МӘҢГІ ӨМІР СҮРУГЕ ҚАДАМ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ туралы реферат

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен қалалық балалар емханасында «Ана, әке және мен – салауатты жанұя!» мәдени шарасы 1 маусым балаларды қорғау күніне арналып, медицина қызметкерлері балалары және емханаға қаралуға келген балалардың қатысуымен өткізілді.

Шараның мақсаты: ата-ананың өз баласын тәрбиелеудегі салауаттылықтың орын алуы, өмірге деген көзқарастың мәдениетін қалыптастыру, салауаттылық арқылы денсаулықты сақтау, күшейту.
Ата-ана мен балалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасты жетілдіру. Бұл шараға балалар ата-аналарымен бірге қатысты.
«Ақбота» балалар үйінің балалары өздерінің дайындаған концерттік бағдарламасымен салауаттылық пен денсаулықты сақтауға бағытталған К.Чуковскийдің «Мойдодырь» ертегісінен көрініс көрсетілді.
Қатысқан ата-аналар мен балаларға ақпараттық-оқыту материалдары таратылып, сыйлықтар ұсынылды.

Теңіздегі тамақтан уланудың себептерін зерттеудің нәтижелері:

Теңіз кен орынындағы вахталық поселке қызметкерлерінің тамақтан улануының себебі ішек жұқпалы аурулары тобына жататын және көп жағдайда тамақтану жолымен таралатын сальмонеллез жұқпасы (Sal.Enteritidis) болып табылады. Жұқпа көзі болып №5 модуль асханасында жұмыс жасаған сальмонеллез бактериясын тасымалдаушы болып табылады. Асхана қызметкері болып жұмыс жасаған және ішек фукциясы бұзылған аурудың рөлі болғаны да жоққа шығарылмайды. Ол жұмысын жалғастырып жүре берген. Жұқпаның таралу факторы кремді салмасы бар «Эклер» пирожныйы болып табылады, бұл тағам Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының ұсынысымен жылдың жазғы кезеңінде қоғамдық тамақтану объектілерінің ассортиментінен алынып тасталған болатын. Оған қоса індеттің бұрқ ете түсуінің туындауына жағдай жасаған факторлар кремді өнімді, оған жататын «Эклер» пирожныйын өткізу мерзімін және басқа да санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бұзушылық болып табылады.

Деннің саулығын сақтайық

Тәуелсіздік туын желбіретіп, өз алдымызға бөлек ел болып қалыптаса бастаған кезімізде баршамызды мазасыздандырған түйінді мәселе­лер­ді басымыздан өткізуге тура келгені бәрімізге де мәлім. Жаңа заман, жаңа леп жақсылығымен бірге бас шай­қа­тар кемшіліктерін де ала келді. Бұған себеп, бұрын бір қалыпта, бір үлгідегі өмірімізге елеулі өзгеріс енді. Тас бе­кітулі шекаралардың ашылуы, елі­мізге лап берген шетел­дік азаматтар, бизнесмендер, ин­вес­торлар, тіпті алыпсатар сауда­гер­лерге дейінгі топтар өздерімен көңілді селт еткізер жаңалық­тары­мен бірге ортаны ой­сы­ратар кем­ші­ліктерін де ерте келгені бел­гілі. Яғни, нарық заманы өмірі­міз­ді түп­кілікті түрде өзгертті. Бір­қа­тар жер­ле­ріміз гүлденіп жатса, екінші жері­мізде қуаңшылық басталды. Ауыл тұрғындарының тіршіліктің қамы­мен жаппай қалаға ағылуы бұ­рын­нан сақталып келген қала мен дала тіршілігіндегі тепе-теңдікті бұзып, базарлар көркейіп, жұрттың тұтыну деңгейі жақсарғанмен де, ауылдағы өмір жұтаң тартты. Адам­дардың пейілі тарылып, мінездерінде елеулі ауытқушылық байқалды.

Осы жәйттер ересектермен қоса жастардың да тұрмыс-тіршілігіне қат­ты өзгеріс енгізіп еді. Ең қор­қы­ныш­тысы “есіре” бастаған ақшаның қол­дауындағы “еркін махаббат” арқылы кең тарай бастаған жұқпалы аурулар, әсіресе тікелей өлімге апарар кездей­соқ жыныстық қатынастар, наша­қор­лық, есірткіге бас ию немесе жаман әдеттерге ұрыну, адам өлтіру, ұрлық жасау, зорлау, қинау сияқты дәл біздің қазағымызға жат қылықтар орын ала бастады. Сөйтіп, салауат­ты өмір салтын қалыптастыру мәселесі өзінен-өзі туын­да­ды. Бұл, айтылған алапаттың алдын алуды қарасты­рудың бірден-бір жолы болатын.

1998 жылғы наурызда Шымкент қаласында облыстық денсау­лық сақ­тау департаментіне қарасты облыс­тық салауатты өмір салтын қалып­тастыру орталығы құрылды. Қазірде бұл орталықта бірнеше бөлімдер мұқият түрде жұмыс істеуде.

Өмірімізде өте күрделі құбылыс ретінде саналып отырған мемлекет­тік тілдің мәртебесі де менің ойым­ша осы орталықтар арқылы да мар­қая түсер еді. Себебі, ұлттың орда­сы іспетті оң­түс­тік өңірінде барлық құжаттар ба­рын­ша мемлекеттік тілде жүргізіліп, іс-шаралар осы тілде ұйымдастырылуда. Қазақтың ұлы үш биі бас қосқан киелі өлкеде тәлім-тәрбие жұмысы өз тілі­міз­де өркендеп, қанатын жайған дәл осы шақта жастар тәрбиесінің де гүлдене түсері сөзсіз.

Дәл қазір орталықтың педагог-ва­лео­логтары ғылыми-техникалық ын­ты­мақтастық жөніндегі “Қауіп­сіздік бағыты” жобасы бойынша жұ­мыс істеп, медицинаның барлық жетіс­тік­тері­не қарамастан, жазыл­мас дертке айналған СПИД-ке (жұқтырылған қоздырғыш тап­шылығының белгісі) қарсы күресті алдарына мақсат ретінде қойып, жұмыстарын қызу жүргізуде. Бағ­дар­лама қозғалмалы ақпараттық көрме және ойын үйретумен үйлес­тірілген, яғни валеологтардың міндеті – жасөспірімдер арасында індетке қарсы ақпаратты таратып, өзін де, басқаларды да қорғауға дайындау. Бұл іс-шараға облыстың барлық аймағы дерлік қамтылды десе де болады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

басты назарда 

Елорданың Сарыарқа аудандық әкімдігінің ұйытқы болуымен “Денсаулықты салауаттандыру – қауіпсіз болашақтың кепілі” деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізіл­ді. Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл басқосуға қалалық мәслихат депу­таттары, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, әлеуметтік сала мамандары, кәмелеттік жасқа жетпегендер ісімен айналысатын инспекторлар қатысты.

2004 жылы «Денсаулық және салауатты өмір салты-Қазақстан халқының жетістігі» девизімен Қазақстан халқыныың Кіші Ассамблеясымен бірлесіп өткізілген Фестивальге облыстың ұлттық-мәдени бірлестіктерінің топтары жұмырылды.

2005 жылы Павлодар қаласында «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» аатты кең масштабты акция өткізілді. Бұл шараның девизі «Әр анаға, әрбір балаға көңіл аударайық» болды.Фестивальді денсаулық департаментінің СӨСҚОО-ы, барлық емдеу-алдын алу ұйымдары, облыс әкімдігінің жанұя және әйелдер ісі бойынша комиссиясы, ішкі саясат, мәдениет департаменттері мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізілді.