Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптаскан. Римнің негізін қалаған әттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда ол ыдырау кезеңінде болған. Рулық ұғымының негізі әлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды әкелік ру табылган. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға тән сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі табылған.
Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру әскери және діни бірлік болып табылатын курияны құраган. Курияның басында қурион тұрған. Он қурия трибуды тайпаны кұраған. Рим халқы үш тайпадан құралған.
Халық патрицийлерге, клиенттерге және плебпийлерге бөлінген. Патрицийлар — бұл қалалық қауымның толық құқылы азаматтары, клиенттер патрицийлерге жеке және мұрагерлік тәуелділікте болған, плебейлердің жеқе бостандығы болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген.
Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша Рекс тұрған. Ол әскер басы, жоғарғы абыз болған және ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы кеңесуші орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құралған. Сенат коғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мәселелерді талқылаған, мұндай мәселелерге байланысты шешімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен қатар, сенат патшаны сайлауға да әсер еткен. Аса маңызды органдардың бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы мүшелері — әскери қызметті орындай алатын ер адамдардан құралған; ал сенаттың ұсыныстарын қабылдаған немесе олардан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган — бұл абыздық алқалар олардың ішіндегі ең ежелгілері болып авгурлар, понтификтер және фициалдар алқалары табылған (авгурлар тұлғалардың әрекеттері туралы өз қорытындыларын әртүрлі белгілер мен жорамалдардың негізінде берген, понтификтер әдет-ғұрыптарды сақтаушы және түсіндіруші болған, фециалдар соғыс жариялау актісін жүзеге асырған).
Римдіқ рулық қауымның мемлекетке айналуын үрдісінің аяқталуына Сервий Тулийдің реформалары әсер етті, олардың мәні мынада болды:
А) барлық еркек адамдар жердің мөлшерімен анықталатын мүліктік жағдайына қарай бес топка бөлінген, бұл бөлініс плебейлер үшін де, патрицийлер үшін де ортақ болған;
Ә) Римде жоғарғы органның жаңа түрі пайда болды — центуриаттық комициялар;
Б) плебейлер центуриаттық қомициялардың құрамына енгізілді, яғни, «рим халқының» бөлігіне айналды және қоғамдық жердің бөлінісіне иеленетін болды;
В) Рим қаласы төрт аумақтық оқругтерге — трибаларға, ал қала шеті — он жеті селолық трибага бөлінді. Трибуттық комициялар плебейлер үшін міндетті жалпы сипаттагы қаулыларды шығару құқығына иеленді.
Республика қезеңіндегі Рим
Римдегі республика қезеңі 500 жылға созылды (б.э.д.509-27 ж.ж.). Римнін даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады: республиканың қалыптасу және нығаю қезеңі (б.э.д. ҮІ-ІҮ г.) және римдік құл иеленушіліқ мемлекеттің гүлдену және құлдырау кезеңі, оның орнына монархиялық басқару нысанының келуі (б,э.д. НІ-І г.г.).
Қоғамдық құрылым. Өзінің таптық табиғаты бойынша римдік қоғам мен мемлекет кұлиеленушілік болған, алайда кұлдарды қанау монархия кезеңіндегі сияқты дәрежеге жеткен жоқ, сол себепті құлдық патриархалдық сипатта болған.
Еркін халықтың негізгі бөлігі болып патрицийлер мен плейбейлер қала берген, олардың арасында өзара күрес өрши түскен. Плейбейлер патрицийлер мен саяси және азаматтық құқықтары бойынша тең болуға ұмтылған, осы жағдай Рим республикасының құлауының негізгі себебі болған.
Мемлекеттік құрылым. Рим республикасында орталық органдар — халық жиналыстары болған, олар центуриаттық, грибуттық және куриаттық комициялар түрінде ұйымдастырылған. Сонымен қатар, сенат пен магистратуралардың да мемлекетті басқарудағы орны ерекше болған.
Центуриаттык комициялар халык жиналыстарының негізгі түрі болып табылады, олар заң жобаларын қабылдап, жоғарғы магистрат — консулдардың, преторлар мен цензорлардың сайлауын жүзеге асырды, сот билігіне ие болды. Трибуттық комициялар екі нысанды қызмет етті: патрицийлер мен плебейлер үшін жалпы жиналыс (олардың қаулылары «популисцит» деп аталды) және арнайы плебейлік жиналыстар (олардың қаулылары «плебисцит» деп аталды). Куриаттық комициялар тек рулық құрылымының қолдағы ретінде гана сакталады және уақыт өте келе бұрынғы 30 курияның өкілдері болып табылған 30 ликторлың жиналысымен ауыстырылды.
Сенат формальды түрде магистраттардың жанындағы кеңесуші орган ретінде саналған, алайда өте үлкен маңызға ие болған. Сенат халық жиналысы қабылданған заңдары бекітетін және қаржыларды басқарған. Сенаттың шешімдері «сенатус-консульт» деп аталған.
Магистратуралардың жүйесіне Рим мемлекетінің өкілі болуға және оның атынан сот өндірісі мен басқару саласында мемлекеттік әрекеттерді жүзеге асыруға өкілетті лауазымды тұлғалар кіретін. Магистратуралардың қызметі мен оны ұйымдастырудың келесі қағидалары болған:
— сайланбалылық (магистраттарды сайлау халық жиналыстарында жүзеге асатын);
— алқалық (бір лауазымға бірнеше магистрат сайланатын, олардың әрқайсысы толық билікті иелене отырып, өздеріне қарасты мәселелерді шешкен);
— жауаптылық (диктатор, цензор мен плебейлік трибундардан басқа магистраттар өз лауазымының мерзімі біткенде халық жиналысының сатына тартыла алатын);
— мерзімділік (барлық магистрлер 1 жыл мерзімге, ал цензорлық 5 жылға сайланатын);
— ақысыздық (магистраттар өз жұмысы үшін жалақы алмайтын).
Магистратуралар ординарлық және экстраординарлык болып бөлінеді. Ординарлык магистратуралардың басында екі консул тұратын. Ординарлық магистратуралардың құрамында келесі лауазымдар болған:
Преторлар — консулдардың көмекшілері, цензорлар — Рим азаматтарын триболарға, разрядтарға және центурияларга бөлу мақсатында ценздерді орнықтыратын, эдилдер — полициялық міндеттерді жүзеге асырган, квесторлар — консулдардың арнайы мамандануы жоқ көмекшілері, плебейлік трибуналар — плебейлердің мүдделерін қозғаушылар және төменгі магистраттар — қылмыстарды тергеумен айналысқан.
Не соғыспен, не топтық күрестің өршуімен байланысты қандай да бір төтенше қиындықтар уақытында сенат консулға алты айдан аспайтын мерзімге диктаторды тағайындау туралы тапсырма беретін. Диктатор тағайындалған соң барлық ординарлық магистратуралар экстраординарлық магистратураларға айналып, диктатордың өкілеттіктері мерзімінде толығымен оған бағынатын. Бұл кездегі диктатордың билігі шексіз болатын.
Рим әскері. Әскери қызметті бес разрядқа енген барлық азаматтар өтейтін. Оған тек толық құқылы, кем дегенде 11000 асе мүліктік цензге ие азаматтар жіберілетін, әскерлер өздерінің мүліктік цензіне сәйкес әскердің әртүрлі түрлеріне бөлінетін. Әскерді консулдар цензорлардың құрастырған тізімдерінің негізінде жинақтайтын. Соғыс әрекеттері аяқталған соң әскер таратылатын.
Жергілікті басқару. Римнің жауап алған Италиядан тыс жерлері, провинциялардың барлығын Римнен тағайындалатын, бұрын консул мен претор болып табылган магистраттар басқаратын. Олардың жергілікті жерлердегі билігі шексіз болатын.
Монархия кезеңіндегі Рим
Римдегі қолиеленушілік монархияның тарихын екі кезеңге бөлуге болады: принципат және доминат.
Принципат кезеңінде әлі де республикалық мекемелер қызмет етеді, алайда олар өздерінің бұрынғы мәнін жоғалтады. Барлық магистратуралардың басына жаңа лауазымды тұлға принцепс келеді. Бұл шеқсіз мерзімге (өмір бойына) сайланатын жоғарғы республикалық магистрат төтенше билікке ие болатын.
284 жылдан бастап Римде шексіз монархия — доминат орнығады. Ескі республикалық органдар толығымен таратылады, император заңнан да жоғары тұратын шексіз монарх деп танылады, барлығы оның билігіне бағынушыларға айналады, императордың билігі құдайдың билігіне теңестіріледі. Империяны басқару негізгі екі ведомствоға негізделеді:
1)императордың жанындағы мемлекеттік кеңеске;
2)император тағайындайтын шенеуніктер басқаратын қаржылық ведомствоға.
Доминатты орнықтыру Диоклетиянның реформаларымен тығыз байланысты. Ол мынадай реформаларды жүзеге асырады:
1)әкімшілік реформа — империя екі провинцияға бөлінген 1 2 диоцезге жаңа әкімшілік бөлуді көздеген. Италияның барлық аумағы екі доцезге бөлінген: Шығыс және Батыс. Әрбір империяның басында император — Август тұрған, ол өзіне көмекші-ізбасарын — Цезарьді сайлап алатын;
2)әскери реформа — әскер үш сенатқа бөлінетін: шекаралық әскер, кешенді әскер және преторлық гвардия, әскердің құрамы үлкейтіліп, алғашқы рет рекруттық қабылдау енгізілді;
3) салықтық және қаржылық реформалар — заттай және ақшалай салықтар, сонымен қатар тиын енгізілген.
Жергілікті басқару. Империяның әрбір бөпігі — диоцездер екі префектураларға бөлінген, олардың басында приторийдің префекті тұрған. Әрбір префектура екі диоцезден тұрған, олардың басында викарийлер тұрған, әрбір дионез провинцияларға бөлінген, провинцияларды ректорлар басқарган. Провинциялар ұсақ бірліктерден — қауымдардан тұрған. Қауымдарда жергілікті өзін-өзі басқару органдар — сенаттар (декуриондар) болады.
Сот. Қылмыстык істерді қарау тұрақты комиссиялардан император мен оның шенеуліктеріне ауысады. Римнің шет аймақтарында қылмыстық юрисдикция қаланың префектісінің қолында болған, Италияда — преторий префектісінің колында, провинцияларда — провинция басшыларының қолында болған.
Рим құқығының негізгі қайнар көздері:
1) бірінші римдық құқық қодификациясы — әдет құқығы жазбасы түріндегі XII кесте заңдары;
2) б.э. III ғ-ның соңында екі кодекс құрастырылды: грегориян және гормогениан кодекстері;
3) б.э. 483 ж. алғашқы ресми жүйелендіру — Фиодосий кодексі қабылданды, мұнда б.э. IV ғ. бастап императорлардың конституциялары жинақталды;
4) б.э. XII ғ. рим құқығының соңгы жүйелеуі аяқталды, ол Юстиниан императордың тұсында жүзеге асырылып, «азаматтык құқық жинағы» — Корпус Юрис — Цивилис деген атқа ие болды, бұл жинақ келесі негізгі бөліктерден құралды:
— институциялар — рим құқығының қарапайым курсы, бұл оку мақсаттарына арналған олардың негізгі қайнар көзі болып рим заңгері Гайдың шығармасы саналды, өз күшіне 533 жылдың 21 қарашасында күшіне енді:
—дигестлер — ескірген түсініктер мен қарама-қайшылықтарды жою мақсатында редакциялық өңдеуден өткен рим заңгерлерінің шығармаларының үзінділерінің жинағы, 533 жылдың 30 желтоқсанында күшіне енді;
—юстинианның кодексі — 12 кітаптан құралған император конституцияларының жинағы. Бірінші кітапта шіркеулік құқыққа қатысты конституциялар енген; 2-8 кітаптар азаматтық кұқыққа арналған; 9 кітап — қылмыстық құқыққа; 10 кітап мемлекет басқару туралы ережелерге арналған:
— новеллалар — жинақтың басқа үш бөлігі жасалуы уақытында шығарылған Юстиниан конституциялары оларды негізінен мұрагерлік құқықтың нормалары көрініс тапқан.
Құқыкқабілеттілікті иелену үшін статус деп аталатын үш жағдай (шарт) қажет болды: бостандық статусы, яғни, Римнің тек еркін азаматтары ғана кұқыққабілеттілікті иелене алатын (құлдар құқықтың субъектісі емес, объектісі болып табылатын); азаматтық статусы — римдік қалалық қауымға тиесілі тұлғалар ғана толыққұқылы және жалғыс өқілі болып үй иесі табылатын.
Меншік құқығы тұлғаның иелену, пайдалану және билік ету түріндегі затқа деген толық және айрықша үстемдігін білдірді. Барлық заттар бірқатар сенаттарға бөлінеді: азаматтық айналымнан алынган заттар (діни табыну заттары, мемлекеттік меншік обьектілері және жалпылай пайдалану заттары: теңіз, ауа, ауыз су және т.б.) және азаматтық айналымдағы заттар (жылжитын және жылжымайтын, бөлінетін және бөлінбейтін, жеке дара анықталған және топтық белгілері бойынша анықталған, тасымалданатын және тасымалданбайтын).
Рим құқығында меншікті иеленудің екі түрі ажыратылған: цивильдік құқыққа негізделген иелену (меншіқ құқығын жаудан жаулап алынған меншік туралы жалган процесс арқылы беру, мүлікті бөлу туралы процесстегі иелену, жылжитын мүліктің бөлігін бөлу; мұндай меншік квириттік деп аталған) және «халықтар құқығына» негізделген иеленулер (мүлікті берудің қарапайым түрі, ақкупация, ескіру мерзімі бойынша мүлікті иелену).
Рим құқығы бөген мүлікке қатысты келесі құқықтарды таныған: сервитуттар (меншік иесінің мүдделеріне зиян келтірмеген жағдайда, басқа тұлғаларға да оның меншігін пайдалануға рұқсат етілген); суперфициялар (бөтен жерде салынған кұрылысты пайдалану кұқыгы) және кепіл құқығы — ипотека (кепілге қойылған зат борышкердің иелігінде міндеттемені орындау мерзімі туындағанға дейін қалдырылатын).
Римде міндеттемелердің екі қайнар көзі болған: деликтілерден (құқық бұзушылардан) туындаған міндеттемелер және шарттардан туындаған міндеттемелер. Шарттардың келесі түрлері белгілі болған: вербальды шарттар — ауызша нысанды бекітілетін, литеральды шарттар — жазбаша нысанды бекітілген, шынайы шарттар — міндеттемелер затты берген сәттен бастап туындаған және консенсуалды шарттар — тараптардың қарапайым және ресми емес келісімен негізделген шарттар.
Неке — отбасы құқығы бастапқы кезендерінде үй иесінің отбасы мүшелерінің үстінен шексіз үстемдігімен сипатталган. Екінші кезеңде некенін жаңа нысаны пайда болды, бұл кезде әйел біраз мүліктік және жеке дербестікке ие болды. Үшінші кезенде некеден тыс байланыстар — конкубинаттар кең таралды.
Мұрагерлік кұкықта заң бойынша мұрагерлік және өсиет бойынша мұрагерлік орын алған. Заңды мұрагерлер ретінде тек огнаттар, яғни, қандық туыстығына қарамастан үй иесінің билігінде болған тұлғалар танылған.
Қылмыстық құқықта жариялылық сипаттагы (Рим мемлекетіне қарсы қылмыстар, өртеу, адам өлтіру, жалған куә болу, егіндікті ұрлау және дуалау өлім жазасымен жазаланатын) және жеке сипаттағы (ұрлық, тұлғаға нұқсан келтіру, бөген мүліктерді жою және зақымдау — дене жазалары мен өлім жазасы қолданылатын) кылмыстар ажыратылған.
Азаматтар басқаға зиянын тигізбеуге, басқаның меншігіне кол сұқпауға, әділетсіздікке жол бермеуге, әділетсіздіктен жапа шеккендерге көмек беруге және жалпы игілік үшін сңбек етуге тиіс. Азаматтардың жалпы саяси белсенділігін әрдайым батыл жақтаған Цицерон «азаматтардың бостандығын қорғауда ешкімге де артықшылық беруге болмайды» деп атап көрсетті. Ол республиканы қорғауды әрбір азаматтың қасиетті борышы деп санады. Ал Римнің нағыз азаматтары ой-өрісті кеңейту, жан-дүниені байыту үшін өздерін жан-жақты жетілдіру идеясын мөңгілік серік етуі керек. Цицеронның ойынша адамды жан-жақты жетілуге итермелейтін торт ізгі нәрсе бар, олар: ақыл, әділетті болу, ерлік және сабырлылық. «Адам неғұрлым ақ- әділ болған сайын, соғүрлым басқадан арамдық күтпейді». Арамдық пен әділстсіздіктің аз ғана жұғыны бар адамдардың озі де өзгелерді сондай көреді.
Құқық негізіне Цицерон табиғи әділеттілікті алады. Бұл жерде, ол әділеттілікті мәңгі өзгермейтін және табиғат пен адам табиғатының да ажырағысыз қасиеті деп түсіндіреді. Әділеттілікті табиғаттың өзі берген несібесі деп қараған Цицерон оны табиғи құқыққа жатқызады және оған төмендегідей анықтама береді: «Нағыз заң — табиғатқа сәйкес барлық адамға бірдей берілген санады ереже, бұл заңцар адамдарға парыздарын өтеу міндетін жүктейді, қылмысқа қорқыту арқылы тиым салады. Бірақ адал адамдарға міндеттемей, тыйым салмай және бұйрық бермей-ақ орындатуға мүмкіндік болғанда заң ешнәрсе де емес және қажет те болмайды. Мұндай занды жарым-жартылай пемесе толық жоюды ұсыну ақымақтық, оны қандай да бір деңгейде шектеу — мүмкін емес. Сондықтан да біз саясаттың да, халықтың да қаулысы бойынша бұл заңцарды жоя алмаймыз». Бұл нағыз заң барлық жерде және барлық уақытта барлық халыққа бір ғана мәңгі және өзгермейтін заң ретіңде қалады және барлық адамның әміршісі болын саналады. Адамдық табиғатты ескермей бұған бас имегендердің барлығын Цицерон өздеріне-өзі ор қазған қашқындар деп қарайды.
Әділдік, Цицеронның айтуы бойынша, басқаға зиян келтірмеу және басқаның меншіғін бүзбау. «Әділеттілікке қойылатын бірінші талап, — деп көрсетті, — ол ешкімнің де басқаға зиян келтірмеуі, екіншіден, барлық адамның ортақ меншікті жалпылай, ал жеке меншіғін оз меншігіндей пайдалана алуы». Яғни оның айтуы бойынша, «Әділдіктің сшкімғе зиян тигізбеу және қоғамға пайда келтіру сияқты скі қайнар көзі бар».
Табиғи құқықтар, Цицерон бойынша, жазба заңдардың қайсысынан болса да ерте, тіпті мемлекеттен де ерте, пайда болған. Құқық адамдардың шешімдері мен қаулыларымен емес, табиғаттан шыққан әділдіктің қорғаушысы да, жақтаушысы болуы тиіс. Заңның қызметі мен күші туралы Цицерон «сот – сөйлейтін заң, ал заң — тілсіз сот» деген анықтама береді, яғни әділ заң » әділдікті әркімге озіне тиістісін беруден тұрады».
Цицерон шешендігімен, философиялық және саяси-құқықтық шығармашылығымен ғана емес, Римнің саяси өміріне белсене араласқан көрнекті саяси қайраткер ретінде де тарихта белғілі. Ол Римдегі республикалық құрылыстың дағдарысы мен б.э.д. 40 жылдардағы азамат соғыстары, Гай Юлий Цезарьдің диктатурасы кезінде консул да болды, сенатты да басқарды. Осы жылдардағы елдеғі аласапыран кезевде мемлекеттің тұтастығы мен бірліғін сақтауға көп күш садды, қарсыластар тарапынан қуғын да көрді.
Азамат соғысы жылдарында Цезарьдің жағында болған Цицерон Цезарьға ұйымдастырылған қастандыққа қарсы болған жоқ. Мемлекеттік билікті нығайту мен орталықтандыру, соның ішінде республикаға қайсыбір «ректорлар» /әкімдер/ тағайындау керектігі туралы трактат жазды. Цезарь өлгеннен кейін ол қастандық ұйымдастырушыларға қарсы республикашылар жетекшісі болды. Римнің тұтастығы мен татулығын сақтауға күш салған Цицеронның өзі де б.э.д. 43 жылы Антоний мен Октавиин Авғусттың қолынан қаза табады. Өзінің ғажап өмірімен, орасан зор философиялық және саяси-құқықтық еңбектерімен барша адамзатқа, кейінгі ұрпаққа үлгі болған Цицерон «заңдар — билік басындағылардың бұйрық берушісі, ал билік басындағылар — халықтың әміршісі» екендігін өз еңбегімен де, өз өмірімен де дәлелдеп кетті.
Ежелгі Грециядан бастау алған стоицизм римдік саяси-құқықтық ойда одан әрі жалғасын тапты. Рим стоиктерінің теориялық көзқарастары ежелгі грек стоиктерінің философиялық, этикалық және саяси-құқықтық концепцияларының едәуір ықпалында болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалды және одан өрі дамытылды. Рим стоицизмінің басты өкілдері Луций Анней Сенека /3—65жж./, Эпиктет /50—140жж./ және Марк Аврелий Антонин болды.
Стоиктердің ілімі бойынша, әлем — біртұтас дене. Ол құдайлық пен адамдықтың арасындағы қарым-қатынас және оны әлемдік құдай ретінде қарастырады. Олардың айтуынша, әлемде больгп жатқан өзгерістер қатал қажеттілік заңына бағынған, сондықтан ол белгілі бір мақсатты жолмен, яғни оны керек етуіне қарай дамиды. Қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық емірде де қолданылады деп есептейді. Осы заңға сүйенген олар бостандық ұғымын да қажеттілік ұғымы арқылы түсіндіруге тырысады.
Рим стоиктерінің шығармашылығы бұрынғы полистік идеология құндылығындағы дағдарыстың күшею, принцепс билігі мен цезаризм режимінің нығаю, Рим империясының әлемдік державаға айналу кезеңімен тұспа-тұс дамыды. Осындай жағдайда олар ежелгі гректік стоицизмнен фатализмге, саяси жұтаңдық пен космопатолизмгс көбірек мойын бұрады.
Сол дәуірдің ұлы ойшылы Сенека саясаткерлік пен ұстаздықтың ер қырынан керіне білді, ол сенатор да, император Нероның тәрбиешісі де, көрнекті мемлекеттік қайраткер де болды. Саясат пен қогамдық омірге бел сене араласқан ол өзінің шәкірті Неронның бүйрығы бойынша қуғынға ұшыратылды, саяси ойынның құрбаны болған ол өзін-өзі өлімге бұйырды.
Басқа стоиктерге қарағанда Сенека барлық адамдардың рухани бостандық идеясын олардың қоғамдағы орнынан төуелсіз түрде қарастырды. Оның көзқарасы бойынша құлдықтың объектісі мен ауқымы адамның рухани жене ақыл-ой дүниесі емес, оның тені ғана. «Құлдық адамды барлық жағынан билейді деп ойлайтындар қателеседі», — деп жазды ол, «оның ақыл-ойы құлдыққа төуелсіз. Құлдың төні ғана қожайынына бағынышты, ал ақыл-ойы мен рухы өзіне тиесілі». Сенеканың айтуынша, құл да табиғаты жағынан барлық адамдармен тең, оған жан және рухани сипаттар да төн. Құлдың өзін сатуға, немесе сатып алуға болғанмен, оның еркін ақыл-ойы мен рухани жан-дүниесін саудага салуға болмайды.
Ежелгі грек стоиктері сияқты Сенека да барлық себептерді құдайлық рух пен тағдырдан іздейді. «Тағдыр заңы», оның айтуы бойынша, өз дегеніне бағындырады. Адамдардың іс-әрекеті ғаламның қажеттілік заңына байланысты, олар бір-бірінен болмай қоймайтын занды қажеттілікке, яғни тағдырга өз еркімен немесе мәжбүрлі түрде бағынуларымен ерекшеленеді. Адамдар ғаламдық қатынастарды өзгерте алмайды, оган қарсылық көрсетуге гана талпынады. Өздерінің өмірдегі ауыр тауқыметіне риза болмағандар да, молшылықта өмір сүретіндер де тағдырға қарсы тұруға талпыныс жасайды, ойткені адамның табиғаты тойымсыз да, қанағатсыз. Сенсканың табиғи-құқықтық концепциясында болмай қоймайтын және құдайлық сипатқа ие «тагдыр зандарына» бүкіл адамзат міндетті түрде бағынады. Табиғи құқық бұл жерде ғаламдық құрылымның тәртібі мен оқиғаларының себебін білдіретін қажетті табиғи факт ретінде көрсетіледі. Зандар өзінің жазылған немесе жазылмағандығымен ғана ерекшеленбейді. Оның айтуынша, «жазылмаған кейбір заңдар жазылған зандардан да қаталырақ».
Мемлекетгің пайда болуы мен омір сүруі де бүкіл галамдық қажеттіліктен туған. «Табиғи құқықтар мен табиғи мемлекетті мойындау қажетті және парасатты іс». Табиғат-заңдары бойынша мұндай мемлекет мүшелерінің оны мойындаған немесе мойындамағанына қарамай жалпыға бірдей мемлекеті болып саналады. Ал кейбір жекелеген мемлекеттік құрылымдар жекелеген топтардың мемлекеті ғана болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің де үлкен және кіші түрлері бар. Олар да үлкен-кішілігіне қарай «тағдыр заңымен» жүреді немесе оған наразылық білдіреді.
«Тағдыр заңының» қажеттілігі туралы ойларына қарамастан Сенека адамдарды ізгілікке, жақсы істерге ұмтылуға және даналық пен білімді үйренугс шақырады. Ол адамдарды, «алдымен ізгі ниеттерді, ал одан соң даналықты үйрен, өйткені, алғаш-қысысыз соңғысына үйрену қиын. Ерлік дегеніміз — үрейді жирене жек көру. Ол бізгс төнген қауіп-қателерді мазақ етеді, оларды шайқасқа шақырып, күйретеді деп, үнемі ізденіс пен талпынысқа шақырады.
Сенека «ұят» ұғымын моральдың негізгі ұғымы — адамдардың іс-әрекетінің үйлестірушісі ретінде қарайды. Оның айтуынша «ұяттылық кейде заңдар шектемеген нөрсені де шектейді».
Адамдар жеке басының мүддесі үшін ғана емес, басқалар үшін де, қоғам мен мемлекет үшін де өмір сүруі тиіс. Бұл қағида туралы Сенека «өзі туралы ғана ойлап, барлық нәрседен өз пайдасын іздейтін адам бақытты бола алмайды. Өзің үшін омір сүргің келсе, өзгелер үшін де өмір сүр» деген тұжырым жасайды. Сенеканы озінің диктатор шәкірті Нерон билікке қастандық жасады деген айыппен өзін-озі өлтіруді бұйырды. Билік тәртібіне адалдық танытқан ойшыл-ұстаз шәкіртінің бұйрығын озінің тамырын қию арқылы орындайды.
Осындай идеяларды басқа рим стоиктері философ Эпиктет пен император Марк Аврелий Антонин одан орі жалғастырды. Шыққан тегі жағынан құл болған Эпиктет Кіші Азиядағы Фригинде дүниеге келеді. Кейіннен император Неронның оққағарларының бірі ретінде Римге келген ол көп ұзамай еркіндікке босатылады. Император Домицион 94 жылы Римнен барлық философтарды қуғаннан кейін Балкандағы Никополь қаласына тұрақтап, онда өзінің философиялық мектебін ашады. Эпиктет ешнәрсе жазған емес, ол өзінің ілімін ауызша жүргізген. Оның философиялық жене саяси-құқықтық ойлары шөқірті Флавий Аррионның жазып қалдыруымен ғана бізге дейін жетті. Аррион өзінің үстазының ілімін «Эпиктетке сүйену», «Эпиктеттің әңгімелері», «Эпиктеттің ойлары» деген кітаптары түріңде қалдырды.
Эпиктеттің философиялық көзқарасына рим стоиктерінің бірі философ Мусоня Руфтың сабағы үлкен әсер етті. Ол кезде Римнің зиялы адамдарының арасында стоицизм іліміне еліктеу жоне үйрену сәнге айналған еді. Эпиктетгің қайыршылық өмірі де оның өзінің жүргізген іліміне сәйкес келді.
Адамның ақыл-ойы мен адамгершілігін жан-жақты жетілдіруді және оған міндетті түрде сүйенуді уағыздаған Эпиктет байлық пен құлдықты терең сынға алды. Аристотельдің «Өзіңе ұнамағанды басқага істеме» деген қанатты сөзін серік еткен ол «құл болу өзіңе ұнамаса, басқаны құлға айналдырма. Егер құлдың қызметінсіз ешнәрсе істей алмасаң, онда ең алдымен өзіңді қүл есебіне жатқыз» деген тұжырым жасайды.
Философияны этикаға жақындатқан стоицизм тенденциясы Эпиктетте анық байқалады. Этика бойынша Эпиқтет адамның құдайдың өмірі мен тағдырға бағыну туралы қағиданы қорғайды. Және де біздің еркіміздегі заттар мен біздің еркімізден тыс заттарды айыра білу керектігін айтады: «Біздің еркімізге біздің ойымыз, қажетсінуіміз, мақсатқа ұмтылуымыз және бейіміміз, яғни біздің барлық әрекетіміз жатады, ал біздің еркімізден тыс нәрселерге денеміз, мүлкіміз, атақ-даңқымыз, яғни біздің әрекетемізге көнбейтін нәрселер жатады».
«Табиғаттан берілген біздің еркіндігіміз бен бостандығымызга ешнәрсе дс кедергі келтірмеуі тиіс, ал біздің еркімізден тыс нәрселерден кедергі көп, оны басқалар бізден алып та қоюы мүмкін» деп есептейді Эпиктет. Оның бұл пікірінен адам бостандығы ұғымы көрініс табады. Бірақ Эпиктет бойынша бостандық шыдамдылық пен төзімділікті және өзін-өзі шектей білуді қажет етеді. Ол өзінің бұл ойын былайша қорытындылайды: «адамның өзінің ақшасынан, үй-жайынан, қора-қопсысынан айрылуы өкінішті емес, өйткені, бүның бәрі адамға тиесілі емес. Ал адам озінің шынайы меншігі — өзінің қадір-қасиетін жоғалтса, бұл енді өкінішті-ақ».
Марк Аврелий Антонин (121—180 жж.) рим стоицизмінің көрнекті өкілдерінің бірі. Ол Антонин Пиидің мұрагері болатын. Антонин Пии принципаты кезін (136—161 жж.) Рим, ал одан кейін Еуропа тарихшылары «алтын ғасыр» деп атады. Антонин Пий өлгеннен кейін (161 жылы) оның мұрагерлері өзінің асырап алған ұлдары Марк Аврелий мен Луций Вер болады. Луций Вер қайтыс болғанға дсйіи олар империяны бірлесіп басқарады. Бірақ іс жүзінде империяны бұлардың үлкені Марк Аврелий биледі (161—180 жж.) Ол үлкен империяны билеп қана қойған жоқ, «Өзіммен өзім оңаша» деп аталатын стоицизмдік философиялық трактат та жазады. Бірақ оның бұл шығармасы басуға арналмаған, өзінің оңаша ойларынан туған жазбалар болатын. Ол өзімен-өзі сырласу арқылы қоршаған орта мен әлемді тануға тырысады.
Ол барлық адамның заң алдындағы тендігі сақталған мемлекет туралы ойынша ол, патшалықтағы барлық адамдардың бостандығын аддыңгы қатарға қояды. «Өзіммен өзім оңаша» шығармасында ол, адамдар рухани бастауы жонінен саналы тіршілік иелері, солай болғандықтан не істеу керек немесе не істемеу керектігі де жалпыға бірдей болады, солай болғандықтан заң да бәрімізге жалпы, заң жалпы болғандықтан да біз бәріміз тең еркін азаматтармыз»,— деп жазады.
Өзінің бұрынғы жоне сол кездегі өміріне баға бере келіп, Марк Аврелий әлем мен өмір бірқалыпты, ол жаңадан ешнәрсе де бермейді, өткендер ғана қайталанады деген тұжырым жасайды. Адамдар өмірге келеді, еңбек етеді, үйленеді, дүниеге ұрпақ әкеледі, бір-бірімен соғысады, татуласады, бұның бәрі өткен уақыттарда болған, қазір де болып жатыр, алдагы уақытта да бұл жагдай Қайталанады. Пессимистік сарында айтылган оның бұл ойлары өзі өмір сүрген, империяның дағдарысқа ұшырауы мен бүліншілікке тап болған кезендегі көңіл-күйін білдіретін еді. Антонин өзінің пессимистік ойларына адамдардың белгілі бір мақсат жолындағы күресі жоне тағдырға көнбеу туралы ойларын қарсы қояды. Тағдыр бергсн қиыншылықтарға қарамастан адамдар өздерінің адамгершілік қасиетін сақтауға, жаман әдеттерден қашық болуға, адамдық парызын орындауға тиіс деп санайды. «Адам қаңдай болу керек деп бір-бірімізбен даурыққанымызша, адам болуымыз керек. Өйткені жаман әрекеттер адамның өз табиғатын жоюға итермелесе, жақсы, мақсатты іс-әрекеттер ғана адамды басқа күш алдында бас имеуге, өзімен-өзі болуға бастайды. Адамдардың жалпыға пайдалы әрекеті жалпы игілік болып табылады».
Грек және рим стоиктерінің индивидуализм және табиғи — құқықтық қағидалары рим заңгерлерінің көзқарастарына да ықпалын тигізді. Олардың аталған қағидаларын рим заңгерлері адамның ажырамас құқықтары туралы ойларында одан ері дамытты.
Рим заңгерлерінің тек құқықтану саласында ғана емес, бүкіл әлемдік өркениетке қосқан үлесі айрықша. Олар құқықтануды алғаш рет жеке ғылым ретінде қарастырды. Құқықтанудың жеке ғылым ретінде қалыптасуының өзіндік алгышарттары да болды. Оның сң бастысы ежелгі грек және рим мәдениетінің қарқынды дамуы еді. Рим империясы көрші мемлекеттерді өздеріне бағындырып қана қойған жоқ, олардың құқықтық тәжірибесін, сот практикасын, саяси істегі құжаттарын Рим тарихына бсйімдеп, озіне тән срекше құқық жүйесін құрды. Рим құқығы үнемі жетілдірілуде болды. Қазіргі құқықтануды терең түсіну үшін Рим құқығының тарихи дамуымен, оның ерекшеліктерімен, белгілерімен және сол кездегі құқықтық терминдер мен түсінікгермен де жақсы таныс болу керек.
Ежелгі Римде құқықпен айналысу алғашқы кезде абыздар алқасының бірі понтификтердің ісі болды. Жыл сайын понтификтердің бірі жеке адамдарға алқаның құқық мәселелері жөніндегі позициясын хабарлап отырды. Б.з.д. 300 жылдар шамасында қүқықтану поитификтерден бөлініи шығады. Құқықтанудың басталуы сол кездегі деректер бойынша Гней Флавияньщ атымен байланыстырылады.
Б.з.д. 253 жылы плебейлерден шыққан алғашқы жоғары понтифик Тиберий Корунканий өзінің шәкірттерімен бірге заң мәселелеріне тадцау жасап, құқықтанудың бұқаралық оқуын бастады.
Б.з.д. II ғасырдың ортасында құқықтанудың, әсіресе азаматтық құқықтың дамуына М. Манилий, П. Муций Сцевола, М. Юний Брут едәуір үлес қосты. Претор эдиктысына алғаш рет Сервий Сульпиций Руф түсініктеме берді. Оның шәкірті А. Офилий азаматтық құқық жөніндегі көптеген кітаптардың авторы болды. Офилийдің шәкірті К. Элий Туберон жеке жоне бұқаралық құқық туралы жазды.
Рим заңгерлерінің қызметі мынадай құқықтық мәселелерді шешуге көмектесті: 1) respondere — жеке адамдардың құқық мәселелері жоніндегі сұрақтарына жауап беру, 2) cavere — келісімдер мен мәмілелер (шарттар) жасауға көмектесу және формулаларды хабарлау, 3) аgеrе — сот ісіне көмектесу.
Римдік құқық өзінің гүлденген кезеңіне республиканың соңғы кезеңі мен империяның алғашқы екі жарым ғасырында жетті. Империяның алғашқы кезеңінен бастап-ақ императорлар құқықтану беделіне сүйенуге және оны өз мүдделеріне бағындыруға тырысты. Осы мақсат үшін Августиннің билік ету кезеңінен бастап атақты заңгерлер император атынан жауап беруге арнайы құқықтар адцы. Бұл кезде тек заң қызметкерлері гана емес, бүкіл құқық беделге ие болды. Қоғамның құқыққа деген осындай көзқарасы құқықтың үстем және оділ болуына комектесті.
Заңдар меи құқықтық нормалар көп өзгеріскс ұшырамады. Римдіктер құқық нормасын бұзуға, өзгертуге немесе жоюга асықпады. Құқықтық нормалар тек ешкім қолданбаған жағдайда ғана жойылу керек деген принцип үстем болды. Заң шығару жұмысы қүрметті де қиын жұмыс ретінде бағаланып, оның авторлары халық арасында үлкен беделге ие болды. Осы кезде құқықпен айналысқан заңгерлердің үлкен тобы пайда болды. Олардың есімдері мен еңбектері қазіргі күнге дейін жетті.
Классикалық дәуірдегі көптеген атақты заңгерлерден Гайды (II г.), Папинианды (И—III г.ғ.), Павелді (II—III г.г.), Ульпианды (II—III г.г.) және Модестинді (II—III г.ғ.) атауға болады.
Император Юстинианның кезіңде рим құқығын бір жүйеге келтіру — кодификациялау жүргізілді. Кодификациялау рим құқығының құлдырауымен тұспа-тұс келген еді. Бұл кезде рим құқығы бұрынғыдай қарқынды дамымады. Сондықтан да қүқықтық нормаларда оның санынан гөрі сапасына көшу үрдіс алды. Азаматтық құқық жинақталган Юстиниан кодификациясы «Корпус юрис цивилис» деп аталды. Бұл кодификацияга ең алдымсн Гайдың институциялары кірді. Гай институңиялары қүқықтық бастауыш оқуға арналған рим құқығының негізін құрады. Мұнда сонымен біргс Ульпианның, Флорентиннің және Марңианның еңбектері де енгізілді. Институциялар төрт кітапқа, кітаптар титулға, титулдар параграфқа бөлінді. Кодификациялау сонымен бірге дигестерлерді (немесе пандектылар) де қамтыды. Бұл бөлімде б.з,д. I ғасырдан б.з. IV ғасырына дейінгі 38 заңгердің еңбектерінен үзінділер алынды. Бүкіл дигестының процентін ұлы бес заңгердің еңбектері құрайды. Дигестыларда барлыгы 1570 кітаптан үзінділер келтірілді. Кодификацияның үшінші бөлімі Юстиниан кодексі деп аталды. Бұған рим императорлары шығарған ресми жарлықтарымен бірге Юстинианның өзінің де 50 жарлығы енгізілді.
Кодификациялаудың барлық жұмысын және дигестыларды құрастыруды VI гасырдағы танымал рим заңгері Трибониан басқарды. Рим заңгерлерінің қызметі ең алдымен құқықтық тәжірибенің қажетін өтеугс және сол кездсгі заңдарды қоғамның даму ерекшелігі мен өзгерісіне қарай бейімдеуге бағытталды. Олар сонымен бірге түсініктемелер мен нақты істерге берген жауаптарында, кәсіптік оқулықтарында көптеген жалпы теориялық қағидалар мен ережелерге таңдаулар жасады. Бірақ олар жалпы құқықтық принциптер мен анықтамаларды айқындауда нақты құқықтық мәселелерді талдауға көбірек қөңіл бөдді. Олар кез-келген құқықтық норманы анықтауға асықпады. Өйткені асығыс қадам жасауға жол берілмейтін I—II ғасырларда заңгерлердің ережесіне айналған «кез-келген анықтама қауіпті» қағидасы да осы кезден қалған. Бұл туралы белгілі рим заңгері Яволен «Цивильдіқ құқықта кез-келген нәрсеге анықтама берудің соңы насырға шаптырады, ойтқені оларды жоққа шығаратын жағдайлар аз қездеспейді», — деді.
Ежелгі римдік құқықтық ойдың ерте сатысында діни ұғымдардың үстемдігіне сойқес құқық қүдайдың берген сыйы ретінде түсіндіріледі және Газ терминімен белгіленді. Ал «jus» деп аталған құқықта табиғи құқықтар мен құқықтық ілімнің одан кейінгі даму тарихындағы құқықтану, әдет-ғұрып құқығы, зандар, магистраттардың эдиктері, сенаттың шешімдері, заңгерлер түсіндірмелері, принцепстің жарлықтары, императорлардың конституциялары қамтылды.
Ульпиан бүкіл құқықты бүқаралық және жеке құқық деп бөлді. Өз кезегінде жеке құқықтың өзі үш бөлінсе табиғи, халықтық және цивильдік болып бөлінді. Ульпиан халықтар құқығын табиғи құқықтың құрамды бір бөлігі ретінде қарастырады. Өйткені олардың арасындағы айырмашылық бұлардың моні, қасиеті және сапасына қарай емес, оның врекет ету астарынан іздестіріледі. Ульпианның айтуы бойынша, табиғат бүкіл тіршілік иелеріне табиғи құқық берген. Ер мен әйелдің жақындасуы, одан баланың тууы, оған төрбие беру тек адамдар ғана емес, басқа да тіршілік иелеріне төн қасиет.
Ульпианның бұл ойын заңгср Гай да жалгастырды. «Зандар мен әдет-ғұрыптар арқылы басқарылатын барлық халықтар,— деп жазды ол, барлық адамға ортақ өздерінің жсқе құқықтарын пайдаланады. Халықтар құқығы жалпы құқықтар ретінде дс, өзінің негізі мен мөні бойыниіа, табиғи құқықтар болып табылады. Өйткені бұл құқықтары бүкіл адамдар арасына табиғи сана орнықтырады, барлық адамдарға бірдей қолданылады, қорғалады және жалпы халықтық құқық болып саналады».
Құқыққа тән оның қасиеттері, және оның құрамды бөліктерінің өзара байланысы мен бірлігі туралы заңгер Павел бірқатар құнды пікірлер айтты. Оның құқықтың бірыңғай сипаты туралы түсіндірмелеріндс құқықтың түрлі бөліктеріне қарағанда олардың әртүрлі озара байланысының мағыналық аспектілері сез болады. «Құқық» созі, — деп түсіңдірді ол,- бірнеше мағынада қолданылады, біріншіден, «құқық», табиғи құқық ретінде, әрқашан да әділетті және қайырымды дегенді білдіреді, ал басқа мағынада «құқық» белгілі бір мемлекетке тұтас бәріне немесе оның бір бөлігіне ғана пайдалы болып саналады». Дегенмен де біздің мемлекетте дүрыс «құқық» ретінде преторлық құқықты jus honorarium) атаймыз.
«Құқықты оқып үйрену үшін,— деп атап көрсетті Ульпиан,— ең алдымен jus (құқық) сөзінің қайдан шыққанын білу керек, ол justitia (шындық, әділдік) сөзінен шыққан. Цельстің берген тамаша анықтамасында құқық дегеніміз art (өнер), boni (қайырым) және aegni (теңдік және әділдік).
Шындық пен әділдік (justitua), Ульпианның піқірінше, әркімге өз құқығын тұрақты және үздіксіз беру болып табылады. Құқық әділдігі туралы осындай жалпы түсініктен Ульпиан «адал өмір сүру, басқаға зиян келтірмеу, әркімге өзінің қажеттігін алуға мүмкіндік беру» деген қорытынды жасайды.
Рим заңгерлерінің еңбектерінде заң туралы түсініктемесі едәуір орын алады. Мысалы, Папиниан заңға мынадай анықтама береді. «Заң дегеніміз — ақылды адамдардың ұйғарымы мен шешімі, әдейі иемесе абайсызда жасалатын қылмысты ауыздықтауы, мемлекеттің жалпы қорғаны» Қарапайым тілмен айтқаңда, келтірілген заң анықтамасында оның жалпы құндылығы, ақылға қонымдылығы, әлеуметтілігі, жалпы мемлекеттік сипаты (занды мемлекеттің қорғауы және орындау міндеттілігі мағынасында) белгілері келтірілген.
Тағы бір рим заңгері Марциан заң сипатына анықтама беруде гректің ұлы ойшыл-шешені Демосфеннің сөзін келтіреді. Оның айтуынша «заң дегеніміз — барлық адамның өртүрлі күштер жағдайында бағынышты болуы, яғни, кез-келген заңның адам ойының (ойлап табуы), құдайдың сыйы, ақылды адамдардың шешімі болып жеңіс табылатындығында». Ал заңгер Модестин заңның күшін оның «бұйыру, тиым салу, жазалау» қасиеттерінде деп есептейді.
Рим құқықтық ойының маңызды табыстарының бір құқықты бұқаралық (көпшілік) және жеке құқыққа бөлуі болып табылады. Олар бұқаралық (кепшілік) құқық саласында шіркеу иелері мен абыздардың құқықтық жағдайы, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өкілеттілігі, азаматтық және басқа да мемлекеттік-азаматтық институттар ұғымына талдау жасады.
Республикадан монархияға ету кезінде рим заңгерлері цезаризм режимін құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге және императорлардың заң шығарушы билікке ұмтылуын негіздеуге едәуір күш салды. Мысалы, Гай императорлар жарлықтарының зандық қүшін қорғады. Ульпиан бойынша да императорлардың актілері заң болып табылды. Оның «принцепс заңды орындаудан босатылады», «принцепске не қажет болса, соның заңдық күші бар» деген сөздері осының айқын дәлелі бола алады. Көптеген заңгерлер императорлардың сенімді, кеңесшілері де болды және мемлекеттегі жоғары лауазымды қызметтерді атқарды. Бірақ, олардың кейбірі билік күшінің құрбандарына айналды. Мысалы, Ульпиан преторий префектісі қызметінде преториандықтардың бейбастығы мен зорлық-зомбылығына қарсы күресінде бірнеше қастаңдықтардан кейін император Александр Севердің бұйрығымен өлтіріледі. Преторий префектісі болған Папиниан да 212 жылы өлімге бұйырылады.