Салық түсiнiгi, түрлерi

Салықтың мәнiн түсiну үшiн олардың болу мағынасы және салық төлемдерiнiң негiзгi түйiнiн бiлу қажет. Салықтардың пайда болуының саяси және әлеументтiк – экономикалық себептерiн қарастырған кезде олар мемлекет тарапынан туындағанын байқау қиын емес. Олардың негiзгi мақсаты: мемлекетке қажеттi қаражатты алу. Олар өз кезiнде осы мемлекеттiң өмiр сүруiнiң және қызмет етуiнiң материалдық негiзi болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, салық төлемдерiнiң қойылған негiзгi мақсаты – мемлекеттiң табыстар құрылуындағы өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру. Салықтың пайда болуының үш кезеңi бар :

  1. 1991-1995 жж. Бұл аралықта салық реформасы және негiзгi салық заңын құрылды. Олар : жер салығы туралы заң 1991 жылы қаңтардың 17, бағалы қағаздар салығы туралы заң 1991 қаңтардың 24, Қазақстан республикасының салық жүйесi туралы заң 1991 жылы қаңтардың 25, кәсiпорынға салық салудағы кәрәстер мен шығыстер туралы заң 1994 жылдың 12 ақпанында салық жүйесiнiн құрылуында маңызды атқарды ;
  2. Қақастан Республикасының Президентiнiң қаулы бойынша, бюджетке төленетiн салық және басқа да мiндеттi төлемдер 24.04.95;
  3. Қазақстан Рспубликасының Кодексiнде бюджетке төленетiн салық және т.б мiндеттi төлемдер 26.06.01.

Салықтың қаржылық мақсатына келетiн болсақ, ол негiзiнен мемлекеттiң шығышдарын жабу үшiн арналған – бұл оның қаржылық мақсаты, сонымен қатар салықтың басқа да мақсаттары болуы мүмкiн, мысалы: экономикалық және әлеуметтiк. Салық – бұл төлем, яғни бiр адамның екiншi адамға қаражаттың қозғалысы. Салықтың бұл қасиетi төлем кезiнде мемлекетпен қойылған мақсата жеткiзуге әсерiн тигiзедi. Дәлiрек айтқанда, ұлттық табыстың динамикалық турде қалыптастырады. Бұл нәтижесiнде мемлекет қосалқы ақша ресурстардың иесi болады.

  1. Салық – бұл ақшамен байланысты белгiлi бiр iс — әрекет. Ол әр – қашанда анықталған болу қажет. Яғни төлем сомасы мен салық мiндеттiлiгiнiң көлемi ертеден-ақ белгiлi және тұрақты болуының маңызы зор.
  2. Салық – бұл тең құқылы төлем. Салықты төлеу мiндетi конституцияда белгiленген, бұл оның айыппұлдан айырмашылығы. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндетi конституциялық түрде жарияланған. Қазақстан Республикасы конституциясының 35-шi бабының бекiтуi бойынша заңмен белгiленген салық төлемдерi елдегi әр азаматтың мiндетi болып табылады.
  3. Салық – бұл анықталған төлем. Салықты төлейтiн адамға төлеу сомасын есептеп, оны салық заңдарындағы методикасы бойынша анықтауға құқық берiледi. Салық төлемдерiнiң анықталуы адамның жеке басын мемлекеттен немесе оның бөлек органдардан негiзделмеген айыптардан қорғайтын құқықтық гарантиясы болып саналады.
  4. Салық – бұл мiндеттi төлем. Бұл салық төлемдер мемлекетке төленетiн еркiн төлемдер арасындағы айырмашылығы болады. Ел азаматтарымен төленетiн салық мiндеттiлiгi мемлекеттiк бюджетке ақша ресурстардың бiрқалыпты және тұрақты әкелiнуiн қамтамасыз етедi.
  5. Салық – бұл қайта оралмайтын төлем. Яғни салықты төлейтiн адам, ақшаның қайта берiлмейтiнiн ескере отырып төлеуi керек. Бұл адам салықты ақша ретiнде төлегенде, ақшасы ешқашан қайта берiлмейдi және бұл ақшаны мемлекеттен қайта қажет етуi болмайды. Салық толықтырмалы төлем болып есептелiнедi. Яғни адамның салықты төлегенi үшiн бұған ешқандай көмек немесе орнына тауар, әр түрлi қызметтер қолданылмайды. Салық үнемi әкелiнетiн ақша ресурстарды қажет етедi. Сондақтан мемлекет салықты үнемi бiрқалыпты төлейтiн объектiлерге көз салады. Салық мемлекеттiң табысын тудырады. Салық түрiндегi төлем, мемлекеттiк бюджеттi арқашанда толықтырады. Салықтар – бұл орнатылған төлем. Олар әрқашанда тек құқықтық формада болады және жоғары заң күшiнiң нормативтiк актiлерiмен орнатылады. 

Салық салудың мынандай негiзгi принциптерi

Салық салудың мынандай негiзгi принциптерi бар :

а) азаматтар салықты мемлекеттен алатын игiлiктерге пропорционалдi төлеу керек,

б) салықтар табыстың мөлшерiнен, салық төлеушiлердiң тұрмыс халiнiң дәрежесiнен тәуелдi болуы керек. Салық төлеу кезiнде, меншiктiң формасы мемлекеттiк болып өзгередi.

Салықтың аталған барлық қасиеттерi оны төлегендегi мемлекетпен қойылған барлық мақсаттарына жетуге зор мүмкiндiк бередi.

Салықтардың қазiргi теориясында олардың көп түрлерi кездеседi. Салық салу жүйесiнде формасы және өндiрiп алу көздерiне қарай ерекшеленетiн әр түрлi салық түрлерi пайдаланылады. Олар, әдетте үдемелi (прогрессивтi), пропорциональдi және регрессивтi (керi үдемелi) болып бөлiнедi. Үдемелi салықта, табыстың көбею шамасына қарай оның орташа нарығы да өседi. Пропорционалды салықта, оның орташа нарығы өзгерiссiз қалады, яғни табыстың шамасына қарамастан салық салудың берiлген бiр мөлшерi (бiрыңғай нарығы) пайдаланылады. Керi үдемелi салықта, табыс өсе түскен сайын салықтың орташа нарығы азаяды. әдетте бұндай салықтар табыс көбейе түскен сайын, оның бiрте – бiрте азая түскен бөлiгiн талап етедi.

Қазақстан Республикасында қабылданған салық жүйесi туралы заңға сәйкес салықтың мынандай түрлерi қолданылады:

а) жалпы мемлекеттiк салықтар;

б) жалпыға бiрдей мiндеттi жергiлiктi салықтар мен алымдар;

в) жергiлiктi салықтар мен алымдар.

Республиканың салық жүйесi бүгiнгi таңда 11 жалпы мемлекеттiк, 10 жалпыға бiрдей жергiлiктi салықтар мен алымдар және 17 жергiлiктi салықтар мен алымдардан тұрады. Жалпы мемлекеттiк салықтарға мыналар жатады: қосылған құнға салынатын салық, пайдаға салынатын салық, акциздер, бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық, экспорт пен импортқа салынатын салық, кеден тарифi мен баж салығы, пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық iздестiру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұмсалатын алым, тiркелген (ренталық) төлемдер, транспорт құралдарына салынатын салық, Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы, мемлекеттiк баж салығы, табиғат ресурстарына салынатын салық, еңбекшiлердiң еңбегiне ақы төлеу қорына салынатын салық. Жалпыға бiрдей мiндеттi жергiлiктi салықтар мен алымдарға: жер салығы, жеке адамдардың мүлкiне салынатын салық, орман табысы, су үшiн төленетiн ақы, табысқа салынатын салық, кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiлерi ретiндi тiркелмеген азаматтардан алынатын алым, заңды ұйымдарды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгенi үшiн алынатын алым, елтаңбалық алым, мұрагерлiк және сыйға тарту тәртiбiмен ауысқан мүлiкке салынатын салық жатады. Жергiлiктi салықтар мен алымдарға мыналар жатады: курорттық аймақта өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер құрылысына салынатын салық, курорттық алым, азамттардан алынатын мақсатты алым, жарнамаға салынатын салық, авто көлiк құралдары, есептеу техникасы және компьютерлердi қайта сатуға салынатын салық, жергiлiктi симаоликаны пайдалану заңы үшiн алым, тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезiнде жасалған мәмлелерден алынатын алым, жергiлiктi аукциондар өткiзу және лотереялар ойнату заңы үшiн алынатын лицензиялық алым. Жалпы мемлекеттiк салықтар республика заңдарының негiзiнде орталық өкiметпен мемлекеттiк бюджетке аударылды. Жергiлiктi салықтар тиiстi территорияның жергiлiктi басқару органдарымен алынып, жергiлiктi бюджетке түседi. Халықаралық статистикада салықтарды тiкелей және жанама деп бөледi. Тiкелей салықтар табысқа және мүлiкке салынады. Мысалы, ондай салықтарға табыс салығы, пайдаға салынатын салық және т.б. жатады. Тауардың бағасына енгiзiлетiн немесе тарифке қосылатын және сатып алушы төлейтiн салықты жанама салық деп атайды. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кедендiк баж салықтары жатады. Жанама салықтар бүгiнде үш түрде көрiнедi: акциздер, фискальды, монопольдi салықтар және кеден салығы. Бұлардың iшiнде ең бастысы акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтерiне қосылады. әрбiр елдiң ерекшелiктерiне қарай акциздер халық тұтынатын тауарларға, көлiк, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету түрлерiне салынады. Қазiргi кезде акциздiң бiр түрi қосымша құнға салық салу кеңiнңн дамуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткiзгеннен тускен барлық түсiмге салынбай, тек осы кезеңдегi өндiрiстiк қызметтiк нәтижесiнде қосылған құнға салынады.

Тiкелей және жанама салықтардың бұрынғы КСРО-ның ұлттық табысындағы үлесiнiң мөлшерi 40 пайызын құрады. Салыну көздерiне қарай салықтар еңбекпен табылған және еңбексiз табылған табыс болып бөлiнедi. Еңбекпен табылған табысқа еңбек ақы (жалақы), қалам ақы, жеке кәсiпорындардың табысы жатады. Еңбексiз, бiрақ жария табысқа дивидендтер, ақша салымы бойынша пайыздар, қозғалмайтын мүлiктердiң және бағалы қағаздардың құнының өсiмi, жер рентасы және т.б. жатады. Шет елдердiң заңдары, кәсiпкерлiк жолмен алынған пайданы, еңбек ақымен қатар еңбекпен табылған табысқа жатқызады. Ендi салықтың негiзгi түрлерiн тереңiрек қарастырайық.

Пайдаға салынатын салық. Салықтардың iшiнде пайдаға салынатын салық ерекше орын алады. Пайдаға салық салу арқылы манипуляция жасап, мемлекет капиталдың қорлану процесiне айтарлықтай әсер етедi. Оның мысалы ретiнде жеделдетiлген амортизация деп аталатын салық механизмiн келтiруге болады. Нәтижесiнде пайданың салық алынатын мөлшерi едәуiр кемiп, төленген салықтық көлемi де азаяды. Бұл салық түрiн барлық кәсiпорындар төлейдi. Бiздiң республикамыздағы қабылданған салық жүйесi туралы заңдар және оларға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бойынша өндiрiспен айналысатын кәсiпорындарға пайдаға салық 25 пайыз мөлшерiне салынады. Бұндай нарық табыстылық (рентабелдiк) мөлшерi 40 пайыздан аспаған жағдайда белгiленедi. Табыстылық шектi мөлшерден артып кетуi бағаны көтеру монополиялық пайда сомасы тең үлеспен мемлекеттiк бюджетке түседi. Қор және тауар-шикiзат биржалары, сондай-ақ брокер кеңселерi мен фирмаларына салынатын салық нарқы 55 пайыз, меншiк формаларына қарамастан, делдалдық және коммерциялық қызметтен алған пайдасы бойынша кәсiпорындар үшiн де – 55 пайыз. Коммерциялық банкiлер соның iшiнде кооперативтiк банктер, жинақ банктерi, сақтандыру ұйымдары үшi салық нарқы 45 пайыз болып белгiленген. Бұндай жоғары салық нарқы инфляцияға қарсы саясат шараларынан, айналымға қосымша ақша қаражаттары түсудi шектеу мақсатынан туындайды, бiрақ ол банктердiң инвестиция жасау мүмкiндiгiн шектейдi. Бiрлескен кәсiпорындар үшiн, егер шетелдiк серiктестiк жарғылық қордағы үлесi 30 пайыздан артық болса, онда салықтың нарығы 30 пайызды құрайды. Пайдаға салынатын салық шет елдерде де кеңiнiн қолданылады, оның барынша нарығы 30-дан 60 пайызға дейiн болып отыр. Көптеген елдерде кiшi кәсiпорындарға, олардың iс-қимылын ынталандыруға бағытталған салықтық жеңiлдiктер қарастырылған. Қазақстанда ауыл-шаруашылық өнiмдер өндiретiн және өздейтiн, халық тұтынатын тауарлар шығаратын, құрылыс, жөндеу-құрылыс кiшi кәсiпорындары үшiн алғашқы екi жыл бойына бұл салықты белгiленген салық нарқын 50 пайыз мөлшерiне төлеу көзделген. Басқа кәсiп түрлерiменайналысатын кiшi кәсiпорындар, бiрiншi жылы пайдаға салынатын салықты, салық нарқының 25 пайызы, ал екiншi жылы 50 пайыз мөлшерiне төлейдi. Осылармен бiрге, “ Қазақстан Республикасының салық жүйесi туралы “ Заңының 18 бабына сәйкес жергiлiктi Кеңестерге жергiлiктi салықтар мен алымдар бойынша салық нарқын белгiлеу, жеңiлдiктер жасау заңы берiлген.

Қосымша құнға салынатын салық (ҚҚС). Аса маңызды салық түрлерiнiң бiрi – қосымша құнға салынатын салық (ҚҚС) болып табылады. Экономикалық мазмұны жағынан, ол тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндiру iсiнiң барлық кезеңiнде жасалатын құн өсiмiнiң бiр бөлiгiн бюджетке алу формасы болып табылады, және солардың жүзеге асырылуы бойынша бюджетке енгiзiледi. ҚҚС өнiинiң бағасына кiргiзiлмейдi, ол бағадан тыс қойылады, сондақтан өндiрiс шығышдары мен кәсiпорынның табыстылығына (рентабельдiгiне) әсер етпейдi. Бұл салық тауарлар мен қызметтердi түпкi тұтынушылардың сатып алу барысында, сонымен бiрге тауарларды өндiру мен өткiзудiң әртүрлi кезеңдерiнде төленедi. Салық салу объектiсi — өндiрiстiң барлық кезеңiнде бiрыңғай нарық бойынша жаңадан жасалған құннан алынатын барлық өнiм болып табылады. ҚҚС-ның құрамына амортизация, еңбекақы, ағымдары шығындар және пайда кiредi. ҚҚС-ның ерекшелiгi, оның инфляциялық тұрақтылығы, яғни бюджеттiң тұрақты қаржы көзi қызметiн атқарады, өндiрiстiк шығындарды азайту, өткiзуге жеделжетудi көтермелейдi. Қосылған құнға салынатын салықты өндiру, төлеу және есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасының “Қосылған құнға салынатын салық туралы” Заңында жарияланған болатын.

Акциздi салық. Акциздер – тауар басына енгiзiлетiн және сатып алушы төлейтiн жанама салықтың ежелгi формаларының бiрi болып табылады. Ресми түрде акциздер бұрынғы КСРО-да 30-шы жалдарға дейiн болды. 30-шы жылдардан бастап акциздер, басқа салық түрлерi сияқты айналым салығына бiрiктiрiлген болатын. Акциз қалыптасқан қағида бойынша, тұрғындарға арналған және мемлекеттiң монополиясы болып табылатын тапшы, жоғары рентабельдi тауарлар мен өнiмдерге салынады. Мемлекет акциз салығы сұраныс пен ұсынысты реттеге, сонымен бiрге мемлекеттiк бюджеттi толықтыру үшiн пайдаланады. Акциз салығы, салыстырмалы түрде азғантай тауар түрлерiне салынады. Осы тауарлар бойынша акциз нарқын Қақазстан Республикасының министрлер Кабинетi бекiтедi, олар республиканың бүкiл территориясында бiрыңғай болады және календарлық жыл бойы өзгертуге жатпайды. Акциздi қамтитын еркiн жiберiлген баға бойынша өткiзiлетiн акциздеушi тауарлардың құны салыну объектiсi болып табылады. Бұлардан басқа да салықтардың түрлерi бар, бiрақ олар теорияда көп қолданылмайды. Мемлекеттiк бюджетпен салық ставкасының арасындағы тәуелдiлiк графикалық бейнесi. “лаффердiк қисық сызығы” деп аталады. Лаффердiң қисық сызығының тиiмдiлiгi тек еркiн нарық механизмiнiң қалыпты жағдайында ғана мүмкiн болады. Бұл теорияға сын тұрғысынан терең талдау жасамай, мынаны ғана атап өтемiз. Салық ставкаларын жоғарлату немесе төмендету күрделi қаржы динамикасын тежейдi, өндiрiстi ынталандыруға әсер етедi. Жалпы нарық экономика жағдайында инвестицияға салық ставкасынан басқада факторлар ықпал етедi. Олардың iшiндегi ең бастылары циклдық ерекшелiктер және компания тауарларына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, олардың пайдаларының өсуi.  

Салық тексерулерін жүргізу

Салықтар — бұл мемлекетке заңды түрде белгілі бір мөлшерде және белгілі бір мерзімде төленетін міндетті төлем болып табылады.

Салықтың мәжбүрлі төленұі екі жағдайда байқалады. Бірін-шіден, салық мәжбүрлі түрде, яғни, міндетті төлем салық төлеу-шінің еркіне қарсы енгізіледі. Екіншіден, егер салық төлеуші өз міндеттемесін өз еркімен орындамаса, онда мемлекет одан ақшаны күшпен тартып алады. Осы салықты өндіріп алудың мәжбүрлі сипаты мемлекетке берілетін әр түрлі қайырымдылық жасаулардан ерекшелендіреді. Жалпы, салықты өндіріпалу мемлекеттік қазына-шылықтың шығындарын көбейтпес үшін, халыққа арзан түсуі тиіс.

Салық тексеруі – салық қызметі органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңдарының орындалуын тексеру. Ұйғарымда көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеуші салық тексерулеріне қатысушылар болып табылады. Салық тексеруін салық қызметі органдары ғана жүзеге асырады.

Салық тексеруі мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Құжаттық тексеру;
  • Рейдтік тексеру;
  • Хронометраждық;

Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Кешенді тексеру – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;
  • Тақырыптық тексеру – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жеке түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;
  • Қарсы тексеру – егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұлғаларға байлансты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жайғдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;

Рейдтік тексеруді салық қызметі органдары жекелеген салық төлеушілерге қатысты олардың Қазақстан Республикасының заңдарының жекелеген талаптарын, атап айтқанда:

  • Салық төлеушілердің салық органдарында тіркеу есебіне қойылуы;
  • Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;
  • Лицензияның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы;
  • Акцизделетін өнімді өндіру, сақтау және сату ережесін сақтауы талаптарын орындауы мәселелері бойынша жүргізеді.

 Хронометраждық зерттеуді салық органдары салық төлушінің нақты кірісін және кіріс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатымен жүргізді. Хронометраждық зерттеу уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.

Салық тексеруін жүргізу, Қазақстан Республиксының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатпауға тиіс.

Салық органы заңды тұлғаның өзіне салық тексеруінің жүргізілуіне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.

Салық тексерулері мынадай мерзімділікпен жүргізіледі:

  • Кешенді – жылына бір реттен жиі емес;
  • Тақырыптық – салықтың және бюджеткке төленетін басқа да міндетті төлемнің белгілі бір түрі бойынша жарты жылда бір реттен жиі емес.
  • Осы баптың бірінші тармағында көзделген шектеулер мынадай жағдайларда қолданылмайды:
  • Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға және жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатуға байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексеруді жүргізу кезінде, сондай-ақ салық төлеушінің өтініші негізінде қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен алып тастаған жағдайда. Бұл орайда тексеру салық төлеушінің өтінішін алғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізілуге тиіс;
  • Жер қойынауы пайдалануға арналған келісім-шарттың қолданылу мерзімі өтуіне байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексеруді жүргізе кезінде ;
  • Қарсы тексеруді жүргізу кезінде;
  • Қайтарылуға қойылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығына салық төлеушінің өтініші негізінде тақырыптық тексеру жүргізу кезінде;
  • Салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға салық төлеушінің шағымын қарайтын органның шешімі негізінде жүргізілетін қосымша тексерулер кезінде;
  • Нақты салық төлеушіге қатысты уәкілетті мемлекеттік орган басшысының бұйрығына сәйкес жүргізілетін кезектен тыс құжаттық тексеру кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген негіздер бойынша.

Берілетін нұсқамаларда көрсетілетін салық тексерулерін жүргізудің мерзімі, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаға салық тексеруін жүргізген кезде салық тексеруін жүргізудің мерзімін салық органы алпыс жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

Ерекше күрделі мәселелерді тексеру кезінде салық тексеруін жүргізудің мерзімін салық қызметінің жоғары тұрған органы құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлға үшін елу жұмыс күніне дейін, құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін сексен жүмыс күніне дейін арттыруы мүмкін. Ерекше күрделі мәселелер салық қызметінің жоғары тұрған органының салық төлеушіге тапсырылатын негізделген жазбаша шешімімен расталады.

Салық тексеруін жүргізу мерзімі құжаттарды тапсыру туралы салық органының талаптарын салық төлеушіге беру кезі мен салық тексеруін жүргізу кезінде сұралатын құжаттарды салық төлеушінің табыс етуі аралығындағы уақыт кезеңінде, сондай-ақ салық органының мәліметтер мен құжаттарды сұратып алу кезінде тоқтатыла тұрады.

Хронометраждық зерттеулерді жүргізу мерзімі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен хронометраждық зерттеулер жүргізу тәртібіне сәйкес белгіленеді.

Салық тексеруін жүргізу негіздемесі.

  1. Салық тексеруін жүргізу үшін мынадай деректемелерді:
  • Нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірін;
  • Нұсқама шығарған салық органының атауын;
  • Салық төлеушінің толық атауын;
  • Салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
  • Тексеру түрін;
  • Тексеретін адамдардың лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын;
  • Тексеру жүргізілетін мерзімін;
  • Құжаттық тексерулер кезіндегі тексерілетін салық кезеңін қамтитын нұсқама негіздеме болып табылады.
  1. Рейдтік тексеру тағайындалған кездегі нұсқамада аумақтың тексерілетін учаскесі, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, көрсетілуге тиіс.
  2. Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің тексерілетін түрі көрсетіледі.
  3. Нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрімен расталуға және уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпке сәйкес арнаулы журналда тіркелуге тиіс.
  4. Тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда қосымша нұсқама ресімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні көрсетіледі.
  5. Бір ұйғарым негізінде бір ғана салық тексеруі жүргізілуі мүмкін.

Салық тексеруін жүргізудің басталуы.

Салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқама берілген кез салық тексеруін жүргізудің басталуы болып есептеледі. Салық органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды адамдарды салық төлеушіге (салық агентіне) қызмет куәлігін көрсетуге міндетті. Салық органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды адамы, рейдтік тексеруді қоспағанда, салық төлеушіге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етеді. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеуші (салық агенті) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгі қояды.

Рейдтік тексеру жүргізілген кезде салық төлеушіге танысу үшін нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшірмесін алғаны туралы түпнұсқаға белгі қояды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқаманы алудан бас тартуы салық тексеруін жүргізудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.

Салық тексерулерін жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне салық төлеушінің өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

Салық тексеруі аяқталған соң салық қызметі органының лауазымды адамы мыналарды:

  • салық тексеруінің жүргізілген орнын, акті жасалған күнін;
  • тексерудің түрін;
  • салық қызметі органының салық тексеруін жүргізген лауазымды адамдарының қызметін, тегін, атын, әкесінің атын;
  • салық төлушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын не толық атауын;
  • салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның тіркеу нөмірін;
  • салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге тексеру жүргізуге жауапты басшысы мен лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын;
  • алдыңғы жүргізілген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
  • тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;
  • Қазақстан Республикасының салық заңдарының тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, салық бұзушылығын егжей-тегжейлі жазылған сипаттамасын;
  • салық тексеруінің нәтижелерін көрсете отырып, салық тексеруінің актісін жасайды;

Салық тексеруінің актісі салық төлеушіге тапсырылған күн салық тексеруі мерзімінің аяқталуы болып есептеледі. Салық тексеруінің аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеру актісіне тиісті белгі қойылады. Салық тексеру актісіне қажетті құжаттардың көшірмелері, салық қызметі органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және салық тексеруі барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі. Салық тексеруі актісі кем дегенде екі дана етіп жасалады және оған салық тексеруін жүргізген салық қызметі органының лауазымды адамдары қол қояды. Салық тексеруі актісі салық тексеруі актілері мен хабарламаларын тіркейтін арнаулы журналда тіркеледі, ол нөмірленуге, бау өткізілуге және салық қызметі органының мөрімен куәландыруға тиіс.

Салық тексеруі актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады. Салық төлеуші салық тексеруі актісін алған кезде оны алғаны туралы белгі қоюға міндетті.

Камералдық бақылау .

  1. Камералдық бақылау – салық төлушілер берген салық есептілігін және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде тікелей салық органы жүзеге асыратын бақылау.
  2. Камералдық бақылау тікелей салық органының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

Салық органы салық есептлігін қателіктер тапқан, салық есептілігінде келтірілген мәліметтердің арасынан қайшылық табылған, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін көзделген шарттарды асыра пайдаланған кезде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес салық төлеушіге жіберілген қателіктерді өз бетінше жоюы үшін, сондай-ақ салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшуі үшін хабарлама жіберіледі.

Салық төлеушілер мониторингі .

  1. Салық төлеушілер мониторингі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау және тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өзіндік құнын қалыптастырудың негізділігіне талдау жүргізу, қаржы, валюта заңдарын, қолданылатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметін байқау жүйесін қолдану жолымен жүзеге асырылады.
  2. Электронды мониторинг – осы баптың 1-тармағында белгіленген электронды қол қоюмен расталып, электрондық құжат нысанында ақпарат беретін мониторинг түрі.
  3. Салық төлеушілердің мониторингі республикалық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады.

Республикалық мониторингке жататын салық төлушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Аймақтық мониторингке жататын салық төлушілердің тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Мониторингке жататын салық төлеушілер уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен салық есептілігін тапсырады.

Сондай-ақ, жалған банкроттылықты және басқа да заң бұзушылықтарын ашуға бағытталған жұмыстар кең көлемде жүргізіліп жатыр.

Сол жылдардағы салық комитеттерінің жасаған жұмыстарының нәтижелері туралы айтып кетейік.

Салықтық тексеріс.

Жылдар 2003 жыл 2004 жыл 2005 жыл
Салық тексерулерінің саны 14930 16559 18214

 

Салықтардың түрлері бойынша жасалған салық бұзушылықтарына келсек, 2004 жылы ол мынадай түрде болды;

Бұдан көріп отырғанымыз: салық бұзушылықтарының едәуір көп бөлігін бюджеттің екі негізгі қайнар көзі құрайды. Өндіріп алынуға тиісті сомаларының ішінде ҚҚС-ғы 53 %-ды, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы — 35 %-ды құрап отыр. Сондықтан, тексеру кезінде осы екі салық түрлеріне көп көңіл бөлу керек.