Өмір сүру деңгейі— елде тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің орташа саны мен сапасын сипаттайтын көрсеткіш
Өмір сүру сапасы— өмір сүру деңгейіне қарағандағы аса кең ұғым. Мұнда жағдайларды қамту сипаты мен еңбек шарты, білім деңгейі; тұрғын үймен қамтылу, әлеуметтік қорғау жүйесі және тағы да басқаларда кіреді.
Өмір сапасының деңгейін өлшеу көрсеткіштердің толық жүйесі негізінде жүргізіледі. 20 ғасырдың 70 жылдарында Дж. Форрестер өмір сапасын 5 глобальды параметрлермен сипаттауды ұсынған: халық саны, жинақталған капитал, ауыл шаруашылығының капитал үлесі, табиғи ресурстардың мөлшері, қоршаған ортаның ластануы.
Адам дамуы туралы 1-халықаралық баяндама адам дамуын «Адам таңдауының кеңеюі мен халықтың қол жеткізген тұрмыс деңгейі» деп анықтаған. Баяндамаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық программа өлшеудің жаңа құралы енгізілді: Адам дамуының индексі(ИЧР), ол-өмір сүру ұзақтығын, білім деңгейін және кірісті қамтитын интегралды көрсеткіш.
Әртүрлі әлеуметтік топтардағы тұрмыс деңгейін талдауды статистикалық зерттеу институты жүргізді: «Халықтың белгілі топтарының өмір құндылықтарын таңдамалы бақылау әдістемесі», 1994 жыл; «Әртүрлі әлеуметтік топтар бойынша өмір құнының өзгеру есептерін жүргізу үшін тауарлар, қызметтердің құрылымы мен жиынын анықтау және нұсқаулар әдістемесі», 1996 жыл. Экономикалық зерттеу институтында 1995-2001 жылдар аралығында халықтың тұрмыс деңгейін, кедейшілік мәселелерін зерттеулер жүргізіліп, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасын, стратегиясын, болжамдарын, концепцияларын жасау жүзеге асырылады.
Тұрмыс деңгейін талдаудың Ресейлік тәжірибесін зерттеу Қазақстан және Ресей халықтарының тұрмыс жағдайы мәселелерінің біртектілігін көрсетті:
-күнелту минимумының нақты көрсеткішінің болмауы.
-минималды жалақыны арттыру жолымен халықтың негізгі бөлігінің кірісін жоғарылату қажеттігі.
-бюджеттік сферада жалақыны арттыру қажеттілігі.
-жалақыны ашық төлеу қажеттілігі (эксперттердің бағалаулары бойынша коммерциялық секторда 30-50% жалақы жасырын төленеді).
Қазақстанда өтпелі кезеңде тұрмыс деңгейін талдаудың ақпараттық базасы және әдістері өзгеріске ұшыраған. Оның төмендегідей себептері бар:
-нарықтық экономикаға көшу және тұрмыс деңгейін сәйкес «координаттық жүйеде» көрсету қажеттігінің болуы.
-Қазақстанның халықаралық ақпараттық кеңістікке енуі және тұрмыс деңгейін мемлекетаралық салыстыруды қамтамасыз ету қажеттігі.
-сәйкес ақпараттық қамтамасыздықты қажет ететін әлеуметтік мәселелер мен міндеттердің пайда болуы.
Тұрмыс деңгейін талдауды жетілдірудегі негізгі міндет- статистикалық мәліметтерді өңдеу және шынайылық деңгейін арттыру. Сонымен қатар, алынатын мәліметтерді толықтыру қажет.
Тұрмыс деңгейінің қазіргі халықаралық сипаттамалары жаңа аспектілерді де қамтиды: салауатты өмір сүру, аймақтық және әлеуметтік қозғалысты қамтамасыз ету, ақпарат алмасу және қоғам өміріне араласу т.б.
Бірақ, мұндай факторларды есепке алу туралы ақпарат жоқ немесе жеткіліксіз, сол себепті зерттеудің бұл аспектісі кең таралмаған.
Үй шаруашылықтарын таңдамалы зерттеу тұрмыс деңгейінің негізгі ақпараты болып табылады. Қазақстандағы 2001 жылы жетілдірілген үй шаруашылықтарын зерттеу шет ел тәжірибелеріне сүйену нәтижесінде жақсы негізделген.
Қазақстанда барлық жүргізілген зерттеулерді байланыстырып, белгілі бір жүйеге келтіріп отыратын талдау орталығы қажет және оның аймақтық бөлімшелері болуы тиіс.
Өмiр сүру сапасын анықтайтын көрсеткіштер:
Тұрмыс деңгей түсінігі адам қажеттіліктерінің құрылымына сәйкес оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктерін сипаттайды. Мұнда материалды қажеттіліктермен қатар рухани және әлеуметтік қажеттіліктер ескеріледі, яғни тауарлар мен қызметтерді тұтыну деңгейін ғана көрсетіп қоймай, орташа өмір сүру ұзақтығын, сырқаттану деңгейін, еңбек ету жағдайын, ақпараттық қамтамасыздық, адам хұқығын қорғауды да қамтиды. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейі, адамның таңдау еркіндігі, мәдени, ұлттық, діни қатынастар да маңызды роль атқарады.
Өмiр сапасы көрсеткіштерін төмендегідей жүйеге келтіруге болады:
1) Өмiр сапасының интегралды индикаторлары:
1.1) Макроэкономикалық көрсеткіштер:
— адам дамуының индексі;
— халықтың кедейшілік индексі;
— өмір сүру ұзақтығының индексі;
— нақты кіріс индексі (жан басына шаққандағы және барлық халықты ескергендегі өсу қарқыны);
— нақты жалақы индексі;
— жалпы аралас кіріс;
— жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы;
— меншіктен түскен түсім;
— ағымдағы трансферттер;
— үй шаруашылықтарының түпкілікті түтынулары;
— әлеуметтік-мәдени шараларға бюджеттік шығындар.
1.2) Демографиялық көрсеткіштер:
— туу деңгейі;
— сәбилердің, балалардың, ананың өлім коэффициенті;
— жалпы өлім коэффициенті.
1.3) Денсаулық және білім көрсеткіштері:
— халықтың білімділік индексі;
— сырқаттану деңгейі;
— жұқпалы аурулардың жеке түрлерімен сырқаттану деңгейі;
— 10 мың тұрғынға шаққандағы дәрігер саны немесе 1 дәрігерге келетін халық саны.
1.4) Халықгың экономикалық іскерлік көрсеткіші:
— барлық халық пен жұмыспен қамтылғандардың ара қатынасы, жұмыссыздар үлесі;
— тұрақты кірісі жоқ ,баска тұлғаның асырауындағы экономикалық іскерлі тұлғалардың үлесі;
— асыраушылық коэффициенті (мемлекет және жеке тұлғалардың асырауындағы тұлғалардың жұмысбасты халыққа қатынасы);
— жұмыс аптасының, еңбек демалысының ұзақтығы;
— еңбекке қабілетті жас шекарасы.
2) Халықтың экономикалық іскерлік көрсеткіші:
2.1) Материалдық қамтамасыздықтың минималды әлеуметтік нормасының деңгейі:
— күнелту минимумы және минималды тұтыну жиынының (корзина) кұны;
— белгіленген минималды жалақы, зейнетақы, стипендия жәрдемақы мөлшері.
2.2) Үй шаруашылықтарының кірісі:
— жиынтық және ақшалай номиналды, нақты кіріс;
— кіріс кұрамы (жалақы, басқа да еңбекақы төлемдері, кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс, жеке үй шаруашылықтарының кірісі, меншіктен алынған кіріс, әлеуметтік трансферттер, әлеуметтік зейнетақылары, жәрдемақылар т.б);
— тұтыну бағаларының индексі;
— халықтың акшалай кірісінің сатып алу кұны.
2.3) Халықтың жеке топтарының кірісін бөлудегі теңсіздік:
— децильдік коэффициент. Ол аз қамтылған тұлғалардың 10%-нің арасындағы максималды кірістің жоғарғы кірісті тұлғалардың 10%-нің арасындағы минималды кірісіне қатынасы арқылы анықталады;
— халық кірісін бөлудегі теңсіздік коэффициенті;
— кедейшілік көрсеткіштері (кедейшіліктің деңегейінен төмен кірісі бар халық саны, кедейшілік коэффициенті).
3) Жеке тұтынулар (деңгейі және кұрылымы):
3.1) Ағымдағы және келтірілген бағаға сәйкес нақты тұтыну шығындарының кұрылымы мен динамикасы.
3.2) Тұтыну шығындарының ішіндегі тамақтануға жұмсалатын шығындардың үлесі.
3.3) Тұтыну шығындары ішіндегі білім алуға, емделуге және демалуға жұмсалатын шығындар үлесі.
3.4) Жан басына шакқандағы негізгі тамақ өнімдерін орташа тұтыну мөлшері.
3.5) Тұтынылған тамақ өнімдерінің химиялық кұрамы мен калориялылығы.
3.6)Химиялық кұрамы жағынан кұнды тағамдарды минималды дәрежеде тұтынушы тұлғалардың үлесі.
3.7)Халықтың мәдени-тұрмыстық, ұзақ мерзімді қолданыстағы заттармен қамтамасыздығы.
4) Халықтың тұрғын үй жағдайы:
4.1) Халықтың тұрғын үймен қамтамасыздығы (1 тұрғынға шаққандағы жалпы және тұрғылықты аудан).
4.2) Бір тұрғын бөлмесіне шаққандағы адам саны.
4.3) Тұрғын үйге меншік формасы.
4.4) Тұрғын үйдің сапалық сипаттамасы және тұрмыстық жағдай деңгейі
4.5) Халықтың тұтыну шығындарының ішіндегі тұрғын үйге төлем жасау шығындары.
5) Үй шаруашылығының мүліктік меншік жағдайы:
— пәтерлер, үйлер (олардың сапалық сипаттамасы);
— бау-бақшалық жер учаскелері;
— мал және ауыл шаруашылық техникалары;
— автомобиль және басқа да қозғалмайтын мүлік;
— басқа кұндылыктар.
6) Кылмыстылық деңгейі.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау үшін қазір жағдайды нақты сипаттайтын қандай да бір кешенді түсінік жоқ.
Тұрмыс деңгейі түсінігінің анықтамасындағы қажеттіліктердің сипаты даулы болып табылады.
Материалды қажеттіліктер физикалық қажеттіліктерді, интеллектуалды, рухани және әлеуметтік қажеттіліктердің бір бөлігін қамтиды.
- Тұрақты даму қажеттілігі мен маңыздылығы
Елдің тұрақты дамуы дегеніміз қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және келер ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктеріне қатер төндірмейтін даму болып табылады.
Қазақстан Республикасы үшін тұрақты дамуға көшу аса қажеттілік болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану есебінен экономиканың өсуі тек белгілі бір кезеңде ғана болуы мүмкін. Қазіргі жағдайда өсім мен даму неғұрлым озық тетіктерді талап етеді.
Тұрақты даму Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет. Орнықты даму қағидаты Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізінде де тұжырымдалған.
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшуінің осы тұжырымдамасы ел өмірінің барлық салаларында орнықтылыққа қол жеткізу қағидаттарының көрінісін, мақсаттарын, міндеттері мен негізгі тетіктерін айқындайды. Ол үшін дамудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлары ықпалдасуы және Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылуы қажет.
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшуінің өзектілігі мен алғышарттары
Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа толыққанды қатысушы ретінде ХХІ ғасырға арналған күн тәртібінде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) және Мыңжылдық саммиті (Нью-Йорк, 2000 жыл) мен Тұрақты даму жөніндегі әлемдік саммит (2002 жыл, Йоханнесбург) декларацияларында қойылған міндеттерді орындау жөнінде міндеттемелер қабылдады.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамуға қол жеткізу бағытында бірқатар шаралар қабылдады.
Қазақстан БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі комиссиясының, “Еуропа үшін қоршаған орта” және “Азия үшін қоршаған орта мен орнықты даму” процестерінің, тұрақты даму үшін Дүниежүзілік кәсіпкерлер кеңесі өңірлік еуразиялық желісінің мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады.
- Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы,
- Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары,
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы,
- Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға дейінгі экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы,
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы қабылданды,
- Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі және “Қазына” орнықты даму қоры” АҚ құрылды.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Еуропа мен Азия арасында саяси, мәдени және экономикалық көпір бола отырып, Қазақстан құрлықта ландшафтар мен экологиялық жүйелердің дамуында осы тектес байланыстырушы қызмет атқарады. Қазақстан аумағының көлемі, климат жағдайларының әр түрлілігі, өңірдің су теңгерімінің ерекшеліктері Еуразияның күллі аумағындағы экологиялық жағдайды оның Қазақстандағы тұрақтылығына айтарлықтай тәуелді етеді.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақытқа дейінгі экономикалық өсуіне негізінен әлемдік нарықтағы шикізат бағасының өсуі мен табиғи ресурстардың елеулі бөлігін тұтыну есебінен қол жетіп отыр. Табиғи капиталдың барынша ысырап болуы мен құлдырауы орын алуда. Ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаға қалдықтардың көп шығарылуымен болуда. Қазіргі бағалау бойынша, ел аумағының 75%-ға жуығы экологиялық тұрақсыздықтың жоғары тәуекеліне ұшыраған. Шөлейттену проблемасы өткір қойылып отыр. “Тарихи ластанулар”, қалдықтарды жинаушылар, тұрақты және жылжымалы көздерден бөлінетін улы заттар қалдықтарының өсуі табиғи ортаның жай-күйі мен халықтың денсаулығына қатер төндіреді.
Ел экономикасының тұрақтылығына төнетін ықтимал қатерлер шикізат секторына елеулі тәуелділік, жекелеген салалардың Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге дайындық деңгейінің төмендігі, сыртқы қарыздың өсуі, “көлеңке экономика” проблемалары болып табылады.
Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларында айтарлықтай алшақтық бар. Демографиялық жағдай мен халықтың денсаулығының жай-күйінде проблемалар бар, әзірге оның құқықтық, экономикалық, экологиялық сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі орын алуда. Бұл кедергілерді еңсеру Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу жолындағы басты кезеңдік міндеті болуға тиіс.
Тұрақты дамуға көшу өлшемдеріне талдау және болжам жасау
Қазақстан Республикасының көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемаларының негізінде елдің ресурстарды өндірумен салыстырғанда оларды тепе-тең тұтынбау жағдайындағы тарихи қалыптасқан теңгерімсіздік жатыр. Егер елдің негізгі экономикалық көрсеткіштерін энергетикалық пайдалы құндылық – гигаватпен (ГВт) өлшенетін қуатты өлшеу негізінде жалпы өлшем бірлігіне негіздесе, онда қазіргі ысырапты бағалау мүмкін болады. Сонымен, 2005 жылы 29,4 ГВт мөлшерінде өндірілген жиынтық өнімді алу үшін елімізде тұтастай алғанда 94,85 ГВт мөлшерінде ресурстар тұтынылды. Бұл — жыл бойы еліміздің 65,45 ГВт қуатының резерві ысырап болды немесе жеткіліксіз пайдаланылды деген сөз. Бұл Қазақстан Республикасында ресурстарды пайдалану тиімділігі көрсеткіші (РПТ) салыстырмалы түрде төмен екендігін көрсетеді, ол қазіргі кезде 31 пайызға тең (1-сурет). Бұл орташа әлемдік деңгейден артық, ол 24 пайызға тең, бірақ әлемнің технологиялық жағынан неғұрлым дамыған елдерінен: Жапониядан — 36%, АҚШ-тан – 34%, Германиядан — 33 % кем. (Бұрынғы КСРО-да РПТ көрсеткіші 36%-ға жетті, ол әлемдік аренада бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз етті).
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың негізгі өлшемі болып табылатын өмір сүру сапасы деңгейі бойынша да әлемнің неғұрлым дамыған елдерінен артта қалып келеді.
Қазіргі әлемде өмір сүру сапасы негізгі құрамдас бөліктермен:
- өмір сүрудің ұзақтығымен;
- әл-ауқатының деңгейімен;
- қоршаған ортаның жай-күйімен айқындалады.
Қоғам, табиғат және адам халықаралық университетінің (Дубна, Ресей) өмір сүру сапасы индексі бойынша рейтинг көшбасшысы Норвегияның коэффициенті – 3,83, Ресей – 1,57, Қытай – 0,34-ке тең болғанда, Қазақстан 1,17 коэффициентпен 78-орында тұр,
Қазақстанда халықтың денсаулық жағдайы мен адамдардың өмір сүруінің ұзақтығы басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда елеулі түрде артта қалып отыр. Осылайша, халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 2005 жылы 65,9 жасты құраса, ал Жапонияда бұл көрсеткіш 80 жасқа жақындайды. Мемлекеттің әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктері мен халықаралық белсенділігін, халық денсаулығының экологиялық аспектілерін, экологиялық күйзелістерді, экожүйенің жай-күйінің көрсеткіштерін қоса алғанда, 76 параметр есебіне негізделген Йель экологиялық заңнама және саясат жөніндегі орталық (Йель университеті, АҚШ) пен Жер туралы ғылымдар халықаралық ақпараттық желісінің колумбиялық орталығының (Колумбия университеті, АҚШ) экологиялық орнықтылық индексі бойынша Қазақстан Республикасы 63,8 индексімен 70-орында тұр, ал көшбасшы елдер Жаңа Зеландия, Швеция және Финляндияда бұл көрсеткіш 87-88 балға жеткен.
Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, табиғи капиталдың тозуы мен жойылуын ескеретін шынайы жинақтау индексі (ШЖИ) Қазақстан Республикасы үшін — 25,5-ті құрайды, ал Ресей Федерациясы үшін — 4,4, Норвегия +14,8, АҚШ +4,4.
Қазақстан адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) бойынша елдер рейтингінде 80-орынға ие. Алдағы салауатты өмірдің орташа ұзақтығы мен жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің шамасы ретіндегі бұл индекстің осындай құрамдас бөліктері бойынша әлемнің негізгі елдері арасындағы Қазақстан Республикасының жағдайы бейнеленген.
Сонымен, 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдегі барынша бәсекеге қабілетті және дамыған елдердің қатарында орнығу үшін ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, өмір сүру жасын ұзарту, экологиялық орнықтылық индексінің өсуін қамтамасыз ету қажет.
Жүргізілген есептеулер әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан тұрақты орын алу үшін Қазақстан 2013 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде мынадай параметрлерге сәйкес келуге тиіс екенін көрсетеді:
РПТ – кемінде 43 %,
ресурстарды пайдалану жиынтығы – кемінде 246,86 ГВт,
өндірілген жылдық жиынтық өнім – кемінде 113,1 ГВт.
Болжамға сәйкес, осы кезеңде дәл осындай өлшемдерге әлемдегі неғұрлым бәсекеге қабілетті елу ел сәйкес келетін болады.
53%-ға тең РПТ кезінде “ тұрақты даму” траекториясына шығу және жаңартуға келмейтін табиғат байлықтары есебінен емес, неғұрлым тиімді, “озыңқы” технологиялар есебінен экономиканың өсуі қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы халқының саны орнықты дамудың маңызды өлшемі болып табылады. Халықтың тығыздығының төмен болуы (шекара айтарлықтай созылған жағдайда) әрдайым мемлекеттің дамуындағы тұрақсыздық факторы болып табылады. Ел аумағының елеулі бөлігі шаруашылыққа игеру үшін қиын және халықты Қазақстанның барлық өңірлеріне бірдей орналастыру міндетін қою мүмкін еместігіне қарамастан, халық санын белгілі бір деңгейде ұстап тұру қажет, сонымен бірге экономикалық мүмкіндіктерді өрістету (ең алдымен, еңбек нарығы проблемасын шеше отырып), қазақстандықтардың көршілес әлем ұлттарының арасында генетикалық және мәдени әлеуетін сақтау, өңірлер арасындағы атап айтқанда, инфрақұрылымның әлсіздігі мен демографиялық теңсіздікке байланысты жағымсыз саралануды еңсеру қажет.
Халық санының неғұрлым оңтайлы мақсатты деңгейі 2024 жылға қарай 18 миллион тұрғынға қол жеткізу болып табылады. Ол үшін табиғи өсім көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 12,68-ге (қазіргі кездегі 8,0-ге қарағанда), өмір сүрудің орташа ұзақтығын 73 жасқа дейін жеткізу, туу көрсеткішін 1000 адамға шаққанда өмірге келетін кемінде 22 адам деңгейінде ұстап тұру талап етіледі. Ерлердің және әйелдердің өмір сүруінің орташа ұзақтығындағы алшақтық қазіргі 11 жылдан 7,5 жылға азаюға тиіс.
Экономикалық өсім процесінде экологиялық талаптарды арттыру, қоршаған ортаға антропогендік қысымды азайту қажет. Ол үшін 2024 жылға қарай экологиялық орнықтылық индексін ең кем дегенде, қазіргі ең жақсы көрсеткіш – 88 балға дейін жеткізу қажет.
Сол арқылы өмір сүру сапасының көрсеткіштерін ең жоғары әлемдік көрсеткіштерге жақындатып, айтарлықтай жақсарту қамтамасыз етілетін болады.
Тұрақты даму кезеңдері
2007- 2009 жылдар – орнықты даму қағидаттарын қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына енгізу, экономиканы әртараптандыру, технологиялық алға озуды жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
2010 — 2012 жылдар – Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету.
2013 — 2018 жылдар – өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдік дамудағы көшбасшылар арасындағы еліміздің жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай қысқарту, елдің экологиялық орнықтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
2019 — 2024 жылдар – орнықты дамудың қабылданған халықаралық өлшемдеріне қол жеткізу.
1-кесте. Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуін белгіленген өлшемдерде бағалау
№ рс
|
Интегралды өлшеуіштер
|
2005 ж | 2009 ж | 2012ж | 2018ж | 2024ж |
1 | Халық саны, млн. адам | 15,05 | 15,66 | 16,13 | 17,13 | 18,18
|
2 | Өмір сүрудің орташа
Ұзақтығы, жыл |
65,91 | 67,87 | 68,89 | 70,99 | 73,14
|
3 | Өмір сүрудің орташа нормаланған ұзақтығы | 0,66 | 0,68 | 0,68 | 0,70 | 0,73 |
4 | Әйел адамның орташа
Өмір сүру ұзақтығының ер
|
11,47
|
10,00 | 9,3 | 8,5 | 7,5 |
5 | Қуатты тұтыну
(былтырғы жылы), ГВт
|
94,85 | 130,45 | 154,86 | 268,86 | 468,38 |
6 | Қуатты өндіру
(ағымдағы жылы), ГВт
|
29,40 | 43,05 | 57,30 | 113,10 | 248,24 |
7 | . Қуаттың ысырабы, ГВт
|
65,45 | 87,40 | 97,56 | 151,77 | 220,14 |
8 | Ресурстарды пайдалану
тиімділігі, РПТ
|
0,31 | 0,33 | 0,37 | 0,43 | 0,53 |
9 | Қоршаған табиғи
ортаның сапасы
|
0,91 | 0,95 | 0,99 | 0,93 | 0,95 |
10 | Өмір деңгейі, КВт/адам
|
1,95 | 2,75 | 3,55 | 6,6 | 13,65 |
11 | Өмір сапасы, КВт x сағат 1,17 1,78 2,43 4,35 9,49
|
1,17 | 1,78 | 2,43 | 4,35 | 9,49 |
12 | Экологиялық орнықтылық
индексі, балл
|
63 | 68 | 73 | 75 | 88 |
Қазақстан Республикасында тұрақты дамудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
- бүкіл қоғамды орнықты дамуға қол жеткізу процесіне тарту;
- орнықты даму үшін саяси негіз жасау;
- ведомствоаралық ықпалдасу, мемлекетті басқаруға деген жүйелі көзқарас, дамудың негізгі көрсеткіштерін болжамдау, жоспарлау және реттеу тиімділігін арттыру;
- ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу нәтижесіндегі экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру;
- ғылым мен білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- салауатты қоғам үлгісін енгізу негізінде халықтың денсаулық жағдайын, демографиялық жағдайды жақсарту;
- қоғамның аса маңызды ноосфералық қызметі ретінде қоршаған ортаны қорғау қызметін жетілдіру;
- трансөңірлік экожүйелік көзқарас негізіндегі аумақтық даму.
Тұрақты дамуға көшудің басымдықтары мыналар:
- өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін енгізу;
- жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану;
- орнықты көлік жүйелерін дамыту;
- энергетикалық тиімділік және энергия жинақтау;
- орнықты дамудың өңірлік проблемалары;
- халықтың әлеуметтік қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;
- экологиялық және гендерлік аспектілерді ескере отырып, кедейшілікке қарсы күрес
- орнықты даму үшін ғылым мен білім беруді одан әрі дамыту;
- тарихи және мәдени мұраны сақтау;
- халықтың денсаулығына төнетін экологиялық қауіп-қатердің алдын алу және азайту;
- шөлейттенуге қарсы күрес;
- биологиялық әралуандықты сақтау;
- эмиссияларды, оның ішінде қызған газдар мен озон қабатын бұзатын заттарды азайту;
- сапалы ауыз суға қолжетімділік;
- трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу;
- радиациялық және биохимиялық қауіпсіздік; қалдықтарды кәдеге асыру.
Өмір сүру сапасын арттырудың және елдің ұзақ мерзімді келешекте бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізі ретінде Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік даму аспектілерінің теңгеріміне қол жеткізу .
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін тұрақты даму саласында мынадай міндеттерді іске асыру қажет.
- РПТ көрсеткішін 2012 жылға қарай 37%-ға , 2018 жылға қарай 43%-ға және 2024 жылға қарай 53%-ға дейін арттыру
Бірінші міндетті іске асыру:
- экономиканы әртараптандыруға, жоғары технологиялық және шикізаттық емес салалардың, сондай-ақ экологиялық қауіпсіз технологиялардың экономикалық өсімдегі үлесін ұлғайтуға;
- елді дамытудың негізгі макроэкономикалық өлшемдерін реттеудегі мемлекеттің рөлін күшейтуге;
- ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыра, ғылыми және білім беру ұйымдары нысандарының алуан түрлерін кеңейте, зияткер қауымның беделін арттыра, инновацияларды мемлекеттік қолдай отырып, оның ішінде экономика салаларын кластерлік дамыту, материалдық-техникалық базаны түбегейлі жаңарту және ғылым-білім беру саласын ресурстық қамтамасыз етуді жақсарту, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесінің тиімділігін арттыру және осының негізінде отандық тауар өндірушілердің бәсекелес тұғырларға қол жеткізуі, елдің экспорттық әлеуетін дамыту аясында ғылым мен білім беруді басымдықпен дамыту есебінен технологиялық озуды қамтамасыз етуге;
- табиғи ресурстарды өндіру мен экспорттау және өзге де салалар арасындағы теңгерімді сақтауға;
- өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін енгізуге;
- көліктің орнықты жүйелерін дамытуға;
- елдің тиімді инфрақұрылымын құруға негізделетін болады.
- 1000 адамға шаққанда өмірге келетін 18-22 баладан төмен болмайтын деңгейде ұстаған жағдайда халық өмірінің орташа ұзақтығын 2012 жылға қарай 68 жасқа, 2018 жылға қарай 70 жасқа, 2024 жылға қарай 73 жасқа дейін ұлғайтуға болады.
- әлеуметтік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін енгізуге;
- халықты қолайлы физиологиялық өлшемдерге сәйкес келетін сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге;
- халықтың денсаулығына төнетін экологиялық қауіп-қатердің алдын алу мен оны азайтуға;
- кедейшілікпен күреске, Джини индексінің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге;
- жолдағы, тұрмыстағы және өндірістегі жарақаттануды азайту жөніндегі шараларға;
- кенеулі тамақтану стандарттарын ынталандыруға, нутриционалдық тапшылықты жоюға (кальций, йод, селен және өзге де бағалы микроэлементтер);
- отбасын нығайтуға, бала тууға деген экономикалық ынталандыру жасауға, әйелді босандыру, ана мен баланы қорғау жүйесін түбегейлі жақсартуға негізделетін болады.
- Экологиялық орнықтылық индексін 2012 жылға қарай 10 %-ға, 2018 жылға қарай 15 %-ға, 2024 жылға қарай 25 %-ға дейін өсір
- Қазақстан өңірлерінің орнықты даму бағдарламаларын іске асырудың экожүйелік трансөңірлік қағидатын енгізуге;
- үздік қолжетімді технологияларға көшу мерзімдері мен тетіктерін айқындай отырып, барлық ірі өнеркәсіптік және энергетикалық объектілер үшін орнықты дамудың нысаналы өлшемдерін белгілеуге;
- шөлейттенуге қарсы күреске;
- экологиялық жүйелерді, ландшафттар мен биологиялық әралуандықты сақтауға;
- қоршаған ортаны қорғаудың, оның ішінде неғұрлым таза өндіріс стратегиясын жылжыту мақсатында неғұрлым тиімді экономикалық тетігін енгізуге;
- балама энергетика нысандарын дамытуға;
қазақстандық өнеркәсіптің экологиялық өлшемдерін жақсартуға қаражат тарту үшін халықаралық келісімдердің негізгі қағидалары мен тетіктерін қолдануға (“жасыл инвестициялар”);
- Экономикалық дағдарыстың халыққа тигізер зардабы
Бүгінгі таңда Әлемдік дағдарыс Қазақстанды айналып кеткен емес. Қазіргі Қазақстанның экономикалық жағдайы халықтың көңілінен шықпай тұр. Сонау тарихтағы қиын жылдардың ізін басып келе жатырмыз, десек те қателесе қоймаймыз.
Қанша үкімет басшылары, жыл сайын экономикамыз тұрақты өсіп келе жатыр 8 пайыздан төмен емес десе де, экономиканың әлсіз жақтары көрініп жатыр, былай айтқанда осалдау жақтары айқын көрініп тұр. Ең біріншіден, халықтың әлеуметтік жағдайы өзгеріске түсіп отыр. Ауыртпалықтың ең бастысы- қарапайым халыққа тиіп отыр. Халықтың өмір сүруі күнен күнге қиындап бара жатыр. Көбіне үлкен шығынға орта тап пен төменгі таптардың тайғанап келгкнінің көруге болады.
Экономиканың күрт құлдырауына кейін жұмыс істейтін зауыттар, фабрика, шахталар, комбинаттардың табысының төмендеп кетуі, жұмыс орындарының қысқаруының себеп болды. Бүгінгі дағдарыс жағдайында көпшіліктің жеке қаржылық мүмкіндіктерінің болашағы үшін де толғанып отырғаны шындық. Мәселен, кейбіреулердің дағдарыс жағдайында өздерінің жеке қаржыларын қалай сақтап қалу, оны қай валютамен сақтау немесе қолда бар қаржыларын қайда инвестициялау мәселелері толғандырып отыр. Әлемдік валютаның ($) толқындай тебіреніп тұрғаны, қаржылық мәселені ойландырып, тығырыққа тіреп тұр.
Осының салдарынан халықтың жағдайы не болмақ? Енді халықтың жағдайы жақсарып, тұрақтанып келе жатқанда, экономикалық дағдарыс тағы да халықтың өмірін жолдан тайдырды.
Соңғы он жылдың көлемінде, яғни біз тәуелсіздік алғаннан бері әлемнің қаржы аумағында екі рет күшті «дауыл» соққан еді. Біріншісі — 1998 жылы Оңтүстік Шығыс Азиядан, екіншісі 2007 жылы АҚШ-тың ішінен орын алды. Қазақстанға біріншісінен гөрі екінші «дауыл» өте қатты тиді. Себебі, 1998 жылы біздің ел әлі әлемдік қаржы жүйесіне еніп үлгермеген еді. Жасыратыны жоқ, екінші дағдарыстың салқынынан қаржы-банкілік «ағзамыз» кәдімгідей «жөтеле» бастады. Алдын ала емдеуге болатын «ауруды» байқамай «асқындырып» алған өзіміз әу баста «бізде қаржылық жүйе мықты, дағдарыс айналып өтеді» деген «балалық сырқатқа» ұшырап, алтын уақытты бос жіберіп алдық. Соның салдарын енді тартып жатқанымыз өкінішті-ақ…
Бұл күдіктің бұлты халықаралық рейтинг агенттіктері елдің екінші дәрежелі банктерінің рейтингісін, несиелік қарызын төмендетіп орасан етіп көрсеткеннен қоюлана бастады. Шетелдік қаржы ұйымдарына борышымыз алғашқы кезде 40 млрд. доллар деп көрсетілсе, кейін бұл көрсеткіш 94 млрд. долларға бір-ақ секірді. Сонда бұл қайдан келген қаржы? Екінші дәрежелі банктер 2001 жылдан бері шетелден арзан пайызға несиені көптеп алып, оны халыққа тұтынушылық немесе ипотекалық несие ретінде жөн-жосықсыз таратуға асықты. Қайтарым қабілетінің төмен болатындығына назар да аудармады. Сөйтіп, АҚШ-тағы дағдарыстың кейпін киді. Бүгінде АҚШ-тың он миллионнан астам клиенті банктен алған несиесін дер кезінде қайтара алмай сергелдеңде жүр. Қазақстанда ұзын саны бір миллион адам банкіден алған әртүрлі несиесін қалай қайтаруын білмей, қиналып отыр. Себебі, банкі несие беруін сап тыйған соң құрылыс саласы ақсай бастады, орта бизнеске нұқсан келді, халықтың төлем қабілеті төмендеп, базарлар мен сауда орталықтарындағы тауарлар өтпей бірнеше миллион кісі күнкөріс жағдайынан айырылды. Сайып келгенде, бұл қаржылық дағдарыс әрбір үшінші қазақстандықтың отбасылық бюджетінің құлдырауына әкеп соқтырды. Соның салдарынан қарапайым ел әлі есін жинай алмай есеңгіреп қалды…
Экономиканы сауатты жүргізбеген жерде дағдарыс болатыны түсінікті. Кез келген ұсынатын тауардың бағасы елдегі орташа жалақы мөлшерінен аспауы тиіс. Батыс мемлекеттерінде бұл заңдылық қатаң сақталса, Қазақстанда бұл жағдай мүлдем ескерілмеді. Тұрғын үй құны да, жер телімінің бағасы да қарапайым қазақстандықтың қалтасын көтеретін деңгейден ондаған есе асып кетті. Алыпсатарлық қанағатты ұмытып, жосықсыздыққа жол берді. Қаржысы барлар арзанға үй мен жер сатып алып, қайтара оны үш-бес есе бағасына сатты. Ипотекалық несиелер де барынша есепсіз үлестіріліп, қайтарылым жайын жете ойлаған жоқ. Соның ақыры қазір тұрғын үйлердің құны түсіп кеткендіктен банкілер оны кепілге алуға асығар емес. Кезінде банкіден алған мол қаржыға ондаған, тіпті жүздеген үй сатып алған пысықайлар осы жолы оңбай ұтылды. Жылжымайтын мүліктің құны түсіп кетті, банкілер оны қайтара кепілге алмай қойғандықтан көбі тығырықтан шығу үшін пәтерді не арзан жалға беруде, не несиені жабу үшін үйді арзанға сатуға мәжбүр. Дағдарыстың бір жақсылығы — қарапайым қазақстандық енді өз құнына өзіне қолайлы пәтер сатып алатындығында. Бұл жақсы ма, әлде, жаман ба, оны уақыт көрсете жатар…
Соңғы айларда банкілер аздап есін жия бастағандай. Бірте-бірте өз-өзіне келіп, қаржылық саланы тиімді жүргізуге ұмтыла бастады. Дәл қазіргі таңда банкілерде несиелік ақша бар болғанымен, оны алушылар саны аз. Бұл банкілердің несиелік қоржыны ортайғанын көрсетпейді. Өткен жылғымен салыстырғанда несие алушылар, депозитке ақша салушылар саны біршама өскен. Дегенмен, банкілер бұрынғыдай үлкен табысқа шолп ете қалмаса да, аз кіріске марқаятын жағдайға жетті. Мұның өзі қазақстандық банк жүйесінің екінші қаржылық дағдарысқа төтеп беріп, тәуекел шығындарын өтей алатын шамасы барлығын байқатып отыр. Алайда…
Кейінгі кезде сарапшылар екі-үш жылдың көлемінде әлемде үшінші қаржылық дағдарыс болатындығын тілге тиек ете бастады. Біріншісі бізді айналып өтсе, екіншісі уығымызды дірілдетсе, ал үшіншісі шаңырағымызды шайқалтпай ма? Дағдарыс алыстан келмейді екен, тап іргеміздегі Ресейден басталады деп жорамал жасалуда.
Мұнда үш-төрт жыл бұрын біздің елдің өмірінде болған жайттар қайталануда. Айталық, несиенің арзандылығы сондай, оны «кім көрінген» алуға кіріскен. Банкілердің қоятын талабы біздікіндей: құжатты жылдамдату, арзан пайыз. Бұл дегеніңіз — қайтарымсыз несиелендіру үрдісі жүріп жатыр деген сөз. Ал бұл қаржылық дағдарысқа апаратыны белгілі. Ресейдей алып бәйтерек құласа, оның дүмпуі маңайындағыларға сезілмей қалуы мүмкін емес. Оның үстіне Ресей — біздің ең мықты серіктесіміз. Олай болса, ендігі салқындықты осы жақтан күту керек. Біз бұл салқынға төтеп бере аламыз ба, жоқ па, ол жағын дөп басып айту қиын.
Мамандардың Ресейден қауіптенетін де жөні бар. 1998 жылғы дағдарыста әлемдік қаржы жүйенің құрамдас бөлігіне айналып үлгерген Ресей рублі бір сәтте көп мөлшерде құнсызданып, экономикасы үлкен зардап шекті. Қарапайым азаматтардың тұрмыс-тіршілігі төмендеп кетті. Көбі содан әлі айығар емес.
Қазіргі мәліметтерге зер салсақ, Ресейде маусым айының ішінде баға шарықтап өскен. Өткен жеті айдың барысында ресми инфляция 9 пайызға жетіп, жылдық жоспар «асыра» орындалған. Сарапшылар жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 14 пайызға барады дейді. Мұның бәрі Ресейде мұнай-газдан түсетін байлықты мемлекет әділетті әрі тең дәрежеде бөле алмай отырғаннан деп түсіндіреді. Елде 20 млн. адам күн-көрісі төменгі деңгейде өмір сүріп жатыр. Мемлекет олардың бәрін жарылқауға шамасы жетпейді. 2008 жылдың бірінші тоқсанында азық-түліктің аз мөлшердегі жиынтығы 20,6 пайызға қымбаттаған. Қазақстанда 10 пайыздан аспаған. Айырмашылық жер мен көктей!
Мұнайдан түскен қаржы көп болған сайын кедейлердің өмір сүру деңгейі төмендеп келеді. Өндірістегілер әрі сапалы әрі арзан өнімдерді шығарудан бас тартуда. Өйткені, кедейлерге арнап шығарған бұйымдарды сатқаннан гөрі бағасы қымбат, әрі жоғары кіріс әкелетін алпауыттардың өнімдерін жаса-ғанды тиімді санайды. Кедейлердің мүддесін мемлекет қолдамаса, онда елдің әлеуметтік ахуалы ушыға түседі.
Көршінің үйін су алса, іргеңді ыза теппей тұрмайды. Өрт шалса, жалыны шарпымай қоймайды. Алыстағы АҚШ түшкіріп қалғанда бізге тымау сарт ете қалған жоқ па?! Енді Ресей «ауырып» қалса, Қазақстанға демде жұғып, ыстығы көтерілетіні айтпаса да түсінікті. Демек, банкілердің қаржылық деңгейін, дағдарысқа қарсы қоятын тосқауыл тетіктерін қазірден бастап қолға алып, жетілдірмесе, онда ертең бармақ тістеріміз анны
Жаһандық экономиканы әлсіреткен дағдарыс күннен күнге қанатын кеңге жайып, ғаламшар тұрғындарының зәре- құтын қашырып тұр. Өз кезегіде кәсіпорындарды несиелеуді қысқартып жатыр, өндіріс орындар көлемін төмендетуге мәжбүр болып, қызметкерлерінің санын азайтуда. Бұл құбылыс жұмыссыздықтың белең алуына және халықтың нақты табысының төмендеуіне әкеліп отыр. Жұмыссыздықтың күннен күнге өршуі 2008 жылдың статистикасына қарасақ, 30 пайыз алып отыр, бұл дамушы мемлекетке жақсы көрсеткіштердің бірі емес.
Қазіргі орта, кіші бизнестің құлдырауын көріп отырмыз. Шығыс Қазақстан облысында электроттар мен ғарышқа құрал -саймандар шығарып отырған зауыт, міне бүгін жабылар табалдырығында тұр, ол 3 айда жұмысшыларға жалақы берілмей, зауыттың директоры 5 млн теңге қарыз болып отыр. Бұл тек бір мысал, ал бүкіл Қазақстан бойынша осындай құлдыраулар мен тоқыраулар қаншама.
Тағдырдың жазуын қойсайшы, аталған өндіріс ошағын қанатының астына алған «Арселор Митал Теміртау» компаниясы бұған бес алты ай бұрын ғана екінші жаңа зауыт салынатындығы жайлы ғажайып жобаны жария еткен болатын. Ол ірге көтергеннен соң металл өнімдерін өндіру көлемі жылына 10 миллион тоннаға жеткізілетіндігі мәлім етілген. әйтсе де қазіргі экономикалық байланыстар шырмасқан шақта алдағыны кім болжай білген. әлемдік қаржылық дағдарыс әсері тез жетіп, компанияны өндірісті оңтайландыруға мәжбүр ететіндігі қаперге кіріп пе. Қайтерсіз, баршаны алаңдатқан тығырық қыспағы оны да айналып өтпей, енді тосқауыл қою шаралары қолға алынып жатыр.
Жағдайдың мән- жайын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ортаға салған «Арселор Миттал Теміртау» АҚ бас директоры Франк Паннирдің түсіндіруі бойынша, басты рынокта металл өнімдеріне деген сұраныстың азайып, бағаның арзандауы байқалуда. Белең алып кету қаупі де бар екен. өйткені, негізгі тұтынушылар бұрыннан жинақталған қорды пайдалануға көшу үстінде. Сондықтан болат өндірісін 25-30 пайызға төмендетуге тура келген. Мұның сыртында баға деңгейін өнімнің өзіндік құнымен сәйкестендіру үшін барлық топтарда жұмсалатын шығынды шақтау қажеттігі туды. Мәселен, шойын өндіру мөлшері күніне бұрынғы 11800 тонна орнына бұдан былай қарай 7000 тоннаға төмендетілді. Кокс өндірісі де осындай шектеулерді бастан кешіруде жұмыс істеп тұрған үш конвертордың біреуі ғана тоқтатылмайды. Прокат цехтарының бәрі бір ауысымдық жұмысқа ауыстырылды. Бұлайша оңтайландыру айына 20 миллион АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік береді деп есептелуде, мұның өзі өндірісті қалыпты ұстауға қол ұзартпақ көрінеді. Ал қиындық қанша қысса да домна пештерінің тынысын тарылтпауға күш салынуы ертеңгі жағдайды көздеу болып табылады.
Осындай жағдайларға байланысты 4 мыңнан астам адам екі апталы еңбек демалысына жіберілді. Бұл уақыт аралығында қолданылатын іс-шаралар нәтижесі байқала бастаса жұмыс орындарына қайтып оралады. Бүгінде үйлерінде еріксіз қол қусырып отырып қалған осыншама жан солай болуын күтуде. Егер жағдай жақсара қоймаса іске кірісу мерзімі ұзаруы мүмкін. Оларға кәсіпорын кәсіподақ комитетімен келісімге сәйкес орташа айлық еңбекақыларының 50 пайызын төлеуге шешкен.
Жалпы, комбинат қана емес, компания құрамындағы басқа да өндірістік буындарға қиындық салқыны бірдей тиюде деуге болады. Лисаков және Кентөбе кеніштерінде темір кенін өндіру тоқтатылуы соның бір амалы. Бұлар тек қолдағы бар қорды байыту ісімен шұғылдануды жалғастыруда. Алыстан да, жақыннан да сыртқы шикізат, металл сынықтарын сатып алу доғарылған. Шахталардағы қыр үстіндегі және көмекші бөлімшелер жұмысы 5 күннен 4 күнге қысқартылды. Сөйткенмен көмір өндіру әзірге шектеле қойған жоқ
Әлемдік қаржы дағдарысы төрткүл дүниенің ендіктерін ен жайлап, бұғанасы бекіген алпауыт елдерден қабырғасы қатаймаған дамушы елдерге дейін ауыз салып жатқанда, елімізде экономикалық тұрақтылықты еңсерудің түрлі жолдары қарастырылуда. Бұл турасында жуықта өткен үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті құзырлы мекемелерге нақты тапсырмалар жүктегені мәлім.
Дағдарыстың салқыны елдегі экономикалық аураның маңызды бөлігін құрайтын Алматы қаласына да әсер ететіп отыр. Мәселен, соңғы тоғыз ай көлемінде экономикалық даму қарқыны бәсеңсіп, өнеркәсіп өнімі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,9 пайызға, қаржы бөлу көлемі 8,3 пайызға азайған. Ал тұрғын үйді іске қосу 19,7 пайызды құраған. Десек те, қала бюджеті әзірге өзінің әлеуметтік бағытынан тайған жоқ. Инфляциялық процесстердің байқалады. Әлеуметтік жүрістердің оң сипат беруіне кіші бизнес субъектілері қатарының көбеюі де әсер етіп отыр.
2008 жылғы әлемдік экономиканың жағдайы біршама шиеленісіп тұр. Әлемдік сарапшылар мен халықаралық институттар қаржы рыногы мен биржалық тауарлар рыногында болашақ үрдістердің өсіп келе жатқан белгісіздігін ескеріп тұр.. Шетелде баға 5,8 пайызға түссе, Ал Қазақстанда тек 2,5 пайызға түсті, себебі бүгінгі жылдың қорытындысы бағаны түсіруге мүмкіндік бермейді.. Жыл сайын ауыл шаруашылық секторындағы егін 75-80 пайыздық нәтиже берсе, осы жылғы нәтиже жартысынан да аздау болды. Бір жағына ауа райының кесілі болса, екінші жағынан халықтың тапқырлығы, яғни «егінің өспейді» деп болжамы.
Жоғарғы дағдарыстан біз қалай шығар екенбіз, экономикалық аналитикатардың айтуы бойынша «бұл тек басы ғана, ауыр жылдар әлі алды да». Қайткенмен де «бірлік басы- тірлік» ,-демекші мемлекет тарапынан осы жағдайдан шығуға және халықтың өмір сүруін тұрақтандынуға, зардаптар шекпеуге мемлекет кепіл беріп отыр.
- Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартудағы шаралар мен бағыттары
Қазақстан Республикасындағы орнықты дамуға көшу саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін ресурстардың, тетіктер мен даму құралдарының ықпалдасуы қамтамасыз етілуді назарға алып келеді.
2008 жылы халықтың орташа өмір сүру деңгейі Үкімет жоспарлаған көрсеткіштен жоғары болуын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлім етті.
2008 жылы халықтың орташа өмір сүру деңгейі Үкімет жоспарлаған көрсеткіштен жоғары болуы мүмкін.
1997-ші жылдан бері еліміздің әлеуметтік саласында болған өзгерістер мен жетістіктер жайында айта келе, министр республикадағы еңбек қатынастарын реттейтін Еңбек кодексінің қабылданғанын ерекше атап өтті. «Осы және басқа да заңнамалық нормалардың арқасында халықтың орташа өмір сүру деңгейі 1997 жылы 3,305 мың теңге болса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 8,861 мың теңгеге дейін көтерілді. Енді 2008 жылы біз оны 10,150 мың теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі еліміздегі орташа жалақы деңгейінің 410 доллар және зейнетақының 118 долларды құрағанын жеткізді. «Осы көрсеткіштер бойынша Қазақстан ТМД аумағында Ресейден кейін екінші орында тұр», — дейді министр.
Елбасы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартудағы мемлекеттің жетістігін атап көрсетейік.
Былтырғы жылы еңбек өтілдері ескеріле отырып зейнетақылар мен жалақылардың көлемі қайта қаралғанын және жылдың басынан ең төменгі зейнетақы мен жалақы көлемінің көбейтілгеніне тоқталған Елбасы, “біз Халықтың Жинақ банкінде қалып, жоғалған салымдарын өтеуді қажет деп тапқан жалғыз мемлекетпіз. Қазірдің өзінде 4 миллиард теңгеден астам өтемақы төленді. Егер, бұл өтемақыларды ағымдағы жылы төлеп үлгермесек, онда оны келер жылы да жалғастыру керек ” деп атап көрсетті.
Соңғы жылдары ел халқының өмір сүру деңгейі үздіксіз өсіп келеді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев наурыздың 19-ында Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде жария еткен дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.
Былтырғы жылы еңбек өтілдері ескеріле отырып зейнетақылар мен жалақылардың көлемі қайта қаралғанын және жылдың басынан ең төменгі зейнетақы мен жалақы көлемінің көбейтілгеніне тоқталған Елбасы, “біз Халықтың Жинақ банкінде қалып, жоғалған салымдарын өтеуді қажет деп тапқан жалғыз мемлекетпіз. Қазірдің өзінде 4 миллиард теңгеден астам өтемақы төленді. Егер, бұл өтемақыларды ағымдағы жылы төлеп үлгермесек, онда оны келер жылы да жалғастыру керек ” деп атап көрсетті.
Елбасы айтқандай, өткен 4 жылдың ішіндегі экономиканың өсімі “ең төменгі зейнетақы көлемін — 4000 теңгеден 5800 теңгеге арттыруға мүмкіндік берді”. Орташа зейнетақының көлемі де екі есеге – 4 мыңнан 8,6 мың теңгеге дейін өсті. Ең төменгі жалақы екі жарым есеге — 2500-ден 6600 теңгеге, орташа жалақы 1,6 есеге, яғни 14 мың теңгеден 24 мың 800 теңгеге дейін өсті. Ал, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 45 пайызға көтерілді. Әлеуметтік- экономикалық даму жетістіктері бізге Орталық Еуропаның бірқатар елдерінің негізгі көрсеткіштеріне жақындауға мүмкіндік беріп отыр, ал, Оңтүстік-шығыс Еуропа елдерінен біз әлдеқашан оздық. Дүниежүзілік банктің саралауы бойынша, біздің мемлекетіміз енді табысы орта деңгейден жоғары елдердің қатарына жатады.
Ғаламдық қаржы дағдарысы ел экономикасына соншалықты кері әсер етпесе де, лебі сезіліп-ақ жатыр. Азық-түлік бағасының қымбаттауы мен экономиканы несиелеу көлемінің кемуі алаңдаушылық туғызып, қосымша шаралар қолдануды талап етеді. Бұл ретте күнкөріс деңгейі тым аздық ететін жерлерде бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысын арттыру мәселесінің өзектілігі артып отыр.
Бүгінгі таңда жалақының барабарлығы мен өмір сүру деңгейі проблемаларын шешу жергілікті атқарушы органдардың тұтыну және қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті дамыту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу жолымен жүзеге асырылуда.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысының 2008 жылғы 7 ақпанда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауында айтылған тапсырмаларын, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының сайлау алдындағы платформасын іске асыруға, 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеген кезде жергілікті бюджеттердің шығыстарында бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 2009-2010 жылдары жыл сайын 25%-ға өсіру ескерілген, ал 2011 жылы 30%-ға өсіру болжануда.
Өңірлік үстемақылар белгілеу жалақы тағайындау процесін әкімшілендіруді қиындатуға; облыстар аудандарының, аудандардың елді мекендері бөлінісінде жалақы тағайындаудың негізділігі жөніндегі мәселелердің туындауына әкелуі мүмкін. Өйткені, олардың әрқайсысында ең төменгі күнкөрістің өзіндік мөлшері қалыптасады, ол уақыт ішінде елеулі өзгерістерге ұшырайды.
Жергілікті өкілді органдардың 2001 жылдан бастап «Қазақстан Республикасында ауылды (селоны) және аграрлық өнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (2006 жылдан бері «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін бюджет саласының мамандарына қалалық жағдайда жұмыс істейтін мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жалақы мен тарифтік ставкаларды кемінде 25%-ға жоғары белгілеу құқығы бар екенін атап өткен жөн.
Осылайша, облыс мәслихаттары ауылдық елді мекендердегі бюджет саласының қызметкерлеріне еңбекақыны арттыру және мамандардың ауылдық елді мекендерден кетуін азайту үшін қолда бар бюджет қаражаты шегінде 25% ғана емес, одан да жоғары үстемақы процентін белгілей алады.
Әлеуметтік сала
Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өткен жылы орта есеппен 30 %-ға көбейді. Орташа айлық жалақы мөлшері – 50 мың теңгеден асты. Жалақының ең төмен мөлшері 10515 теңгеге тең, ал зейнетақының ең төмен мөлшері 12 110 теңгені, орташа мөлшері — 17870 теңгені және ең жоғары мөлшері – 26110 теңгені құрады. Еліміз бойынша зейнетақының орташа мөлшері 29 пайызға артты.
Бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы екі есе (16380 теңгеден 35040 теңгеге дейін), ал бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі ай сайынғы жәрдемақы – орта есеппен 1,6 есе көбейді.
Жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілігін, босануын және ана болуын міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын жұмыс істейтін әйел, бала туғанда берілетін 35 040 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік жәрдемақымен қатар, қосымша әлеуметтік қатер туындаған жағдайда жүктілігі және босануы жөніндегі демалыстың барлық күндеріне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігі және босануы жөнінде әлеуметтік төлем, сондай-ақ орташа айлық табысының 40 % мөлшерінде бала бір жасқа толғанға дейін (ай сайын) бала күтімі жөніндегі әлеуметтік төлем беріледі.
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың (656 адам) орташа мөлшері – орта есеппен 14 %-ға, ал арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың (1,2 млн. адам) орташа мөлшері – 7 %-ға көбейіп 5500 теңгені құрайды.
№ 2 Тізім бойынша зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін адамдар заңда белгіленген жасқа жеткенде және 1998 жылға дейін қажетті стажы болса, 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (9344 теңге) мемлекеттік арнайы жәрдемақы беріледі.
Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуге және санитарлық керек-жарақты алуға бөлінген қаражат толық игерілуде. Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға 2006-2008 жылдары мемлекеттік бюджеттен 7 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.
Барлығы 2002-2007 жылдары атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 33,4 млрд. теңге жұмсалды.
Еңбек қатынастары
2007 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі қабылданды, Кодекске сәйкес еңбекақының ең төмен стандарты ең төмен айлық жалақының және жоғарылатушы салалық коэффициенттердің есебінен айқындалады. Енді демалыс күндерінің ең төмен мөлшері 18 күн емес, 24 күн болады.
Үкімет, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың бірлестіктері арасындағы Бас келісімге алғаш рет «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» деген бөлім енгізілді. 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлығы 16 облыстық, 171 аудандық және қалалық үшжақты, 19 салалық келісім жасалды. Бос жұмыс орындары мен жұмыссыздар жөнінде облыстар, қалалар мен аудандар бойынша деректер базасы құрылды.
Елде өндірістік жарақаттанудың жалпы деңгейі 8%, адам өлімімен аяқталғаны -13% азайды. Алайда осыған өндірісте екі мыңнан астам (2892) адам зардап шегіп, 408 адам қайтыс болды. Ал еңбек заңнамасын бұзған адамға берілетін ең жоғары әкімшілік жаза – 200 айлық есептік көрсеткіш немесе 233,6 мың теңге мөлшеріндегі айыппұл, бұл шамамен орта деңгейдегі жұмыс берушінің айлық жалақысына тең. Министрлік Еңбек кодексін бұзушылық үшін жазалау шараларын қатаңдату керек деп есептейді.
Кәсіпорындардың міндетті зейнетақы жарналары бойынша қарыздары мәселесі шешімін таппай келеді. Ол 8 млрд. теңгеден астам соманы құрайды. Бұл салық органдарымен бірлескен белсенді жұмысты және жұмыс берушілердің өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруын талап етеді.
Қазақстан Республикасында табыстарды бөлудің әркелкілігі*)
(пайызбен)
|
Күнкөріс деңгейі төмен халықтың үлесі
|
Кедей-ліктің асқы-нуы | Кедей-ліктің шиеленісуі | Халықтың 20% тобы бойынша Джини коэффициенті | 10% ең көп және ең аз қамта-масыз етілген халықтың ақшалай табыстарының ара салмағы | |
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы | Азық-түлік қоржыны-ның құны | |||||
1996 жыл 1) | 34,6 | … | 11,4 | 5,2 | 0,319 | … |
1997 жыл | 38,32) | 12,7 | 12,1 | 3,1 | 0,338 | 10,2 |
1998 жыл | 39,02) | 16,2 | 12,8 | 3,8 | 0,347 | 11,3 |
1999 жыл | 34,5 | 14,5 | 13,7 | 5,5 | 0,340 | 11,0 |
2000 жыл | 31,8 | 11,7 | 10,3 | 4,0 | 0,343 | 11,9 |
2001 жыл
|
28,4 | 11,3 | 7,7 | 3,0 | 0,348 | 11,3 |
2001 жыл IV тоқсан |
27,1 | 11,9 | 7,9 | 3,4 | 0,340 | 10,5 |
2002 жыл
І тоқсан |
29,6 | 13,7 | 9,0 | 3,9 | 0.337 | 10,3 |
2002 жыл
II тоқсан 3) |
27,7 | 11,9 | 7,8 | 3,1 | 0,334 | 9,8 |
2002 жыл
III тоқсан |
23,7 | 8,7 | 6,1 | 2,3 | 0,335 | 9,5 |
2002 жыл IV тоқсан |
20,5 | 6,8 | 5,2 | 1,9 | 0,326 | 9,1 |
Халықтың тұрмыс деңгейнінің негізгі әлеуметтік экономикалық индикаторлары және олардың өзгеруі
|
2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 |
Орташа айлық атаулы жалақы ұлттық валютада | 20323 | 23128 | 28329 | 34060 | 40775 |
АҚШ долларымен | 133 | 155 | 208 | 256 | 323 |
Халықтың орташа айлық ең т өменгі күнкөріс деңгейі | 4761 | 5128 | 5427 | 6014 | 8410 |
Тағаыйндалған зейнетақы орташа мөлшері, жыл аяғына | 5818 | 8198 | 8628 | 9061 | 9898 |
Халықтың атаулы ақшалай табысын бағалау, айына орташа жан басына шаққанда | 8958 | 10533 | 12817 | 15463 | 18585 |
Халықтың ақшалай табысындағы енбек табысының үлес салмиағы, пайызбен | 77 | 76 | 76 | 77 | 80 |
Жалақының ең аз мөлшері
|
4181 | 5000 | 6600 | 8100 | 9200 |
Жас бойынша зейнетақының ең аз мөлшері
|
4336 | 5500 | 5800 | 6200 | 6700 |
Экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық ататулы жалақы
2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | |
Қызмет түрлері бойынша барлығы | 20323 | 23128 | 28329 | 34060 | 40775 |
Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы | 8163 | 9567 | 11978 | 14981 | 18740 |
Балық аулау, балық өсіру | 8685 | 10481 | 10999 | 14585 | 18229 |
өнеркәсіп соның ішінде
кен өндіру өңдеу электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу |
26280
40045 22130
21594 |
29585
45594 24823
23339 |
35465
54305 30234
26899 |
41755
65762 35412
30758 |
50224
75892 43625
36987 |
құрылыс | 32453 | 34473 | 38622 | 47921 | 55546 |
Сауда, автомобильді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланылатын заттарды жөндеу | 18931 | 22797 | 27595 | 33478 | 40368 |
Қонақ үйлер мен мейрамханалар | 32743 | 40012 | 44925 | 47433 | 48772 |
Көлік және байланыс | 28969 | 34140 | 41637 | 49048 | 58884 |
Қаржы қызметі | 50460 | 55207 | 64532 | 79520 | 97810 |
Жылжымайтын мүлік пен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қөызмет көрсету | 29329 | 36624 | 40628 | 50662 | 60451 |
Мемлекеттік басқару | 16930 | 18045 | 26031 | 31160 | 35553 |
Білім беру | 12863 | 14406 | 17964 | 20326 | 24010 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету | 10863 | 12112 | 15195 | 18043 | 21325 |
Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызмет көрсету | 21078 | 24175 | 29510 | 39058 | 42737 |
Аумақтан тыс ұйымдардың қызметі | 136093 | 146435 | 139888 | 137455 | 167340 |
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері | ||||||||||||||||
Мың адам | ||||||||||||||||
2008 | ||||||||||||||||
2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 1 кв | 2 кв | 3 кв | 4 кв | год | |||||
Экономикалық белсенді халық саны | 7479,1 | 7399,7 | 7657,3 | 7840,6 | 7901,7 | 8028,9 | 8228,3 | 8336,8 | 8425,6 | |||||||
Жұмыспен қамтылған халық | 6698,8 | 6708,9 | 6985,2 | 7181,8 | 7261 | 7403,5 | 7631,1 | 7762,9 | 7868,4 | |||||||
Жалдамалы жұмысшылар | 3863,3 | 4030,2 | 4229,6 | 4469,9 | 4640,5 | 4776,6 | 4973,5 | 5138,3 | 5186,0 | |||||||
Өз бетімен жұмыс істейтіндер | 2835,5 | 2678,7 | 2755,6 | 2711,9 | 2620,4 | 2626,9 | 2657,6 | 2624,7 | 2682,4 | |||||||
Жұмыссыз жүрген халық саны | 780,3 | 690,7 | 672,1 | 658,8 | 640,7 | 625,4 | 597,2 | 573,8 | 557,2 | |||||||
Жұмыссыздық деңгейі,% | 10,4 | 9,3 | 8,8 | 8,4 | 8,1 | 7,8 | 7,3 | 6,9 | 6,6 | |||||||
Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-24 жас аралығы) | 19,1 | 17,3 | 14,5 | 14,3 | 13,4 | 12,1 | 9,4 | 8,1 | 7,4 | |||||||
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, % | 7,6 | 6,0 | 5,3 | 5,1 | 4,3 | 4,0 | 3,3 | 2,9 | 2,7 | |||||||
Экономикалық белсенді емес халық саны | 3175,8 | 3155,3 | 3278,6 | 3383,4 | 3476,9 | 3493,9 | 3463,2 | 3485,5 | 3401,9 | |||||||