Пайз, оның пайда боуы және факторлары

Оның себебеі, бүгінгі күнгі ресурстарға иелік ету жеке адамның тұтыну таңдауын ұлғайтып қана қоймайды, сонымен қатар болашақта жоғары табыс мөлшерін қамтамасыз ету үшін шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін де береді. Сондықтан, ағымдағы ресурстарға иелік етуден бас тартып оны қарызға беріп, оның орныны толтыруға есеп жасайды. Қарыз алушы ресурстарды пайдаланғаны үшін, яғни осы ресурстра табыс әкелгенге дейін, сатып алғаны үшін төлем төлейді. Демек, шешім қабылдау мен табыс алу арасында белгілі бір уақыт өтеді. Осы уақыт төлем процентін құрайды. Осы себепті де процент қарыз капиталының бағасы.

Процентінің нарықтық экномикада атқаратын қызметі үлкен. Жаңа классиктердің пікірінше:

  • процент капиталды пайдаланудың әрқилы варианттарын таңдап алудың маңызды құралы;
  • процент ставкаларын салыстыру, ресурстарды рационалды бөліп, капиталға ең пайдалы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіншілік жасайды.
  • процент ставкасы ұзақ мерзімді жоспарда тұтынуға деген бейімділікті жеңіп, ұқыптылық, үнемділікке ынталандырады. Осылардың салдарынан капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасайды.

Нарықтық қатынаста бағаның тез өзгеріп отыруына байланысты ақшаның бірдей сомасы бүгін және бір жылдан кейін әрқилы бағада, сондықтан осы ақшаны банкке салуға болады, ол бір жылдан кейін салынған сома нарықтық ставканың процент мөлшеріне ұлғаяды.

Дамыған несие жүйесінде банктер ақшаны көбейту қабілетіне ие болады. Осыған мысал келтірейік

Ақша Баз-ның өсімі Банк резервтерінің өсімі Халыққа берілетін банк несиесінің өсімі Халық қолындағы ақша өсімі Банктегі салымдар өсімі
0

100

0

0

0

100

0

10

9

8,1

7,3

100

0

90

81

72,9

65,6

900

0

(90)

(81)

(72,9)

(65,6)

0

0

90

81

72,9

65,6

1000

Халық өз ақшаларын банктерде сақтайды, банктер басы артық резервтерді ұстамайды, бірақ банктің резерв нормасы 1/10 қатынасына тең делік. Егер де халық табысы 100 шартты бірлікке өссе, онда банктердегі халық салымдары қалай және қаншаға өседі ? Бұл жағдайда банк салымдарының өсімі 10-ға тең (100-дің 1/10). Демек, банк 90 шартты бірлікті қаржыны халыққа бере алады. Халыққа берілетін банктің үстеме салымдарының өсімі 90шартты бірліктік қаржыға тең, оның 9 шартты бірлігі 900 шартты бірліктік қаржыны құрайды, ал жалпы салымдарының өсімі 1000 бірлікте қаржыға жетеді.

Банктің айналымындағы ақша массасының көлемін неше рет көбейетіндігін есептеп шығару үшін депозиттік мультипликатор (m) пайдаланлады; яғни, ол: m -1/r; мұнда r – банктің міндетті резерві және мұнда ол 10-ға тең.

Ақша ұсынымы (Мs) мен ақша базасы (В) арасындағы байланыс мына теңдеу арқылы көрсетіледі. Мs mB

Мұнда: Мs — ақша ұсынымының өсімі

В –ақша базасының өсімі

Коммерциялық банктердің қызмет ету мақсаты пайданы иемдену болып табылады.

Банк пайдасы табыстар мен шығындардың ара қатынасымен анықталады.

Банк пайдасының нормасы мына формула бойынша анықталады:

Банк пайдасы Банктің жалпы пайдасы банк ісін жүрізуге байланысты шығын

нормасы

Банк меншігіндегі капитал

Банк пайдасы – қарыз капиталы иесінің иемденетін табысы.

Жылдық процентпен өрнектелген, қарыз капиталынан түсетін табыс –проценттік ставка деп аталады. Ол ұзақ мерзімді уақытпен анықталатын оташа проценттік ставкасына және әр күн сайын қалыптасатын нарықтық проценттік ставкасына бөлінеді. Оған әсер ететін факторлар:

а) капитал көлемі;

б) капиталдың өнімділігі;

в) капиталға сұраным мен ұсынымының қатынасы

Сонымен бірге, ол өз кезегінде тағы да номинал проценттік ставкасына және нақты проценттік стиавкасына бөлінеді.

Номинал проценттік ставка белгілі бір ақша бірлігінің (мысалы, теңге немесе доллар) бағамы бойынша белгіленетін ставканы айтады. Нақты проценттік ставка деп инфляциямен өзара сабақтас байланыста белгіленетін ставканы айтады.

Ставкалардың деңгейі төмендегі факторларға байланысты өзгеріп (мысалы, 7%-тең 20%-ке дейін) отыруы мүмкін.

  1. Тәуекелдік. Егер борышқордың қарызды қайтара аламайтын қаупі күшейген кезде, несие беруші соғұрлым қарыз процентін көтере түседі.
  2. Мезгілдік. Ұзақ мерзімге арналған қарыздар қысқа мерзімге берілетін қарызбен салыстырғанда жоғары проценттік ставкамен беріледі: себебі, ұзақ мерзімді несие берушілер өз ақшаларын баламалық пайдаланудан бас тартуына байланысты қаржылай залалдарға ұшырауы мүмкін.
  3. Қарыз көлемі. Әдетте, азғантай мөлшердегі қарызға проценттік ставка жоғары болады. Себебі, көп және аз қарыздардың әкімшілік шығындары бірдей. Басқа да жағдайлар –бәсеке салық салу деңгейі және т.б. факторлар әсер етеді.

Проценттік ставканың атқаратын қызметі зор, өйткені ол өндіріс деңгейі мен оның құрылымына ықпалын тигізеді, яғни:

  1. Төменгі проценттік ставка инвестициялардың өсуіне және өндірістің ұлғаюына мүмкіндік жасайды. Жоғары проценттік ставка инвестицияны «тұншықтырады» және өндірісті тежейді.
  2. Проценттік ставка капиталдың орнығуына да әсер етеді.Ол ақшаларды ең табысты салаларға шоғырландырады.

Пайда — кәсіпорынның мақсаты және қозғаушы күші. Пайданың шығар көзі қажетті өнімнің бір бөлігі мен қосымша өнім.

Пайда кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетін қорытындылайтын негізгі көрсеткіш.

Пайда категориясын қарастырғанда экономикалық (ата) және бухгалтерлік пайданы ажырата білу қажет. Бұл ұғымның пайда болуы шығындардың ішкі және сыртқы (жоғарыда айтылған) болып шектелуінде.

Экономикалық (таза) пайда — кәсіпорын сатқан өнімнен түскен ақшадан (толық түсім) ішкі және сыртқы шығындар сомасын (оған орта пайда да қосылады) алып тастағанға тең. Ал, бухгалтерлік пайда – кәсіпорын сатқан өнімнен түскен ақшадан сыртқы өндірістік шығын көлемін алып тастағанға тең.

Пайда кәсіпорын іс-әрекетін қорытындылайтын синтетикалық көрсеткіш ретінде, оғын көп факторлар әсер етеді. Сондықтан пайданың көлемі сыналарға байланысты:

1)Еңбек өнімділігінің деңгейі: Еңбек өнімділігі жоғарылаған сайын өнім өндіру және оны сату көбейеді, өзіндік құны төмендейді. Осының бәрі пайданы көбейтеді.

2)Еңбек өндіруде материалдық және еңбек шығындарын үнемдеу. Осының нәтижесінде өндірістегі материал және еңбек сыйымдылығы төмендейді, капитал тиімділігі артып, пайда көбейеді.

3)Өндіріс құрылымының және өндірілген өнім ассортментінің үлесінің жоғары болуы пайданы көбейтуге жағдай жасайды;

4)Баға деңгейі. Шығарылған өнімдерге бағаның өсуі алынатын пайдаға тікелей пропорционалды, ал төмендеуі кері пропорционалды;

5)Авансыланған капиталдың жалпы айналым жылдамдығы. Қызмет жасап жатқан капиталдың айналымын тездету негізгі және айналмалы капиталды үнемдеуге немесе шығарылатын өнім көлемін өсіруге әкеліп соғады. Екі жағдай да пайданы көбейтуге әкеледі.

6)Жалпы пайданың таза пайда және мемлекетке аударуға бөліну. Мемлекетке жалпы пайдадан орынсыз, артық өндіру таза пайданы кемітіп, кәсіпорын экономикасының бірқалыпты қызмет жасау мүмкіншілігін төмендетеді.

Кәсіпорын барлық осы бағыттарда өз пайдасын көбейтуге тырысады, әрине олар оның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетінде позитивтік маңызы бар.

Пайданың экномикалық категория ретіндегі мәні, оның төмендегі үш атқаратын қызметінен көрініс табады:

1)Пайданы өндірістік және коммерциялық іс-әрекеттеріне қорытынды баға беру көрсеткіші ретінде пайдаланады. Кәсіпорынның өндіріс және айналым сфераларындағы іс-әрекетінің барлық жағы пайдада көрініс табады. Бірақ пайда әмбебап көрсеткіш емес. Пайда категориясының көп факторлылығына байланысты пайдамен бірге басқа да көрсеткіштерді пайдалану қажет.

2)Пайда болуы қызметін атқарады. Пайданы қосымша құнды кәсіпорын мен мемлекеттің, кәсіпорын мен салалардың, кәсіпорын мен оның жұмысшыларының, өндірістік және өндірістік емес сфералардың арасында бөлу және қайта бөлуде қаражат рынагы ретінде пайдаланады.

3) Пайда ынталандыру қызметін атқарады. Бұл қызметі кәсіпорынды және оның жұмысшыларын экономикалық ынталандыру процесімен байланысты. Кәсіпорында пайданы марапаттау қорын құруға және өндірісті ұлғайту көзі ретінде пайдаланады.

Кәсіпорын пайдасы абсолюттік –ақша түрінде және салыстырмалы пайда нормасы (% -түрінде) ретінде анықталады.

Пайда нормасы пайданың барлық авансыланған капиталға қатынасы ретінде пайыз түрінде есептеледі.

Мұнда Р*- пайда нормасы;

Р – ақша түріндегі пайда;

К – авансыланған капитал

Пайда нормасы авансыланған капиталдың пайдалылылғын көрсетіп, оны әрі қарай қалай пайдалану жолдарын сілтейді. Сонымен, қатар пайда жалпы шығындарға қатынасымен де есептеледі. Бұл жерде өндірісте жұмсалған шығындардың пайдалылығын көрсетеді.

Жер рентасы-жерден алынатын табыс ретінде.

Рента теориялары

Өндіріс факторларының бірі жер және оның қойнауындағы байлықтар, одан алынатын табыс рента деп аталады.

Жерге тән ерекшелік: оның басқа еркін ұдайы өндірілетін факторлардан өзгешелігі, жер ұсынымы шектеулі, оның көлемі тұрақты, өзгермейді және оны ұлғайтуға болмайды. Осыған орай, жер ұсынымы икемсіз.

Жер ұсынымының икемсіз және шектеулі болйына байланысты ауылшаруашылығында баға белгілеу ерекше болады.

Пайда экономикалық категория ретінде әртүрлі өндіріс тәсілдерінде де өмір сүрді: құл иеленуші және феодалдық қоғамында рестовщиктер және сауда пайдасы түрінде. Пайда қазіргі өндірісте де қосымша құнның негізгі түрі ретінде сақталып келеді.

Пайда және оны максимизациялау әсіресе нарықтық қатынаста барлық өндірістің және шаруашылық салаларының негізгі нақты мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, атап айту қажет, экономикасы дамыған елдерде инфрақұрылымды қоғамдық шаруашылықтағы пайда ала алмайтын қосымша бюджеттен қаржы бөліп қолдануға тура келеді.

Пайданың нарық экономикасында түбегейлі қызметінде және экономикалық теорияның объектісі болуына қарамастан, осы күнге дейін оның маңызына екі түрлі көзқарастар бар: Маркстік және қазіргі кезеңдегі экономикалық ілім.

  1. Маркстік көзқарас. Пайданың мәні К.Маркстың Капиталының ІІІ-томында зерттелген. Маркстың ұжырымдауынша пайда қосымша құнның өзгерген түрі. Бұл өзгеру қосымша құнды өзгермелі капитал жасағанмен, ол барлық авансыланған тұрақты және өзгермелі капиталдың туындысы ретінде болады. Себебі өндіріс құрал-жабдығының иесіне жұмыс күшінің қалай пайдаланғаны ғана емес, құрал-жабдықты қалай тиімді пайдаланғаны да қажет. Сондықтан пайданың көлемі (мөлшері) тауар құны мен оның өндіріс шығындарының айырмасы ретінде анықталады (егер туар құны бойынша сатылса). Ескеретін жәй, пайданы тауар өндірушілер тек тауарды сатқаннан соң алады. Сондықтан, сатылған қосымша құн ақша түрін қабылдайды (ауысады) да, пайдаға айналады (өзгереді), Пайда сатылған қосымша құн ретінде болғанымен соңғысы сұраныс пен сұраныстың әсерінен ауытқиды. Міне осы ауытқу тауар өндірушілер алатын пайда мөлшерін, анықтап, оларды кедей және бай деп жіктейді, бір саладан екінші салаға капиталдың ауысуына әкеліп соқтырады, жеке пайда нормасын орта пайдасымен теңестіріп, өндіріс бағасын құрайды, оның айналасында нарықтық баға ауытқиды. Пайда, қосымша құн сияқты төленбеген жұмысшы еңбегінің нәтижесі, сондықтан адамды қанаудың арқасында пайда болады.
  2. Қазіргі экономикалық ілім көзқарасы. Олардың көзқарасы бойынша пайда, өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал) пайдаланудың нәтижесі. Сондықтан, пайда және кәсіпкерлік табыс, кәсіпкерлердің атқарған қызметтерінің нәтижесі ретінде қарастырады. Осыған байланысты төмендегідей анықтамалар береді:

— пайда кәсіпкер іс-әрекетінің қызмет ақысы:

— пайда кәсіпорынды басқарудағы жаңашылдығы, таланты үшін төленетін ақысы;

-пайда нарықта өндірушілердің (сатушылар) монополиялық жағдайынан пайда болатын табыс.

Ескеретін жәй, кәсіпкер міндетті түрде пайда алуы керек, олай болмаса, ол нақты бір өндіріс саласына ақша жұмсайды.

Қарастырылған екі көзқарастар да өмір сүруге құқылы К. Маркстың көзқарасындағы кемшілік – пайданың мәнін тікелей жеке меншікпен, сонымен байланысты жұмышыларды қанау деңгейімен байланыстыруы. Бірақ практика көрсетіп отырғандай, мәселе жеке меншікте және төленбеген еңбекте емес, пайданы кімдер пайдаланады, яғни меншік пен басқару қатынасында болса керек.

Екінші көзқарастың кемшілігі кәсіпкердің не үшін пайда алатынын анықтай отырып, оның шығатын көзін (источник) анықтамайды.

Белгілі жәй, нарықта алынбайды, себебі бұл жерде тауар айналымы: Т-Т. Бұл жерде түскен пайда қайта бөліндеі. Осыған байланысты шындыққа жақын К.Маркстың дәлелдегені; пайда өндіріс нәтижесі.

Кәсіпорын пайдасы жалпы және таза болып екіге бөлінеді:

Жалпы пайда – кәсіпорынға түсетін жалпы өнімнің бір бөлігі, ол сан жағынан сатылған өнімнен түскен ақшадан (салықтар және т.б.) Таза пайда кәсіпорын иелігіне қалады да, шаруашылықтың ішкі қажеттіліктеріне жұмсалады.

Пайда өндіріс сферасында жасалады. Өзінің ерекше экономикалық түріне айналым сферасында ауысады, атап айтқанда өндірілген өнімді сату процесінде. Пайда айналым сферасында тауар өндірушілер арасындағы бәсекелік күрес, сұраныс мен ұсыныстың тауар нарығының конъюктурасына орай өзгерістеріне байланысты қалыптасады.

Қоғамдық өндіріс бағасы орташа немесе жақсы өндіріс жағдайлары арқылы емес, неліктен нашар жерлер жағдайымен анықталады деген сұрақ туындайды. Себебі, жер шектеулі және қоғамның бүкіл қажеттіліктерін орташа және құнарлы жерлерден алынатын өнімдер қанағаттандыра алмайды. Егер сұраныс ұсыныстан басым болса, онда нарық бағасы нашар жер учаскелерінен алынатын тауарлар бағасының дәрежесіне көтеріледі.

Осындай баршаға ортақ жағдайы барлық экономистер мақұлдайды, бірақ басқаша мәселелер бойынша әр түрлі көзқарастар қалыптасқан.Атап айтқанда иемдену мен оны пайдалану, жер иелерінің табыс көзі, ұсыныс үйлесімділігі, жер бағасы т.с.с.

Жер рентасының маркстік концепциясы табыстың барлық түрлерінің көзі қосымша құн екендігін дәлелдейді. Демек, жер рентасы, пайда мен процент сияқты қосымша құнның өзгерген түрі болып табылады. Маркстік теорияның маңызды қорытындысы, жерге ірі жеке меншіктің жойылуының керектігін дәлелдеуі. Осы теорияға сай жерді национализациялау ауыл шаруашылығында қоғам көлемінде тұтас алғанда өндіргіш күштердің дамуына даңғыл жол ашады.

Жерді иемдену жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның белгілі бір жер учаскесіне құқылығын мойындау. Жерге иелік етуді жер иесі атқарады. Жерді пайдалану заң негізіне сай жүргізіледі. Жер иесі жерді пайдаланушы болуы міндетті емес. Өмірде жерді иемдену мен оны пайдалану көп жағдайда бір-бірімен сәйкес емес. Өмірде жерді иемдену мен оны пайдалануды жеке немесе заңды тұлғалар атқарады. К.Маркстің «Капиталда» басшылыққа алған жүйесі үш әлеуметтік топтың өзара қатынасына негізделген: жер иелері жерді пайдаланушы да емес жұмыскер.

Қазіргі кездегі нарықтық экономикасы дамыған Батыс алдерінде жерге меншіктің төмендегіше түрлері орын алуда: аристократияның жерге жекеменшігі (бұл түрі Ұлыбритания елінде орын алған); жерге буржуазияның меншігі, кәсіпкерлер деп аталатын жекелей ждер иемденуші және түрлі кооперацияның иелігі (банктер, ірі өнеркәсіп және ауылшаруашылық компаниялар); жерге мемлекеттік меншік; жерге фермерлік меншік – жәй тауар өндірушілер.

Жер рентасының пайда болуының басты шартты жағдайы жерге деген ұсыныстың шектеулілігі, Еңбек пен капиталға деген ұсыныстың қалыптасуында осындай шектеулілік орын алмайды, өйткені оның екеуі де еркін, ұдайы өндіріледі. Ауылшаруашылығы өнімдері өндірілетін жер құрылыстың жер учаскелері де дәл осындай сипатта. Жерге деген ұсыныстың шекетулілігі, икемділікке келмеуі ауыл шаруашылығында бағаның ерекше құрылуының маңызды себептері болып табылады.

Жер рентасының екі түрі бар. Дифференциалды және абсолюті жер рентасы

Дифференциалдық рентаның пайда болуын мысал арқылы қарастырайық.

Жер учакелері

 

 

 

Түсімділік Капитал

шығыны

Орта

пайда

Бүкіл түсімнің өндірістік жеке бағасы І- центнер

өнімнің жеке бағасы

Қоғам өнд.

1 ц. өнімнің бағасы

Бүкіл түсімнің өндірістік жеке бағасы Дифр.рента
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1- ең

төменгі

ІІ-орташа

ІІІ-жақсы

3

4

5

 

100

100

100

20

20

20

 

120

120

120

40

30

24

40

40

40

120

160

200

0

40

80

Мысалда, жер учаскелері саналығы, құнарлылығы бойынша 3 түрге бөлінеді: құнарлығы бойынша ең төменгі, нашар жер учаскесі (1), орташа (ІІ) құнарлығы жоғары, ең жақсы жер учаскесі (ІІІ),жер жеке меншікте, кәсіпкер –бұл арендатор. Тікелей өндіруші –жалдамалы ауыл шаруашылығы жұмысшысы.

Неліктен қоғамдық өндіріс бағасы 40 өлшемге тең, яғни ең төменгі (олтада да емес) жер учаскесінің жеке бағасының дәрежесімен белгіленген ? Өйткені қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін ІІ және ІІІ жер учаскелерінің ауыл шаруашылық өнімдері жеткіліксіз, ондай жерлер шектеулі. Егер, белгілі бір себептермен рыноктың баға орташа (ІІ) жер учаскесінің дәрежесінде (30 өлшем) белгіленсе, арендатор бір учаскеде ұтылысқа ұшыған болар еді, түскен бүкіл өнім сатудан алары 90 өлшем (3х30), тіпті жұмсаған шығынын да (100 өлшем) қайтараламас еді. Осы арендаторлардың ұтылыс жағдайында қалуы ең төменгі жер учаскесін мүлдем пайдаланбай аздырып жіберуге әкеліп соғар еді. Алайда І-ІІІ жер учаскелерінің өнімдері есебінен жиынтық сұранысты қанағаттандыру мүмкін емес, баға 30 өлшемге дейін өсіп, одан да жоғары көтеріліп өңдеген тиімді болып, жалға беруге болады. Сонымен, ауыл шаруашылығының бағасында өзіндік ерекшелік бар,ол бойынша реттеушілік қызметті орта шығындар емес, қайта ең жоғары шығындар (құнарлығы төменгі жер учаскесі) анықтайды.

Дифференциалды рента өндірістің қоғамдық бағасы мен жеке бағасының айырмасы, 8- бағанадан 5-бағана деректерін шегеру жолымен алынады: (120-120=0; 160-120=40; 220-120=80). Ең алдымен дифференциалды рента қосымша пайда ретінде арендаторға түседі (нарықта өнімді сатқаннан кейін), одан кейін қосымша пайда аренда төлемі ретінде жер иесіне көшеді.

1-кестеден көрініп отырғандай 1- учаскеден жер иесі ешқандай рента алмайды, өйткені бұл жер ешқандай қосымша пайда әкелмейді. Бір жағынан жер иесінің барлығы да рента алуы керек, өйткені жер жеке меншікте, оны ешкім де арендаға тегін бермейді, ал екінші жағынан қарағанда, арендатор 1- учаскеден ешқандай қосымша пайда алмайды. Бұл мәселе қандай шешім табуы керек ? Осы мәселені шешуге байланысты ғылыми құнарлылығына қарамастан барлық жерден төлем талап етіледі.

Абсолютті жер рентасының пайда болуының себебі, біріншіден, тауар құны категориясы (с+v+m) мен өндіріс бағасын (с+v+р) нақты ажырату керек; екіншіден, қол еңбегінің үлкен көлемде орын алуы мен капиталдың органикалық құрылымының (с:V) ауыл шаруашылығында өнеркәсіппен салыстырғанда төмендігін ескеру керек; үшіншіден жерге жеке меншік үстемдігі өнеркәсіптен ауыл шаруашылығына капиталдың еркін ауысуына кедергі жасайды. Жер иесі белгілі мөлшердегі төлемді төлемей ауыл шаруашылығы өндірісін игеру мақсатымен капиталдың ауыл шаруашылығына өтуіне болмайды.

Енді мысал арқылы абсолюттік жер рентасының пайда болуын қарастырайық(2-кесте)

Капиталдың 100

өлшемінің орташа органикалық құрылымы

Қосымша күн мөлшері Өнімнің құны

 

Орташа пайда нормасы(% есебімен) Өндіріс бағасы Құн мен өндіріс бағасы арасындағы айырма Абсоют

ті

рента

Өніркәсіпте 80с +20v 20 120 20 120    
Ауыл шаруа

шылығында

60с +40v

40 140 20 120 20 20

Кестеден көрініп тұрғандай, капиталдың еркін ауысуымен байланысты өнеркәсіпте бәріне ортақ пайда нормасы 20% өнеркәсіптегі өндіріс бағасы 120. Алайда, ауыл шаруашылығында капиталдың органикалық құрылымы орташа өнеркәсіпппен салыстырғанда төмен, ең бастысы жерге жеке меншік капиталдың ауысуы — 140>120. Егер өнеркәсіптен ауыл шаруашылығына капиталдың еркін ауысуы орын алатын болса, ауыл шаруашылық жұмысшыларының еңбегімен өндірілген қосымша құн салааралық бәсеке арқылы қайта бөлініп, «ортақ қазанға» түскен болар еді, нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарларының құны төмендер еді де ал өндіріс бағасы көтерілер еді.

Сонымен, абсолюттік рента ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны мен өндірістік бағасының айырмасы К: маркс «Құнның төмендеуіне жерге жеке меншіктің болуы жол бермейді» деп дәлелдейді.Осыдан жерді национализациялау қажет деген қорытынды жасалады.

Егер жер иесі жерін жалға тапсырса,онда жалгер оған аренда ақысын төлейді, оның құрамына жер рентасы мен сол жерде орналасқан құрылыстар мен қора-қопсыларды пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер кіреді.

Жалгер болса, ол шаруашылыққа жұмсалған өзінің капиталынан түсетін орта пайданы иемденеді.

Жаңа классикалық теориялар бұл мәселені басқаша көзқараспен, яғни шектеулі  шығындар концепциясы арқылы түсіндіреді.

Жер иесі –фермер болып, өзі шаруашылықты жүргізетін жағдайды қарастырайық.

Осыған орай П. Самульсонның мысалын пайдаланайық.

Суретте жер иесі фермердің ең соңғы жалдамалы жұмысының жалақысының шектеулі өніммен теңдескенше жұмысқа қабылдай беретіні көрінеді. Барлық жұмысшылардың жалақсы OW,EL. көлемімен анықталады. Басқа бөлігі W.DE., яғни бұл шама жер рентасының көлемін сипаттайды.

П. Самульсон жер рентасының мөлшерін «қалдық әдісімен» яғни жалпы жасалған өнімнен жиынтық жалақының мөлшерін шегеру арқылы анықтайды.

Енді фермердің жері жоқ оны арендаға алу жағдайындағы рента мөлшерін анықтайық.

Жаңа классиктер кез-келген факторлардың, яғни жалақының процент пен рентаның бағасы сұраныс пен ұсыныстың теңгерілу деңгейінде белгіленеді деген принципті жақтайды.

Жер Ұсынымының икемсіз екені баршаға мәлім. Сол себепті жер ұсынымының қисығы SQ  вертикальды сызық болады. ДД –жерге сұранымның қисығы. Е. нүктесі -жер рентасының учаскелеріне сұраныс  пен ұсыныстың теңдескен кездегі жер рентасының деңгейі.

Егер де аренда ақысының (рентаның) деңгейі көтерілсе ( Е нүктесінен жоғары болса),онда жер сұранымы оның ұсынымынан басым болады. Мұндай жағдайда жер иелері аренда ақысын (рентаны) қымбаттады.

Демек, тек Е нүктесінде жер сұранымы мен ұсынымының тепе-теңдігі орнайды.

Жаңа классиктердің Маркстен ерекшелігі, оларды рентаны кім жасайтыны қызықтырмайды, керісінше олар белгіленген рентаның деңгейі қандай себептерге нәтижесінде екі тұжырым жасалады:

  • рентаның деңгейі жер ұсынымының икемсіздігіне тәуелді;
  • рента деңгейі түпкілікті өнімнің сұранысына тікелей байланысты.

Мысалы, бидайға сұраныс азайса, онда бидай өсірілетін жерге де сұраным төмендейді. Демек, аренда ақысының ставкасы төмендейді.

Осылайша, бірақ керісінше ситуация болуы мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында жер тауарлары сипат алады, ол сатып алынады және сатылады. Жерге сұраныс өндірістің басқа факторлары еңбек пен капиталға сұранысындай. Осымен байланысты жер бағасының қалай анықталатыны маңызды.

Дәстүрлі маркстік түсінікте бұл категорияның мәні жер бағасын иррационалды категория ретінде сипаттауымен байланысты. Жердің құны жоқ (оған адам еңбегі жұмсалған жоқ, адам еңбегінің жемісі емес, ол табиғаттың сыйы) сондықтан, жер бағасы құнның ақшалай көрінісі бола алмайды. Олай болса, жер учаскесінің сатып алу немесе сату бағасы қалай анықталады екен ?

Осыған орай, жер бағасы екі шамаға, яғни:

  • жер иемденетін жер рентасының көлеміне
  • Қарыз процентінің ставкасына тікелей байланысты болады.

Сонымен, жер бағасын мына формуламен анықтауға болады.

рента мөлшері

Жер бағасы     _____________________________ 100 %

қарыз процентінің мөлшері

Мысалы, рента ретіндегі жыл сайынғы табыс 1000 доллар, қарыз процентінің ставкасы 5%  бұл жағдайда жер бағасы ——- доллар тең болады.

Бұл формуладан жасалатын қорытынды, көлемінің өсуімен жер бағасы ұлғаяды да, ал қарыз проценттерінің өсуімен ол төмендейді.

Жер бағасының қалыпты жағдайы нарықтық қатынаста тауарлар нарығы мен өндіріс факторларының мәнін дұрыс ұғынуға көмектеседі.

ПАЙДА ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ.

Әрбір дәуірдің есті өкілдерін пайда теориясы толғандырды және әр дәуір оны өзінше анықтады, сөйтіп осы теорияға өз көзқарастарын білдіріп толықтырды. Пайданың қайнар көзін түсіндіру талпынысының алғашқылары болып XV-XVII ғасырларда мерканталистер жасаған. Олардың пайымдауынша, пайда сыртқы саудада туындаған. Тауарды шет елде жоғарғы бағамен сату арқылы адамдар пайда табады.

Пайда теориясына экономнкалық теория классиктері А.Смит пен Д.Рикардо сүбелі үлес қосты. Пайданың қайнар көзін олар өндірістен таба білді. А.Смит өзінің басты еңбегі «Табиғатты зерттеу және халықтар байлығының себептері» (1776 ж) деген еңбегінде былай деген: «жұмысшылардың материалға қосқан құнының өзі екі бөлшекке бөлінеді,біреуі олардың жалақысын төлеуге, екіншісі –кәсіпкердің пайдасын  төлеуге кетеді. А.Смит пайданы кәсіпкердің жалдамалы жұмысшы еңбегі өнімнен шегеру ретінде қарастырған. А.Смит ойын былай қорытындылаған: пайда — бұл жұмысшының төленбеген еңбегі, алайда оның қорытындылары қарама-қайшылықта болды. А.Смит өнім құнының осы бөлігі кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын «марапаттау» ретінде жүзеге асқанын айтқан. А.Смиттің пайданы- бұл кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын марапаттау идеясы өзінің ізбасарлары тапты: кейініректеу «ұстамдылық», «күтушілік», «тәуекелділік» теориялары пайда болып, бірақ ол теориялардың мәні — пайданың нағыз қайнар көзін жасыруында болды.

Д.Рикардо өзінің пайдаға көзқарасын «Саяси экономия және салық салуды бастау» деген еңбегінде баяндаған, онда ол жалақы мөлшері мен пайда бір-біріне кері қатынаста болатындығын дәлелдеуге тырысқан. «…Пайданың жоғарылуы немесе темендеуі, жалақының төмен немесе жоғары болуымен байланыстылығын» айтқан. Демек, Д.Рикардоның айтуынша, пайда — бұл жұмысшылар өндірген қосымша құн.

К.Маркс өзінің «Капитал» деген еңбегінде пайданы егжей-тегжейлі қарастырып қомақты үлес қосты. Ол былай деген: «Пайда қосымша құнның өзгерген түрі», сөйтіп барлық авансыланған капитал қызметі нәтижесінің түрін бейнелеген. К.Маркс пайданын нағыз қайнар көзі ретінде жалдамалы жұмысшыға төленбеген қосымша еңбекті есептеген.

Маркстың ойы бойынша, сыртқы құбылыста көрінетін нәрсе сол-пайда айналым сапасында тауарды сатқан кезде өмірге келеді. Шын мәнінде пайда бұл өткерілетін қосымша құн, бұл қосымша құнның өзгерген түрі және өндіріс саласында жалдамалы жұмыс күшімен жасалады.

Батыс экономистері жасаған қазіргі пайда тұжырымдамасы бұл ұғымды әртүрлі көзқараста баяндаған. Ол өндіріс факторларын (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет пен ақпаратты айтамыз) қолданған табыс ретінде қарастырылады.

Американ ғалым-экономисті Пол Самуэльсон пайдаға деген бірнеше көзқарасты атап көрсетті:

  1. пайда өндіріс факторынан алынған «шартсыз» табыс ретінде
    және оны кәсіпкерлердің өзі тікелей қолданады;
  2. пайда кәсіпкерлік қызметті марапаттау ретінде және техникалық
    жетілдіруді ендіру;
  3. пайда тұрақсыздық жай-күйді тудырушы ретінде және
    тәуекелділік үшін төлем;
  4. пайда монопольды табыс ретінде.

Осындай көзқарас американ жоғарғы оқу орны студенттерінің «Экономикс» оқулығының авторлары Кэмбелл Р. Макконнелл мен Стенли

Л.Брюде қалыптасқан. «Экономический образ мышления» оқулығының авторы П.Хейне былай дейді: пайданың дұрыс анықтамасы жоқ, себебі бұл көп қырлы ұғым жәнс оның мазмұнын «екшеп сорттау қажет, егер біз экономикалық жүйе қызметінің механизмін түсінгіміз келсе»‘:.

Осы әртүрлі қысқаша шолу пайданың қайнар көзіне көп түрлі көзқарастың барлығын көрсетеді. Таза сандық, көзқарас тұрғысынан пайданы қолға түскен шағын табыс пен жалпы шығындардың арасындағы айырма ретінде анықтаған абзал.

Кезкелген тауар өндірушінің мақсаты барынша көп пайда табу. Алайда нарыққа өз тауарымен шыға отырып, ол алдыменен белгілі ақшалай қолға түсетін шағым түсімді (табыс) алуды жоспарлайды. Тауар өндірушінің қолға алатын түсімін талдай отырып, табыстың үш түрін бөлектеуге болады: жиынтық, орташа және шекті:

а) жиынтық табыс (ТК) —белгілі тауар мөлшерін сатқанда алынатын ақшалай сома. Жиынтық (жалпы) табыс тауар санын(а) оның бағасына (р) көбейткенгс тең:

ә) орташа табыс (АК) — салынатын бір тауар бірлігінен алынатын, табыс:

б) шекті табыс (МК.) — бұл қосымша тауар бірлігін сатқандағы алынатын, қосымша табыс. Шекті табыс жиынтық (жалпы) табыстың n бірлігі тауары мен жиынтық (жалпы) табыстың n=1 бірлігі тауарының арасындағы айырмаға тең:

Тауар өндіруші өндіріс көлемі мынандай болғанда максимум пайдаға қол жеткізеді, қай кезде шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда: МС =МR.

Өндіріс факторлары бірін-бірі өзара толықтырып отырады. Бұл кезде өндіріс көлемін қысқартпайды және факторлардың өзара алмасуы мүмкін. Ең қарапайымы өндірістік функция болып табылады, соның көмегімен тек қана екі өндіріс факторы-еңбек (L) пен капитальдьі (К) өзара байланысы ашылады. Бір өндіріс факторының (L) өзгеруіне қарай және басқа фактордың (К) өзгермеуімен шығарылу өзгеріле бастайды.

Максималды пайдалылықтың тепе-теңдігін талдау мен анықтау үшін жаңа экономикалық ұғымдарды енгіземіз: жиынтық (жалпы) өнім, орташа өнім және шекті өнім.

Жиынтық (жалпы) өнім (ТР) — бұл өнімнің жалпы саны, осы фактордың сандық анықталуы кезінде  және басқа да өзгермейтін өндіріс факторында ендіріледі.

Орташа өнім (АР) — бұл жиынтық өнім өзгермелі факторының осы фактор санының (L) қолданбағанды мына қатынасы;

Шекті өнім (МР)- бұл қосылған өнім, осы өндіріс факторының бір бірлігіне ұлғайған кезде алынады:

Шекті өнім еңбегінің қалай өзгеретіндігін байқастық. Белгілі мәнділікке дейін ол өсе түседі: онан соң төмендей, бастайды. Бұнда шекті еңбек өнімділігі төмендеуінің іс-әрекеті байқалады. Онын мән-мағынасы мынада: егер бір фактор ұлғайса, ал басқа факторлар өзгеріссіз қалады, онда өндіріс факторының қосымша өнімі кеми бастайды.

Барлық көрсеткіштердің динамикасын графикте көрсетеміз, ол үшін жиынтық, орташа және шекті өнім еңбегінің қисығын тұрғызамыз.

К.Маркстың пайымдауымша, пайда — бұл қосымша кұн. Оны өндіріс аясында жалдамалы жұмыс күші жасайды және тауар айналымы саласында ескеріледі.

Егер пайданы «Р» арқылы, ал өндіріс шығынын (С+У) «К» арқылы белгілесек, онда W=с+v+m формуласы мына түрді иеленеді W=К+Р, Тауар құны енді шығындар плюс пайда қосындысы ретінде бейнеленеді. Айтпақшы «шығындар плюс пайда» термині Батыс елдерінің «Экономикс» және «Маркетинг негіздері» оқулықтарында кеңінен қолданылады’.

Тауар құны К+Р формуласында ендігі жерде еңбекпен көрінетін байланысты байқатпайды. Мұның екі бөлшегі де өзгертілген түрде көрсетіледі: өндіріс шығындары мен пайдасы — еңбектің емес, авансталған капитал шығынының нәтижесі ретінде болмақ.

Пайданың абсолюттік мөлшері немесе оның массасы, капиталды қолданудың табыстылық деңгейін көрсетпейді. Табыстылық деңгейі тең қана пайда нормасында байқалады. Пайда барлық авансталған капиталдың туындысы ретінде байқалғандықтан, оның нормасы қосымша құнның барлық авансталған капиталға қатынасымен анықталады. Пайда нормасы төмендегідей формула түрінде болады:

Пайда нормасы пайдалылық, табыстылық, өндіріс рентабелділік дәрежесін көрсетеді. Пайда нормасына қандай факторлар әсер етеді? 1). Қосымша құнның нормасы.

Қосымша құнның нормасы жоғары болса, соғұрлым оның абсолюттік мөлшері үлкен болады демек бұл пайда нормасы деген сөз.

Ғылыми-техникалық революция әсерімен капиталдың қорлану, процссі оның органикалық құрылымының (с:v) өсуіне алып барады, сөйтіп өзгермелі капиталдың үлесі салыстырмалы төмендейді; ал тұрақты капиталдың үлесі-ұлғайады. Өзгермелі капиталдың мөлшері кем болған сайын, қосымша құн да кемиді және пайда нормасы да солай болады.

Бірдей капитал (100 ақша бірлігі) бар екі кәсіпорынды (фирманы) мысалға алып керейік.

Бірінші кәсіпорынды (фирма) ол тұрақты жәнс өзгермелі капиталдар арасында 75с+25v қатынаста бөлінеді; ал екіншісінде -80с+20v. Қосымша құн нормасы бірдей болғанда =100% бірінші жағдайда пайда нормасы — 25% тең болады:

3). Капитал айналымы.

Пайда нормасына капиталдың айналу саны әсер етеді. Егер капитал 80с+20ү кезінде капитал бір аймалым жасаса, онда қосымша құн нормасы 100° кезінде пайда нормасы 20% тең болады. Егер сол капитал екі айналым жасаса, онда пайда нормасы 2 есе артып, 40%-ды құрайды.

4). Тұрақты капиталды колдануды үнемдеу.

Экономия өте жетілген немесе өте арзан машина, жабдықтарды қолдану жолымен және ғылыми жаңалықтар мен өнертапқыштарды пайдаланудың арқасында қол жеткізіледі.

  1. 3. Сапа аралық бәсеке теориясы, орташа пайданың және өндіріс бағасының құрылуы.

Біркелкі тауарларды өңдіретін кәсіпорындар (фирма) әртүрлі техникалық жабдықтармен жабдықталған, сондықтан ондағы өндіріс шығындары мен тауар құны біркелкі емес, әртүрлі. Сапа аралық бәсеке процесінде жеке құндар үнемі қоғамдық, нарықтық құнға (өндіріс бағасына) теңестіріліп отырады. Нарықтық құн болса, негізгі тауар массаларының орташа өндіріс жағдайымен анықталады. Осы процестің салдары кәсіпорынды (фирма) бөлшектеу болып табылады және олардың бірі ішкі салалық бәсекеге өтеп бере алмай күйресе, оның тауарларының жеке құны орташа салалық құннан жоғары болғаны; басқалары байи түседі, онда оның тауарларының жеке құны орташа салалық құннан төмен болады. Сала арасындағы бәсеке тауардың жеке құнын қоғамдық нарықтық құнға және өндіріс бағасына теңестіреді.

Бұл жағдайдың қалай болатындығын қарастырамыз. Айталық, үш өндіріс саласында қызмет жасайтын кәсіпорындардың барлығында біркелкі айырбасталған капитал мөлшері және қосымша құн нормасы -100%-ы бар, бірақ олардағы капиталдық брганикалық құрылымы әртүрлі. Алайда, олардағы капиталдың әрқайсысы 100 долларға тең.

Өндіріс процесінің бұл жағдайында 100 бірлікке тең бір және сол капиталға, бірінші саланың кәсіпкерлері-10, екіншісі -20 және үшіншісі қосымша құнның 30 бірлігін алады. Мұндағы алынған қосымша құн мөлшері әртүрлі және пайда нормасыда ондай, сөйтіп бірінші сала кәсіпкерін өзінің капиталын өте ыңғайлы үшінші салаға аударуға итермелейді. Бірінші саладан капиталдың кетуі онда өндіріс көлемі мен тауар ұсынымын қысқартуды күшейтеді және тауардың бағасы олардың құнынан асып кетеді, пайда нормасы артады.

Өнеркәсіптің ІІІ-ші  саласына капиталдың құйылуы өндірістің дамуына ілып барады, тауар ұсынымы оларға деген сұранымнан асады, демек тауар бағасы құннан төмен түседі және пайда нормасына төмендейді. Өнеркәсіптің барлық үш саласындағы пайда нормалары орташа пайда нормасына теңестірілгенде (біздің мысалда ол 20% құрайды), капиталдың уысуы уақытша тоқтатылады және нарықтағы тауарлар олардың құнымен өткерілмейді, олар өндіріс бағасы орташа арқылы өткеріледі. Өндіріс бағасы өндіріс шығыны плюс орташа иайдаға тең. Өндіріс бағасы — бұл тепе —теңдік баға, онда қарама-қарсы мақсаттар, мүдделер, бәсекенің әсері теңестіріледі және капиталды өте ыңғайлы салу сайлы ақпарат жойылады. Кейде экономистер мұндай тепе-теңдікті астрономиялық «қара тесікті» космостық объекті деп атайды. Бұл объектініц ішіидегі болып жатқан процес туралы барлық ақпарат жойылады.

  1. Бәсекелестік күрес сипаты.

Бәсекелестік — бұл рынок шаруашылығына қатысушылардың арасындағы өндірістің жалпы жағдайы үшін, тауарды дұрыстап сату мен сатып алу үшін бақталастық.

Бәсекелестік — экономикалық күрес, оқшауланған өндірушілердің өнім, жұмыс, қызмет көрсету үшін өзінің мүдделерін қанағатгандырудағы өзара бақталастығы және олар осы сенімді сатумен, жұмысты орындаумен сол бір тұтынушыға ғана қызмет көрсетумен байланысты. Бәсеке -тауар өндірушілердің капиталды ыңғайлы салу саласы үшін, өткізу нарығы, шикізат кездері үшін өзара жарысуы және бір мезгілде қоғамдық өндіріс пропорциясын стихиялы реттеудің өте әсерлі механизмі.

Бәсеке қоғам өмірінде өте маңызды орын алады. Ол өз бетінше жұмыс атқаратындарды ынталапдырады, тауар өндірушілер бәсеке арқылы бірін-бірі бақылауы да мүмкін. Олардың тұтынушы үшін күресуі бағаның төмендеуінс, өндіріс шығынынын азаюына, өнім сапасының жақсаруына, ғылыми-техникалық прогрестің күшеюіне алып келеді.

ХІХ-шы ғасырдың аяғында монополияның пайда болуымен бәсекелестік күрсстс, күштеу тәсілі қолданылды. Мысалы: бәсекелестің, шикізаттың, өткізу рыногын, несиесін, патентін алып қою, бағасын түсіру, жұмыс күші нарығын жаулап алу. Сондай-ақ тікелей қиянат жасау тәсілі қолданылады: өрт қою, жарылыс жасау, қауіпті бәсекелесті өлтіру, шпиондық, мемлекеттік төңкеріс және т.б.

Бәкелестік күрестің баға еместік тәсілі дс пайда болуда. Бәсекелестіктің баға еместік тәсіліне мыналар жатады: тауар сапасының, жаңаруын, дизайнын жақсартумен байланыстылығы, оның өте үлкен ассортименттілігі және сатылғаннан кейінгі өте жоғарғы сервистік қызметі. Бұл тәсілдер негізінен екі топқа жіктеледі: өнім үшін бәсекелестік және сату шарты бойынша бәсекелестік.