Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Экономиканы реттеу өдетте екі нысанда — өзін өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптасты-рудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылык, реттеу бұл макроэко-номикалық тепе-тендікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:
- Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-қимылын есепке алу.
- Қогамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қогам дамуының гылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады;ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
- Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.
- Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын жөне жедел сезінетін елде жақсы жолга қойылған заңнамалық жүйенің болуы.
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің сүранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді еткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық жөне аумақтық құрылымына ықпал етеді.
Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:
материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарының жалпы деңгейін реттеу;
өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;
кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;
кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкіөндірістік арақатысын реттеу;
ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.
Нәтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:
а) экономиканы құрылымдық жаеынан қайта құру;
ә)басқарудың барлық деңгейлерінде жөне меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиясыздандыру;
б)нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, зандағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін- жасау негізінде бөсекені, кәсіпкерлікті дамыту;
в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегівде де салалар, өндірістер, аумақтар ара-сында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капитаддардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т.б.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.
Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге, түрлерге, нысандарға және өдістерге сыныптаудың маңызы зор.
Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетте —қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта—тура жөне жанама салық салу, валюта-қаржыда—сыртщы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар — қаржылық реттеудің негізгі нысандары.
Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.
Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика мынадай реттеуіштерді (өдістерді) жасады: салық салуда — салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлүмдамалау, аванс төлемі жөне басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде — шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың өдістері, бюджет артығын пайдалану; амортизацияның нор-малары, кесіпорындардың, фирмалардың қорларына аудары-латын аударымдардың нормативтері, өлуметтік қамсыздандырдың нормативтері жөне басқалары. Бүл реттеушілер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағам), кредит (кредит үшін сыйақылар (мүдде-лер), есеп мөлшерлемесі мен ұлттық банктердің резервтік та-лаптары, ашық рыноктағы ұлттық банк операцияларының ауқымы), бага (реттемелі бағалардың деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіліктің шекті деңгейі) реттеуіштерімен толықтырылады.
Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салық-тарға аса маңызды орын беріледі. Салықпен реттеу көсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қамта-масыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабелділіліктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша қор-ланымдарының көлемі реттеліп отырады. Бүған жоғарыда айтыл-ған салық салудағы өдістер арқылы қол жетеді.
Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дөрежесі болып табылады.
Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі өдістер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыз-дық мөлшерлемелері, халықаралық төлем қаражаттары мен ба-ғалы қағаздардың бағамдары, валюталық төуекелдерді сақтан-дырудың сан алуан әдістері.
Реттеудің ішкішаруаіпылықтық түрінде коммерциялык, неме-се шаруашылық есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері жөне олар-ды пайдалану қолданылады.Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти ал-майды. Ол, өдетте, өлшеулі жөне экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді.
Макроэкономикалық тепе-тендік және қаржы
Макроэкономикалық тепе-тендіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді қажет етеді: сүраным мен үсыным; тауар жөне ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция жөне жұмыссыздық; еңбек өнімділігі жөне оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және қоғам-ның өлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған арақатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңсіздікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше бас-қаларында тепе-тендікті тудыратыны анық.
Қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске өсерін түсіндіру үшін «мулыпи-пликатор «* үғымы пайдаланылады.
Мультипликатордың түжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҮӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады:
1)шыгыстар бойынша, яғни бүкіл өңдірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шы-ғыстарының жиынтығы бойынша;
2)кірістер (немесе бөліс) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары түрғысынан.
Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін тудырған бастапқы езгерістен ауытқудың арақаты-насын шыгыстардың мулътипликаторы, ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық енімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салыщтардың мулыпипликаторы деп атайды.
Бірінші критерий бойынша ЖҮӨ-нің (GNP) құны мына формула бойынша қалыптасады:
ЖҮӨ (GNP) = С+І8+ G+Xn
Мұндағы: С — үй шаруашылығының немесе елдің бүкіл хал-қының түтыну шығыстарының көлемі;
I — жалпы жекеше ішкі инвестициялар;
G — тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік көтере сатып алу (өндірісті арттыратын трансферттік төлемдерді шығара отырып); Хп — таза экспорт, яғни экспорт келемінің импорттан асып түсуі.
Барлық кірістердің сомасы бойынша ЖҮӨ-ні өлшеу мына элементтерді жиынтықтау арқылы жасалады:
1) түтынылған капиталдың көлемі (амортизация);
2) бизнеске салынатын жанама салықтар;
3) жалдамалы қызметкерлердің жалақысы;
4) ренталық төлемдер;
5) пайыз (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне жекеше бизнестің ақшалай табысын төлеу);
6) меншіктен (жеке жүмсалымдардан) түсетін кірістер;
7) корпорациялардың пақцасы (бүл пайдаға салынатын салық, дивидендтер, бөлінбеген пайда).
Бүдан әрі, жалпы ұлттық өнімнен ЖҮӨ мен капиталды түты-нуға аударылатын аударымдар, яғни амортизациялық аударым-дар арасындағы айырма ретіндегі таза улттық өнім (ТҮӨ) бөліп шығарылады.
Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ес-кере отырып түзетілген ЖҮӨ көрсеткіші нақты ЖҮӨ деп аталады.
Мультипликатор іс-әрекетінің негіздемесі «үнемдеуге шекті бейімділік» — MPS және «түтынуға шекті бейімділік»- МРС үғымдарымен анықталады. Бірінші жағдайда бүл үнемдеулердегі өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы, екіншісінде — түтынуға өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы. Осыны негіздей оты-рып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара салмақпен білдіруге болады.
Мультипликатордың қүбылысы ұлттық өндірістің нақтылы көлемі мен жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен ба-қылау жөне экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен жөне салықтармен саналы айла-шарғы жасау болып табылатын дискредициялық фискалдык, саясатты жүргізген кезде пайдаланылады.
Салықтар түтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге жөне тепе-теңді ТҮӨ-нің мөлшерін азайтуға жеткізетін кірістердің қысқаруын тудырады. Өнімнің көлеміне (салықпен бірге) үнем-деу мен импорт осыған үқсас өрекет етеді.
Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстардың графигінің ауысуын жене ТҮӨ-нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-ерекетіне қарама-қарсы салық мулыпи-пликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді.
Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның кірістердің түтыну компонентіне теуелділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең:
мүндағы: Т — салықтық төлемдердің мөлшері.
Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады (МРС пен MPS-тің осы мөлшерлері кезінде). Демек, мемлекеттің шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Кірістер мен шығыстар мультипликаторларының бүл қасиеттері мемлекеттің шығыстары мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-тенді ТҮӨ-нің өсуіне жеткізетін теңдестірілген бюджет мультипликаторының феноменін тудырады. Мысалы, егер Т мен G өрқайсысы 10 млрд. теңгеге көбейтетін болса, онда ТҮӨ-нің 10 млрд. теңгеге көбейтетінін күтуге болады. Сонымен, теңдестірілген бюджеттің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:
Мұндағы: тв — тендестірілген бюджеттщ мультипликаторы; тс _ шығыстардың мультипликаторы; m t — салықтардың мультипликаторы.
Фискалдық саясаттың нұсқалары
Қаржьшық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай — күйі де осын-дай тәртіппен реттеледі.
Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің жоғарыда баяндал-ған мүмкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нусқала-ры түжырымдалады. Қүлдырау кезінде ынталандырушы фискал-дық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:
1) мемлекет шығыстарының көбеюі;
2) салықтардың төмендеуі;
3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін еске-ре отырып фискалдық саясаттың бүл бағыттарының үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағ-дарлануы тиіс.
Артық сүраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:
1) мемлекет шығыстарының азаюы;
2) салықтардың көбеюі;
3) бұл бағыттардың үйлесуі.
Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті нарықтық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.
Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, ягни кіріктерме турақтандыргыштардың (кіріктірме турақтылық) механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бүл жағдайда экономикааық циклдің турлі фазаларында салық алынымдарының сомасы үлтгық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сүранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі жөне автоматты түрде эконо-микалық өсудітежейді; қулдырау кезінде, керісінше, үлтгық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмевдейді. 19.1 сызба-да мемлекеттің шығыстары мөлшерінің (G сызығы) түрақтылық жағдайы кезіндегі бүл өзгерістер (Т сызығы) көрсетілген.
Автоматты түрақтандырғыштардың іс-өрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып та-былады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады, бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі ин-фляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталавдыратын бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.
Практикада тепе-тендік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша факторлардың өсерін бастан кешіреді:
1)фискалдық саясаттың қабьшданатын шараларының уақыт-тылығы (уақыттың кешеуілдеуі);
2)ыгыстыру осерінің іс-әрекеті, бүл ақша рыногында пайыз-дық мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстары-ның көбеюі кезінде жекеше инвестициялар элементтерінің қыс-қаруында көрінеді;
3)сүранымды ынталандыру жиынтық үсынымға әсер етеді, бүл бағалардың инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею әсерін төмендетеді;
4) ашық экономикада ұлттық өндіріс жиынтық шығыс-тардың элементі ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалын басы-нан кешіреді.
Сондықтан ынталандырушы фискалдық саясаттың шарала-ры жоғарыда айтылған факторлардың іс-өрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, кейнсшілдік тауарлар мен қызметтер көрсетуге болатын сүранымды экономиканы реттеудің негіз қалаушы фак-торы ретінде бөліп көрсетеді: мемлекет жиынтық сүранымды ынталандыруға мүмкіндік туғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына ықпал етеді, мемлекет көтере сатып алудың көлемін кеңейтеді, кредиттің қүнын реттейді. Кейнс шаралары салықтарды төмендетуді, шыгыстарды көбейтуді, инвестициялар-ды ынталандыруды (пайыз мөлшерлемелерін төмендетудің көмегімен) қажет етеді.
Монетаризмнің кейнс жене неокейнс теорияларынан айыр-машылығы ол ақша айналысын экономикалық процестерді реттеудің басты қүралы деп мойындайды. Сонымен қатар ры-ноктар-бәсекелестер макроэкономикалық түрақтьшықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді деп болжанады. Экономиканың жұмыс істеуіне мемлекеттің араласуын азайту жөнінде курс жүргізіледі. Ақша экономикалық процестерді жанама реттеудің шешуші факторы ретінде қаралады. Айырбастың MxV = PxQ теңцеуіне салынған қағидат пайдаланылады. Теңцеудің сол жақ бөлігінде сатып алушылардың өндірілген игіліктердің көлемін сатып алуға жүмсалатын шығыстардың жалпы саны кәрсетіледі, ал оң жағындағы бөлігінде бүл көлемді сатушьшардың түсім-ақша-сы көрсетіледі.
Монетаристердің түрақтандыру бағдарламалары мыналарды қамтиды:
1)бюджет тапшь^шығын қысқарту (мемлекеттік инвестиция-ларды, өлеуметтік шығыстарды, субсидияларды секвестрлеу, мемлекеттік сектордың қызметтер көрсетуінің бағасын арттыру,’ салықтарды көбейту);
2) түтыну сүранымын қусыруға бағытталған жалақының өсуін шектеу;
3)шектеулі кредит-ақша саясаты, ақша эмиссиясына және Орталық банктегі мемлекеттік қарыздарға лимит енгізу, банк пай-ызының мөлшерлемесін көбейту;
4) бағаға және экспорт-импорт операцияларына бақылауды әлсірету, экономиканың экспорттық секторына ресурстардың қайта құйылымын көтермелеу;
5) төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау;
Бірақ бүл үшін мына шарттарды орындау қажет:
1) ақша массасына бағалардың жоғары икемділігі;
2) дүниежүзілік бағалардың қозғалысына ішкі бағалардың жеткілікті икемділігі;
3) бағалардың қозғалысына тауарларды өндірудің (үсынудың) жоғары икемділігі.
4)экономикалық ресурстардың едөуір өзара алмасушылығы (үсынымның өзгергіштігімен байланысты).
Стагфляцияны жеңу үшін үсыным экономикасы теориясының жақтаушылары үсынған шаралар жарамды. Түжырымдаманың менісі — өндіріс шығындарын төмендету жөніндегі қаржы және ақша саясаты шараларының кешені есебінен үсынымға нысаналы ықпал ету, бүл рынок субъектілерінің инфляциялық болжамда-рын төмендетуге жеткізеді. Үсынымды ынталандыру жөніндегі шаралар мыналарды қамтиды:
1)өндіріс шығындарына қосылатын салықтарды қысқарту;
2)еңбекке ақы телеуге жүмсалатын шығындарды тежеу (еңбек енімділігінің өсу қарқынын оған ақы төлеудің өсу қарқынынан озық жүруі);
3) өндіріс ауқымын арттыру жөніндегі ұйымдық-техникалық сипаттағы шаралар (жабдықтың тиелімін, оның жұмысының ауысымдылығын арттыру, бос түрып қалуларды азайту, өндірістің ырғақтылығына жету);
4) өндірісті техникалық жағынан жетілдіру жөніндегі инно-вациялық бағдарламаларды енгізу.
Бүл бағытта зандылыққа сөйкес Филлипс ауытқымасы бой-ынша анықталғандай түрақтандыруға жөне инфляцияны төмен-детуге жұмыссыздықтың өсуі есебінен жетуге болмайды.
XX ғасырдың аяғында жаңа теория — турақты даму теория-сы қалыптасты, онда қазіргі кездегі жағдайлар түрғысынан ғалам-дық экономикалық және қаржылық процестер түсіндіріледі, күрделі шаруашылық жүйелердщ түрақты эволюциялық дамуы жөнінде үсыныстар жасалынады.
Түрақты даму теориясыңда түрақты жұмыс істейтін жүйелерді — төменгі шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономи-ка мен бірнеше елдің экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты қүбылысқа алып келетін себептер айшықталады. Бүл теория мына қағидаттарға негізделген.
- Кез келген ауқымдағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін қамтып көрсететін эволюциялық қагидаты. Бүл осы теориядағы езекті қағидат.
- Экономикалық мүдделерді уйлестіру қагидаты қалыптас-қан тепе-теңдікті түрақсыздандыратын сан алуан факторлардың үздіксіз өзара іс-қимылының күрделі жағдайларында өзара іс-әрекет ететін тараптар мүдделерінің балансын сақтауды қажет етеді.
- Эволюциялық қағидатының логикалық дамуы мен оны нақтылау ретіндегі ортараптандыру қагидаты. «Әртараптанды-ру» термині кең мағынада экономикалық жүйенің қүрамды бөліктерінің өр алуан түрлерінің, түрпаттарының жиынтығы, құрылымдық нысандардың әр түрлілігі, функциялық әртарап-тандыру ретінде пайдаланылады.
- Экономикалық жүйедегі оның дамуына қарай иерархия-лық саралау қагидаты. Орташа деңгейді бөліп көрсетуді қажет етеді.
Бір жағынан, дағдарыстық қүбылыстардың терең себептерін және екінші жағынан, өндірістің қүлдырауына қарсы іс-өрекет ету механизмдерін анықтау түрақты дағдарыссыз дамудың негізгі қағидаттарын айырып, ажыратады, оларды қолдану келеңсіз фак-торлардың әсерін айтарлықтай төмендетуге жөне тіпті эконо-микалық жағдайдың жалпы дүниежүзілік нашарлау кездерінде де экономикалық өсуді қолдап отыруға мүмкіндік береді.
Нарықтық тепе-тендікке салықтардың әсері
Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі бағытын қарастырады: сүранымга (кейнстік улгі), усы-нымга (усыным теориясы). Бірінші жағдайда салықтар төменде-ген кезде жиынтық сүраным артады. Бүл ұлттық өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның қар-қыны тездейді.
Екінші жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық үсыным-ды көбейтеді, өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшала-
431ры, ал көсіпкерлердщ өндірісті инвестициялауы өседі. Қызметкерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мүның өзі өндірістің үлға-юына жеткізеді, бүл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді.
Мүнан басқа «үсыным экономикасының» теориясы салық-тардың аса төмен мөлшерлемелері салықтық түсімдердің сома-ларын қысқартуға міндетті еместігін, керісінше, салық базасын кеңейту — ұлттық өндіріс пен табыстың көбеюі есебінен оның өсуіне жеткізетіндігін көрсетеді.
Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің тео-риялық дөлелдемесі ретінде американ оқымыстылары — «үсы-ным экономикасының» өкілдері А. Лаффэр жөне басқалары әзірлеген салық салудың үдемелілігі мен бюджет кірістері ара-сындағы төуелділік қызмет атқарады.
Бүл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекке дейін өсуі салықтық түсімдердің (кірістердің) өсуіне мүмкіндік туғызады, одан кейін өсу бәсендейді, сонан соң бюджеттің кірістері кенет қүлдырайды. Бүдан экономиканы, ең аддымен инвестициялық белсенділікті ынталандырудың міндетін салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек деген жалпы түйін жасалынған. Эконо-миканың қозғаушы күші, бүл оқымыстылардың пікірлері бой-ынша,— бүл рыноққа бағытталған экономикалық қарекеттегі ша-руашылық агенттерінің ынталылығы. Егер бүл қарекет оларға пайдалы болса, онда ұдайы өндіріс интенсивті қарқыңдарда жүзе-ге асырылатын болады. Лаффэрдің ойы бойынша, бюджетке салық түрінде көсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл сомасы-ның 30%-ынан артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-50% алынатын болса, онда бүл жинақ ақшаны, сонымен бірге эконо-миканың жекеше сеісгорындағы инвестицияны да қысқартады.
Американ ғалымдарының пікірлері бойынша, егер салық-тардың мөлшерлемесі белгілі бір, айтарлықтай жоғары деңгейге жететін болса, онда ендірісті үлғайтуға, көсіпкерлік бастамаға арналған ынталандырмалар қысқарады, пайда азаяды және, тиісінше, бюджетке түсетін салық түсімдері төмендейді (19.2 сызбаны қараңыз).
Сөйтіп, қисық сызық салықтар мөлшерлемелерінің шамасы мен олардың есебінен мемлекеттік бюджетке қаражаттардың түсуі арасындағы езара байланысты қамтып көрсетеді. Салықтың мөлшерлемесі артқан кезде мемлекеттің кірістері салықтар есебінен алғашқыда көбейеді. Егер салық мөлшерлемесі бір шекарадан —Т’ нүктесінен асып кетсе, онда салық түсімдерінен түсетін кірістер азая бастайды. Жоғары салықтар өндірістің ынталавдырмаларын төмендетеді жөне олардың есебінен мемлекеттің кірістерін азайта-ды жөне керісінше. Салықтардың төмендеуі мүндай жағдайда мем-лекет қаржысының жай-күйін жақсартады.
Лаффэрдің қисық сызығына сөйкес салықтық түсімдер тым жоғары мөлшерлеме кезінде Т нүктесінде жене тым төмен мелшерлеме кезінде Т нүктесінде бірдей болады. Бірақ егер Т нүьстесінде салықтардың мөлшерлемесі сүранымды ынталандыр-майтын болса, Т» нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі өндірісті үлғайтуды және ұлттық табысты көбейтуді ынталандыра отырып, жұмысқа, жинақ ақшаға жөне инвестицияларға ынталандырма-лар жасайды.
Лаффердің қисық сызығы
Жеке табыс салығын салу, фискалдық мағынасынан басқа, маңызды әлеуметтік функция орындайды — халықтың түрлі әлеуметтік топтарының табыстарын теңестіруді қамтамасыз етеді.
Бүл жағдаятты Лоренцтің қисық сызығы сипаттайды (19.3 сызба). Деңгейлес білікте (осьте) от басыларының пайызы, ал сатыласта табыс пайызы салынған. Биссектриса сызбада табыс-тардағы абсолюттік теңдікті, Лоренцтің сызығы теңсіздікті, бірақ қисық сызық 1 салықты төлегенге дейінгіні, қисық сызық 2 олар-ды төлегеннен кейінгіні, ал қисық сызық 3 мемлекеттік бюджет-тен төленетін трансферттік төлеуден кейінгіні қамтып көрсетеді. f нүктесі абсолюттік теңсіздіктің жағдаятын білдіреді. Сызбаның штрихталынған бөлігі салықтарды төлегеннен кейінгі табыстар-дың жөне мемлекеттік бюджеттен төленетін трансферттік төлемдердің теңсіздік дәрежесін қамтып көрсетеді.
Мөлшерлемелердің шамасымен және тиісінше салықтық алымдардың шамасымен байланысты болатын салықтық реттеудің маңызды аспектісі ішкі қорланымдарды «үстаудың» жөне шетелдік инвестицияларды тартудың мүмкіндігі болып табыла-ды. Жоғары салықтар капиталдарды қолданудан алынатын та-быстарға салықтардың аз мөлшерлемелерімен салық салынуы мүмкін, неғүрлым жайлы салық климаты бар елдерге «капитал-дардың безінуін» тудырады.
Бүл факторға сондай-ақ салық салу деңгейі төмен немесе тіпті ол болмайтын «оффшорлық аймақтардың» бар болуы жағдай жа-сайды. Басқа жағынан, жоғары салық мөлшерлемелері елге шетелдік капиталдың дендеп енуіне кедергі жасайды, мұның өзі ішкі қорла-нымдардың жетіспеуі кезінде экономиканың дамуын тежейді.
Сондықтан салықтық реттеу бүл фаьсгорларды ескеруі және экономикалық қарым-қатынаста (байланыста) болатын елдердің салықтық шарттарын теңестіруге жөрдемдесуі тиіс.