Отбасы – ерекше педогогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік – тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік — экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты.
Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық – экономикалық адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Ол қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:
— ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
— білім, шеберлік рухани құндылықтарды кейінгі ұрпақтарға жеткізетін тәрбиелік қызмет;
— өндірістік – шаруашылық қызмет;
— жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;
Ата-ананың қызметі — отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді.
Тұрмысты ұйымдастыру қызметі отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептелінеді.
Отбасының қызметін, оның көп түрлілігімен байланыстыратынын ескеріп, қазіргі отбасы қауымының бағыттарымен бір қатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруына көмектеседі.
Ауылдық және қалалық отбасы қауымындағы ерекшеліктер олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан мұндай әлеуметтік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі жасауы мүмкін.
Ал қалаларда мұндай бақылауға шектеу көп кездесе бермейді.
Ата –аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы, ата-аналардың білімі жағары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Дегенмен, мұндай ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне қадағалаусыз да болып жатады.
Қоғам мүшелерінің материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесі, материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым –қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-51% жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда бала тәрбиесін ерекше қолға алу мүмкіндігі мол.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік – экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасында «Адам қарымын сақтап, дамыта берудің үш негізі:
а) физиологиялық (денсаулық жағдайы);
ә) зиялылық-кәсіптік (білімі мен біліктілігі);
б) рухани (адамгершілік принциптерін қалыптастыру)» деп атап көрсетілген.
Экологиялық тәрбие — әлеуметтік, қажетті тиімді даму сапасының негізі. Оның құрамды бөліктері:
- Жастардың табиғат жөніндегі білімі;
- табиғат пен қарым-қатынасы;
- қоршаған ортаға көмегі;
Отбасыдағы тұлғааралық қарым-қатынастың
қалыптасу ерекшеліктері
Отбасы – бала тәрбиесінің алтын ұясы. Адамның бақыты отбасына байланысты. Әлемге әйгілі ғұламалар мен ақындардың ата-ана махаббаты, перзент парызы жайында тебірене айтпағаны, жазбағаны аз деуге болады. Оларға қалған асыл сөз қаншама. Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Нәресте өмірінің нәрі – ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Ана алдында парызын өтеу «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де. өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді Біздің ше Мұхтар Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзінде үлкен мән жатыр. Отбасы, ошақ қасындағықауымдастық пен қоғамдағы өмірдің мәні мен сәні, мерейі мен берекеті, жақсылығы мен жарастығы, адамдардың әдебі мен ізгілігіне, инабаты мен парасатына, имандығы мен ар – ұятына байланысты. Қасым Аманжоловтың өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: «Отбасы шағын мемлекет, Мен-президент, сен-примьер», — дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнімі бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі мен міндеті – қызметі, кіріс — шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатын сияқты әр отбасы болмыс – тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Біздің пайымдауымызша, «Отан – отбасынан басталады» дегеннің мәнісі де осында.
Отбасы құруда ең бастысы – жігіттің өз көңілінен шығатын, өмірдің ащы-тұщысын, ыстық-суығын тең бөлісе алатын, философ айтқандай, өз еркімен «құқығының жартысын азайтып, міндетін екі есе көбейтуге» тұратын жар іздеп, таңдап табуы. Күйеу жақсы қалыңдыққа лайық, отағасылық міндетті ойдағыдай атқаруға жан-нақты әзірленген білімді, білікті , шаруашылыққа икемді, епті болуға тиіс. Қыз бала бойжетіп, әке-шешесінің аясында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір елге келін боп түсіп, келіншек атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу мақтаныш әрі бақыт. Бойжеткен өзіне өмірлік жолдас, жар таңдауға ерекше жауапкершілікпен қарауы тиіс, бұл істе жеңіл ойлыққа, ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беру өте қауіпті.Өмір гүлінің жапырағына құрт түсіп, үсік бір шалған соң, қайта құлпырып қалыпқа келу жоқ, оған көз жасы да, басқа да көмектеспейді. Олай болмас үшін қыздың шын мәнінде бой жетуі, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болуы жөн. «Әйел жолы –жіңішке», «Қызға қырық үйден тыю» деген сияқты халықтық тәлімгерлік талаптардың мәнін түсініп қана қоймай, одан тиісті қорытынды шығарып, басшылыққа алуы керек. Көне замандағы «Кама Сутра» деген кітапта қыздар өнер мен білімнің 64 түрін білу, меңгеру керектігі айтылған. Қыз бала — келешек отбасының анасы. Ол өз өмірінің жалғасын ертеңгі елді құрайтын және оған ие болатын ұрпақты өмірге әкеледі. «Ұл тәрбиелеген — әскерді тәрбиелейді, қыз тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деген дана халқымыз.
Педагогика саласында негізгі сұрақ боп туындайтын дүние бұл тұқымқуалаушылық, өйткені адам тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеу кезеңінде ол өте зор әсер етеді. Ғылымның дамуы нәтижесінде тірі ағзалардың ұрпақ қалдыруы және олардың тұқымқуалаушылық морфологиялық түрлерінің жоғарғы жүйке жүйелерінің зат алмасу, жеке дара дамуы қасиеттері айқындалды.
Тұқымқуалаушылық – тұқымқуалау нәтижесінде жүреді, және сыртқы ортаға қатыссыз әртүрлі қатарлары бар: әркелкі генотип нәтижесінде і фенотип және әркелкі генотип нәтижесінде біркелкі фенотип (5,с 131). Генотип – бұл күрделі тұқымқуалаушылық системасы.
Педагог К.В.Ельницкий өткен жүз жылдықта тұқымқуалаушылық сұрағына өз ойын былай жеткізген: «Тұқымқуалаушылық адам өмірінде ерекше рөл атқарады, менің ойымша бұл тәрбиелік әсерден де күшті. Тұқымқуалау заңдылығы әркімді нақтылыққа және өзінің іс-әрекетіне ұқыпты болуын қарастырады. Биология ғылымдарының докторы, профессор Д.В.Попов тұқымқуалаушылық ұғымды кеңейтіп, жанды, рухани фактор енгізді. Оның ойынша дәл осы жанды фактор тұқымқуалаушылық қасиеттерді анықтайтын бірден-бір құрал.
Медицина психологиясының маманы бас дәрігер К.В.Зорин «Қазіргі генетиканың және медицинаның көзқарасы бойынша жастық кезеңнің күнәсі»атты өз жұмысының нәтижесінде айтқандай «жастардың жоспарсыз, ерте жыныстық қатынасқа баруы – олардың психикасымен жүріс-тұрысының бұзылуы болып табылады. Нәтижесінде соматикалы ауруларға шалдығуына әкеліп соғады. Мамандарға жыныстық жолмен берілетін аурулардың 30-дан астам түрі белгілі. Олардың ішінде қан арқылы берілетіні – гепатит В және С, ВИЧ-инфекциясы, оның соңғы стадиясы СПИД, кейбір ісік аурулары және т.б.
Зерттелген және ғылыми дәлелденген физиологиялық деңгейде генекологиялық және урологиялық аурулардың туындауы жүріс-тұрыстың өзгеруі нен екендігі. Мысалыға, әйелде 7-ден астам ер кісімен жыныстық қатынаста болған болса, және де ол ешқандай ауру жұқтырмаған жағдайдың өзінде геникологтар ешқандай тексерусіз оған жатырдың созылмалы қабынуы деген диагноз қояды. Дұрыс жыныстық қатынастың болмауы нәтижесінде ісіктер пайда болады. Ісікті аурулармен 15 % -ға жуық адам өледі және ауырады. Туыс адамдардың отбасы құруының салдарынан бала қанының бұзылуына әкеліп соғады. Бұл ғылыми дәлелденген. Мұндай отбасылардың жақындасудың нәтижесінде балаларының ақыл-есі кем немесе генетикалық жетіспеушіліктермен туылады. Қандар араласып біртүрлі ұқсас ақаулы қасиеттері бар қандар көбейіп кемтар бала дүниеге келеді. Туыстық қаншама алыс болса, соншама ауру бала табу мүмкіндігі кемиді. Үш атадан жақындығы бар отбасылардың нәтижесі – 8%, екі атадан болса – 17,5 %, одан да жақын туыстығы болса -50%. Социологиялық сараптама бойынша Ресей мемлекетінде оқушылардың 30%-ға жуығы жыныстық қатынасқа 14-15 жас аралығында түседі екен. Әрбір 5-ші жасөспірім қыз немесе ұл өзінің бірінші жыныстық қатынасқа түскен адамын білмейді.
К.П.Климовтың пікірінше ерте даму – бұл табиғи процесс және де жер бетінде мыңдаған жылдар бойы зерттелген бұл мәселе қазіргі таңда бір шешімге келген.
Ерте даму процесі 3 кезеңнен тұрады:
- Жыныстық ерте даму;
- Психикалы аурулар;
- Тума ақаулар;
1934 жылы Сталин гомесексуализмге заң жүзінде қарсы яғни рұқсат етілмеген, ал 1936 жылы жасанды түсікке заңды әлеуметтік түрде тәртіп бұзушылық деген шешім қабылдаған. Онымен қоса тәнін сатушыларға да рұқсат етілмеген. Соның салдарынан ұяттық сезімдер оянып, сапалы ел туындаған. Отбасы мықты, берік бола бастаған.
Оқушыларды болашақ өмірге даярлаудың негізгі бағыттары.
ХХІ ғасырдың соңғы тоқсанында түрлі психикалық бұзылыстардың “отбасылық диагностикасы” мен “отбасылық емдеу” туралы оқу пайда болды. Ресейдегі әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И.В.Маляревский болып есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен жасөспірімдер үшін дәрігерлік –тәрбиелік мекеменің қалаған, оның қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында дисгормониялық тәрбмелеудің роліне көп көңіл бөлген. Ауру балалардың туысқандары мен қазіргі отбасы терапиясының бейнесі болып таблатын “отбасылық тәрбиелеу” өткізіледі.
2-ші әлемдік соғыс аяқталғаннан кейін 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап, отбасылық терапияға деген қажеттілік өсті. Қазіргі уақытта отбасы терапияда бірнеше бағыттарды бөледі: психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық, сонымен қатарэклетикалық. “Кішкентай Ганс” оқиғасынан Фрейд талдауынан туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің тарихи өткенін олардың ұғынбаған (жете түсінбеген) тілектерін, психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді.
Психотерапияның тапсырмалары (міндеттері) – инсайтқа жету, яғни өткен өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы меңгеру. Қазіргі уақытта психотерапевтің жағынан да, отбасы мүшелері жағынан да, көптеген күш салуды талап ететін мұндай ыңғай жоғары тиімді болғанымен экономика аз мақсатқа бағытталған болып есептеледі.
Қазіргі уақытта отбасылық психотерапевтің жартысынан көбі жүйелік отбасылық теропия ағымында жұмыс жұмыс істейді, төрттен бірі психодинамикалық бағытты ұсынады. Эклетикалық бағыттың өкілдері психотерапевтік жұмыста емдік механизмдер бойынша түрлі әдістерді: гипноз, аутогенді жаттықтыру, медитация, қылықты модификациялау бойынша үй тапсырмасы, өзара қатынастың талдауы мен қорытылуы, топтық дискуссия және т.б. біріктіреді.
Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында.
Пало Аято мектебінің өкілі Джей Хейли “мәселені шешуші терапия” әдісінің авторы болды. Оның көптеген әдістемелері Милтон Эриксоннан алынған. Хейлидің пікірінше, отбасындағы қатынас отбасының басқа мүшелерін басқару таласының нәтижесімен анықталады. Белгі – қоршағандардың қылығын басқару тәсілдерінің бірі. Джей Хейлидің көзқарасынша, психотерапияның міндеті адамдардың басқа әсер теу тәсілін ұсынудан тұрады. Отбасы терапиясы емдік тиімділігі, егер терапиялық сессияда отбасының барлық мүшелері жиналса, айталықтай артады. Отбасы терапияға Хейлидің үлесі отбасы түрлі дерективтер (тапсырмалар) беруі болды. Тапсырмаларды орындау теңдікті қамтамасыз ететін әрбір отбасы мүшесі өз пікірін айтуға немесе бір нәрсе істеуге құқылы болды. Психотерапевт шанс уақытында да, үйге де тапсырма береді. Ол тапсырмалардың мақсаты:
- отбасы мүшелерінің қылығын өзгерту;
- психотерапевтің отбасы мүшелерімен қатынасты орнықтыру үшін қосымша ынталандыруды табу; тапсырмаларды орындауда отбасы мүшелерінің реакцияларын жаттап алу;
- отбасы мүшелерінің сүйемелдеуін жүзеге асыру, яғни, тапсырманы орындау уақытысында психотерапевт көзге көрінбейтіндей қатысады.
Пало Алто мектебінде басқа ірі фигура Мюрри Бауэн болды. Оны АҚШ-тағы отбасы терапиясының негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Ххғасырдың 60 жылдарында отбасы психотерапиясының әдісін жасап шығарған:
Қатынастарды айқындау және анықтау.
“Үшбұрышқа кіргізілмеу” (бауэн психотерапевтерге қақтығыстарға эмоционалды берілмей, өз зейіннің қатынас процесіне шоғырлануды ұсынған);
ерлі-зайыптыларды тиңмді эмоционалды үйрету. “Мен-қалпы” сабағы.
Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты психотерапия қатысушыларының жеке тұлғаларының өткен бейсаналы қатынастар базасында емес, қазіргі шындыққа негізделіп бүтіндік толыққанды тұлғалар сияқты әрекеттесу жағдайында болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағытталған терапевтер басқа мектептерге қарағанда аз дерективтенген.
Бұл терапевтикалық бағытта келесі техникалар қолданылады: конфронтация, кларификация, интерпретация және тәжірибелі өңдеу, коммуникативті қабілеттерді жақсарту техникалары, “бос асссоциациялар” техникасы. Психоаналитиктер бос талқылауды кенеттен сұрақтар мен тоқтатып, бақылау мен тыңдауды таңдайды.
Отбасылық жүйелік терапия: Бұл бағыттың ірі өкілдері — Мара Сельвини Палаццай, Клу Маданес; Сальвадор Минухин және т.б. қазіргі уақытта жүйелілік бағыт ең кең танылған перспективті, экономикалық орынды және отбасы терапиясының терапевтикалық тиімді бағыттарының бірі болып есептелінеді. бҰл бағыттың дамуынша айтарлықтай әсер көрсеткен Илья Пригожиннің жалпы жүйенің теориясы жағдайы боладын.
Жеке отбасы теропиясында отбасы құралған байланыстарды сақтау мен эволюциясына талпынатын бүтіндік жүйе ретінді қарастырылады. Отбасы пайда болуы (тіршілігі) бойында дамудың заңдылығы дағдарыстан өтеді (некеге тұру, ата-аналық отбасынан бөлу, жүктілік, баланың туылуы, баланың мектепке дейінгі мектеп мекемесіне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата-анасының зейтеақыға кетуі т.б.). әсірісе осы тіршіліктің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуші реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.
Жеке отбасының негізгі қадамдары келесідей:
- психотерапевті отбасымен біріктіру;
- психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;
- отбасылық қатынастарды реконструкциялау;
- психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.
Мара Сельвини Паллацоли түрлі жыныстағы терапевтер бригадасы отбасымен жұмыс істейтін, ал қалғандары олардың жұмыстарын бақылайтын бір жақты мөлдір айнаның артында жұмыс істейтін принципті ұстанған. Психотерапияның бірлігі бір үйде тұратын отбасы мүшелерінің барлық сессияға қатысуы болып табылады. Кезсесулердің жиілігі айына бір рет, бар болғаны он ақ сессияға дейін. Оның әдісі қысқа және кенет болатын, ал кенет шешуші қозғалыспен отбасында өзгерістің туғызуы тырысатын. Пародоксальді тапсырма өте мұқият өңделіп, отбасындағы регидті ережелер мен аңыздарға қарсы тұратын оң барлық мүшелерін әрекеттер сериясына тартатын.
Бағдарламалық отбасы терапиясы: Отбасы терапиясының бұл әдісі мәселені шешуге бағытталғандықтан “мәселені шешуші” “қысқа” деп аталады. Бұл бағыттың ең танымды тұрғалары – Джей Хейли, Гари Уитер, Клу Маданес. Өз жұмыстарында психотерапевтер отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін шоғырлатпайды. Берілген ыңғай белгінің бөліктеріне үлкен көңіл бөлумен, ал отбасыға қызығушылықпен сипатталады. Бұл бағыт әйгілігін 1970 жылы ие болды. Бұл әдістің идеяларын көптеген өкілдері Милтон Эриксонның жұмыс тәжірибесінен алып пайдаланған. Оның тәжірибесіне екі ыңғай тән: әсер етудің жанама әдістерін қолдану және клиент ұсынғанның барлығын қабылдау.
Бағдарламалық ыңғайдың мәні отбасындағы өзгеріс, бұзылыстың себебін түсінуден маңыздырақ болғандықтан мәселені шешуүшін бағдарламаларды өңдеу болып табылады. Бағдарламалық терапевтер мәселенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды зерттейді. Көптеген бағдарламалық психотерапевтердің пікірінше қалыпты жұмыс істейтін отбасы – бұл белгілерден қашатын және өзгермелі жағдайлардың талабына сәйкес жұмыс істей алатын отбасы.
Жанұя қылықтық психотерапия: Отбасы қылықтық психотерапия өзінің негізгі принципі ретінде қылықты салдармен біріктіруде көрінеді, осыдан қылықтың паттерні жағымды салдар туынданғанға дейінгі барлық жағдайдағы өзгерістерге қарсы тұрады. Бұл бағыттың өкілдерін қылықтардың жүйелілігінің талдауы қызықтырады. Некедегі қанағаттанушылық бір-бірне тұғызған қанағаттанудың көмегімен емес, өзара фрустрациялардың жоқтығымен айтарлықтай көп мөлшерде шартталу жағдайы негізге алынады.
Жиі қолданылатын техникалардың бірі ата-аналардың қылықтық тренингі болып табылады. Психотерапияның процесі терапевт клиенттің мәселесінің мәні мен оны шешу жолдары көзқарасын өзгертуден басталады. Қылықтың психотерапевтер емдеуге бүкіл отбасын емес тек баланы және ата-ананың бірін шақыратын кейбіреулердің бірі. Ата-аналар қылықтар тренингі балаларды тәрбиелеу, эмоционалдық қылықтың әсер ету, тану және модификациялау сұрақтарында олардың іскерлігін жоғарылату мақсаты бар.
Жұмыстың ең танымал техникалары келесілері:
- қалыптастыру – жүйелні нығайту арқылы тілекті кішкентай порцияларға бөлу арқылы оған жету;
- жетондық жүйе — сәтті қылықтары үшін балаларды марапаттау есебінде ақша немесе ұпайды қолдану;
- шарттық жүйе ата-аналардың қылығының өзгеруі баланың қылығының синхронды өзгеруі келісуді өзіне қосады;
- мараппатауға өзгерістер мен айырбастау;
- бөлу шектеу түрінде жазалау;
отбасы қылық терапиясы бұл өзінің қарапайымдылығы мен тиімділігі болғандықтан ең әйгілі әдістердің бірі.
Басқа бағыттар: Отбасылық коммуникативті терапия Пало Алто бағытынан бөлініп шықты. Оның жүргізуші өкілдері П. Вацианик,Д.Джексон және басқалары болып табылады.
Жанұя коммуникативті терапия мақсаты коммуникация тәсілдерінің өзгеруі немесе интеракцияның жұмыс істейтін үлгілерін өзгеру мақсатымен саналы әрекеттер болып табылады.
Алғашында бұл бағыттың өкілдері, мысалы, Вирджиния Сатир, жәй отбасындағы коммуникацияны жақсартуды мақсат етіп қойды, содан соң бұл идея блегіні қолдайтын коммуникацияның тәсілдерін өзгертуге дейін кішірейді. Отбасы коммуникация негізгі техникалар тобы келесілері болып табылады, отбасы мүшелерін анық коммуникацияның ережелеріне үйрету; отбасында коммуникацияны талдау және интерпретациялау; әртүрлі тәсілдер мен ережелердің көмегімен отбасындағы коммуникацияны манипулыциялау. Бұл психотерапияның түрлі жоғары тиімділіктегі әдіс ретінде дәлелдене алады.
Тәжірибеге негізделген отбасы психотерапия бағытының өкілдерінің бірі ең танымалдары Карл Уйткейер және Огаст Напри. Бұл әдіс “тәжірибе” мен “сапалы мәнге” негізделген.
Ерлі-зайыпты психотерапия: Ерлі зайыпты психотерапия отбасылық жұпқа бағытталған психотерапияның формасын атайды. Ол отбасылық жұпқа отбасылық қатығыстар мен дағдарысты жағдайларды бастан кешіруге, өзара қақтығыста үндестікке жетуге, қажеттіліктерді өзара қанағаттандыруды қамтамасыз етуге көмектеседі.