Әстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудыщ соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде әстетикалыщ тәрбие деген ұғымдыы » көркемдік тәрбиелеу» деген ұғъыммен пара — пар алып жұрміз.
Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз — өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Ал әстетикалық тәрбие дегеніміз — Илыинаның айтуынша -өнердегі, табиғаттағы және бұкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу әстетикалық тәрбиемен пара — пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады. (Илыина Т.А. Педагогика. Алматы, Мектеп, 1977 — 134 бет ).
Осы орайда белгілі педагог Р.Қоянбаев «Педагогика» атты еңбегінде: » Әстетикалық тәрбие адамды дұниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге ұйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады», — деп, өнер арқылы әстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастырған.
Әстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бірі — әстетикалық сезімді және әстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр тұрлі болады. Біреулер әдемілікке ұңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну ұшін, оған тұсіну ұшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обыективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, тұсінеді. Айналадағы дұниеге сезімталдық, әстетикалық қабылдау кырағышығы, ықыластылық, қамқорлық баланың әстетикалық дамуының негізі болады.
Қазақ ағартушылары әстетикалық тәрбиеге арнайы тоқталмаса да, ерекше мән бергенін олардың зерттеу жұмыстары мен шығармаларынан аңғаруға болады.
Ш. Уалихановтың әстетикалық көзқарасы қоғамның саяси және философиялық көзқарастарымен тығыз байланысты болды. Өзінің зерттеу жұмыстарында ол қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс — тіршілігіне, ұлттық әдет — ғұрпына, салт – дәстұріне баса көңіл біледі. Сөйтіп, өз халқының ауызекі әдебиеті, әсемдік танымы, көзқарасы арқылы әстетикалық талғамын ашуға ұмтылады.
Шоқан халықтың ежелгі архитектуралық құрылыстарын әстетикалық тұрғыда қабылдай білуге байланысты құнды пікірлер айтты. «қазақ моласы мен оның төңірегінен қазақтың бар мәнер талғамы, архитектурадағы өнері, оның ою мен бейнелеу салты байқалады» — деп халықтың мәдени деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді. Өз халқымен бірге Қырғызстан және Шығыс Тұркістанның ежелгі архитектуралық құрылыстарына (Алашахан, Ботағай, Айша бибі т. б. ) тас мұсіндеріне (Қозы — Көрпеш — Баян сұлу кешеніндегі, Тұймекенттегі т.б. ) ғылыми тұрғыда талдау жасайды. Сөйтіп қазақ халқының әстетикалық мақсатты көздеген өзіндік сәулетшілік шығармалары болғанын баяндайды. Осы көне заманның көз болып келген мәдени мұраларды әсемдіктің ұлгісі деп қабылдай білуге ұйретеді. ( Уалиханов Ш. Таңдамалы (2 бас), А. 1985. 348-бет)
Сол секілді, қазақтың біртуар ағартушысы Ы. Алтынсарин халықтың көркем шығарма туындыларын өте жоғары бағалап, өнердегі және өмірдегі барлық әдемі нәрселердің кұндылығын тұсінуге тек қана білім берудің арқасында жетуімізге болады деп есептейді. Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбектерінде, тек білімділікке ғана емес, мәдениеттілікке де ұндейді. Қазақ қыздарына арналған тұңғыш әйелдер қол өнері мектебінің ұйымдастырылуы да Ы. Алтышсариннің еңбегі т.б. Оның педагогикалық еңбектері әстетикалық көзқараспен тығыз байланысты. Ол: Мектеп қазақ халқының арасында жаңаша мәдениетті өмір сұрудің жаңа әдет — ғұрып, тәртіп, тазалық, қолөнер мен өнердің ұлгісі болуы қажет,» — деп атап көрсетті. ( Сыдықов Ә. Ы.Алтышсариннің педагогикалық шығармалары мен ағартушылық қызметі. — Алтынсарин: Мектеп, 1969 — 40 бет ).
Ы Алтынсарин өзінің барлық педагогикалық теориясында жас -жеткіншектердің әстетикалық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанды. Ол қазақтың қолөнерін де өте жоғары бағалаған және сол өнерге жастайынан баулу мақсатымен бірнеше қолөнер мектептерін ашты. Егер Яковлев атындағы қолөнер мектебінде ағаш ұсталығы және киім тігу ( машинамен тігу) жұмыстары жақсы жолға қойылса, Красноуфимскідегі реалыное училищесі мен ауыл шаруашылық мектебінде тері илеу, қыш — құмыра өнерлері меңгерілді, ал Торғайдағы қазақ қыздары ұшін ашылған мектепте, қарапайым халықтың тұрмысына керекті, … киім тігу, киім пішу, шәлі току, тұбіт шарқат тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында көп болатын жұн, қыл секілді материалдардан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр киімдер тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар ұйретілді» ( Алтышсарин Ы. Таза бұлақ. — Алматы, 1988. 287 — бет), Джумагулов К. Ы. Алтынсарин. Ташкент, 1975. Стр 141.) Яғни, Ыбырай халықтың қолөнеріндегі әдемілікті, өзі ғана тұсініп, қызықтаумен шектелген жоқ.
Ыбырай сол кездің өзінде — ақ, сол өнерге балаларды да ынталандыруға атсалысты. Онсыз да ұмыт болып бара жатқан әдеттерді тезірек меңгеріп, құнды, пайдалы деген жағын әстетикалық талғаммен қабышдап, өмір қажетіне шығара білуге шақыруы қазіргі заман талабымен ұштасып жатыр.
Осы айтылғандар Ыбырайдыщ әдет — ғұрыш, салт — дәстүрді тәрбие саласының өзекті мәселесі деп қарағандығының дәлелі.
Балалар мен жеткіншектерге әстетикалық тәрбие беруде халық мұрасыныщ тәрбиелік күшін ұлы Абай да жоғары бағалады. ( Әстетикалық төрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өлеңцері мен қара сөздерінен Абай да халық мұрасының тәрбиелік мәнін жақсы түсініп, оны жинауға атсалысты. » Ел ішінен қолөнер бұйымдарын жинастырыш Семей музейіне тапсырады, маңайындағы ақынға — жыршыларға халық арасынан кең тараған жырларды қайта жырлауды, оларды хатқа тұсіруді жұктейді». (Қазақ фолыклористикасышың тарихы. А. 1988 69 — бет).
Абай өзінің педагогикалық идеялары мен көркемдікке тәрбиелеу ой тұжырымдарыш өрбіте келіп, 27- ші қара сөзінде былай деп атап айтады: Сократ пен Аристотелыдің пікірлері : «әуелі көзді» көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дұниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік . . . ( 1, 122). Осы Абай қырық ұшінші қара сөзінде ары қарай толықтырады. » Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалышіен, ұнамсызы — ұнамсыз қалыппен, әрнесш өз суретімен көзге тұседі . . . Жан қуатымен адам хасия қылған өнерлері де күнде тексерсең күнде асады. Көп заманнан тексермесең, тауыш алған өнерінің жоғалғандығыш және өзінің ол мезгілдерден бір басқа адам боп кеткендігіңді білмей қаласың» . ( Абай. Екі томдық шығармалар жиыштығы. — Алматы: Жазушы, 1.2: Аудармалар мен қара сөздер. 122 — 161 бет), — деп Абай мұнда адамның көркемдік шын-армашылығышың негізінде әстетикалық сезімді жатқызады.
Абай өзінің шығармаларында әстетикалық түсініктерге, әсемдік, сұлулық, талғам және т.б. әстетикалық категорияларға арнайы талдау жасамағанымен оның өлеңдерінде осы түсініктерді қамтитын мазмұнды шумақтар аз емес.
Балалардың әстетикаға әсерленуі туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы тұсінуге негіз салады. Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде мұғалімдердің алдыға қойылатын кұрделі міндетті, ол — окушылардың көрген — білген заттарының, көркем нәрселерінің сырын дұрыс аша отырып, сезімдерін оятумен бірге ойлау, қиялдау сияқты қасиетінің дамуыша да жол ашу. Яғни адамнаң дұниені әстетикалық мақсатымен де тығыз байланысты.
Осы орайда аса көрнекті совет педагогы А.С. Макаренко : «… балаларымыз — еліміздің келешегі, баланы дұрыс тәрбиелеу біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу — біздің көз жасымыз және ар алдындағы айыбымыз», — деген . Сондықтан да тәрбие жұмысы бүкіл педагогикалық ұжымныщ қызметі болып саналады. А.С. Макаренко өзінің тәрбиеленушілерінен кербездік, сәнқойлық, тазалықты ғана емес, әдемілікті, жүріс — тұрыс, сөйлеу әсемдігін талап ете білді. Сондықтан да олар өте ақ жарқын, сыпайы болып өсті.
Балалардың әдемілікке деген сезімін қай жерде болмасын мектепте, ұйде, демалыста, т.б. дамытып, жетілдіріп отыру керек. Мектепті, кластарды, арнайы бөлмелерді әстетикалыщ тұрғыда безендіргенде міндетті тұрде оларды қатыстырған жөн.
Бұл тұрғыда А.С. Макаренко кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды. Оның мекемелерінде болған адамдар гұлдердің көптігін, жалтыраған паркетті айналарды, асханадағы аппақ жапқыштарды, бөлменің мінсіз тазалығын таңдана әңгімелейді.
Педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп окушыларын тәрбиелеу және дамыту проблемаларымен шұғылданған В.А.Сухомлинский табиғаттың мектеп оқушыларын қалыптастыруда алатын ролін өз практикасында ерекше қолданған. Ол » Балаға жүрек жылуы» атты кітабының » Табиғат кітабының үш жүз беті» деп аталатын бөлімінде балалардың эстетикалық сезімІн тәрбиелеуде табиғаттың мүмкіншіліктерінде өз тәжірибесінде ерекше орын берді. В.А.Сухамлинский сабақты балалармен көбінесе табиғат аясында өткізетін. Табиғатты әсемдікке тәрбиелеудің құралы ретінде
пайдаланып, қоршаған дүниенің қасиеті мен сұлулығын таныта білді. Ол туралы » Бапа сұлулықты сезініп, оған қуанатын болсын, оған бейнеленген образдар оның жүрегімен зердесінде мәңгі сақталып қалатын болсын. Әсемдік — адамгершіліктің, ізгі сезімдердің, шын жұректі қарым — қатынастың жаны мен тәні», — деп жазды.
Педагогика ғылымының практикасы мен теориясына баға жетпес үлес қосқан ғалым — ағартушы тәлімгер — ұстаз, балалардың эстетикалық өмірлеріне белсенді араласқан педагог Н.К.Крупская : «Көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі проблемалар туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі қажет. Көркемдікке тәрбиелегенде баланың өлең, ырғақ, музыка, би арқылы өз пікірін жеткізуіне, оның табиғи тұрде ілгері дамуына кедергі жасамау керек» -деп, эстетикалық тәрбиенің міндетін анықтайды. Ол 1931 жылы декабрьде » Правдада» жариялаған мақаласын » Мектепте бейнелеу өнеріне көңіл бөлінсін» деп атады.
Мұнда » Өнер орасан зор ұйымдастырушылық ролы атқарады», — деп атап көрсетеді.
Баланың эстетикалық талғамын қалыштастыруда көркемөнердің ролі орасан зор. Көркем өнер дүниені образдың тұрде бейнелеудің және өзгертудің формасы ретінде өте күрделі, жан — жақты құбылыс. Онда мектеп окушыларына тікелей әсер ететін, бір — бірімен байланысты тәрбиенің идеологиялық, адамгершілік, эстетикалық жақтары бірлікте келеді.
Әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінді. Ол рухани жағынан жетілуімізге ықпал етеді, жеке басты және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кейде өмірден өз орныщды табуға көмектеседі.
Педагогикада эстетикалық тәрбиені өнер әдістері арқылы жүзеге асыратын болғандықтан, » Көркем тәрбие» деп аталады. Ол тікелей өнер шығармаларына көңіл аудара отырып, баланың әдемілікті түсініп қабылдауын талап етеді.
Эстетикалық тәрбие баланың жас кезеңдеріне байланысты әр тұрлі дамиды. Оның өзі баланың белгілі нәрсеге әсерленуімен байланысты. Кіші мектеп жасында баланың алғаш мектепке баруы, одан алған әсері, оның көркемдік әрекеттерін дұрыс түсініп ұғынуына түрткі болады. Алайда бұл жаста баланың ықыластъілығы тұрақсыз болады, ұзақ мерзім өнер шығармаларымен танысу тіпті өнермен айналысу оны тез атаймыз. Әрине, мінез — құлықты дербес ғылым этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетика да қарастырады.
Егер этиканың негізгі ұғымы — жақсылық болса, ал эстетиканыкі -сұлулық. Ізгілік, жақсылық жасау — қоғамға пайда-келтіру деген сөз. Егер еңбектен пайда мен сұлулықтың тұтастығын іздесек, онда өсіп келе жатқан жас ұрпақ әрекетінен, оның бет — бейнесінен жақсылық пен сұлулықтың, яғни этикалық және эстетикалық қасиеттердің сай келуін қалыптастыруға тырысамыз. Олардың мінез — құлқы неғұрлым қалтқысыз қалыптасса, ол эстетикалың ләззат әкеледі. М.Горыкий : » эстетика — бұл болашақтың этикасы» — деп бекер айтпаған. Жасөспірімдер ұлкендермен, дос — жолдастарымен қарым — қатынаста сыпайы, әдепті, байышты болулары абзал. Осы қасиеттердің бәрі мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің негізгі көзі болып табылады.
Көп жағдайда оқушылар тәртібінің дұрыстығыша сыртқы, кейде үстірт белгілер арқышы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі олардың мұраттары мұғалімнің, жақын адамдардың тәртібі мен іс — әрекеті, қоғамдық өмір мен өнер ықпалымен қалыштасады. Бұл тұрғыда әдебиеттің, олардың оқушылар есінде ұзақ сақталатын кейіпкерлерінің бейнелері үлкен орын алады.
Оқушылардың эстетикалық санасының және шындыққа қатынасының ерекшеліктерін білу оқушышар өмірін эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.
Эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан лаззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыпгастырады.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі -эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбірулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шағады. ӘдемІлікті сезу үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқоршылық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.
Эстетикалық ұғымды пайымдауды, баға беруді қалыптастыру -эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім.
Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным — бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдімілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғару талап қою. Мысалы, мұзда коныкимен мәнерлеп сырғанақ тебу жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға — көркемділігін келістіре орындағаны ұшін, екінші баға — мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойышады. Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының эстетикалық танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үйлерін қабылдаумен, не тегінде творчествомен байланысты іс — әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі — баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және анық заттарын тұсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет.
Өмірге енген эстетика ( еңбек, табиғат әстетикасы ) адамдар қатынасы, адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғау қажет.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелеп отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Балалар, әдебиетті окуға, кино — филымді, теледидарды, спектаклыды, көруге, музыканы тыңдауға өте ынтылы болады.
Әр түрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс — әрекеттің, оқиға жемісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі демалыс эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік әлементтерін енгізе алады.
Эстетикалыпс тәрбиенің маңызды міндеті — өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту.
Осыған орай мектепте жүрген оқушылардың ықтимас мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары _ әдебиет пен өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік ролы атқарады. Әдебиет пен өнер адам санасына белгілі көзқарастарды әр тұрлі құралдар арқылы енгізеді.
Белгелі орыс суретшілері П.А.Федатовтың, В.Г.Перовтыщ, И.Е. Репиннің, және қазақ суретшілері Ә.Қастеевтің, М. Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтыщ т.б. творчествосымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
Сонымен, өнер мен әдебиет шышдықты игерудің және танудың құралы. Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.
Әдемілікті сезуде, әстетикалық көзқарасты және танымды қалыптастыруда табиғат зор ролы атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жолаушы творчестволық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек. Мысалы, қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу — бұл зор эстетикалық қамқорлық.