Алғашқы шыққан сөздіктер және олардың түрлері

Сөздіктер жалпы жазу мәдениетінің дамуына әлем халықтарының түсінісіп, араласып ортақ тіл табуына ықпал жасайтын қазына болып табылады.

Сөздіктердің ұлттық сипаты олардың белгілі бір халықтың (ұлттық) тіл табиғатын ашуға арналуынан, сол тілдің қысқаша анықтама құралы, шағын эксиклопедиясы болуынан көрінеді. Ал егер белгілі бір тілдің түрлі тарихи замандарда жасалған сөздіктері болса, олардың әрқайсы өз алдына сол замандағы тіл табиғатын зерттейтін ілімдердің даму дәрежесін айғақ ретінде әрі сол кездегі актив қолданыстығы сөздік қорды көрсететін көмекші дерек ретінде құнды тарихи ескерткіш болып есептелінеді. Осы тарихи ескерткіштерді өзара салыстырып, зерттеудің нәтижесінде сөздіктер тарихы жасалмақ. Бұл салада әсіресе қазақ тілінің тарихи лексикографиясының алатын орны ерекше. Дәл осылай деп айтуға мүмкіндік беретін факторлар ретінде, біріншіден, қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тіліне арналған зарттеулердің басым көпшілігі лексикографиялық материал болуын, екіншіден, тарихи-хронологиялық жағынан қарастырған кезде де көш басында олардың тұрғынын атап айту керек. Ал осы тарихи сөздіктеріміздің жағдайы, зерттеулі бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Кеңес дәуіріне дейінгі мерзім ішінде жарық көргендерін зерттейтін болсақ, олардың түгелге жуығы екі тілдік сөздік (орысша-қазақша немесе қазақша-орысша) екі тілдік сөздіктер екендігін және оларды қарастырушылардың өзі түрлі мамандық иелері екендігін көреміз.

Мұның өзі сол кездегі сөздіктерге деген үлкен қажеттіліктің көрінісі. Аталған кездегі қазақ лексикографиясының ғылыми деңгейін зерттеу-қазақ тіл білімі ғылымының көкейкесті міндеттерінің бірі. Қазан төңкерісіне дейінгі сөздіктердің жағдайын тілдік тарихи даму тұрғысынан салыстармалы түрде зерттеу бүгінгі қазақ лексикографиясының дамуына өзіндік үлкен үлес қосатын даусыз. Өткен дәуірде жасалған сөздіктер жайлы, жалпы қазақ тіліне қатысы бар тілдік материалдар жайлы көптеген дүние жарық көрді. Ал сол кездегі қазақ сөздіктерін арнайы зерттеген ғылыми мақалалар шамалы ғана.

Олардың бірі — Р.Нұрмұхамбетованың “Ревалюциядан бұрын басылып шыққан қазақша-орысша сөздіктер туралы” жалпылама шолу сипатты еңбегі, екінші — Р.Сыздықованың қазақ лексикографиясының келелі мәселелерін жан-жақты сөз ететін бағдарламасының көлемді мақаласы.

Қазақ лексикографиясының кеңес дәуіріне дейінгі тарихына үңілсек, оны халқымыздың Ресей империясы құрамына ену кезеңінен басталатынын байқаймыз.

Белгілі ғалым Р.Сыздықованың сөзімен айтсақ, соңғы екі-үш ғасыр ішіндегі қазақ лексикографиясы орыс тілімен тікелей байланысты.Қазақ елінің Ресей халқымен тағдырлас болуы XVIII — ғасырдан басталатыны халық жұртшылыққа мәлім.Содан бергі аралықта түрлі себептермен әр қилы мамандық иелері екі елек, екі тіл арасын жақындастыруға ат салысып, сөздіктер құрастырумен айналысты.

Орынбор губерниялық кеңесінің аудармашысы М.Радионов, А.Д.Скалон орысша-қазақша “Скалон сөздігі” аталған еңбекті құрастырады. Бұл қолжазба сөздік қазіргі кезде Санкт-Петербург қаласындағы Салтыков – Шедрин атындағы көпшілік кітапхананың қолжазба бөлімінде сақтаулы.

Сөздік парақ қағаздың екі жақ бетіне бірдей жазылған, таза сөздік тізбегі 40 парақ, 80 беттен тұрады. Бұл сөздікте 73 қазақша-қырғызша сөйлемдермен сөздер берілген.

Бір кезде Екатарина II-нің нұсқауымен жасалған “Сравнительные словари всех языков и наречий” атты еңбек үшін жинастырылып, қазіргі кезде Cанкт-Петербург қаласындағы М.Е.Салтыков – Шедрин атындағы көпшілік кітапханасының қолжазба қорында жатқан бұл материалдар қазақ сөздерінің алғашқы жиналуының сондай-ақ алғашқы рет тілдік таным тұрғысынан қарастырыла бастауының бір мысалы.

XIX ғасырдың 70-ші жылдары қазақ тілі жайлы салыстырма сипаты жазылған жұмыстардың ішінде А.В.Старчевский құрастырған көп тілді сөздіктердің өзіндік орны бар.

Профессор Р.Сыздықова XIX ғысырдың екінші жартысындағы екі тілді сөздіктерді дәстүрлерді сабақтастық жайлы айтады.

Атқарушы ғалым Ы.Алтынсарин өзінің “Начальное руководство к обучению киргизов рускому языку” (Орынбор, 1879) атты еңбегінде оқулықты тапшылығына байланысты әр тақырыпқа байланысты сөздерге тізім беріп отырады. Жеке кітап болып шын мәтіндегі тұңғыш сөздік – Ешмұхамбет Буниннің құрастырған сөздігі. Ол “орысша – қазақша және қазақша-орысша сөздік” деген атаумен 1883 жылы Ташкент қаласында басылып шықты.

1893 жылдан бастап орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздіктер көптеп шығарыла бастады. Н.И.Ильмикскийдің бастамасымен 1862 ж Қазан қаласында “Әулие Гурий бауырластығы одағы” сөздегі қазақша сөздіктердің дүниеге келуіне ұйтқы болды.

Қазақ сөздіктерін бастырып шығаруда біршама маңызды жұмыстар атқарған екінші бір орталық Қазан оқу округі жағынан 1907 жылы ашылған оқу құралдары мен сөздіктерді құрастыру, аудару ісімен айналысатын аударма комиссия. Бұл жерде Н.Ф.Катановтың еңбегі орасан.

Қазақ тілі оқулықтар мен сөздіктерін шығаруға ғылыми мекемелер де араласты. Мысалы:1900 жылы Москвадағы Лазарев атындағы “Шығыс тілдері институтының түлегі И.Лонтев “Материалы по казахскому-киргизскому языку” атты еңбек шығарды. Кітап үш бөліктен тұрады.

Омбы қаласындағы тілмаш болып істейтін Жұмағұл Көшербаевтың “Қысқаша орысша-қазақша жол сілтеуі” атты еңбегі осы қалада 1906-1911 жылдары жарық көрді.

Бұл жолсерік кітапшаның алғашқы 30 беті екі тілді сөйлеу сөздігі.

Қорыта келе айтарымыз XIX ғасырдың 50-ші жылдарынан басталған қазақ лексикографиясының дамуындағы ескерткіштердің дені екі тілді сөздіктер. Олар кезінде күнделікті мұқтаждықты өтеу үшін жасалды.

Резюме

В этой статье говорится о появлении словарей, об их издателях.

Summary

An thic article is said about dictionaries and their authors.

Әдебиеттер

1.Б.Құлмағамбетова Қазақ тілін оқыту методикасы.А 1988ж.

2.І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі А 1967ж.