Маркетинг жүйесіндегі тауар ассортиментің зерттеу қағидалары

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.

Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау.

Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen», BISAM, Сиар, Cessi Kazakhstan, Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары. Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса, ал Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы – 700-800 мың $.

Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық объект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін.

Пайдалу мерзімі бойынша тауарлар қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар деп бөлінеді. Қысқа мерзімдегі тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады.Оған материалдық бұйымдарды (сабын, нан, сыра, т.б.) жатқызуға болады.Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына (тоңазытқыш, автомобиль, кір жуғыш машиналар т.б.) қолданылады.

Түпкі тұтынылуына байланысты тауарлар тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі тұтынушының қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады. Олар – күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және пассивті сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді. Күнделікті сұраныстағы тауарлар – бұл тұтынушылар ойланбай-ақ, әрі еш қиындықсыз, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер. Оларға нан, сабын, тіс пастасы сияқты тауарларды жатқызуға болады. Әдетте бұл тауарлар арзан, әрі оларды күнделікті сатып алуға болады. Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сұранымдағы тауарларға қарағанда, жиі сатып алынбайды. Тұтынушы тауарды таңдау және сатып алу процесінде олардың безендірілуіне басты назар аударып, қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра қарайды. Мұндай тауарларға жиһаздар, киімдер, электроника түрлері және т.б. жатады. Ерекше сұраныстағы тауарлар аса сирек сипатқа ие және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш жұмсайды. Оларға кейбір автомобиль маркалары, электрондық, электрлі-тұрмыстық техникалар жатады. Ал пассивті сұранымдағы тауарлар – тұтынушы білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар: жаңа енгізулер, сақтандыру түрлері, күзет жүйесі және т.б.

Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар – кейін қайта өңдеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, яғни, шикізат, материалдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер және тағы басқа заттар.

Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы. Мысалы, «Рахат» кондитерлік фабрикасы әрқайсысы өзіндік маркетингтік стратегиясын талап ететін кәмпит өнімдерінің ассортиментін, яғни әр алуан тауар жинағын өндіреді.

Тауар ассортиментінің кеңдігін және тереңдігін бөліп көрсетуге болады.

Тауар ассортиментінің кеңдігі фирманың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Нарықтың көп бөлігін қамтуды мақсат ететін фирма ауқымды тауар ассортиментіне ие болуы қажет, ал егер фирма тек пайда табуды көздесе, онда ол пайдалы тауарлардың санаулы ассортиментімен ғана шектеледі. Уақыт озған сайын фирманың тауар асортименті әдетте кеңейе түседі, ол өсу және толықтыру арқылы жүзеге асырылады.

I Маркетинг жүйесіндегі тауар ассортиментің зерттеу қағидалары

Тауар ассортиментінін кеңдігі фирманын максаттары мен міндеттеріне байланысты. Нарықтың көп бөлігін камтуды максат ететін фирма аукымды тауар ассортиментіне ие болуы кажет, ал егер фирма тек пайда табуды көздесе, онда ол пайдалы тауарлардың санаулы ассортиментшен ғана шектеледі. Уакыт озған сайын фирманың тауар ассортименті едетте кеңейе түседі, ол өсу (наращивание) және толықтыру інасышение) арқылы жүзеге асырылады. Тауар ассортиментінің өсуі төменге, жоғарыға немесе екі бағытқа да бірдей жылжуы мүмкін.

Тауар ассортиментшің жоғарыға қарай өсуі. Екінші деңгейде, яғни нарықтың төменгі эшелонында әрекет жасаушы фирмалар оның жоғары сатысына қарай үмтылады. Нарықтың жоғарғы эшелоны өткізудің жоғары қарқынын және пайланың мол түсуін қажет етеді. Жоғарыға қарай өсу көптеген құралдар мен тәуекелділікті талап етеді. Себебі жоғары дең-гейдегі бәсекелестер нарықтың мықты позициясын қамти отырып, мүмкіндігі төмен бәсекелестеріне әсер ететін шешім кабылдай алады. Әлуетті тұтынушылар төменгі деңгейдегі фирмалар жоғары сапалы тауар шығаруға мүмкіндігі бар екендігіне сенбеуі мүмкін. Ең бастысы, нарықтың жоғары деңгейінде қызмет көрсетуге фирма қызметкерлері мен делдалдарының кәсіби біліктілілігі мен қабілетгілігі жетпеуі мүмкін.

Тауар ассортиментінщ төменге қарай өсуі. Көптеген фирмалар нарықтың алдыңғы қатарында, яғни оның жоғарғы эшелонында орналасқысы келеді. Алайда, фирма өзінің өндірісі мен тауарлық ассортиментін кеңейту үшін басқа да нарық эшелонын қамтуға тырысады. Фирмалар төменге қарай өсуді нарықтың жылдам дамушы сегментіне ұмтылатын бәсекелестерді тежеу үшін қолдануы мүмкін. Бірқатар американдық фирмалар («Форд», «Дженерал Моторс») 70-жылдардың басында ассортименттерін төменге қарай ұлғайтпағаны, яғни нарықтың төменгі эшелондарын игермегендігі үлкен қателік болды. Мұны жапон фирмалары тиімді пайдаланып, АҚШ автомобнль нарығының айтарлықтай бөлігін қамтып алды.

Тауар ассортиментінің жоғары және төмен өсуі. Нарықтың орта эшелонында әрекет ететін фирмалар өз тауар ассортиментін бір мезгілде жоғарыға да, төменге де өсіру туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ол үшін фирма айтарлықтай жетілген тауарларды шығарып, оларды төменгі нарық эшелонындағы бағамен сатуы қажет. Фирма жоғарыға қарай өсуі үшін жоғары сапалы тауарлар шығарып, оны наірықтың жоғарғы бөлігіндегі бағадан төменірек бағамен сатуы тиіс. Осындай амал қолдану арқылы «8опу» корпорациясы дербес аудиоплеерлердің әлемдік нарығында алдыңғы қатарға шықты.

Тауар ассортиментін толықтыру. Тауар ассортиментін толықтырудың бірнеше себептері бар:

  • табысты көбейту қажеттілігі;
  • ассортиментті кеңейтуді сүрайтын делдалдардың пікірін
    ескеру;
  • фирманың іске қосылмаған өндірісін жүзеге асыру;
  • бәсекелестердің іс-қимылын бейтараіггандыру.

Тауар ассортиментін толықтыру үшін өндіріліп жатқан өнімдерден жаңа тауар айтарлықтай ерекшеленуі керек

Алайда, тауар ассортиментінің толығуы жалпы табыстың қысқаруына әкеп соғады. Себебі, тауарлар бір-бірімен өзара бәсекеге түседі, ал тұтынушы оларды таңдауда қиналуы мүмкін.

Тауар ассортиментін толықтыру туралы шешім қабылдау тауар номенклатурасы үғымымен тығыз байланысты. Тауар номенклатурасы — нақты сатушылардың сатып алушыларға үсынатын тауарлар мен тауар бірліктерінің барлық ассортиментгік топтарының жиынтығы.

Тауар номенклатурасы кеңдігімен, толықтығымен, тереңдігімен және үйлесімділігімен сипатталады.

Тауар номенклатурасының кеңдігі деп фирма шығарған ассортименттік топтардың жалпы санын айтады. Мысалы, «Ақсай-нан» үн өнімдерінің 5 ассортименттік тошарын шығарады. Олар — нан, ойық тоқаш нан, пряник, сухари (кептірілген нан), кондитер өнімдері.

Тауар номенклатурасының толыққандығы деп — барлық ассортиментгі құрайтын жеке тауарлардың жалпы санын айтады. Мысалы, «Ақсай-нан» нан өнімдерінің 14 түрін шығарады.

Тауар номенклатурасының тереңдігі — бұл әр ассортиментті топ шегіндегі ұсынылған тауар нүсқалары. Мысалы, «Ақсай-нан» жүмсақ нан, жай нан, макпен, жүзіммен тоқаш пісіреді. Бұл ұсыныс тереңдігі 4-ке тең екенін түсіндіреді.

Тауар номенклатурасының үйлесімділігіне әр түрлі ассортимент топтарындағы тауардың соңғы тұтынылуы, өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптары, тарату арналары немесе басқа да көрсеткіштері тұрғысынан өзара ұқсастығы жатады. «Ақсай-нанның» ассортиментгік тауар топтарының номенклатурасы үйлесімді, себебі — осының барлығы, тек әдеттегі тарату арналары арқылы өтетін күнделікті сұраныстағы тауарлар.

Тауар номенклатурасын сипаттайтын бүл 4 көрсеткіш фирманың тауар-номенклатурасын анықтауға мүмкіндік береді. Ол тауар номенклатурасына тауарлардың жаңа ассортименттік топтарын қоса отырып кеңейте алады. Фирма шығарылатын тауардың өлшемін өзгерте отырып және оған әр түрлі қоспалар қосу арқасъшда тауар номенклатурасын тереңдете алады.

Маркетингтік тұрғыда нақты, жинақталған және кеңейтілген өнім деген түсінік кездеседі. Нақты өнім нақты сипатгары бар тауардың непзгі физикалық мәнін көрсетеді. Мысалы, «Кодак» фотоаппараты. «Восsһ» кір машинасы, «Сұлтан» макароны, «Нұр» шарабы, т.б. сияқты.

Кеңейтілген өнім — тауардың нақты сипатын ғана емес, сонымен қатар оның қызмет көрсетуін білдіреді. Мысалы, «Реntium» компьютерін сатып алуды тұтынушы оны пайдалану мен қызмет көрсету ережесін және бағдарламалар пакетін алумен байланыстырады.

Жинақталған өнім — бұл маркетинг тұжырымдамасына сай тауардың ауқымды, айтарлықтай кен анықтамасы. «Берхаус» фирмасының киімдерін сатып алған тұтынушы өзін жас, нүрлы, сән-салтанатты, қайратты немесе нәзік сезінуі мүмкін.

Маркетингтің қызметтінде тауар ассортиментің қалыптастыру принципі

Осы заманғы экономиканың әлемдік тенденцияларының бірі – қызмет көрсету салаларының жедел өсуі. Дамыған елдердің көбі «қызмет көрсетуші экономикаға» айналуда. Өндірісі дамыған елдердегі ЖҰӨ 2/3-ден 3/4-ке дейінгі бөлігін қызмет көрсету саласы құрайды. АҚШ-та қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер саны жалпы жұмысшылардың 77% -ын құрайды, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш  58%-ға жуық.

Қызмет көрсету – тұтынушылар сатып алатын, бірақ меншік құқығына ие бола алмайтын сезілмейтін игілік.

Маркетингтің қызмет көрсету саласындағы ерекшеліктері қызметтің материалдық өнімнен айырмашылығымен анықталады.

Қызмет көрсету маркетингісінде қызметтің сезілмейтіндігі арқылы оның материалдық еместігі шешушуі мәнге ие. Тұтынушы сатып алу процесінде әлдебір көзге көрінбейтін, сезілмейтін қызметті сатып алады. Мысалы, қызметтің көзге көрінбейтіндігі сатып алғанға дейін оны көруге, байқап көруге, дәмін татуға, иіскеуге болмайтындығымен түсіндіріледі. Мысалы, шаштараз қызметін пайдаланушы шаш қиюдың нәтижесін алдын ала көре алмайды.

Тауармен салыстырғанда, қызметтер қайта сату мақсатымен сақтауға, қоймаға қоюға және тасымалдауға келмейді. Қызмет дәл уақытында қолданылмаған жағдайда жарамсыз болып қалады. Мысалы, ұшақтағы сатып алынған орында сақтап қоя алмайсың, жолаушы уақытында ұшпаса, ол орынның құндылығы жоғалады.

Қызмет көрсету сипаттамасының бірі – олардың қайнар көздерінен бөлінбейтіндігі. Қызметтің қайнар көзі адам немесе техника болуы мүмкін.

Қоймада сақталып, өткізудің әр түрлі жолымен жеткізілетін тауарлармен салыстырғанда, қызметтер бір мезгілде тұтынылады, сондықтан да олардың меншік құқығын басқаға беруге және қайта сатуға болмайды.

Қызмет көрсету маркетингісінде ұсыныстар басым, ал тауарлар оларды толықтырады. Мысалы, шаш қию құнының негізгі бөлігін пайдаланатын жабдықтарға кеткен шығын емес, шаштараздың жұмсаған уақыты құрайды.

Қазақстандағы қызмет көрсету саласында маркетинг қағидалары мен әдістерін қолдану өндіріс саласымен салыстырғанда төмен. Алайда соңғы уақытта қызмет көрсету саласы да жақсара бастады.

Қызметтерді бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады.

Адамдар тұтынатын қызмет тұтынушылық, ал компанияларға көрсетілетіні іскер қызметтер деп аталады.

Қазақстанда қызмет көрсетудің барлық түрлері қарқынды дамуда. 1990 жылы Қазақстан халқына көрсетілген қызмет құрамында жолаушы тасымалдау қызметі (28, 4%) мен тұрмыстық қызмет (22, 2%) басым болса, қазіргі кезде байланыс, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, банктік қызметтердің өсу тенденциясы байқалып, тұрмыстық, мәдени демалыс, санаторий – курорттық және сауықтыру қызметтерінің үлесі азайып отыр.

Өндірістік-техникалық қызметтерге жөндеу, сервис және автокөліктерге кепілдемелік қызмет көрсету жатады. Astana Motors, Skoda, Center Almaty және тағы басқа фирмалар автобөлшектерге сервистік қызмет көрсетуді ұсынады.

Ақпаратты – консалтингтік қызметтерге басқарушылық, бухгалтерлік, құқықтық, ақпаратты-кеңес берушілік, үйрету және т.б.

1990 жылдан бастап, Қазақстанда «Қазагроқаржы», «Альянс-лизинг», «Халық лизинг» сияқты ауқымды лизингтік құрылымдар қалыптаса бастады. Қазіргі кезде мемлекетімізде техникалық жабдықтарды прокатқа берумен айналысатын 18 лизингтік компания қызмет етеді.

Сонымен қатар Қазақстанда қаржылық  және банктік қызметтер секторы дамуда. Елімізде  35 коммерциялық банктер халыққа және ұйымдарға банктік қызметтің ауқымды түрлерін ұсынуда.

Қызмет көрсетудің қарқынды дамушы секторына коммуникациялық қызметтер де жатады. Қоғамның ақпараттануы қызметтің жаңа байланысы мен құралдарының дамуына себепкер болды (факс, телекс, ұялы байланыс, кабельді теледидар, бейнесалондар, бейне кассеталарын уақытша ала тұру және т.б.)

Қазақстанның нарықтық эканомикаға өтуіне байланысты делдалдық және коммерциялық қызметтер қарқынды дамуда, Статистика агенттігінің соңғы жүргізген санағының мәліметтері бойынша 2000 жылдың 1 қазанындағы жағдайда сәйкес елімізде көтерме саудада 29, 5 мың дүкен және мыңға жуық бөлшек сауда кәсіпорындары қалыптасқан.

Бүгінде Қазақстанның білім беру қызметі қарқынды түрде дамуда. Ақылы білім берудің өмірге енуіне байланысты, оның түрлері мен қызмет көрсету деңгейі өсті. Бұл – гувернанттық, репититорлық , аудармашылық қызметтер, ақы төлеп оқитын курс, сондай-ақ бизнес-мектептер, колледжер, институттар және университеттер көрсететін қызметтер .

Қоғамдық тамақтандыру саласындағы біріккен кәсіпкерлік пен қонақүй шаруашылығының дамуы қытай, корей, түрік, австрия және итальяндық кәсіпкерлермен бірігіп, мейрамханалар мен қонақүйлер ашылуына әкелді.

Соңғы жылдары халықаралық туризімнің жылдам өсуі байқалады. Бұл Қазақстандағы туризм нарығының кеңейіп, туристік қызметке деген сұраныстың өсуінен айқын көрінеді. Қазіргі кезде республикамызда басты қызметі туризмге бағытталған 600-ден аса ұйымдар қалыптасқан.

Әлеуметтік сипаттағы қызметтер – бұл гувернаттардың, таныстыру агенттіктерінің, сенім телефондарының және т.б. көрсететін қызметтері.

Қызмет көрсетудің әрбір түрі оның қызмет көрсету және тұтыну ерекшеліктеріне байланысты сипатталады. Мысалы, сақтандыру қызметі ақпаратты-консалтингтіктен, банктік, туристік қызметтерден тұтынылуы және пайдаланылуымен ерекшеленеді. Әр қызмет түрінің ерекшілігі мен артықшылығын анықтайды. Сондықтан да жеке қызмет түрі маркетингінің  ерекшілігін оның мақсатына сай қарастыру қажет. Өйткені техникалық және сервистік қызмет көрсетуде қолданылатын маркетинг кешенін жасауға тиіс. Зерттеушілердің пайымдауынша, дәстүрлі 4р моделі қызмет саласында тағы да үш p мен толығуы мүмкін бұлар-персонал, материалдық куәліктер және қызмет көрсету процесі. Американдық ғалымдар М.Битнер мен Б. Бумс бұл модельді ұсына  отырып, қызмет маркетингі жүйесіндегі персоналдың үлкен мәнге ие екенін атап көрсетеді .Бұл қызметтің басым бөлігі тұтынушының қызметті өндірушімен тікелей, жеке байланысы арқылы болатын нәрсе. Сондықтан да қызмет саласында персоналды таңдау, оқыту және мотивациялану үлкен рөл атқарады. Қызмет саласының қызметкерлері қайырымды, адал, ынталы, білікті болуы қажет.

Материалдық куәлікте ғимараттың сыртқы бейнесі, ішкі көрінісі, дизайны және тазалығы басты орын алады. Бұлар клиенттердің назарын аударатындай болуы керек.

Ал оның процесі қызметті жеткізу әдісін сипаттайды, яғни бұл персоналдардың сыпайылығы мен клиенттерге шапшаң қызмет етуді білдіреді.

Қызмет маркетингі кешенінің бұл элементтері тұтынушыларға қызмет ету стандартын жасаудың негізін құрайды.

Қызмет көрсету саласы үшін фирманың өзі ішінде және оны қоршаған сыртқы жағдайларда жүргізілетін маркетинктің іс – шараларын жасау қажет. Сыртқы маркетинг дегеніміз — компания клиенттеріне бағытталған маркетинг жүйесін жасау. Ал, ішкі маркетинг-бұл көрсетілген қызметтің сапасын жетілдіру үшін персоналды оқыту және оны мотивациялау.

Қызмет көрсетудің сапасы кім, қашан және қайда ұсынғанына байланысты болғандықтан оны бақылау қиынға соғады. Қызмет сапасы біліктік деңгейі мен қарым-қатынасқа да байланысты. Сондықтан персоналды оқыту, таңдау және мотивациялау үлкен мәнге ие.

Белгілі бір зерттеулер негізінде қызмет сапасының мынадай параметрлері анықталған:

  1. 1. Қызметті алу мүмкіншілігі.

2.Компания беделі.

  1. Менеджерлердің клиеттер қажеттілігін білуі.
  2. Қызмет қауіпсіздігі.
  3. Персоналдың құзыреті.
  4. Компаниядағы коммуникация деңгейі.
  5. Қызмет көрсетушінің мұқияттылығы, сыпайылығы, ізеттілігі.
  6. Қызмет көрсету шапшаңдығы.
  7. Қызметтің тиімділігі.
  8. Көзге көрінетін факторлар (сыртқы түрі, физикалық жағдайы және т.б.)

Қызмет көрсету саласындағы компаниялар осы факторларға сүйене отырып, тұтынушылардың қалауы мен тілеген қызметін қамтамасыз етуі мүмкін.

Қызмет көрсетуді өткізу. Қызмет көрсету оны тұтыну бір уақытта іске асады, сондықтан қызмет адамдарға жекелей көрсетіледі және сатылады. Осыған байланысты қызмет көрсету фирмаларының персоналы тауар өндіретін фирма қызметкеріне қарағанда үлкен рөл атқарады.

Баға белгілеу. Тауар құны кетен шығын негізінде айқындалса, қызмет көрсету бағалары шығындар негізінде және белгіленген үстеме бағаны есепке алу арқылы белгіленеді. Қызмет көрсету бағасында  адам еңбегі басым болғандықтан, шығындарды анықтау өте қиын. Сондықтан да көптеген фирмалар баға белгілеуде көрсетілген қызметтің маңыздылығын, құндылығын ескереді. Қызмет бағасы оқуға төленетін төлем, қаржылық операцияларға арналған делдалдық, сақтандыру сыйақысы, адвокат қаламақысы және т.б. деген терминдермен түсіндіріледі.

Жарнама. Қызмет көрсету сезілмейтін сипатта болғандықтан, оны тұтынушылар санасына жарнама арқылы ұғындырып, жеткізу қиын. Сондықтан да тұтынушылардың сенімділігін арттыруға бағытталған ақпаратты жарнаманы қолдану қажет.

Маркетинг мамандары қызмет көрсету сапасының бірегей стандарттарын жасап, оған деген сұраныстың өсуі мен құлдырау кезеңдерінде ұсыныс пен бағаны реттеп отырулары қажет. Қызмет көрсету мен тауардың маркетингтік жоспары ұқсас. Қызмет көрсету саласындағы маркетингті жоспарлау процесі тауарлар маркетингін жоспарлаудағы сияқты кезеңдерден тұрады, яғни компанияның маркетингтік мүмкіндіктерін, нарықтың мақсатты сегменттерін және позициясын көрсетіп, маркетинг бағдарламасын жасап, орындалуын қадағалауға бағытталады.

Фирма тауар ассортиментің зерттеудің шарттары

— Егер өндірістің бүгінгі жайы қалай дегенге келсек, жалпы тірлігіміз жаман емес. Кәсіпорнымыз жұмыс істеп тұр. 2000-ға тарта жұмысшыларымыз бар. Еңбекақы деңгейі орта шамамен 12 мың теңге болады. Оны ай сайын уақтылы төлеп отырмыз. Сонымен бірге жергілікті бюджет төлемдерін де кешіктірген кезіміз жоқ. Тек республикалық бюджет болмаса…

Әрине бұлайша жұмыс істеу үшін қазіргі кезде тұрақты тапсырыс және сол өндірілген өнімге деген сұраныс болуы керек екендігі белгілі. Бізде ондай тапсырыс та, сұраныс та бар. Олай дейтінім, біз Ресейдегі металлургия кәсіпорындары үшін прокат құрал-жабдықтарын, «Қазақойл» компаниясы үшін мұнай-газ құрал-жабдықтарын және Дондағы кен байыту комбинаты, Испат-Кармет, бұрынғы Ермак темір қорыту зауыты үшін түрлі жабдықтарды шығарамыз. Соған орай, қажетті шикізат өнімдерінің негізгі бөлігін Ресейден аламыз. Ал қалған бөлігі өзіміздікі.

Былай қарағанда, проблема жоқ тәрізді көрінеді. Бірақ қазір проблемасыз өндіріс орнын табу мүмкін бе. Бізде де әзірге толық шешілмей жатқан проблемалар бар. Солардың ең бастысы-кадр мәселесі болып тұр. Қазір кейбір цехтарымызға тәжірибелі кәсіби деңгейі жоғары мамандар жетіспей жатыр. Сондай мамандарымызды толықтырып алсақ, үлкен жеңілдік болар еді.

-Біздің саламызға, яғни кілем өндірісіне қатысты басты проблема бүгінде ішкі рыногымызды небір импорт тауарлардың «жаулап алуы» болып отыр. Отандық өндіріске – біз тәрізді өнеркәсіпшілердің ісіне, үлкен кедергі келтіріп жатқан жайт осы. Әрине, мұны үкіметіміз көрмей, білмей отырған жоқ. Базарлар мен дүкендерге түрлі Парсы, Түркі, Иран кілемдерінің қаптап кеткендігі жасырын емес қой. Тек соған қарсы әлі күнге жанды шара қолданылар түрі жоқ. Бұл орайда үкіметіміз қолға алған импортты алмастыру бағдарламасының да нақты нәтижесі көрінер емес.

Әрине, бұл айтылғандарға қарап еліміздегі кілем өндірісіндегі ең ірі кәсіпорынның бүгінгі жағдайы мүшкіл екен дегендей ой тумауға тиіс. Өндіріс тынысы ойдағыдай. Өйткені, импорттық өнімдерге қарағнда өз кілемдеріміздің сапасы әлдеқайда мықты болатындығын бүгінде жұрт жақсы біледі. Себебі біздің кілемдеріміздің 70 пайызы таза жүннен тоқылады. Әрі оған жұмсалатын шикізаттың 60 пайызы өз өнімдеріміз, қалғанын Ресейден аламыз. Сапа дегеніміз сол емес пе.

Өнім сапалы болған соң, сұраныс өсіп, кәсіпорынның өндірістік қуаты артатындығы анық қой. Бізде биылғы жыл басында өндіріс көлемінің  880 мың шаршы метр болғандығы соның дәлелі.

 363 адам еңбек ететін ұжымдағы жүйелі істің нәтижесі сондай. Және бұл қарқын алдағы уақытта да бәсеңдемейді деген ойдамын.

-Жасыратын несі бар, біз он күннен бері тоқтап тұрмыз. Өндірістің тоқтауына басты себеп – шикізаттың жоқтығы. Осы мәселе бойынша мен жақында ғана Шымкент облысына барып келдім. Бірақ барғандағы мәселем оңды шешілмеді. Шикізат ала алмай қайттым. Өйткені, Шымкенттегі бар мақта Еуропаға жөнелтіліп жатқан көрінеді. Алған несиелерімізді мақтамен қайтарудамыз дейді.

Бұрын 5 мың тонна мақта қажет болған екен. Ал енді 1-1,5 мың тонна болса жетеді екен. Тіпті қазір олар 700-800 тоннаның өзін місе тұтатын еді. Соның өзі Шымкент облысында болмаған.

«Ақ жіп» акционерлік қоғамының мұндай қиын жағдайын Үкімет біледі. Бірақ соның өзінде оңды нәтиже болмай жатыр.

Кәсіпорында 415 адам жұмыс істейтін. 2 ауысым бар. Қазір жұмысшылардың жағдайы қиын.

Алматы қаласының өнеркәсіп өндірісіндегі басты орында- тамақ өнімдерін өндіру. Оның үлесіне бір жылда өндірілген жалпы өнеркәсіп өнім көлемінің 27,2 пайызы тиеді.

Азық-түлік шығаруда соңғы екі жылда өндіріс көлемінің тұрақты өсімі байқалуда. Яғни,  2004 жылы өнім көлемі  11,3 пайызға, 2005 жылы —  16,6 пайызға өскен.

Сол жылы өндірілген тамақ өнімдері ішінде өндіріс едәуір өскен шұжық бұйымдары —  32,9 пайызға, жеміс-жидек пен көкөніс шырыны – 6,3 есе, маргарин өнімі —  46,5 пайызға, сары май —  11,0 есе, йогурт пен ашыған сүт өнімі —  2,0 есе, печенье мен ұзақ сақталатын кондитерлік бұйымдар – 76,4 пайызға, арақ —  47,4 пайызға, шампан —  49,7 пайызға, минералды су —  2,2 есе, шай —  76,4 пайызға өскен.

Сонымен бірге, бірқатар азық-түлік пен сусындар өндірісінің елеулі құлдырағаны байқалуда. Яғни, 2004 жылғы деңгейден сүт пен кілегей өндірісі — 45,9, ұн — 43,5, ликер-арақ бұйымдары —  81,3, жүзім шарабы —  80,2, алкогольсіз сусындар өндірісі – 66,6 пайызға төмендеген. Өндіріс құлдырауының  негізгі себептері шикізат алуға қаражат айналымының жетіспеуі және өнім өткізу рыногындағы бәсекеге байланысты қиындықтар.

Қала кәсіпорындары бірқатар азық-түлік шығарудағы республикалық көлемнің басым бөлігін өндіреді. Ал шай шампан мен нан ашытқысы тек қалада шығарылады. Республика бойынша өндірілген өнімдерден – 48,9 пайыз шұжық бұйымдары,  95,8 пайыз жеміс-жидек пен көкөніс шырын, 32,0 пайыз өсімдік майы, 36,6 пайыз маргатин өнімі,  32,2 пайыз жаңа піскен нан, 21,1 пайыз құймақ пен жаңа піскен кондитерлік бұйымдары,  26,8 пайыз печенье мен ұзақ сақталатын кондитерлік бұйымдары,  47,5 пайыз шоколадтан және қанттан жасалған кондитерлік бұйымдары,  73,6 пайыз майонез,  94, 8 пайыз коньяк,  36,8 пайыз сыра,  52,6 пайыз алкогольсіз сусындар қалада өндірілген.

Тамақ өнімдерін өндіретін жаңа кәсіпорындардың құрылуы және акционерлік қоғамдар: «Рахат», «Бахус», «Маргарин зауыты», «№1 сыра зауыты», «Алматы шайы», «Ақсай нан-тоқаш комбинаты» ЖШС, «Бөлке нан – кондитерлік комбинаты» ЕЖШС тәрізді қазір жұмыс істейтін кәсіпорындар өндірісінің тұрақты дамуы — өндіріс көлемінің өсуіне ықпал етті. Аталмыш кәсіпорындар шығарған бұйымдарының ассортиментін сақтап, ары қарай көбейткен. Өнім дизайнын көркемделіп, оралуын жақсартқан. Бұл себептер өнімнің тұтыну қасиеттерін арттырды. Осы кәсіпорындардың тамақ тағамдарындағы тауар белгісі – жоғары сапа кепілі болып табылады.

Азық-түлік өндіру инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін тиімді. Соңғы екі –үш жылда қала ішінде тамақ өнімдерін шығаратын бірталай жаңа кәсіпорын құрылды. Олар алкогольді сусын шығаратын кәсіпорындар – жауапкершілігі шектелген серіктестіктер «Ралко», «Жан және К», «Марс», сыра өндіретін – «Ирбис» БК, «Динал» ЖШС, «Ақ – Нар» компаниясы, кондитерлік бұйымдар мен жартылай фабрикат шығаратын «Хильсан» ЖШС, «Брот Мастер» БК; шырындар шығаратын – «Raimbec Bottlers» ЖШС, «Агропак ПS Line» БК; сүт өнімдерін өндіретін – «Агроөнім Оңтүстік» ЖШС; шұжық бұйымдарын шығаратын – «Беккер және К» БК; жеміс-жидек консервілерін өндіретін –«Нигара» ЖШС; алкогольсіз сусын шығаратын – «Юлос» ЖАҚ, «Обис» ЖШС және басқалар. Бұл кәсіпорындардың өнімі тек қала тұрғындарына ғана емес, республиканың басқа да аймақтарында танымал болды.

ІІ «Рахат» Ашық Акционерлік Қоғамының маркетингтік қызметін талдау 

Ашық Акционерлік Қоғам «Рахат» бұрынғы кондитер кәсіпорыны ретінде Алматыда құрылған. Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіздік жариялауымен бірге, 1991 жылы егемендік алып, нарықтық экономикаға көшіп, көптеген салаларға өзгеріс жасады. Ал 1992 жылы кәсіпорын меншік түрін өзгертумен айналысып, соңғы негізінде еңбек коллективімен кәсіпорын жекешелендіру жүргізіп, акционерлік қоғам құрылды.

Ал 1994-95 жылдары кәсіпорын мүлдем жаңа және жаңартылған құралдар мен техникалық қайта жабдықтау жүргізілді. Кәсіпорын орналасқан өндіріс көлемі 5,3 гектардан тұрады. Ал 1996 жылы мемлекет экномикалық реттейтін заңдылық жүйеде көптеген алға жылжулар басталып, кәсіпорынның жұмысына жақсы әсерін тигізді. Сонымен қатар, кәсіпорын ішінде де антикризистық шаралар қабылдады. Соның нәтижесінде 1996 жылдың алғашқы айларында-ақ сату көлемі бұрынғы жылдармен салыстырғанда 2,5 есе өсті. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі кондитерлік өнімдер өндіру және оларды сату болып табылады.

«Рахат» ашық акционерлік қоғамдағы жабдықтың бекітілген қуаттылығы 32,2 тонналық өндірістік максимал көлеміне жетіп, 1999 жылы 12 мың тоннаға жуық кондитерлік тағамдар өндірілген. Кәсіпорында 2000-нан астам адам жұмыс істейді. Соның ішінде 300-ден аса мамандар мен инженер-техникалық жұмыскерлер істейді. Өндірістің бірталай құлдырауына қарамастан, оны дамыту бойынша мәселелерді шешуге қабілетті еңбек жұмысын сақтау үшін шаралар қолданды.

«Рахат» Ашық Акционерлік Қоғам кондитерлік тағамдарын шамамен барлық түрлерін шығарады. Сонымен қатар дәстүрлі тағам – тәттілер шығарады: шоколад, карамель, печенье, вафли, мармелад, зефир (тәтті-қақ), ирис, драже. Қазіргі кезде кәсіпорынның алты цехы жұмыс істейді. Мысалы: бисквит, карамель, ирис, шоколад кәмпиттері, зефир, драже цехтері бар. Өзінің өнімінің тең жартысын Алматы қаласы мен Алматы облыстарына өткізумен айналысады.

Кәсіпорын өз өндірісін одан ары жалғастыруға ерекше көңіл бөліп, маркетингтің функциялы қызметінің бөлім құрылымын құруды ойластырып, 1997 жылы наурыз айында кәсіпорынның маркетиг бөлімі құрылды. Кәсіпорын мақсатына жетуі көбінесе факторлар мен функционалды сипатымен ұйымдастырса, мұнда әрбірі сол қызметті функционалды мақсатты жеке тұлғасы, немесе тұлғалар тобы белгілі жауапкершілікті өзіне артуын белгілейді.

«Рахат» маркетиг құрылымы бес бөлімнен тұрады:

— маркетингті зерттеу бөлімі

— баға бөлімі

— өткізу бөлімі

— жарнама бөлімі

— маркетингті бақылау

Маркетинті зерттеу бөлімі, мұнда ең бастысы ол әлуетті тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттіліктерін зерттеу, нысаналы рынокты таңдап алу үшін тауарға бүгінгі және болашақтағы сұранысты белгілеу, әсіресе рынокқа жаңа тауарды дайындау, оны өңдеп, шығаруда маңызды орын алады.

Баға бөлімінде тұтынушының, тауардың, сату орнының ерекшелігіне қарай, түпкі бағаны белгілеп, оның деңгейін маркетингтік ортаның факторларына қарай анықтайды. Сонымен қатар тұтынушыларға баға арқылы жеңілдіктер жасайды, т.б.

Өткізу бөлімінде өндірістің дамуына және тұтынушылардың қажеттеріне байланысты, өткізу кезінде тұтынушының талғамы мен қалауына көңіл бөледі. Сонымен қатар көздеген табысқа жету үшін қанша өткізу каналдарын ұйымдастырады. Мысалы: көтерме сауда, бөлшек сауда, т.б.

Жарнама бөлімінде өндірісті өткізу, тауарды сатып алушыға қарай жылжыту, тауарды тартымды көрсету барысында, жарнама тарату құралдарын пайдалануда. Оған көп көңіл бөлуде. Өнімдері туралы тұтынушыларға ақпарат тарату үшін баспа, электронды ақпарат тарату құралдарын, сыртқы жарнама түрлерін қолданады.

Маркетингті бақылау бөлімінде бұл әдіс арқылы өз мақсаттарына жету үшін маркетингтік іс-әрекеттердің барлығын бақылайды. Бұл бақылау үш жағдайда жүргізіледі: жылдық жоспардың орындалуы, пайда деңгейі және стратегиялық бақылауларды жүргізеді. Кейде жасырын түрде бақылау жүргізу арқылы тұтынушыларын түсінбеушілік шығады.

«Рахат» Ашық Акционерлік Қоғамның өндіретін тауарларының тұтыну сипаттамалары оның рынокқа ұсынған тауарына, рынок жағдайына байланысты. Неғұрлым кәсіпорын жұмысы күрделі болса, солғұрлым құрамы да көп болып, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мен бірге тауар ассортименті қалыптасады.

Тауар ассортименті – кәсіпорын өндірген белгілі тауардың барлық түрлерінің жиынтығы. Оған әр түрлі тауар түрлері кіреді, мысалы (ирис, шоколад, вафли, зефир, т.б.) функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына қарай әр түрлі сұранысқа ие болады.

Соңғы жылы «Рахат» ААҚ шығаратын өнімді көркемдеу жағынан ынталана жұмыс істеуде. Кондитер тағамдардың барлығы тәжірибе жүзінде ауыстырылады. Драже, вафли, печенье үшін өлшеп буылған орам қолданылады, қораптардағы өнімдердің дизайын мен әшекейленуі өзгеріп отырады.

Қазіргі кезде дайын конфеттері ғана емес, көтерме және бөлшек сауда технологиялары бойынша бәсекеге қабілетті өнім өндіріс тәжірибе жүзінде жетілген.

«Рахат» Ашық Акционерлік Қоғам жарнама іс-әрекетінің құрылымы келесі бағыттарды енгізді: «Рахат» ААҚ бейнесін қалыптастыру, тауарлық жарнама, нарық ақпараттану деңгейін дамыту.

« Рахат» ААҚ бейнесін қалыптастыру баспа сөз басылымдары мен теледидарда жарнама шараларын енгізді. Баспасөзде бейнелеу үшін төмендегідей ақпаратты қолданды.

Тауарлық жарнама келесі бағыттарда белсенділікті енгізеді:

  1. «Рахат» Ашық Акционерлік Қоғам өнімі ассортименті, бағалары, сату шарттары жәйлі аудиториясы үшін ең көп мөлшердегі сұраным кезінде үш басылымда айына төрт рет жарияланады. Жаз айларында өнім туралы кең түрдегі ақпарат айына бір рет шығады.
  2. Жалпы сипаттағы ақпарат модульдері түрінде тауарлық жарнама; Алматы қаласы үшін айына 4-5 рет; Республикалық газеттерде айына екі рет жариялым, Облыс орталықтарының жергілікті басылымдарында, айына бір жариялымнан тұрады.
  3. Өнімнің жеке түрлерін жылжыту бойынша тауарлық жарнама; Баспасөзде арнайы модульдік жарнама шығарылым, сонымен қатар қосымша құралдар пайдаланады. Оларға визуальді жарнаманың стационарлық объектілері, үнпарақтар, плакаттар, коммуналдық қызметтер, төлем квитанциялары жатады.

«Рахат» ААҚ туралы нарықтың ақпараттану мақсатында иландыру, еске түсіру сипаттағы жарнама орындалады. Оны жүргізу бейне және аудитороликтер арқылы кондитер тағамдарына ең көп мөлшердегі сұраным кезінде жоспарланып отыр. Теледидарда жеке хабарлар мен бағдарламаларға қоспалар арқылы, мұндай жарнаманы жыл бойы негізінен демеушілік іс-әрекет бойынша орындау керек. Осындай жарнаманың мақсаттарына жетуі үшін визуальді жарнаманың стационарлық объектілері тиімді.

Плакаттық және басқа да полиграфиялық бұйымдар тұтынушыларды ақпараттандырумен қатар функцияларды орындайды. Осы мақсатқа үш өлшемді плакаттар, екі деңгейлі корпоративті папкалар, қалта күнтізбелерін шығару жоспарланып отыр. Берілген бағыт шектерінде фирмалық киім немесе оның элементтерін жасау қажет.

Тұтынушылармен тікелей жұмыс істейтін фирмалық дүкендегі жүргізушілері, өткізу бөлімінің қызметкерлері үшін орамал, алжапқыштар, Алматы қаласының тұтынушылары арасында кең тараған «Рахат» ААҚ өнім жәйлі ақпараттың айтарлықтай көлемін алып жатқанын есепке ала отырып, республика аумағының барлығында тұтынушыларға бір уақытта әсер ету үшін жарнама шығындарын алғашқы кезде Республикалық арналарда шоғырландыру керек.

Кәсіпорындардың тауар таңбасын пайдалану өнімдерге сатып алушыларды жұмылдыруға тікелей әсер етеді. Әйгілі кәсіпорындардың тауар таңбасы тағамдар сипатының кепілдігі болып, өнімдердің нақтылығын растайды. Бұл он жыл бойы қалыптасқан жолдары сапа салттары, сатып алушылар арасында жоғарғы бедел мен әйгілікпен ерекшеленеді.

Сонымен, тауарды жылжыту жөніндегі кәсіпорын іс-әрекетін талдау нарықтағы белсенділігін қамтамасыз ететін ынталандыру, насихаттау, жеке сатулар, делдалдармен өзара әрекет және басқа да құрамдастарын енгізетін маркетингтік кәсіпорындардың күрделі жүйесін басқарып отыр.

Рахат АҚ-ның тауар ассортиментің толық қарастыру

Жалпы бүгінгі таңда “Рахат”Ашық Акционерлік Қоғамы Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы табысты кәсіпорыны болып саналады. Оған дәлел ретінде оның әлемдік стандартқа сай дәмді де сапалы және басқа қабылетті өның түрлерін өндірумен байлансты деуге болады. Ал ол кәсіпорынның қызметінің табыстылығы мен тиімділігін көрсетеді. Сонымен қатар, “Рахат” Ашық Акционерлік Қоғамының қызметінің жемісті болуына ондағы жүзеге асырып жатқан бірқатар маңызды іс-шаралармен тығыз байланысты. Атап айтсақ, бұл кәсіпорын ашық акционерлік қоғам ретінде өзгерістер енгізді. Және нарықтық қатынастар шеңбернде өз қызыметін нарық талаптарына сәйкес толықтырады. Яғни, -құрал- саймандары мен өндірістік құрал-жабдықтары жаңартылып, автоматизацияланды, жаңа өндірістік линиялар жүзеге асырылды.

-қазыргі заманның талаптарына сәйкес кондитерлер мен технологтардың білігтілігін жоғарлату мақсатында әртүрлі семинарлар, курстар, оқыту іс-шаралары ұйымдастырылды; -кондитерлік өнеркәсіп үшін қажетті шикізаттар мен құрал-жабдықтарды өндіретін әлемдік, әсересе европалық өндірушілермен серіктестік қарым-қатынастар нығайтылды. Шет елден көбінесе какао, кондитерлік майлар, ароматизаторлар (хош иістендіргіштер) және т.б. тасымалданады. Дегенмен,әр уақытта кәсіпорының қызыметін дамытуда оны жетілдіріп отыру қажет.Сондықтан “Рахат” Ашық Акционерлік Қоғамның табысты да пайдалы өнімдерін өндіруде кездесетін бір қатар мәселерді шешу жолдары туындайды.

Солардың бірі — жұмыскерлердің біліктілігін көрсету-кәсіпорынның ең басты мәселерінің бірі. Әсересе инженерлер, технологтар,маркетинг қызметкерлерінің біліктілігі мен білімін жетілдіру мақсатында әртүрлі курстар мен семинарлар ұйымдастыруы қажет. Бұл мамандар қазіргі заманның білім жүйелерін меңгеріп,жаңа өнім өндіру тиілділігін қамтамасыз етеді. Сол үшін кәсіпорын тарапынан жоғары сапалы жұмыскерлерінің санын көбейту оның өзекті мәселесі болуы тиіс. Бұл тұрғыда менің ойымша,маркетинг бөлімін жандандыру негізінде баға, сапа, өткізу,тарату сияқты бөлімшелерінің қызметін жетелеп бақылайтын жүйе құру керек. Яғни әр бөлімше өзінше жауапкершілікпен тиісті білікті мамандары арқылы өз мәселеріне шешім табуына мол мүмкіндігі болады. Сонымен қатар, шетелдік мамандардан білім алмастыру немесе мерзімдік стажировкалар ұйымдастыру арқылы мамандардың біліктілігін көтеруге болады. Әсересе кондитерлік өнеркәсіптің шебер-кондитерлері Швейцарияның білікті қызыметкерлерінен шоколад өндіріс технологиясын дамыту жөнінде семинарларды,қарым-қатынастарды нығайту қажет.

Менеджментті дамыту.Әрбір кәсіпорынның қызметін жүзеге асыруда басты мәселе оның басқару тиімдлігінде болды. “Рахат” Ашық Акционерлік Қоғамның жүмысын ұйымдастыруда негізгі мәселе оның қандай басқарылып, ұйымдастыруы қарастырылады. Жалпы басқару қызыметін жоспарлау, бақылау, ынталандыру, ұйымдастыру, функциялары арқылы жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорында негізінен бақылау функцияы әрбір өндіріс кезеңінде тұрақты түрде талданып отырады. Бақылаудың қатаң жүйесі өнімді өндірудің барлық кезеңінде оның бәсеке қабілеттілігін көрсетуге мүмкіндік береді және сауда торынан минималды қайтарылу дәрежесін төмендетті деуге болады. Жалпы бақылау функциясын іске асыру біріншіден, есеп және есеп беру жүйелерін ұйымдастыруға негізделеді. Басқарушылық есеп берудің құру қағидалары ретінде жауапкершіліктің қолдануын келтіруге болады. Сонымен қатар әрбір бөлімшелердің қызметін қадағалау арқылы олардың пайдалылық деңгейі мен өзарақатынасын анықтауға болады. Әрине бұл кәсіпорында ұйымдастырушылық-экономикалық қамтылу дәрежесі жеткілікті, дегенмен оны қайта құру мен жандандыру мәселесі ескерілуі тиіс. Ол үшін жаңа басқарушылық стильдері, модельдерді қарастыру қажет. Менеджмент тұрғысынан ұйымның мақсаты мен миссиясына сәйкес жаңа бағыттарды зерттеу керек, мысалы әрбір ұйым бөлімшелерінің қызметін тиімді болуы үшін орталықсыздандыру жұйесін енгізуге болады. Яғни әр бөлімше дербес экономиканың,ұйымдастырушының қызыметтерін өз бетінше жауапкершілікпен жасаса, сонда өзінше әр бөлімнің тиімділігі артуы мүмкін. Нәтижесінде ұйымның рентабілділігі артып, бөлімшелердің өкілеттіліктері өседі. Сонымен,қатар тиімді менеджментті жүзеге асыру үшін ұйымның ұйымдастырушының құрлымының қызыметін де ескеру керек.

Жарнаманы қалыптастыру мәселесі.Сонымен қатар, бұл кәсіпорында негізінен жарнама қызыметін жетілдіру қажет сияқты. Себебі егер де жарнаманы табысты және тиімді жүзеге асыру арқылы одан да табыстырақ кәсіпорын болуы мүмкін. Сондықтан, жарнаманы қалыптастыру іс-шаралары болуы керек. Сапалы және өтімді өнім түрлерін тұтынушыларға жарнама түрлері арқылы хабардар етуге болады. Интернет сияқты тарату жолдарымен жеткізуге болады. Сонда кәсіпорынның өнімдері тартымды жарнамалармен тұтынушылардың талғамына әсер етеді. Сонымен қатар, Бұл ұйымға көбінесе өз өнімдерін таныту мен жарнамалау бағытында әртүрлі сипаттағы көрмелерге, конкурстарға қатысу қажет. Мысалы, “Рахат” Ашық Акционерлік Қоғамы сапаның алтын белгісінің иегері атанып,“Қазақстаның белгісі” сиымен марапатталған . Сол сияқты ол халықаралық және республикалық байқауларда сапалы өнім өндіру негізінде жүлделі орындарға ие болып жүр. Сондықтан, келешекте де ұйымның табысты қызмет атқаруына оның өнім сапасы мен тұтынушыға деген пайдалылығын ескеруі тиіс.

Бұл жағдайда жарнаманы пайдалану және және оны үнемді ұйымдастыру ол осы кәсіпорынның маңызды шараларының бірі ретінде қарастырылады. Жарнама негізінен тауарды немесе қызметті тұтынушыға, жабдықтаушыға, сатып алушыларға т.б. таныстыру мен жан-жақты таныстырудың бірден – бір тиімді құралы. Ол неғұрлым сапалы және тартымды болса, соғұрлым халыққа дұрыс танылады.

“Рахат” Ашық Акционерлік Қоғамның өнімдері біздің елде айтарлықтай танылған танылған деуге өнімдері біздің елде айтарлықтай танылған деуге болады, бірақ кәсіпорынның қызметінің табыстылығына, өнімның өтімділігіне жарнаманың алатын маңызы зор.

Нарықтағы “Рахат” АҚ жарнамалық шараларының дәйектілігі

п/п

Сатып алушылар назарын

жұмылдыру кезеңдері

Негізгі шаралар
І Тауар жәйлі білім алу Нарықта “Рахат” АҚ кондитерлік

Тауарларының пайда болуы және бар болуы туралы ақпараттарды тарату.

ІІ Тауарға қатынас Тауардың тұтынушылық қасиеттермен танстыру, осы тауарды сатып алған тұтынушылар- дың онымен қанағаттануы жәйлі ақпарат тарату.
ІІІ Сатып алуға ниет Потенциялды тұтынушылар мақсатты тобын таңдау. Нақты кондитер тағамдар қатынасында оларға жарнаманың тұрақты әсер етуі.
V Сатып алу Бірінші сатып алуды және келесі жолы оны қаиталауды ынталандыру.

Сыртқы экономикалық байланысын жетілдіру жолдары    Шетелдік серіктестермен, әсіресе Германия, Франция, Нидерланды т.б. Европа елдерімен байланстарын нығайту арқылы техналогияны тәжірбиелік қолдану қағидаларын игеру керек. Кондитерлік өнеркәсіптің құрал-жабдықтары мен жаңа машиналар түрлерін, сонымен қатар қазыргі заманғы өзық технологияның түрлерін шетелдік елдердег даму сипатын ескере отырып,іс-жүзінде қолдану жағыдайларын ұйымдастыру. Мысалы, “Рахат” Ашық акционерлік Қоғамы бүгінгі таңда бірнеше дамыған мемелекеттермен экономикалық байланстары бар:

  • “Кондинаф” ,Голландия (какао бұршақтары);
  • “Драгоко” , Австрия (жемс иістендіргіштер);
  • “Кроклан” , Нидерланды ( кондитерлік майлар);
  • “Нагема” , Германия (құрал-жабдықтар мен саймандары);
  • “Сакада” , Франция (мұздатқыш құралдары);
  • “Шнейдерэлектик” , Франция (электр құралдары);

Міне , жоғарыдағы аталған ірі кампаниялар негізінде “Рахат” Ашық Акционерлік Қоғамы өз қызметін жетілдіру мен дамыту бағытында тұрақты және өзара тиімді қарым-қатынас орнату арқылы жетістіктерге жетіп отыр. Яғни бұл кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызыметін одан-әрі дамыту немесе жақсату жолдарын қарастыру қажеттілігі туады. Ол үшін қазыргі уақытта әртүрлі өзара серіктестік қатынастағы келісім-шарттар мен байланыс түрлері бар. Сонымен қатар, бұл ұйім үшін шетелдік байланстарды нығайтуда интернет дүниежүзілік байланыстарын пайдалануды да ұсынуға болады. Себебі, ол бірқатар экономикалық шығындардың төмендеуінеәкелуі мүмкі. Сондықтан кондитерлік өнімдерді сату-сатып алу несие олардың шикізаттарымен материялдарын жабдықтауда интернеттің қосар үлесі де аз емес.