Мектепке дейінгі кезеңде балалар психологиялық және мінез-құлықтық жағынан ерекшеліктерді меңгере бастайды, ал психодиагностикалық зерттеуде осы қажеттіліктерге сәйкес нақты көрсеткіштер арқылы білім алынады.Мектепке дейінгі кезеңдегі нормативті жас және жекелік даму ерекшелігінің көрсеткіштері;
- Психологиялық көрсеткіштер: Шындықпен өзара қимыл (танымдық, эмоциянальды және рефлексивті даму) жағдайы. Мотивациялық –қажеттілік өрісі; Құндылық жүйесі (адамгершілік көзқарас). Жас ерекшелік (әрекет түрлері: жемісті және процесті). Жекелік –эмоционалды ерекшелік.
- Психофизикалық көрсеткіш: жылдамдық, бейімділік, нерв жүйесінің бірқалыптылығы.
- Психологиялық –педагогикалық өзара қимыл ерекшелігі жас ерекшеліктік өзара қатынас.
Өзіндік сана төменгі деңгейде көрінеді, сондықтан аса назар аудару көзделмейді.
Мектепке дейінгі кезеңде психодиагностиканы қолдану жас кезеңдері:
- Сәбилік кезең (1-3жас )
- Кіші және орта кезең (3-5жас)
- Мектеп алды даярлық (5-7жас)
Сәбилік шақта басты психодиагностикалық әдіс «табиғи эксперимент». Баланың реакциясы мен қимылын бақылау арқылы анықталады. Мәлімет жинау «заттық ойын» әрекетінде көп қарастырылады.
Кіші және орта жаста (3-5 жас) бақылау жекелік «заттық әрекеттен» күрделеніп, ұжымдық түрге сюжеттік –рөльдік ойынға ауысады. Психологтың өзі бұл ойындарды ұйымдастырып жетекшілік ете алады. Осы жаста өзіндік сана және бағалау (достармен, үлкендермен) деңгейі көтеріледі.
Жоғарғы мектепке дейінгі кезеңге (5-7жас) жоғарғы айтылған ойындарға қоса, ойын ережелері «телімелі» тест варианттары, эксперт әдістері беріледі. Тұлғааралық әрекет және бағалау қосылады. Танымдық процестерге қарапайым психодиагностикалық әдістемелер және рефлексивті қабілетке байланысты тапсырмалар қолданылады. Қалыпты психодиагностикалық кешен психодиагностикалық жекелік картасына көрсетіледі.
Мектепке дейінгі кезеңде қолданылатын арнайы тестік ереже:
Психолог пен бала арасындағы кеңістікті бірдей ұстау (көзбен көз)
Әрекетті таңдау өрісінің еркін көрінуі (ойын, сурет, қарым –қатынас).
Тесттегі әрекет өрісінің алмастырыла қолданылады (қарым-қатынас құрастыру, қимыл –сурет).
Тест өткізгенде уақыт шектеледі (жас ерекшелігіне қарай 7-30мин дейін)
Интеллектуалды қысымды алмастыру вербальды және вербальды емес жүйеде.
Жеке бас дамуы телімелі әдісте эмоционалды қысым қысым экспрессивті және ассациативті құрал ретінде.
Текстті қайталау жалпы диагностикалық бағытта әдістемелік құралдар арқылы нәтижені береді,тест құрамын өзгерту.
- Психодиагностикалық талдау жүргізуге қойылатын. әдістемелер.
«Мүсін» әдістемесі
Әдістеме мазмұны : Балаға саз балшық жинағы беріледі және тапсырма ұсынылады: 5 минут ішінде қандай да бір мүсін жасау.
Қиялды психодиагностикалау әдістемесінде баланың қиялының дамуын оның суреті, әңгімесі арқылы бағалаады. Берілген таңдау осы жастағы балаға тән: көрнекі -қимылды, көрнекі –бейнелі және сөйлемде –логикалық ойлау түрлерін анықтайды Баланың қиялы шығармашылық әрекеттерге сәйкес толық көрінеді.
Баланың қиялы алдыңғы әдістемелер сияқты 0 ден 10 ұпайға дейін бағаланады.
- ұпай: егер тапсырманы орындауға берілген уақытта (5мин) ештеңе ойлап таба алмаса және қолымен жасай алмаса қойылады..
2-3 ұпай: саз балшықтан өте қарапайым бір нәрсені ойластырып және илеу. Мысалы: шарик, таяқша, төртбұрыш және т.с.с.
4-5 ұпай: ол салыстырмалы түрде қарапайым жасанды жасайды, бөлшектер екі-үшеуден аспайды.
6-7 ұпай: ерекше бір нәрсені ойлап тауып, қиял ұшқырлығымен ерекшеленеді.
8-9 ұпай: ойлап тапқан зат жеткілікті керемет, бірақ ұсақ бөлшектерді жасау ескерілмеген.
10 ұпай: ойлап тапқан зат керемет, ұсақ –түйектері орындалған және жақсы суретшілік талғаммен ерекшеленген.
Даму деңгейі туралы қорытынды
10 ұпай: баладағы қиял түріне сәйкес дамыған әрекет түрін дәлелдейді,. Мұндай бала, сөзсіз мектепте оқуға дайын.
8-9 ұпай: бала мектепте оқуға жеткілікті дайын.
6-7 ұпай: бала мектепте оқуға қанағаттанарлықтай дайын.
4-5 ұпай: баланың мектепте оқуға дайындығы жеткіліксіз екендігін айтады.3 3 және одан да төмен ұпай көбінесе баланың мектепте оқуға дайын еместігін білдіреді.
Өз ойыңнан сурет сал
Мақсаты: Баланың шығармашылық қиялын анықтау
Нұсқау: Балаға бір парақ қағаз, түрлі-түсті қаламдар беріліп, өз ойынан ерекше бір нәрсенің суретін салу ұсынылады. Тапсырманы орындауға 4 мин уақыт беріледі. Төмендегі белгілер бойынша салынған суреттің сапасы бағаланады. Осындай бағалардың негізінде баланың шығармашылық қиял процесінің даму ерекшелігі туралы нәтиже жасалынады.
Нәтижені бағалау:
10 ұпай – бала берілген уақыт ішінде ғажайып сирек кездесетін сурет салды, ол қиялының бай екендігін дәлелдейді. Сурет көрермендерге үлкен әсер бередіі, ондағы бейнелер мен бөлшектер мұқият таңдалынған.
8-9 ұпай – бала белгілі дәрежеде қияли деңгейде эмоционалды және көркем сурет ойлап тауып салған. Алайда бейнеленгенді мүлдем жаңа деп санауға болмайды. Суреттің бөлшектеріне өз ойын жеткізген.
5-7 ұпай – баланың ойынан шығарған суретін толықтай жаңа деп есептеуге болмайды, бірақ та шығармашылық қиялдың элементтері бар, көрермендерге белгілі дәрежеде эмоционалды әсерлер тигізеді. Суреттің бейнелері мен бөлшектері орташа анықталған.
3-4 ұпай — бала өте қарапайым, өзгеше емес нәрселердің суретін салған және қиялы жұпыны, бөлшектері онша жақсы анықталмаған, анық емес.
0-2 ұпай – берілген уақыт ішінде бала ешнәрсе ойластыра алмай, тек бөлек сызықтар ғана салған.
Даму деңгейінің нәтижелері:
10 ұпай — өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
5-7 ұпай – орташа
2-3 ұпай – төмен
- ұпай — өте төмен
Қиял дамуына арналған әдістеме
Мазмұны :Қиял баланың фантазиясының даму деңгейімен анықталады және ол ертегілер, суреттер және шығармашылық қабілеттің дамуында көрінеді.
Балаға кім немесе не туралы болсын, әңгіме құрауға тапсырма беріледі. Ойланып, әңгіме құруға 1 минут, ал оны қайталап айтуға 2 минут уақыт беріледі.
Қорытынды баға
Бұл әдісте баланың қиялының даму дәрежесі төмендегі шамалар бойынша бағаланады:
- Әңгімені ойлану жылдамдығы;
- Әңгіменің өзіндік құрылымы, ерекшелігі;
- Әңгімеге пайдаланған бейнені түрлендіру;
- Әңгімеде алынған бейнені анықтауы және талдауы;
- Әңгімеде алынған бейненің сезімділігі, әсерлілігі;
Әрбір көрсеткіш бойынша төмендегі тәртіппен 0,1 не 2 балл қойылады:
- параметр бойынша:
а) Егер бала әңгіме құруға 30 сек уақыт жұмсаса –2 ұпай
б) 30 секундтан 1 минутқа дейін уақыт жұмсаса –1 ұпай
в) 1 минут ішінде әңгіме ойлап таба алмаса – 0 ұпай
2 – көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала бұрын көргенін, не естігенін қарапайым және жаттанды түрде әңгімелесе –0 ұпай
б) Бұрын көргеніне, не естігеніне өз ойын қосса – 1 ұпай
в) Әңгіменің құрылымы мен ерекшелігін түгел өзі ойлап тапса –2 ұпай
3 – көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала әңгіменің басынан аяғына дейін бір кейіпкердің (жағдайын, затын) мінез-құлқын жалаң түрде қайталап айта берсе – 0 ұпай
б) Әңгімеде әртүрлі бейне қолданса, 2-3 кейіпкер кездессе және оларға әртүрлі мінездеме берілсе – 1 ұпай
в) Әңгімеде 4 және одан да көп кейіпкерлер болса және әңгімелеуші оларға әртүрлі бағытта мінездеме берсе – 2 ұпай
4 –көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала әңгімеде кейіпкерді атап қойып, оған қосымша мінездеме бермесе – 0 ұпай
б) Әңгімеде кейіпкерді атаса және басқа 1-2 белгі көрсетсе –1 ұпай
в) Әңгімеде айтылған затты үш және одан да көп белгімен мінезделсе – 2 ұпай
5 – көрсеткіш бойынша:
а) Егер әңгімедегі бейне тыңдаушыға ешқандай әсер қалдырмаса, әңгімелеуші өз тарапынан ешқандай сезім тудырмаса –0 ұпай
б) Әңгімелеуші өз сезімін жеткізе алмаса, тыңдаушы оны әсерсіз қабылдаса –1 ұпай
в) Әңгімелеуші әңгімесін үлкен сезіммен, мәнерлеп жеткізсе және тыңдаушыларға жақсы әсер қалдырса –2 ұпай
Қиял деңгейінің көрсеткіші
10 ұпай — өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
4-7 ұпай – орташа
2-3 ұпай – төмен
- ұпай — өте төмен
«Ойын ойлап тап»
Мазмұны : Бала қиялының даму деңгейін анықтауда 5 минуттың ішінде қандай да бір ойынды ойлауға тапсырма алады және ол жайлы толық әңгімелейді және зерттеушінің келесі сұрақтарына бала жауап береді:
- Ойын қалай аталады ?
- Ол неден тұрады ?
- Ойынға қанша адам қатысады ?
- Ойынға қатысушылар қандай рөльді атқарады ?
- Ойын қалай өтеді ?
- Ойынның ережесі қандай ?
- Ойын немен аяқталуы тиіс ?
- Ойынға қатысушылардың жеке жетістігі және ойынның қорытындысы қалай бағаланады ?
Қорытынды баға
Баланың сөйлегені емес, оның ойының мазмұны бағаланады. Балаға сұрақ қойып, қарым-қатынас жасағанда міндетті түрде көмектесе отырып, жетекші сұрақтар қою қажет, бірақ жауабын айтпау керек.
Берілген әдісте бала ойының мазмұны келесі амалмен бағаланады:
- Ерекшелігі мен жаңашылығы
- Шартын ойланып беруі
- Оның әр түрлі ойынға қатысушыларына түрлі рөлдерді беруі.
- Ойында белгілі бір ережелердің болуы.
- Жүргізілетін ойынның жетістігін дәл бағалау жолы.
Баланың ойлап тапқан ойыны әр амалдармен бағаланады.
0 ұпай — жоғарыда көрсетілген бес амалдың ойында біреуінің толық жоқтығын білдіреді.
- ұпай – берілген белгілер бар, бірақ нақты емес.
- ұпай – ойынға сай, лайықты белгілер анығымен көрсетілген …..
Барлық осы амалдар мен белгілерден құралған ойын 0 ден 10 ұпайға дейін бағалануы мүмкін. Осы ұпай арқылы бала қиялының даму деңгейі қорытындалады.
Даму деңгейінің қорытындысы.
10 ұпай — өте жақсы
8-9 ұпай – жоғары
6-7 ұпай – орташа
4-5 ұпай – төмен
0-2 ұпай — өте төмен
«Есте сақта және нүктені орналастыр»
Мақсаты: Берілген әдістеме көмегімен бала зейінінің көлемі бағаланады. Қажетті құралдар: Бейнеленген суреттер , ынталандыру материалы қолданылады.
Жүргізілуі: Нүкте салынған қағазды алдын ала кішкентай етіп 8 төртбұрышқа бөлеміз, содан соң олардың қатар-қатар орналастырамыз, орналастырғанда жоғарғы жағындағы екі нүктесі бар төртбұрыш орналасу керек, ал төменгі жағында 9 нүктесі бар төртбұрыш орналасу керек.
Нұсқау: «Қазір біз зейінге байланысты ойын ойнаймыз. Нүкте салынған кестелерді бірінен –соң бірі көрсетіледі. Кестедегі нүктелерді дәл сол көрсетілген орнына бос клеткаларға белгілейсіз».
Әрі қарай балаға жүйелі түрде 1-2 секндта 8 кестенің әрқайсысын жеке, кезекпен жоғары көтеріп, қайтадан төмен түсіріп ,әр кестені көргеннен кейін, бала көрген нүктені есінде сақтап, келесі бос кестеге түсіруі керек. Орындауға 15 секунд беріледі. Бұл уақыт балаға әр тапсырманы нүктенің қай жерде тұрғанын есте сақтап, келесі кестеге түсуіне беріледі.
Қорытынды баға
Бала зейінінің көлемі нүкте санының жоғарғы санымен есептеледі, баланың қандай да болмасын кестені дұрыс еске түсіруі (ең жоғарғы нүкте саны бар және қатесіз еске түсірген кестесі таңдап алынады). Эксперименттің қорытындысы ұпайлық жүйемен бағаланады.
Тапсырма | Ұпай |
Бала 6 және одан да көп нүктені еске түсірсе | 10 |
Бала 6 және одан да аз нүктені еске түсірсе | 8-9 |
Бала 4 және одан да аз нүктені еске түсірсе | 6-7 |
Бала 3 және одан да аз нүктені еске түсірсе | 4-7 |
Бала 1 нүктені еске түсірсе | 0-3 |
3.Психодиагностика жүргізуге қойылатын кәсіби этикалық талаптар
Психодиагностика жүргізу – психологтан өте үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Ол психологиялық мамандық білімді, кәсіби шеберлікті, әлеуметтік-этикалық ұстамдарды қатал сақтауға негізделеді. Осы талаптар психодиагностика жүргізуге қойылатын ұстамдарда көрсетілген.
1.Құпия сақтау ұстанымы. Бұл талап бойынша зерттеу нәтижелерін зерттелінушінің келісімсіз ешкімге айтуға болмайтындығын болжамдайды. Егер зерттелінуші кішкентай бала болса, онда зерттеу нәтижелері ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдардың келісімі бойынша басқаларға жарияланады. Егер зерттеу нәтижелері ғылыми еңбектерде пайдаланылатын болса, зерттелінушілердің аты-жөні өзгертіліп көрсетіледі.
- Психодиагностикалық әдістердің ғылыми н,егізделгендігі ұстанымы. Барлық пайдаланған психодиагностикалық сенімді және баламалары болуы керек. Бұл ұстаным психодиагностикалық әдістемелерді пайдалану нәтижесінде жиналған мәліметтер ақиқатқа сай келетіндігінің кепілі болады.
3.Зерттелінушіге зиян келтірмеу ұстанымы. Психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін еш уақытта зеріттелінушіге қарсы әрекет жасауға пайдалануға толық тиым салынады. Егер психодиагностика нәтижелері талапкерді бір жұмысқа іріктеп алу үшін пайдаланылатын болса, онда жеке тұлғаға қандай талаптар қойылатыны, психологиялық қасиеттерді бағалау үшін қандай әдістермен, қандай көрсеткіштері бағаланатыны туралы зерттелінушіге алдын-ала толық мәләмет беру керек.
4.Қорытындылар мен ұсыныстардың объективтігін қамтамасыз ету ұстанымы. Бұл ұстаным бойынша психодиагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша анықталған психологиялық диагноз алынған нәтижелерге сай қойылуы керек. Зерттелінуші туралы қалыптасқан пікірді отырып зерттеу нәтижесіне тура келмейтін мінездеме беруге толық тыйым салынады.
5.Ұсыныстардың тиімділігі ұстанымы. Психодиагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша жасалған ұсыныстар зерттелінушіге пайдалы болуға тиісті.Зерттелінуші пайдалана алмайтын немесе нәтижесі екіталай болатын ұсыныстар жасауға тыйым салынады.