Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемеларды шешуге уақыт факторы маңызды рөл атқарады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сотта көзделген әрекеттерді немесе әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне немесе уақыт мезетіне байланысты болады.
Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықты мерзім – деп аталыды.
Мерзімнің маңызы — оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтарын мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім –бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууы байланыстырады. Құқық теориясы курсынан білетініміздей, заңдық фактілер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді.Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтық субъектілерінің еркіне тәуелсізсипатта болады. Брақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады.
Бұл қозқарас мынадай жағдайға негізделген: заңдық мерзімдер уақыттың өтуінің объективтік заңына бағына отырып, шығу тегі жөнінен қалай дегенде де еріктік мерзімдер болып табылады, өйткені олардың заң шығарушылардың не шарттағы тараптардың еркі айқындалады, сондықтан да екіжақты табиғаты болады. Бұл пікірмен келісу қиын, өйткені әлде біреудің еркімен белгіленген мерзім уақыт кезеңіне немесе уақыт мезеті ретінде қалай дегенде де бір кезде басталады, яғни оны жақындатуға да, алыстатуға да, өзгртуге де, жоюға да болмайды.
ҚР Азаматтық кодексінің 6- тарауында мерзімдерді есептеу тәртібін егжей-тегжейлі реттейтін нормалар бар. АК- ның 172 бабында 1- тармаққа сәйкес, заңдармен, мәмілемен белгіленетін не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.
Күнтізбелік күн дегегіміз – бұл белгілі бір айдың немесе жылдың нақты саны.
Оқиғалар дегеніміз- бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болатын заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі, мерзімнің өтуі және т.с.с) Мұндағы фактінің блмай қоймайтындығы мынадан көрінеді, заң актісінде не мәміледе немесе соттың шешімінде көрсетілген оқиға міндетті түрде болуға тиіс. Сөзсіз болған оқиғаны көрсете отырып, оның мерзімін анықтау ерекшелігі мынада, азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылар оның нақты басталатын уақытын алдын ала білмейді. Мәселен АК- нің 1042 бабында 2- тармаққа сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс ьлған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болады деп жароиялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерлі орындау нақты күнмен байланыстырылатын жағжайдағы мәмілелерде күнтізбелік күнге жиі сілтеме жасау кездеседі. Мысалы, тауарлар 2004 ж. 31 желтоқсанына дейін жеткізіліп берілуі тиіс. Бірақ сілтемелер соттың шешімінде де болуы мүмкін, сондай-ақ заңның озінде де айқынджалуы мүмкін. Уақыт кезеңі болып табылатын мерзім оның ұзақтығын көрсетумен анықталады және жылдармен, айлармен, апталармен кіндермен немесе сағаттармен есептеледі(АК-нің 172 бабының 2- тармағы) Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталуы мен аяқталуын дәл анықтаудың маңызы зор. Мәселен, тұрғын үйді жалдау шарты 2003 ж. 15 ақпанда жасалған болса, оның қолданылу мерзімі 2003 ж. 16 ақпаннан басталады. Күнтізбелік күн немесе оқиғаның басталуы есепке алынбайды. Ал мерзімнің аяқталуы ережесіне келетін болсақ, ол пайдаланылатын уақыт бірлігіне қарай өзгеріп отырады.
Жылдармен есептелінген мерзім – мерзімнің соңғы жылына тиісті айы мен күніні бітеді( Ак-ның 174-бабының 1- тармағы) Мәселен үш жылдық талап қою мерзімі 2003 ж. 1 сәуірден басталса, 2006 ж. 1 сәуірде аяқталады.
Айлармен есептелінген мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады. Мұнда егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы ондай күн жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Мәселен, мүлікті айлық жалдау мерзімі 2003ж. 31 қаңтардан басталса, 2003 жылдың 31 ақпанында аяқталуға тиіс, ал күнтізбеде мұндай күн жоқ болғандықтан, ол 2003 ж. 28( немесе 29) ақпанында аяқталады.
Жарты жылда да тоқсанда есептелетін мерзімнің соңғы күні туралы мәселе де осылайше шешіледі. Мұнда жарты жылдық мерзім алты айға, ал тоқсан – үш айға деп есептеледі, тоқсанды есептеу жылдық басынан бастап жүргізіледі.
Жарты ай деп анықталатын мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде қарастырылады және 15 күнге тең деп есептеледі. Мерзімді апталармен есептеуде ол соңғы аптадағы мерзім басталған күнмен аяқталыды. Мәселен, апталық мерзімнің өтуі жұмада басталса, онда о өзі басталғаннан кейінгі келесі жұмада аяқталады. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келетін жағдайларда одан кейінге ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептелінеді. Бұл арала, мереке, жалпығы бірдей белгіленген демалыс күні сондай-ақ осы ұйымның режимінде көзделген күн жұмыс істемейтін күн болып есептелінеді. Мысалы, 25 желтоқсан көптеген шетелдік компаниялар үшін жұмыс істемейтін күн болып табылады, өйткені бұл күні Христостың туған күні – «Рождество Христово» мерекесі аталып өтіледі. Бұл жағдайда жұмыс істемейтін күннен кейінге ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептелінеді
Сағаттармен анықталатын мерзімді есептеуде мерзімнің басталуын анықтау қажеттігі тумайды, өйткені мерзімді бұлайша анықтау әдісінде оның басталуы немесе аяқталуы әуел бастан ақ өте дәлдікпен белгіленеді.
Егер мерзім қандайда бір әрекеттер жасау үшін белгіленген болса, ол жалпы ереже бойынша, мерзімнің соңғы күнінен 24- сағатына дейін орныдалуға тиіс. Алайда, мұнджай әрекет ұйымда істелуге тиіс операциялар жүргізу тоқтатылатын сағатта аяқталады. Мұндай қатынастарда мәрзімнің соңғы күні осы ұйымдардағы соңғы жұмыс ресми тоқтатылатын кезде де тиісті операцияларды жүргізу тоқтатылатын шақта аяқталады. Бірақ мұндай реттерде мерзімнің солңғы күнінің 24- сағатына дейін поштаға немесе телеграфқа тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен хабарламалар мерзімінде жөнелтілген деп есептеледі.
Мерзімнің түрлері. Мерзім әр түрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге болады. Мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық түзетін, құқықты өзгертетін және құқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді.
Өзінің табиғатына қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:
- азаматтық құқықтырды жүзеге асыру мерзімі – бұл осы кезеңде уәкілетті адам өзінің субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған қандайда бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттың бір бөлігі. Оны, әдетте заң актісі белгілейді, бірақ тараптардың келісімімен де анықталуы да мүмкін (меншік құқығы, авторлық құқық және т.б.)
- субъективтік құқықтарды қолдану мерзімі – бұл осы уақыт аралығында қлданылу шегі уақытпен шектеулі туындаған субъективтік құқықтар сақталатын уақыт кезіңі, Мысалы, сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі;
- тыйым салатын мерзім – бұл белгілі бір құқықтарды жою мақсатында белгіленетін мерзім. Мәселен, «Нотарият туралы» 1997 ж. 14 шілдедегі ҚР- заңының 8- бабындағы 6- тармаққа сәйкес, нотариус лицензиясын алған, бірақ нотарияттық іс-әрекеттер жасауға үш жылы боый кіріспеген адамның нотарияттық қызметпен айналысуға біліктілік емтиханынын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі деп үзілді-кесілді түрде атап көрсетілген;
- Кепілдік мерзімі – сатушының ұзақ мерзім пайдалануға немесе сақтауға арналған өнімнің әдеттегі қабылдап алу кезіндк байқала қоймайтын кемшіліктерін анықтауға арналған мерзіәм. Кепілдік мерзімді мемлекеттік стандарттар немесе шарт белгілейді. Оның үстіне, шарт, егер тіпті олар мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық талаптарда көзделмеген болса да кепілдік мерзімді белгілеу тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандырады және өндірілетін өнімнің немесе орындалатын жұмыстың сапасын арттыруғы ынталандырады;
- Шағымдану мерзімі – бұл мерзімді міндеттерін ерікті түрде орындауды талап ету құқығын жүргізуге байланысты субъективтік құқықты бұзған адамға белгілейді. Заң шағымдану мерзімін ғана емес сондай-ақ оған жауап беру мерзімін де белгілейді. Мысалы, тасымалдаушыға жүкті тасымалдаудан туындайтын талап қоюға дейін оған көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте талаптар қойылуға міндетті(АК- нің 706- бабының 1- тармағы);
- Азаматтық құқықтық міндеттерді орындау мерзімі – шартта белгіленеді. Мәселен, қарыз беру шарты бойынша борышты қайтару сәті міндетті орындау мерзімі ретінде қарастырылуы мүмкін;
- Азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі – немесе азаматтық құқықта аталып жүргендей, талап қою мерзімі.
Талап қою мерзімі
Бұл бұзылған құқықты сот арқылы қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім. Осы уақыт ішінде құқығы бұзылған адам өз құқығын мәжбүрлі түрде жүзеге асыруды немесе қорғауды талап ете алатын мерзімді азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі деп түсінеді. Қойылған талапты қанағаттандыру бұзылған азаматтық құқықты қорғаудың негізгі құралы болғандықтан, аталған мерзім талап қою мерзімі деп аталған.
«Мерзім» ұғымы құқықтың бірқатар салаларында кездеседі. Мысалы, қыомыстық құқықта қылмыстық жауаптылықтан босату үшін ескіру мерзімі және айыптау үкімін орындау мерзімінің ескіруі белгіленген. 1991 ж. Негіздерге иелену мерзімі туралы норма енгізілген, ол кейін АК-ға (240 бап) да енгізілді. Бұл мысалдардан белгілі бір уақыт кезеңі ретінде мерзімнің соттың қатысуынсыз- авқ құқықтық салдарға әкеп соқтыратынын көреміз.
Талап қою мерзімі институты өзгеше әрекет етеді. Бұл мерзімнің атауының өзі талап қоюмен байланысты болғандықтан, ол талаптың сотта қаралуы барысында ғана қолданылуы мүмкін. Талап қою мерзімі институты негізгі үш міндетті атқарады:
- азаматтық айналымның тұрақтануына, оның қатысушылары арасындағы екіұштылықты жоюға, азаматтық құқықтарға қатысты олардың арасында туатын дауларды тездетіп шешуге жәрдемдеседі (азаматтық құқықтық қатынастарға айғақтық және жүйелік енгізеді) ;
- соттардың іс бойынша объективтік шындықты анықтауын жеңілдетеді, сөйтіп осы арқылы дұрыс шешімдер шығаруға жәрдемдеседі;
- шарттық тәртіптің нығаюына қызмет етеді, шарттағы тараптардың белсендігін ынталандырады және міндеттемелердің орындалуына өзара бақылауды күшейтеді.
Талап қою мерзімі институты — азаматтық құқықтың көне институттарының бірі. Ол Қазақ КСР-і Азаматтық кодексінде де болатын. Қазақ КСР-і АК – ның 75 бабы талап қою мерзімін « ққығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша құқық қорғау мерзімі» ретінде анықтады.
Бұл анықтамада талап қою субъектісіне тікелей нұсқау бар. Ол құқығы бұзылған адам ғана бола алады РФ Азаматтық кодексінің 195- бабында талап қою мерзімі ұғымы «бұзылған құқықты сот арқылы қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім» ретінде түсіндіріледі. АК-нің 177 быбы өзгеше анықтама береді: « Талап қою – адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі» Бұл анықтамадан талап ету мерзімінің адамның субъективтік құқығының ғана емес, сонымен бірге қолданыстағы заңдар ұйғарымының бұзылуымен да байланысты екені көрінеді. Талап қою мерзімінің авнықтамасында адам құқығының бұзылуынан басқа, заңның қорғалуындағы мүдде де көрсетілген. Талап қою мерзімінің өтуі талапты қою емес, қанағаттандыру құқығын жояды.
АК – ның 177- быбындағы «талап қою мерзімі» ұғымында РФ Азаматтық кодексінің 195- бабында берілген ұғымнан өзгеше, бұзылған құқықты қорғау мерзімі ретінде талап қою мерзімінің аяқталмағанына қарамастан, талапты қанағаттандырудан бас тартуға болады.
Талап қоюға құқығы бұзылған мүдделі адам ғана есес, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес басқа адамдар да құқылы болады. Сондықтьан «талап қою мерзімі» ұғымының анықтамасында талап қою субъектісіне нұсқау бомайды. АК-ның 179- бабына сәйкес, сот талап қою мерзімін соттың шешімі шыққанға дейін жасалған талапкердің өтініші бойынша ғана қолданады.
Талап қою мерзімі және оны есептеу тәртібі заңда көзделеді және оны тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды(АК-нің 177- баьының 2- тармағы) Осыдан келіп, тараптардың келісуімен талап қою мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға жол берілмейтіндігі туындайды. Талап қою мерзімі – бұл осы уақыт шегінде қлйылған ьалапты сот қанағаттандыра алатын уақыт кезіңі.
ҚР –Азаматтық құқығында талап қою мерзімінің екі түрін ажыратыды: жалпы мерзім және арнаулы мерзім.
АК – ның 178-бабының негізінде «талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгілінеді. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттармен талдап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдерді белгіленуі мүмкін». Азаматтық құқықта мұндай мерзімдерді арнаулы мерзімдер деп атайды. Олар заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларда ғана қолданылады. Мәселен, Жекешелендіру туралы жарлықпен сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша 6 айлық талап қою мерзімі белгіленген. Бұл мысалдарден жалпы мерзіммен салыстырғанда арнаулы мерзімдердің ұзартылған немесе қысқартылған мүмкін екені көрінеді.
Арнаулы мерзімдердің барлығы жалпы ережеден өзгеше болатындықтан, олар заң актілерінде көрсетілген қатынастарға ғана қолданылуы тиіс.Бұл мерзімдер туралы нормаларды кеңейте түсіндіруге болмайды. Заң актілері жеке, заңда ерекше бөлініп көрсетілген талаптар үшін арнайы мерзім белгілейді. Сот бұзылған құқықты қорғау туралы талапты талап қою мерзімінің өтуіне қарамастан қабылдайды. Басты талап бойынша талап қою мерзімі өткенде қосымша талдап бойынша (тұрақсыздық айыбын өндіру туралы, кепіл болушының жауапкершілігі туралы және т.б.) талап қою мерзімі де аяқталады. АК-тің 180-бабы талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады деп белгілейді. Егер уәкілетті адам өз құқығының бұзылғаны туралы білмейтін болса, онда ол, әрине қорғану құқығын пайдалана алмайды, сондықтан мұндай құқық адам өз құқықтарының бұзылғаны туралы білген кезден бастап пайда болады.
Егер талапкердің салақтығынан өз құқығының бұзылғаны туралы білмегендігі шынында да анықталған болса, талап қою мерзімі талапкер істің мән -жайы боойынша құқық бұзушылық туралы білуге тиіс болған кезден басьалады. Кері талап қою міндеттемелір \ә бойынша талап қою мерзімі негізгі міндеттеме орындалған сәттен басталады. Бұл ережеден өзгешілікті АК немесе өзге де заң актілері белгілейді.
Мысал үшін:
- кепіл болушылық немесе кепілдік шартын жасалған күннен бастап кепіл болушыға немесе кепілге талап бойынша екі жылдық талап қою мерзімі белгіленген( АК- ның 336-быбы);
- АК-ның 159- бабының 9 және 10 тармақтарында көзделген негіздер ьойынша мәміленің жарамсыдығна байланысты даулар бойынша талап қою мерзімі зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жайларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл болады(АК – ның 162- быбының 2- тармағы);
- Жекешелендіру процнсі барысында жасалған сатып-алу сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша алты айлық талап қою мерзімі шартқа қол қойылған күннен басьалады.
Міндеттемедегі адамдардың өзгеруі (талапты беру және борышты аудару) талап қою мерзімі мен оны есептеу тәртібін өзгертуге әкеп соқтармайды. (ҚР АК – ның 181-бабы).
Талап қою мерзімі көптеген жағдайларда басталысымен үздіксіз өтеді. Алайда өмірде уәкілетті адамның белгіленген мерзім шегінде талап қоюына кедергі жасайтын мән-жайлар туу да мүмкін. Мұндай мән-жайлар түрлі сипатта балады және талап қою мерзімін тоқтата тұру, үзу немесе қалпына келтіру үшін негіз болады.
Талап қою мерзімінің тоқтата тұрудың мәні бұзылған құқықты қорғауға кедергі жасайтын мән-жай күшінде болатын уақыт заңда белгіленген талап қою мерзіміне есептелмейді. АК-ның 182-быбына сәйкес, талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұратын негіздердің қатарына мыналар жатады:
-бой бермейтін (тежеусіз) күш – бұл осы жағдайларда ойда болмаған және болмай қоймайтын төтанше мән-жайлар. Бой бермейтін күш немесе кезлейсоқ мән-жайлар( су басу, жер сілкіну ғана емес, сондай ақ тәртіпсіздіктер азамат соғыстары, ереуілдер) – бұлар көліктің, байланыстың, және т.б. қалыпты жұмысын бұзатын мән-жайлар;
— ҚР Президенті жариялаған міндеттемелердің осы түрін орындауды кейінге қалдыру (марротории) Мораторийдің бой бермейтін күштен айырмашылығы – ол талап қоюға заңдық (нақты емес) кеджергілер жасайды. Бұл жағдайда Президент өзінің шешімімен міндеттемелердің орындау мерзімін кейінге жылжытады, осы арқылы қолданыстағы талап етк құқығын борышқорға мәжбүрлеп орындатуды белгілі бір кезеңге доғара тұрады;
Жалпы мораториидің барлық іс-әрекеттерге қатысы бар.
Жеке мораторий жекелеген іс-әрекеттерге ғана қатысты жарияланады.
Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар ьойынша талап қою мерзімінің өтуі азаматтың зейнетақы төлемдерін тағайындау/ немесе жүзеге асыру туралы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиісті ұйымдарға жолдауына байланысты, зейнатақы төлемдерін тағайындағанға және/ немесе жүзеге асырылғанға немесе жәрдемақы тағайындағанға не зейнатақы төлемдерін тағайындауға және/ немесе жүзеге асырудан немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Талап қою мерзімінің өтуі , егер керсетілген мән-жайлар талап мерзімінің соңғы алты ай ішінде пайда болса немесе бұрынғысынша – қала берсе тоқтатыла тұрады, ал егер бұл мерзім алты айдан аспаса – талап мерзімінің өтуі шегінде тоқтатыла тұрады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса – талап мерзіміне дейін ұзартылалы( АК – ның 182-бабы)
Талап қою мерзіміің өтуіндегі үзіліс оның үзілуіне негіз болған мән-жайлар басталғанға дейінгі уақыттың талап қою мерзіміне есептелмейтінін және оның жаңадан басталғанын білдіреді.
Заң талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті талапкердің немесе жауапкердің еркікті іс-әрекеттерімен байланыстырады. АК – ның 183 быбына сәйкес, талап қою мерзімінің өтуі мынадай екі негіз бойынша үзіледі:
- белгіленген тәртіппен талап қою;
- міндеткер адамның борышты немесе өзге міндеттерді мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы.
Бұл мән-жайлардың біріншісі заңның талаптарына толық сәйкестікке сотқа шағымдануды, яғни ведомстоваға қарастылықты, сотқа дейінгі реттеуді, әрекетке қабылетті адамның талап қоюын және т.б. сақтай отырып шағымдануды ғана қамтиды. Бұл тәртіптің бұзылуы талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті жоққа шығарады.
Талап қою әдетте дауды мәніне қарай шешуге және соттың шешімін шығаруға мәжбүр етеді. Мұндай жағдайларда талап қою мерзімі өзінін-өзі қажет болмай қалады. Ал егер дау шешілмей, өндірістегі іс тоқтатылмаса, талап қою мерзімі бұдан былай да өзінің маңызын сақтап қала береді. Сонымен сотқа талап қою мерзімінің ең соңғы кезеңінде талап қойылатын жағдайлар да болуы мүмкін, және егер үзіліс қолданылмаса, ондай талап қою мерзімі істі тыңдауға дайындау барысында- ақ өтіп кеткен болар еді.
Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілістің екінші негізі – бұл адамның борышты мойындауын білдірітін іс-әрекеттерді жасауы, ол қышқаша түрде борышты мойындау деп аталады. Ол ауызша немесе жазбаша түрде жасалған борышты мойындау жолымен және әдетте борышты ішінара төлеуден тұратын борышқордың іс-әрекеттерімен жасалуы мүмкін. Борышты мойындаудың, алайда, өтіп жатқан талап қою мерзімі шегінде ғана мерзімді үзетін маңызы болады. Талап қою мерзімі өткен соң борышты ішінара төлеу талап қою мерзімінің өтуінде үзіліс туғыза алмайды.
Азаматтық кодексте талап қою мерзімін қалпына келтіру мәселесі ерекше реттелген. Егер талап қою мерзімінің тоқтатылу және үзілу негіздері заңда жәлме-дәл көрсетілген болса, онда өткізіп жатқан талап қою мерзімінің қалпына келтірі үшін мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептерінің болуын анықтау қажет. АК-тің 185-бабы былай деп көрсетеді: «Ерекше жағдайларда, талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсіз халде болу, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою мерзімі өтіп кету себептері орында болып, егер ол алап мерзімінің соңғы алты айы ішінде орын алған болса, ал егер бұл мерзім алты айға тең немесе алты айдан аз болса, — талап мерзімінің өтуі кезінде танылады»
АК-ның 186-бабындағы ереже бойынша, талап қою мерзімі біткеннен кейін міндетін атқаратын борышкердің немесе өзге міндетті адамның тіпті сол міндетті атқаратын кезінде талап мерзімінің өтіп кеткенін білмесе, де аталған адамның өзі атқаратын нәрсені қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.
АК-ның 187 бабының шегінде талап қою мерзімі мыналарға қолдыналмайды:
- заң құжаттары көзделгеннен басқа реттерде материялдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға. Бұл құқықтырды қорғаудан бас тарту жеке адамның қоғамдағы маңызын кемітуге әкеп соққан болар еді;
- салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына. Банктер салымшылаының ұйғарымын орындаудан бас тартатын жағдайларда салымдарды беруге мәжбүрлеу туралы талаптар туу мүмкін. Мұның кез-келген салымшыларға және банктердің кез-келген түрлеріне қатысы бар;
- азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілетін зиянның орнын толтыру туралы талаптарға. Алайда талап қою мерзім: өткеннен кейін қойылған талаптар талап қоярдың алдындағы үш жылдан аспайтын мерзім ішінде қанағаттандырылады. Зиянның орнын толтыру міндеті жәбірленушінің бүкіл өмір бойында сақталады:
- егер меншік иесінің немесе өзге де заңды иенің өз құқығының кез-келген бұзылуы байланысты болмаса (теріске шығаратын талап жағдайында) , кез келген құқық бұзушылықты жою туралы талабына;
- заң құжаттарында белгіленген реттерде басқа да тараптарға қолданылмайды.