“Мәдениет” атауы латын тілінен алғашында <топырақ өңдеу> дегенді білдіреді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам әрекеттерінен табиғат обьектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейіннен “мәдениет”сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған “екінші табиғат”, табиғатта жоқ, адамның саналы қызметінен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз — белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез – құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.
Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруі олардың мәдениетіндегі өзгерісте де туғызады. Осы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді қуатты күштері қалыптасуының дамуы мен көрініс табуының, олардың табиғатпен қоғамда іс жүзінде асырылуының аясы болып алады.
Күнделікті санада мәдениет ұғымы дербес адам, белгілі бір әлеуметтік тұтастық сипаттамасы үшін әдетте бағалаушылық қызмет атқарады. Ал мәдениеттің ғылыми ұғымына иеленетін болсақ онда оны адамдарың жасампаздық қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы ретінде қарастырамыз. Рухани мәдениет — өркенді рухани құндылықтар жиынтығын тиісті мәдени – ағарту мекемелерінің құндылықтары мен өзіндік өндірісін танытатын рухани өмір дамуының нәтижесі, адам шығармашылығының жемісі. Бұл ұғым жасалынған құндылықтарды ғана емес, сондай ақ оларды өндіру, бөлу және тұтыну процесінің өзінде қамтиды.
Социологияда мәдениет деп заттар қатынасы емес және әлеуметтік ұйымдасу жүйесіндегі рөлдер қатынасы емес, қайта қоғам дамуының жеке тұлғалары мен субьектілері түріндегі адамдар олардың өздерінің қатынастары түсініледі. Рухани мәдениет аса күрделі де өзіндік ерекшеліктері бар қоғамдық құбылыс.
Адам мәдениетінің көрінісі социология тұрғысынан үш негізгі белгімен анықталады.
Біріншісі: адамның қоршаған табиғатқа қатынасы. Қазіргі жағдайда мәдениет пен жеке адам, мәдениет пен қоғам адам тұрған ортасына түзетуге келмейтін зардаптарды болдырмайтын жауапкершілікпен қатынасуға тиіс хал – ахуалдың сана деңгейімен өлшенеді. Адам қоғамы мәдениеті – қоғамның табиғатпен өзара байланыстарының ең алуан түрлі аяларынан: өндірісте демалыста тұрмыста көрінетін үйлесімдіктен.
Екіншіден: мәдениет – адамның басқа, адаммен қатынасы. Адамдар, мемлекеттер, этникалық топтар арасындағы қатынастар мәдениетінің дәрежесі. Ұжымдағы күнделікті тұрмыстағы отбасындағы өзара қатынастары мәдени ахуалы адамдардың өзара байланысы фактісін жеке түсіну дәрежесіне тәуелді.
Үшіншіден: мәдениет – адамның өзіне — өзінің қатынасы. Индивиттің мәдени қызметі дегеніміз – бұл үнемі өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту. Жеке адамның мәдени деңгейі білім алуға деген ұмтылыстан, тұрақты адамгершілік принцптердің қалыптасуынан, әдемілікті кемелдікпен сезінуінен, байсалды сырт келбетінен, денсаулығын жақсы ұстауынан көрінеді.
Мәдениет өз бойына материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін бейнелендіріп сіңіреді. Сондықтан осыған сәйкес мәдениетті материалдық және рухани деп негізгі екі салаға бөледі. Осылайша бөле отырып, мәдениет бір тұтас жүйе, оның барлық эелементтері өзара байланысты екекнін ұмытуға болмайды. Әрине мәдениеттің материалдық және рухани салаларға бөлінуі олардың әр қайсысы қоғамдық қатынастар дамуында өзіндік өзгешелігі болатындығымен және ерекше рөл атқаратындығы мен өз ақтауын табады.
Материалдық мәдениет материалдық қызметтің барлық асласын қамтиды және оның нәтижелері(еңбек құралдыры, тұрғын үй, көлік құралдары, тұрмыста қолданылатын заттар), адам идеяларының матеериалдандырылуы, білімнің заттандырылуы болып танылады. Қоршаны ортаны қайта құру мен байланысты материалдық мәдениет ұғымы, біріншіден, өндірістің материалдық ортасын мақсатқа сай қалыптасытыруды, екіншіден, тұрмыстың материалдық ортасын өзгертуді, үшіншіден, адам организмі дамуының әлеуметттік ортасын өзгертуді білдіреді.
Рухани мәдениет ұғымы қоғамдық сананың барлық формаларымен деңгейлерін білім мен тәрбие жүйелері мәдениет мекемелері жүйелерін қамтитын күрделі де көп жақты құрылым. Таным мен білім берудің барлық түрлері, әдебиеттің, өнердің, философияның, дінің, ғыфлымның, адамгершіліктің барлық формаларымен түрлері осыған жатады.Демократиялық қоғам орнатып жатқан қазіргі жағдайда рухани мәдениет жан жақты кемелденген және әлеуметік белсенділігі зор жеке адамды қалыптасытыруды зор рөл атқарады. Егер қоғамның рухани өмірі адамдардың рухани қызметінде болатын қоғам өмірінің бір шама дербес саласы, ол қоғамдық сананы өндіру мен таратумен және қоғам мүшелерінің рухани сұраныстарын қанағаттандыру мен байланысты десек, ал рухани мәдениет адамдардың шығармашылық (творчестволық) қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.
Рухани мәдениеттің салыстырмасы дербестігін мойындай және оның бүкіл өзгешілігін ескере отырып, социология оны әлеуметтік өмірден, әлеуметтік қауымдастықтар мүдделерінен бөліп алып, оған қайдағы бір рухани бастаманың көріну формасы ретінде қарайтын мәдениеттану концепцияларына үзілді – кесілді қарсы шығады. Социология бүкіл адамзаттың мүдделер мен құндылықтарды қастерлейтін жалпыадамзаттық ортақ мәдениет түбінде үстемдік алатынына сенеді. Егер материалдық мәдениет негізінен табиғат күштерін игеруді білдірсе, ал рухани мәдениет қоғам мен табиғат танудың деңгейі мен терендігін көрсетеді.
Мәдениет адамдарға өз ортасында тұтуға, бірлестіктің басқа бірлестікпен өзара әрекеттігі бірлік пен тұтастықты сақтауға көмектесетін адамның өзара әрекетінің маңызды механизмі ретінде қалыптасады.
Социологияда әлеуметтік қатынастарда заттарды, идеяларды, құндылықты түсініктерді жасауға, игеруге, сақтау мен таратуға бағытталған, алуан түрлі әлеуметтік ситуацияларды адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін әлеуметтік табиғаты бар мәдентет күрделі динамикалық құрылым ретінде қарастырылады.
Әрбір нақтылы қауымдастық (өркениет, мемлекет, халық) көптеген ғасырлар бойы өзінің таңғажайып адып мәдентетін жасайды, бұл мәдениет индивидті оның бүкіл өмірі бойына жетелейді де ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Нәтижесінде тарихи процесте мәдениеттер көптігі туады.
Адамдардың бөтен мәдениетті қадірлеуі социологияның маңызды проблемасы болып табылады. Адамдар көбінесе басқа мәдениеттерді өз мәдениетінің келбеті арқылы бағалауға бейім. Мұндай бағамдау этноцинтризм деп аталады. Этноцинтризм сондайлық көп тараған құбылыс. Кез келген миссионерлік қызмет, мәселен, өз дінін өзіне бағынышты елдерге мойындату этноцинтризмнің айқын бір көрінісі болып табылады.
Кез келген мәдениеттің абсолютті өзіндік тұпнұсқалылыған жариялайтын мәдени релятивизм этноцинтрпизмге қарсы тұрады. Осы тұрғыдан алғанда кез келген мәдениет байланысында ғана түсінікті болады деген қорытынды шығады. Бірде бір құндылық, бірбе бір дәстүр, егер лоарды тұтастықтан бөліп алып қарайтын болса, түсінікті бола алмайды деу дұрыс. Бірақ осы мәдениетті басқа мәдениеттермен байланыстылықты алмай, мәдени процесті жалпыадамзаттық процес, тұтасынан әлемдік өркениеттің дамуы ретінде қарастырмай, мәдениеттің өзіндік түпнұсқалылығына ғана иек арту да дұрыс болмас еді.
Мәдениет социологиясының қайсыбір аталып өткен проблемалары осындай.
- Мәдениеттің негізгі элементтеріне ең алдымен тіл жатады. Ол – адамзат обьективтік формасы, Демек, тіл адамдардың қатынас құралы, ойлаудың тікелей шындығы бола отырып, лоар туралы мәлімет берудің құралы болып табылады.
Белгілі бір халықтың дүниені қабылдауына тән ұғымдар, ұғымдар жүйесі тіл арқылы бейнеленеді, ол – кез келген мәдениеттің алғашқы негізі. Барлық халықтар дүниені өзінше ерекше түрде меңгереді, оның ұсақ – түйектеріне дейін ойлайды, белгілейді. Мысалы, қазақ халқына, қазақтарға ғана тән болып келетін табиғат құбылыстарының көптеген түсініктері мен ұғым атаулары кездеседі. Жыл мезгілдері – қыс, көктем, жаз, күз және оларға сәйкес ай аттары мен ауа райындағы құбылыстар (қызыл шұнақ аяз, үскірік, бесқонақ, бес ешкі, құралай т.б. )туралы айтуға болады. Әрине, басқа халықтарда да өздеріне тән осындай ерекшеліктер бар. Бірқатар халықтар тілдерінде адамды ғана < кім > деп, жансыздарды <не> дейді. Міне, бұл айтылып отырғандардың бәрі де мәдениет ерекшеліктеріне қатысты. Өйткені адам қоршаған ортаны ұғымдар арқылы қабылдайды.
Тіл мәдениеті тіркеуде де маңызды рөл алады. Олай болатыны мәдениет дене қимылымен де, әдет – ғұрыппен, ыммен, бимен, т.т. тарайды. Заттарда және басқа формаларда өмірден өткен ұрпақтар ой құрылысын, өз қабілеттері мен дағдыларын қазіргі заманға жеткізеді. Бірақ мәдениетті жеткізудің ең сыйымды да тиімді, дәлме – дәл жолы болып табылатын тілге ештеңе де тең келмейді.
Қазіргі жағдайда қазақ тілі мен мемлекеттік тіл болып табылатын Қазақстанда барлық азаматтар тегіне, тіліне және басқа да жағдайларына қарамастан заң алдына тең, сондай – ақ тілдер теңдігіне де кепілдік берілген. Мемлекеттік тілмен қатар қолданылатын орыс тілі елімізде ресми тіл болып табылады. Тіл проблемасының бұлайша өз шешімін табуы мәдениетіміз дамуына септігін тигізетіні даусыз. Республикамызда қазақ тілі шынайы өзінің мемлектттік деігейіне жетуі үшін алдымен оған қазақ жастары патриоттық, оташылдық таныту қажет.
Құндылық құбылыстарға социологиялық тұрғыдан келу атап айтқанда, оларды әлеуметтік мінез – құлық стандарттары, үлгілері ретінде қарауда. Мұндайда құндылықтар себептер элементтері болып қана емес, қайта ережелер, міндеттер, талаптар сипаты бар нормалар, қатынас өлшемдері мазмұнының маңызынан көрінеді. Қазіргі заманға аксиологияның (құндылықтар теорисының) атасы Герман Дотце құндылық көзін шындықтан емес, қайтй адам санасынан іздеуге тура келеді деп көрсетеді. Құндылықтар дүниесі адам үшін айрықша маңыз алатын бірқатар мазмұнды элементтер ретінде айқындалуы мүмкүн. Құндылық субьектінің мақсаттары үшін обьектінің сан мен сапа көрсеткіштерінде айқындалатын мәнді қатынасты білдіретін. Шындықтың қандайда бір құбылысы құндылық болып алуы үшін пайдалылық қабілеті бар белгі бір қасиеттері болуы тиіс.
Бұл жөнінен құндылық – обьективті. Құндылық қажетті қасиеттерді сұрыптау мен пайдаланудың өзі адамдар мүдделерімен және қажеттеліктерімен айқындалатындығымен де обьективті. Сірә, құндылықты бағаланатын затпен тепетең деу дұрыс емес. Өйткені құндылық дегеніміз адам үшін заттың маңыздылығы. Адамға қатынастан тыс құндылық категориясы – мағынасыздық. Мұндай ұғымдағы құндылық субьективті.
Құндылық қатынас құндылық бағдар, қызмет пен қатынас қалыптастыруда қажетті компононт болып табылады, ал олар құндылық орнатудан көрінеді. Құндылық орнату қызмет пен қатынас нұсқаларын таңдап алумен байланысты қызмет пен қатынастың алдынала өзіндік бағдарламасы болып табылады. Құндылық мақсаттарды қоғамдық — тарихи қызмет процесінде қоғам жасап шығарады да индивидтер мен келер ұрпақтар әлеуметтану процесінде:оқу, тәрбие және басқа қызметтерде оларды негізге алып отырады.
Құндылық мақсаттар адамды әлеуметтік қызметте бағыттайды, оның қызметін бейнелейді де ынталандырады. Индивидтердің құндылықтар мақсаттарының мазмұнын мойындауы қызметтің себебін құрайды. Себеп – бұл мақсаттарды белсенді қызметке келтіретін фактор. Себеп әлеуметтік субьектіге ол әрекет ететін нақтылы ситуацияларды оның мінез – құлқында басшылыққа алатын құндылықтар жүйесімен салыстыруға мүмкіндік береді.
Адам қызметінің ең жақын түпкі себебі, айқындаушы тәсілі мақсат түрінде көрінеді. Қызмет мақсаты болашақтың идеалдық келбеті ретінде әлеуметтік субьектілердің мүдделері негізінде қалыптасады. Ол қоршаған ортаны қайта құруға, оны өз қажеттеріне бейімдеуге деген мойындаушылықты, шешімділікті білдіреді. Аз немесе көп уақытты дәлме – дәл айқындау негізінде жақын немесе алыс мақсаттар туралы айтуға болады. Тұтасынан алғанда мақсаттар жақын, алыс мерзімді, прспективалық, ақтық болып келеді. Ақтық мақсат субьектінің күллі қызметінің өзіндік мақсаты болып табылады да ол қалған мақсаттарды өзінің қолын жеткізу үшін қажетті құралдар рөліне айналдырады. Ақтық мақсатқа жетуден субьект өз қызметінің мәнін, ал кейде – бүкіл мәнін көреді.
Мақсаттардың көптеген түрлерінен ақтықтарын бөліп көрсету үшін <идеал> ұғымы қолданылады. Идеал шындықты алдынала бейнелеу түрлеріне жатады. Идеалдың пайда болуы мүмкіндігінің өзі адам санасының мақсат қою қабілетінде жатады. Жеке адам, әлеуметтік топ, тұтасымен қоғам бір нәрсе жасамай тұрып алдымен өз санасында обьектінің пішінін жасайды, белгілі бір мақсатқа жету жолына бүкіл өз қызметін бағындырады. Бір жағынан идеалды белгілі бір әлеуметтік топтардың, таптардың қоғамдық практикасының неғұрлым мәнді де маңызды жақтарын бейнелеу ретінде, дамудың түбегейлі бағыттарын, заңдылықтары мен мүмкіндіктерін бейнелеу ретінде, ал екінші жағынан алғанда, саналы ынталандырулары айқындайтын, себептен жоғары басты бағалау категориясы ретінде қарауға болады.
Құндылық қатынас өзінше өзіндік өмір сүретін әлеуметтік нормалар түрінде болып табылады. Белгілі мағынада әлеуметтік норманы түрінде болып алады. Бнлгілі мағынада әлеуметтік норманы тұоақты, қайталанатын бағаның салдары ретінде қарауға тура келеді. Нормалар құндылық — маңыздылықты, қажеттілікті, тиістілікті өмірмен, практикамен жақындастыратын құрал, белгілі бір саты болып табылады.
Төртіншіден, мәдениеттің жинақталған, синтетикалық түрі, формасы мінез – құлық үлгілері:ырымдар, әдет – ғұрыптар, дәстүрлер болып табылады. Ырымдар дегеніміз бұл — өз бойына қандай да әлеуметтік идеяларды, түсініктерді, нормалар мен құндылықтарды топтастырған және белгілі бір ұжымдық сезімдерді оятатын ұжымдық әрекеттердің символикалық өлшемдерінің жиынтығы. Ырымдар күші оның адамға эмоционалдық – психологиялық әсер етуіне. Ырымдарға қандай да бір нормаларды, құндылықтар мен идеяларды рационалдық (ақылмен) игеру ғана қатысып қоймайды., сондай – ақ олардың қатынушыларының ырымдық әрекеттің ортақ жанашырлары болып та алатындығы да тән болып келеді., әдет – ғұрып адамдардың қызметі мен қатынастарын әлеуметтік реттеудің өткеннен қабылданған формасы, ал бұл белгілі бір қоғамда немесе әлеуметтік топта қайта туындайды және оның мүшелері үшін дағды болып табылады. Әдет – ғұрыпқа өткеннен қабылданған ережелер соңынан қалтқысыз еру де жатады. Алуан түрлі ырымдар, мейрамдар және басқалар әдет – ғұрыптар рөлінде көріне алады. Әдет – ғұрып – мінез – құлықтың еш жерде жазылмаған ережелер.
Дәстүрлер – ұрпақтан ұрпаққа бнрілетін және белгілі бір қауымдастықта, әлеуметтік топта ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік жүйелерде қызмет атқарады және олардың өмірлік қызметінің қажетті шарты болып табылады. Дәстүрге ұқыпсыз қарау қоғам мен мәдениеттегі сабақтастықты бұзуға, адамзаттың құндылықты жетістіктерін жоғалтуға келтіреді. Ал дәстүр алдында көз жұмып бас ию қоғамдық өмірдегі керітартпалық пен тоқырауды тудырады.
Бұл сипаттамалар бір халықтың, бір ұлттың, алуан түрлі ұлттық – мемлекеттік құрылымдардың, әлеуметтік тпотардың және сондайлардың мәдениеті ғана емес, сондай – ақ бүкіл адамзаттық мәдениетке де қатынасты болып келеді. Алайда мәдениет белгілі бір нақтылы формалардағы алуан түрлі деңгейлерде қоғамдық өзара байланыстарда қызмет етеді. Мәдениет болмысының осы нақты формасын бейнелеу үшін социологияда өзіндік мәдениет ұғымы пайдаланылады. Өзіндік мәдениет — қандай да бір қауымдастықты немесе белгілі бір әлеуметтік топты ажырататын символдар (шартты таңбалар), сенімдер, құндылықтар, нормалар, мінез – құлық үлгілері жиынтығы. Әрбір қаымдастық өзіндік мәдениетін жасайды. Өзіндік мәдениет — жалпыадамзаттық мәдениетті жоққа шығармайды, қайта сонымен бір мезгілде оның өз айырмашылықтары болады. Бұл айырмашылықтар қандай да бір қауымдыстықтырдың өмірлік қызметінің ерекшеліктерімен байланысты.
Ұлттық, конфессиональдық, кәсіби өзіндік мәдениеттерді, ұйымдардың, әлеуметтік топтасулардың т.т. өзіндік мәдениеттерін бөліп көрсетуге болады.
<< Ұлттық мәдениет>> термині қандай да бір елдегі, мемлекеттегі адам қауымдастығын сипаттайтын символдарды, наным – сенімдерді, құндылықтарды мінез – құлық нормалары мен үлгілерін анықтау үшін қолданылады.
Лингвистикалық және этникалық жөнінен біртектес мемлекетте бір ұлттық мәдениет болуы мүмкін. Алйда жер шарындағы елдердің көпшілігінде бірнеше алуан түрлі ұлттық мәдениеттер бар. Әдетте бұл ұлттардың көпшілігігің өзіндік мәдениетін және ұлттық азшалдық өзіндік мәдениеттерін осындай арақатынасының мысалы.
Социология үшін бұл өзіндік мәдениеттер араласа ма, қатар өмір сүру ме және бір – біріне шыдамдылықпен қатысы ма немесе мәдени жанжалдар орын ала ма дегенді маңызды деп айқындауға болады. Осы мемлекеттің экономикасының жай – күйі, әлеуметтік – саяси ахуалы және күллі әл – ауқаты дұрыс мәдениет саясатына тәуелді.
Конфессионалдық мәдениет өзіндік мәдениеттің басқа бір маңызды формасы (түрі) болып табылады. Конфнесионалдық мәдениет бнлгілі бір діни тұтастық негізінде жасалынады. Бұл тұтастыққа символдар, құндылықтар, идеылдар мен мінез – құлық үлгілері ортақтастығы қалыптасады. Тұтасынан христиан, мұсылман, будда мәдениеті туралы айтуға болады.
Кәсіби өзіндік мәдениет қандай да бір кәсіби топқа бөлінген ортақ симвлордар, құндылықтар, мінез – құлық нормалары мен үлгілері негізінде құрылады. Ол қоғамда оның өкілдері алатын жұмыс мазмұнымен, рөлімен тығыз байланысты. Кәсіби білім мен дайындық бәріне етеді.
Енді мәдениеттен айрықша орын алатын, қоғамның әлеуметтік өмірінде өзіндік үлкен үлесі бар ғылымды қарастырамыз.