Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен ойын технологиясын меңгерту

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында білім мазмұнын жетілдіру, жаңғырту үдерісінде заманауи жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану – бүгінгі күннің басты талаптары мен негізгі мәселелерінің бірі. Себебі ойын технологиясын қолданып дұрыс ұйымдастырылған оқыту үдерісі – білім мазмұнын саналы меңгертетін бірден-бір жол. Мұғалім сабақ барысында тиімді әдістерді, жаңа техникалық құралдарды орынды қолдана білсе, оқушының білімді игеруі қарқынды жүреді. Оқушының сабаққа үлгермеуі мұғалімнің тәжірибесіздігінен, оқыту тақырыбына сай әдіс-тәсілдерді нақты қолданбауынан болады. Бұны қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым А.Байтұрсыновтың: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу; шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу; әдісті көп білуге тырысу керек; оларды өзіңе сүйенетін қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», — деуі нақтылай түседі[1].

Демек, сабақтың нәтижесіздігі мұғалімнің әдістерді жақсы меңгермеуінен ғана емес, сабақтың бойында бір ғана сүреңсіз әдістен пайдаланды. Себебі бүкіл сабақта бір ғана іс-әрекетті орындаған оқушылар жалығып кетеді, сабаққа қызығушылығы төмендеп, білімді игеру деңгейлері нашарлайды. Сондықтан мұғалімнің оқыту үдерісінде қандай әдіс-тәсілдерді қолданылатындығын алдын ала дайындап алғаны жөн. Дұрыс іріктелген әдіс тек оқушының білімді игеруіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар оның шығармашылық қабілеттерін де арттырады.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы ойын технологиясын қолданудың оңтайлы жағдайлары. Сабақта ойын технологиясын нәтижелі пайдалану модельдерін құрастыру үшін оны басқа да педагогикалық құралдармен, педагогикалық тәсілдермен бірлікте ойынның тиімді қызмет көрсету аймақтарын анықтау керек. Осыған байланысты ойын технологиясы бір жағынан балаларға тәрбие беру негізіне жатпайтын тік бағытты императивті педагогикалық ықпал жүргізу алтернативаларының бірі екендігін естен шығармау қажет. Себебі балаға тікелей қысым жасау көбінесе күтілгенге қарама-қарсы реакцияны туындатады, екінші жағынан, ықпал етудің мұндай түрі шығармашылық тұлғаны тәрбиелеуге жатуы мүмкін емес, өйткені қорқыныш пен бостандықта болмау шығармашылықты өлтіреді. Педагогикалық ықпал етудегі ойын технологиясы оқушылар мен мұғалімнің диалогтық өзара әрекеттестігіне, гуманистік қағидаларға құрылған педагогикалық жүйелерде айқын үлгіде көрініс береді. Сонымен қатар ойын шығармашылық белсенділікті дамытудың негізгі құралы бола алмайды дейтіндер де бар. Я.А.Коменский ойынды үшінші баспалдақтағы іс ретінде атады және осы кезеңде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырумен байланысты қолданылатын әдістер жүйесіндегі оқу мен еңбек басымдылығын сараптады[2].

Сусыз шомылуға үйренудің мүмкін еместігі сияқты тек қана ойын арқылы өмірге бейімделу мүмкін емес. Себебі ойын әлеуметтік мәнді шығармашылықтың айқын формалары үшін қажетті білім мен білік дағдылары жүйесін меңгеруді толығымен қамтамасыз ете алмайды және ол қамтамасыз етуге тиісті емес. Дегенмен, кез-келген іс-әрекетті меңгерудің алғашқы сатысында ойынның өнімсіздігі оның басымсыздығы ретінде көрінеді: ойын балалардың шеберліктеріне нақты деңгейінде оған жемісті іс-әрекет жасауға әлі мүмкіндік бермеген жағдайда дамушы құрал бола алады. Шығармашылық меңгерудің еңбек түрі қарапайым меңгеруге қарағанда баладан өзі жинақтаған тәжірибені талап етеді. Біздің көзқарасымызша, шығармашылық белсенділікті дамыту дегеніміз – оқушы игерген шеберліктер мен дағдылардың кез-келген базалық деңгейіне ие бала шығармашылығының іс жүзіндегі қарым-қатынас мүмкіндігі жай-күйі мен үдерісі ретіндегі белсенділік туындауының оңайлығы. Ойындағы оқушылардың шығармашылықтың белгілі түрінің заңдылықтарын модельдейтін шығармашылық белсенділігі баланың өзі үшін де, педагог үшін де прогностикалық мәнге ие болады. Шығармашылықты меңгерудің түрлі ойындық формаларын пайдалану И.П.Подласый, М.Н.Скаткинніңпікірінше, «жастық шағында әр алуан ғылым салаларына қатысты проблемалармен айналысқан және ерте мамандаудан бойын аулақ салған ғалымдар шығармашылық ұзақ өмір сүретіндігін стастистика көрсеткен». Әлеуметтік мәнді шығармашылық, белсенділік, ілгерілеушілік оқушы санасына шығармашылықтың бір түрінен екінші түріне табиғи ақиқаттың қайта түзілуі алгоритмдерінің өзара бір-біріне кірігуімен байланысты және осыған орай жеке тұлғалардың шығармашылық дамуы да ойынның әр түрін пайдаланудың арқасында кеңейе түседі[3].

Оқуға, еңбекке және шығармашылықтың барлық түрлеріне қатысты шығармашылық белсенділікті дамытудағы ойын технологиясының орны ерекше. Себебі кіші мектеп жасындағы оқушы ойын үстінде өзін-өзі маңыздыландыруды, яғни «әдейі» өзін-өзі өзектілендіруді толығымен қанағаттардыра алатын болса, онда ол ересектік жағдайға өту үстінде өзін-өзі өзектілендірудің «ересек» және салмақты формаларын қажет етеді. Бұл шығармашылық белсенділікті дамыту құралдары ретіндегі ойындарды пайдалану жүйесімен тығыз байланыста есепке алынады. Сондықтан баланың біршама ойындардың қосымша «салмақты» мотивациясын қажет ететіндігі, оған «ойын – салмақты әс-әрекет» түріндегі ауыспалы форманың керектігі, ойын табыстылығының әлеуметтік мәнділігі жөніндегі мәселелер осыған дейін қарастырылды. Ойындағы шығармашылық белсенділік, өнімді қайта түзілістер тәсілдерін ғана емес, оқушының ойын ұжымы мен педагогтың өзін жоғары бағалауына қатысты лайықты нәтижелерін өнімді шығармашылық белсенділікке өту формасы ретінде оқушының ішкі жоспарында елеулі із қалдырады.

Сондықтан ойын кешенінің функциялар жүйесі шығармашылық белсенділік дамуының кішірейтілген көшірмесі ретінде көрінеді. Ситуативті шығармашылық белсенділік ағымының сипаты мен нәтижелері тікелей немесе жанама түрде келесі іске қосу үдерісіне ықпал етеді. Осылайша ойындағы шығармашылық белсенділікті іске қосу жағдайларын екі жақты қарастыруға болады:

а) оқушылардың ойын үстіндегі ситуативті шығармашылық белсенділігін тікелей іске қосу шарттары (ойынға қосу, ойын әрекеттерін, тұтастай ойынды игеру арқылы);

ә) шығармашылық белсенділік негіздерін ойын үстінде игеру және шығармашылық түрлерін меңгеру үдерісіндегі ойындағы шығармашылық табыстылық ситуациясын құрумен байланысты шығармашылық белсенділіктің жүйелі құрылуының алғышарттары.

Оқушылардың ойын үстіндегі шығармашылық табыстылығы ойын әрекеті үдерісінде қол жеткізілген жеке шығармашылық табыстарды адекватты бағалауға тікелей байланысты. Себебі табысқа қол жеткізудің жекелеген кезеңдерін ұжым күші арқылы оңайлатуға қабілетті ұжымдық шығармашылық табысқа қол жеткізуге бағытталады.

Сонымен, бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамыту құралы ретінде ойын функциялары жүйелерінің негізін мынадай функциялар құрай алады және олар оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруды жүзеге асырады:

І. а) тақырыпқа қарай шығармашылық белсенділікті іске қосу;

ІІ. ә) шығармашылық белсенділіктің бөліктерін жүйелі іске қосудың алғышарттары ретінде жағдаяттарын жүзеге асыру; Ол үшін:

а) шығармашылықтың «Мен»-субьектісінің рөлдік образын игеру;

ә) шығармашылықтың жетекші ішкі орындаушы механизмдерін игеру;

б) шығармашылықтың түрлерін игеру;

в) ойын ұжымын шығармашылыққа бағыттауды дамыту;

г) ойын арқылы шығармашылық нәтижені сезінетін жағдайларды қарастыру керек.

Аталған функцияларды әрбір ойын үстінде жүзеге асыру ойынның жекелеген бөлістеріндегі сияқты тұтас ойында да таңдау, түрін өзгерту және құру ойын құрылымында модельдене алатын нұсқалық және негізгі қасиеттері арқылы жүреді және орындалады.

Резюме

В статье рассмотрены вопросы освоения игровой технологии на уроках казахского языка в начальных классах.

Summary

In the article considered issues of the development of gaming technology in the classroom of the Kazakh language in primary school.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. -448б.
  2. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. –Алматы: 1993. 130б.
  3. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. –М.: Владос, 2001. -400с.