Мемлекеттің пайда болуы

Осындай өте қиын жағдайларда, тіршілік ету үшін адамдардың  алғашында шағын ғана отбасылық кезбе топ құруға, кейінірек қауымның құрамы бойынша одан әлдеқайда көбірек болып топтасу қажет болды. Бұл топтар негізінен туыстық қатысы бар адамдардан құрылды. Кезбе топтың немесс қауымның мүшелерімен туыстық  қатысы жоқ адамдарға сенімсіздік көрсетіліп, олар ортаға жіберілмеді. Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары бөлектеніп шыға бастайды. Ол үшін олардың мынадай ерекшеліктері болуы керек болды:

1) сол кездегі іс-әрекеттің негізгі салаларын қамтуға мүмкіндік беретін қоғамдық өмірдің өзіндік бір нысаны ретінде ортақ шаруашылықты жүргізе алатын, ұжымдық тұтынуды жүзеге асыратын, ұжым мүшелерінің қажетін қанағаттандыратын болуы керек;

2) туыстық жағынан аса жақын емес, сондай-ақ таяудағы мақсат, мүдделері де бөлектеу ру мүшелері айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, бір біріне көмектесіп, қауіп-қатерден бірлесіп қорғануы керек; 3) осыған сәйкес руды басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің негізгі мәселелсрі барлық ру мүшелерінің дауысы тең болып саналатын рудың жалпы жиналысында қаралып, сонда шешілді; жалпы жиналыс қандай да бір қоғамдық міндет жүктелетін ру басшысын, әскер басын және басқа да адамдарды сайлайды, сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Бар­лық қоғамдық міндеттердің ақысыз-пұлсыз атқарылатындығын, тұрақты негізде емес және ру мүшелерінің ұсынысы бойынша кез келген сәтте өзгеріп тұратындығын атап айту аса маңызды, ал кәсіби немесе жартылай кәсіби басқарушы-қызметкерлер түріндегі қан­дай да бір басқару және мәжбүрлеу аппаратын ру ұйымы білген емес.

Ру адамдар арасындағы алғашқы қауымдық құрылыстың алғашқы ұйымы ретіндегі қоғамдық тұрмыс жүйесін толық қамтыған жоқ — ол небәрі осы жүйенің бір буыны ғана болды. Бірнеше ру фратрийге бірікті, ал бірнеше фратрий тайпа құрды. Кейде тайпалар одағы сияқты бірлесіктерді де кездестіруге болады.

Осынау басқалардан анағұрлым ірілеу бөлімшелердің шеңберінде болып жатқан қоғамдық істерді басқару, руды басқару тертібімен бірдей негізде жүргізілді.

Бұдан кейінгі кезеңдерде алғашқы қоғамның негізінде болған өзгерістер оның барлық тараптарына қатысты болды. Тұрмыстың экономикалық саласында болған өзгерістердің маңызы айырықша еді. Күннен күнге өндіргіш күштер жетіле бастады: егер алдымен жабайы жеміс-жидектерді, дәнді дақылдарды жинау және жабайы аңдарды аулау бағыты басым болса, сосын, солармен қатар мәдени дақылдарды сеуіп, мал өсіру қолға алына бастады. Сүйектен, тастан, ал кейінірек қоладан еңбек құралдары, аң аулайтын және қорғанатын құралдар қолданыла бастады. Адамның тұтынған затынан өндірген затының артылып қалуы ұшырасты. Артық дүниесі көбейгендер оқшауланып шыға бастады. Сөйтіп, осының негізінде жеке меншік пайда болды да, бірыңғай әлуметтік қоғамда үлкен бір өзгеріс жасап, оны байлар мен кедейлер деп екі топқа бөліп берді. Осы кезеңдегі ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің (қалған жұртышылқтан бақташылар тайпасының бөлініп шығуы қолөнердің егін шаруашылығынан бөлінуі; копестер тобының пайда болуы) әсерімен бұл процестер тереңдей түсті.

Біртіндеп басқарудың рулық ұйымы мен қоғамдық тұрмыс қоғамның жаңадан тіршілік ету жағдайларында қайшылықтары кездесе бастады да, өздеріне жүктелген міндетті орындай алмайтын жағдайға жетті. Оның қоғамның өзгерген жағдайын ескере алатын жаңа ұйымға, — мемлекетке жол беруі керек болды.

Бұдан былай қарай мемлекет езінің тарихының барлық келесі кезеңдерінде серіктес болып келген қоғамның тікелей атрибуты болды.

Әр халықта мемлекеттің пайда болу ерекшеліктері. Әр халықтың нақтылы-тарихи тұрмыс жағдайы қоғамдық өмірдің рулық жүйесінің ыдырау процесіне және мемлекеттің пайда болуы мен оны басқаруға әсер етпей қоймады. Мұндай жағдайлар тіпті көршілес және этникалық жағынан жақын халықтардың арасында әркелкі болғандықтан да қаралатын процестердің нысанының қарқынының және соның салдарының бірдей болуы туралы әңгіме етудің өзі артық. Шартты түрде мемлекеттің пайда болуының ба-тыстық және шығыстық моделі деп болуге болады. Бұл екі модельдің бір-бірінен елеулі айырмашылығы бар.

Батыстық модель туралы Ф.Энгельстің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығу тегі» деген еңбегінде, сондай-ақ көлемді монографиялық және оқу әдебиеттерінде толық жазылған, оның бірнеше варианты бар, олардың әрқайсысында осы процеске шешуші ықпал ететін түрлі факторлар басым.

Тап күресінің теориясы жәнс оның мемлекеттің пайда болуын анықтайтын ықпалы тұрғысынан қарағанда Афинының тәжірибесі ерекше қызығушылық туғызады; мұнда мемлекет, Ф.Энгельетін сөзімен айтқанда, тікелей рулық қоғамның өз ішінен өрбіген таптық қарама-қайшылықтардан пайда болған.

Жеке меншіктің пайда болуы таптар мен әлеуметтік топтарды алдын ала анықтап алып, сосын жіктеді, одан кейбіреулер басқаларды қанау мүмкіндігін алды. Аталған топтардың басқаларға экономикалық үстемдігі сенімді, нық және тұрақты болуы үшін оны мемлекет құрып, саяси үстемдікпен нығайтып қойды. Басқа факторлардың (сырттан жаулап алу, тайпааралық конфликтілер және соғыс) бұл жерде елеулі есері болған жоқ; олар экономикалық және әлеуметтік-таптық факторлардың басымдық роліне көлеңке түсіре алған жоқ.

Бұл процесс көне Римде басқа сценарий бойынша жүрді. Мұнда рулық қоғамда біртіндеп келімесктер (плебетер) көбейе берді де, римдіктер оларға араласып, сіңіп кетуден сақтанып, жеке бір тұйық аристократияға айналды. Римге келіп жатқан плебетердің саны қаншалықты көп болса да, ауқымды жұмыс көлемін орындаса да құқықсыз еді. Осының барлығы олардың наразылығын туғызып, құқығы мен артықшылықтары үшін күресуге итермеледі.

Күрестің нәтижесі плебетердің рулық құрылысты бұзып, мемлекет құруымен аяқталды.

Германдық тайпалардың мемлекет құру процесіне сыртқы факторлар ықпал етті. Дамудың мемлекетке дейінгі сатысында тұрған бұл тайпа ұзақ уақыт бойы Рим империясына қарсы басқыншылық соғысын табысты жүргізді. Рим империясынан көп аумақты жаулап алған олар басқаруды соңғы болып ұйымдастыруы, олардың өздсріне сөзсіз бағынуын, алым-салық пен басқа да төлемдердің дер кезінде төленуін, өздеріне қажетті тәртіпті қадағалап отыруы керек еді. Алайда олардың рулық органдары бұл міндеттерді шешуге бейімделмеген болып шықты, сөйтіп өздерінің шамасы келетін мемлекет құру қажеттігі туды. Әрине, жоғарыда аталған фактор (бөтен аумақты жаулап алу және оларды басқарудың қажеттігі) өзінен өзі емес, басқа да бірқатар ішкі факторлармен (қауымдық меншіктің ыдырап, жеке меншіктің пайда болуы, герман жұртшылығының байлар мен кедейлер болып болінуі, жіктелуі) бірлесіп әрекет етті, алайда соңғысына қатысты ол қуатты катализатор мен жеделдеткіштің ролін атқарды.

Мемлекеттін пайда болуының шығыстық моделінің көптеген белгілері азиялық және африкалық тайпалар мен ұлыстарға тән климаттық және басқа да табиғи жағдайлармен сипатталады. Мұнда орасан көп егін шаруашылығы массивтерін игеруге деген қажеттілік, суару каналдарының құрылысы мен басқа да ирригациялық жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілігі анық сезіліп тұрды. Мұндай жұмыс көлемін жекелеген отбасы, тіпті кейде қауым да атқара алмайтын еді; бұл тек орасан зор материалдық, кадр және басқа да ресурстары бар, мемлекте деп аталатын қуатты да ықпалды ұйымның ғана қолынан келетін еді. Сол себепті де мұнда ұзақ уақыт бойы жерге қоғамдық меншік сақталып келді, ол кейіннен мемлекеттің меншігіне айналды. Пайдаланып жүргеніне қарамастан жеке меншіктің, мемлекеттің пайда болуының батыстық моделіне, жататын елдердегі сияқты, басымдық жағдайы болмады. Мемлекеттің ролінің артуына байланысты кездескен объективті қиындықтарды жеңуде мемлекеттік билік көбінесе деспоттық бағытты ұстанды. Ол мәжбүрлеу-жазалау аппаратына, қарулы күштерге, бюрократиялық шенеуніктікке сүйенді, бұлардың алдында кез келген адам өзін құқықсыз сезінетін, олардың тағдыры тұтасымен мемлекетке тәуелді еді, заң жүзінде де, іс жүзінде де соның қолында болды. Қатыгездік, шығыстың жауыздығы және екіжүзділік билік жұмысына өзінің ізін. қалдырды. Сөйте тұра мемлекет сыртқы әлемнен тұйықталып, бөлектену бағытын ұстанды: басқа елдермен ақпараттар алмасу жоққа тән еді, соның нәтижесінде әрбір режим өз бетінше, ешкіммен араласпай әрекет етті, кейде жалпы прогрестен де хабардар болмайтын еді.

Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы. Қазақстанның аумақтық, табиғи-географиялық, топырақ-климаттық жағдайлары, оны мекеңдеген халықтың ерекшеліктері алғашқы қауымдық құрылыста және одан кейінгі кезеңдерде басқару нысанын қалыптастырып, дамытуға, ұйымдастыруға және тіршілік етуін қамтамасыз етуге әсер етті. Далиған кең даланың өзі де алғашқы тобырдың, қауымның, тайпаның бір орында тұрақтамай, үнемі көшіп-қонып жүруіне жағдай туғызғандай еді. Сонымен қатар ұлы дала жері жоқ көптеген көршілес тайпалар мен халықтардың осында келіп, орнығып, тұрып қалсақ деген көз құртына да айналды. Қазақстан аумағының көптеген мифациялық тасқындардың түйіскен жерінде, ха­лықтың жер аударылу жолында болғандығының да әсері болды. Осының барлығы аталған аумақта мемлекеттіліктің пайда болу процесінің бірқатар ерекшеліктерінің болуына алып келді.

  1. Қазақ даласы бір халықтың емес, көптеген халықтың (сақтар, үйсіндер, хундар, сарматтар және т.б.) мекені болғандақтан бірі екіншісін қуып шығып, сосын өздері жаңа «келімсектердің» шабуылына ұшырап жатты — ру-тайпалық институттарды мемлекеттікке қайта құру процесінде айқын жүйелілік пен сабақтастықтың болуы кейдс қаралмады да. Кейде, мемлекеттіліктің бір халықта пайда болған нышаны соғыстың немесе басқа да бір осындай жағдайлардың салдарынан жойылып кетеді де, белгілі бір уақыт өткеннен кейін басқа да халықтарда пайда болады.
  2. Дамудың мемлекеттік сатысына жеткен күшті көршілері жаулап алған алғашқы қоғамдық құрылыстың сатысындағы кейбір тайпалар мемлекеттілікке өзінің еркінен тыс ұмтылады. Мұндай жағдайда олардың дамуының табиғи барысы жылдамдаған сияқты болады. Мысалы, сақтайпалары Александр Македонскийдің, парсы патшалары Кирдің, Дарий 1-дің әскерлерінің шабуылына ұшырады: олардың толық немесе жартыпай жаулап алуы жаулап алушылардың басқарудың мемлекеттік нысанын енгізуімен, алым-салықтар жинауымен қатар жүргізілді. Бостандық пен тәуелсіздік алған бұл тайпалар бұрынғы, мемлекетке дейінгі нысанға қайта оралу мүмкіндігіне не болды, бірақ көбінесе мұндай жағдайларда жаңа мен ескінің синтезі байқалатын (ру-тайпалық және ерте мемлекеттік нысандар мен институттардың шиеленісуі).
  3. 3. Тікелей Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы мұнда мемлекеттің ролінің күштілігімен сипатталатын өңдірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи формацияның бекуімен байланысты. Жер, мал, жайылым, су шаруашылық объектілері өндірістің негізгі құралына айналды, оларды иелену үшін қырғын ұрыстар болды. Соның барысында рулық байланыстар мен қарым-қатынастар, ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт өте келе олардың байланысы мен қарым-қатынасы басқаша жаңғыруы не­месе жайылып кетуі керек болды.

4 Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен ұлыстардың мем­лекет құруының тағы бір ерекшелігі, бұл процестегі армияның үлкен ролінің болуы. Ол бірден-ақ қуғын-сүргін мәжбүрлеу механизмінде басты орын алды. Қандай да бір режимнің тағдыры, биліктін жүзеге асырылу сипаты соған тәуелді болды.

Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды және өзінің қол астындағы азаматарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе алатын. Олар, негізінен әр алуан «шығыстың нысанда, монархтық (қағанат, халифат, хандық, сұлтанат) еді. Өзінің құрамына орталыққа бағынатын үлкен аймақтық-мемлекеттік құрылымдарды жиі-жиі бірлестіріп отырса да, олар, алайда, вассалитет-сюзеренитеттің негізінде құрылған классикалық феодалдық мемлекеттерден ерекшеленетін еді. Бірақ олардың дамуы біртіндеп осы бағытта жүрді. Нәтижесінде, ХІV-ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында тұрақтап қалған қазақ халқы қалыптасқан кезде, мұнда хандық билік нысанындағы фео­далдық мемлекеттілік орнықты.

Мемлекеттің ұғымы мен белгілері

Мемлекет туралы ұғым. Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканың дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың ара-сындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айырықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.

Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделігігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше «қабатты» қамтиды.

Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдерінс тән саяси ұйым:

а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеумсттік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;

б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кеңтармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар;

в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық суъбектілері қамтамасыз ететін әкімшітік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген,

Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.

Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару ұйымынан басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуымсн немесе, оқу және монофафиялық әдебиеттерде атайтындай, «жария-биліктің» болуы тән. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан бөлініп шыққан, басқару негізгі жұмысына, кәсібіне, мамандығына айналған, қатары біртіндеп кебейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы-рулық басқару ұйымы білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің рабайсыз үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы бір жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан басқаратындар мен басқару жәнеіндегі мамандарға бөлінген сияқ­ты. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысты тек қана басқа­ру функцияларын емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.

Мемлекеттің пайда болу теориясы

Мемлекеттің пайда болуының маңызды теорияларының сипаттамасы. Теологиялық  және патерналистік теориялар мемлекеттің пайда болуының ең ерте және кәне теорияларының қатарына жа­тады. Теологиялық теориялар мемлекетгің құдайшыл мәнімен келіп шыққан, бұл теориядан құдайдың идеялары мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді. Олардың айтуы бой­ынша, құдай адамдарды жаратты, оларды қоғамға және мемлекет­ке біріктірді, қолында билігі бар билеушілер берді; осы теорияны ұстанғандардың ойы бойынша, құдайдың айқындаушы ролі оның уәкілетті өкілдері (мемлекет билеушілері, дін қызметкерлері) арқылы да, тікелей де көрінеді. Заңдылық пен құқық тәртібін сақтау құдайдың өсиетін орындау болып түсіндірілді, ал зайырлы (мемлекеттік) билік құдайдың билігінің жердегі аналогы саналды. Патернализмнің теологиялық теориядан айырмашылыгы, мемлекеттік биліктің отбасы егесінің билігімен ұқсастығы  мен туыстығын көре білді. Патерналистік тұжырымдаманың түсінігіне сәйкес, мемлекет отбасынан шығады және өзінің құрылымында, қол астындағылармен өзара қарым-қатынаста отбасының ұйымдастыру жәнее тіршілік ету принциптерін туғызады. Әсіресе әкенің билік ету жағдайына көңіл бөлініп, барлық отбасы мүшелерінің оған сөзге келмей бағынуы баса көрсетілді. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың отбасылық-туысқандық ұйымдастырылуын дәріптеу, жалпы алғанда оның ерекшелігін ескермей, қоғамға заңсыз экстраполяция жүргізуі, отбасы егесінің нақтылы мүмкіндіктерін және оның билігін асырып жіберу — міне осының бәрі патернализмнің осал жері еді.

Белгілі бір мөлшерде оған бір жағынан — мемлекеттік құрылым, екінші жағынан — тірі организмнің (атап айтқанда — адамның) арасында паралелль жүргізуші органикалық теория келіп жанасты. Соған ұқсас, жеке организмнің басы, денесі, қолы және т.б. дене мүшелері болатыны, және олардың әрқайсысының орындайтын түрлі функциялары болатыны сияқты, орбір мемлекеттік құрылым да белгілі бір мақсатқа арналған  және басқа мемлекеттік құрылымдардың ролі мен функциясын қайталамауға тиіс. Олардың бәрі өзара матасып кеткен, іштеріндегі белсенділері басқаларының қызметін анықтап, бағыт беріп отырады. Өздерінің тұтастығымен олар өздерінше бір бірлік құрады. Органикалық теория шеңберінде әр түрлі факторга акцент жасаған ағымдар бөлініп шықты. Алғашқы ағымның өкілдері Платон мен Аристотельдің ойы бойынша, дене болмаса қолдың оз бетінше әрекет ете алмайтыны сияқты, адам да мемлекеттен тыс тіршілік сто алмайды. Одан әлдеқайда кейін пайда болған ағымнын өкілдері Герберт Спенсер және оның ізбасарлары, адамдардын пайда болуымен бірге пайда болған мемлекет қашан қоғам озінің тіршілік етуін тоқтатқанға дейін өмір сүрс береді және егер организм (мемлекет) жалпы алғанда сау болса, онда онын, құрамдас бөліктсрі де сау болады деген ойды түйіндейді.

Бастауында Г.Гроций, Д.Локк, П.Гольбах, Ж.Ж.Руссо, А.Н.Радищев секілді көрнекті ойшылдар түрған қоғамдық келісім теориясы кеңінен  тарады. Бұл теория бойынша, мемлекеттің пайда болуынын негізінде адамдардың келісімі мен олардың келісіп іс істеу факторы жатыр. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша, адамдар өздерінің күнделікті тіршілігіндс қалыпты жағдайды қамтамасыз ету үшін және тәртіпті сақтап, түрлі қол сұғушылықтан қорғану үшіи қажетті билік өкілдерін беріп, мемлекетке бірігуді шешті-мыс. Бұл мәселені шешкенде олар адамдардың саналы түрде кепіл білдіруі мен ерікті түрдегі келісімі негізінде әрекет етті. Халықтан басқаруға деген мандатты алғаннан кейін мемлекет әрбір адамның мүддесін қанағаттандыратын және барлығының  игілігі үшін әрекет ететін бірден бір ұйымға айналады. Егер де ол өзінің бұл миссиясын нашар орындаса немесе мүлдем орындамаса, онда Ж. Ж.Руссо мен А.Н.Радищев ұсынған келісімді теорияның радикалды ағымына сәйкес, халықтың оны өзінің сенімінен айырып, тіпті көтеріліс жасау арқылы өкіметті толық ауыстыруға қол жеткізуге құқығы бар.

Озбырлық теориясы мәжбүрлеу факторларын мемлекеттің пайда болу және даму процестеріндегі бірінші себебі деп санады. Сонымен, бұл теорияның кейбір өкілдері (Е.Дюринг) ішкі озбырлыққа баса көңіл бөлсе, басқалары (Л.Гумполович, К.Каутский) — сыртқы озбырлыққа назар аударды. Ішкі озбырлық жағдайында халықтың қолы билікке жеткен бір бөлігі басқаларга өзіне қолайлы шешімді таңа бастайды. Осындай жолмен (еркін күштеп таңу жолымен) билік институттары, жеке меншік институттары, мемлекет құрылды. Сыртқы озбырлық жағдайында бір аумақта тұратын халық келесі бір аумақта тұратын халықты жаулап ала бастады; жауланып алынғандар құл болды, байлық пен жеке меншікті еселеп көбейту үшін пайдаланылды, ал бұл шаруаны мемлекет сияқты мәжбүрлеу ұйымынсыз жүзеге асыру мүмкін емес еді. Озбырлық теориясына баға бере келіп, озбырлық, мәжбүрлеу мемлекеттің пайда болуы процестеріне қатысқанымен, аталган теорияда олардың абсолюттендіріліп, шектен тыс осіңкіреп кеткендігін айта кету керек. Ал бұл, шындыққа жанаспайды.

Диалектикалық-материалстік теория мемлекеттің пайда болуын табиғи — тарихи себептермен — өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен, қогамның тапқа болінуімен, шиеленісксн әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсіздігімен, таптық қарама-қайшылықтың ымырасыздығымен түсіндіреді. Экономикада шешуші позицияда отырған тап, өзінің экономикалық билігін сақтап қалуға тырысады. Осы мақсатпен ол саяси билікті қолға алып, соның көмегімен өзінің еркін бүкіл қоғамға таңады. Сейтіп ол қоғамда өзінің диктатурасын. яғни саяси билігін орнатады. Бұл көзқарас Ф.Энгельстің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы» деген еңбегінде жене В.И.Лениннің «Мемлекет туралы» деген лекциясында кең түрде негізделді. Оларда, сондай-ақ К.Маркстің кейбір еңбектерінде мемлекетгің пайда болуының күрделі процесініп көптеген сипаттары дұрыс көрсетілген. Алайда оларды түсіндіру кезінде бұл процестегі таптық фактордың ролінің дабырайтып көрсетілетіндігін ескермеуге болмайды, өйткені шын мәнінде мем­лекет билік етуші таптың қарсыластарын басып-жаншып, қанап, қысым көрсету үшін ғана құрылған жоқ, сондай-ақ тұтас алғанда қоғамды басқарып, оның қалыпты жүмыс істеуі және үдемелі дамуы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін және құқық тәртібін қалыптастырып, сақтау үшін де құрылды ғой.