Оғыздарға түрікмендер (Түрікменстан), трухмендер, терекмелер (Ирак түркілері), азерилер (Иран азербайжандары), азербайжандар (Азербайжан), және селжұқтар, османлылар (тарихи халықтар), түріктер (Түркия), гагауздер (елі қазіргі Молдавияда) сонымен бірге қазіргі кавказ бен қырымдағы түркі халықтары (қарашай, балқар, құмық, қырым татарлары) ҚЫПШАҚТАРМЕН аралық топ ретінде жатады. Оғыздардың қазір үш тәуелсіз ірі мемлекеті бар: Түрікменстан, Әзірбайжан, Түркия. Үшеуінің де туында ай таңбасы бар екен. Ендеше осы ай таңбаның өзі олардың Ұлы атасы Оғыз қағаннан таралғандығын да әйгілеп тұрғандай.
Оғыз қаған деген кім? Ол — Оғыздардың аңызға айналып кеткен арғы атасы. Алғаш рет Оғыз мемлекетін құрған кісі. Ертедегі скиф тайпаларының грекше айтылуы Ишкуза (Ашкуз) Мен көне заман тарихшысы Геродот еңбектеріндегі скифтердің атасы болып есептелетін «Таргитай» деген адам осы Оғыз қаған болар деп ойлаймын. Скифтер — Қара теңізден Алтайға дейінгі аймақты аймақты мекен еткен негізінен түркі-иран тілдес көшпенді тайпалар. Оғыздардың ата мекені — қазіргі Амудариядан Шығысқа қарайғы жерлер. Оғыз халықтарының бәрі қазір еуропалық нәсілдегі (монголоид белгілері аз) халықтар. Оғыз халықтарың 5 мың жылдық тарихы бар. Кейін олар скифтер мемлекеттерінің, одан хун империясының, одан соң Батыс Түрік қағанатының құрамына енді. Көк Түріктердің (Білге қаған құрған империя) Оғыз тайпаларын қалай бағындырғаны жөнінде көне тас жазбаларла нақтылы жазылады. Осы кезеңнен бастап, олардан ығысып, біртіндеп батысқа қарай жылжи бастайды. Қазіргі Түркия жеріне қарай. Ал Орталық Азиядағы Оғыз мемлекеті қайта бөлініп, 9-11 ғасырларда қыпшақтар мемлекеті орнағанша Орталық Азияда іргелі мемлекет болып тұрды. Осы кезеңде (9-11) қазіргі жоғарыда аталған Оғыз халықтары тілі жағынан бөлініп, (түрікмен, түрік, азербайжан) негізінен қалыптасып болады.
Оларды арабтар ғуз-дар деп атаған. Оғыз сөзі ус, ғұз деп аталады да «өзен, су» деген мағына береді (Мысалы: Ая+гөз-алақан+өзен, су-мағынасы: кішкене өзен). Қазіргі Азербайжандар — оғыз тайпалары мен ирандықтардың араласуынан шыққан түркі тілдес халық болса, түріктер оғыздар мен кавказ халықтары және гректердің араласуынан шыққан түркі тілдес халық. Ол жерлерге түркі халықтары Осы Орталық Азиядағы ата мекенінен барған. Ал өз мекенінде қалып қойған Түрікмендер — Оғыздар мен Үндіиран (арий) тайпаларының тоғысқан тұсынан қалыптасқан түркі тілдес халық. Тілдік деректері мен тарихи қалыптасуы, салт-дәстүрі мен дүниетанымы жағынан Оғыздар Түркі халықтарың ішіндегі ҚАРЛҰҚТАРҒА (Өзбек, Ұйғыр) жақын.
9-11 ғасырларда құрылған Оғыз мемлекетінің қазіргі мұрагерлері Түрікмендер. Ал түріктер мен әзірбайжандар ол кезде қазіргі қоныстарына — Кавказ бен Кіші Азияға жетіп тұрақтаған болатын. Оғыздардың мемлекеті Қазіргі Каспий мен Аралдың Солтүстік-Шығысын алып жатты. Кейін қыпшақтар оларды біртіндеп оңтүстікке ығыстырады. Соның ішінде қазіргі қазақ халқының кіші жүзінің негізін құраған тайпалар олардың орнына келіп орналастын (Жайық, Маңқыстау, Қарақалпақстан, Сыр бойы). Оғыз жырларында олардың дұшпандары ретінде қыпшақтар көп аталатыны сондықтан. Осы тайталас кешегі Түрікмендер мен адайлардың арасында да жалғасқан еді. Түрікмендер нәтижесінде қазіргі аймағынан (Қарақұм, Амудария) табылды, Азербайжандар Батыс Кавказда, Солтүстік Иранда қалыптасты, Түріктер Кіші Азияға барып, әйгілі Осман империясын құрады. Одан кейінгі тарих белгілі.
Оғыздардың тарихы көне скифтердің (сақтардың), массагеттер, печенегтер, ирандықтар, парсылар, кавказ елдері және көне мемлекеттер Шумер, Ассирия, Хет, Элам, мен Үнді халықтарының тарихымен ұштасып жатады. Енді оғыздар туралы сөз соңында осы халықтан шыққан әлемге әйгілі тұлғалардың аттарын атай кетуді жөн көрдім. Көбін қамтып атап шығу мүмкін болмағандықтан тек он шақты адаммен шектегім келіп отыр. Оғыз халқының ұлы перзенттері:
- Афрасиаб, Оғыз қаған, Таргитай, Алп Тоңға — оғыз халқының қалыптастырған, дәуірлеткен аты аңызға айналған хандары. 2. Ишпакай — скифтердің (ішқұздардың) әгілі ханы — б.з.б. 7 ғасырда Ассирияға шабуыл жасап ежелгі дүниенің іргесінен өз патшалығын құрған. Бұл патшаның оғызша атын «Бақай» десе де болады («Іш» сөзі өзі де басшы дегенді білдіреді. Ал ішқұздар — «царственные скифы» деп аударылған). 3. Томирис — скифтердің аңызға айналған (массагет тайпасы) әйел ханшайымы — б.з.б. 6 ғасырда Ахеменид империясының негізін салушы парсы Кир ІІ патшаның солтүстікке жорығын тоқтатқан. (кейде «Тұмарқыз» деп балама береді). Бұл патшайымның Оғызша атын «Тамыр» (Томир) десе де болады. Себебі «-ис» Геродот қосып отырған грек тілінің жұрнағы қосымшасы. Ал Еуропа елдеріне бұл есім кейін (Грузин дастанына байланысты) Тамара патша (царица Тамара) ретінде жетті (Tomiris жоғарыда Тамыр патшайымның сыртқы келбеті туралы сұраған еді. Мен оны қазіргі түрікмен, әзірбайжан, түрік қыздарынан көп айырмасы болмаған деп ойлаймын). Бұлардың бәрі де қазір еуропаоид нәсілге жататын халықтар). 4. Ширак (Сирақ, Шырақ) — сақ тайпасының жауынгері — 5 ғасырда Парсы Патшасы Дарийдің қоластындағы көшпенді тайпалардың азаттығы үшін күресуші сақ жауынгері — жолбастаушы болған ол Дарий патшаның әскерлерін қалың құмның арасына бұрып алып кетіп қырғынға ұшыратқан. 5. Спитомен — скиф (массагет) тайпаларының көсемі — б.з.б. 4 ғасырда Александр Македонскийдің Орталық Азияға жорығына қарсы күрескен — zhad96-ның жоғарыдағы дастанында аталғандай «-мен» қосымшасын алып тастағанда Ыспатай (Сыпатай) түрінде дыбысталуына талас болмас деп ойлаймын. 6. Короглы (Көроғлы) — оғыз жұртының аңыз бен жырға айналған батыры — Оның есімі еуропаға Геракл түрінде жетті (Жалпы «Гера» және «гора» және «көр», «кор» сөздері «жер» дегенді білдіреді). 7. Қорқыт (Коркуд) — оғыздардың ұлы ойшылы, киелі өнер иесі (қобызшы) (Бұл атаудағы «Кор» сөзі де жоғарыдағыдай). «Қорқұт» түрінде дыбысталады 8. Низами (1141-1209) — азербайжан халқының ұлы ақыны. 9. Тогрулбек (1038—63) — Селжұқтар империясының негізін қалаушы, сұлтан. 10. Осман Ертогрул (1288—1326) — осман империсының негізін қалаушы сұлтан.