Психологияның құрылысы және зерттеу әдістері


Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарға пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалап қолданатынын жете түсінуге болады. Әртүрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным білімдерінің даму деңгейі мен сараптау схемасынан келіп, шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму тарихында бірде бір білім саласы ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология сияқты жиі өзгертіп тұрған емес. Қазіргі күнде академик Б.М.Кедров ұсынған сарап әдісі қабылданған. Бұл әдіс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай  көп тарапты байланыстарға негізделген. Ұсынылған схема шындарына жаратылыстану, әлеуметтік және философиялық ғылымдар қонақтаған- үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған міндеттерге орай психология өз бағытын бұрыш шыңдарының біріне бұрып отырады.

Психологияның жалпы ғылым білімдер жүйесіндегі қызметі – зерттеу обьекті- адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп байланыстыру.

Психологияның аталған ғылымдық 3 бұрышымен байланысының мазмұндық сипаты қандай?

Психологияның негізгі міндеті Психологиялық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы обьектив дүниенің адам шыңында қалай бейнелейтіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психологиялық қызметтің дамуы мен жеке адамның қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады. Психологияның обьектив шындық бейнесі екені белгілі, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың, адамның обьектив өмір шарттары мен қызметіне тәуелділігін тануға бағытталуы тиіс. Сонымен бірге, адамдардың әрқандай іс-әрекеті барлық уақытта адам өмірінің обьектив жағдайларымен байланысып қалмастан оның субьектив мезеттерімен де қатынаста болады.

Ғылыми психология барша психикалық құбылыстың (қанша күрделі болмасын) материалдық негізі бас миы қыртысындағы арқа сүйей отырып, субьектив және обьектив жағдайлардың өзара ықпалды болатынын шынайы заңдылықты дәлелдеуге негіздеп бере алады. Осы байланыстардың түзілуі және олардың қызметтес болуынан психикалық құбылыстар адам іс-әрекетіне ықпал жасап, оны реттеп, бағыттайды, шындықты санада бейнелеуде адамға өз әсерін тигізеді.

Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің обьектив жағдайларына тәуелді заңдылықтарын аша отырып, психология осы әсерлердің мидағы бейнелену механизмдерін де айқындайды. Осыған орай психология физиологиямен дәлірек айтсақ, жоғары жүйке қызметі физиологиясымен бірге өте жақын байланыста болуы сөзсіз.

Психологияның дербес ғылымға айналуында оның ХІХ ғ. басталған жаратылыстану ғылымдарымен бірлікте зерттелуі үлкен маңызға ие болады. Осы байланыс нәтижесінде психологияға экспериментальдық әдіс енді ( Г.Фехнер), рефлекторлық теория ашылды. Қазіргі заман психология проблемаларының зерттелуі Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясына да үлкен ықпалын тигізіп, тіршілік иелерінің құбылмалы орта жағдайларына икемделудегі психиканың ролін анықтауға жоғары психпкалық әрекет формаларының қарапайым түрленден туындайтынын түсінуге мүмкіндік берді.

Психолог жеткілікті дәрежеде өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі ерекшеліктері айыра білуі қажет, әсіресе , біртекті сулы ортада жасаған бір жасушалылардың клеткалы өмір тұрпатынан қоршаған ортада белсенді бағдар-бағыттылықты талап ететін құрлықтағы тіршілік иесі көк жасушалылардың күрделі өмір формасына өтудегі өзгерістерін анықтап білген жөн. Жәндіктер дүниесі мен жоғары омыртқалылардың тіршілік принциптері арасындағы айырмашылықтарды да білгеннің маңызы үлкен. Икемдеудің жалпы биологиялық прициптерін білмей, жануарлар қылық — әрекеттерінің ерекше бітістерін дәл түсіну мүмкін емес, ал онсыз адамдардың күрделі формадағы психикалық әрекеттерін биологиялық тұғырына айырылады. Сонымен бірге естен шығармайтын жайт психология ғылымының пәндік негізін құрайтын деректерді ешуақытта биологиялық деректермен байланыстыруға болмайды.

Психология үшін оның қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану, заң және т.б. зерттеулеріндегі проблемалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың және ұжымдық әрекеттерінің механизмі, әрекеті, әдет, әлеуметтік бағыт, тәртіп-талап, стереотиптерінің қалыптасу заңдылықтары жөніндегі білімдерді пайдаланбай, кәйіп, сезім, психололгиялық климатты танып білмей, жеке адамның ерекшеліктерімен психологиялық қасиеттерін, қабілетін сезімін, мінезін, адамаралық қатынастарын зерттемей, әлеуметтік процестер мен құбылыстардың мәні толық ашылмайды, яғни ықшамдап айтсақ, әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық факторды ескеру заңды қажеттілік. Психологиялық факторлар өздігінен әлеуметтік процестерді бағыттай алмайды, керісінше олардың өзін осы қоғамдық процестерді талдау арқылы түсіну мүмкін. Адамның психологиялық іс-әрекетінің негізгі формалары қоғамдық тарих шарттарына орай туындап, дәстүрлі обьектив іс-әрекет жағдаййында өрісін тауып, еңбекке еңбек құралы мен тілді қолдануға байланысты қалыптасады. Келтірілген пікірлер психологияның қоғамдық ғылымдармен болған байланысының маңыздылығын дәлелдеп тұр. Егер жануар қылық — әрекетінің қалыптасуы тіршіліктің биологиялық жағдайларына түбегейлі тәуелді болса, адам қылығының қалыптасуы қоғамдық тарих шарттарымен ажырамас байланыста. Ең алдымен психолгиялық әрекет-қылықтың адамға тән ерекшелігін зерттейтін психоллогия ғылыми қоғамның негізгі заңдарын қорытушы әлеуметтік ғылымдар деректерінсіз бір қадам да ілгерілей алмайды. Адамның психикалық әрекетіне арқау болатын қоғамдық шарттарды зейінділікпен көре білу психологияның берік ғылыми тұрғыға орнығуына мүмкіндік береді.

Психологияның педагогикамен байланысына аса көңіл аударған жөн. Әлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан ба белгілі, кезінде К.Д.Ушинский : «Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты зерттеу қажет», — деген еді.Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрініп тұр. Егер педагогика психологиялық құбылыстың табиғаты жөніндегі білімдерге сүйенбесе, онда ол қара дүрсін педагогикалық кеңестер мен көрсетпелер жиынтығына айналып, шын мәнінде ғылым болудан қалып, мұғалімге ешқандай жәрдем бере алмайды. Педагогиканың барша салаларының ( жалпы теория, дидиактика, пән әдістемесі, тәрбие теориясы) даму барысында психологиялық зерттеулерді қажет ететін проблемалар туындап отырады. Психологиялық процес жүру заңдылықтарына; білім, ептілік және дағдылардың қалыптасуын; адам қабілеті мен мотивтерін, оның психикалық дамуын тұтастай білу оқудың әр сатысындағы білім мазмұнын анықтау, оқу мен тәрбиенің ең тиімді әдістерін нақтылау және т.б. сияқты өзекті педагогикалық проблемаларды шешуде келелі мағына- маңызға ие.

Психологияның аса қажеттігі педагогиканың тәрбие проблемасына орай байқалады. Тәрбиенің мақсаты даму жолындағы қоғам талаптарына сай жеке адамды қалыптастыру, ал бұл мақсатқа жету жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын: бағыт-бағдар, қабілет, дүние таным, қажеттілік т.б. зерттеуді қажет етеді. Айтылғандар қазіргі заман психологиясының ғылымдар тоғысында тұрғанының дәлелі. Яғни, психология бір жағында философия ғылымдары, екінші тарапында жаратылыстану ғылымдары , үшінші жағында әлеуметтік ғылымдар болған аралықта орналасқан.

Солай болса да, барша ғылымдармен байланыса, психология өз пәніне, өзінің теориялық принциптеріне және өзінің зерттеу әдістеріне иелігімен дербестенетінін ұмытпау керек. Дербес ғылым ретінде психология аймағында өзара байланысты сырт көзге байқала бермейтін біршама ерекше білім салалары ұштасып жатады, мысалы, психофизиология мен әлеуметтік психология. Бұлар «сырттай қарағанға» сыйыспайтындай болғанымен, бір ғылым саласынан, себебі олардың түпкі де түбегейлі міндеті бір – психикалық құбылыстың мәнін зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу обьектісі жалғыз: ол – адам, оның психикалық процестері.

Психологияның принциптері.

С.Бап-Баба.

1923 жылы бірінші Психоневрологиялық сьезд шақырылып, онда психологияның міндеті қабылданған болатын. Орыс, кеңес психология ғылымының бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар: Б.Г.Ананьев, П.П.Блонсктй, А.С.Выгодский, А.В.Запарожев, К.Н.Кормилев, А.Н.Леонтьев, А.Н.Мурия, С.Л.Кубинитейн, А.А.Смирнов, Б.М.Теплов және басқалар болды.

Психология ғылымының негізгі принциптері 30 жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерменизм принципі, сана мен іс-әрекет бірлігі принципі, даму принципі.

Детерминизм принципі бойынша әрқандай психикалық құбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен анықталада да, ал адам санасының дамуы — түпкілігінде қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарымен анықталады.

Психикалық құбылыстарды себеп- салдарлы негізде қарастырудан интерспектік әдіснама және оның зерттеу әдістері ғылым саласынан ығыстырыла бастады. Енді психика өзімен өзі тұйықталған құрылым емс, ол сыртқы әсерлердің себебінен пайда болған құбылыс, ал оның салдарлы мәні тысқы іс-әрекетте көрініс береді деген ұғым басым болды.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі . Сана мен іс-әрекет – жантану ғылымының өзекті категориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан А.С.Рубинштейн.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтындығын негіздейді. Мұндай көз қарастан сананы тану іс-әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді.

Даму принципі. Даму категориясы философия ғылымдарының түсініктер жүйесінде жетекші маңызға ие.

Даму принципі бойынша – психика мен сана, іс-әрекет негізінде дамиды.

Іс-әрекеттің 3 түрі белгілі. Олар:

  1. Ойын әрекеті
  2. Еңбек әрекеті.
  3. Оқу әрекеті.

Жантану салалары.

Қ.Жарықбаев.

Психология сан салалы ғылым. Қазір де оның 40 қа жуық саласы бар. Қай саласы болса да күнделікті өмірге қызмет етеді. Оларды тудырған – қоғамның нақтылы талап тілектері, техникалық- экономикалық прогрестің әсері. Осы тұрғыдан жантану ғылымы – педагогикалық, медициналық, әскери, еңбек, заң, инжинерлік, т.б. болып, бірнеше салаларға бөлінеді.

Педагогикалық психология – оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламсалар құрастыру – кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жолдары, жыныс тәрбиесі бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру) педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселенің бір тобы.

Медициналық психология — дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты оларды мінез құлқының түрлі көріністерін зерттейді. Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия, психотерапия, психопрофилактика, психомена дейтін салаларға бөлінеді.

Инженерлік психология – адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. Бұл соңғы кезде кең өріс алған ғылыми келешегі мол жантану салаларының бірі.

«Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді ұйымдастыру басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерін тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Инженерлік психологияның негізгі проблемасына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық моделдер мен басқару орындарын жрбалау, операторлардың хал күйін анықтау, техникалық эстетика мен эрганаликалық ЭВМ-нің алгаритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрекатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу, т.б. жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалы мәні зор.

Заң психологиясы – құқық жүйесін іске асыруға байланысты психологиялық мәселелерді қарастырады. Онда бірнеше салаларға жіктеледі: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологиясы және т.б.

Әскери психологиясы – адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін, қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық талаптары, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясының әдістерін және т.б. зерттейді.

Еңбек психологиясы – нақты іс-әрекет үстінде адам санасы қалайша дамып отыратындығын зерттейді.

Анаулы психология – кеміс балалардың түрлі жақтарын зерттейді.

Салыстырмалы психология – жануарлар психологиясымен адам ұқсастықтары мен айырмашылықьарын қарастырады. Салыстырмалы пстхологияға: зоопсихология және эталогия дейтін салалар кіреді.

Балалар психологиясы – қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Психологиялық ғылымның келесі бір топқа енуіне даму принципі басты негіз болады. Бұларға: мектепке дейінгі бала, жасөспірім, балаң, кемел, егде жастағылар психолгиясы жатады.

Әлеуметтік психология – қоғамның, ұжымның жеке адамдарға тигізетін ықпалын зерттеу ісімен айналысады.

Психологияның спорт, сот, космос, кітапхана, сауда, өнер, т.б. сияқты өмір салаларына байланысты да түрлері бар. Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология, т.б. ғылымдарының соңғы жаңалықтары психологияға кеңінен еніп, оның жан-жақты дамуына игілікті әсер етіп отыр. Мәселен, автомттық машиналар мен тірі организмдерді басқару мәселесін қарастыратын кибернетика ғылыми психикалық әрекеттің заңдылықтарын зерттеп, оның модельдерін қолдан жасап шығаруға мүмкіндік туғызады. Осының нәтижесінде адамның ақыл-ой құбылыстарын табиғаттағы түрлі құбылыстарымен салыстыра зерттеуге жағдай туды. Психология мен этиканың арасында да тығыз байланыс бар.

Этика – адамдардың мінез-құлық нормаларын адамгершілік принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Мораль мәселесінің кейбір жақтарында психология ғылымы қарастырады. Бірақ этикаға қарағанда психоллогияның зерттеу обектісінің көлемі ықшам. Психолгия – сана құбылыстарының пайда болу жолын , қалыптасу жағдайын зерттейді. Ал этика болса бүкіл адамгершілік қасиетке қатысты мәселелердің бәрін қарастырады.

Психология сондай-ақ жаратылыстану (биолгия, физиология , неврология, т.б.) педагогика, пән методикасы ғылымдарымен де тығыз байланысып жатады. Психология ғылымы нарық экономикасына көшу кезеңіндегі адамдардың көңіл-күй ерекшеліктерін, егемендік пен тәуелсіздіктің адам психикасына қалайша әсер етіп отырғандығы, ұлттық оқу-тәрбие процесінде болып жатқан түрлі жаңалықтарды психологиялық тұрғыдан зерттеу осы ғылымның басты міндеттері болып табылады.

Психологияның әдістері.

Т.Тәжібаев.

Әдіс дегеніміз – ілімді зерттеу жолы,  көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері , тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі.

Ғылым ең алдымен зерттеу ісі. Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пәнін оның анықтауымен шектелмей, әдістер аймағын тануда да қамтиды.

Әдістер дегеніміз ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері.

Әрбір әдіс ғылымды дамытып, алға алып баруға себепші болады. Психология ғылымының тарихында әрбір психолгиялық ағымдардың өздерінің көзқарастарына  лайықты зерттеу әдістері болды. Метофизикалық психолгия мен психологияның зерттейтін пәні «жан»болғандықтан, олардың бірден-бір әдісі құрғақ ойлану әдісі болды. Эмпирикалық психология жан, яғни сана құбылыстарымен шұғылданғандықтан өзін-өзі байқау әдісін, яғни өзіндік қана психологиялық толғауларды байқау, жаттау әдісін негізгі әдіс деп білді. Кейінгі кезде психологияның бұл ағымы эксперименттік әдісті қолданғанмен, оны қосымша әдіс деп тапты. Қылық психологиясы – психология ғылымын табиғи ғылым деп санап , табиғи ғылымдарда қамданатын сыртқы байқау әдісін психологияға көшірді.

Қазіргі заман ғылыми психологияда әдістердің келесі төрт тобы қолданымын табуда:

А) ұйымдастыру әдістері өз ішінде салыстыру әдісі , менгитнет әдісі, комплекстік әдіс депбелгіленеді.

  1. Ленгитнет әдісі – бір немесе бінеше адамды ұзақ жылдар бойы зертеу.
  2. Комплексті әдіс – жеке адамды жан-ақты зерттеу.

Б) Эмпирикалық әдіс – эмпиризм деген сөзден шыққан, тәжірибе деген мағынаны білдіреді. Бұл топқа енетіндер: байқау әдісі, эксперимент, тест, анкета, әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу әдістері.

  1. Байқау әдісі.
  2. Обьективті байқау әдісі деп, таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психологиялық әдістерін үйреншікті жағдайларда зерттеп және психологиялық әрекеттердің ағымы ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз. Бұл әдіс психология ғылымының негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдс бойынша зерттеу адам, зерттеушінің әрекеттеріне ешбір қатыспай , тек қана оның қылықтарын психикалық әрекеттерін сырттан байқап, жазып отрады.

Эксперимент әдісі.

Бұл әдіс бойынша зерттеуге керекті психикалық құбылыстарды түрлі аппараттарды , аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Экспериментті әдіс арқылы кейбір жеке психологиялық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады. Байқау әдістерін қатыстыра отырып бұл әдіс арқылы алынған материалдарлан жалғыз сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да қорытынды шығаруға болады.

Ресейдің белгілі психологы А.Ф.Мурскент (1874-1917) эксперименттік әдістің келешегін жою мақсатымен оған бірнеше қосымшалар енгізіп, оны табиғи эксперимент әдісі деп атаған.  

Қосалқы зерттеу әдістері

Әңгіме әдісі. әңгімені де зерттеу әдісі есебінде қолдануға болады, бірақ бқұл негізгі әдіс емес, қосымша әдістердің бірі. Әңгіме арқылы зерттелетін адам туралы кейбір жалпы мағлұматтарды ғана алуға болады. Бұл әдіс арқылы терең, толық зерттеу жүргізуге ешбір мүмкіншілік жоқ. Бірақ әңгіме ғылыми әдіс болу үшін , әрқайсысымен әңгіме жүргізуде оның алдына мақсат қойып, оның не үшін керектігін , ерте бастан жоспар құрып, әңгіме қай жолмен жүргізілетінін белгілеп алған жөн.

Анкета әдісі. Анкетаны қосымша әдістің бірі есебінде қолдануға болады; әдейілеп белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы зерттеуші адамдардың сұрағына әрекетін сипаттауда, кейбір психологиялық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейфбір фактілер материалдар жинауға болады.

Адамдардың қылығын психологиялық әрекеттерін тікелей зерреумен бірге, олардың жасаған материалдық игіліктері, артта қалдырған мұралары арқылы да зерттеуге болады.

Салыстырмалыгенетикалық зерттеу әдісіне бірнеше әдістер еніп отырады. Бұл психологияның әрекетінің өсіп даму жолдарын салыстыра зерттейді, ал салыстырма филогенеттіктің зерттеу жолы арқылы адамдардың жан дүниесін хайуанаттар психологиясымен салыстырып, олардың арасында қандай айымашылық бар екендігі адамның психологиясы қалайша адамның психологияға айнаоғаны зерттеліп отырылады.

Қосалқы әдістің қатарына сонымен қатар антогенетикалық зерттеу әдісін де жатқызуға болады. Бұл әдіс арқылы адам баласында туысының қандай психологиялық әрекеттердің пайда болатыны, олардың адамның дамуымен бірге қалайша өсіп, дамып отырғаны зерттеледі.

Салыстырма – тарих зерттеу әдісінде қоғамдық экономикалық формалардың өзгеруі мен бірге адамның салт-санасы да өзгеріп, дамып отырады.

Жеке монографиялық зерттеу әдісі.

Жеке монографиялық зерттеу әдісі бйынша кейбір психологиялық функциялар өз алдына жан-жағынан толық түрде алынып, зерттелінеді.

Алынған мәліметтерді өңдеу тәсілі – сандық және сапалық жағынан анализдеу.

Талдау – түсіндіру әдістері. Бұған аутотренинг, топ тренинг, психометриялық ықпал ету әдісі, оқу, үйрету әдісі жатады.

  1. Жеке дамуды жан-жақты зерттеу әдісі. (Комплексті)
  2. Психология принциптерінің бірі. (детермимистік)
  3. Оқу тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін психологияның қай саласы зерттейді? (Педагогикалық)
  4. Салыстыру психологиясының түрі.( Зоопсихология)
  5. Нақтылы іс-әрекетке байланысты психологияның мынандай салалары бар. (Спорт)
  6. Социометрия әдісі қай әдіске жатады? (Эмпирикалық)
  7. Социометрия әдісінің негізін салған Американ социологы. (Джон Марено)
  8. Бір немесе бірнеше адамды ұзақ жылдар бойы зерттеу әдісі. (Лонгитюд)
  9. Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі көріністерін зерттейтін психологияның саласы. (Медициналық)
  10. Ұжым ішіндегі топтарды , топтың ішіндегі лидерлерді, топтан оқшау қалған оқушыларды , топ ішіндегі үйлесімділікті осы әдіс бойынша анықтауға болады. (Социометрия)    

 Глоссарийлер

  1. Психология – «психе» — жан, «логос» — ілім деген мағынаны білдіреді.
  2. Детерминизм – психологияның құбылыстарын түсіндіреді, Физиологиялық құбылыстарды қолдандыру  негізі болады.
  3. Сана – психологияның ең жоғарғы нормасы болып табылады.
  4. Санасыздық – ақиқатты бейнелеуде жасаған әрекеті үшін есептің берілуі.
  5. Принцип – латын сөзінен шыққан, «негіз» деген мағынаны білдіреді.
  6. Тітіркендіргіш – психикалық әрекеттің туындауына түрткі болатын сыртқы әсер.
  7. Әдіс – ілімді зерттеу жолы, көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі.
  8. Эксперимент – бұл психологиядағы негізгі әдіс.
  9. Эмпиризм – қазақшада «тәжірибе» деген мағынаны білдіреді.
  10. Аналогиялық эксперимент – грек тілінен аударғанда ұқсас, тура деген мағынаны білдіреді.
  11. Аонгитью әдісі – бір немесе бірнеше адамды ұзақ ылдар бойы зерттеу.
  12. Комлексті әдіс – жеке адамды жан-жақты зерттеу.
  13. Анкета – зерттеудің негізгі міндеттерінің логикалық түрде байланысты сұрақтар жүйесінен тұратын алғашқы әлеуметтік психологиялық ақпараттарды алудың әдістемелік құралы.
  14. Тест – сынақ. Психологияда адамның жеке басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін, белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс.
  15. Салыстыру – заттың ұқсастық, айырмашылығын ажырататын ой тәсілдерінің бірі.
  16. Генетикалық әдіс – генетика- шығу тегі, «төркіні» дегенді білдіреді. Бұл психологиялық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейді.

Ұлылардан ұлағат.

  1. «Қарапайым адамға жұмбақ секілді көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады. Психология терең ойдың білімі, оның құрғақ пәлсапасы, бос сөз екен деп ойламаңыздар.

Жол сыры деп жуылған

Психология деген пән».

Шәкәрім Құдайбердіұлы.

  1. «Барша заңдылықтар , соның ішінде, психологиялық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жайылуына орай танылады».

А.С.Пушкин.

  1. «Барша психологиялық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді».

Б.Ф.Ломов.

  1. «Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзіндік тілегін алады».

И.П.Павлов.

  1. «Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін , оны жан-жақты зерттеу қает».

К.Д.Ушинский.