№ | Әдіс-тәсілдердің түрлері | Мағынасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Іскерлік ойын | Кәсіби немесе өзге іс-әрекетті ұсынылған ережелер бойынша ойын түрінде модельдейтін жағдайды қалыптастыру әдісі. |
2 | Драмалау | Сабақтардағы оқу материалының мазмұнын рөлдер бойынша көрсету, ойластыру. Тірі кейіпкерлермен қатар, жаны жоқ заттар мен білімдердің кез келген саласындағы феномендерді де рөл арқылы көрсетуге болады. |
3 | «Пікірталас» | Топтың әрбір мүшесінің көзқарасы мен ұстанымын анықтауға мүмкіндік беретін қайсібір мәселені бірігіп талқылау. |
4 | «Ойын», «Жаттығу» | Оқу материалының студенттердің дербес тәжірибесіне проекциялануы. Ойын мен жаттығулардың негізінде болашақ мамандар әлеуметтік маңызы бар біліктіліктер мен өмірлік дағдыларды меңгеру мүмкіндігіне ие болады. |
5 | Инверсия | Сөздердің, заттардың, құбылыстардың ретін бұзып, одардың орнын ауыстыру; дәлелденген тезиске қарама-қарсы нұсқасын дәлелдеу. Аталмыш әдісті бақылау сұрақтарының әдісі деп те атайды (мысалы, керісінше қалай болады? Жағдайды өзгертсек қалай болады?-типіндегі сұрақтар). |
6 | «Шаттық шеңбері» | Әдетте сабақтың бастапқы кезеңінде қолданылатын әдістемелік амал. Педагог студенттермен барлығының бір-бірімен еркін қарым-қатынасын қамтамасыз ететін шеңбер құрады. «Қуаныш шеңберінде» тікелей сабақтың тақырыбына байланысты әртүрлі сәлемдесу рәсімдерін қолдануға болады. «Қуаныш шеңберінің» педагогикалық мәні әрбір студенттің әлемге деген ашықтығы мен сенімділігін сезінуімен анықталады. «Өзін-өзі тану» сабақтарының аталмыш компоненті студенттер тобында жағымды ахуал мен шығармашылық ортаны қалыптастыруға, әлеуметтік дағдыларды дамытуға қажет. |
7 | «Жүректен жүрекке» | Әр студенттің эмоциялы күйін, соның негізінде олардың сабақтың тақырыбын түсінгендіктерінің дәрежесін анықтауға, бір-бірінің әсерімен бөлісіп, тілек білдіруді болжайтын сабақты қорытындылайтын әдістемелік амал. |
8
|
Дәріс—әңгіме
|
Педагогтың нақты тақырып бойынша берген біршама түсінігінен кейін студенттердің сұрақтар қою арқылы тақырып мазмұнының мәнін ашып, сабаққа белсенді қатыса алатын дәріс берудің жаңашыл түрі болып табылады. Әр студент өз пікірін, өзінің тақырыпқа қатысты қатынасын білдіріп, толғандырған сұрақтарын қоя алады. Педагог студенттердің ойлану қабілеттерін дамытуға ықпал етіп, оларды қарастырылған мәселелер турасында өз пікірін білдіруге ынталандырады. |
9 | Нақты жағдайларды талдау әдісі | Кейс-әдісінің (ағылшынша «сазе» жағдай) әрқилы атауларының бірі. Күнделікті өмірден, кәсіби тәжірибеден алынған жағдаяттарды талдауға негізделген оқытудың пікірталас түріндегі әдістердің бірінен саналады. |
10 | Миға шабуыл | Күрделі мәселенің шешіміне бірігіп қол жеткізу арқылы ой үдерісін белсендіру әдісі (американдық психолог А. Осборн ұсынған). |
11 | «Өзіңмен-өзің оңшада» | Аталмыш әдіс студенттің өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, құлақ салуына мүмкіндік береді. Ол жағымды ой бейнелерінің, эмоциялардың, сезімдердің, кері байланыс қабілетінің дамуына ынталандырады. Эмоциялы ықпалды сәйкес аудио тізбегін (классикалық әуенді тыңдау және т.б.) қолдану арқылы күшейтуге болады. |
12 | «Педагогтың жалпылауы» | Педагог зерттелінген материалдың едәуір маңызды екпіндерін белгілейтін сабақты қорытындылау тәсілдерінің бірі болып табылады. |
13 | «Бейне материалдарды көру» | Оқытуда студенттердің кино өнерінің эмоциялы айқындылығының негізінде адам өмірінің және кәсіби іс-әрекеттің адами аспектілері туралы түсініктерін күшейтетін ашық көркем бейнелерді қолдануға мүмкіндік беретін әдістемелік амал. |
14 | Ұсынлған тақырып бойынша ой толғау | Студенттерге адамзаттың көрнекті ойшылдарының даналық, нақыл сөздеріне түсінік беру ұсынылатын «Өзін-өзі тану» пәнінің элементі. Студенттер өздеріне маңызды болып табылатын ақиқаттардың ізденісіне еніп, мағыналы өмірлік мәселелер бойынша өз сезімдерімен, көзқарастарымен бөліседі. |
15 | «Рефлексия» | Студенттердің ақиқаттың болашақтағы ізденістеріне, тануға және өзін-өзі тануға ынталандыратын сабақтың барысы мен нәтижелілігін талқылауы. |
16 | Синектика | Ұқсастықтардан құралған, әртекті элементтерді біріктіру әдісі, қатысушылардың теңеу арқылы ойлану, интуитивті-бейнелік ойлауын мақсатты қолдануға негізделген ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттің және оқу үдерісіндегі зерттеу әдісі. |
17 | Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ) | Адамдардың топтық өзара әрекеттестігінде модельденетін өмірлік тәжірибеге ие болу арқылы белсенді оқыту ретінде анықтауға болады. |
18 | «Шығармашылық іс-әрекет» | Студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етуші «Өзін-өзі тану» сабақтарының маңызды құраушысы. Дәптерде эссе, шығарма жазу, тестілеу және т.б. сияқты дербес және ұжымдық іс-әрекеттің әрқилы түрлерінің орындалуын болжайды. |
19 | Сахналау | Ерекше көркем белгілерді қолдану арқылы қатысушылардың сабақтан тыс уақытта оқу материалы бойынша әрқилы жанрларды сахналауы. |
20 | «Даналылық сабағы» | Танымал философтар мен ойшылдардың, белгілі ғалымдардың, жазушылар мен ақындардың нақыл сөздерінің кең ауқымын жинақталған хрестоматиядағы материалмен жұмыс. |
Бас бет Өзін-өзі тану негіздері «Өзін-өзі тану» сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдердің сипаттамасы