Мемлекеттік несие яғни қарызға алынган ақша мемлекеттік билік органдарының қарамағына олардың қосымша қаржы ресурстарына айнала отырып түседі. Олар, әдеттегідей, бюджет тапшылыгын жабуға багытталады. Мемлекеттік қарыздарды (заемдарды) өтеудің және олар бойынша пайыздарды төлеудің көзі бюджет қаражаттары болып табылады. Алайда, мемлекеттік берешектің едәуір өсуі және үдей түсіп отырған бюджет қиыншылықтары жағдайында ел мемлекеттік борышты қайта қаржырандыруға да баруы мүмкін. Қаржыландыруды жаңарту деп жаңа займ шығару арқылы ескі мемлекеттік берешекті етеулі айтады.
Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны мемлекеттік займдар болып табылады, ол облигациялар және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және өткізу (сату) жолымен жалпықоғашық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін халық пен занды тұлғалардын акдіасы тартылатындагамен сипатталады.
Қазақстан Республикасында алғашқы мемлекеттік ішкі займ 1992 жылы шығарылып, кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға ( 2012 жылға дейін) шамаланған мемлекеттік ішкі ұтыс займының бондары шығарылды. Займдар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 100 және 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы резидент және резидент емес занды және жеке тұлғалар арасында Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ішкі займының Ұлттық жинақ облигациялары таратыла бастады. Ол номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.
1999 жылдан бастап атаулы құны 100 АҚШ доллары болатын айналыс мерзімі бес жыл арнайы валюталық мемлекеттік облигацияларды (АБМЕКАМ) жинақтаушы зейнетақы активтерін қорғау мақсатында Қазақстан республикасы Үкіметінін атынан Қаржы министрлігі (эмитент) шығарады. Бұл облигациллар иелеріне етеу кезінде олардың атаулы құнын алуға және жылына 6,14 % мөлшерінде сыйақы (мүдде) алуға құқық береді.
Сонымен бірге Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланатын құралдардын түрлерін кеңейту мақсатанда теңгенің еркін айырбас бағамы жағдайында айналыс мерзімдері үш, алты. Тоғыз, он екі ай болып табылатын мемлекеттік қазынашылык, валюталык, міндеттемелер (МЕКАВМ) шығаруды бастады. Ол құжаттық емес нысанда және нақты 100 АҚШ долларына аукциондык әдіспен анықталған дисконтталған баға бойынша орналастырады. Қазынашылык міндеттемелерді ұстаушылар Қазақстан Республикасы резиденттері де, резиденттері емес те болып табылатын заңды және жеке тұлғалар бола алады. Инвесторлардың сатып алынған қазынашылық валюталық міндеттемелер үшін ақы төлеуі мен Қаржы министрлігінің қазынашылық валюталық міндеттемелердің нақты құнын өтеуі толеуі күні мен отеу күнінің қарсаңындагы әр эмиссияның шарттарын жариялау кезінде Қаржы министрлігі тағайындаған Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі.
Мемлекеттің шығындарын қаржылаңдыруға пайдаланылатын ссуда корын қалыптастыруға мемлекеттік банктердегі халықтың салымдары бойынша қалдықтардың бір бөлігін айналысқа қосу да мемлекеттік несиенің нысаны болып табылады.
Мемлекеттік несиенің келесі нысаны —елдің орталық эмиссия банкісітң қаражаттарын тарту. Мемлекет бұл нысанға мемлекеттік несиенін басқа нысандарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайца иек артады.
КСРО-ның практикасында мемлекеттік несиенін нысаны ретінде бюджет тапшылығын жабу үшін жалпы мемлекеттік ссуда қорынан қарыз алу нысанының кең таралғаны белгілі. Қаржыландырудың мұндай әдісі дүниежүзілік практикада басқарудың тоталитарлық режимі орын алған мемлекеттерге тән. Ол инфляцилық процестерді жоймайды, керісінше, оларды күшейтуі мүмкін. Сондықтан Қазақстан Республикасының Үкімет 1998 жылдан бастап жалпы мемлекеттік ссуда корынын қаражаттарынан тікелей қарыз алуды тоқтатты.
Озінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік несиелерді де тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардын карқындап өсуі халықаралық мемлекеттік несиенің тез дамуына жеткізіп, сонын негізінде сыртқы берешектердін шапшаң өсуіне себепкер болып отар. Мемлекеттер өзіне қажет қаржы ресурстарын жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі басы бос ақша кездерін барған сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай-ақ әртүрлі елдердің мемлекеттік органдары несие мәмілелерінін қатысушылары болып отыр. Сыртқы экономикалык қатынастардын дамуына байланысты халықаралық несие сферасында мына халыкаралық валюта- несие ұйымдары: Халықаралық қаржы корпорациясы, Инвестициялардың кепілдігі жөніндегі көпжақты агенттік. Қайта құру мен дамұдын еуропалық банкі және басқалары барған сайын маңызды орын алуда.
2.2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ
Халықаралық мемлекеттік несие- мемлекет дүниежүзілік қаржы рыногында борышкер немесе кредитор ролінде болатын қатынастардын жиынтығы. Бұл қатынастар мемлекеттік сыртқы қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі карыздар секілді, олар да кайтарымдылық, мерзімділік және ақылық жағдайында беріледі. Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады. Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақша немесе тауар нысанында беріледі.
Экономиканы тиімді реформалау міндеттерін сонымен қатар шетелдік инвестицияларды кенінен қатыстырмайынша да шешу мүмкін емес.
Сонымен бірге сыртқы несиелер мен займдарды тікелей шетелдік инвестициялармен шатастырмау керек. Несие мен займдардың борі инвестицияларға жата бермейді. Әсіресе, 1993-1994 жылдардан несиелер мен займдар инвестицияға кірмегенін айтқан жен. Олар бюджет тапшылығын жабу үшін, басқа да зәруліктерді қамтамасыз ету үшін жұмсалды.
«Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы» Қазақстан Республикасының заңына (1999 жылғы тамыздың 2-сі, номер 464-1 ҚРЗ) сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекеттік кепілдік берген қарыз алу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды Қазақстан Республикасының Үкімет, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында. Ұлттық банктің қарыз алуы Қазақстан Республикасының төлем теңгерімін қолдау және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Ал жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттін тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік заемдардың мынандай түрлері мен нысандары болады:
І.Заем алушыға қатысы бойынша мемлекеттік заемдар;
болып болінеді.
І.Несие капиталының рыногы бойынша мемлекеттік заемдар:
- сыртқы мемлекеттік заемдар;
- ішкі мемлекеттік заемдар болып белінеді.
3.Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік заемдар: мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы;
- заем туралы шарттар (келісімдер) жасау болып бөлінеді.
4.Қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар.
- айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
- айналыс мерзімді 1 жылдан 10 жылға дейін, орта мерзімді:
- айналыс мерзімі 10 жылдан астам ұзақ мерзімді болып болінеді. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда (оны ұсынушылар үшін тек кана құжаттық нысанда), номиналды және дисконтталған құны бойынша, сыйақының (мүдденің) бекітілген және бекітілмеген (озгермелі) ставкасымен шығарылуы мүмкін.
Заем туралы келіссөздер жүргізу. Шарттарға (келісімдерге) қол кою тәртібін, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы кағаздары шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Үкіметтік заемдар бойынша алынған қаражат республикалық бюджетін тапшылығын жабуға жұмсалады және тиісті жылға арналған республикалық бюджетті атқару тәртібімен пайдаланылады.
Ұлттық банктің заемдары бойынша алынған қаражат Қазакстан Республикасының төлем теңгерімін қолдау мақсатына және Ұлттық банк туралы заңдарда белгіленген тәртіппен Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыруға пайдаланылады.
Жергілікті атқарушы органның заемдары бойынша алынған қаражат аймақтық инвестицнилық бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады және тиісті жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы тәртібімен пайдаланылады.
Жергілікті атқарушы органдардың заемдары қаражатының пайдаланылуы бақылау Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен асырылады.
Мемлекеттік несие қызметінін нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі.
Жалпы сыртқы борыштың динамикасы
(млн АҚШ доллары)
Борыштың түрлері | 1994ж. | 995ж. | 1996ж. | 1997ж. | 1998ж. |
Тікелей мемлекеттік және мемлекет кепілдірген сырткы борыш | 2,7 | 2,0 | 2,6 | 3,3 | 3,9 |
Мемлекет кепілдендірмеген сырткы борыш | 0,03 | 0,5 | 0,7 | 1,4 | 2,3 |
Тікелей контракттар бойынша берешек | 0,5 | 1,0 | 0,9 | 1,2 | 1,3 |
Барлығы | 3,3 | 3,5 | 4,2 | 5,9 | 7,5 |
Кестеден көрініп тұрғандай, 1994-1998 жылдары Қазақстанның сыртқы борышының келемі екі еседен астам өскен.
Төменгі кестеде сырткы несиелер бойынша қызмет керсетудің құны
келтірілген.