы дами бастаған кезде көпқылтанды құрт-тардың дернәсіліне өте ұқсас болады. Былқылдакденелілер тұщы суларда, теңізде және құрлықта мекендейді.
Буынаяқтылардың арғы тегі қарапайым құрылысты теңіз буылтық құрты деп есептеледі. Ал буылтық құрттар мен буынаяқтылардың аралық формасы — трилобиттер. Трилобиттер бастапқы кембрий кезеңінен белгілі, денесінің әрбір буылтығында бунақталған екі аяғы болады.
Омыртқалы жануарлар даму кезеңдері.
Буылтық құрттар мен төменгі сатылы желілілердің байланысы.
Төменгі сатылы желілілерден қандауыршаны еске түсіріп көріңдер. Қандауыршаның дене құрылысында буылтық құртқа үқсастық белгілер көп-ақ. Алдымен сыртқы көрінісі созылыңқы — құртқа үқсас болып келді, сондай-ақ мұнда ми дамымаған, қанайналымы — тұйық жүйелі, зәршығару мүшелерінің құрылысы да құрттардыкіндей. Қандауыршаның бүкіл арқасын бойлай созылған ішкі қаңқасы — желісі құрттардан байқалмайды. Қандауыршаның жүйке жүйесі құрттардыкіндей шынжыр тәрізденіп құрсақ жағында созылмай, желінің үстінде созыла орналасуы екі жануардың арасындағы негізгі айырмашылық болып табылады. Қандауырша мен құрт денесіндегі ұқсастық пен айырмашылықты толығырақ түсіну үшін оқулықтағы тиісті тақырыптарды оқып, екеуінің негізгі байланысын саралап көріңдер. Қандауыршаның дене құрылысы құртқа қарағанда күрделі екеніне айқын көз жеткізесіңдер. Қандауырша — аралық жануар. Желілі жануарлардың шығу тегін зерттегенде қандауыршаның жануарлармен байланысы айқынырақ түсіндіріледі.
Буылтық құрттардың өте ертедегі түріне ұқсас теңіз жәндігі эволю-ция барысында, табиғи сұрыпталу нәтижесінде күрделілене түсіп,желілі жануарларға айналды. Тіршілік әрекеті су түбінде тіршілік етуге бейімделгендері бассүйексіз жануарлар — қандауыршаларға, жыртқыштықпен тіршілік ететіндері — бассүйекті жануарлар — сүйекті омыртқалыларға бастама берді. Әрине желі ең алдымен шеміршекті омыртқаларға, соңынан сүйекті омыртқаларға айналып, жыртқыш жануарлардың еркін қозғалуына, мінез-қылығының күрделілене түсуіне негіз жасады. Сөйтіп, Жер бетінде омыртқалы жануарлар пайда болды.
Омыртқалы жануарлардың бүкіл эволюциялық өзгерісіне көз салсаңдар, алғашында суда тіршілік еткен денесі созылыңқы жануарларда алдыңғы қос жүзбеқанаттың пайда болғанын балықтар класынан еске түсірулеріңе болады. Омыртқа жотасы шеміршектен түзілгеніне қарамастан мұндай жануарлар қорегін қуып жетуде күрделі қимыл-әрекеттер жасап, табиғи сұрыпталу нәтижесінде дене пішіні суда шапшаң жүзуге бейімделген, жүйке жүйесі күшті дамыған акула тәрізді жануарлар дүниеге келді.
Жануарлардың кей тобы біртіндеп құрлықта тіршілік ете бастады да, қос жүзбеқанаттар құрлықта жүруге бейімделіп, аяққа айналуы нәтижесінде қосмекенді жануарлар пайда болды. Олар суда да, құрлықта да еркін тіршілік ете алды, өйткені қаңайналым және тынысалу жүйелерінде өзгерістер болып, өкпе арқылы тыныс алатындықтан, қанайналымның екі шеңбері пайда болды. Өздеріңе белгілі, қосмекенділер тек өкпе арқылы ғана емес, терісі арқылы да тыныс алатың, құрлықта тіршілік ететін жануарлар үшін бұл қасиет онша жеткілікті әрекет болмағандықтан, эволюция барысында, тіршілік үшін күреске төтеп бере алмаған қосмекенділер жойыла бастады да, дене температурасы тұрақты жануарлар — құстар мен сүтқоректілер, терісі құрғақ жорғалаушылар басымырақ тіршілік етті. Қатал ауа райына жорғалаушылар да шыдамады, өйткені олардың дене температурасы тұрақты емес еді.
Қосмекенділер мен жорғалаушылардың ұрпағын дамыту әрекеті де тұр санының сақталып қалуына мүмкіндік бермеді, сондықтан кейбір төзімді түрлері болмаса, басым көпшілігі құрлықта тіршілік ете алмады. Сөйтіп, эволюциялық қозғаушы күш — өзгергіштік, тұқымқуалаушылық және табиғи сұрыпталу елеулі жағдайларының әсерінен желілілер — омыртқа жоталы жануарлар эволюциясы бір реттілікпен дами берді, құстар мен сүтқоректі-лердің табиғатта молырақ тіршілік етуіне мүмкіндік туды.
Адам да биологиялық түр ретінде желілілер типіне, омыртқалылар тип тармағына, сүтқоректілер класына, приматтар отрядына жатады, туысы бойынша — адам, түрі бойынша саналы адам деп есептеледі. Ол шығу тегі жөнінен жануарлар әлеміне тығыз байланысты, бірақ адамды жануар деуге болмайды. Қазақ халқы адамды басқа тірі ағзалардан ерекше санап, «кім?» деген сұрақты тек адамға ғана бағыштады.
Адам жануарға ұқсас бола отырып, тік жүруі, бассүйек құрылысының ерекшелігі, ми сыңарларының үлкендігі, айқын сөйлеуі, ойлай білуі, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білуі, еңбек етуі арқылы жануарлардан ерекшеленеді. Адам саналы болғандықтан да табиғатты игере отырып, оны қорғайды, табиғаттан үйренеді. Жер бетінде органикалық дүниенің ұзақ уақыт дамуы барысында «Адамды адам еткен — еңбек». Адам қоғамдық еңбек әрекеті негізінде қалыптасқан санасы нәтижесінде өмір сүреді.