(Жантану ғылымында ойлау — бұл тұлғаның шындыңты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті. Сонымен, ойлау қоршаған дүниенің мәнін жалпылай түсінуге, болмысты заңдылықты байланыстар мен қатынастар негізінде тануға мүмкіндік береді.
Заттар арасындағы байланыстар мён қатынастарды ашу — ойлаудың басты міндеті, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдей тануға бағытталған ерекше сипаты көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды гана емес, сонымен бірге қасиеттер мен мәнді белгілейді; бірақ қатынастар тек ойлаумен ғана көрініп қоймайды.
Қажетті әрі мәнді байланыстарды аша отырып, назарға әлгандардан кездейсоқтарын бөлумвн ойлау жалқы-дан жалпыға өтеді.
Теориялық таным әрекеті ретінде ойлау ықпалды қимылмөн тығыз байланысқан. Ойлау процесінде қандай да бір мәселе қайталай, жаңадан ашыла бермейді, онда жалпы-ланған түрде мәселө шешімдерінің принциптері айқын-далып, практшаның болашақта кезігетін міндеттерінің орын-далу жолдары болжастырылады, яғни ойлау арқылы жос-пар түзіледі. Ойлау жөніндегі алғашқы материалистік багыт классикалық сенсуализм тұжырымын негізге алып, алғаш сезімдік та-нымда болмаған дүние санада бейнеленуі мүмкін емес деген шешімді уағыздады. Қарама-қарсы багыгпты үстанган идеалист фило-софтар ойлауды адам рухының айрықша, қарапайым бөлшектерге жіктелмейтін процесс формасы деп таныды. Ойлау — психикалық іс-әрекеттің ерек-ше түрі деп психологияда алғашқы жария еткен Вюрцбургтық гылыми мектеп болды.
Адамның ойлау қызметі үшін сезімдік танымға қарағанда, сөйлеу мен тіл әлдеқайда маңызды. Ойлаудың ең жоғарғы формасы — сізді-логикалы ой (вербаль-но-логическое мышление). Тек қана осы ой формасында адам тілдік таңбаларды (коды) қолданумен күрделі бай-ланыстар мен қатынастарды бейнелейді, түсініктер қа-лыптастырып, қорытынды жасаумен күрделі теориялық мәселелерді шешеді адамның ойлау қызметі, қандай да формада орындалмәсын, тіл қатысынсыз жүзеге келмейді. Ғылыми психология үшін сөз тек тілдесу қажетін орындап қана қоймастан, негізгі ойлау құралы да болып есептеледі.
Бірақ ойлау мен сөздің ажыралмас байланысынан ой мен сөзді бір нәрсе екен деп қарастыруға болмайды. Екеуінің төл табиғагпы әрқандай.
Бір нәрсе туралы ойлағанда біз әрқашан да үгымға сүйенеміз. ¥ғым дегеніміз зат немесе қүбылыстың жалпы, сондай-ақ мәнді қасиеттерін ейнелейтін ой.
Бір немесе бірнеше пікір негізіндө нақты бір қоры-тынды жасалады.
Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шыға-ратын ойлау формасы — ой қортындылары деп атала-ды. Ой қорытындыларының мысалы ретінде геометрия-лық теорема дәлелдерін алуға болады.
Ой қорытындылары индуктивтік және дедуктивтік болып келеді. Индуктивтік ой қорытындылары жеке фак-тілердің негізінде қорытынды жасау, жалпы пікір айту.
Дедуктивтік ой қорытындылары дегеніміз — жалпы ережеден жеке қорытынды жасау.
Қорытынды пікірге келудің екі түрі де — индуктивтік те, дедуктивтік те — адамның айналадагы дүние туралы білімін кеңейтуге көмектеседі.
Ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп, ал дүрыс ойлау-дың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі — қорытынды-лардың қисындылығында, олардың шындыққа сай дәлөл-дерінде. Логикалық ойлауга түскен қүбылыс көз жетер-ліктөй етіп нақты түсіндіріледі, себептері мен салдарлары катесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дүрыстығын теріске шы-ғаруга болмайтыны пікірлерде (теорема, аксиома) көр-сетіледі.
Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені та-нып, бтлу үшін ерөкше ақыл қызметтерін орындайды.
Талдау — бул оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу. Талдау практикалық (ойлау — сөйлеу процө-сінде жүріп жатады) және ақылдық (теориялық) болып бөлінеді.
Біріктіру — бул әрқилы бөлшектер, қасиеттер мен әрекет-қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Біріктіру операциясы талдау әдістеріне қарама-қарсы. Мысалы, авто-көліктің жүздөген бөлшектерін құрастыргандағы мақсат металл үйіндісін шыгару емес, пайдалы әрекетке келетін машина турғызу.
Салыстыру — бұл әрқандай заттар мен қубылыс-тардың не ойлардың бөліктері арасындагы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой әрекеті.
Дерексіздендіру (абстракция) — бұл зерттеліп жатқан нысанның қандайда бір белгісін бөліп алып, қал-гандарын елемеу. Мысалы, біз көзгө жагымды әсөр еткен жасыл түсті ғана назарға ала отырып, ол түстес зат-тардың өзіне мән бере бермейміз. Бұл процестегі нысан-нан бөліп қаралған түр-түс белгі заттың басқа қасиет-терінен оқшау қарастырылып, ойлаудың дербес элемен-тіне айналады. Дерексіздендіру — танылуға қажет нәрсенің ерек-шелігі және оны зерттеуде қойылған мақсатқа тәуелді күрделі процесс. Дерексіздендіру түрлерінің арасында -тікелей іс-өрекетке қосылған практикалық; сезімдік не-месе сыртқы; түсініктермен берілген ең жоғары, жанама абстракциялауды бөліп қарастыруға болады.
Нақтылау — ойдың жалпы және оерексіз күйден мазмұн ашуға керек болған көрнекі зат пен деректі мы-салға ойысуы. Адам әрдайым нақтылауды айтылған пікір басқаларга түсініксіз болса, жалпыланган қасиет, белгіні бір нәрсенің мысалында дәлелдеу қажеттігі туындаганда пайдалаңады.
Қорыту — заттар мен қубылыстарды ортақ және мәнді бөлгілеріне орай ойда біріктіру. Мысалы, алма, ал-мурт, өрік және т.б. уқсастықтан олардың бәрін бір «же-міс» деген түсінікпен арнайы топтық категорияға қосамыз.
Қарапайым қорытындылау нысанның жекө-дара, кездейсоқ белгілеріне негізделеді. Объөкттің өртүрлі та-раптары бойынша жан-жақты қорытындылануы біраз күр-делірек. Ең күрделі қорытынды түр (вид) және тек (род) белгілөрінің нақты ажыратылып, заттың белгілі бір түсі-ніктер жүйесіне келтірілуімен бапланысты.
Психологияда ойлау түрлері мен оларды топтас-тыру (классификациялау) проблемасы бірнеше бағытта шешімім табуда.
- Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түр-лері — дискурсивтік: өз кезөң, кезегімен өрістей дамы-ған ойлау процесі; интуитивтік: желісі қарқынды, кезең-дері нақтыланбаған, мазмуны толық ұғылмаган ойлау процесд
- Шешілуі қажөт мәселелердің қайталанбастығы мен жаңалығына орай ойлау шығармашыл (өнімді) және қайта жаңғыртушы (қайта жасаушы) болады. Шыгармашыл ойлау жаңа идеяларды туындатуға багытталады, оның нәтижесіндө қандай да мәселе, проблеманың соны, қайталанбас шешімі табылып, не бурыннан бар шешімнің жетілгөн өдісі жүзөге көледі. Шыгармашыл ойлау барысында танымдық іс-әрекеттің төркін, ішкі мән-мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой-пікір құрылымдары пайда болады. Қайта жаңғыртушы ой әрекетінің шығарма-шылдықтан айырмашылығы — дайын білімдермен ептілік-терді қолданып, өскі сүрлеумен жүре білу.
- Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әркеті теориялық және практикалық болып бөлінеді.
Және бір жагынан, практикалық ойлау объектив құ-былыс деп қаралғанның өзінде де, ол сезімдік-қимыл деңгейіндегі ой щмысы сипатында ескерілді, сондықтан да тәжірибелік ақыл жұмысы қабылдау құбылысынан бө-ліктенбей, тікелей затпен байланысқан қимылдарға тең-герілді. Алайда, өмірде тек «теоретиктер» ғана ой толғап қоймайды. Практикалық ойлау — бұл сәби ойының бастау формасы емес, ересек адамның пісіп жетілген ойлау қабілөті (Б. М. Теплов). Шынында да, күнделікті тұрмы-сымызда терең ой толғауларын қажет ететін кейбір күр-делі қызметтер туындайтыны бәрімізге аян. Адам ақылының ең жогары деңгейіндегі көрінісін ұлы жтампаз практиктер Абылайхан мен Бау-ыржан Момышұлы жәнө дана теоретиктер Әл-Фараби мен Қаныш Сәтпаевтардың қызметтерінен төңдей байқаймыз.
- Ойлау түрлерін классификациялауга байланьіс-ты психологияда көң тараған бағыттардың бірі — шешілуі тиіс болган мөселенің мазмұнын негізге алу, осыдан ой-лау: 1) затты-әрекеттік; 2] көрнекі-бейнелі; 3) сәзді-логикалы болып түрленеді. Затты-әрекеттік ойлаудың кәрініс сипаты: қалыптасқан жагдайды (ситуацияны) жаңалай өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей багытталған нақты әрекетпен бірге жүреді. Бұл ой формасы 3 жасқа дейінгі сәбилерге тән. Бұл ойлау формасы ересектер тәжірибөсінде де көптепкездеседі. Мысалы, үй жи азда-рын ауыстырганда; бұрыннан таныс болмаған механизм-дермен жұмыс істеген сынаушылар мен конструкторлар қызметінде, яғни нәтижесі әлі күңгірт болған әрекеттерді орындаұ барысында қолданымын табады.
Көрнекі-бейнелі ойлау заттар мен қүбылыстар-дың тікелей әздері емес, олардың есте қалган елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады.
Қарапайым формада көрнекі-бейнелі ойлау 4-7 жас-тағы балаларға тән. Бұл кезеңде таным тікелей әрекет-пен емес, дейділеген нысанды қабылдап, көрнекі-бей-несін еске, көз алдына келтірумен байланысты. Осындай жолмен ғылым-да атом ядросының, схема сызбасы, жер шарының ішкі құрылымы танылған.
Сөзді-логикалы ойлау қызметі тілдік құралдарга сүйеніп, ойлау процесі өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған. Осы ойлау түрінің арқасында адам жалпы заңдылықтарды ашып, қоғамның даму желісін алдын ала болжап, сан алуан көрнекі материалды жалпыланған, қорытынды күйіне келтіреді.
Ойлаудың барша түрлері өзара тығыз байланыс-қан. Қандай да тәжірибелік іске кірісу алдын біз оның нә-тижелік бейнесін көз алдымызға келтіреміз, яғни бола-шақ істі теориялық болжастырамыз.
Әр адамда оның ақыл-қабілөтіне орай өзіндік ой-лау ерекшелігі болады. Осы ерекшеліктен әр тулғаның ақыл сапасы көрінеді. «Ақыл» түсінігінің ауқымы «ойлау» түсінігінен кеңірек келеді, себебі «ақылдылық» интеллект сияқты тек ойлау қабілетінен көрінбей, басқа да таным процестерінің тұтастай желісінен байқалады. Кей адам-дар ойлауда көрнекі-бейнелерді көбірек пайдаланса, бас-қалар теориялық тұжырымдарды негізіне алып, ой жүгір-теді. Ой әрекетінің ерекшелігі сондай-ақ адам кеңіл-күйі-мен де, оның топтаған білімдері мен еңбек, тұрмыс тә-жірибесіне де, өзінде қалыптастырған ойлау әдістеріне де тәуелді келеді.
Тұлғаның ойлау дербесшігі оның жаңа мәселе-лер мен проблемаларды қоя біліп, оларды тың әдістер-мен шеше білуінде, ал бұл қабілет өз кезеңінде ойлаудың белсенділігімен, яғни кезіккен міндеттер мен мәсе-лелерді өз бетінше шешуге ұмтылыс жасап, әзінше шешім жолдааы мен қүралдарын барластыра алумен байланысты. Ойлаудың мүндай ерекшелігі, әсіресе, мектеп алды жастағы балаларда көп байқалады, қызығушылы-ғы басым болган 3-4 жастагы сәбилер үлкендерге «неге олай?», «неге бұлай?» деген сүрақтарды жиі қояды.
Ойлаудың жеке дара ерекшеліктерін әңгімелей отырып, келесі жәйтті өстен шығаруға болмайды: ой толғай-тын мидың өзі емес, адам, біртүтас түлға. Талай даналық ойлардың пайдасыз болжам деңаейінде қалып жатқаны-ның куәсіміз, сондықтан әрқандай үшқыр ойдың жасам-паз, белсенді әрекетпен үштасқаны, әр адамның өз дарынды қызметін пайдалы, өнімді еңбек әрекетіне жүмса-ғаны жөн.
Сөйлеу турлы жалпы ұғым
Адам озінің өмір кажетін өтеугс байланысгы басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бүл үшін сол үлттың, тілдің грамматикалык, ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Адам баласының сапа-сеземінің дамуында дыбысты тілдің иаііда болуыпыц мацьпы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы иотижесінде адам организмі анатомиялык. озгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына кабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды.
Тіл сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қағамдық ой-санасын дамытып жстілдіруде аса маңызды роль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Ескі казақ жұртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы үжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ак, адам сана-сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды кимыл-әрекегке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі.
Тілдің бұл екі кызметі озара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы багытта жүріп отырады.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жегкізуді сйлеу деп атайды Сөйлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін пікір алысу үшін кызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін практикалық тәжірибесін байтауы.
Сөзді қабылдау және оны үғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дурыс кабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реаксия тудырады.
Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі — сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі — оның мәнерлігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Создің мазмұндылығы дегеніміз екішісі біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз — адамның сөйеу кезіндегі эмоциялык қалпын білдіре алуы, ягни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы.
Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз куысының бұлшық еттері т. б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, сннтездік қызметінің нәтижесі. Бұл, біріншіден, сөйлеу органдарындағы козғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан; екіншіден, создік сигналдардың бөлшектенген элементерін байланыстырудан көрінеді. Физиологиялық тұрғыдан сөздік мәнін И. П. Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар — сигналдардың сигналы болып табылады.
Франсуз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағьнда) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, козғалыс т. б.) бірлескен, қызметін қажет етеді» дейді. Неміс ғалымы Вернике басқа біреудің сөзін есіту мидың сол жақ сыңарындағы самай бөлігінің арт жағына орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады.
Сөзді қабылдау оның мәнісіне түсінуде мидың есту, көру, сипау, сиапу-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сынарының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мұның үш түрі бар. Бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып юсөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады. Афазияның екінші түрінде адам өзі сойлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т.б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.
«Сөйлеу», «тіл», «қарым-қатынас» ұғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сұрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады, мәселен, қызмет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасында құрбы-құрдастарымен пікірлескенде кісі басқа формада сөйлейтін болады. осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелеі, жанама, әзіл-қалжың, эмоциялы, интеллект (ақыл — парасат) түрінде көрініп отырады. «Қарым-қатынас», «сөйлеу» ұғымдарының мән-мәнісін негізінен психология ғылыми қарастырады.
«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол, көбінесе, қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика т.б.у жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қорамдық құбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа (ауыз екі – фольклорда, жазба түрде) жеткізіліп отырылады. Ал «сөз», сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда, әртүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше көрінеді.
Сөйлеу түрлері
Шікірлесудің қандай түрлері болса да, сойлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сойлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сойлеу бірнешн түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі.
Сыртқы сойлеу ауызша (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып, ал аузша сөйлеудін өзі диалог және монолог.
Ауызша сойлеу — сөйілеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегінс кұрылады.
Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі – диалогтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.
Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді