Қазақ халқының қол өнері ою өрнек, жүн және одан жасалынатын бұйымдар

Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Жәнеде оған Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезкңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.

Археологиялқ қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар: Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, Кригельді өзені аңғарынан табылған керамикалық қазындылар. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады. Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы М.А.Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» — деп жазады. Ал енді қазақтың ұлттық қолөнерінің таңғажайып туындысы – киіз үй орта ғасыр саяхатшылары Марко Полоны (1230), Плано Карпиниді (1246), Клавихоны (1403), Барбораны (1436), қатты таң қалдырып, олардың тарихи жазбаларынан орын алғаны – біз үшін үлкен мақтаныш.

Қазір халықаралық деңгейде қолөнер көрмесі ұйымдастырылма-ғанымен, бұрын оған айрықша көңіл бөлетін- ді. 1969 жылы 91 жасында қайтыс болған Барлыбаева Рымжанның қолынан шыққан текеметтің кезінде Парижде ұйымдастырылған көрмеге қатысып, талайларды таң қалдырғаны қандай тамаша. Сондай – ақ, қазақтың киіз үйлері 1861 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеге қатысып, 1876 жылы Петербургте ориенталистердің үшінші конгресінің Құрметіне ашылған көрмеге, 1890 жылы Қазанда өткен көрмеге қойылған.1913 жылы Омбы шахарында Романовтар әулетінің 300 жылдық тойларындағы көрмеге Атбасардан Мейрам қажының киіз үйі қатысқан.

Халықтың қолөнеріндегі негізгі тұлға- суретші, шеберлер. Қазақ халқының ертедегі шеберлері кімдер?

Бұл жан- жақты зерттеуді қажет ететін тарихымыз. Кезінде бүкіл Орта Азия мен Қазақстан есімі кеңінен таныс болған шеберлеріміз туралы айтқанда аузымызға ең бірінші Мұрын жыраудың есімі түседі. Шын аты Тілеген Сеңгірбаев бұл бабамыз өзінің жарты ғасырға жуық өмірін темірден түйін түйіп, алтынды күміске байлап, етік тіккен, тас қашаған. Тек әттең, бай іс- тәжірбиесін үйреніп жазып алып қалмағанымыз болмаса, Қазақстанда Жүсіп, Мақамбет, Күмбетбай, Тәутен, Әбдіғали, Шаяхмет, Аяған деген атақты шеберлер өмір сүрген. 1882 жылы Мәскеудің өндірістік көркемөнер көрмесінің төтенше коммиссиясы қазақ шеберлерінің ыдыстарын «жұмысының мінсіздігімен, өрнектердің әсемдігімен ерекше көзге түседі»- деп атап өткен екен. Мінеки, қазақтың қолөнер шеберлеріне Ресей сияқты мемлекеттің берген үлкен бағаларының бірі осындай.

Қазақтың ағаш ыдыстарының өзіндік ерекшеліктері оның көлемдігі. Мысалы, бұрын қазақ ауылдарында бір қойдың еті тұтас сиып кететін керсен тәрізді ыдыстар болды. Қазір де оның кейбір түрлері ел ішінде сақтаулы.1871 жылы Семейдегі көрме ұйымдастыру комитеті өзінің хаттама құжаттарында қазақтың ешбір токорлық станоксыз қашау мен пышақ арқылы тұтас қайыңнан ыдыстарын өте шебер жасайтынын жазып қалдырыпты. Жалпы, қазақ халқында қолөнер шеберлері жасаған ыдыстарының өздері 65 түрлі . Ал музыкалық аспаптары 18 ғылыми деректер бойынша Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі мұнан екі жарым мың жыл бұрын түрлі тайпалардың творчествасы арқылы байқап, ұрпақтан- ұрпаққа мәдени мұра болып қалып келеді.

Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап өтейік.

Ою-өрнектердің түрлері.

«Мүйіз» «Қосмүйіз» «Арқармүйіз» «Қошқармүйіз» «Қырықмүйіз» «Сынықмүйіз» «Өркеш» «Шыныгүл» «Гүл» «Шытырман» «Түйетабан» «Сыңарөркеш» «Балдақ» «Қармақ» «Тарақ» «Қосалқа» «Су өрнегі» «Алаша» «Аламыш» «Айыр» «Ботакөз» «Қаңқа» «Омыртқа» «Жіліншік» «Тіс» «Таңдай» «Бөрікөз» «Итқұйрық» «Түлкібас» «Жылан» «Құсқанат» «Құсмойын» «Құстұмсық» «Қазтабан» «Шетою» «Ирек» «Ирексу» «Қосдө,гелек» «Тұмарша» «Қостұмарша» «Бағанөркен»

Өрнектердің түстері мен бояулары

Қолөнерде пайдаланылатын бояуларды шеберлер өздері қолдан жасап алатын оларға әр түрлі қоспаларды қосып.

Бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, қара бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу десе болғандай еді. Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлі өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың, еменнің, алма, анар, жүзім және өрік ағаштарының қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатңан. Қына (жер қынасы, тас бетінің қынасы) «томарбояу» дейтін қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған.Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады. Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде порошок түріне келтірген. Мұндай қайнатынды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың, арпаның күйіктерінен де бояу жасаған. Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы әр түсті бояулар жасалады. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, итсигек, қара жусан сияқты ащы шөптердің тұндырмасын, құрттың сарысуын, кейде май қосатын болған.
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы.

Түйе жүнінен, Қойдың жүнін, Ешкі жүнін,Жылқының,Үкінің жүні.

Резюме

Каждое произведение ремесленно сам материальный культура эпохи образец и вкуса народа, социального общественного состояния, религиозного доверия, реальное зрелище обычая-традиции.

Summary

Each piece of craft itself material culture from the sample and taste of people, social, social status, religious trust, a real spectacle of custom-tradition.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ө.Мәдиев. Қ. Айтөленов. «Былғары және тері технологиясы» «Фолиант» баспасы. Астана 2010
  2. Қ. Әмірғазин. «Қазақ қол өнері» «Дайк-Парк» Алматы 2004
  3. С.Қасиманов «Қазақ халқының қолөнері» «Қазақстан » Алматы 1995
  4. Б. Асанова, А.Птицино, Ұ.Әбдіғапбарова. «Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы» «Фолиант» баспасы Астана 2008.