Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы

Солтүстік Америка материгі Солтүстік жарты шарда арктикалық белдеудугі аралдардан субэкваторлық белдеуге дейін созылады. Солтүстік Американың ең енді бөліктері Еуразиядағы тәрізді қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Материк оңтүстігінде сүйірленіп, Панама мойнағы арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Бұл екеуі батыс жарты шарда орналасқан Америка дүние бөлігін құрайды. Мексика таулы қыратының солтүстігі мен Оңтүстік Америкаға дейінгі аралықты Орталық Америка деп те атайды. ХХ ғасырдың басында Панама мойнағы арқылы материктің батысы мен шығысындағы Тынық мұхит пен Атлант мұхитын жалғастырып тұратын Панама каналы салынған.

Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жатқан Беринг бұғазы екі материктің солтүстігіндегі Солтүстік Мұзды мұхит суларын Тынық мұхитымен жалғастырады.Солтүсті жарты шар материктерінде мұз басу кезеңінде Еуразия мен Солтүстік Америка Беринг бұғазы орнында болған құрлық арқылы жалғасып жатқан. Бұл құрлықтық « көпір » арқылы материктер арасында өсімдіктер мен жануарлардың алмасуы жүрген, адамдардың да осы жолмен азиядан Америкаға қонымтанғаны м и белгілі.

Солтүстік Америка жағалаулары солтүстігі мен шығысында күшті тілімденген. Материктің солтүстік жағалары жаппай мұз басу  кезеңінде

күшті тілімденуге ұшырады, қазірдің өзіеде солтүтікткгі аралдар мен түбеатердің көпшілік бөлігін қалың мұз құрсап жатыр.

Солтүстік Америка табиғатының жалпы белгілері Еуразияға ұқсас болғанымен, географиялық орны мен жерінің аумағы жер бедердегі айырмашылықтарға байланысты табиғат кешендері өзіндік ерекшеліетерімен сипатталады.

Материктің ашылу және зерттелу тарихы. 1492 жылы Х. Колумб бастаған Испан экспедициясының материктік оңтүстік жағалауын ашқан. Х ғасырдың аяғында Исландия жағалауы арқылы Гренландия жағалауына жеткен нормандар солтүстіктің қатаң климат жағдайында бірнеше жүз жыл бойы аралдың оңтүстігі мен оңтүстің шығыс жағалауында тұрған. Кейінірек олар Лабрадор түбегінің солтүстік шығыс жағалауына дейін жеткен. Кейіннен ХV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбнгі жағалауын ашты. Ал 1519 жылы Эрнанд Кортес бастаған испандардың жорығы ацтектер мемелекеті орналасқан қазіргі Мексика елін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон, Александр Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауында көптеген жаңа жерлерді ашты. Материкте бұл саяхатшылардың құрметіне қойылған жер – су атаулары баршылық.

Солтүстік Американың Ресей шекараларына көршілес орналасқан Аляска жерін ашу мен оны зерттеп игеруде орыс саяхатшылары зор

үлес қосты. 1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Широков екі желкенді  кемемен Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді. 1778 жылы ағылшын Джеймс Кук Солтүстік Американың батыс жағалауы мен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізіп Нортон шығанағын зерттеді.

ХХ ғасырдың басында норвег поляр зертеуші Руаль Амудсен алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, жердің солтүстік магниттік поюсінің орнын анықтады. Қазіргі кезде материк табиғатын зерттеумен табиғат байлықтарын  игеруде ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын пайдаланылуда. Бұл зерттеулер осында орналасқан Ақш пен Канада сияқты күшті дамыған мемлекеттер қатысу арқылы жүргізіледі.

Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Солтүстік Американың жер бедерінде жазықтар басым. Таулар материктің үштен бір бөлігін алып жатыр. Материктің жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан. Платформаның солтүстік бөлігі  жаппай мұз басудың нәтижесінде майысып, төмен түскен. Кейіннен мұхит деңгейі көтерілген кезде бұл бөлікте Канаданың арктикалық архипелагы, Гудзон шығанағы мен бұғаздар жүйесі қалыптасты. Әсіресе Гудзон шығанағының жағалауы қатты майысқан,

мұнда ойпаттар тараған. Платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар Гренландия аралы мен Лабрадор түбегінде жер бетіне шығып жатыр. Ежелгі платформаның осы бөлігі Канада қалқаны деп аталады. Бұл бөлікке көтеріңкі жазықтар мен таулы үстірттер тән. Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып, қалың шөгінді жыныстармен жабылған орталық жазыққа, одан Миссисипи ойпаты мен Мексика− шығанағының жағалау жазықтарына ұласады. Платформаның батыс бөлігінде Кордильераға қарай баспалдақ тәрізді бітріндеп биіетейтін, кең алқапты Ұлы жазық жатыр. Ұлы жазық таудан басталатын өзен аңғарлары мен күшті тілімденген. Материктің 40° с.е. дейінгі солтүстік бөлігін бірнеше ретт жаппай мұз басқандықтан, жер бедерінде мұздықтардың әрекетінен пайда болған үлкен жартастар, « қой маңдай » тастар, мұзжықтар қазған қазаншұңқырлар көптеп кездеседі.

Ірі қазаншұңқырларды алып жатқан мұздық − тектоникалық көддер жүйесі бір − бірімен қысқа өзендер жүйесімен жалғасып жатыр. Орталық жазық түгелімен мұздықтар өңдеп тасымалдаған жыныстар − мореналармен жабылған. Миссисипи ойпатын өзен тасымалдап әкелген жыныстар жауып жатыр. Материк жағалауындағы жазықтар теңіздік шөгінділеден түзілген.

Платформаның солтүстігі мен шығысында палеозойлық аласа және орташа биіктегі таулар орналасқан, оларға Канаданың арктикалық

архипелагының солтүстігі  мен Гренландия аралының шығысындағы және Аппалач таулары жатады.

Солтүстіктегі таулар мұздықтардың әсерінен өте күшті тілімденген, ал Аппалач тауларын көптеген өзен аңғары ұзына бойы да, көлденеңінен  де кесіп өтеді. Аппалач тауы жер бедерінің сипаты, биіктігі жөнінен Еуразиядағы Орал тауына өте ұқсас: тау беткейлері көлбеу, шыңдары күмбез тәрізді жұмыр болып келеді.

Материктің батыс бөлігін бойлай жер шарындағы  ұзын тау жүйелері болып есептелетін Кордильера тау жүйесі созылып жатыр. Кордильера испан тілінен аударғанда « тау жотасы, тау тізбегі » деген мағынаны білдіреді. Себебі Кордильера бір − бірімен жалғасқан тау жоталарының бірнеше қатар тізбектерінен тұрады. Мұндағы үшкір шыңдар тізбегенен тұратын тау жоталары сьерралар деп аталады. « Сьерралар » испан тілінен аударғанда « ара » деген мағынаны білдіреді. Шындығында да Сьерра −

Невада, Сьерра −  Мадре жоталарындағы қатар тізіле орнласқан шыңдар ара тістеріне ұқсайды. Кейбір тау тізбектерінің барлығын өте көлемді, кең алапты қамтитын көтеріңкі жазықтар мен үстірттер алып жатыр.

Бұл таулар асқақтығымен, шетсіз − шексіз алаптығымен, табиғатының көз жауын алатын әдемілігімен таңғалдырады. Өте терең тау аралық ойыстар мен каньондар асқар шыңдар, алып жанартаулармен қатар кездеседі. Кордильераның ішкі бөліктерінде жанартаулар атқылауынан

Йеллоустоун үстірті орналасқан. Мұнда 3000 − нан астам гейзерлер мен ыстық бұлақтар бар.

Кордильераның биік бөлігі оның солтүстігінде орналасқан, мұнда тауларды қалың мұз басып жатыр. Мұздықтардың кейбіреулері тау етектеріне дейін төмендеп, теңіз жағалауына тіреледі.

Кордильера екі литосфералық тақтаның түйіскен жеріне түзілген тау жүйесі болғандықтан жер қвртысында көптеген жарықтар пайда болған. Олардың бойында сөнбеген жанартаулар тізбегі орналасып, күшті жер сілкінулер байқалады. Бұл апатты оқиғалар адамдар өміріне қауіп төндіріп көп қайғы − қасірет әкелед. Мысалы, 1985 жылы Мехико қаласында болған жер сілкінудің нәтижесінде төрт мың адам қаза тауып он үш мыңнан астам адам баспанасыз қалды.

Пайдалы қазбалары. Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай. Материктің солтүстігіндегі жазықтарда металдардың кен орындары кең таралған. Орталық жазық пен Ұлы жазықтың шөгінді жыныстарында және

Ф−ОБ−001/035

Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмір көп. Аппалач пен оның тау бөктерінде темір мен таскөмірдің бай кен орындары бар. Кордильера тау жүйесінің қойнауы шөгінді жолмен қалыптасқан мұнай, газ, таскөмңрмен қатар, магмалық жолмен түзілген түсті метелдарға, алтын мен уранға бай болып келеді. ХІХ ғасырда Кордильера қойнауынын өзендер ағызып әкелген шөгінді жыныстардан алтынды шайып алу кең етек алды. Мол алтынға кенеліп, тезірек баюды ойлаған мыңдаған адамдар материктің батысына қарай ағылды. 1849 жылы алтын іздеушілердің осындай бір тобы аптап ыстық пен шөлге шыдамай қаза болған. Кейіннен « Өлім аңғары » деген атаққа ие болды. Тарихта бұл кезең  « алтын безгек » деп аталды

Солтүстік Американың климаты және ішкі сулары.

Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары құсас  болып келеді. Материк солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді.

Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы; солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасуы; оңтүстігіне қарай сүйірленуі; батысы биік таулы, ал шығысының аласа болуы; ендік бағыттағы таулардың болмауы − міне осының бәрі климаттың өзіндік ерекшеліетерін қалыптастырады.

Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз ңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Осының нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа  массаларының

әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай  емін − еркін өте алады.

Осы ауа массалары арасындағы температура мен қысымның үлкен айырмашылықтары материктің орталық бөлігіндегі жазықтарда өте құбылмалы ауа райын қалыптастырады. Сондықтан күшті желдер мен  құйын тәрізді қозғалатын дауылдар − торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км − ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырына қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті, апатты дауылдар − долы ( ураган ) жиі болып тұрады. « Ураган » майя тілінде « дауыл құдайы » деген мағынаны білдіреді.

Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейін үшінші орынды алады. Сонымен қатар биік таулы мұздықтар мен

материктің солтүстігін алып жатқан қалың мұз жамылғылары және жер асты суларының мол қоры бар.

Өзен жүйелері  климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Өзендері негізінен жаңбыр және еріген қар суымен қоректенеді.

Атлант мұхиты алабының басты өзені − Миссисипи материктегі ең суы мол өзен болып табылады. Бұл өзеннің Миссури саласына қоса есептегендегі ұзындығы 6420 км, ұзындығы жөнінен дүние жүзінде үшінші орын алады. «Миссисипи» атауы үндіс тілінде « су атасы » дегенді білдіреді. Миссисипи жауын − шашын әртүрлі түсетін аймақтар арқылы ағып өтетіндіктен, жыл бойы деңгейі өзгеріп отырады. Әсіресе көктемде қар еріген кезде су қатты тасиды, кейде су тасқыны жаздағы нөсер жаңбыр нәтижесінде де қайталанады. Мұндай жағдайда өзен мен оның салалары арнасынан шығып, жағаларындағы елді мекендер мен егістік жерлерді су алып кетеді. «Миссури » атауы үндіс тілінде « тұнбалы өзен » дегенді білдіреді, шындығында да ол көптеген құм мен тұнбаларды ағызып әкеледі. Жазықтарда ағысы баяулаған Миссисипи кең атырау жасап, Мексика шығанағына құяды. Атыраудың ауданы жыл сайын тұнбалар есебінен 100 м − ге  шығанаққа қарай кеңейіп отырады.

Аппалачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және мол сулы болады. Олар мұхитқа құяр жолында биік кемерлерден құлап

ағатындықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды. Олардың құлау күші су электро стансаларында энергия алу үшін пайдаланылады. Мысалы, Тенесси өзені бойында  20 − дан астам су электро стансалары салынған. Атлант мұхитына құяр жерінде өзендердің сағалары кеңейеді, мұнда ірі портты қалалар орналасқан.

Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендердің ең ірісі − Маккензи материктің солтүстік бөлігі арқылы ағып өтеді. Үндістер

« Үлкен өзен » деп атайтын бұл өзен негізінен қар суымен қоректенеді, жылдың көп уақытында мұз құрсап жатады. Қыста өзен түбінее дейін қатады. Маккензи жоғары ағысында көктемнің аяғында мұздан босайды, сондықтан оның орта ағысында, әсіресе төменгі ағысында өзендегі сең буу нәтижесінде  мұз қамаулары пайда болады. Батпақтар мен көлдер арқылы ағып өтетін осы алаптың көптеген өзендері жаз кезінде мол сулы болады.

Тынық мұхит алабына  Кордильераның батыс беткейінен басталатын қысқа, ағынды өзендер жатады. Алаптың ең ірі өзендері − Колумбия мен Колорадо Кордильераның шығыс жаталарынан басталып, биік таулы үстірттер арқылы ағып өтеді. Жолында биік тау жоталарын кесіп өтіп, терең шатқалдар жасайтын бұл өзендерде судың құлау күшінің мол қоры бар. Әсіресе Колорадо өзені бойындағы жиегі тік, терең шатқалды орасан зор Үлкен Каньон дүние жүзіне әйгілі. Каньонның әркелкі жастағы, түрлі

түсті жыныстардан тұратын асқақ беткейлері батар күннің сәулесіне малынып, өте әдемі көрініске ие болады.

Кордильера тауының оңтүстігінде орналасқан, климаты құрғақ болатын Үлкен алап пен Мексика таулы қыратының солтүстік бөлігіндегі өзендер ішкі тұйық алапқа жатады. Алаптың орталық бөлігінде Жер шарындағы ең ірі тұзды көлдердің бірі болып саналатын Үлкен Тұзды

көл орналасқан. Әсіресе құрғақ кезеңдерде көл беті мен жағалауларын жауып жатқан тұз қабыршақтары қалыңдайды.

Солтүстік Американың көлдері негізінен материктің солтүстігінде шоғырланған. Мұндағы көл қазаншұңқырларының барлығы дерлік жердің ірі жарықтарында орналасқан. Кейіннен көл қазаншұңқырлары мұздықтардың қазу әрекеті нәтижесінде тереңдеп, жағалаулары тілімденген. Сондықтан бұл көлдерді қалыптасу жолдарына қарай мұздық − тектоникалық көлдер деп атайды, олардың суы терең, тұщы болып келеді. Көлднр бір − бірімен қысқа өзендер арқылы жалғасып жатады.

Материктің солтүстік шығысындағы Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасып жатқан көлдер Ұлы көлдер жүйесі деп аталады. Жоғарғы көлден Эри көліне дейін көлдердің деңгейлері біртіндеп төмендейді.

Ал Эри көлі мен Онтарио көлінің деңгейлерінде үлкен айырма салдарынан, оларды жалғастыратын Ниагара өзені тік кемерден құлап

ағып, дүние жүзіне әйгілі Ниагара сарқырамасын жасайды. Ені 1200 м, биіктігі 51 м бұл сарқыраманың атауы жергілікті үндістер тілінде

« гүрілдек су » деген мағына береді. Шындығында да судың гүрілі 25 км қашықтықтан естіледі. Бұл сарқыраманың ғаламат көрінісін тамашалауға Жер шарының түкпір − түкпірінен жыл сайын миллиондаған туристер келеді. Бірақ суда тез еритін әктастардан құралған сарқырама кемерлері

қазіргі кезде жойқын судың шаюынан біртіндеп аласарып, Эри көліне қарай шегінуде.

АҚШ − тың географиялық орны және экономикалық географиялық жағдайы.

АҚШ жерінің ауданы жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі төртінші орын алды. Бұл елдің жері материктік екі бөліктен және Тынық мұхиттағы Гавай аралдарынан тұрады. Әкімшілік құрылымы 50 штаттан, Вашингтон қаласы мен Колумбия округінен тұратындықтан ел Америка Құрама Штаттары деп аталады. Астанасы −Вашингтон қаласы.

АҚШ жерінің табиғаты алуан  түрлі. Оның көпшілік бөлігі қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Батыстағы Кордильера мен шығыстағы Аппалач Аппалач тауларының аралығында Ұлы және Орталық жазықтар орналасқан. Мексика шығанағы жағалауы мен Флорида түбегін ойпатты жағалық жазықтар алып жатыр. АҚШ

жері арқылы Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен Миссисипи ағып өтеді, ал Канадамен шекаралас аймақта Ұлы көлдер шоғырланған.

Елде мұнай мен табиғи газдың, тас көмір, металдар тәрізді пайдалы қазбалардың қоры мол және оларды өндіруде ұдайы ғылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады. Сол себепті АҚШ шаруашылығы жедел дамуда, ел өнеркәсіп өнімдерін шығару жөнінде дүние жүзінде бірінші орын алады. АҚШ −тың шаруашылығы сан

саласы, ең жетекші сала −машина жасау өнеркәсібі. АҚШ −тағы 125 қалада автомобиль шығарылалады. Детройт қаласын «автомобильдер астанасы» деп атайды. Батыстағы Лос −Анджелес қаласы ғарыштық техника мен электроника орталығы болса, Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады. Елде жылу −энергетика, химия өнеркәсібі, қара металлургия, жеңіл өнеркәсіп жақсы өркендеген. Транспорттың барлық түрі күшті дамыған, соңғы жылдары даңғыл тас жолдардың ұзындығы артуда. Чикаго қаласы жолаушы және жүк тасымалы жөнінен ел ішінде бірінші орын алады. Бір тәулікте бұл қала арқылы екі мың пойыз өтеді. АҚШ пен Канаданың жол торабы біртұтас жүйені құрайды. Жағалауларда ірі портты қалалар көп.

АҚШ жерінің көпшілік бөлігінің жазық және аласа таулы болуы, қолайлы климат, ғылым жетістіктерінің кеңінен пайдалануы ауыл шаруашылығын жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. Ел астық, сүт, ет, құс өнімдерінен өндіруден дүние жүзінде бірінші орынды

алады. Табиғат жағдайының ерекшелігі мен дақылдардың өнімділігіне байланысты АҚШ жері ауыл шаруашылығының белгілі бір саласына маманданған белдеулерге бөлінеді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бидай, жүгері, мақта белдеулері орналасқан. Олардың аралығында мал жайылымдары кеңінен таралған. Аляска балық аулау, аң терісі кәсіпшілігімен және орман шаруашылығымен белгілі. Гавай

аралдарының тұрғындары қант қамысы мен ананас өсіруге маманданған.

АҚШ халқының саны жөнінен дүние жүзінде үшінші орын алды. АҚШ −тағы байырғы халықтың үлесі 1% шамасында ғана, халықтың негізгі бөлігін сырттан келгендер құрайды. Тек қана ХІХ ғасырдың басынан бері Жер шарының 70 − ке тарта елінен 55 млн −ға жуық адам осында қоныс аударған. Соңғы жылдардағы шектеулерге қарамастан қоныстанушушылар есебінен ел халқы жылына 1 млн. адамға артады. Амермкалықтар екі жүз жылдан астам тарихы бар АҚш мемлекетінің мүддесін жоғары ұстайды. Оларды жастаайынан мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, отансүйгіштікке АҚШ мемлекеті мен өзінің мен жеке басының басының әл ауқатын жақсарту үшін еңбек етуге тәрбиелейді. АҚШ халқының төрттен үші калада тұрады, елде жалпы саны тоғызмыңдай қала бар. Ең ірі қаласы Нью − Йорк аспанман таласқан биік үйлерімен ерекшеленеді, қалада БҰҰ − ның ғимараты ірі банктер ,дүкендер бар.

Қолайлы табиғат жағдайларымен сипаттлатын елдің оңтүстігінде әлемге әйгілі Диснейленд, көптеген демалыс орындары , ал Лос − Анджелес қаласында кино өндірісінің орталығ Голливуд орналасқан. Калорадо каньоны, Ниагара сарқырамасы, Йеллоустон гейзерлері, Плинт − Мамонт үңгірі жіне т.б табиғи және тарихи ескерткіштерін тамашалау үшін АҚШ − қа жылына миллиондаған туристер келеді.

АҚШ − тың табиғат жағдайлары мен ресурстары.

АҚШ егізгі территориясында жарамсыз жерлер көп емес. Бұларға Кордильердің және Аппалачтың биік таулы учаскелері, шөлдер, сондай − ақ Атлант мұхиты бойындағы жағалық ойпаттардың батпақтанған кеңістіктері жатады. Аляска және Гавай штаттарындағы жердің көбі шаруашылыққа игеру үшін қолойсыз.

Климат жағдайлары өте алуан түрлі. АҚШ − тың бірқатар табиғат зоналарында вегетация мерзімі ұзақ болмайды, мұның өзі ауылшаруашылық дақылдарын іріктеп алуды тежейді, алайда ел бойынша тұтас алғанда қоңыржай белдеуде өсетін барлық өсімдіктерді, субтропиктік дақылдардың көпшілігін және тропиктік дақылдардың кейбіреулерін өсіруге болады. Оралық және Ұлы жазықтарда климаттың қуаң болуы мелиорациялық жұмысты қажет етеді. Суғару жүйесін жасау үшін өзендер мен жер асты суларын пайдаланады.

Құрғақ далалар мен орманды далалардың қара және қоңыр топырағының оңтүстіктегі жағалық ойпаииардың қызыл топырағы мен аллювий топырағының құнарлылығы жақсы, таулы аудандарда топырағының құнарлылығы кемірек.

Бір кездегі тамылжыған орман сиреп кетті. Орман аклқаптары Аляскада және Кордильердегі жағалық жотаның беткейлерінде қалды. Миссисипи жүйесіндегі өзендердің қолайлы орналасуы оларды Ұлы көлдермен каналдар арқылы қосу үшін ертеден − ақ пайдаланылды. Қазір

барлық бұрынғы өзен жолдары өздерінің маңызын жоғалтты, бірақ Әулие Лаврентий мен Миссисипи өзендеріндегі қайта құрылған ск жолдары қазір де белсенді қозғалысқа толы. Әулие Лаврентий өзенінің бойымен теңіз  кемелері Ұлы көлдерге жетеді. Сондықтан көл порттары мұхиттық порттарға айналады.

АҚШ жер қойнауы алуан түрлі пайдалы қазбаларға бай. Ұзақ уақыт ұтымсыз пайдалану жақсы кен орындарының бірқатарын құртты. Бірақ ғылыми техникалық революция байлығы аз, сапасы кемірек кен орындарын пайдалануға мүмкіндік туғызды, бұл АҚШ − тың шикізат базасын едәуір толықтырды.

Көмір, молибден, күкірт, фосфорит және калий тұздарының қоры ерекше мол. Ұлттық  өндірістің қажетін темір және мыс рудаларының кен орындары, қорғасын , мырыш және уран рудалары бұдан гөрі азырақ

қамтамасыз ете алады. Марганец рудасы, қалайы , никель, графти, хромит, боксит, сирек кездесетін металдар аз немесе тіпті жоқ.

Мұнай мен табиғи газдың ресурстары көп. Бірақ пайдаланылып жатқан кен орындары таусылуда, ал жаңа кен орындарын іздеп табу және оларды пайдалануға беру өте баяу жүргізіледі. Мұның себебі, монополияларға дамушы елдердің минералдық байлығын пайдалану қолайлы, өйткені мұнда оларды шығару құны АҚШ − қа, сондай − ақ Канада мен Австралияға қарағанда көп төмен. Осының нәтижесінде импортты

минералдық шикізат пен отынның үлесі өсуде, ал ұлттық шикізат базасының рөлі төмендеуде.

Алуан түрлі табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылықты дамыту үшін жақсы табиғи база болды және болып қала береді. Сонымен бірге бұларды пайдаланудың ауқымы мен ысырапшылдық сипаты табиғи ортаның жай − күйін нашарлатады және сонымен қатар ауа мен судың күннен − күнге ластануына әкеліп соғады.

Өнеркәсіп орындарының басым бөлігі және көптеген автомобильдер шоғырланатын көптеген урбандалған территориялардың табиғатқа зияны ерекше. Өндірістің зиянды қалдықтары мен пайдаланылған қыздар қала агломерациясының территориясын ғана емес сондай − ақ кеңістіктің ұлан − ғайыр маңайын, теңіздердіңжағалау аймақтарын, өзендер мен көлдерді ластайды.

Канаданың географялық орны, жер бедері және табиғат зоналары.

Канада − дүние жүзінде жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейінггі екінші орын алатын, жоғары дамыған ел. Канада жерінің ауданы 9 млн. 970 мың км². Ел материктің солтүстік бөлігі мен Канаданың Арктикалық архипелагындағы аралдарды алып жатыр. Астанасы − Оттава қаласы.

Орасан зор Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Елдің солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасқан солтүстігі табиғат жағдайлары өте қатал болғандықтан нашар игерілген. Суық арктикалық шөлдер мен тундра алып жатқан жазықтарда қойөгіз бен солтүстік бұғысы − карибу тіршілік етеді. Елдің осы бөлігінде ғасырлар бойы қатал климат жағдайында өмір сүруге бейімделген байырғы халық − эскимостар тұрады. Олардың негізгі кәсібі бұғы шаруашылығы, теңіз жануарлары мен балық аулау болып табылады.

Канаданың қоңыржай белдеуде орналасқан оңтүстік бөлігінде табиғат жағдайлары салыстырмалы түрде қолайлы болады. Оңтүстікке қарай температура жоғарылап, жауын − шашын мөлшері артады. Канаданың басты байлығы − көгілдір көлдер  мен қалың ормандар. Көлдердің жалпы саны жөнінен Канада дүние жүзінде бірінші орын алады. Мұнда Ұлы көлдермен қатар ондаған ірі көл, мыңдаған ұсақ көлдер бар. Канада ормандарға бай. Мұнда америкалық көгілдір шырша, бал қарағай, қарағай өседі. Сондықтан жергілікті халық ағаш дайындау және оны өңдеумен

айналысады. Барлық жерде дерлік айрықша үйеңңкі ағашы өседі. Тіпті елдің мемлекеттің туында да үйеңкі жапырағы бейнеленген. Ұлы көлдер маңын мекендеген алгонкин тайпалары ежелден − ақ үйеңкінкің тәтті шырынын қант орнына қолданған. Үйеңкінің қоймалжың шырынын канадалықтар әлі күнге дейін тамаққа пайдаланады. Ормандарда терісі бағалы аңдардан бұлғын, күзен, ақкіс пен жыртқыштардан қара аю − барибал, сілеусін, кайот тіршілік етеді.

Елдің оңтүстік батысндағы прерийді егіс далалары алып жатыр. Құнарлы қара топырақта өсірілетін бидай, сұлы арпадан мол өнім алынады. Канада жылына шамамен 40 млн. тонна бидай өнімін жинайтындықтан, астықты басқа елдерге де көп сатады. Ал шөбі шүйгін жайылымдар мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Канада жерінің батысында Кордильера тау жүйесіне жататын Маккензи, Жағалық жоталар, Канаданың Сеңгір таулары орналасқан. Тау беткейлерін қалың орман жапқан. Канада Кордальерасының биіктігі 6000м − ге жетеді.Мәңгі қар мен мұз басқан тау шыңдарынан басталатын қысқа, мол сулы өзендер жазықтағы көлдерге құяды.

Канаданың жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Ежелгі платформаға сәйкес келетін жазық бөліктерде уран, никель, алтын, мыс, темірдің бай кен орындары бар. Ұлы жазықта мұнай мен газ өндіріледі. Ағыны қатты тау өзендерінде арзан энергия көзі, ірі су электро станциялары салынған. Канаданың бай табиғи қорлары шаруашылықтың

Ф−ОБ−001/035

сан алуан салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Өз жерлерін өндірілетін металдарды пайдаланып, жұмыс істейтін зауыттарда реактивті ұшақтар, ірі мұхит кемелері, жеңіл автомашиналар мен ауыл шаруашылық машиналары жасалынады. Елде ағаш өңдеу, қағаз жасау өнеркәсіптері де жақсы дамыған.

Елдің аты үндістер тілінде « қоныс », « қауымдастық » дегенді білдіреді. Шындығында да Канада жер шарының әр түкрірінен келген көптеген халықтардың атамекеніне айналған. Канаданың негізгі халқын Еуропадан, әсіресе Англия мен Франциядан қоныс аударғандар құрайды. Ағылшын және француз тілдері алдегі мемлекеттік тілдер болып табылады. Сондықтан « Ағылшын Канадасы » және « Француз Канадасы » деген ұғым бар. Елдің байырғы халықтары эскимостар мен үндістердің үлес салмағы шамалы, олар табиғаты қолайсыз аудандарға ығыстырылған. Ел халқының басым көпшілігі шағын қалаларда тұрады. Канада халқының тұрмыс жағдайы жағынан өте жоғары елдердің қатарына жатады.

Канадада табиғатты қорғауға көп көңіл бөледі. Елде 31 ұлттық парк жұмыс істейді. Ең ірілері − Вуд Буффало, Джаспер, Глейшер, Фанди. Бастапқыда қорық ретінде ұйымдастырылған ұлттық парктерде қазіргі кезде жергілікті халық пен туристердің демалуына қажетті жағдайлар жасалынған.