Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасырн, зерттеу әдістеріон жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми – зерттеу әдістері бара. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагоикалыық құбылыстың ерекшелітеріне сәйкес қолданылады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланыстыо. Басқа да ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қавлай жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша эксперкментті қайлай жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т. б. жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі қағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдардан толықтырадыы. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардыың әңгіме жасаудыың әдістері мен тәсілдерін нақты көрсетілгені жөн.
Мектеп құжаттарын зерттеу. Оқу және тәрбие жұмысындағы кейбір күдікті мәселелерді құжаттарвға сүйеніп зерттеуге болады. Бұл мектеп және мектептен тыс тәрбие мекемелеріндегі құжаттар мен архив мәліметтері. Мектеп құжаттарына сынып журналдары, оқушылардың күнделіктері, сынып оқу – тәрбие жұмысының жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есебі, үйірме мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің баяндамалары мен ғылыми мақалалары жатады. Педагогикалық тарихының проблемаларын архив мәліметтеріне сүйеніп зерттейді.
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасалған заттар зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы жұмыстар оқушылардың, дербес қабілетін оқуға және еңбекке көзқарасы меи қатынасын, олардың теориялық және дайындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс-әрекеттерін зерттеп анықтауға болады.
Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объекті алынады. Олардың бірі — эксперинтті, екіншісі — бақылау объектісі деп аталады.
Педагогикалық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе белсенді эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша екінші бір адам жүргізсе енжарлы эксперимент деп атайды.
Тұтас педагогикалық процестін мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін жаңадан құруүшін арнаулы эксперимент жүргізіледі. Мұны жасампаз эксперименті деп атайды.
Экспериментті жасанды жағдайда да жүргізуге болады. Кейде жете бақылау мен тексерулің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдайда педагогикалық құбылыстарды ұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымына бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Экспериметтің мұндай түрін лабораториялық эксперимент деп атайды.
Ғыдыми-педагогикалық зерттеу әдістері тек қана ғылымдаардың төл ісі болмай, барлық мұғалімдердің игілігіне айналуы қажет. Мұғалім өз жұмысында зерттеу әдістерін ғылыми негізде меңгеріп, социология және психология ғылымдарының әдістерімен ұштастырыып жүргізе білгенде ғана өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірибелерін жан-жақты зерттей алатын болады.
Педагогиканың объектісі.
Педагогика әунл бастан – ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным – мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары заман ағымына орай бір буынна екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамның, ғылыми – білімнің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Ондай өмір, ғылыми елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан – жақты түсіндірудің ғылыми әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңерінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оныың тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар арасында біріңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер редагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізбейді.
Қазіргі кезеңде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогика тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы – тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтен педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие – жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық – тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда — қоғамнын өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар (категориялар) — объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары.
Педагогикалық ұғымдардың бірі – тәрбие. Тәрбие жайында да осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.
Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан бір жақты жатаң тәжірибеге сүйеніп түсіндірмекші. Мұндай пікірді қуаттаушылар прагматистер. Олардың айтуынша тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейімдейді, сондықтан ол өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруі қажет. Осы жағдайда бала жеке басының қамын ойлап, өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді.
Педагогика ғылыми тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, өйткені тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығы философия тұрғысынан қарастырып түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар еді деді В.И. Ленин. Сондықтан Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп тұжырымдайды.
Тәрбие арқылы жеке адамның дүниеге ғылыми-матерлалистік көзқарасы, мінез-құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттері қалыптасады, ол еңбек етуге ынталы қоғамның белсенді мүшесіне айналады.
Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбненің құрамды бөліктері — білім беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп, жеке мағына бере бастайды.
Педагогиканың салалары.
Педагогика өзінің даму кезедінде тәрбие мен білім беру жайлы жалпы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, оларға педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, оқыту және білім беру теориясы — дидактика т. б. жатады.
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының түрлі салалары: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, мәдени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы пайда болды.
Педагогика тарихы – педагогиканың өз бетінше жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан біздің заманымыздағы педагогикалық теория мен практиканы дамыту үшін өткен кезеңдерден педагогикалық бай мұраларды терең зерттеп, шығармашылықпен қолданудың маңызы өте зор. Міне, осы жағдайда болашақ ұстаздар оқыту мен тәрбие мәселелерін озат педагогтардың мұраларымен байланыстыра шешетін болады.
Дефектология – педагогика ғылымының арнаулы сайысы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл – ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп жетілдіреді. Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика – саңырау, мылқау және керең балаларға, тифлопедагогика – соқыр балаларға, олигофренопедагогика – ақыл – ой кеміс балаларға, логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді.
Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол «нені оқыту керек», «қалай оқыту керек», «не үшін оқыту керек», деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері – бұл оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұны анықтауу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дүниеге көзқарасы мен қабілетін дамыту, дүниеге көзқарасын қалыптастыру, оларды өмір практикасын дайындау проблемаларын зерттеп шешу.
Педагогикалық ғылымдар жүйесінде пайда болған жоғары оқу орындарының педагогикасы. Жоғары мектептерде жастарды оқыту және тәрбиелеу проблемасы жайында ғылыми енбектер, оқу құралдары шыға бастады. 1969 жылы аспиранттар және жоғары мектеп оқытушылары үшін «Педагогика высшей жолы» кітабы (лекциялар циклі), ал 1972 жылы «Основы вувской педагогика» оқу құралы баспадан шықты.
Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыстыра дамиды. Өйткені, адамды жан – жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді. Олардың бірі – философия ғылымы.
Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейд», өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшіті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі. Мысалы, құлықтық және эстетикалық тәрбиеге байланысты мәселелер зерттелгенде, педагогика, этика мен эстетикаға, ал оқыту мен білім беру проблемаларын зерттегенде таным теориясына сүйенеді.
Педагогика мен психология ғылымдарынын зерттейтін объектісі — адам. Бірақ, зерттеу екі бағытта жүргізіледі де, бір нәтижені көздейді. Мысалы, психология адамның мінез-құлқындағы түрлі ерекшеліктерінің механизмін ашуды қарастырса, ал педагогика адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді. Педагогика ғылымы басты пробдлемаларды психологияның көмегімен шешеді.
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді. Археология — өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттейді. Әрбір қоғамдық-экономикалық формация оқу мен тәрбиенің мақсатын, міндеттерін және мазмұнын анықтау үшін педагогика сол формациядағы халықтардың мол ниеті, дәстүрі мен экономикасы жайындағы белгілі ғылыми еңбектер мен құжаттарды басшылыққа алады.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктері де пайдалана бастады. Кибернетика — грек сөзі, бұл басқар өнері деген мағына береді. Кибернетика жас ғылым, ол XX ғасырдың 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика — күрделі машиналардағы, тірі организмдегі және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым. Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясы.
Педагогикаға үлес қосқан ғалымдар.
Педагогика ғылымын дамытуда үлкен үлес қосқан ірі ғалым-педагог Н. Қ. Крупская. Ол Ұлы Қазан төңкерісінен кейін А, В. Луначарский, М. Н. Покровскпй сияқты халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлерімен бірге қызмет істей отырып, педагогика ғылымың дамытуда татымды еңбек етті. «На путях к новой школе» журналының беттерінде маңызды педагогикалық мәселелерді үнемі жариялаумен қатар, оны әлеуметтік-педагогикалық ойлардың органына айналдырды.
Н. К. Крупская еңбектері оның он томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Ол педагогика ғылымының барлық салаларына көңіл бөлді. Әсіресе, ересек адамдар арасындағы сауатсыздықты жою, мектепке дейінгі тәрбие, үйелмен тәрбиесі, политехникалық білім, балалар ұжымының рөлі, оқушылардың өзін-өзі басқарушылығы, мінез-құлық, еңбек, эстетикалық және интернационалдық тәрбие мәселелерін ерекше зерттеп, құнды педагогикалық мұра қалдырды. Бұл Н, К. Крупскаяның 20 жылдан астам істеген қызметінің нәтижесі. Оның басты еңбектері: «Халыққа білім беру және демократия», «Семья және мектеп», «Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселе» т. б.
Н. К. Қрупская эмиграцияда жүрген кезінде (Швейцария) «Халыққа білім беру және демократия» (1915 ж.) деген ірі педагогикалық еңбегін жазды. Бұл кітапта оқуды өнімді еңбегімен ұштастырып жургізу туралы демократиялық көзқарастарға талдау жасалынып, келешек қоғам мектебінің негізгі ерекшеліктері сипатталды.
Ірі педагог Антон Семенович Маракенко (1888-1939) педагогика ғылымына үлкен үлес қосты. Жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу – тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.
Бұған А. С. Макаренконың мұрасын тәрбие жұмысында пайдалану мәселелері жөнінде 1972 жылы наурыз айында Петропавл қаласында өткен Республикалық ғылыми-практикалық конферендия немесе осы жылы наурыздың 27-29 күндерінде Мәскеу қаласында болған Бүкілодақтық симпозиум дәлел бола алады. Бұл симпозиумға оқулықтың авторы Ж. Қоянбаев қатысты Симпозиумге қатысқан педагогтар, Макаренконың тәрбиеленушілері мен жақын серіктері, бір сыпыра елдердің ғалымдары:Гюнтер (Германия), А. Левин (Польша), Н.Чакиров (Болгария), Во Куанг Фку (Вьетнам), т.б. А.С. Макаренконыың бай тәжірибесі мен тәрбие жұмысы теориясын уағыздап қана қоймай оның еңбектерінде тәрбие жүйесін жетілдіру мақсаты мен ғалым негізінде қолданудың қажет екендігі туралы біріңғай тұас пікірлер да болды. А. С. Макаренконың идеялары, мысалы, Польша мектептерінде 1946 жылдан қолданыла бастады, ал Германия педагогтары А.С. Макаренконың шығармаларын 1962 жылы неміс тілінде 8 томдық етіп баспадан шығарды.
Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде «Білім беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы» (1992), Қазақстан Республикасының ретін мектептері тұжырымдамасы»(1992), Республикасының «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы»(1993, Республикасының«Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» (1993) педагогика ғылымының зор сүйеніші болады.
Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы-педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес қосты. Олардың ой-пікірлерін қысқаша байымдау, еске түсіру, ғылыми және әдеби еңбектерін жастарға білім беру саласында, әсіресе, өскелең өмір жағдайында кең түрде қолданудың қажет екендігі сөзсіз.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі—Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865). Шоқанның өзіндік педагогикалық көзқарастары болды. Ағартушы-ғалым казақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізінде құрап, оқу-бідімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуші әкімдер мен тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді, тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді», — деді, Шоқан еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ болсын деген озық идея басым. Шоқанның ағартушы-ғалым демократ ретінде көздеген ой-пікірі, негізгі мақсаты — халқына қайткенде де білім беру, оқыту, дүние тануға жетелеу, оны реформа арқылы іске асыру еді.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин(1841-1889). Алтынсариннің демократиялық-ағартушылық бағыты педагогикалық көзқарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқынын қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жұмсады.
Ы. Алтынсарин қазақ жастарының кәсіптік мамандық алуына жол ашты. Торғайда — қолөнер. Қостанайда — ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашылуына зор ықпал жасады. Кейінірек қыздар училищелері өмірге келді.
Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаевтың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен «ғаклия» сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруді, өмір ақиқатын түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылымен, жан құмарымен алынатындығы, қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы,дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы, оның педагогикалық көзқарастарының дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой- пікірлерімен терең қабысып жатқандығының айғағы. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол… жақсы көпке ортақ, пайдаң «еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды.
Қараңғы қазақ елінің көгіне, өрмелеп шығып күн болуды» көксеген ағартушы-педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) артына педагогикалық ой-пікірдің өшпес мұрасын қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде қоғамдағы әділетсіздікті, теңсіздікті көре біліп, бұларды оқу-ағарту ісімен жөндеуге болады деген пікірді насихаттап, ағартушы демократ деңгейіне көтерілді.
Сұлтанмахмұт халықты, жастарды дүниетану оқуына, өнеркәсіп үйренуге, мәдениетке жетуге, өнерлі, прогресшіл елдерден үлгі алуға, ілгері өрлеуге, басқа елдермен теңесуге шақырды. Өмірді өзгертуші, адам мінезін қалыптастырушы ұлы күш саналы тәрбие деп түйіндеді. «Ары тазаның жаны таза» деген қорытындыға келді.
Ұлттық тәлім – тәрбиенің көрнекті өкілдерінің бірі — Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931). Шоқан, Абай, Ыбырайлар салған ағартушылық арна – дәстүрін әрі қарай жалғастырады. Шәкәрімнің жастарға ұсынған адамгершілік жолы – адалдық және ғылымды меңгеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінезінің өзі көріп, түзете білуге шақырды. Бар білімнің түп атасы ақыл деп қорытындылайды.