Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері

Меншік ұғымының мәнін анықтауда негізгі қағида «қандай да болмасын өндіріс жеке адамдардың қоғамдық форма (түр)            шеңберінде және де сол арқылы табиғат заттарын иемденуі. Осы тұрғыдан,                      меншік ( иемдену) – өндіріс шарты қағидасы тавтологиялық (құрғақ қайталау) пайымдау болып көрінеді.

Меншіктің бұл анықтау облысы, енді оны кез келген политэкономиялық ұғымдарға тән заңдылық – мән, мазмұн, форма тәуелділігі шеңберінде талдауды қажет етеді.

Мән дегеніміз – құбылыстың ішкі құрамдас элементтерінің өзара бірлігін, ал мазмұн — ішкі, сыртқы факторлар әрекет етуінің ерекше формадағы көрінісі, байланыс заңдылықтары.

Олай болса, форма тұрғысынан алып қарасақ мән, мазмұн қасиеттерінің көріну сипаты, сандық-сапалық көрсеткіштері экономикалық ұғымының (ғылыми категория) ерекше болмысы ғана, сыртқы көріну ерекшелігі. Форма – ic-қызмет түріне тікелей тәуелді.

Бұл зандылықтар негізінде “меншік” ұғымы мәні экономикалық құбылыстардың (өндірістік қатынастар жүйесіндегі) дамуының мән-мазмұндық жаңару заңдылықтары, түр өзгерістерінің жаңа үлгісіне, түріне әсер етуі тиіс. Яғни меншік – өзіндік мәні, мағынасы бар ұғым ретінде көріну формасы мен мазмұнының жүйелі даму ерешеліктерін көрсетеді. Бұл – трансформация құбылысының негізі.

Экономикалық әдебиеттерде “меншік,,,иемдену„,” қағидасын түсiндіру елеулі қиыншылықтарды бастан кешiрiп келдi. “Өндіріс – табиғат заттарын иемдену, игеру мазмұнын құрайды, ал меншік – оның әлеуметтік формасы” қағидасын сындарлы түсіндіру сирек кездеседі. Осы тұрғыдан бұл қайшылықты шешуде В.Н.Афанасьев пікірі орынды деп айтуға болады: “Табиғат заттарын адам өмір сүрунің негізіне айналдыру ретінде иемденудің қоғамдық формасы бар және ол өндіріс процесінің мәнін көрсетеді,,, (Еңбек процесі),,, ал иемденудің белгілі формасының өзі басқа қырынан қаралған өндіріс процесі немесе дәлірек айтсақ, “иемдену адамның өмір сүруін қамтамасыз ету процесі ретінде өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың қайшылықты бірлігі”. Өндіргіш күштер тарапынан иемдену – еңбек процесі ретінде оның мазмұнын құрайды, ал өндірістік қатынас тұрғысынан – “меншік” атауымен қоғамдық мәнді формада көрінеді. Сонымен, меншік анықтамасын талдау, оның өмір сүру жағдай – шарттарын иемдену үшін болатын қатынас екенін көрсетеді. Бұл қатынас әзірше санада ғана бар, талдаудың бастама пункті (қайнар көзі) – абстрактілі ойлау жүйесіндегі үздіксіз қайталанатын қатынастардың мәнін анықтайды. Иемдену процесінің еңбек, меншік қырларының бірлігі мен айырмашылығы таным зандылығының ерекше сипаты ғана. Бұл, кейінірек, меншік пен еңбек ұқсастығы (айырмашылығы) заңы ретінде тұжырымдалады.

Еңбек пен меншік ұғымдары мәндерінің өзара кірігу (взаймопроникновение) процесі иемденудің аса бай мазмұнын құрайды, бірақ шешуі де өзара сәйкес келмейді. Үздіксіз дамып бірегей құбылыстың – иемденудің қарама-қарсы екі ұғымдардың мән-мазмұнын, формасын біріктіру – меншіктік сипатын, даму зандылықтарын да анықтайды. Бұл мағынада меншікті иемдену арқылы анықтау тавтология (құрғақ мылжың) емес, керісінше, меншіктің өндіріс алғы шарты, дамыған нәтиже ретінде өндірісте жүзеге асатын нақтылы иемдену процесі екенін көрсетіледі. Екіншіден, өндipic нәтижелерін иемдену (бөлу, айырбас, тұтыну) меншік қатынастарын нақтылайды, сандағы қатынастарды объективті, материалдық сипатқа ие етеді. Сонымен, иемдену өндіріс факторларын, өндipic нәтижелерін өмір сүру үшін игеру меншіктің мән-мазмұнын анықтайды. Ғылыми ұғым элементтері ic-тәжірибеде нақтылы жүзеге асып жатқан ic-қызмет формаларымен мазмұны байиды. Меншік – ғылыми ұғым, меншік – ic-қызметтің ерекше формасы ретінде өндipic процесінде ғана айқын көрінеді. “Меншік – ғылыми ұғым” жүйесін талдаудан ғылыми зерделеудің келесі кезеңі – жалпы экономикалық жүйедегі оның (ұғымының) ic-әрекет ету қызметін, механизмін (тіптен түр өзгерістерін) саралау арқылы еңбек, өндipic процесінің даму сатыларына сәйкес бейнелеуді талап етеді. Бұл жіктеу (“Диалектика собственности” Я. Аубакиров, Б. Байжұманов) меншік қатынастарының диалектикалық дамуын дәлме-дәл айқындау үшін қызмет етеді.

Бұл айтылған тұжырымдардың екі үлкен қорытынды жасауға болады. Біріншici, “меншік” ұғымы өндірістік қатынастар жүйесінде дамымаған нәтиже ретінде бастама қызметін (қайнар көзі) атқара отырып, өндipic нәтижесінде дамыған бастамаға (нәтижеге) айналады, яғни үздіксіз жетілдіріп отыратын себеп-салдарлы дамуды көрсетеді. Мәселе, енді, оның түр өзгерістерін, даму сатылары мен кезеңдерін дәлме-дәл айқындау мүмкіндігін табу. Бұл үшін ұғымның ішкі элементтерін, мүдделері, қажеттіліктер, өндipic факторлары сияқты нысандардың өзара тәуелді байланыстарын зерттеу қажеттігі туындайды.

Екінші қорытынды, меншік ұғымының ғылыми жүйесі оның нақты өмірде кездесетін сан-алуан бай формаларының ерекшеліктерінен тазартылған, аршылған абстрактілі – логикалық жалпылама, баршаға ортақ түсінікке алып келуі тиіс. Мәселен, “Байлық” ұғымы адам енбегімен өндірілген өнімдердің бәріне тән қасиеттердің ортақ сапасының сандық өлшемі, осы тұрғыдан А.Смит оны “меншік” ұғымының синонимі ретінде қабылдайды.

Немесе “ақша” ұғымы тауарлар дүниесінің негізгі қасиетінің бipi – айырбас құнының, құнның жалпыға ортақ өлшемінің қоғамдық мәнін абстрактылы-логикалық бейнелейді. Ақшаның анықтамасының өзі                3 қасиеттең бірлігі – тауар, ерекше тауар, жалпы эквивалент – көрсетеді, яғни ұғымның өзі құрылым элементтерінің жүйесінің айқындаушысы қызметін атқарады.

Ал, “меншік” ұғымына келгенде бүгінгі политэкономия ғылыми “иемденуден” басқа еш нәрсе айта алмайды. Және де оның заңгерлік анықтамаларын ғана талдамайды. Бұл политэкономиялық мәнді заң-құқықтық мазмұнмен қарадүрсін түсіндіруге алып келеді. Экономикалық құбылыстардың бастапқы нүктесі, дамыған жиынтығы, барлық қайшылықтарын өз бойында ерекше жүйемен байланыстырып сипаттайтын меншік ұғымының құрылым элементтерін анықтау аса маңызды мәселе. Бұл элементтер басқа туынды қатынастар бойында түр өзгерістерге ұшырағанымен, өзіндік болмысын басқа деңгейлерге ұдайы қайталап отыру қажет. Сонда ғана, өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштер даму диалектикасы тарихи-логикалық негізделедi. “Меншік дегеніміз – адам өмірін ұдайы өндіру” қағидасы меншіктің мәнін, қызметін көрсетеді, өндірістік қатынастардың алтын кілті қызметін атқарады. Адам өмірінің танымдық негіздерін жоғары ортақ ұғым – атау жүйесін адамдардың бәріне ортақ құбылыс мәніне сәйкес қажеттіліктер мен мүдделердің үздіксіз дамуын ғана көрсетеді. Адамның болмысы – қажеттіліктерінің инстинкттен сапалы қалыптасуы заңдылығын, санадағы ic-әрекет, мақсат-мұраттарының (мотиві) мүддеге өмір сүру қажеттілігі мүдделер арқылы қоршаған ортаға қатынасқа айналады, яғни “меншік” ұғымын құрайды. Жануардан жабайы адамның, одан homo sapiens-тің шығуы – тарихи меншіктің бастама нуктесі.

Сол себепті, “меншік” ұғымының ішкі элементтері ретінде элеуметтiк тұлғалардың қажеттiліктері мен мүдделерінің өндipic факторларына қатынасын көреміз, яғни осы 3 элемент арқылы меншік конституциясын айқындаймыз.

Өндipic факторлары деп – біз негізінен жер, өндipic құрал-жабдықтар жүйесін және адамның еңбекке кабілетін айтып отырамыз. Экономика курстарында оған 4-ші элемент – кәсіпкерлікті не 5-шi интеллектуальді байлықты да қосады. Ал, кейбір ғалымдар үшін өндipic факторларының    саны – олардың ой-қиялымен ғана шектеледі.

Меншік дегеніміз – иемдену қатынасы — қажеттіліктер мен мүдделердің өмір сүру жағдай — шарттарына қатынасының адам өмірін ұдайы үздіксіз өндіру үшін болатынын көреміз.

Бұл анықтама, енді, меншікті нақтылы жанды тұлғасы бар, объекті – нысаны айқындалған, өзіндік ішкі элементтердің белгілі қасиеттерінің жиынтығы ретінде көрсетеді.

Меншік құрлымының бай мазмұны осымен ғана шектелмейді. Адам жеке өмір сүрмейді, жабайы тобырдан бастап қауымдастықтың ерекше түрлерінің шенберінде ғана өзіндік болмасын қалыптастырады. Қауым, отбасы т.б. әлеуметтік құрлымдар меншік құрлымына әдеп-ғұрып, салт-дәстүр, мәдениет элменттерін кіргізедi. Қауым даму заңдылығы құқықтық қатынастардың дамуына алып келеді. Меншіктің сыртқы көріну түрі – құқықтық қатынастар, енді, өз кезегінде шешуші құбылысқа айналады.

Қажеттіліктер мен мүдделер – әлеуметтік қауымдастық түрлеріне сәйкес меншіктің (полритэкономиялық тұрғыдан) жанды тұлғаларын қалыптастырады: жеке адам, отбасы, қауым, ру, тайпа, ұлыс, ұлт, халық. Бұл тұлғалардың даму тарихы – меншіктің ішкі құпиясы ретінде тарихы, этнографиясы т.б. ғылымдар шұғылданатын зерттеу нысаны.

Экономикалық теория үшін маңызды — қажеттіліктер мен мүдделердің себеп-салдарлы, өзара тәуелді байланысын жалпы сипаттау.

Екіншіден, меншік тұлғаларының өзара біріккен қажеттіліктері мен мүдделері жүйесінің даму заңдылықтарын белгілеу ғана.

Қауымнан жеке отбасыларының дербес шаруашылық жүргізуге бөлінуі, яғни өндіргіш күштер дамуының белгілі кезеңдерінде сәйкес жеке меншік институтының қалыптасуы әлеуметтік қауымдастық даму заңдылықтармен қатар жүреді.

Жалпы философиялық негізде талдау – адам қажеттіліктерінің табиғи (материалдық) негіздерімен бірге, оның әлеуметтік, рухани қажеттіліктерінің де үздіксіз дамуын көрсетеді. Осы тұрғыдан, қажеттілік дегеніміз – адам болмысындағы табиғат пен әлеуметтік факторлардың сезімдегі тіршілік етуге бағытталған түсінікті ғана бейнелейді. Бұл түсінікті түйсіктен (инстинкт) ерекшеленуі – ойлау жүйесінің ерекшелігіне байланысты көп сатылы деңгейде қалыптасады, сезімдік үлгі, мүдделер сипатында бекиді, қажеттіліктер мен мүдделер ұғымдарын жіктеу де ойлаудың абстракциялы жүйесінде ғана айқын көрінедi.

Қажеттіліктердің жіктелуі жеке санада ғана жүзеге асады. Ал, мүдделердің жіктелуі өндipic жағдайлары мен қоршаған ортаның әсерімен әлеуметтік қауымдастықтардың әртүрлі деңгейлерінде ұлттық санада берік орнаған, құқықтық формалар арқылы айқындалады. Мәселен, өзіндік меншік, жеке меншік, қауымдық не ру-тайпалық меншік, ұлттық немесе қоғамдық меншік ұғымдары мүдделердің жіктелу туындысы ретінде тарихи-құқықтық формада бекиді.

Меншік нысандарының даму ерекшеліктеріне қатысты меншік құбылысы күрделенеді, әлеуметтік тегеурінді күшке айналады.

Иемдену құбылысын материалдық және адамдық факторлардың диалектикалық тәуелді байланысында зерттеп-талдау ғылыми нәтижелердің сындарлы сипатына әсерін тигізеді. Барлық қоғамдарға тән абсолютті ақиқат болуы тиіс емес, олардың ерекшелігі, өзіндік мазмұны қалыптасады. Екіншіден, ғылым мен техниканың дамуына сәйкес меншік объектілерінің өндіріске тартылу сипаты, мән-мазмұны жаңа әлеуметтік формаларды талап етеді. Мәселен, адамның еңбекке қабілеті еңбек құралдары дамуымен тығыз байланысты және тәуелді қатынаста дамып отырады. Осы тұрғыдан, жұмыс күшін немесе еңбек қабілетін иемдену дегеніміз – жер және еңбек нәтижесі – өндіріс құрал-жабдықтарын иемденудің ерекше қырын ғана көрсетеді.

Объекті — нысандары иемдену ерекшеліктеріне байланысты талдауды жалғастырсақ.

Аса маңызды нысан — жерді иемдену құбылысы, негізінен, 2 сипатта көрінеді. Жер-ана ұғымы оның адамзат ұрпақтарының біріне opтақтығын көрсетеді. Тек дамыған қоғамда ғана жерді мемлекеттік шекаралармен бөлу санада бекиді.

Екіншіден, жер өндірістің жалпы негіздері ретінде табиғи байлықтардың қазбалары, жайылымдық және eгістік, орман-тоғай, су ресурстары түрінде өндіpic құрал-жабдықтары қызметін атқарады. Әлеуметтік қатынастардың нәтижесінде меншік нысаны ретінде жерге бұл қатынас әр түрлі дәрежеде жүзеге асады. Оған әсер ететін жағдай ретінде меншік титулын, еңбек құралдарының бар-жоқтығын, нақтылы еңбек қабілетінің қалыптасу деңгейлерін айтсақ жеткілікті.

Адам еңбегі нәтижесінде жасалған өндipic құрал-жабдықтарына меншік нысаны ретінде иемдену процесі бұрыннан бар, қордаланған байлықты иемденудің құқықтық формаларынан туындайды. Бастамасы белгісіз, соңы көрінбейтін үздіксіз өндіpic процесінің нәтижесі ретінде әлеуметтік негізделеді. Адамның өзін-өзі меңгеруі, табиғат заттарын игеруі, иеленуі еңбек процесі арқылы оның нәтижелерін де иемденуге жол ашады. Кез келген әлеуметтік құрылым осы негізде қоғам негізі – меншік қатынастарын нығайтады, құқықтық негізде қорғайды (жазба ескерткіштерден – Соломон жазбалары, Тәукенің “Жеті жарғысы”).

Осы меншік нысандары ішінде тарихи шешуші қызмет атқаратын – жерге меншік қатынастары. Мәселен, формациялық даму ілімінің атасы К.Маркс былай дейді: “Жерге меншік қатынастарынан өсіп шығатын өндipic құрал-жабдықтарына меншік жүйесі кез-келген экономикалық жүйенің базисін құрайды… Материалдық (рухани) игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларында осы негізде адамдар олардың еркінен тыс өндірістік қатынастар жүйесіне енеді… Бұл қатынастар өзінің болмысын анықтайтын өндіргіш күштер дамуына әлеуметтік шек қояды…”

Меншік ұғымы белгілі жүйеде кең өpicтey, даму арқылы аса бай мазмұнды береді. Жалпы философиялық, политэкономиялық, заң-құқықтық және шаруашылық мүлік қатынастарының макро-микроэкономикалық деңгейлерде көрініс түрлерінің сан-салалы сандық және сапалық қасиеттері тарихи иемдену шарттарына байланысты. Меншік – жалпы ғылыми ұғым (категориясы) ретінде, оның кез келген тарихи түрлерінен ерекшелігі иемденудің әдіс-тәсіліне, сипатына және де ішкі элементтерінің сандық және саплық тәуелділігімен айқындалады. Потенциалды түрде алғанда “меншік” ұғымы өз бойында “құмыраға қамалған жынның” сиқырлы күшін жинақтап, мүдделер қозғалысы арқылы болжап білмейтін, есептелмеген заңдылықтарға алып келетін құбылыс ретінде сипатталады. Бұл құбылыстың жүйедегі орнын, атқаратын қызметін, жүзеге асу құралдарын айқындау үшін жалпы мүдделердің мақсат-мұратын, тәуелді байланыстарының қайшылықты бірлігін көрсету керек. Иемденудің қайшылықты болмысын мына үзіндіден анық бағалауға болады: “…Жеке адамдар әрқашан өз болмысынан шығады және шығып келеді. Олардың қатынасы нақтылы өздерінің өмір сүру процесінің қатынасы болып көрінеді. Ал олардың қатынасы өздерінің дербес тіршілігіне қарсы тұруы қайдан шығады? Олардың өздерінің өмір сүру күштері оларға үстемдік жүргізетін күштерге айналуы неліктен? Егер бip сөзбен жауап берсек: нақты сәттегі өндіргіш күштерінің дамуына тәуелді дәрежедегі еңбек бөлінісінен деп жауап беруге болады”.

Сол себепті, иемденудің 1-ші шарты болып өмір сүруді ұдайы өндірумен, қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты белгілі бір адамдар қауымдастығы шеңберінде жеке адам өміpi мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мүдделер келіп шығады.

Қандай да болмасын қатынас формасы (меншік-мүдде) сол форма кедергі болуы мүмкін өндірі|ш күштер қалыптасқанша тікелей материалдық өмірді өндірудің қажетті шарты ретінде қоғамдағы қажеттіліктер мен мүдделер дамуына жағдай жасауы тиіс.

Иемданудің 2-ші шарты – адамдардың тіршілік ету тәсілдерінен туындайтын материалдық өмірдің жағдайының өзі жеке адам қажеттіліктерін қанағаттандыру, тіршілік ету құралдарын өндірумен байланысты.

К.Маркс бейнелеуімен айтсақ, бұл – 1-ші тарихи акт (ic-әрекет), ал    2-шісі – “алғашқы қажеттілік, оны қанағаттандыру ic-әрекеті және де игерілген қанағаттандыру құралдар жаңа қажеттіліктерге бастайды”.

Осы 2 шарттан туындайтын иемденудің 3-ші шарты дамудың белгілі кезеңінде өскелең қажеттіліктерді қанағаттандыру табиғи еңбек бөлінісінен (қауым, отбасы) қоғамдық еңбек бөлінісіне көшуді анықтайды. Бұл еңбек пен оның нәтижесін бөлудегі теңсіздікті тудырып, иемденудің қарама-қарсы жағы, бөтенсу құбылысының мазмұнын айқындайды.

Енді, меншік жай қатынас емес, әлеуметтік жіктелуді көрсететін әлеуметтік-құқықтық қатынас. Осы тұрғыдан өте қызықты мысал, К.Маркстың айтуынша: “…Семьядағы құлдық – … өте қарапайым және жасырын – 1-шi меншік болды. Меншік дегеніміз – бөтенңің жұмыс күшін билеу ұғымы бойынша адамдар қауымдастығындағы адамның өзінің болмысын билеудің ерекше көрінісі…”

Жұмыс күшіне “меншік” ұғымы қауымдық құрылыс өмірінен де айқын көрінеді “жеке адамдар өндіргіш күштердің бар жиынтығын иемденуді дербестікке жету үшін де жүзеге асырады”.

Меншіктің мәні, сонымен, өмip сүру үшін адамдар өмip cүpy жағдай-шарттарын иемдену-бөтенсу қатынастарына кіреді.

Өмір сүру негіздерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар еңбек процесі мен нәтижесін пайдалануда әлеуметтік ерекшеліктерді нығайтып, иемденудің сандық-сапалық өлшемдерін дамытады. Бұл құбылыс енді иемдену мен бөтенсудің айырбас арқылы экономикалық қатынас ретінде аяқталмаған нәтиже мен жаңадан болатын иемденудің алғы шарты турінде біртұтас иемдену-бөтенсу құбылысының жіктелуін көрсетеді. Сан мен сапаны өлшеу ерекшеліктері иемденудің нақты көрініci – экономикалық қатынастар ұғымынан көрінеді.

Енді, иемдену қатынасының мән-мазмұны өзгереді, жануарлар дүниесінен айырмашылық – жерді, өндіріс құрал-жабдықтарын, жұмыс күшін, өнімді иелену, меңгеру, пайдалану мәндерінде бекидi. Ой енбегі мен дене енбегі айырмашылығы көріне бастайды. Жанды тұлғаның заттануы және керісінше объект-нысанның тұлғалануы санада бекиді.

Иемдену (меңгеру) адамның өз қасиеттерінен бастап, өндipic жағдайларын, нәтижесін, тіптен, әлеуметтік қатынастарды да қамтиды. Енді, экономикалық қатынастар заң-құқықтық негізде орнығады. Оның негізінде салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, салт-сана, шек қою элементтерінің тарихи даму формасын көреміз. Заң-құқықтық форма экономикалық қатынастарды өзгертіп, түрлендіріп көрсететін сиқырлы айна (призма) ретінде өзіндік ерекшеліктерін алып келеді. Бұл бір жағынан, қауымдастық мемлекеттік негізде даму ерекшеліктерінен туындайды. Ал, екіншіден, еңбек (өндіріс) кооперациясына байланысты. Мәселен, қандай да болмасын еңбек процесін ұйымдастыру адамдарды ic-әрекеттің түр-түріне сәйкес қабілетімен жіктеп, белгілі қызметті атқаруға міндеттейді. Еңбекті ұйымдастыру, көп адамның еңбегін бip мақсатқа сәйкес жұмылдырып, басқару — меншік тұлғалар мен нысандарына ерекше сипат береді.

Меншік экономикалық қатынастардың бүкіл жүйесінде көріне отырып, оның негізін, құрлысын айқындайды. Осы арқылы әрқилы өндіріс тәсілдеріне дамудың көзіне айналады. Адамзат қоғамындағы иемденудің ерекшелігіне байланысты, яғни табиғат заттарын иемдену — адамдар үшін, адамдар арасындағы болатын қатынасты, өз eңбeгі өнімдерiн иемденудің алғышарттары ретінде сипаттайды. Меншік иемдену еңбек мәнімен үндеседі. Бұдан еңбек процесінің мән-мазмұны толықтырылуына сәйкес меншік пен еңбектің ұқсастық (айырмашылық) заңы шығады.

1.2. Меншік қатынастарының даму заңдылықтары

Ғылыми талдаудың ерекшелігі нәтижесінде меншік қатынастарының пайда болуы және қазіргі өміp сүру жағдайлары мен іс-қызмет ету шарттарын (жағдайларын) айқындау кез-келген қоғамдық құрылысқа қатысты нәрсе. Буржуазиялық жеке меншік немесе социалистік мемлекеттік меншік қатынастарының пайда болу, даму заңдарына сәйкес келуі тиіс. Бұл кез-келген реформаларды түрпайы (анайы) қорғаудан да анағұрлым күрделі міндет.

Еңбек пен капитал қайшылығы әсірелеп көрсету немесе олардың үйлесімділігін ғана бейнелеу нақтылы өмірдің қайшылықтарын ғылыми талдауға, әлеуметтік реттеуге бөгет жасайды. Мәселен, К.Маркс меншікті – “адамдардың қауымдастығы арқылы жүзеге асатын жеке адамдардың табиғи еңбек жағдайларына және өзіне тән (жағдайларды) ұдайы өндірудің объективті шарты” деп пайымдайды. Ғылыми ұғым күрделі қатынасты көрсете отырып өзіндік мәнге ие болды: меншік дегеніміз — қажеттіліктер мен мүдделер жүйесінің адамдардың өмip сүру жағдай-шарттарымен (өндіріс факторларымен) қайшылықты бірлігі.

Анықтама арқылы, енді меншікті мәнсіз ұғым емес, нақтылы элементтер жүйесі, зандылықтары айқындалуы мүмкін ғылыми ұғым ретінде танып білеміз. Сонымен қатар, анықтама арқылы меншіктің күрделі ұғымдар (категориялар) өндipгіш күштер және өндірістік қатынастармен байланысын жүйелеуге жол ашылды. Мәселен, базис, т.б. өндірістік қатынастар меншікпен байланысты айқындалады.

Екіншіден, адамның өзінің дамуы, болмысы өндіргіш күштер элементтері ретінде олардың еңбекке қабілетімен, еңбек кооперациясының өнімділік күші арқылы техника-технологиялық байланыстармен тығыз байланысты. Сол сияқты, адам болмысының дамуы – оның күрделенген қажеттіліктері мен мүдделері арқылы өндірістік қатынастардың барлық элементтеріне тікелей әсер етуші әлеуметтік формаға айналады. “Меншік” ұғымындағы негізгі 3 элементтің ғана өзара қайшылықтары мен заңдылықтарын айқындау қоғамдық дамудың генетикалық кілтін табумен бірдей.

Экономикалық әдебиеттерде иемденудің құқықтық негіздерінен бастау алатын, оның политэкономиялық мәнін терістейтін жағдайлар жиі кездеседі. Мәселен, иелену, билеу, пайдалану құқықтарының экономикалық мәні жоқ, тек, құқықтық немесе мемлекеттік форма деген пікірі кең орын алған.

Сыртқы қайшылық көптеген әсер етуші күштердің әсерінен ішкі қайшылықтарды мүлдем басқа сипатта көрсетуі мүмкін. Мәселен, әлеуметтік жіктелу құбылысы кейбіреулер үшін жеке адам, ұлыстардың жалқаулығынан туындайтын сияқты болып көрінеді. Немесе өз тарихымызда болған “қоғамдық меншікке бейтараптық, бөтендік” деп қарау, қарадүрсін жалған ғылыми сипаттамаларда жеке меншіктің абсолютті прогрессивті мәні туралы пайымдауға жетелейді. Ал, ішкі қайшылықтар дамуы, сыртқы факторлар әcepi туралы жүйелі көзқарастар кітаптарда ғана қалды. Осындай “түсініксіз құбылыстардың” қатарында көлеңкелі экономиканың күшеюі мен мемлекеттік ақпараттың парақорлық адам болмысынан бар деп уәж айтады. ХХ ғасырдың (кейінгі 80-жылдардағы) тарихи эксперименттерге теориялық негіздерді алып қарасақ, көп жағдайларда ғалымдар мен саясаткерлер қоғам дамуындағы тepіc нәтижелері тек мүдделер қозғалысымен байланыстырады. Қазан революциясынан кейін меншікті тікелей мемлекеттендіру, коммуналау, ұжымшарлау т.б. құбылыстар, негізінен, жеке меншікті жойып, жоғары дамыған меншік түрлеріне күштеу арқылы өтуді теориялық жағынан “дәлелдейді”. Концепцияның діңі ретінде адамның жеке мүддесіне қарама-қайшылығын жою (шешу) пікірі әсіреледі.

Экономикалық жүйелердің прогрессивті сипатын тек қана меншіктің сыртқы көріну формаларымен байланыстыру, советтік жүйедегі мемлекеттік меншікті жалпы халықтық, қоғамдық меншіктің ең жоғарғы прогрессивті түрі ретінде жеке меншікке, басқа меншік түрлеріне жасанды түрде қарсы қою идеологиялық сипат алып, меншік қатынастарының диалектикалық байланыстарын терістеуге алып келеді. Меншік диалектикасы, оның сыртқы түрлері қайшылығының қайнар көздері экономикалық құбылыстардың мәніне сәйкес ұғымның-атаудың ішкі қайшылықтарының мән-мазмұнымен анықталатынын көрсетеді.

Кез келген экономикалық ұғымдар жүйесіндегі қайшылықтар себеп-салдарлы байланыста өзара тәуелді дамитын құбылыстарді көрсетеді. Меншік формаларының арасындағы қайшылықтар нақтылы өмірде олардың тиімділігін дәрежесімен анықталады, ал олардың өміршеңдігі критерийі (өлшем бірлігі) нарық, заңдылықтары шаруашылық түрлерінің тиімділігін, олардың әлеуметтік-экономикалық жіктелуін объективті құбылысқа айналдырады.

Құбылыстың сыртқы көріну формасы мен ішкі мәні сәкес келмейді. Мәселен, өндipic құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген патриархальды (натуралды) шаруашылық пен жәй тауар өндірісін салыстыру елеулі айырмашылықтарды көрсетеді. Оқшауланған дербес өнім өндірушілер өз қажеттерін өздері өтейді, жеке меншігі тек өзіне қызмет етеді. Ал, жай тауар өндіpici базар айырбас арқылы өзгелердің қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық мәнге ие болады. Қоғам тарапынан тікелей әдістерімен жеке меншік институтына қол сұғуға шектелген, керісінше, жанама әдістер құралдар мен тетіктер кең пайдаланылады.

1.3. Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері

мен формаларына сипаттама

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын       болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.

“Меншік” ұғымын 2 мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономиялық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіpic құрал-жабдықтар мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар.        Меншік – қоғам өмірінің негізгі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы – қондырманың элементі болып саналғанымен, қоғамның белгілі-бір даму кезеңінде санатқа (базис) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.

Оған бірден-бip дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты, экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.

Меншікті заңдылық-құқықтық тұрғыдан қарастыру да маңызды. Меншік – заң категориясы ретінде құқық нормаларында белгіленгендей меншік объектілерін иемдену, пайдалану қатынасын көрсетеді. Алайда мүліктік қатынас өндірістік қатынастарды құқықтық нормасы ғана емес, мораль нормалары, дәстүр нормаларын қабылдау, жәй әділеттік ережелері т.б. арқылы да көрсетеді.

Қоғамда меншікті 2 түрге бөліп қарастырады: жеке меншік және қоғамдық меншік. Осы 2 меншік мәселелері өткір талас пікірлер туғызады. Осыған байланысты ғылыми пікірлер К.Маркстің еңбектерін мұқият қарауды ұсынады. Ол түсінікті. Өйткені жеке меншік мәселесіне К.Маркс еңбектерінде қатаң үкім шығарылып бағаланғаны да баршаға мәлім. Дегенмен, шындыққа жүгінетін болсақ, “К.Маркс «Капиталында” бұл категорияға көп қырлы, көп мәнді пікірлерін айтқанын ескерген абзал.

Алғашқы қауымдық меншік орнына келген жеке меншікті К.Маркс прогрессивті құрылыс ретінде бағалады. Бұл қосымша өнімнің пайда болуымен байланысты экономикалық оқшаулану (қоғамдық еңбек бөлінісін алғанда) – тауарлы, рыноктық шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуының қажетті шарты. “Адамның жеке дара оқшаулануы белгілі тарихи процестің нәтижесі. Айырбастың өзі осы жерде дара оқшауланудың басты тетігі. Ол қауымдық сатыны керек етпейді, оны ыдыратады”. Алғашқы қауымдық құрылыстың өндірістік қатынастарының шектеулі сипаты туралы айта келе К.Маркс, бұл қоғамда “…қоғамның, не жеке бастың еркін және толық мағынада дамуы мүмкін емес” деп жазды.

Сонымен, жеке меншік – адамның адам ретінде жеке басының қалыптасуы мен алғашқы қауымдық жабайлық сипатынан ерекше бөлініп шығуына үлкен ықпал жасады.

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің тайпалық, немесе қауымдастық түрі белгілі. Алғашқы тұрмыстық қауымдастың ыдырауы, отбасының бөлінуі және соның негізінде жеке меншік пайда болды. Жерге жеке адам меншік иесі болып, оны өндіру сол адамға және оның отбасына берілді.

Өзін басқа отбасы қауымдастығының шапқыншылығынан қорғау үшін қайтадан қауымдастыққа біріге бастап, қауымдастық меншігін құрады. Қалалық мекендер құрылып, қалаға берілген жерлер қауымдастық меншігіне айналады. Бұл жерде қауымдастық меншік мемлекеттік меншіктің бейнесі ретінде көрінеді.

Tіпті, ерте дүниенің өзінде-ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектің және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Осылардың ішінен кейінірек жеке және мемлекттік меншік түрі көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік-әміршілік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО-да (1917-1991) жүзеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрлымында 88,6%-і құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі – 5%-дан 30%-ғ дейін ауытқыды.

Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болуы мүмкін. Ол оның атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның экономикалық даму стратегиясының қалыптасуы, экономиканың салалық құрлымының оңтайландырылуы нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы сабақтастырылады.

Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы нақты өмірде жағымсыз тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуын алып келеді. Ол экономика үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және тапшылық пайда болды. Қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасты.

Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме болып отыр.

Жеке меншіктің дамуы XIX-ғ-ң 2-ші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен XIX-ғ-ң 2-ш1 жартысынан жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі “жеке” термині ретінде кез келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген.

Жеке меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегімен жасалған жеке еңбектік және еңбектік емес меншікке бөліп қараймыз. Соңғысында заңды негізде жасалған жер учаскісі табысы мен жалға берілген басқа да қозғалмайтын мүлік, банкке салынған пайыз бойынша және басқа көздер (жәрдемақы, стипендия, зейнет ақы және т.с.) есебінен жасалады.

Жеке меншіктің гүлдену кезеңінде еркін бәсеке барынша қарқындап, жеке кәсіпкерлердің өндіpіc тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның теріс тұстары байқалады: артық өндірудің экономикалық дағдарысы, жеке меншік – бұл билеп-төстеушінің, ешкім шектемейтін иегердің (иегердің өз еркі ғана бәрін шешеді) меншік өнімімен байланысты еді. Сондықтан, мемлекеттің араласуы қажет болады. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мінез-құлығының белгілі ережелері жасалған, сонымен қатар артық өндірy экономикалық дағдарысын ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт алуда және оның келешегі алда.

Әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, сондай-ақ өзінің мағынасы да өзгереді. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай-ақ ұжымдық (топтық), акционерлік, кооперативтік түрде меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.

Рынокқа өткенге дейін ҚР-да кооперативтік меншік-колхоздың, кооператив меншіктің, тұтыну корпорациясы, тұрғын-үй, құрылыс және басқа да кооперативтік ұжыммен көрсетеді. Қазіргі жағдайда ол – акционерлік меншік, біріккен, аралас кәсіпорын меншіктерімен толықтырылады.

Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан-жақты дамыған. Айталық, өндірістік кооперативтер – бұл тауар мен қызмет көрсетуде бірге өндіру мақсаты азаматтардың өз еркі. Кооперативтер – Англияда XIX-ғ-ң басында пайда болып, кейінрек мұндай ұжымдар көптеген батыс Eypoпa елдерінде, АҚШ-та кеңінен тарады. Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және өткізу бойынша пайда болды. Тек 100 жылдан соң әлемнің 12 елінде олардың үлесіне ауыл шаруашылығы өнімінің 60%-ы келді.

Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта тұтыну кооперациясы өзінің қызметін қалада да, ауылдық жерлерде де жүзеге асырады. Ол әртүрлі фирмалар және ұйымдармен кең халыкаралық байланыста болады.

Меншіктің бір түрінен басқасына өтуi эволюциялық жол мен бәсекелестік күрестің, өндіргіш күштер дамуының және ҒТР-дың негізінде асады (мысалы, Х1Х-ғ-ғы акционерлік меншік түрінің пайда болуы) немесе одақта болғаін мемлекеттік және колхоздық меншіктің зорлық-зомбылық жағымен қалыптасуын айтамыз.

Муниципиалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. “Муниципиал” – латынның «municipialis» немесе немістің «munizipalitet» сөздерінен шыққан, “қаланы басқару” деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның “municipium” сөзі “қаланы өзін-өзі” басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципиалды меншікке өкімет ұйымдары, мүлік және әкімшілік-аумақтық құрылымдарды басқару жатады. ҚР-да осындай мүліктер – коммуналды меншік деп аталады.

Әртүрлі экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің басқa түрінің басым болуы, оның басқа түрінің мейлі бұрынғы, мейлі қазіргі түрінің болуын жоққа шығармайды. Меншіктің барлық түрінің араласуы мен өзара ic-әрекет экономикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді.

Қазіргі уақытта ҚР-да төмендегідей меншіктің экономикалық түрлері қалыптасты:

Меншіктің экономикалық түрлері

Жеке Ұжымдық Мемлекеттік
Еңбектік Еңбектік емес Жеке топтық Республика меншігі Обл. ауд. Муни. меншік
Еңбек табысы есебінен Мұрагерге қал-дырылған мүлік есебінен табыс; сақтандыру, несие мекемелеріне сал-ған қаржылар; акция, облигация және басқа бағалы қағаздардан табыс а) Жалгерлік меншік

ә) Ұж. Кәс/рын м/гі

б) Кооперативтік м/к

в) Акционерлік м/к меншік:

а) қоғ/қ ұйым/ң м/гі

ә) діни ұйым/ң м/гі меншік:

а) шарқ қоғамы м/і (серіктестік)

ә) бірлестіктер (ассоциациялар) меншік:

а) шетел мем/ң м/гі (концессия)

ә) біріккен меншік (шетел мем/ті кәсіпорын)

 Рес/қ меншік:

сулар, өсімдіктер

әлемі, жануарлар

әлемі, әуе кеңестігі

Коммуналдық меншік (тұрғын үй ком/қ шаруа/ғы, мәдениет ж/е денсаулық сақтау, халыққа білім беру, жергілікті бюджет қорлары)