Мәдениет” және “Өркениет

Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін,оған мағыналық жағындағы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көрейік.Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым-өркениет.Өркениет (цивилизация) сематикалық жағынан алғанда (латын тілінің-“civilis”сөзі) азаматтық дегенді білдіреді.Римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған,басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған.Яғни, “өркениет” олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы,қалалық мәдениеті,заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.

Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:

  1. Мәдениет пен өркениет бір.Олар синонимдер (И.Гердер, Э.Б.Тайлор).
  2. Өркениет-мәдениеттің ақыры,оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. ,Руссо, Ш.Фурье,О.Шпенглер).
  3. Өркениет-мәдениеттің прогресі,болашаққа бой сермеуі,қоғамның парасаттық деңгейі (Ф.Вольтер, Д.Белл).
  4. Өркениет-тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган).
  5. Өркениет-этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я.Данилевский) Ө
  6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі,оның материалдық жағы.

Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен.Мәдениеттанушы Г.Чайлдтың пікірінші, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы,жазбаша мәдениттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі,азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда,бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі- мәдени әрекет. Әрекеттану-жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі,тіршіліктің тірегі.Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Орыстың ұлы философы Н.А.Бердяев (1874-1948) өмір бойы бостандық және мәдениет туралы жазды. Ең әуелі ол мәдениет және өркениет мәселелерін бір-бірінен ажыратып қарастырды. Мәдениет және өркениет бір нәрсе емес. Мәдениет табынудан туды. Ол ғибадатхана айналасында пайда болып, өмір бақи дінмен тікелей байланысты дамыды. Мәдениет –зиялы құбылыс. Оның діни негізі бар. Бердяев мәдениеттің негізгі заңы-бірізділік және дәстүр жалғастығы туралы заңын ұсынып отырып, мәдениеттің шығармашылық қасиеті мен жаңа құндылықтарды тудыру, болашаққа ұмтылу сияқты пайдалы жақтармен қатар, оның бойындағы кертартпалық бастауларын да мойындады. Өркениеттің мәдениеттен өзгешелігі- оның зиялы құбылыс еместігі. Ол адамның табиғатпен күресі нәтежесінде, ғибадатхана мен табынудан тыс пайда болды. Мәдениет жоғарыдан төмен қарай жүреді, оның жолы ақсүйектік жол болып табылады, өркениет төменнен жоғарыға қарай жүреді, оның жолы буржуазиялық және демократиялық жол болып саналады. Мәдениет жеке, терең әрі қайталанбайтын құбылыс болса, өркениетке жалпылық және барлық жерде қайталану тән. Мәдениеттің рухы бар, ал өркениеттің тек тек әдістері мен құралдары ғана бар. Мәдениет — өркениеттің (цивилизацияның – латынша civilis – азаматтық, мемлекеттік), адам қоғамының материалдық және рухани байлықтары. Мәдениет адамзат өркениетінің сатыларын білдіреді. Сондай-ақ, мәдени көрсеткіштер жоғарылаған сайын, адам еркіндігі де солғұрлым молая түседі.                                                                                                 Өркениеттің өндірістің дамуына әсер етері сөзсіз. Өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани құндылықтарды жасау болып табылады, ол қоғамдық қатынастардың күрделенуіне ықпал жасайды. Табиғи ортаны игеру, қоғамды жетілдіру мәдениет дәрежесін және өркениеттілік деңгейін байқатады. Сөйтіп, мәдениет пен өркениет өзара тығыз байланыста дамиды және олар объективті негізде бір-біріне тәуелді деген қорытынды жасалынады.                                                                                      Өркениет- қоғамдық қатынастар әрекеті, тәсілі ретіндегі мәдениеттің негізі. Өркениет мәниеттің дамуына жағдай туғызады, ал мәдениет өз кезегінде сол өркениетті жетілдіреді. Өркениет- кең түсініктегі, белгілі бір анық анықтамасы жоқ. Көп жағдайларда өркениет түсінігін материалдық және рухани жетістіктердің қоғамы деп түсінеді. Философияда жаңа кезеңнің түсінігі бойынша өркениет дүниежүзілік тариғи құбылыстардың түсінігін ашады. Қазіргі қоғам өркениетті үш өлшемге бөледі, негізі ішкі қоғамның құралады – техника, әлеуметтік құрылымжәне флософия. Өркениет (лат. civilis –азаматтық,мемлекттік)- осы құндылық материалдық жағдай, рухани және әлеуметтік өмір, халықтардың қасиеттерін белгілі бір уақыт ішіндегі тарихи жетістіктерін білдіреді. Мәдениет тақырыбы адамның өнері,жаңашылдыққа, қоршаған орта, адамның өмір сүруге бейімділігі. Мәдениетті екі түрге бөледі:1)Материалдық (техника,материалдық құндылықтар)2)Рухани (өнер,ғылым,философия, жаны)                                                                                                                              XXI ғ. мәдениетті және өркениетті екі бөлек қарастыратын болды О.Шпенглер олардың бірге дамығандығын жоққа шығарды. Ол тарихты ұйымдастырылған түрінде қарастырады,қайталанбас жабық мәдениет өзінің өмір сүру кезінде бірнеше кезеңдерден биік жері мен құлау шенінен өткен. О.Шпенглер мәдениетті сегіз түрге бөлген.Олар өзінің өмір сүру кезінде бірнеше кезеңдерден өтіп,жоғалып, өркениетке айналады. Мәдениеттің өркениетке айналу процесінде өнерлік жұмыстар азайып механикалық жұмыс көбейеді. Освальд Шпенглер (1880-1936)-немістің философы, идеалисі, мәдедиеттің сыншысы, тарихшы, публист. Оның шығармаларының  бірі « Закат Европы » еңбегі өте белгілі болды. Өркениет ол мемлекеттер мен халықтардың материалдық құндылықтарын, рухани және әлеуметтік жағдайларын белгілі бір тарихи кезеңде анықтайды. Кез-келген өркениет жалпы халықтық техналогияның ғана қасиетін емес сонымен біргемәдениетті түсіндіреді.Өркениеттің қасиеті халықтың рухы, қарым-қатынасы,жан дүниесі,сенімі,яғни философияны құратын,ерекше өмірлік ұстанымы,өмір сүру салты. Осындай өмір сүру салты халықтың өркениетін топтастырады, оның бірігушілік, бейбітшілік өмір сүруіне кепілдік береді және тарихта дамуын қамтамасыз етеді. Европпаның қайта туу кезінде өркениет жаңа бағытта дами бастады, ол жаңа құндылықтардың негізі болды. Оның түсінігіне табиғатқа адамның көз қарасы,оның қауымдық өмірі,прогреске деген талпынысы,қызметтік пішімнің өзгеруі қосылды.Оның негізі адамның ақыл ойынан құралды.Өркениеттің географиялық бойынша екіге бөлуге болады: Шығыс өркениеті және батыс өркениеті.                                                                                                             Шығыс өркениеті мен мәдениеті. Тарихшылар өркениет пен мәдениетті былай қарастырады оларды мемлекетке немесе топталған елдерге әртүрлі деңгейде дамыған және әртүрлі тарихи кезеңдері.Солардың ішіндегі өрениеттерг Ежелгі Үнді, Қытай, Вавилон, Египет және де шығыстың мұсылмандық мемлекеттері. Шығыстың өркениеті Азияның және Африканың көптеген халықтары әртүрлі тілдегі,әртүрлі діндегі  халықтарын біріктіреді. Олар әлемдік өркениеттің дамуына өз үлестерін қосты. Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық-билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет.Египеттің жоғарғы өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды,ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері-перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды.Фараондар құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» ұлымын деп жариялады. «Ра» күн құдайы. Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Б.з.б III-II ғ. құдай- патшаларға арналған құрылыстар- пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы Осиристің әрі қарындасы, әрі әйелі –Исида болды. Ай құдайы екінші жағынан жазу құдайы болып саналса, ал Маат- шындық пен тәртіптің құдайына айналды. Египет мәдениеті- сан-салалы мәдениет. Солардың бірі-біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар- құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Б.з.б. екі мыңыншы жылдыққа жататын ең көне әдеби мұралардың кейбіреулері сақталып қалған, бірақ ғалымдардың пікірінше, бұлардан да көне әдеби мұралар болғандығы ақиқат. Египеттің көркем әдебиетінің түрлі жанрлары болған. Олар: патшалар мен ұлы даналардың өз балаларына арналған нақыл сөздері, түрлі тақырыптарды қамтитын әңгімелер және т.б. Көне Египет әдебиетінің тамаша туындыларының бірі- «Өмірден түңілген адамның өз жанымен сұхбаты» деп аталады. Бұл қалада «Әлемнің жеті кереметінің « бірі – атақты Александрия шырағы саланды.

Қытай мәдениеті космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты іс-әрекетке шақырады, өйткені адамның әрбір іс-әрекеті ,тіпті оның шығармашылық қасиеттері де Аспанға, оның құдіретіне тікелей байланысты. Қытай мәдениеті, қытай өнері даналық өмірлік қағидалар мен терең философиялық идеяларды өз бойына сіңіре білген өзіндік бет-бейнесі бар ерекше мәдениет. Қытай халқының мәдени туындыларында адамзатты қоршаған дүние әсемдігі мен табиғат үйлесімділігі тамаша көрініс тапқан. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі- Үнді мемлекетінде қалыптасқан өркендеген үнді-будда мәдениеті.Үнді- будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыс байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай жазады:     «Үнді мәдениеті – жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәденит, бірақ олардың филрософиясы дінмен сабақтас, өзара тығыс байланыста болып келеді.Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтанда да болар, ведалар- діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады».

 Батыс өркениеті мен мәдениеті. Батыс өркениетіне Ежелгі Греция және Рим. Ұлы державалары орта ғасырларыдағы Англия,Франция,Испания,Италия және кейінрек Германия,Австро-Венгрия, АҚШ.

XIX ғ. со ңғы ширегінде Тигр және Ефрит (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналды бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамуының қайнар бұлағы деп дәріптелді. Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Шумерлер адамзат тағдырын шешетін 50-ден астам құдай бар деп есептеген. Олардың біразының аты белгілі: Ан, Ан-Ки, Ан-Лил, Ереш-қигал, Инанна, Нурур-Саг,Мама, Мами, Уту, Марту, Ие, Мардук, Шамаш және т.б. Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон болды. Б.з.б V ғ. Вавилонда астрологиялық мектептер болған, ал жұлдыздардың өзара қашықтығын көрсететін таблицалар күні бүгінге дейін сақталған.Кейінгі ғасырларда Вавилонның қуаты мен саяси маңызы адамдардың ең ежелгі және ұлы мәдениеттерінің бірін гүлдендіріп, одан әрі дамыту ассириялықтардың үлесіне тиді. Олар Вавилонның дінін, мәдениеті мен өнерін қабылдап, оны одан әрі дамытты. Ғалымдар Ассирия патшасы ашшурбанилпал (б.з.д. 665-635) сарайының қирандыларынан бірнеше ондаған мың сына жазу тексті, соның ішінде вавилон әдебиетінің аса құнды шығармалар бар кітапхана тапты. Шығыс елдерінің ішінде гі ең әйгілі, ең бай бұл кітапханада вавилондық әдеби шығармалармен қатар, заңдар жинағы, тарихи туындылар мен ғылыми еңбектер де жинақталған. Ассирияның алдағы Азиядағы үстемдігі тым ұзаққа созылған жоқ, б.з.д. VI ғ. Вавилон мен Ассирияның орнын қуатты Иран империясы басты. Иран өркениетің тірегі-зороастризм діні болды. Зороастризм тек қана діни наным-сенім жүесі ғана емес, сонымен қатар философиялық, дүниетанымдық жүйе болып табылды. Иран өркениетінің тағы бір жетістігі –ондағы ескі парсылық сына жазуы.

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес жетпес мәдени құндылықтармен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуроппаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына , композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында- поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта , кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидит, Демокрит, Платон, Аристотель, сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды. Б.з.д. II-мықжылдықтарда Грекия мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атады. Грек аңыздарына қарағанда Крит- ұлы жебеуші найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Ежелгі Грекия мәдениетің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен – Гомер кезеңі (б.з.д. XI-VIII ғ.) деп аталды. Б.з.д. VIII ғ. туған «Илиада» мен «Одиссея» дастандары. Бұл кезеңнің мүсін өнеріне тән нәрсе –құдайларға сыйға тартуға арнайы жасалынғапһн қыш немесе қола мүсіншілер. Демек , б.з.д. I-мыңжылдықтың алғашқы ғасырларда өнер салссында көркемдік кәсіп –керамика жетекші орын алды. Гомер дәуірінде мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін басынан кешіргенмен де, дәл осы тұста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің гүлденуіне қолайлы алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек. Грекияның мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д. VII-VI ғ. аралығын қамтиды.  Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру – ұлы отаршылдық кезеңі, бұл- құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық – саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі. Дәуір басында-ақ,әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Әлемнің жеті кереметінің бірі Артемида ғибадатханасы-Артемиданың құрметіне салынды. Антикалық сәулет өнерінің шыңы- ежелгі заманның өзінде –ақ дорийлік стильдің ең тамаша ескерткіші деп танылған Парфесон сарайы еді. Өзіндік сипаты бар архаикалық мәдениет дүниежүзілік мәдениетте айрықша рөл атқарған Эллада тарихындағы жаңа кезеңге- классикалық гүлдену дәуіріне даңғыл жол ашып берді.  Б.з.д. грек-парсы соғыстары (500-449 ж) ежелгі грекияның тарихында бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениеттінің классикалық кезеңі басталды. Классикалық грек трагедиясының негізін салушы- ұлы Эсхил (б.з.д. 525-456 ж.) болды. Эсхил трагедияларында шындық, әділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары одан әрі айқындалып, азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілігі, өз еліне деген сүйіспеншілік бірінші орынға шықты. Б.з.д. V-IV ғ. жасалған сәулетшілердің, мүсіншілер мен суретшілердің даңқты өнер туындылары кейінгі ғасырларда да үлгі-өнеге алуға лайық болды, сондықтан да оларды классикалық мұра, яғни үлгі деп есептейміз. Қорыта келгенде, классикалық дәуір өнерінің басты жеңісі, адамның архаика өнірінің шарттылығынан құтылған тәуелсіз, табиғи қалпын бере білу шеберлігі болып табылады. Эллинизм (б.з.д. IV ғ. аяғы-б.з. I ғ.) – ертедегі грек құлиеленушілік қоғамының соңғы, аяқталған кезең болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Македонскийдің (б.з.д. 356-323 ж.) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланыста болды. Сауданың қаулап өсуі, әсіресе Шығыста жаңа қалалардың дүниеге келуіне зор ықпал етті. Грекияның сан ғасырлар бойы жинақталған мәдени жемістерінің шығыс өркениетімен өзара ұштасуының зор тарихи маңызы бар. Бұл дәуірдегі ғылыми жаңалықтардың басым көпшілігін Александрия ғалымдары ашты. Мысалы, Эвклид геометрияның бастауы туралы еңбек жазды, Гиппарх іргелі жұлдыз каталогын құрастырды, географ Эратосфен жер шеңберін біршама анықтады, астроном Аристрих Самоский тұңғыш рет мен планеталар күнді айналады деп данышпандық болжам айтқан. Ең бастысы- Александрияда дүние жүзіндегі кітаптардың басым көпшілігі шығарылды, дәлірек айтқанда, ғылымның барлық саласынан шығармалар жинақталған 700 мың папирус орамы бар әйгілі кітапхана орналасты. Қорыта келгенде, ежелгі грек мәдениетінің шұғыласы антика өркениетінен анағұрлым кеш пайда болып, ғасырлыр бойы өз сәулесін түсіріп келеді. Дәл осы тұстан бастап қазіргі Италия мемлекетінің жері көне мәдениеттің орталығына айналды. Сөйтіп антика өнерінің жаңа тарауы болып есептелетін Ежелгі Рим мәдениеті басталды. Дүниежүзілік өркениетте гректердің де, римдіктердің де қосқан үлесі ұшан теңіз, бұл ұлы халықтардың бірін-бірі толықтырып отырды. Римдіктердің табиғи шығармашылық даналықтары сәулет өнері ескерткіштерінде мейлінше байқалады. Рим сәулетшілері ғимараттарың өзіндік ерекшелігі, олардың мемлекет қажеттілігін ескертіп салуы болатын. Рим әдебиетіне келетін болсақ, бұл салада грек әдебиетінің  ықпалы зор болды. Бұл дәуірдің ең дарынды жазушылары, прозаның шеберлері Варрон мен Цицерон болды. Империя заманында императорлар гладиаторлар шайқасы үшін орасан зор мамфитатрларт салғызды. Солардың ішіндегі ең ірісі Римде б. ғ-дың 75-80 жылдары және орта ғасырларда салынган Колизей.Колезей құрлысының негізін арқалар мен итарқа күмбез құйяды. Грекия сәулет өнеріне колоналар қандай тән болса, Рим сәулет өнеріне бұлар да сондай жарасымды. Шығыс Рим империясы, Византия империясы деген атпен атпен 1453 жылға дейін өмір сүрді, бұл христиандық бағыттағы грек мәдениетінің заңды жалғасы болды. Ал Батыс Рим империясы германдықтардың соққысынан 476 ж. құлады. XI-XII ғ. бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғ. Италияда Балон құқық мектебінің негізінде Балон университеті (1038 ж.) ашылды. XII ғ. Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады. Англияда Оксфорд университеті (1167 ж.), ал одан кейін Кембриж университеті (1209 ж.)- ортағасырлық білім ордаларына айналды. Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны- Париж университеті (1160 ж.). Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді. XIII  ғ. Ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі- Робин Гуд жайындағы балладалар. Италия әдебиетінде итальян тілінде жазылған жырлар балладалар, сонеттер басым болып келеді. Францияда қала мәдениеті XI-XII ғ. туындады.Қаланың халық көп жиналатын алаңдарында актерлер, акробаттар, аң үретушілер, музыканттар және әншілер жаппай өнер көрсететін. Театр өнері Англияда да қанат жайды. Ең бастысы театр қойлымдарды XIII ғ. бастап ағылшын тілінде жүргізіле бастады.

Қоғам -әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің байланыс нысандары. Яғни, қоғам ұғымындағы негізгі мәселе –адам және оның ұйымдасу нысандары , бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтері бар: 1)Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл- мәдениттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнын тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті». Адамға ең қиыны- адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы таңдауы. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүлделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.2) Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар- салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін мен өнер ,білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзінлдік санасының жанды буынына айналды.3) Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет- міндетінің сан алуан қыры бар. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалоктың түрін жасап , оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы- жақсылық пен жамандықты айырамыз. 4) Реттеу қызметі. Мәдениет- жабулы қазан емес. Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшелігі бар. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалға, үлгіге көбірек көңіл бөледі. Мәдени ұғымдарда нормативтік,ережелік талаптар басымырақ.Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. 5) Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы- әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілермен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды. Мәдени болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз.

Өркениет заманы адам өміріне машинаның жан-жақты енуімен, тіпті адам ның руханилығының құндылығын кеміп, оның осы машинаның тетігіне айналған көріністерімен айқындалып тұр. Н.А.Бердяев бұл туралы былай дегкн: «Өмір органикалық сипатын жоғалтып, табиғи тербелістермен байланысынан айырылады. Адам мен табиғаттың ортасына, адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдар қойылған… Өркениеттің негізі енді табиғилық та, руханилық та болмай қалды, оның негізі- машиналық». Әрине өркениет адам өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғарғы деңгейіне көтерді. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениетте бар. Адам о баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмысынан тысқарыға ұмтылады. Бұл тәсілдемелік қағида мәдениет құбылысының мәнін ашуға көмектеседі.Мәдениет –адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.