Маркетингтік жоспар

“ALSER COMPUTERS” компаниясы Қазақстанның компьютерлік нарығында 1995 жылдан бастап келеді. Қазіргі кезде бұл компания Қазақстанның ең мықты деген алғашқы компьютерлік компанияларының бірі. Ол нарықта пайда болғаннан бастап, өнімін сату көлемінің өсуімен және тұтынушыларының артуымен ерекшеленіп келеді.

Компания жоспары – Қазақстан нарығына уникалды шешімдерді құрушы және цифрлық технология әлемінде шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын мықты компютерлік техника әлемін құру.

Компания айналысатын негізгі қызмет түрлері:

  • Бөлшек сауда
  • Көтерме сауда
  • Дистрибуция
  • Корпоративтік жобалар
  • Тендірлерге қатысу
  • Өз бренді бойынша компьютерлерді өндіру
  • Электронды коммерция
  • Сервис
  • Жүйелік интеграция

“ALSER COMPUTERS” компаниясының стратегиясы-әлемдік “ASUS”, “CANON”, “Samsung”, “HP”, “Intel”, “Microsoft” секілді ІТ лидерлерінен одақтатасу.

“ALSER COMPUTERS” компаниясы ALSER PRO INTELL PENTIUM процесінің базасына сәйкес және CORE DUO технологиясымен байланысты жасалған. Ол НІ–ҒІ дыбыстарына және графикалық бейнелерімен жұмыс істеуге арналған профессионалдардың кез келген есептерін шешуіне оңай бағытталған. Яғни өндіріс жүйесінің нәтижелі шешім беруін талап етеді.

Осы жылы “ALSER COMPUTERS” компаниясы компьютерді қолданушы серияларының модельдері үшін Microsoft Designed for Windows деген статус алды.

Компанияның Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Астана, Семей және Көкшетау секілді қалаларында сауда нүктелері бар.

«ALSER COMPUTERS» компаниясының негізгі жоспарында ҚК-ның шығарылатын барлық сериялары: Alser Standard, Alser Corporative, Alser Universal үшін DESIGNED for WINDOWS статусын алу

Өнімнің сипаттамасы

 “ALSER COMPUTERS” компаниясының  білімі мен тәжірибесі 3 негізгі аймаққа негізделген:

  1. Байланыстар жүйесі (яғни, сымсыз байланыс, желі және кең көлемді жүйелер)
  2. Панельдерді дайындау технологиясы (ЖК мониторлар, проекторлар және ЭЛТ)
  3. Оптоэлектроника (сканерлер, принтерлер, ақпаратты сақтаудың оптикалық жүйелері және тағы басқалары).

Ал қазіргі кезде төртінші негізгі аймағы болып өмірдің әр түрлі сфералары, үй, жұмыс, бос уақытты өткізу секілді тұрмыстық жағдайларға сәйкес – теледидарлар, цифрлық камералар, флэш құрылғылары, үнтаспа, бейне таспа және т.б. есептелінеді.

Бәсекелестік және бәсекелестері

Компанияның Қазақстандағы бәсекелестері болып, ТОО «Белый ветер», ТОО «Лайн» компаниясы, «Unicode», «Юкон» секілді компаниялар есептелінеді. Алайда компания бұл бақталастықтарды жеңіп, бәсекелестер арасында жоғарғы беделге жету үшін және өзіне көп пайда түсіру арқылы нарықты жеңіп алу мақсатымен көптеген жарнамалар өткізуде. Сондықтан оның ұсынатын өнімдері басқа компаниялармен салыстырғанда жоғары сапалы болуы керек.

“ALSER COMPUTERS” компаниясының баға саясаты

  1. Жаңа нарыққа кіру. Өнім тұтынушыларын қызықтыру мақсатымен және жаңа нарықта орнығу үшін “ALSER COMPUTERS” компаниясы бәсекелестерінің өнімдерінің бағасынан өзінің технологиялық инновацияларына төмен баға қоюда. Өйткені мұндай баға саясаты компанияға пайда әкелуде. Мысалыға төменде көрсетілгендей:

Alser Universal

 CPU S– 775 PENTIUMR 4D805 2660 MHZ

MB LGA–775S ASUSA P5LD2

VC 128 MB DDR PCIEX ASUS

DVD–R+R/-RW+RW DRIVE

Бағасы–520у.

  1. Жаңа тауар енгізу. Басқа баға саясаттарымен қоса, компания “қаймағын қалқып алу” саясатын да жүргізеді. Себебі, жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты тауарларды жоғары бағамен сатуды көздейді.  Мысалы:  iPod Nano – көп функционалды «проигрыватель» құрылғысы. Ол өзіне 1000-ға жуық өлең сақтайды. Сонымен қатар, ол өзінің өте қаламсаптан да жұқалылығымен ерекшеленеді. Оның бағасы: 2ГБайты– 258 у.е, ал 4ГБайты – 318 у.е.
  1. Ұстанымды қорғау. Мұнда тауарларға бірқалыпты баға қойылады. Яғни ол баға өте жоғары емес немесе өте төмен емес. Мысалы:

Ноутбук                                                                               

Бағасы – 999.0 у.е.      

NB Alser Ferrari 4006WLMi 15.4                        

100 GB/128 MB RADEON/DVDRW SUPER MULTI

  1. Нарықтың сегменттеріне кезектеп өту. Бұл баға саясаты бойынша “ALSER COMPUTERS” компаниясы сатудың алғашқы кезінде жоғары бағамен сатылған тауарларын төменгі бағамен өткізеді.
         Серверлер

 

Alser Data RAPAx l164SU5

Процессор: 2х Intell 2.8 GHz

Жадысы: 2x ECC 512 MB

Қатты диск: 4 x HDD 160 Gb

DVD-R+R/-RW

Бағасы – 455 у.е.

  1. Тез арада шығындардың орнын толтыру. Мұнда компания өнімдерін көп мөлшерде өткізу үшін, арзан бағамен өткізуде.
Мысалы:

·    қатты дисктер – бағасы 74 – 80 тг

·    колонкілер– бағасы 500 – 12000 тг

·    пернетақталар– бағасы 1500 – 3000 тг

·    USB– бағасы 500010000 тг

·    МР3–плеерлер– бағасы 1500 – 8000 тг

  1. Шығындардың қанағаттандырарлық орнын толтыру. Мұнда компания «мақсатты баға» саясатын қолданады. Яғни 1, 2 жыл ішінде кеткен шығындарының орны толтырылады.
  1. Кешенді сатуды ынталандыру. Мұнда «шығынды лидер саясатын» пайдаланады. Яғни тауарға төмен баға қойылып, барлық өнімдер кешенін сатуға ынталандырады. Ол үшін акциялар өткізіп, сыйақы беру, тауар бағасын арзандату сияқты ынталандыру шараларын өткізіледі.

 Ынталандыру кешенін қалыптастыру

“ALSER COMPUTERS” компаниясы өндіретін өнімдерін көп мөлшерде өткізу үшін ынталандыру шараларын өткізеді. Яғни бұл шаралар сатып алушының технолиялық инновацияларды көп мөлшерде сатып алуға ықпал жасайды.

Ал тауарларын сатуды ынталандыру үшін компания акциялар өткізу, сыйақы беру, тауар бағасын арзандату, несиеге беру т.с.с. шараларды өткізуде. Бұл акцияларды ұйымдастырушы – ТОО «Alser System».

 
 

Сонымен қатар “ALSER COMPUTERS” компаниясының дүкендерінен өнімдерді сатып алған 18 бен одан жоғары жас аралығындағы тұтынушылар мен сауда қызметкерлері үшін де ынталандыру шараларын өткізеді. Мәселен осы 2006 жылдың маусым айынан бастап, тауарды сатып алсаңыз, сізге купон беріледі. Ашқанан кейін сіз ондағы көрсетілген тауардың иегеріне айналасыз. Соған қоса төменде көрсетілгендей акциялар да жүріп жатыр. Яғни егер компьютер мен процессор сатып алсаңыз, сыйақы ретінде цифрлық фотоаппарат, ЖК манитор немесе МР3 плеерлер беріледі.

 Тұтынушылар туралы мәлімет

“ALSER COMPUTERS” компаниясының Малайзия, Мексика, Кытай, Тайвань секілді елдерде өндірістік кәсіпорындары бар. Соған сәйкес көптеген өндірісті жабдықтаушылар, тұтынушылармен жұмыс жасайды. Мәселен компанияның өнімдері қазіргі кезде келесі өндіруші компаниялармен жоғары бағаланады:

  • INTEL — IPP
  • Glacialtech — Authorised Distributor
  • Seagate — Reseller
  • ASUS — Authorised Distributor
  • Avermedia — Дистрибьютор
  • Canon — Wholesale Center
  • Chieftec — Reseller
  • Creative — Reseller
  • Fenda — Reseller
  • Genius — Reseller
  • HP — Prefered Partner
  • LG — Reseller
  • MGE — Exclusive distributor
  • Microsoft — Торговый партнер
  • Panasonic — Reseller
  • PQI — Дистрибьютор
  • Samsung — Reseller
  • TDK — Authorised Dealer
  • Transcend — Дистрибьютор
  • ZyXEL — Дистрибьютор
  • FSP – Official Distributor
  • Acer — Subdistributor
  • D-Link — Subdistributor
  • Dell — Дистрибьютор
  • Targus — Reseller
  • Samsonite — Reseller
  • Logitech — Reseller
  • BENQ — Дистрибьютор

Осындай «Лидер» компаниялармен бірлесе отырып, “ALSER COMPUTERS” компаниясы тұтынушыларға технологиялық инновациялардың барлық түрін ұсынады.

Жарнама

ALSER компьютерлері
Intel®
 процессорлері базасында келесі түрлерін ұсынады:

 

 

 
Ноутбук Компьютер  

Сервер

 

ҚЫЗМЕТ МАРКЕТИНГІ ЖӘНЕ

БЕЙКОММЕРЦИЯЛЫҚ МАРКЕТИНГ

а. Қызмет ерекшеліктері

Осыған дейін маркетинг теориясындағы тек игілікті тауарлар қарастырылған еді. Қазіргі дәуірдің даму бағытында қызмет саласының дамуы ерекше орын алуда. Мысалы, АҚШ-та жұмыс орнының 79 және жиынтык ішкі өнімнің 74 қызмет саласының үлесіне келеді. Қазақстанда да соңғы жылдары қызмет саласы даму бағытын алған.

Қызмет саласында неше түрлі институттар орын алған. Солардың қатарына мыналар жатады:

  • мемлекеттік сектор (сот, жұмыспен қамту бөлімдері,
    емханалар, полиция, пошта, мектеп, бақылау органдары
    т.б.);
  • жеке меншік бейкоммерциялық сектор (музейлер,
    шіркеулер, мешіттер, дін, т.б. колледждер, мейірімділік
    емханалар т.б.);
  • коммерциялық сектор (әуе жолдары, банктер, қонақ
    Үйлері, құқық және кеңес беру фирмалары т.б.).

Өндіріс саласындағы көптеген мамандар, мысалы, компьютер операторлары, бухгалтерлер, маркетологтар негізінде «тауар-фабрикасының» әрекеттерін камтамасыз ететін «қызмет көрсету фабрикасында» қызмет атқарады.

Үнемі тұрғындардың өзгерген қажеттерін канағаттандыруға бағытталған жаңа қызмет түрлері пайда болып жатады. Сондықтан қызметтін мән-мағынасын зерттеу, оның маркетинг кешенін өңдеу қажеті қалыптасқан.

Қызмет дегеніміз бір жак. екінші жаққа ұсынатын әр түрлі әрекеттер, зат иелігіне әкелмейтін, оны қолмен ұстап сезілмейтін әрекеттер.

Қызметтің игілікті тауарларға карағанда неше түрлі айрық-ша айырмашылықтары бар. Олар, атап айтқанда, мыналар болады:

  1. Қызметтің сезілмейтіндігі, себебі оны тұтынушы сатып
    алғанға дейін көріп, зерттеп сезе алмайды.
  2. Сапаның тұрақсыздығы. Қызмет сапасы қызмет көрсету-
    шінің ізгілігіне, оның мамандығына, қызмет көрсету уақытына
    және орнына байланысты болады.
  3. Қызметтің сақталмайтындығы, яғни орындалған қызметті
    келесі жолы сатамын деп сақтауға болмайды. Мысалы кейбір
    дәрігерлер өздерінің пациенттерінен белгіленген уақытта
    келмеген сеанстары үшін төлеуді талап етеді, себебі аурудың
    келмей қалған жағдайында қызмет құндылығы төмендемейді
    және ол сақталмайды.
  4. Қызмет әдетте оны орындайтын адамнан бөлінбейді.
    Мысалы, тіс дәрігерінсіз (стоматологсыз) тісті емдей алмайсыз.
    Қызмет маркетингінде қызметті орындау (өндіру) және тұтыну
    үдерісі аса өзара тығыз байланысқан нәрсе.
  5. Қызмет көрсету кезінде меншік құқығы ауыспайды.
  6. Қызмет «өндіруші» мен клиент арасында тікелей катынас
    орнатылады.

Қызметтің осы тәрізді ерекше сипаттамалары қызмет рыногының ерекшелігін қалыптастырады. Ол ерекшеліктері мынапар:

1) Әртүрлі фирмалардың қызметтерін олардың орындалғанға дейін салыстыру, кызметтің жақсы және нашар жақтарын зерттеу мұмкіндіктері болмайды. Ал тауар рыногында тауарларды салыстырып, бәсекелестік артықшылықтарын алдын ала анықтауға болады.

2)Белгілі көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері бол-ғандықтан түтынушылар қызметтер туралы мәліметті болғанын талап етеді.

б.Қызмет түрлері

Қызметтің көптегөн түрлері бар. Сондықтан оларды тогітасты-рудың да бірнеше тәсілі бар.

Эванс қызметтердің мына түрлерін белгілеген:

  1. Рынок сегментіне қарай:
  • түпкі тұтынушылар;
  • ұйым тұтынушылар;
  1. Қызметтің сезінуіне қарай:
  • игілікті, мысалы, тауарды жалға беру;
  • игілікті емес, мысалы, кеңес беру;
  1. Қызмет көрсетушілер мамандығының деңгейіне қа-
    рай:
  • жоғары мамандандырылған;
  • нашар мамандандырылған;
  1. Қызмет көрсетудің уәждемесіне қарай:
  • коммерциялық кызмет;
  • бейкоммерциялық қызмет;
  1. Қызмет көрсетушінің еңбек сипатына қарай:
  • автоматтандырылған;
  • жартылай автоматтандырылған;
  • дене еңбегіне;
  1. Қызмет көрсетушінің тұтынушымен байланысына қа-рай:
  • тығыз байланыста;
  • байланыстың керегі жоқ.

Бұл қызмет түрлерін толықтыру үшін Ф. Котлер белгілеген қызмет түрлерін қарастырайық: Қызмет көзіне қарай:

  • адам атқаратын кызмет, мысалы, аудит;
  • машина арқылы атқаратын қызмет, мысалы, такси, ұшақ,
    кинотеатр;

Қызмет көрсету кезінде клиенттің қатысуына карай:

  • клиенттің қатысуы қажет, мысалы, медицина операция-
    сын жасау кезінде;
  • клиенттің қатысуы қажет емес, мысалы, автомобиль жөндеу;

Қызметті сатып алу уәждемесіне қарай:

— жеке қызмет (клиенттің жеке басына);

  • — іскерлік қызмет (іскерлік қажеттер үшін);
    Қызмет көрсетушінің уәждемесіне карай:
  • коммерциялық немесе қайырымдылық қызмет;

— жеке адамға арналған қызмет немесе қоғамдық сипат
алған қызмет.