Өркениеттің бастауы туралы реферат

Адамзат тарихи әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты үлкен кезеңдерге бөлінеді. Археологияда адамзат тарихы өзіндік кезеңдерге бөлінген, олар: тас ғасыры, қола және темір ғасырлары.

Алғашқы адам басқа ірі жыртқыштарға қарағанда әлсіз болды, өйткені адамның күшті тістері мен тырнақтары жоқ. Оның есесіне алғашқы Гоминидтер еңбек құралдарын жасау мен қолдану арқылы сол әлсіздіктерін білдірмеді. Алғашқы құралдар — сүйек сынықтары, өткір таяқтар, дөрекі өңделген тастар болды. Тас ең ұзақ қолданылған құрал болды, ол осыдан 2,5 млн. жылдан бұрын б.з.д. 5 мың. дейін адамзат техникасында басты орын алды. Бұл кезеңді археологтар тас ғасыры деп атап, оны екі кезеңге бөледі — Палеолит (ерте тас ғ.) және Неолит (жаңа тас ғ.). Олардың арасындағы өтпелі кезеңді Мезолит (орта т.ғ.) деп атады. Өз кезегінде палеолит те екіге бөлінеді: төменгі (б.з.д. 2 млн. — б.з.д. 40 мың) және жоғарғы (б.з.д. 40 — б.з.д. 12 мың).

Ең, көне бастапқы замандардағы адамдардың өмірі туралы түсінікке сүйене отырып, олардың тіршілігін зерттеу арқылы, олардың мекеніне, тұрақтарына қарағанда, тау үңгірлерінде сақталған қалдықтарын, яғни тастан жасалған еңбек құралдарын, тамақ қалдықтарын, жануарлардың сүйек қаңқаларын зерттеп білу қажет болды. Сондай-ақ, қоғамдық дамуда кешеуілдеп қалған қазіргі замандағы халықтардың өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де мәні зор. Ол мәліметтер ең көне замандардағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір қырларын тура түсінуге мүмкіндік туғызады. Дегенмен, негізгі мәліметті, бастапқы адамдық қоғамның жалпыға ортақ материалы – тастан жасалған еңбек құралдары береді.

Тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – адамзат қоғамының даму тарихын кезеңдерге бөлу. Кезеңдер – бұл қоғамдық даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырған дәуірлерді анықтау. Дәуірлерді анықтауда, қоғамдағы негізгі – үдемелі өзгерістерді қамтамасыз ете алатын факторлар алынады.

Тарих ғылымының қалыптасу барысында, тарихшы-ғалымдар кезеңдердің бірнеше, яғни айналым теориясы (Пифагор, б.э.б. VІғ.), формациялық (К.Маркс, ХІХғ.), өркениеттік (А.Тойнби ж.б. батыс ғалымдары, ХХғ.) және басқа варианттарын ұсынды.

Өркениеттің басталу мезгілін зерттеп тануда ғылымда кең қолдау тапқан археологиялық кезеңдер. Ол еңбек құралдарын жасауда пайдаланылған материалдар және жасау техникасындағы айырмашылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, ең көне дәуірді үш кезеңгі бөлуге болады: тас ғасыры (адамның пайда болуынан б.э.б. ІІІ мың жылдыққа дейін), қола ғасыры (б.э.б. IV мың. б.э.б. І мың жылдыққа дейін), темір ғасыры (б.э.б. І мың жылдықтан бері).

 Тас ғасыры

Тас ғасыры өз ретінде ерте тас (палеолит), орта тас (мезолит), жаңа тас (неолит) және қола ғасырына өтпелі арадағы мыс пен тас қатар т±рған ғасыр (энеолит) болып бөлінеді.

Қазақстан жеріндегі алғашқы адам

Ежелгі тас ғасырының алғашқы құралы, бүтін тастан жасалған шаппа тастар болған. Олар дөрекі, өңделмеген болатын. Бұл көне құралдар шель мәдениетіне байланысты, кезінде австралопитектер жасап шығарған. Кейінгі кезеңдерде ондай шаппа тастардың өңделген түрлері табылды. Сонымен қатар құралдардың дифференциясы байқалады. Адамдар енді қырғыштар, тас пышақтарды, үшкір ұшты құралдарды жасай бастады. Құралдарды жасаудың екі жолы болған: біріншісінде тастардан шабу арқылы шақпақтар алынып, оларды қайта өңдеген. Бұл мәдениет ашель деп аталды. Тас құралдардан басқа тік жүретін адам еңбек құралдарын сүйек пен ағаштан жасаған. Отты пайдалануға байланысты ол ұшы күйдірілген найза мен қазықтар жасады.

Көп уақыт бойы ғалымдар Қазақстан жерінде тас ғасырының іздерін таба алмады. Ал бұл біздің жерімізді ежелгі адамдар өте кеш қоныстанды деген жансақ пікірге әкелді. Соңғы зерттеулер бойынша, ежелгі адамдар Қазақстан жерінде ашель кезінде қоныстанған. Сол дәуірдің ескерткіштері Оңтүстік Қазақстан жерінде, Қаратау бөктерлерінің жанынан табылған. Бұл Тәңірқазған, Бөрікқазған, Ақкөл тұрақтары.

Бүгін Қазақстанда палеолит мәдениетінің екі ауданы белгілі: Оңтүстік Қазақстан мен Сары-Арқада. Бұл аудандар тас құралдарын өңдеу мен оларды жасау үшін қолданылатын материалдардың әртүрлігімен ерекшеленеді. Жалпы Оңтүстік аудандарға қарағанда Солтүстік және Орталық Қазақстанда технологияның эволюциясы тез дамыды.

Палеолит — адамзат қоғамының дамуындағы ежелгі кезең грек тілінен аударғанда (палео — ежелгі, литос — тас) ежелгі тас деген сөз. Палеолит төменгі (шель, ашель, мустьер б.з.д. 800 — 40 мың.) және жоғарғы (б.з.д. 40—12 мың.) палеолит болып бөлінеді.

Қола ғасыры

Беғазы-дандыбай мәдениеті

Қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті. Металл балқытумен адамзат өз дамуында келесі кезеңге өтті. Бұл кезеңінің негізгі материалы мыс пен қалайының қоспасы болғандықтан археологтар оны қола ғасыры деп атады. Қоладан әртүрлі еңбек құралдары жасалды — орақ, кетпен, әшекейлер т.б. құралдар. Тарихқа дейінгі соңғы археологиялық кезеңі қола ғасырының өзіне тән ерекшелігі — Металлургия мен дамыған жер және мал шаруашылығының кешенді дамуы.

Қазақстан жерінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуымен жаңа өзіндік мәдениет қауымдастықтары пайда болды, олар неолит дәстүрін жалғастырды. Осы жергілікті мәдениеттердің бәрі көп жағдайда ұқсас болды, сондықтан оларды жаңа археологиялық мәдениетке — Андронов мәдениетіне біріктірді. Бұл мәдениет Минусин ойпатында табылған жердің атымен аталды. Ол екі кезеңге ерте және орта қола ғасыры болып бөлінеді. Ерте қ.ғ. Солтүстік Қазақстанда Феодоров, ал Орталық Қазақстанда Нура кезеңі деп аталды (б.з.д. XVIII—XVIғ.ғ.). Орта қола ғасыры Солтүстік Қазақстанда алакөл, ал Орта Қазақстанда атасу кезеңі деп аталған (б.з.д. XV—XIIғғ.) б.з.д. ХІІ ғ. бастап Андронов мәдениеті көшпелі мәдени қауымдастықтармен ауысып, Батыс Қазақстанда қима, Орта Қазақстанда Беғазы-дандыбай мәдениеті деп аталды (б.з.д. ХІІ—VIIIғғ.).

Андронов тайпаларының шаруашылығы. Андронов мәдениетіне өзендердің арналары мен көлдердің жағалауында кешенді жер және мал шаруашылықтары тән. Андронов тайпалары жартылай жер кепелерде тұрды. Олардың төбесі бұталармен, аң терілерімен, сабанмен жабылды. Мал шаруашылығы негізінен отрықшы, бақташы болды. Негізінен ешкі, сиыр, түйе өсірді. Өзендердің аңғарында Андронов тайпалары кетпенді жер шаруашылығымен айналысты.

Андронов тайпаларының шаруашылығының ерекше саласы ретінде таукен мен металлургия дамыды. Қола ғасыры кезінде Қазақстан дүниеде алғашқы қола өндірушілердің бірі болды. Қорытылған металл көлемі өте үлкен болды. Тек Жезқазған өңірінде 100 мың т. мыс балқытылды. Ал Орта Қазақстанда 130 т. қалайы өндірілді, бұл 15 мың т. таза қола қорытуға жетерлік. Бұл көрсеткіштер тек зерттелген кендер бойынша ғана.

Андронов мәдениетінің тағы бір ерекшелігі бұл керамиканы пайдалану. Ыдыстардың формалары да әр түрлі болды — құмыра, банка тәріздес. Олар өте бай оюлармен сәнделген. Оюдың геометриялық түрі қолданылды, былайша айтқанда параллель сызықтардан күрделі крест тәрізді фигуралар — меандралар.

Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстанда ерте қола ғасырына жататын Қыргелді зираты мен Тасты-бұлақ қонысы зерттелген. Орта Қазақстанда Ақшатау, Бугулы обалары, Нура кезеңіне жататын Боғақара қонысы мен Қарабие, Айшырақ, Қарасай Ата су ескерткіштері зерттелген. Шығыс Қазақстанда Қапай, Сарыкөл, Қойтас обалары зерттелген. Солтүстік Қазақстанда Федоров кезеңіне жататын Бурабай, Обалы, Бирек-Көл обалары, алакөл кезеңінің Алексеевское, Ефимовка, Петропавлов қоныстары мен обалары зерттелген. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда андронов мәдениетінің ескерткіштері аз. Мұнда Тау-тары, Қойықты, Қарақұдық обалары зерттелген.

Андронов тайпаларының жерлеу дәстүрі қызық. Өлгендерді көлденең қойылған тас плиталардан жасалған тас қораптарда жерлеген, оның үстінен қорған үйген. Өліктің қасына өте бай безендірілген ыдыстарды, қола мен алтыннан жасалған әшекейлерді қойған. Кейде өлікті өртейтін, онда оның күлін жерлеген.

Темір ғасыры

Қазақстан тарихындағы б.з.д. І мың. соңы мен біздің заманымыздың басы түбегейлі бет бұрыс болып табылады.

Б.з.д. VIII—VII ғғ. темірдің пайда болуы мен өндірістің көшпелі түріне көшу Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың шаруашылығында күрделі өзгерістерге әкелді. Жетісуда сақ-үйсін, Арал өңірінде — қаңлы, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағында ғұн, Батыс Қазақстанда алан этномәдени қауымдастықтар қалыптасты.

Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.д. І мың. тайпалар одағы ретінде қалыптаса бастады.

Сөйтіп, Қазақстанда сақ-даха (масагет), сақ-рауки (тиграхауда) исседон аримаспа бірлестіктері пайда болды.

Хунну және Ғұндар мемлекеті

q q   Ғұн

Хунну мемлекетінің құрылуы. Ғұндар жазба деректерде алғашқы рет б.з.д. 822ж. аталады, ол кезде олар Қытайға үлкен жорық жасаған. Б.з.д. ІІІғ. Ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры Ұлы Қорған салдырды. Бұл кезде ғұндар туысқан рулардың одағы ретінде қалыптасып, оны сайланған көсем басқарды. Б.з.д. 209ж. Туман атты көсемнің баласы Моде өзін “сенгир” деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн мемлекетін құру барысында қызмет ете бастады. Алдымен Ғұндардың шығыстағы көршілері — дунхулар талқандалды. Одан кейін ғұндар өздеріне батыста юечжи мен үйсіндерді, оңтүстікте лоуфень мен байян тайпаларын бағындырды. Ғұндардың күшейюі Қытайдың назарынан тыс қалған жоқ, ол кезде Қытайда жаңа Хань әулеті билікке келген болатын. Ғұндар мен Қытай арасындағы соғыс б.з.д. 188ж. Қытайдың жеңілуімен аяқталды. Қытай императоры Гао-ди өз әскерімен бірге Байден тауында қоршауға түсті. Императорды Моденің мейрімділігі ғана құтқарып қалды. Көп ұзамай Қытай мен Ғұндардың арасында бітім орнады. Ол бітім бойынша Қытай ғұндарға жылсайын салық төлеуге тиіс еді. Моде өлгеннен кейін бейбіт кезең бірнеше ондаған жылдарға созылды. Оны император Уди бұзды. Соғыс б.з.д. 129ж. басталып, 2 жақ алма-кезек жеңіске жетіп отырды. Қытайлар Ғұндарды Ордостан ығыстырса, б.з.д. 90ж. Яньшань тауының жанында күйрей жеңілді. Сенгир Хулагу өз бітімінің шарттарын талап етті. Бірақ бейбітшілік ұзақ болмады. Б.з.д. 59ж. Ғұн мемлекетінде өзара қырқысулар басталады. Сенгирлердің билікке таласына қытай дипломатиясы өршітіп отырды.

Б.з.д. 47ж. Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Алғашқылары Қытай билігін мойындады, соңғысы тәуелсіздігін сақтап қалды. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі Қытай басқыншыларына қарсыласа отырып, кангар еліне кетуге мәжбүр болды. Сонымен, біздің заманымыздың шегінде ғұн тайпаларының Қазақстанға жаппай көшуі басталады. Б.з 93ж. солтүстік ғұндар Қытай әскерінің асыруымен тарбағатайға одан кейін Орталық Қазақстан мен Сырдарья жағалауына дейін жетті.

Ғұн мемлекеті. Атилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з. І ғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан және кангар тайпалары 3 ғасыр бойы көшіп, Иран, Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа (бейбітте, соғыста) түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айрылып, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимиляцияға түсті. Осыдан жаңа этнос пайда болды, енді біз оны Хунну емес Ғұн дейміз. Оларды осылай батыс деректері де атайды.

375ж. төменгі Поволжьеде көшіп жүрген Баламбера бастаған ғұндар Доннан өтіп, остготтардың тайпалық одағына соққы береді. Остготтардан батысқа қарай тұрған вестготтар ғұндардан сақтанып, Дунайдан өтіп Шығыс Рим империясының жеріндегі фракияға тұрақтайды. Сµйтіп “Халықтардың ұлы көші” басталды. Біртіндеп ғұндар ары қарай батысқа ене берді. Шығыс Рим империясының жеріне де жиі-жиі еніп отырған. 305ж. Ғұндар Константинопольдің дауалдарына дейін жетті, сол жылы олар Месопотамия мен Закавказьеге жорық жасады. Ұйымдаспаған, олжа үшін жүргізілген шапқыншылықтардан енді олар ірі жаулап алуларға көшеді. Әсіресе ғұндардың Рим жеріне шабуылдары Ругиле патшаның тұсында күшейіп, (V ғ. 1-ширегі) Римнің бай дунай провинцияларын басып алады. Осыдан Панония (қазіргі Венгрияның жері) Ғұн мемлекетінің орталығына айналды. Шығыс Рим императоры Ругилеге жылында 350 фунт алтын төлеуге міндетті болды. Римдіктермен жүргізген соғыстардың сәттілігі Ғұн ақсүйектерін байытты, оларда мал мен құлдар көбейді.

Ругила өлгеннен кейін, 434ж. билік оның жиендеріне ағасы Мундзунаның балаларына — Блезе мен Аттилаға (Еділ) өтті. 437ж. Ғұндар Бургунд корольдығын талқандады, осы оқиғаның желісі “Песни о Небелунгах” жырында орын алды. 445ж. Аттила өзінің ағасы Блезуды өлтіріп, дара билейді. Оның билігі қысқа болғанмен, оқиғаларға толы еді.

Аттила өзінің алғашқы соққыларын Шығыс Рим империясына бағыттады да, 448ж. оған жыл сайын салық төлетті. Сонын герул, осгот пен гепид герман тайпаларын біріктіріп, Батыс Рим империясына қарсы соғыс бастады, Батыс Риммен вестготтар, аландар, бургундтер, франктер одақтас болды. 451ж. екі әскер арасындағы шайқас Аттиланың жеңілуімен аяқталды, алайда келесі жолы оның әскері Римге жақын императорды қашуға мәжбүр етті. 453ж. Аттила өлген соң оның мемлекеті ыдырап кетті.

Оның балаларының арасында қырқыс басталды. Ал бұл жағдайды қол астындағы бағынышты тайпалар пайдаланып кетті. Алдымен Паноний мен Карпатта тұратын Ипидтер бас көтерді. Недар өзені бойындағы шайқаста ғұндар жеңіліс тапты. Аттиланың үлкен ұлы Элак өлді. Кіші ұлы Ирнак, қалған ғұндармен Карпаттан батысқа кетіп Қара теңіз жағалауына келді. Осы жерде біртұтас ғұн мемлекеті бөлек-бөлек иеліктерге бөлініп кетті: хазар, утургур, кутургур, сібір. Дунайдан Волгаға дейін қоныстанған бұл тайпалар өзара жиі қақтығысып отырды.

Ғұндардың Қазақстан жеріне жаппай енуінен және ғұн, кангар тайпаларының ары қарай батысқа µтіп кетуімен жергілікті халықтың антропологиялық типінің өзгеруі және түрк тілінің протоқыпшақ диалектісінің таралуына байланысты болды.

Үйсіндер

Үйсіндердің мемлекеттік құрылысы б.з.д. І мың аяғында Жетісу, Тянь-Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай деректерінде “Үйсін елі” деп аталды. Алғашында үйсіндер Данхэ өзенінің бойында мекендеген, б.з.д. ІІІғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан монғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, ал мұна Хұндардан соққы алғаннан кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Мұнда үйсіндер Хұндардың билігін мойындай отырып б.з.д. 177ж. Жетісу, Шығыс Қазақстан мен Жоңғариядағы сақ тайпаларының ұрпақтарын біріктіріп, өз мемлекетін құрды. Б.з.д. ІІ ғ. үйсіндер Ғұндардан бөлініп Қытаймен жақындаса бастайды. Б.з.д. 53ж. Үйсіндер екіге бөлінді.

Үйсін мемлекетінің басында “Күнбек” титулы бар билеушісі тұрды. Билік мұрагерлікпен қалып отырды. Б.з.д. 53ж. үйсін мемлекеті бөлінгеннен соң бір-біріне тәуелсіз Ұлы күнбек және кіші күнбек пайда болды. Билеушіден басқа сегіз категориядағы чиновниктер болған. Билеушінің көмекшісі дуглу титулын иемденіп, атқарушы биліктің басшысы болды. Одан төмен екі қолбасы, үш үлес билеушісі, оларды Онхо деп атады. Қолбасының көмекшілері дарту титулымен аталған. Одан басқа күнбектің орда істерін басқаратын, салық жинайтын, заңдардың орындалуын қадағалайтын шиновниктері болған.

Үйсіндердің саяси тарихы. Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босынып осы аймақта ең күшті мемлекетердің біріне айналды. Қытайлар ғұндарға қарсы одақтас іздеп үйсіндермен жақындасады да, үйсін күнбегіне өз ханшаларын ұзатады. Осыны уайымдап Ғұндар б.з.д. 80ж. үйсін мемлекетінің шығыс шекараларына шабуыл жасайды, ұзақ ұрыстардан соң Қытаймен үйсіндердің біріккен күштерінен жеңілді. Осыдан кейін Жетісу мен Аспан асты империя арасындағы байланыстар бұрынғыдан да күшейді. Қытай эмисарлары ашықтан-ашық үйсін мемлекетінің ішкі істеріне араласа бастады, ал бұл, өз кезегінде елде Хұндардың жақтастарының күшейюіне әкелді. Б.з.д. 60ж. билікке халықтың ішінде беделі жоқ, тек Қытай горнизондарына арқа сүйеген Найби келді. Оған қарсы билеуші рудан шыққан Өжет көтеріліс жасайды. Найби өлгенмен 15 мыңдық Қытай әскері Өжетті келісім жасауға мәжбүр етті. Б.з.д. 53ж. үйсін мемлекеті екіге бөлінді. Өжетке кіші күнбек титулы мен 40 мың шаңырақ тиді, Ұлы күнбек титулы мен 60 мың шаңырақты Қытайдың қойған адами Янгуйби еншіледі. Ұлы күнбектің ордасы Ыстықкөл жағасында болды, Кіші күнбектікі — елдің солтүстік жағында Жетісуда орналасты.

Үйсіндердің осыдан кейінгі тарихы Ұлы және кіші күнбектердің соғыстарына толы. Біріншісі Қытайға сенпе, екіншісі — Кангар мен Ғұндар сенді. Бірақ Ғұн империясы құлаған соң солтүстік үйсіндердің олармен ара қатысы нашарлап кетті. Б.з.д. 49ж. Өжет шекара бойындағы бірнеше ұрыстарда жеңілді. Б.з.д. 44ж. Ғұндар оңтүстік үйсіндерге шабуыл жасап, олардың астанасы Чигу қаласын тонап кетті. Бұл оқиға үйсіндердің Қытаймен жақындасуына әкеліп, бұл одақ б.з.д. 36ж. солтүстік Ғұндарға қарсы жорық жасады.

Б.з.д. 30ж. Ұлы және Кіші күнбектер арасындағы қатынас тағы да шиеленісті. Өжет өлген соң, оның орнын баласы Жини басты. Алайда Ұлы күнбек Силаби (б.з.д. 33—16ж) оны қуып жіберіп орнына өз адамын отырғызды. Силыби біршама үйсін мемлекетінің тұтастығын орнатты, бірге б.з.д. 17ж. Кіші күнбектін ағасы Уйжинжан оған қарсы соғыс бастады. Силаби өлтірілді Қытай әскерінің араласуы сәтсіз болды. Б.з.д. 12ж. Уйжинжан өлтірілді, оның кіші бауыры 80 мың үйсінмен Кангарларға кетіп екі күнбекке қарсы соғыс ашты.

Екі иелік те өз тәуелсіздіктерінен айрылып, Қытай наместниктерімен басқарылды.

Б.з. ХІғ. Үйсін иеліктері Қытайдан біржолата оқшауланды. IVғ. басында Жетісу моңғол тілдес халық — сянбилердің билігіне түседі. Б.з. IVғ. аяғынан VIғ. дейін даладағы гегемония жужандарға өтті. Жожан империясының орталығы Монғолияда болды. Жожандардың толассыз шапқыншылықтары үйсін тайпаларын Жетісудың жазық өңірлерінен Тянь-Шаньға көшуге мәжбүр етті. 425ж. үйсіндер Қытайға елшілік жіберіп, 436ж. Воэй империясының елшілігін қабылдайды. Осыдан кейін үйсіндер жылда Қытайға елшіліктер мен сыйлықтар жіберіп тұрған. Vғ. басында үйсін атауы деректерден кездеспейді. Айта кету керек, “Үйсін” этнонимі бүгінгі күнге дейін жетті. Қазақтардың Ұлы жүзінің бір руы “Үйсін” деп аталды.

Кангюй мемлекеті

Кангюй атауы (қытайша Канцзюй) алғашқы рет жазба деректерде б.з.д. ІІ ғ. кездеседі. Б.з.д. 138ж. Қытай императоры Уди Чжан-Цянь бастаған сауда елшілігін батыс Елдеріне жіберді. Ол елшілік тек 13 жылдан кейін қайтып келеді. Оның жазбаларында бұған дейін Қытайға мәлім болмаған мемлекеттер сипатталған. Солардың ішінде Чжан Цянь билеушісінің ордасында болған Кангюй мемлекетіде бар.

Қытай елшісінің мәмлекетіне қарағанда “Кангюй” Даваньжан солтүстік батысқа 200м жерде тұр. Бұл көшпелі иелік. Әдетте Юечжилерге ұқсайды; 90 мың әскері бар, әлсіздігі нәтижесінде оңтүстіктегі юечжилердің билігін, шығыста ғұндардың билігін мойындайды. Яньцай Кангюйден солтүстік бастыста 2000 м. жерде орналасқан. Бұл да көшпелі иелік, әдетте Кангюймен ұқсас. Әскері 100000 асады, үлкен көлдің жағасында тұр. Бұл солтүстік теңіз”.

“Хань үйінің тарихы” кітабында, “Батыс өңірі туралы мәліметте” Кангюйлер туралы нақтырақ айтылады.

Онда “Кангюй билеушісі Лоюени елінде Битянь қаласында орныққан. Люеннен 7 күндік жерде оның жазғы ордасы болған. Халқының саны 120000 шаңырақ, 6000000 жан. 120000 әскері бар”. Осы деректерден Кангюйдің сыртқы саясатының кейбір көріністері белгілі болып отыр. Б.з.д. 45—36ж. олар солтүстік Ғұндарды қолдап, сµйтіп, оларға қарсы үйсін және Қытаймен бірігіп қарсы шыққан. 85ж. Кангюй Қашқардағы Қытай наместнигі Бань Чаоға қарсы болған фергандықтардың көтерілісін қолдады. Сонымен қатар мынадай мәліметтер бар: “Кангюй… такаппар да асау, үлкендер алдында бас июге ешқашан келіспейді. Наместниктерден жіберген чиновниктерді үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Тамақты алдымен князьдар мен старшиналарға береді, тек содан соң, ғана наместниктің адамдарына береді”.

Кангюй саясатының жалпы бағыты Ұлы жібек жолының ферғанадан Аралға дейінгі Сырдарьямен өтетін бөлігін өз бақылауында сақтап қалуға тырысу болды. Бұл оларға сәтті болды. Ұлы жібек жолының Сырдарья арқылы солтүстік батысқа, Кавказға, Қаратеңізге, сонымен қатар Иранның оңтүстігі мен таяу Шығыс пен Индияға қатынағаны туралы қаңлылардың және Яньцай-Аланья тұрғындарының қалалары мен некропольдарын, тұрақтарын қазған кезде табылған бұйымдар дәлелдейді, солардың ішінде: Қытай монеталырымен айналары, Индиядан келген коралл моншақтары, Европадан келген қола қапсырмалар, Ираннан әртүрлі тастар бар.

Кангюй халқының этникалық сипаты әлі де болса күрделі сұрақ, толық зерттелмеген. Қангюйлер қай тілде сөйлеген туралы әлі де тұтас пікір жоқ. А.М.Бернштамның пікірінше, Кангюйлер түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік иран малшы тайпалары, б.з. Іғ. ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді. Б.А.Литвинскийдің пікірінше, кангюйлер иран тілдес сақтардың тұқымы. Оның ойынша, Кангюй атауы сақ тайпалары бірінің атауы болуы мүмкін, оны аударғанда — “тері киімді адамдар” (немесе сауат).

Сақтар

Б.з.д. І мың. Ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар “сақ” атауымен белгілі. Жазба деректердің мәліметі бойынша олар Қазақстанның барлық этникалық территориясында қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда сақтары (грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары.

Солтүстік шығыста — аримаспы, Орта Қазақстан — исседондар, Батыс савроматтар, Геродот бойынша савроматтардың аржағында “биіктаулардың етегінде”, оңтүстік шығыс Орал таулары болуы мүмкін, аргипей тайпалары өмір сүрген.

Сақ тайпалары мал шаруашылығының үш түрімен айналысты: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта және к‰нделікті т±рмыста жылқы жиі пайдаланылды, мұны археологиялық деректер де растайды. Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін ашқанда жылқылардың сүйектері табылған. Асыл тұқымды жылқымен бірге қарапайым жылқылар да болды, олар аса биік емес, аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді болды.

Сақтар мәдениеті

Скиф-Сібір аң стилі

  • — Алтын адам
  • — Ата-баба аруағына табыну

Көне көшпелілердің мәдениеті өзінің ауқымы мен таралу жылдамдығы жөнінде дүниеде сирек кездесетін құбылыс. Оның мыңдаған километр бір-бірінен алшақ жатқан мәдени ошақтарында еш өзгеріссіз, бір-бірін айнытпай қайталайтын көптеген әскери-көшпелі өмір салтына тән бұйымдар: әбзелдері, қару, қола қазандар, дала батырларының тас мүсіндері. Көне көшпелі дәуірдің феномені — өнері. Қола ғасырында көшпелі тайпалардың көбінің өнері — геометриялық фигуралар болды, тек петроглифтерде жануарлардың, адам мен құдайлардың бейнелері берілген. Көшпелілердің өнері негізінен қолданбалы болды, олар әртүрлі бұйымдарды әшекейледі. Көне көшпелілердің дүниесі бұл жануарлар дүниесі. Оны жасаушылар адам бейнесінен аңдарды көп бейнеледі. Сондықтан да көне көшпелілердің өнері скиф-сібір аң стилі деп аталды. Бұлай аталу себебі көне көшпелілер өнерінің екі массиві скифтер қоныстанған Солтүстік Қара теңіз бен шығыста Сібірде табылған. Тек содан кейін ғана археологтар скиф-сібір өнерінің үлгілері Евразия кеңістігінің әр жерлерінен көптеп табылған. Бүгінгі күні көне көшпелілер өнерінің ескерткіштері Карпато-Дунай бассейінінен Тынық мұхит жағалауына дейінгі кең алқапта табылып отыр. Скиф-сібір аң стилін жасап дамытуда көне халықтар қатысты, олар: Дунай мен Балқандағы фракиялықтар, Оңтүстік Шығыс Европа скифтері, сармат пен совроматтар, Солтүстік Кавказдағы меоттар, Қазақстан мен Орта Азия сақ; массагет, дахи, исседондар, Оңтүстік Сібір мен монғолияның динлин мен ғұндары, Қытайдың солтүстік шығысындағы жун мен ди халықтары. Аң стилінің ең көне үлгілері б.з.д. І мың. ортасына (әр түрлі хронология бойынша б.з.д. IX—VІғғ.), ал ең кейінгілері б.з. алғашқы ғасырларына жатады.

Кең ареалға таралған оны өнер үлгілері көне көшпелілер өнерінің стиль жағынан тұтастығын көрсетеді. Бұл тұтастық сүреттелген бейнелерден көрінеді, олар көп емес, жабайы аң мен құстық бірнеше түрі ғана. Кейбір жануарлардың бейнелері жиі қайталанып, символдарға айналып кеткен. Солардың ішінде үлкен мүйізді бұғы, бұралып жатқан мысық типтес жыртқыштар, тұмсықтары, көздері, қанаттары мен аяқтары өте үлкен жыртқыш құстар. Стильдік тұтастық аңдарды бейнелеу тәлімдерінен жүйесіндегі танымалдығында да білінеді. Ең алдымен аңдар белгілі бір бейнеде берілген: мысық типтес жыртқыштар дөңгелей бұрылған, аяқтарын жанына басып, мойындары соза жатқан т.б. Құстың немесе аңның кейбір дене мүшелері үлкейтіліп көрсетіледі: үлкен мүйіз, тұмсық, тырнақ тістері үлкен апандай ашылған ауыздар. Бүтін дененің орнына олардың кейбір мүшелері ғана көрсетілді. Негізгі бейнеге қосымша сүрет қосылды. Дене мен оның мүшелері шеңбер, элипс тәрізді қисық сызықтармен көрсетілді. Сөйтсе де, бұл аңдарды тез тани қоюға болады. Барлық бейнелер анық, шартты белгілеуге қарамастан аңдардың бейнелері реалисті түрде берілген. Скиф-сібір аң стилінің бастауын қола ғасырынан табу өте қиын. Ол негізінен фигура ретінде емес, ою түрінде болды. Аң бейнелері кездескенмен олар өте тұрпайы схемалық түрде ғана. Скиф-сібір аң стилінің пайда болуына дейін ерте шығыс өркениеттердің мың жылдық тарихи бар өнері болды.

Таяу Шығыс, Орта Шығыс және Қытайда көптеген аң бейнелері жасалды, бірақ олардың ешқайсысы де көне көшпелілердің аң бейнелеріне келмейді. Скиф-сібір аң стилінің қайнар көзі көне көшпелілер қоғамының ішінде, оның әлеуметтік құрылымы мен психикасында, табиғат пен байланысында жатыр. Салт атты жүріс пен қарудың арнайы түрлерінің пайда болуы, көшпелікке ауысқан халықтың қозғалысқа икемділігі көне көшпелі қоғамда атты әскердің пайда болуына әкелді. Соғыстан басқа бұл әлеуметтік топ аңшылықпен де айналысты. Бұл атты аңшылар қоршауға түскен аңдармен арпалысқа түсетін. Ерліктің шыңы болып аңды тірідей байлап алу саналды. Тұяқты аңдар ондайда етбетінен, аяғын бауырыңа басып жатса, ірі жыртқыштар бұралып, байлаулы бауырына тұмсығын тығып жатады. Міне, аң стилінің прообраздары ретінде осы қолға түскен аңдар болды. Әрине бүкіл аң стилінің пайда болуын бірғана жауынгер аңшылардың эстетикалық талғамымен анықтауға қиын. Көшпелі қоғамда рухани мәдениет өте күрделі болған. Осыған байланысты аң стилінде біздер көп фигуралы, қиялдан туған аңдар негізгі бейнеге қосымша бейнелерді қосу сияқты композицияларды байқаймыз. Мұндай бейнелер дүниенің құрылымы туралы көзқарасты, құдайлардың күнін білдірген. Көне көшпелілердің мәдениеті сыртқы әлемінің де ықпалын сезінді. Сондықтанда скиф өнерінде Ассирияның, Мидияның, ахеменидтік Иранның, Ежелгі грецияның ықпалы сезілді. Хун мәдениеті қытайдың көркемсурет өнерінің ықпалында болды. Ал ішкі Азияны алсақ, соның ішінде Қазақстан, сыртқы импульстарден бос болды. Сондықтан да мұнда скиф-сібір аң стилінің өзіндік үлгілері пайда болды. Б.з.д. І мың алғашқы жартысында скиф-сібір аң стилінің қалыптасуынан жердің бірі Қазақстанның территориясы болды. Сөзсіз, бұл Арал теңізінің шығысы мен оңтүстік шығысындағы өңірлерді қамтыды. Тагискен, Улгарак қорғандарын қазу барысында ат әбзелдерінің қола бөлшектері, бұғының аттық, сайгактың, арқардың, қабанның, мысық жыртқыштар мен құс жыртқыштардың бейнесі бар алтын қаптамалар табылған. Бұлар б.з.д. VII—V ғ. жатады. Орталық Қазақстанның Тасмола мәдениетінің қорғандарында аң стилінің көптеген туындылары да VII—VI ғ. жатады. Солардың ішінде тау ешкілерінің қола мүсіндері, қабан бейнесі бар және басқа аңдардың 5 басы орналасқан мүйіз ілгек, жыртқыш мысықтардың алтын бастырма бейнелері, жыртқыш құстық бейнесі мен бастары бөлек бейнеленген құстардың қола қаптамадағы суреті. Ғалымдардың ойынша, тасмола мәдениетінің ескерткіштерін сақтардың солтүстік және шығыс көршілері — исседон, аримаспы, агрипей тайпалары тастап кетті. Зайса көлінің оңтүстігінде Чілікті алқабында (Шығыс Қазақстан) б.з.д. VII—Viғғ. жататын қорған қазылып, онда көне көшпелілердің алтыннан жасалған аң бейнелерінің классикалық түрлері табылған, солардың ішінде: бұралып жатқан жыртқыштар, жатып бейнеленген бұғылар, қабан, жыртқыш құстар. Чілікті алқабында табылған бұл бұйымдар — көне скиф-сібір аң стилінің туындысы. Әр түрлі мұражайларда Жетісу мен Тань-Шаньда табылған ірі қола бұйымдары сақталып отыр. Бұл қола қазандар, олардың аяқтары ешкі бейнесінде жасалған, және қазанның жақтарында аңдар суреттелген. Бұл ареалға қола шамдар мен құрбандыққа арналған столдар тән, олар жыртқыш, тұяқты, қиял жануарлардың құйылған бейнелерінің композицияларымен безендірілген. Скиф-Сібір аң стилінің бейнелері жартастағы суреттерде — петроглифтер де жиі кездеседі. 1969—70ж. Алматы маңындағы Есік қаласында ең бай сақ қорғаны зерттелді. Биіктігі 6м. жететін қорғанның астында қима бөренелерден жасалған, төбесі мен едені ағашпен төселген бөлме болды. Осы қалада жерленген жас адам сәнді киінген. Оның бешпеті, көйлегі, шалбары, етігі, биік баскиімі көптеген алтын қаптамалармен тігілген. Алтын қаптамамен белдігі, семсері, қанжары да әшекейленген. Сондай-ақ оның төсеніші де алтынмен қапталған. Жалпы сол обадан жалпы 4000 жуық алтын бұйымдар табылды, олардың көбісі аң стилінің шедеврлері. Көптеген ыдыс аяқтың арасында жазуы бар күміс тостақан да табылды. Бұл есік қорғаны б.з.д. V—IIIғ. шектеледі. Егер күміс тостағандағы жазу оқылған болса, онда ғалымдар сақ тайпалырының қай тілдік топқа жатқанын анықтар еді.

Қазақстанның географиялық орналасуына байланысты қазақ жерінде орта заманнан бері қос мәдениет-көшпелі және отырықшы қатар дамыған. Біздің дәуірімізге дейінгі Қытай деректері Сырдария жағалаулары мен Арал маңындағы қалалардың халықаралық сауда ісіне тартылғанын көрсетеді. (Бичурин И.Я.. Собрание сведений о народах, обитавших в средней Азии в древние времена. Т ІІ, М-Л., 1950. 152 б. Массон В.М. Страна тысячи городов. М., 1996. 106-108б. К.Байпақов, А.Нұржанов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992.)

Отырықшылық мәдениет — отырықшы егіншілік және қала мәдениетінен құралады. Қала ұғымы әр бір тарихи кезеңге байланысты өзгеріп, толығып отырды.

Қалалардың тұрақты ауылдардан айырмашылығы қолөнер мен сауданың және архитектураның кеңінен дамуы орын алады.

Қала мәдениетінің ежелден қалыптасқан екі орталығы — Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болды.

Испиджаб. (Қазіргі Сайран елді мекені)

Ұлы Жібек жолының қазақ жері бөлігіндегі ең ірі қала саналды. VII ғасырдың барысында Сюань-Цяньнің жылнамасында “Ақ өзендегі қала” деген атаумен белгіленген.

Араб тарихшысы әл-Мақдиси Испиджабты өте таза, ұнамды, үлкен қала ретінде сипаттап, қалада 1700 рабат (керуен сарай) төбелері жабылған ірі сауда орталықтарының және үлкен орталық мешіттің бар екендігін хабарлайды2.

Археологтардың есептеулерінше қаланың өзінде және қала маңында 40 мыңға тарта халық тұрған.

Отрар Қазақстан қалаларының ішінде ерекше орын алатын қала. Себебі, қаланың орналасқан географиялық орны мен түрлі алқаптардың — көшпелі және отырықшы өмірдің тоғысқан, сан тарау керуен жолдарының қиылысқан жерінде тұруы.

Белгілі археолог А.Н.Бернштаев Отрарға байланысты “Орта Азияда бұдан ең қолайлы және ең қауіпсіз орынды табу қиын” деп көрсетеді.

Тараз Қазақ жеріндегі ең ежелгі қалалардың бірі. VII ғасырдан Жібек жолындағы маңызды орталыққа айналды. Аты әйгілі араб тарихшы, жағрапияшысы әл-Махдиси Х ғасырда былай деп жазған “Тараз — бау-бақшалы, қалың елді, оры, төрт қақпасы және қонысталған рабаты бар – үлкен, берік қала”3. Хғ. соңы — ХІғ. Орта Азияны біріктірген Қарахандар мемлекетінің бір орталығы осы Таразда орналасты.

Жазба деректер Оңтүстік Қазақстанда 27 қала туралы хабар береді.4

Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылған. (Бұлда сонда 353 б.)

Суябпен Баласағұн Жетісу өңіріндегі екі ірі орталық болып саналған Алғашқы кезеңде Қытай тарихшылары, кейінірек араб ғалымдары Суябты “бұл 20 мың адам тұратын үлкен мекен” деп сипаттайды. (Валин С.Л. Аталған еңбек. 180-183 б.)

Суяб батыс Түрік және Түргеш қағанаттарының астанасы болды.

Баласағұн Жетісу өңірінің астанасы, Қарахан мен Қарақытайлардың саяси орталығы болып, Х-шы ғасырдың тарихшылары көрсеткендей “игілігі мол үлкен елді мекенге” айналған (К.Байпақов, А.Нұржанов. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992. 158 б.)

Баласағұнда 40 күмбезді және 200 қарапайым мешіт, жиырма ханақ пен он медресе болған.6 (Қ.Байпақов, А.Нұржанов. Аталған еңбек. 160 б.)

ІХ—Х ғасырларда Жетісудің солтүстік-шығысында 12 қала болса, ХІ—ХІІ ғасырларда 70-ке жеткен. Сол заманның куәгері араб ғалымы әл-Идриси ХІІ ғасырда Алакөл және Ертіс жағалауында қимақтардың қалалары болғандығын жазады.

Ортағасырлық қалалар бірнеше бөліктен тұрды. Оның ішінде қамал мен шахристаннан тұратын “орталық бөлік” ерекше көрінеді. Бұл жерде билеуші топ өкілдері мен бай саудагер, әскербасылар, шенеушілер тұрған. Қаланың қорғаныс құрылыстарын мықты дуалдар құрайды. Дуалдардың ені 2 метрден 7 метрге дейін, биіктігі 5 метрге дейін салынған. Кейде Дуан қорғандар ішкі қамалда қала бекінісінде де бөлек салынған (Кошемеко П.Н. Оседлые поселение Таласской долины. Фрунзе, 1963, 167-171 б. )

Үлкен қалаларға ортақ сипат салтанат залдарының қабырғалары оюлармен әшекейленген. Құлшылық орындары, мешіттер, суландыру құбырлары, моншалар қала архитектурасының басты бөлігін құраған.

Рухани мәдениет

q q   Ғылым

Ғылымның дамуы. Әрбір халықтың рухани байлығы — ғасырлар бойы тарихында жасалған, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын мирас.

VI—VII ғасырларда Түрік қағанатының құрамындағы Қазақ жеріндегі тайпалар өз жазуын қолданған. Византия тарихшысы Искандрдың 568ж. Константинопольге барған түрік елшісі Қағаннан “скиф жазуымен” жазылған хатын алып келген.

Ертедегі түрік жазуы тұңғыш рет XVIII ғасырда Енисей аңғарында табылып, ол “руналық жазу” деп аталды. Руналық жазудың ең әйгілілері Білген қаған мен қолбасшы Күл-тегіннің құрметіне қойылған және Тонікөктің ескерткіштері. Сонымен бірге, Талас бойынан, Шығыс Қазақстан, Талғар қаласы жұртынанда түрік жазба ескерткіштері табылды. Бұлар маңызы зор тарихи дерек көздері болумен бірге, аса көрнекті әдеби шығармаларда болып табылады.

ІХ ғасырдан бастап ислам дінінің таралуына байланысты, академик В.В.Бартольд атап өткендей ғылымның дамуы кең өріс алады.[2][1]

Әдебиет пен қатар тіл, астрономия, арифметика, философия, тарих және басқа ғылым салаларындағы әлемге әйгілі ғұламалардың өмірі мен еңбектері бұған айғақ. Отрар қаласында 870ж. дүниеге келген Әбу-Насыр Әл-Фараби философия, ғарышнама, логика, медицина, заң ғылымы мен математика салаларында үлкен жетістіктерге жетті. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы”, “Логика” және басқа еңбектері ғылым тарихының алтын қорынан орын алды.

Жүсіп Баласағұн 1015—16 жылдары Баласағұн қаласында туылды. Түрік тілінде жазылған алғашқы еңбек “Құтты білік” кітабы ұлы әдеби-философиялық шығарма. Жүсіп Баласағұны еңбегінде адамгершілік принциптерден бастап, мемлекетті басқару әдістерін, қоғамдық-саяси мәндегі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар, экономика, мәдениет, этика мәселелерін өте жоғары деңгейде талдап көрсеткен.

“Ақыл-ой — шам шырағың түндегі

Білімдарлық — жарық көзі күндегін”.

Махмұт ибн ул-Хусаин ибн Мухаммед әл-Қашқари ХІ ғасырда Қашқарда туылып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Оның “Диуани Лұғат ат-түрк” еңбегі түрік тілі ғылымындағы орны ерекше шығарма Түркі руларының тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеумен бірге, халық фольклорымен тарихы, этнографиясына өшпес мұра қалдырды. 29 тайпаның аты, картасы, 110 жер-су аты, 262 мақал келтіріп

“Елім саған әдепті мирас етіп қалдырамын,

Шағалаған, жайқалған білімдінің бұл құрағын”

Қазақстанның орта ғасыр кезеңінде қалалар ғылым мен мәдениеттің ірі орталықтарына айналды. Әсіресе қала мәдениеттінің дамуына ислам дінінің ықпалы орасан зор болды. Әрбір қаладағы ірі кітапханалары бар медреселер жалпы білім тарату ордаларын құрады. Мысалы бір Отрар қаласының өзінен атақты Әл-Хорезми мен асторономиялық кестені жасауға қатысқан әйгілі астроном, математик Аббас Жаухари тілші географ ғалым Ысқақ әл-Отрари секілді ғұламалар шықты. Отрар кітапханасы сол замандағы әлемдегі ең үлкен кітапханалар қатарына енген. Сонымен бірге тарихта аты белгілі әл-Түркістани, әл-Сығанақи, әл-Шаухари секілді көптеген ғұлама-ғалымдардың мекендері де өркениетті дамуды сипаттайды.

Дін. Ертедегі түріктер негізінен тәңірге сыйынған Орхон жазба ескерткіштерінде “Көкте түрік тәңірісі”,.. Тәңір жарылқағандықтан,.. Төбеңнен тәңірі баспаса,.. тәңірі жарылқаушы,.. тағдырды тәңірі жасар адам баласы өлгелі туған” — деген секілді. Күлтегін жазуындағы теңеулер Тәңірдің көктегі жаратушы екендігін сипаттайды[3][2].

Ортағасыр тарихшысы әл-Мақдиси Х-ғасырда түріктердің діні туралы былай деп жазады: “Түріктер бір тәңірі, яғни “тәңір-біреу” дейді[4][3].

Сонымен бірге, ежелгі түріктер арасында зороастризм, буддизм, несториан діндерімен қатар отқа, жануарларға, пұтқа, рухқа табыну секілді шамандық сипаттағы діни ағымдар болды. Несториан дінінің, өздері бөлініп шыққан христиан дінінен ерекшелігі — бір құдайға бойұсынушылық болып, Иса пайғамбарды Құдайдың ұлы емес, құлы және елшісі деп, Мариямның баласы ретінде тануында.

Ислам діні Қазақстанда VIII ғасырдан бастап тарала бастады. Түркеш жерін жаулап келген қытайларға, түркештермен одақ құрған араб әскерінің 751 жылғы Атлақ соғысындағы тарихи жеңісінен кейін, ел ішінде кеңінен таралып 960 жылы Қарахан мемлекетінде мемлекеттік дін болып қабылданды.

Жаңа мемлекеттік дін қоғам өміріне аса маңызды өзгерістер әкелді. Түркі діндердің ел ішіндегі ыдыратушылық факторын жойып, тайпалардың рухани бірлігін дамыту арқылы этностық тұтастануына негіз қалады. Ислам дінінің келген алғашқы 2—3 ғасырында ортақ территория аясында әл-Хорезми, әл-Фараби, әл-Торуни, Әбу Әли ибн Сина, Ж.Баласағұни, Мазмұт Қашқари секілді алыстар адамзаттың алтын қорына өз үлестерін қосты.

Діни әдебиеттің кеңінен таралуына ХІІ ғасырда Иассы қаласында тұрған Қожа Ахмет Иассауи және Сулеймен Бақырғани, Ахмет Махмұтұлы Иүгінеки секілді ойшыл ақындар үлкен үлес қосты.

Ахмет Иссауидің “Диуан-и Хикмет” өлеңдер жинағы исламдағы сопылық ағымын дәріптеп халыққа діндарлықты, сопылық ұстамдықты, аскетизмді насихаттаумен бірге дүние қызығынан безіп тәркі дүниелікке келуге шақырады.

Ахмет Иүгінекидің “Ахиқат сыйы” дастанының негізгі мазмұны моральдық, этикалық мәселелерге арналған. Егер сопылық әдебиет өкілдері адамның танымдық мүмкіндігін шектеп, сезім мен қияли ой-жорамалға сүйенсе, Ахмет Иүгінекимен Ж.Баласағұни жолымен парасаттылыққа, оқу, ғылымға, еңбек етуге шақырып, қараңғылықтың бақытсыздыққа апаратынын жырлайды.

Батыс Түрік қағанаты (603—704)

Түрік әлемінің батыс бөлігін қамтыған Түрік Батыс қағанаты. Шығыс Түркістаннан Әмударияға, Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ далаларына дейінгі аумақта түріктердің ежелгі мекенінде орналасып, астанасы Суяб қаласы, ал жазғы орталығы Мыңбұлақта (Түркістан төңірегі) болды. Этникалық бірлестік өзегін Шу өзенінен Шығысқа қарай бес тайпа дулу, батыста бес тайпа нушби тайпалары құрады. Бұл он тайпа “он оқ будун” деп аталды.

Орталық биліктің күшейген тұсында Шеғуй қаған (610—615 және Тон жабғу қаған (618—635) шекараны Үндістанның солтүстік батысына дейін кеңейтті. Бірақ Қытай императорларының қыйтұртқы саясаты мен билеуші топтың саяси әлсіздігі ыдыраушылыққа алып келді. Осыны күткен Таң империясы Жетісуды басып алып, билікті бағыншты қағандар арқылы жүргізді.

Қаған — мемлекет басшысы, әскер басы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерін басқарды, тайпа басшыларын бекітті. Қаған руынан шыққандар ғана мемлекеттегі жоғарғы шендер жабғу, шад, ел тебер атағын алды. Сот қызметін бұйрықтар мен тарқандар атқарды.

Шаруашылықтың негізгі түрін көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар отырықшы егін шаруашылығы құрады. Батыс түрік мемлекетіндігі тайпалардың өзара диалектік айырмасы болғанмен, олар бірыңғай түркі тілінде сөйледі. Екі түрік қағанатында да орхон жазуы кең таралды. Қытай үстемдігі кезеңінде қол жаулыққа айналған қоғамның саясатына қарсы тайпалар азаттық күресін жүргізіп, оның соңы VIII ғ. басында түркештердің жеңісімен аяқталды.

Түркеш қағанаты (704—756…)

Шу-Іле өзендерінің аралығындағы үлкен аймақта өмір сүрген түркеш тайпалары Үштік қаған басшылығымен 704 жылы Жетісуда билікке келді. Түркештер соғдыдан Тұрпан мен Бестолыққа дейінгі аралықта билігін орнатты. Үлкен және кіші ордаға бөлінген түркештер үстемдік үшін күресте сары (Шу және қара (Іле) түркештер болып екіге айрылды. Суябта орналасқан Үлкен орда жеңіліс тауып, билікке орталықтарын Таласқа көшірген Кіші орда өкілдері қара түркештер келді. Таққа Сұлық қаған отырды. Түркештердің ішкі қырқысы кезінде, Орта Азия тарихының жаңа кезеңі бастау алған еді. VIII ғ. Басында арабтар Маураннахрды жаулап ала бастады. Соғды-араб соғыстары кезінде түркеш әскерлері соғдылықтарға көмекке келіп, арабтарға елеулі қарсылық көрсетті. Бірақ, 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қанаған түркештермен соғысын жеңіп шығуы елдегі саяси тұрақсыздықты асқындырып жіберді. Билікке Сұлу қағанның (715—738) келуінен кейін қағанат қайта нығайды. Сұлу қағанның көрші соғды елінде арабтарға қарсы соғысы кезінде ел ішіндегі сары және қара түркештер арасындағы күрес пен оған дем беруші Таң патшалығының саясаты билікті әлсіретіп, сұлу қағанның өз қолбасшылары тарапынан қаза табуына алып келді. Осыны күткен Қытай империясы Суяб, Талас, Шашты жаулап алып, елді үлкен күйзеліске ұшыратты. Түркештердің Қытай езгісіне қарсы күресі, тек сыртқы күштердің көмегі арқылы жеңіске жетті. 751ж. Тараз маңындағы Атлақ қаласының жанында Зияд ибн Салих басқарған араб әскері Гао Сяньчжи бастаған Қытайлықтарды күйрете жеңіп, 50 мың әскерін өлтіріп, 20 мыңын тұтқындайды. Жеңіске Қытай жағында соғысқан Қарлұқтардың арабтарға өтуі өз үлесін қосты. Бұл ірі жеңістің тарихи маңызы, Қытай империясының сан ғасырлар бойы қазақ жерін жаулау ішкі саясатына араласу әрекетін тоқтатып, осыдан кейінгі кезеңде империя әскері Қазақ жеріне енген жоқ.

756ж. ішкі қырқыстар мен соғыстардан әлсіреген түркеш билігін қарлұқ тайпалары жеңіп алды.

Қарлұқ мемлекеті

Алтайдан Балқаш көлінің шығыс жағалауына дейінгі аймақта өмір сүрген Қарлұқ тайпалары Батыс және Шығыс Түрік қағанаттарына бағынды. 742 жылы Шығыс Түрік билігі үшін болған тайталаста жеңіліс тауып, Жетісу жеріне ауады. Билікке келген 756 жылдан бастап, келесі онжылдықта Қашғарияны, ал VIII ғ. аяғына қарай Ферғананы да жаулап өз билігін орнатты.

Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік тайпалық жүйенің дамыған түрі болды. Ал басқару түрі әскери — әкімшілік жүйесі бойынша жүргізілді. Қарлұқ билеушісі 840ж. дейін жабғы, осы жылдан бастап — Ұйғыр қағанатының құлауымен — ең жоғары билеуші — қаған лауазымын иеленді.

840 жылы Саманилер Испиджабты басып алды, бірақ басқару жүйесіне сол түрік әулеттері иелік етті. Саураннан Талас аймағына дейінгі жерді қамтып жатқан испиджаб аймағы арқылы ислам діні Жетісу аймақтарына тарала бастады. ІХ ғ. соңында Саманилерге қарсы соғысты Жетісу түріктері 904 ж. Мауереннахрға дейінгі жерді аз уақытқа болсада басып алып отырды.

Қарлұқ бірлестігіндегі тайпалардың жеке басқару жүйесі енді бір орталықтан басқаруға кері әсерін тигізіп отырды. Ішкі тартыстар 940 жылдары қарсыластардың жеңісіне алып келді.

Қарахан мемлекеті

Ортағасырлық мемлекеттердің дамыған кезеңі оныншы ғасырдың 40-шы жылдарында құрылған Қарахан мемлекетінен бастау алады. Жаңа атаудағы бұл мемлекет Жетісу аумағы мен Шығыс Қазақстанның бір бөлігінде қарлұқтар иелігіндегі жергілікті тайпалар бірлестігі негізінде қалыптасты. 912 жылы Сатұқ Боғрахан (915—955) Баласағұн билеушісін құлатып, өзін қаған деп жариялады. Хғ. аяғында қарахандар Бұхарды жаулап алып, бүкіл Сырдария аңғарын өз билігіне қаратты. ХІ—ХІІғғ. Қағанат шекарасы батыстағы Мауреннахрдан Шығыстағы қанғарға дейін жетті. Қарахандардың мемлекеттік құрылымы жердің үлестік жүйесінде құрылды. Ірі үлес орталықтары Тараз, Испиджаб және Баласағұнда болды.

ХІғ. 30—40-шы жылдарында Қағанат екі дербес мемлекетке бөлінді. Шығыс қағанатқа, орталығы Баласағұн мен Тараз, Шаш, Ферғана, Жетісу, Қашғар кірді. Ал, Батыс қағанатқа астанасы Бұқар қаласында болып, Мауереннахрмен қоса Ходжентке дейінгі жерлер енді Қағанаттардағы билік үшін күрестер, сыртқы күштердің мемлекетті басып алуына қолайлы жағдайлар туғызды. 1089 Селжұқтар Самарқанды алып Батыс қағанатты тәуелді етті. Шығыс қағанатты ХІІғ. бірінші жартысында жаулаған қарақытайлар, кейінірек қағанаттың қалған жерімен, Батыс қағанаттағы селжұқтармен қоса жеңіп өзіне қаратты. ХІІІғ. басында Хорезм мемлекетіне қарсы күресте Қарахан мемлекеті толық жойылды.

Қарахан мемлекеті қазақ жері тарихындағы орны ерекше мемлекет. Алдыңғы кезеңдегі мемлекеттерден бөлек, басқару жүйесіне көптеген жаңалықтар енгізді.

Мемлекет басшысы хақан мемлекетті әкімшілік басқару жүйесі арқылы басқарды. Басқару орталығы хан сарайында орналасып, көшпелі және отырықшы аудандардағы ерекшелікті ескеріп отырды. Мемлекетте әскери-лендік жүйенің ролі жоғары болды. Осыған дейін мемлекеттің пайдасына алынып келген салықтар ендігі жерде қағанның туыс жақындары арқылы жиналатын болды. Иқтамен қатар жер иеленудің үлескерлік (жалға беру) түрі де кең тарады.

Далалық аймақтағы көшпелі шаруашылық халқын басқару ру-тайпа басшылары мен олардың үстінен белгіленген бектер мен ілекхандар арқылы жүргізілді.

Қарахан мемлекетінің Шығыс бөлігінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, ал батыс бөлігіне егін шаруашылығы қатар дамыды. Қазақстанның оңтүстік, Жетісу аудандарында ертеден келе жатқан егіншілік дәстүр Маураннахр шаруашылығымен тығыз байланысқа түсіп, бір мемлекет аясындағы қос шаруашылық-көшпелі және отырықшы өзара ұштасып дамыды.

Экономикалық қатынастар мен сауданың дамуы мәдени-рухани байланыстармен өз жалғасын тапты. VII—VIIIғғ. Соғдылықтардың Жетісуға қоныс аударып түріктену процесі, енді, Қарахан тұсында соғдылықтардың түрік тілі, мәдениетімен етене араласуына алып келді. Екі түрлі халықтың сіңісіп түріктенуіне орталық билік пен ислам дінінің әсері көп болды. Қарахан мемлекетінің Қазақ тарихында ғана емес, жалпы Орталық Азия тарихындағы ерекшелігі, осы дәуір кезеңінде қағанат аясынан Әл-Фараби, Әл-Бируни, Ж.Баласағұни, Әбу Әли ибн Сина, Әл-Бозжани, М.Қашқари және басқа әлемдік өркениет дамуына орасан үлес қосқан ғұламалардың өмір сүруі. Бұл кездейсоқ құбылыс емес, мемлекеттің рухани-мәдени даму жетістігі.

Оғыз мемлекеті

Оғыз тайпалары Түркеш қағанаты құлағаннан кейінгі қарлұқтардың билікке келу барысында Жетісудан Шу өзені аңғарына қоныс аударды. ІХ ғасырда кимектермен және қарлұқтармен бірлесе Сырдарияның орта ағысы мен Арал теңізін, өзіне қаратып алды[5][1].

ІХ ғасырдың соңында хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңіп, Жайық пен Еділ аралығын бағындырды. Осы жеңістердің барысында Оғыз тайпалық бірлестігіне Сырдария жазығы мен Арал-Каспий далаларының ежелгі тайпалары, Жетісудың көшпелі тайпалары кірді. Махмұт Қашқаридың дерегі бойынша алғашында онда 24 тайпа болған.

Х ғасыр басында Оғыз даласына батыста Хазарияға дейінгі, Солтүстік Каспий маңы, Оңтүстік Шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм кірді. Мемлекет астанасы Янчикент қаласы болды. Жоғарғы билеуші жабы деп аталды. Монархиялық билік кеңестерде бекітілді. Әскери басшысы — сюбашы маңызды рольге ие болды. Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды роль атқарды. 965ж. Киев князімен одақтаса отырып Хазар қағанатын жеңді. Орталық билікке қарсы оғыз тайпаларының көтерілісінде селжуқтар ішінара негізінен жеңіске жеткенмен, жеңіліске ұшырады. Ішкі қыпшақ тайпаларының тегеурінді соққысы оғыз мемлекетін бір жолата құлатты.

Қимақ  қағанаты

Қазақ даласының саяси аренасында ІХ ғасырда қимақтардың мемлекеті пайда болып, құрамына Алтайдан Сырдарияға дейінгі көптеген тайпалар енді. Бұл мемлекеттің негізін құраушы имақ тайпасы VIIғ. ортасында Шығыс Қазақстанды мекендеді. Жергілікті ертіс тайпаларын бағындырған имақтар конференция құрды. Қорлұқтармен тұргеністердің арасында болғанына қарамастан олар өз тәуілсіздігін сақтап, өз ықпалын көптеген қанғар тайпаларына, руларына билік жүргізді.

Ұйғыр қағанатының 840ж. ыдырауымен қағанат құрамындағы тайпалардың бір бөлігі қимақ одағына енді. Осының арқасында күшті мемлекет пайда болды. Ел басы Х ғасыр басында “қаған” дәрежесіне көтерілді. ІХ ғасырда қимақ мемлекетіне имақ, ланиказ, ажлад, баяндур, татар, қыпшақ тайпалары кірді. Қағанаттың ең ірі және ықпалды тайпасы қыпшақтар болды. Қимақтардың жазу-сызуды пайдаланғанын жазба деректер атап өтеді. Мәдени тұрғыда қимақтар ежелгі түрік наным-сенімдерімен салт-дәстүрлерін ұстаған. Басты дін тәңіршілдікпен бірге шаманистік бағыттағы рухқа, отқа, аспан денелеріне табынушылықтың болғанын айтады. Археоологиялық ескерткіштер мүрдені мұсылманша жерлеумен Әл-Қимақи секілді мұсылман ғұламаларының болуы қимақтар ішінде исламның тарала бастағанын көрсетеді. ХІ ғасырдың басында қағанат ыдырап, қимақтар билігі қыпшақ тайпаларының қолына өтті.

Қыпшақтар

Қыпшақ этнонині Селенга жазбасында (759ж.) аталып, мұсылман авторлары шығармаларында қифчак атаулары Ибн Хардадбеха және Гардизи ІХғ. М.Қашғари ІХғ. Ибн Асир ХІІІ, Рашид-ад-дин, Ибн Халдун еңбектерінде көрсетілген. Орыс жылнамалырында оларды Половцы, венгерлерде Полоцое, хундар, византиялықтар мен батыс европа саяхатшылары (Рубрук ХІІІғ.) командар (құмандар) деп атаған.

Қыпшақтар этнос ретінде VIIIғ. орталық және Шығыс Қазақстанда құрылды. Мұнда көшпенді тайпалар қаңғарлар, қарлұқтар, қимақтар, қырғыздар, VII ғасырда Алтайдан келген сыр-қыпшақтарының билігіне өтіп, бірікті.

ХІ ғ. басында Қазақстан даласында саяси жағдай өзгеріп, саяси билік қыпшақтарға өте бастады. Арал, Каспий өңірлеріндегі оғыздарды ығыстырып, ХІғ. ортасында Қазақстанның Жетісудан басқа барлық жері қыпшақтар иелігіне өтті. Шекарасы Шығыста Ертісте, Батысы, Еділге, Оңтүстікте Талас өзені, Солтүстігінде Батыс Сібір ормандарына дейін жетті. Бұл кезеңде бүтін қазақ даласы Қыпшақ даласы, ХІғ. ортасында қыпшақтар Қара теңіз өңірі мен Византия шекараларына дейін жетті. ХІІ ғасыр басында қыпшақтар алған жерлер екі үлкен бөлікке, Шығыс Еділге дейінгі Қазақстан аумағы және Батыс қыпшақтар болып бөлінді. Қазақстан территориясындағы қыпшақтар орталықтандырылған мемлекет құрды. Ел билеу елбөрі тайпаларының хандарының елшісінде болды.

Халық ұлықтары болып тархандар: бектер, басқақтар есептелінген.

ХІ—VIIғғ. Шығыс қыпшақ мемлекеті екі қанатқа бөлінді. Оң қанатқа Торғай даласы, Жем, Жайық, Еділ өзені жағалары, Маңқыстау жарты аралы, Елбөрі хандарымен басқарылды. Торғай ауданында үлкен ханның ордасы болды. Сол қанатқа Орталық және Шығыс Қазақстан жерлері, Сырдариядан, Ертіс, Есілге дейін созылды. Астанасы Сығанақ қаласы болып, ел билеу қаны-ұран тайпасының билігінде еді. Сырдария бойындағы қалалардың қыпшақтарға өтуі, осы жерлер үшін Орта Азия мемлекеттерінен соғысуға алып келді. Хорезм шахымен арадағы соғыстар Сыр аймағындағы қыпшақтар Хорезмшахқа жартылай бағынып, тақпен құда-жекжат тық қарым-қатынастар орнатып, оның қызметіне өтеді. Қыпшақтар қала басшылығы, әскер басы секілді қызмет атқарды. Хорезмшахтардың әскери күші қыпшақ жасақтарынан құрылды. Даналық қыпшақтар мемлекеті монғол билігі орнағанға дейін өмір сүрді. 1223ж. Калка өзені бойында біріккен орыс князьдықтары әскері монғолдардан жеңіліс тапты. Тарихта аты әйгілі Мысыр билеушісі Мұхаммед Бейбарс көрнекті ғалым Алладин әл-Қыпшақи (ХІІ—ХІІІғ.) қыпшақ тайпаларынан шыққан.

 Жалайырлар

Орталық Азия кеңістігіндегі көне түркі тайпаларының бірі. VI-VII ғасырларда Түркі қағанатының құрамында болған. Парсы тарихшысы Рашид ад-дин Фазуллах өзінің “Джами ат-тауарик” атты көп томдық еңбегінде жалайырлар жөнінде “бұл тайпа ерте уақытта көп санды еді, әрбір бұтағының әмірі мен қол бастаушысы болған”, – деген деректі бере отырып, жалайырлардың басым бөлігінің мекені туралы: “Олардың бір мекені Онон деген жерде. Айтуларға қарағанда ерте замандарда Қытай әскері жалайырлардың осы бөлігін аяусыз қырып, тек аз ғана қалғаны қашып құтылған…”, – деп түйеді.

Жалайырлардың тұрған мекені мен жалпы саны жөнінде деректі осы тайпадан шыққан белгілі тарихшы Қадырғали би Қосымұлының (XVI-XVIIғғ.) “Тарихи Оразмұхаммед” атты еңбегінде де кездестіреміз. Қадырғали би: “Ол заманда жалайыр… Келурен1 деген жерде отырар еді. Жетпіс күрен2 ел еді. Әрбір күренде мың үйлік халқы бар еді. Ол қауым жетпіс мың үйлік қауым еді. Және олардың жұрты Келуран Қытай уәлаятына жуығырақ болатын”, – дейді.

Рашид ад-дин Онон да, Қадырғали би атаған Келурен де Қытай өңіріне жуық орналасқан аймақтар болатын. Рашид ад-дин аталған еңбегінде жалайырлар мекен еткен тағы бір жер атын атайды. Ол Қарақорым маңындағы Қима атты мекен.

Жалайыр тайпасының маңғұл, қытай жұрттарынан басқа тағы бір көршісі ұйғырлар болғандығы байқалады. Рашид ад-дин жалайырлардың ұйғырлармен ара қатынасының соншалықты жылы болғандығынан хабар бере келіп, бұл елдің билеушілерінің ұйғырлардың Гур ханының бурасына май асатқанын айтып, сол үшін де ұйғырлар жалайырларды “белаға” атап кеткен еді дейді.

Сонымен жалайырлар моңғол мемлекеті құрылған мезгілге дейін, яғни шамамен 11 ғасырда ұзын саны жетпіс күрен елге жеткен. Ортағасырлық есеп тұрғысынан алғанда бұл, әрине, аз ел емес болатын. Егер әрбір күрен жұрт аз дегенде мың адамнан тұрған қол шығаратындығын еске алсақ, онда жетпіс күрен бөліктен тұрған жалайырлар елі жетпіс мыңдық әскер шығара алатын, төңірегіндегі елдер мойындаған қоғам болғандығы айқындала түседі. Рашид ад-диннің көрсетуіне қарағанда бұл кездегі жалайыр тайпасы “әр қайсысы байтақ елге айналған он ірі бұтақтан тұрған. Олар жат, тоқырауын, көңсауыт, құмсауыт, ұят, нілқан, көркін, төленгіт, төре, шаңқұт деп аталған. Тайпа ішіндегі ру атаулары жалайырлардың тарихи мезгілде ешқандай-да маңғұлданбаған түркі жұртының бір бұтағы болғандығын анық аңғартса керек.

Өкінішке орай бізге Керулен бойында тұрып, өніп-өскен жалайырлардың ортағасырлық ертефеодалдық мемлекеті жөнінде жеткен деректік жәдігерліктер жоқтың қасында. Тек басы ашық нәрсе сол, шамамен 11 ғасырда Керулен өзенінің арғы шығыс бетіндегі халықты жаулап алған қытай патшалығы ендігі уақытта Керуленнен өтіп жалайырлар жұртын басып алып, жерін өзіне қосып алуға даярлық жасауға кіріседі. Шығыстан төнген қауіпке жалайырлардың билеушілері байқамдық танытады. Қытай әскері болса түнде даярланған салдар арқылы Керуленнен өтіп, байқам жатқан жұртты шауып, “қамшы бойлы ер адамды қалдырмай” қырып салады. Бұл қырғыннан бар болғаны шалғайда отырған бір күрен жалайырлар ғана қашып құтылады.

Міне осы бір күрен жалайырлар кейін ХІІІ ғасырда Шыңғыс ханның әскери жорықтарына белсенді түрде араласып, түрлі мемлекеттік құрылымдарды құруға атсалысып, олардың біразын басқарады. Оң қол және сол қолға бөлінген Шыңғыс хан әскерінің сол қолын Мұқылай жалайыр басқарады. Мұқылайға алып империяны құру ісінде сіңірген ерекше еңбегі үшін Шыңғыс хан “Го Ван” (ұлы әмір) деген лауазым берді. Ол мұндай лауазымға ие болған империядағы жалғыз адам еді. Шыңғыс ханға оның оң қол әскерін басқарған түменбасыларының арасындағы ең жақындарының бірі жалайыр  Бала Ноян болды. Шыңғыс ханның жақын серіктерінің бірі жалайыр Жошы-Тармағының немересі Құршы Бұғын Грузияның билеушісі болды. Осы тайпадан шыққан Илгай ноян Хулагу хан үкіметінде (Иран), Мұңқасар ноян Мөңке хан үкіметінде (Маңғұл) ұлы әмірлік (министр) қызмет атқарды, т.с.с.

Жалайырлардың басым бөлігі 13-14 ғасырларда қазіргі Маңғұл жеріндегі басқа да түркі тайпаларымен бірге Сыр және Шу өңірлеріне қоныс аударып, осы мезгілде пайда болып, біртіндеп, қазақ халқының негізін құрған “Алаш мыңы” одағындағы ХІІІ-XVғ.ғ. тайпалардың бірі болды. Қадырғали би шежіресіндегі Алаш мыңының аға биі міндетін атқарған Тебре бек, Шайх Софы бек, Айтулы бек, Итбаға бек, Қарашы бек, Тоққа бек билер осы жалайыр тайпасынан шыққан тұлғалар еді.

Наймандар

Сегіз оғыз деп аталған Найман тайпалар одағы VIIIғ. Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болды. Рашид-ад-диннің еңбегінде Хғ-да наймандар тайпалық одақ құрып, бір бөлігі тау-тасты жерлерде, ал бір бөлігі далалық алқапты мекендеген. Қырғыз тайпаларын күйретіп, наймандар Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерге ие болды. Батыста қаңлы, қыпшақтармен, Солтүстігі Енисейде, Оңтүстікте ұйғырлар, Шығысында шығыс Монғолиямен шектесті. Наймандар ұлыстардан құралып, әр ұлысты “хан” басқарды. Ұлыстың әскері негізінде жүздік, мыңдық, түмендік болып құрылды. Іс қағаздарында ұйғыр жазуын пайдаланып, құжаттар алтын мөрімен бекітілген. Найман мемлекетінің әлсіреуі мен күйреуі Таян ханның және оның інісі Бұйрұқ ханның кезеңіне сай келеді.

Керейлер

Керейлер жайындағы алғашқы жазба мағлұмат Хғ. кездеседі. Керейлер ХІІ ғасырдың ІІ жартысында Алтай аумағы мен Монғолияға үстемдік еткен. Керейлердің этникалық одағы түрік тайпаларынан құралып, сонымен бірге қол астындағы монғол тілдес тайпаларда бірігіп отырған. Тайпалық одаққа кіретін шеп, байлау, қанлау, табарыт, албат атауларыда соны көрсетеді. Керей билеушілерінің екі астанасы болды, Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласы және Хуанхэ өзенінің бойындағы оңтүстік астана Керей тайпалық одағының мемлекеттік құрылымы деңгейін “Ерке Төре” деп аталған заң, құқықтық нормалар жинағынан көреміз (Казин. Сокровенное сказание Т.1 М.-Л., 1941, 168б) Қағаздар ұйғыр жазуымен жазылған. Керейлер найман, монғол, қаңлы, танғұт, ұйғырлармен саяси және мәдени қатынас жүргізді. Кезінде Шыңғысханның өзі Тоғұрыс ханның көмегіне арқа сүйей болашақ империяның негізін қалады. ХІІІғ. басында керейлерде Шыңғыс ханның әскерінен жеңіліп, бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып, қалған бөліктері Қазақстанның ішкі аймақтарына көшті.

Керейлер ХІ ғасырдың басында наймандар секілді несториан дінін қабылдаған. Несториан дінінің ерекшелігі, бұл дін монотейстік — бір ғана құдайға сиынуды талап етіп, христиан дініндегідей Исаны құдайдың баласы деп санамайды және оны Мариямның ұлы, құдайдың елшісі ретінде ғана таниды. (Материалы международной конференции Ислам и современность. Алматы. 2001., 47-48 б)

Шыңғысхан империясы

Монғол және түрік тайпалары арасындағы үздіксіз соғыстар нәтижесінде ХІІғ. соңы мен ХІІІғ. басында Монғол мемлекеті пайда болды.

20 жылға созылған күрес нәтижесінде 1206 жылы жалпы моңғол құрылтайы Темучинді ең жоғары билеуші етіп сайлап, Шыңғысхан деген атақ берді.

1203—1217жж. аралығында керей, найман хандықтары мен Сібір, Шығыс Түркістан, Жетісу жерлерін бағындырып, Пекинді алды. Солтүстік Қытайды жеңген Шыңғысханның алдында Орталық Азияның ең қуатты мемлекеттерінің бірі Хорезмшақ иелігі тұрды. 1218ж. екі мемлекет аралығындағы дипломатиялық келісімге қарамастан, сол жылы Отырардағы сауда керуенін Қайыр ханның қырып тастауын сылтау етіп, 1219ж. қыркүйекте Шыңғысхан соғыс ашты. 150 мың әскерден құралған үлкен қол 1219—1224жж. аралығында Қазақстан мен Орта Азия иеліктерін түгелімен жаулап алды. Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шыңғысхан жаппай қырып-жою, зорлық-зомбылық әдістерін қолданды. Отырардың билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы бес ай бойы қорғады. Жеті күн берілмеген Сығанақтың халқы түгел қырылды. Жент, Баршынент, Үзгенд қалаларыда жаппай тонауға ұшырады.

Шыңғысхан шапқыншылығы елге үлкен қайғы-қасірет әкелді. Өркениет деңгейіне жеткен қалалар, мәдениет ошақтары күйреді. Қазақстан тайпаларының этносаяси бірігу процесі шегеріліп, рухани жетістік монғолдардың артта қалған қарабайыр шаманистік жүйе қарамағында қалды. Мемлекет дамуындағы тиімді әкімшілік жүйесі әскери әкімшілік жүйесі мен ауыстырылды. Қарахан кезеңіндегі әлемдік биікке көтерілген ғылыми дамудың тамыры қиылды. Діни тұрғыда білімнің дамуымен қоғамдық сапаны жаңа белеске көтерген ислам діні шаманизм бұғауына түсіп бұрмалануға ұшырады. Монғолдар енгізген шамандық діни салттардың жаңғырығы бүгінде өмір сүруде. Суландыру жүйесі дамыған жер шаруашылығы да монғол атының тұяғына тапталды.

Дегенмен, монғол шапқыншылығы қарсаңында әлеуметтік-экономикалық және мәдени жетістік қирап, күйрегеніне қарамастан, шапқыншылықтан кейінгі бой көтерген жаңа мемлекеттердің дамуына негіз қалады.

Шағатай ұлысы

Жетісу мекені Шыңғысханның аймақ болу барысында екінші ұлы Шағатайдың үлесіне тиді. Шағатай Жетісумен бірге Маураннахр, Шығыс Түркістанды иеленді. Астанасы ұзақ уақыт Алмалық, жазғы орталығы Іле өңірінде орналасты.

1241 Шағатай қайтыс болып, орнына немересі Қара Хулагу келді. Монғолияда болған қақтығыстар нәтижесінде ұлы ханның орнына ханның үлкен ұлы Күйік отырды. 1248ж. Күйік өлімінен соң Монғол империясында Үгедей және Толы ұрпақтарының арасында қақтығыстар басталды. Бату ханның қолдауымен ұлы хан болып Толоның ұлы Мөңке сайландыШағатайдың ұлдары ұлы ханға қарсы болды деп айыпталып, өлім жазасына кесілді. 1260ж. Үгедейдің немересі Хайду Шағатайдың немересі Алғұйді хан көтерді. Хайдудің кезінде Шағатай мемлекеті түпкілікті орын алған еді.1269ж. талас жағалауында құрылтай болып, Монғол империясынан Тәуелсіз мемлекет құруды ұйғарды. Мемлекет басшылығына Хайду (1269—1301) сайланды. Оның иелегіне Жетісу мен қатар Сырдария және Маураннахр жерлері кірді.

Хайду өлімінен соң билік Шағатайлықтарға қайта ауысты. Көшпенділік тұрмыс салтымен бірінші қол үзіп Маураннахрға көшкен Кебек хан (1318—1326жж.) мемлекетті күшейту барысында әкімшілік, ақша реформаларын жүргізді.

Кебектің саясатын ағасы Тамаширин (1326—1334жж.) жалғастырды. Ол отырықшы өмір сүрумен бірге мұсылманшылықты қатты ұстанды. Алад-дин деген есімге ие болып, исламды мемлекеттің ресми дініне айналдырды.

1346ж. Қазақ хан өлімінен кейін Шағатай мемлекеті тарады. Маураннахр көптеген биліктерге бөлінді. Оңтүстік Қазақстан ұлы ұлыс құрамына өтті. Жетісу ресми түрде бөлініп, оның территориясында жаңа Моғолстан мемлекеті құрылды.

Әмір Темір

Шағатай мемлекетінің екіге бөлінуі салдарынан XIV-70-ші жылдарында Маураннахрдағы билікті барлас руынан шыққан Темір (1336—1405) басып алды. Әмір Темірдің үлкен империя құрудағы жаугершілік әрекеті, алдымен әлсіз көршілері Моғолстан мен Ақ Ордадан басталды. Осы шапқыншылық соғыстарында Темір Ақ орда билеушісі өлтірткен Маңғыстау өңірі басшысының баласы Тоқтамысты пайдаланды.

1374—1378жж. аралығында Ақ орда хандарынан жеңіліп келген Тоқтамыс 1379 жылы Ақорданы, келесі жылы, Сауранды, Қырымды, Масай ордасын басып алды. Ендігі жерде екі одақтас Алтын Орда иеліктері үшін өз ара соғысқа түсті. Темірдің үздіксіз жорықтары Алтын Орданың ыдырауының негізгі сыртқы себептерінің бірі болып табылды. Темір билігінің соңғы кезінде, оның империясына Хорезм, Түркістан, Иран, Ирак, Ауғаныстан, Кавказ бен ‡ндістанның бір бөлігі бағынды.

Темір 1405ж. Қытайға бағытталған әскери жорығының басында, Отырарда қайтыс болды.

Мағұлстан

Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың ұлысы құрамына Оңтүстік Алтайдан Әмударияға шейінгі аралық, ұйғыр жерлері Самарқан және Бұқара, яғни Шығыс Түркістан, Жетісудың үлкен бөлігі және Мауреннахр енген болатын.

XIVғ. орта тұсында Шағатай мемлекетінің батыс және шығыс бөліктері дербес екі мемлекетке бөлініп кетті. Мағұлстан атанған шығыс бөлігінің Әмір Болатшы дулат бастаған билеушілері 1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғлық Темірді хан сайлайды. Бұл тарихи кезеңде дулат тайпасы Мағұлстанның үлкен бөлігін иемденді, сондай-ақ оның ел билеуші ақсүйектері мемлекеттің саяси өмірінде жетекші роль атқарды, тәуелсіз, тұрақты мемлекеттік орнықтыру жолында болды. Тарихшы Мұхаммед Хайдар дулаттың көрсетуіне қарағанда дулаттар бұл тарихи кезеңде дәстүрлі мал шаруашылығымен қатар, отырықшы егіншілікпен де айналысқан. Дулат шонжарларының Шығыс Түркістанда ірі жер иеліктері (иқта) болған. Тоғлық Темір дулат әмірлері мен жергілікті қожалардың қолдауымен ислам дінін қабылдап, оны мемлекеттік дінге айналдырады. Ислам діні жергілікті халыққа қарақандықтар заманынан бері таныс болғанымен, билеуші топтың, сондай-ақ қара халықтың біраз бөлігі әлі де болса мұсылмандыққа өте қойған жоқ еді.

Мұхаммед Хайдардың көрсетуі бойынша мағұлстанның жері шығысында, қалмақ жерімен шектесіп, Барыскөл, Еміл, Ертісті қамтиды. Терістікте оған Көкше теңіз (Балқаш), Бұм, Қаратал қарайды. Батыста — Түркістанмен Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана уалайатымен, Турфанмен шектеледі. Басқаша айтқанда Мағұлстанның үлкен бөлігі оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғыз жерлерінен тұрды.

Бұл ортағасырлық мемлекет құрамындағы халқы мағұлдардың (“могол”, “маңғұл”) атымен “Мағұлстан” атанғанымен, мағұлдар оның тұрғындарының өз ғана бөлігін құрады, ал оның халқының басым бөлігі Шығыс Түркістан, Жетісу және Солтүстік Қырғызтанның жергілікті тұрғындары, яғни түркі халықтары еді. Олардың арасында көне ұйғыр, керей, барлас және басқа түркі тайпалары жетісулық қазақтар, ыстық көлдік және Шу бойындағы қырғыздар да берді. Мағұлстанның орталығы алғашында Жетісуда Алмалықта болды.

Тоғлық Темір өз билігін Мауреннахрға жайып, Шағатай мемлекетін қалпына келтіру әрекетін де жасайды (1360, 1361жж.), бірақ оның мұндағы билігі ұзаққа созылған жоқ. Оның мұрагері Ілияс Қожаның тұсында Мағұлстан ыдырау жолына түсті.

Әмір Темірдің XIVғ. соңғы ширегінде жасаған бірнеше дүркін жорығы Мағұлстан мемлекетін қайтып күшею мүмкіндігінен біржола айырды. Сөйтіп, ол XIVғ. ортасына қарай дербес мемлекет ретінде өмір сүруден қалды.

XIVғ. ортасында Ақ Ордамен бір мезгілде мағұлстан мемлекетінің өмірге келуі Қазақстан тарихындағы маңызды кезең болды. Мағұлстан түркі халықтарының Орталық Азияда қуатты мемлекет құру, сол арқылы өздерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету әрекеті ретінде тарихта өз ізін қалдырды. Сондай-ақ ол, феодалдық, ұлыстық мүдденің үстемдік алуы жалпыелдік, жалпыұлттық мүдденің аяқ асты болуына соқтырмай қоймайтындығын да көрсетті.

Әмір Темірдің әскери жорықтары Мағұлстанда феодалдық бытыранқылықтың күшеюіне, ал Ақ Орданың Ноғай Ордасы және Әбілқайыр хандығы болып ыдырауына алып келді.

Алтын Орда

Монғол шапқыншылығынан соң Қазақстан аумағы Шыңғысханның үш ұлына бөлінген ұлыстар құрамына енді Жетісудың солтүстік бөлігі және төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Қыпшақ даласы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесіне тиді. Екінші ұлы Шағатайға Жетісу аймағы және Маураннахр мен Шығыс Түркістан, үшінші ұлы Үгедейге Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай жерлері бөлінді. 1227 жылы Шыңғысханның қайтыс болуымен күшпен, зорлықтан құрылған империясының ордасы сөгіле бастады. Орхондағы орталық пен ұлан-ғайыр жердегі ұлыстардың шалғайлығы мен ұлыс билеушілердің мүддесі империяның ыдырап, жеке мемлекеттерге айналуына алып келді.

Жошының мирасқоры Батый 1236—1242 жылы ұлыстың шекарасын Еділден батысқа жылжытып, енді Алтайдан Дунайға дейінгі жерлер ұлыс құрамына енді. XVIғ. Соңынан “Алтын Орда” болып құрылған мемлекет өз кезінде билеушілердің атымен Батый ұлысы, Берке ұлысы деп аталған мемлекет ұлыстың жүйеде құрылды. Орданың оң қанатында мемлекет орталығы орналасса, ал сол қанаты Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі, Ертіс аймағы мен Ұлытаудан Қаратауға дейінгі жерлер, ағасы Орда Ежен басқаруына берілді. Ішкі ұлыстар өз кезегінде кіші ұлыстарға бөлініп басқарылды. Астанасы алдымен Сарай Батуде, кейінірек Сарай Беркеде орналасты.

Берке ханның (1257—1263) тұсында империя орталығынан, Батый ханның кезіндегі қағаз жүзіндегі болса да тәуелділікпен толық дербестікке қол жеткізді. Шаманизмнен — бір құдайшылыққа — ислам дініне бет бұрып, мұсылман болған Берке тәуелсіз мемлекеттің ғылымды дамытуға күш салды. Монғолдардың іштей қарсылығына қарамастан Иран, Египеттен ғалымдарды алдырып, мемлекеттік басқару жүйесіне білімді адамдарды жинады. Алтын Орда мемлекеті Мұхаммед Өзбек ханның билігі тұсында шариқтау шегіне көтерілді. Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып, экономика мен мәдениеттік дамуын саналы биікке көтерді. Сауда қатынастары Батыс Европа, кіші Азия, Египет, Индия, Қытай мемлекекеттерімен жүргізілді.

Мемлекеттік құрылысы Монғол империясы жеріндегі билік Шыңғыс ұрпақтарына ғана тән болды. Алдыңғы кезде азаматтық өкімет жергілікті ақсүйектер қолында болып, Шыңғыс ұрпақтары отырықшы өлкелерді басқаруға және халықтан салық жинауға араласа алмайтын.

Хан мемлекеттік биліктің иегері ретінде мемлекет басшысы, әскери, заң шығару және әкемшілік билігін қамтыды. Хан атынан бүкіл әскери билікті бектер-бегі басқарды, ал азаматтық биліктің басы уәзір болып, ол мемлекетті азаматтық тұрғыдан басқару кезінде ханның кеңесшісі болды. Салық жинауды даруғалар болып, басқақтар басқару міндетімен жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды.

Әскери жүйе ондық, жүздік, мыңдық, туменнен құралып, оны ірі нояндар, әмірлер, бақадурлер басқарды.

Яса (жасақ) Шыңғысханның тұсында қабылданған заңдар мен ережелердің жиынтығы. Бұл заң көшпелі монғол өмірінің нормаларын ғана реттестірді. Отырышқы қоғамның дәстүріне, әдет-ғұрпына қойшы келетін тұстарымен, уақыт оза Шыңғыс ұрпақтарының ислам дінін қабылдап, түріктену процесінде мұсылман мәдениеті қағидаларымен өзгеріп отырды. Мемлекеттік салық жүйесі тағар, қаман, құшыр, зекет және басқа салықтардан құралды. Көшпелі тұрғындардан құшыр-мал басына салынатын салық, отырықшы егіншілікпен айналысатындар қала тұрғындары хараж, баж салығын төмеді.

Алтын Орда мемлекетінің негізгі тіректі күші Қазақстанның жергілікті тайпаларынан тұрды.

Монғол билеушілері нояндары аз уақыттың ішінде түріктеніп, кейін қазақ халқының құрамына енді.

Қазақ мемлекетінің Алтын Орданың заңды мұрагері, жалғасы екендігін көрсетеді.

Алтын Орда Жәнібек ханның өлімінен кейін ішкі алауыздыққа ұрынды. Жиырма үш жылда (1357—1380) жиырмадан астам хандар бірін-бірі ауыстырды. Орданың батыс бөлігі бірнеше иеліктерге бөлінді. Ішкі аласапыраннан кейін билікке қарадан шыққан түменбасыМамайда, Маңғыт әмірі Едіге би араласып іс жүзіндегі билеушілерге айналды. Едіге он бес жыл билікті өз қолында ұстады.

Едігенің 1419 жылы билік үшін күресте қаза болуынан кейін орталық билік толық ыдырауға бет алды XVғ. ортасына қарай оның аумағында Астрахань-Қазан, Қырым хандықтары құрылды.

Шошы ұлысының негізгі ордасы болған Қыпшақ даласы Алтын Орданың тіректі күші болды. Орда ішіндегі алдын ұлыс болған Ақ орда орталықтан бөлініп жеке мемлекетке айналды. Алтын Орданыңда негізгі аумағы қазақ халқының атамекені — Ақ орданың билігіне көшті.

Қазақстан жеріндегі архитектуралық құрылыс жүйелері

Археологиялық зерттеулерге жүгінсек, қола дәуірінен бастап, соңғы ортағасыр дәуіріне дейін, алып сән-салтанаты мәрмәр тастан жасалған архитектуралық құрылыстар болмаса да жай тастан, шикі және күйдірілген кірпіштерден жасалған үлкенді-кішілі құрылыстарды көптеп кездестіреміз.

Қазақстандағы архитектуралық құрылыс жайлардың салынуы түрік дәуірінде де дамып тереңдей түседі. Бұл кезде Оңтүстік Қазақстанда және Жетісу жерінде түрік тілдес тайпалардың отырықшылана бастауының арқасында, қалалық өмір дамып, қолөнер де егін шаруашылығы да өркендейді. Алғашқы Батыс түрік қағанатының орталығы Суяб қаласы болған деген хабар болса, ал түргеш, қарлуқ қағанаттының кезінде жазба деректерде, түрік тілдес Баласағұн, Қойлық, Янгикент, Исфиджаб (Cайрам), Талас (Жамбыл), Атлах, Хамукент, Құлан, Мереке, т.б. көптеген қалалар белгілі болған. Аты белгісіз төбе болып жатқан қалалардың орны қаншама? Бұл, қазақ жеріндегі қала салудың болғандығына дәлел. Ал, қалалық өмірдің дамуы феодализмнің дамуын, оның әлеуметтік-экономикалық негізінің дамуын көрсетсе, екіншіден мәдениеттің және архитектураның құрылыс жүйелерінің негізі еді.

Қазақстанда қалалық өмірдің дамып, атақты, көзге көрнекті монументалды архитектуралық құрылыс жүйелерінің салынған кезі қараханидтер кезі (Х–ХІІ ғғ.). Бұл кезден мұра болып бізге жеткен архитектуралық алып құрылыстарға Жамбыл қаласының маңындағы Бабажан Хатун, Айша бибі мавзолейлері жатады. Құрылыстар тек әсем салынған архитектуралық жағынан ғана қажет емес, олардың безендірілуі, ондағы ою-өрнектер халқымыздың асыл мұралары екендігімен бізге өте қымбат. Архитектуралық құрылыс жүйесінің күрделілігі жағынан әсіресе, бізге жеткен шығыс моншасының құрылыстары және оларға тартылған су жүретін құбырлар. Мұндай құрылыстар Шымкент облысында, археологиялық қазба жұмысы кезінде Отырарда, Түркістаннан, Жамбыл облысынан Тараз, Ақтөбе қаласынан, Алматы облысының жерінде Талғар қаласынан табылып отыр.

Археологиялық зерттеулерге қарағанда архитектуралық құрылыс жүйелері ХІІІ ғасырдың соңғы ширегінен бастап, ХІV ғасырда қайта жандана бастайды. Бұл кездегі құрылыс ісі қазақ жеріндегі мұсылман дінінің орнығуына байланысты дами бастайды. Қазақ жерін өз қол астына бағындыру үшін, мұсылман дінінің өкілі көрнекті ақын Қожа Яссауидің атын пайдаланған Әмір Ақсақ Темір оның құрылысына сол кездегі барлық атақты құрылыс жобалардың үлгілері пайдаланған. Бұл құрылыстың салынуы шын мәнінде қазақ халқының арасында мұсылман дінінің орнығуына әсер етеді және оның құрылыс жүйесіне сәйкестендіріп салынған құрылыстар, мешіт-медреселер, күмбездер көбейеді.

Ақ орда

Ортағасырлық саяхатшылар Қыпшақ даласы (дашт-и Қыпчак) аталған жердің шығыс бөлігінде XIV—XV ғасырдың алғашқы ширегі аралығында Ақ орда атты мемлекеттің болғанын хабарлайды.

Рашид ад-диннің (XIVғ.) айтуына қарағанда Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) Жошының үлкен ұлы Орда (Орда Ежен, Орда Иген) әкесінің тірі кезінде еншіге алған. Әбілғазының (XVIIғ.) көрсетуі бойынша Ордаға бұл жерді кіші інісі Батый хан ХІІІ ғ. орта тұсында бөлген. Орданың мұрагерлері Батый ханның тұқымына сырттай тәуелді көрінгенімен, іс жүзінде олар өз ұлысының дербес билеушілері болды.

Ақ орда жері Алтын Ордадан алған тәуелсіздігінің нығаюы барысында XIVғ. екінші жартысына қарай қалыптасып, алғашында Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі, Ертіс бойы, Ұлытау мен Кентау далаларын қамтыды. Ал Жайық, Ырғыз, Тобыл мен Сарысу өзендері аралығы, Арал теңізі төңірегі мен Сырдарияның төменгі сағасы Жошының тағы бір ұлы Шайбан ұлысына қарады.

ХІІІғ. орта тұсында Орда Еженнің ел басқарған ордасы Ертістің бойында және Алакөл көлінде болған. XIVғ. Орда Еженнің мұрагерлерінің билігі Шайбан ұлысына да тарайды, яғни бүгінгі Қазақстанның аумағын түгел қамтиды. Тек Жетісу өңірі ғана бұл кезде шағатайлық ұлысына, соңынан Мағұлстанға қарайды. Ақ Орданың күшеюіне байланысты оның орталығы енді Қазақстанның оңтүстігіне, Сығанақ қаласына ауысады.

XIVғ. бас кезінен Орда Еженнің мұрагерлері Шағатайлықтармен Сыр бойы қалалары және Жетісу үшін күрес жүргізе бастайды. Ертістен сырдарияға шейін, Алтайдан Ұлытау және Аралға шейінгі аралықта қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығына қуат бере отырып, Ақ Орда билеушілері сыр бойы, Талас, Шу және Ұлытау өңірлерінде отырықшы егіншілік пен мәдениеттің қайта жандануына ден қойды. Сығанақ, Отырар, сауран және Жентте бірақ жаңа құрылыстар өмірге келді, Ақ орда хандары өз аттарынан теңге құйғызды.

Орта Азия мен Хорезмнің қала, егіншілік және сауда аудандарымен байланыс орнатқан Ақ Орда хандары біртіндеп Алтын Орда билігінен алыстай бастайды да, XIVғ. алғашқы жартысында, яғни Ерзен және Мүбәрәк қожа (1320—1344жж.) хандар тұсында біржола дербестікке өтеді. Ақ Орданың күшеюі Ұрыс ханның билігіне тұс келеді (XIVғ. 60-70жж.). Тарихшы қадырғали би Қасымұлы Ұрыс ханды ақылды да батыл билеуші ретінде сипаттайды. Осы ханның тұсында қысқа мерзімге болса да Ақ Орданың билігі жеріне де тарайды.

XIVғ. соңғы ширегінде және XVғ. алғашқы ширегінде Ақ Орда Әмір Темірдің, оның мұрагерлерінің, ең ақыры шайбандықтардың шабуылдарына ұшырады. Тынымсыз әскери қақтығысулар нәтижесінде әлсіреген Ақ Орда жерінің үлкен бөлігін XVғ. 20-шы жылдарының соңына қарай шайбандықтар өздеріне бағындырды.

Мұсылман деректері Ақ Орданы билеген хандар шежіресін шамамен мынадай жүйеде береді: Орда Ежен, Сартақтай, Қойыншы, Баян, Сасы Бұқа, Ерзен, Мүбәрәк, Шымтай, Ұрыс хан, Құйыршық және Барақ.

Ақ Орда — Қазақстан жерінде маңғұлдар шабуылынан соң жергілікті этникалық негізде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылым.

Бұл жер ерте замандардан түркі тілі мен мәдениетіндегі, сондай-ақ осы тарихи кезеңде жолында тұрған қазақ ұлтының негізін құраған үйсін, қаңлы, қарлық маңғыт сияқты ортағасырлық елдердің, сондай-ақ басым бөлігі Шыңғыс хан шабуылы тұсында Қазақстанға іргелес оңтүстік-шығыс аудандардан және Алтайдан ығысқан жалайыр, найман, керей, арғын, қоңырат және басқа ірі тайпалық одақтардың атамекені болды.

Ақ Орда мемлекетінде феодалдық меншік түрі отырықшы-егіншілік және көшпелі мал шаруашылығы аудандарында кемел қалыптасқан түрінде көрінді. Деректер отырықшы жұрт арасындағы ауқатты топтың інджеу, мильк, сүйірғал сияқты жер иелігі, сондай-ақ салықтың көпчүр, зекет, тағар сияқты түрлері болғандығын айтады. Елдегі билік жүйесінің басында орда Ежен ханның үрім бұтағынан шыққан хан тұрды, оған жергілікті аймақтарды билейтін оғландар мен бек, әмір, батырлар бағынды.

 Әбілқайыр хандығы

Ақ Орданың ыдырауы нәтижесінде XVғ. 20-шы жылдары Орталық және Солтүстік Қазақстан жерінде жергілікті ру-тайпа билеушілерінің қолдауымен Жошы ұлы Шибанның (Сабан, Шайбан) ұрпағы Әбілқайыр жаңа мемлекеттік құрылымның негізін қалайды. 1428ж. Батыс Сібірдегі Тұр атты мекенде ол хан жарияланады. Ханды сайлау салтанатына сұлтан, оғлан, батыр, ру-тайпа басыларымен қатар ислам дін басылары да қатынасады. Ал Әбілқайырды қолдаушылардың арасында қыят, маңғыт, чинбай, жан, табғұт, дүрмән, құщы, утарчи, найман, өкреш-найманғ тубай, таймас, чат, хытай, барақ, ұйғыр, қарлық, кенегес, үйсін, қоңырат, құрлауыт, ичкі, ичкі-маңғыт, түмен және басқа ру-тайпалардың өкілдері болады. Басқаша айтқанда Әбілқайыр хандығының этникалық құрамы Ақ Орданың, белгілі дәрежеде Ноғай Ордасының құрамына да жақын болды. Міне осы тілі, шаруашылық түрі, тұрмыс-салты жағынан туыс тайпалар одағын дерек көздері XIVғ. 60-шы жылдарынан жинақы атпен “өзбек” деп атады. Бұл кезде ол халық аты (этноним) емес, тек саяси мағнадағы сөз еді.

Деректер Әбілқайыр ханның Шибан тұқымы сұлтандармен бірге маңғыт жұртының билеушілеріне де сүйенгендігін айтады. Қадырғали би Жалайыр Әбілқайыр ханның маңғыт Уақас бимен арадағы достығын суреттеп “екеуі бір кесенің екі шетінен бөліп бал ішетін еді” дейді. Соған қарағанда ханның тасының өрлеуіне бидің көмегі аз тимесе керек.

Әбілқайыр ұлысы батысында Хайықтан шығысында Балқашқа, оңтүстігінде Арал теңізімен Сырдарияның төменгі ағысының солтүстігінде Тобыл мен Ертістің орта сағасына дейінгі аралықты қамтыды.

XVғ. 30—40-шы жылдары Әбілқайыр хан Мауреннахр және Сырдың орта сағасындағы қалаларға бірнеше жорықтар жасайды. 1430ж. оның әскері қысқа мерзімге Хорезмді алады. 1446ж. Әбілқайыр хан қолдары сыр бойындағы және Қаратау етегіндегі Созақ, Сығанақ, Ақ Қорған және Өзген қалаларын өзіне қаратып, Сығанақты хандығының астанасына айналдырады.

Дегенмен, Әбілқайыр ұлысының ішінде саяси тұтастық терең тамыр жая алған жоқ-тын. Жошы ұрпағынан тарайтын сұлтандардың біразы, арасында Ұрыс ханна тарайтын Жәнібек хан мен Керей сұлтан бар топ Әбілқайыр ханмен жараса алмай, өз ара араздық отын жағады. Ішкі алауыздыққа сырттан қалмақтар тарапынан төнген шабуыл қаупі қосылады.

Маңғұл халқының батыс қанатын құрайтын қалмақтар (ойраттар) XVғ. 20-шы жылдарына қарай Орталық Азиядағы елеулі саяси және әскери күшке айнала бастайды. Қалмақтардың әсіресе көз тіккен жері Жетісудың шұрайлы жайылымдары мен егіншілік оазистері болды. XVғ. 50-ші жылдары ойраттар қолы Сыр бойына да жетеді. 1456—1457жж. Көк-Кесеке атты жерде (Сығанақ маңы) Әбілқайыр қолдары Ұз-Темір тайшы бастаған қалмақтар қолынан жеңіліс табады. Бұл шайқас Әбілқайыр ұлысының әлсіреуіне себепші болған оқиға еді. Қалыптасқан саяси ұтымды пайдаланған Жәнібек хан мен Керей сұлтан бастаған ұлыс халқының біраз бөлігі Мағұлстанға қарайтын Шу өзені бойындағы Қозы-Басы атты мекенге келіп қазақ хандығының құрылғандығын жария етеді. 1468ж. Әбілқайыр хан Мағұлстанға жорыққа аттанып, жол үстінде қазаға ұшырайды.

Сонымен, Әбілқайыр опат болған соң көп ұзамай оның құрған ұлысы да ыдырауға ұшырады. Оған себепші болған билеуші сұлтандар тобының өз арасында билік үшін жүрген таластың толастамауы, қала және отырықшы егіншілік мәдениетінің ұлыс халқы арасында кең етек жая алмауы болды. Бұл Ақ Орда, Ноғай ұлысы, Әбілқайыр хандығы сияқты мемлекеттік құрылымдардың ыдырауына негіз болған ортақ себептер еді.

Ноғай Ордасы

Алтын Орданың ыдырау барысында өмірге келген ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі Ноғай Ордасы. XIV—XV ғасырларда ол Батыс Қазақстан жерінің бөлігін қамтыды. XIVғ. соңына қарай Жайық пен Еділдің арасындағы тайпаларды біріктірген қауым өзін маңғыттар, ал өз ұлысын “Маңғыт жұрты” атады. “Ноғайлар”, “ноғайлықтар”, “Ноғай Ордасы” деген атаулар деректерде XVIғ. бас кезінде пайда болады. Ноғай Ордасының мемлекеттік құрылым ретінде оқшаулануы Едіге бидің Алтын Орданы билеген кезеңіне түс келеді (1396—1411жж.). “Беклар-бегі” атанған би іс жүзінде бұл құрылымның негізін қалаушы болды. Ол бес жыл бойы Алтын Орданың саяси өмірінде шешуші роль атқарған Едіге би өз елі маңғыттар ұлысын күшейтуге біраз күш жұмсайды. Едіге би опат болған соң (1419ж.) маңғыттардың билеушілері шығыс жағындағы көршілерімен жақын қатынаста болуға ұмтылды, Әбілқайыр ханмен одақ құрды. Ноғай Ордасы дербестікке біржола Едігенің ұлы Нұр ад-Дин билігі (1426—1440жж.) тұсында қол жеткізеді.

Ноғай Ордасының жер көлемі өзгеріп отырған. XVғ. Екінші жартысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауынан асып өтіп, шығыс және оңтүстікке жылжыды. Сыр бойы қалалары үшін күрес және Мауреннахрға ықпалын арттыру жолында жүрген Әбілқайыр хан ноғайларға ешқандай да кедергі жасаған жоқ, қайта одақтастық пиғылда болды. Мұны пайдаланған ноғай билеушілері солтүстік-шығыста жайылымдарын Батыс Сібірге дейін жеткізді. Төменнің оңтүстік шығыс беті Ноғай даласы аталды. Сондай-ақ, ноғайлар көші ауық-ауық Сыр бойы мен Арал теңізі жағалауына шейін де жетіп жатты. Ноғайлардың сол кездегі билеушілері, Едіге бидің үрім-бұтағы Уақас би, Мұса мырза, Ямғұрчи және басқалары Әбілқайырға Сыр бойы қалаларын алуға көмек береді. Қазақ еліне тілі, салт-дәстүрі жақын ноғай жұрты қазақтармен жылы, одақтастық қатынаста болды. Алғашқы қазақ ханы Жәнібектің тұсында (XVғ.) қазақпен ноғай жылы, туыстық қатынаста болды. XVIғ. орта тұсында деректер Хақназар ханды “қазақтар мен ноғайлардың ханы” атады.

Ноғай ордасының этникалық құрамы төңірегіндегі түркі халықтарының, яғни олардың жеке ұлттық тұтастыққа көшкенге шейінгі құрамына ұқсас болды. Оның құрамына маңғыттардан басқа қыпшақ, қаңлы, қоңырат, найман, үйсін, қарлық, алшын, тама және басқа тайпалардың бөліктері енді. Әуелде этносаяси құрылым ретінде пайда болған Ноғай Ордасы негізінде кейінірек, яғни XVғ. соңына қарай ноғай халқы қалыптаса бастайды.

Ресейдің Қазан және Астрахан халықтарын өзіне қосып алған соң, XVIғ. екінші жартысына қарай Ноғай хандығының да тәуелсіз жағдайы әлсірей түсіп, ақыры бірнеше өзара тәуелсіз иеліктерге ыдырайды. Оның халқының бір бөлігі Кіші жүздің құрамына енді.