ПЕДАГОГИКА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ РЕФЕРАТ

Мектептегі тәрбие берудің барлық міндеттері тәрбиелеп оқыту және оқушылпрмен сабақтан тыс уақытта дүргізілетін арнаулы тәрбие жұмысы процесінде шешіледі.

Іс жүзінде оқыту және тәрбиелеу процестерін бір-бірімен ажыратуға болмайды және олар тығыз бірлікте жүзеге асырылады, бірақ бұлардың әрқайсысының өз спецификасы мен ерекшеліктері бар.

Тәрбиелеу педагогиканың кең мағынасында, басқаша айтқанда оқушылардың бойында комунистік саналылықты, қоршаған ортаға қарым-қатынасты, өмірге көзқарасты және соған сай мінез-құлықты мақсаттылықпен қарастыру мәселелерін де, адамның эстетикалық және басқа сезімдерін дамытуды және тұтас алғанда адамның мінезі, істеген істері, өзге адамға, Отанға қарым-қатынасы арқылы көрінетін бүкіл рухани бейнесін қалыптастыруды қамтиды.

  1. Тәрбие процесі барынша күрделі диалектикалық процес болып табылады. Мекткептің белгілі мақсатты көздейтін тәрбиелік ықпалы балаларға әлеуметтік ортаның, үйдегі оларды қоршаған және өмірде кездесетін әртүрлі адамдардың тигізетін ықпалдарымен тығыз байланыса өріліп, бір-біріне ерекше әсер етіп отырады.

Оқытуда іс-жүзінде, мұғалімнің оқыту қызметіне тікелей қарсы бағытталған сырт ықпалдар жоқ: ол сондықтан жетекші және анықтаушы күшке ие, ал тәрбиеге келсек, мұғалім тәрбиешіге кей жағдайларда қарсы әсер ететін жаңағы сырт ықпалдарды зерттеп білуге көп уақытын жіберуге тура келеді, бұл оларға балалардың мінез-құлық тенденциясын пайымдау, сырт ықпалдардың соншалықты смрек кездеспейтін мұғалім тәрбиесіне қарсы мотифтерін білу үшін қажет.

Оқушыға әлдекім үйде немесе көшеде химиялық реакция мектепте үйреткендегіден басқаша өтеді немесе көбейтуді мұғалім айтқандай етіп орындауға болмайды, деп дәлелдеп жатқанын көзге елестету қиын. Ал тәрбие саласында мектептен сырт жерде мұндай қайта оқыту жиі байқалады.

Алайда, біздегі жақсы әлеуметтік ортаның және баланы қоршаған өмірдің күшті ықпалы жекелеген мектептердің тәрбие жұмысындағы кемшіліктер мен ақауларды да, кей жанұядағы үй ішіндегі теріс әсерлерді де көп ретте түзетіп отыратынын есептеуге болмайды.

  1. Тәрбиеші өсу және даму үстіндегі баламен жұмыс істейді. Бұдан бұрын айтылғандай, сыртқы барлық әсерлер үйдегі қоршаған жағдайды және балалардың өздері жинаған әлеуметтік тәжірибені көрсететін, балалардың бойындағы өзгелерден қабылдаған және қалыптасқан, өмірден алынған барлық қасиеттердің тұтас жиынтығымен анықталыпішкі дүниесі арқылы өтіп, өзіндік көрініс табады.

Тәрбиеші өз шәкірттерінің бойында қалыптастыруға тырысатын және олардың әрқайсысы ие болуға тиіс ортақ моральдік сипаттары, қасиеттері және мінез-құлықтары талпынатын үлгерімі бола тұра, шәкірттерінің әрқайсысына жасалатын ықпал, әсерлерді өзінше қабылдайтын, соған ылайық өзінше әрекет ететін жеке дара тұлға болып табылады. Сондықтан оқудағы сияқты тәрбиеде де әр балаға жеке-жеке тұрғыдан келу керек.

Оқуда оқушыларға жеке тұрғыдан келу деп ең алдымен олардың әр түрлі ақыл-ой күштері мен тану мүмкіндіктерін ескере отырып, білуге деген жан-жақты құштарлығын қанағаттандыруға талпынуды айтады. Тәрбиеде сондай-ақ тәрбиеленушілердің әр түрлі рухани тілектерін қанағаттандыруға үлкен роль атқаратыны сөзсіз, бірақ мұнда жалпы тәрбиелік ықпалдарға жауап ретінде көрінетін оқушылардың жеке мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеуге , жеке оқушыларға әсер етудің өзіндік жолдарын табуға және олардың қайсы бірінің осындай ықпалдарға қарсылығын жеңуге әлдеқайда көбірек көңіл бөлінеді.

Сонымен бірге бірде-бір тәрбиешінің назарынан сырт қалмау керек. Ешқандай жаман қылығымен немесе басқаша мінезімен көзге түспейтін оқушылардан гөрі ойындағысын жайып салатын ашық мінезді оқушыларға жол табу жеңіл әрі оңайырақ. А.С.Макаренко қабілеттері мен мінез-құлқы мейлінше әр түрлі балаларды тәрбиелеу жөніндегі өзінің аса үлкен тәжірибесін қортындылай келіп былай деп жазған еді : «Мен өз жұмысымда өзіне айрықша көңіл аударатындар емес, менен жасыратындардың неғұрлым қауіпті элемент болып табылатынын көрдім. Бұл ойға мен неге келдім…… Өйткені 15 рет түлектерімді ұшырдым, соларды қадағалай отырып мен өзімнің өте қауіпті және жаман деп санағандарымның көпшілігі өмірде белсенділікпен, лайықты алға басқандарын көрдім, олар кейде қателеседі, бірақ жалпы алғанда тәрбие жұмысымның жемісі ретінде мені қанағаттандырады. Ал, кезінде менен тығылғандар немесе коллектифте елеусіз болып жүргендер өмірде кейде нағыз мықтылар сияқты тіршілік етеді. Ал, кей жағдайларда мен тіпті бірте-бірте түпкілікті іріп-шіруді де байқадым».

А.С.Макаренко өзіне тән байқағыштықпен және мінездеме берудегі өткірлігімен әдетте мұғалімдерді мазалай бермейтін осындай оқушылардың тұтас категорияларын бөліп айтады, олар : «үндеместер», «періштелер», «дүние жиғыштар», «бейімделгіштер», «шляпалар», «ашықауыздар»,»қылымсушылар», «масылдар», «мизантроптар», қиялшылдар», «жаттампаздар». Оқушылардың бұл категориялары шынында да өздерінің рухани дамуында кейде тәрбиешілерді алаңдататындай тенденцияларды байқатып отырғанмен, мұғалімдер дің педагогикалық назарынан жиірек тыс қалады.

Осының бәрі әрбір оқушыны барлық іс-қылығымен зерттеу-тәрбиені педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырудың аса қажетті шарты болып табылатынын дәлелдейді.

  1. Тәрбие процесінің ерекшелігі—оның аса ұзаққа созылатыны болып табылады. Тәрбие мектепке дейін басталады, мектептен кейін жалғасады және жалпы айтқанда өмір бойы созылады, өйткені өмір адамды әрдайым тәрбиелейді, тәрбиедегі жетпегенді жеткізе түседі немесе қайта тәрбиелейді.

Мектептегі оқу кезеңінде мектеп, өкінішке орай, әзірге оқушыға үздіксіз тәрбиелік ықпал жасауды қамтамасыз ете алмайды, өйткені кәдімгі көпшілік мектептерде балалар күннің белгілі бір мерзімінде ғана тікелей тәрбиелік ықпалда болады. Мектептің ықпалы қысқы және көктемгі каникул кездерінде белгілі дәрежеде әлсірейді. Көп балалар жазғы каникул кезінде 2 айдан астам уақытқа мектептен біржола қол үзеді.

Міне, сондықтан да осы кемшілікті түзету үшін, қазір мектептің сабақтан кейінгі және сондай-ақ каникул кездеріндегі оқудан тыс уақыттағы тәрбиелік ықпалын арттыруға үлкен маңыз беріледі. Мектептердің жазғы және қысқы спорт лагерлері, туризм т.б. жылдан жылға кеңірек дамып келеді.

Мектептегі тәрбие процесі – уақыт жөнінен шектеулі және әзірге белгілі мөлшерде үзілмелі процесс екеніне қарамастан-жеткілікті дәрежеде ұзақ болып табылады және оқушының жеке бейнесі қалыптасуына күшті әрі анықтаушы ықпал жасайды.

  1. Тәрбие процесінің ерекшелігі – оның комплекстілігі болып табылады. Оқытуда : білімді меңгеруге және оқушының іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда оқу жоспарымен, программалармен қатаң шектелген белгілі кезектілік және жүелілік орын алатыны белгілі. Тәрбие процесі басқаша өрбиді.

Бала біртұтас тұлға ретінде дамиды және оның барлық мінездері мен қасиеттері, өмірге көзқарасы мен тәртібі бірте-бірте күрделене және тереңдей түсіп, бір-бірімен өріле, күрделі дидактикалық комплекс құрай бір уақытта дерлік қалыптасады.

Әрине, кейбір КЕЗЕҢДЕРДЕ НЕМЕСЕ СӘТТЕРДЕ ОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚАСИЕТІНЕ НЕМЕСЕ МІНЕЗІНЕ КӨБІРЕК КӨҢІЛ БӨЛІП ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ҮЛКЕН МАҢЫЗҒА ИЕ БОЛАТЫН КЕЗІ БОЛАДЫ. БІРАҚ ТҰТАС АЛҒАНДА тәрбие процесі бөлінбейтін, комплексті және барынша әр түрлі, алдын ала ескерту мен білу қиын ықпалдардың, әсерлердің жиынтығына байланысты болады.

  1. Тәрбие процесіне белгілі секірмелілік тән. Ол мынадан көрінеді: бірті-бірте қалыптасатын сапа белгілі бір жағдайлардың тоқайласқан сәтінде мүлде күтпеген кезде өзін танытуы мүмкін, бұл сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне айналу процесінің аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: былай болады, өмір адамнан ерлік, табандылық, шыдамдылық, немесе принципшілдік көрсетуді талап еткенде адам биіктен табылады, өзінің рухани жетілгенін және моральдық табандылығын паш етеді, ал бұл көп жылғы үздіксіз күнделікті тәрбие жұмысының және біздің әлеуметтік ортаның ықпалының нәтижесі болып табылады.
  2. Тәрбие процесі мейлінше қайшылықты. Оның диалектикалық қайшылығы оқушының белгілі бір нәрсе қалыптасқан өзіндік алғашқы түсінігінің немесе көзқарасының тәрбиеші қалыптастыратын жаңа сапамен күресінде, оқушыларға қойылатын талаптар мен оларды орындау мүмкіндігі арасында т.б. жағдайларда көрінеді.

Одан тысқары, бұл қайшылық оқушы өзінің жаман ісін біле және түсіне тұра, өзін-өзі жеңе алмайтын және теріс іс жасайтын кезде оның санасы мен іс-қылығының бір-біріне сай келмейтінен және үлеспейтінінен де жиі көрінеді.

  1. Тәрбие процесі де екі жақты процесс болып табылады.

Тәрбиешілердің белгілі мақсаттағы әрекеттері баланың жүрегіне жол тапқанда, бала бойында белгілі қасиеттер мен мінез-құлық нормаларын бойына сіңіретін, жолдастарымен, коллектифпен арадағы қатынастарда ұстататын линияларды өзі анықтайтын тәрбие субъектісі ретінде де көрінеді.

Егер бала енжар, сүлесек немесе одан да қиын да, тәрбиешіге қарсылық көрсететін болса-онда тәрбие дәрменсіз болады. Мұндай кезде әлгіндей қарсылық пен қыңырлықты жеңу, талап етілетін нормалар мен тәртіп ережелерін меңгеруге ынталандыруға көмектесетін жағдайлар туғызу да тәрбиенің міндеттеріне жатады.

Оқушылардың мінез-құлық мотифтерінің – олардың нәтижесінде жасалатын іс-әрекет пен өһзін-өзі ұстау түрі бірдей болғанның өзінде де, білуге құштарлық мотифтері сияқты, бір-бірінен қатты айырмасы болуы мүмкін.

Бұлар негізінде балалардың өздері құрмет тұтатын кез-келген адамға, мейлі ол ата-ансы, ағалары немесе апалары, мұғалімі, жолдасы, кітаптағы герой, немесе өмірде кездескенде өздеріне күшті әсер еткен нақты адам-еңбек ері,спорт шебері, жазушы, актер болсын,-електеуге тырысуға жататын мотифтер болуы мүмкін.

Жағымсыз эмоцияға негізделген мотифтер болуы да мүмкін : оқушы жазадан немесе жолдастарының талқысынан қорыққанынан ғана дұрыс жүріп тұрады. Кейде мақтанғысы келуі немесе пікірін сыйлайтын адамы алдында өзін жақсы жағынан көрсеткісі келуі де мүмкін. Кейде олардың іс-әрекетінің негізінде айналадағы адамдардың, жолдастарының жылы лебізін есту үшін көзге тусуге, даралануға ұмтылуы мүмкін. Кейде осы көзге түсуге тырысу, жұрттың наэарын өзіне аударғысы келу- қажет және дұрыс деуге мүлде келмейтін, қайта көбіне, әсіресе ауытқымалы жасөспірімдерге кездесетіндей, ақылға, ойға сыйымсыз, белгіленген нормалар мен ережелерге қайшы келетін әрекеттер жасауға алып келеді.

Тәрбиеде, оқудағы сияқты, оқушының алдағы уақытқа құқрған жоспарына, белгілі мақсатқа ұмтылуына, өзі үшін қалыптастырған принциптеріне мінез-құлық ережелер мен нориаларына-әсіресе, егер ол бұл қасиеттердің өзі таңдаған игергісі келетін еңбңк түріне немесе мамандыққа қажет екенін түсінетін болса,-адал болуға талпынуға байланысты перспективалық – ынталандырушы мотифтер үлкен роль атқаруға тиіс екені тиімсіз.

Өмірде іс-жүзінде де, бұл мотифтер, қым-қиғаш өріліп жатары сөзсіз. Адам мінезінің негізінде таза жеке бастың немесе оқушының қаншалықты дәрежеде тәрбие алғанына байланысты мейлінше әр түрлі сипаттағы, қоғамдық мәні бар мотифтер де жатуы мүмкін.

Мақтау немесе сыйлық күтпей, өз жүрегінің әмірімен, өзінің, адамдардың, Отанының, алдындағы парызын түсінгендіктен, санасына сіңген және әдетке айналған нормалар мен принциптер негізінде жасалатын дұрыс істердің мотифтері-мінез-құлық пен іс-әрекеттің неғұрлым жоғары мотифтері болып табылады.

9.Біздердің мектептердің тәрбие процесіндегі өзіндік ерекшелігі-перспективалары және нақты мақсаттылығы әр түрлі мұғалімдердің, пионер және комсомол ұйымдарының, ата-аналар қауымының т.б. оң тәрбие беруді көздеген және белгілі мақсатқа бағытталған ықпалдарының барлығын жинақтап, жүйеге келтіру қаншалықты қиын болғандықтан, олардың бәрі барлық уақытта бірдей белгілі бір мақсатқа-оқушыларға коммунистік тәрбие беруге, оларды коммунизм құрылысына әзірлеуге бағытталған.

Дәл осының өзі, біздің мектептегі тәрбие процесінің барынша комплекстілігіне, күрделілігіне және диалектикалық қайшылықтарына қарамастан, оның тұтастығы және мақсаттылығы жөнінде сөз етуге мүмкіндік береді.

Тәрбие жұмысында нысаналық, коммунистіктәрбиенің мақсаты мен нақты міндеттерін айқын сезіну тәрбиеленушінің бейнесін қалыптастыру үшін тәрбиешіге негіз болады. Іс жүзінде бұл өте күрделі және қиын іс болып табылады және мұндай қалыптастырудың «технологиясы» педагогика мен психологияда әзірге аяғына дейін толық зерттелмеген және айқындалмаған салалар болып табылады.

10.Тәрбие процестерінің  негізінде күрделі психикалық және физиологиялық процестер жатады. Бұлардың арасында шартты-рефлекторлық процесс, басқаша айтқанда шартты рефлекстердің сыртқы және ішкі тітіркенулердің белгілі типімен байланысты реакциялардың құрылу процесі және өзін-өзі ұстаудың тұрақты дағдылары, әдеттері мен өзге формалары қалыптасуына аса маңызды роль ойнайтын динамикалық стереотиптің құрылу процесі жетекші орын алады. Бұл реакциялар мен динамикалық стереотиптің қалыптасуының шарты-уақытша байланыстардың немесе ассоциалардың қалыптасуы болып табылады.

Тәрбие процесінің рефлекторлық негізі адамнан белгілі істер мен әрекеттер талап ететін әрбір нақты ситуацияны талдауға және бағалауға байланысты мидың күрделі аналитикалық-синтетикалық қызметін қажетсінеді. Бұл аналитикалық-синтетикалық қызметтің негізінде күрделі тітіргенгіштер адамға әсер еткенде әрдайым пайда болатын қозу мен тежелеу процестері жатады.

Бұл процестердің ағындау күші мен ерекшелігі адамның нерв жүйесінің түрі мен күшіне емес, ең әуелі оның сенім күшіне, белгілі ситуацияда қандай әрекет істеуді қаншалықты дәрежеде түсіне білетіндігіне, басқаша айтқанда өзіндік адамгершілік регуляцияға көбірек тәуелді болады. Тіпті динамикалық стереотиптер негізіндегі іс-әрекеттер жағдайында да қабылданатын шешімнің саналылығы, сол нақты жағдайда өзін-өзі дәл сол түрде ұстауы қажеттігін түсіну-анықтағыш шарт болып табылады.

Динамикалық стереотиптің пайда болу процесінің өзі өте күрделі және ұзақ. Кез келген жеке факторлы байланыс сияқты, ол өзімен байланысты тітіргенгіштер жүйесінің іс-әрекетін қайталау негізінде өзін қолдап және нығайтып отыруды қажет етеді. Динамикалық стереотиптерді өзгерту көп жағдайда елеулі қиындықтар келтіреді. Дәл осы себепті де қайта тәрбиелеу, басқаша айтқанда қалыптасқан және тұрақталған әдет, дағдыларды жаңарту, түзеу мақсатымен өзгерту алғашқы рефлекторлық байланыстар жүйесін қалыптастырудан әлдеқалайда күрделі де қиынырақ.

Педагогика балаларға сөз арқылы ықпал етудің және сонымен бірге лайықты құралдар мен методтарды таңдай отырып, әр түрлі жастағы оқушылардың көздеген мақсатқа сай іс-әрекеттерін ұйымдастырудың да неғұрлым тәуір және тиімді жолдары мен формаларын анықтауға тиіс.

Тәрбие принциптері.

Жас адамды тәрбиелеу және қалыптастырудың практикалық мақсаттары үшін тәрбиеші өз шәкірттерінің бойында қалыптастырғысы келетін нақты сипаттар мен қасиеттерді бөліп алуы және сондай-ақ әр шәкіртті тәрбиелеу процесін дифференциалды қарастыруы қажет, сонымен бірге мұндай бөлу дифференциялау бүкіл тәрбие процесіне тән тұтастық пен комплекстілікке белгілі дәрежеде қайшы келетінін де айту жөн.

Адам өміріндегі жетекші адамгершілік қасиеттерінің бірі –советтік патриотизм және пролетарлық интернационализм сезімдерін неғұрлым нақтырақ талдаудың мысалы, онда осы күрделі моральдық қасиеттің нақты оспектілері бөлініп көрсетілетін, оның негізгі байқау формалары айтылған еді.

Қалыптастыратын кез келген өзге қасиеттердің де жеке жақтары мен байқалук формаларын дәл осылай нақты елестеткен жөн.

Мысалы, социалистік адамгершілік сияқты қасиетті акшып көрсеткенде оның өз айналасындағы адамдарға, әсіресе өзіңнен кішілер мен әлсіздерге, сырқаттарға сезімталдықпен және қамқорлықпен қарау, ақ жарқындық,сергектік пен көмектікке келуге әзірлік, сезімділік пен мейірімділік, мейірімсіздікке, өзімшілдік пен дөрекілікке төзбеушілік және басқа да байқалатын формаларын бөліп көрсетудің маңызы зор.

Өкінішке орай, қазірге дейін жаңа адам келбетінің барлық жақтары мен аспектілері бойынша осындай құрылымдық талдау жасалып біткен жоқ.қалыптастыратын қасиеттердің құрылымын білудің жеткіншекті тәрбиеленудің жалпы бір тұтас программасын жасау үшін ғана емес, сонымен бірге шәкірттің бойында кейбір жекелеген қасиеттердің бар я жоқ екенін, бар болса қаншалықты дәрежеде қалыптасқанын анықтау үшін де үлкен маңызы бар.

Қазіргі кезде тәрбие жұмысында оқушылардың бойында белгілі қасиеттерді қалыптастыруды күшейту жөнінде алдарына міндет қоятын көптеген педагогтар арнайы жасалған анкеталардың немесе творчестволық тапсырмалардың көмегімен осындай талдаулар жасауға оқушылардың өздерін қатыстырады. Мысалы, оқушыларға адам белгілі жағдайда жасайтын бірқатар іс-әрекеттер тізілген анкета ұсынылады, ал оқушылар солардың қайсысы бойында қойылып отырған талапқа сай қасиеті бар адамға тән болатыны жайында өз пікірлерін айтуға тиіс, немесе «адалдықты мен қалай түсінемін», я болмаса «коллектившіл адамды мен қалай елестетемін» т.б. тақырыпқа шығарма беріледі.

Белгілі қасиеттердің негізгі құрамдас бөліктерін немесе қалай көрінетінін анықтау жөніндегі бұл жұмыс мұғалімге адамның белгілі қасиетіне оқушыларының назарын аударуға, сонымен бірге оларды ойлануға жетелеуге, олардың бойында, әлгі қасиеттің шын мәнісін анықтауға деген құштарлық пен қызығушылық сезімін оятуға көмектеседі.

Осылайша тәрбиешінің тәрбиелеудің жалпы мақсаттары мен міндеттерін де , сондай-ақ қалыптастыруға да тиісті әрбір қасиеттердің нақты ерекшеліктері мен белгілерін де білуі және нақты елестете алуы тәрбие процесінің бастапқы әрі маңызды сәті болып табылады.

  1. Тәрбиешінің әел бастан-ақ өз шәкірттерін білуінің маңызы да бұдан кем емес. Тәрбиеде табысқа жету үшін әр оқушыны жан-жақты білу керек және жеке пәндер бойынша үлгерімімен сипатталатын оқушы ретінде ғана емес,сондай-ақ өсіп және қалыптасып келе жатқан тұлға ретінде барлық психикалық ерекшеліктерімен және мінез-құлықтарымен қоса білу керек.

Қазір оқушылырды зерттеудің жалпы методтарына тоқталмай-ақ, қалыптасуы тәрбиешінің назарын сол бір сәтте ерекше аударып отырған қасиеттерге диагноз жасаудың кейбір әдістеріне тоқталайық.

Соңғы уақытта ситуациялар құру немесе оқушыларға арнап тапсыималар беру әдісі неғұрлым едәуір тарады. Ол тапсырмаларға оқушылардың реакциясын зерттеу тәрбиешіге шәкірттердің бойында өзі белгісі келген қасиеттердің бар я жоқ екенін анықтауға көмектеседі.

Мысалы, Вологда қаласының бір мектебінде 4-сынып оқушыларына мектепте құрылған кіші Третьяков галереясының картиналарымен мұқият танысу, солардың ішінен бірін таңдау және мұғалімдер мен үлкендердің көмегімен оның мазмұны және оны салған суретші жөнінде егжей-тегдейлі білу ұсынылған еді. Тапсырманың мақсаты сурет өнерінің шығармаларына оқушылардың эстэтикалық көзқарасын анықтау, олардың қабылдау ерекшеліктерін белгілеу болатын.

Балалардың көпшілігі азамат соғысы оқиғаларын бейнелейтін совет суретшілерінің икартиналарын таңдаған болып шықты. Кейбіреулері балаларды бейнелейтін картиналарды таңдаған. Алайда, ешқайсысы пейзаж немесе натюрмортты таңдамаған. Осыдан кейін тәрбиешілерге табиғатты әсемдікті және оның живопистегі бейнеленуін сезіну жөніндегі оқушылармен жүргізілетін жұмысты күшейту қажеттілігі анықталды.

Мұндай диагностикалық тапсырмалар жеке-дара болуы да мүмкін, тәрбиеші өзінің күдігіне немесе болжамына қарай оны жеке оқушыларға да береді. Мәселен егер тәрбиеші оқушылардың достық және қимастық сезімдерінің қаншалықты беріктігін тексергісі келсе, ол олардың біріне өз досына белгілі күш-жігер, еңбек және уақыт жұмсауды талап ететін жемісті, нақты көмек көрсету жөнінде тапсырма бере алады. Кейде ләззат алу мен көңіл көтерудің ортақтығына негізделген достық мұндай сынға төзе алмайды. Тәрбиеші алынған информацияға сәйкес ол оқушымен онан әрі жүргізілетін тәрбие жұмысын жоспарлайды.

әрине, тексерудің мұндай әдістері тәрбиешінің оқушыларда белгілі бір қасиеттердің қаншалықты қалыптасқанын анық түсінігі болмағанда немесе әлдеқандай өз күдігін анықтау қажет болған жағдайда ғана керек.

Көп жағдайда тәрбиеші қажетті барлық бастапқы хабарларды оқушыларды зерттеуге үйреншікті методтарды қолдана отырып алады, бұлардың ішіндегі бастылыры сабақ үстінде және сабақ тыс кезде оқушы тәртібін, оның мұғаліммен, жолдастармен, үлкендермен қарым-қатынасын мұқият бақылау және сонымен бірге оның өзімен, жолдастарымен, өзге мұғалімдермен, ата-анасымен,көршілерімен әңгімелесу болып табылады.

Бүкіл сынып коллективінде немесе жеке оқушыларда белгілі бір қасиеттердің қалай қалыптасқанының жалпы дәрежесін білу тәбиешіге тәрбие жұмысын жақсы жоспарлауға, сол коллективтің тәрбие деңгейіне сай нақты тәрбиелік міндеттер қоюға және оқушыларға коллективті және жеке дара ықпал етудің неғұрлым лайықты формалары мен методтарын таңдауға көмектеседі.

Оқушылардың жасын, тәрбие деңгейлерін ескере отырып, тәрбиелік тапсырмаларды таңдау проблемасы және тәрбиелеудің негізгі методтары алдында қарастырылған еді.

  1. Жеке оқушыларда немесе тұтас коллективте белгілі бір қасиеттің қалыптасу жүйесін анықтағанда және тәрбие жұмысын жоспарлау үшін тәрбиешіге оқушылардың мінезі мен жеке басының негізгі сипаттары қалыптасуының жолы мен кезеңдерін білу қажет.

Тәрбие жұмыстары табысты болу үшін семья мен мектеп әрекетінің бірлігі принципінің де үлкен маңызы бар, өйткені мектеп беретін тәрбиеге қарсы ықпалдар семьядан жиі шығады. Мектеп болса, осыдан бұрын көрсетілгендей тәрбиеде бірлікке ұмтыла отырып, қарсы әрекет ететін ықпалдарды әлсіретуге немесе жоюға тырыса отырып, семьяға ықпал ете алады және ықпал етуге тиіс.

Бөлімнің тәрбие жұмысы мәселелеріне арналған келесі тарауларында бұл принциптерді қалай жүзеге асыруға болуы көрсетіледі.