Іргелес жатқан территориялық табиғат кешендерінің сан және сапа көрсеткіштерінің өзгерістері байқалатын кеңістікті шекара дейді. Сондықтан бұлар жөнінде ғалымдар арасындағы пікір таласы толастар емсс. Н.А.Солицев бастаған ғалымдар тобы жас территориялық табиғат кешендерінің шекаралары уақыт өткен сайын өзгеріп отырады деген пікірді қостайды. Кандай да территориялық табиғат кешені болып өзінің пайда болған күнінен бастап ақ зат, энергия және басқалардың алмасу процесінде іргелес жатқан кешендермен әрекеттесіп отырады демек, олардың межелес бөліктерінде айырма белгілеріне қарағанда ортақ қасиепері басым боп келеді деп тұжырымдайды. С.В.Калсесник, Д.Л.Арманд бастаған ғалымдар төменгі сатыдағы территориялық табиғат кешендері сызықты, әрі өтпелі, ал жоғары сатыдағылары, әсіресе географиялық зоналар, көбіне өтпелі шекарамен межеленеді деген пікірді уағыздан келеді. Соңғылары климаттық белгілер бойынша шектелуі жиі байқалады деген қорытынды жасайды.
Көпжылдық ғылыми зертіеулер территориялық таби ғат кешендерінің шекаралары зоналық және азоналық фактордардың, қатар әрекет етуі нәтижесінде қалыптасатын дәлелдеп отыр. Әрбір нақтылы жағдайда белгілі бір фактордың шешуші рөл атқаруы мүмкін. Бірақ бір ғана фактордың әсері нәтижесінде қалыптасатын территориялық табиғат кешені мүлде сирек кездеседі, демек, шекара тіпті бір кешенің өзінде әр түрлі жолмен қалыптасады. Мысалы, Іле тауаралық жазығы ландшафтысының| Іле Алатауы мен Сөгеті тауіші жазығына ұласқан бөліктері өтпелі, ал Капшағай тауларымен көмкерілген бөліктері (күнгей бөлігі.) айқын байқалатын шекарамен межеленеді.
Территориялық табиғат кешендерінің құрамдас бөлік-тері бірімен-бірі тығыз байланысты. Олар үнемі өзара әрекеттесіп отырады. Бір құрамдас бөліктің өзгеруі міндет түрде екіншісінің өзгеруін туғызады. Белгілі бір территориялық табиғат кешенінің шекарасындағы өзгеріс геологиялық құрылысы, жер бедері, климат, топырақ, өсімдіктер жамылғысы, жануарлар дүниесі шекарасының өзгерістері арқылы сипатталады. Басқаша айтқанда, территориялық табиғат кешенінің шекарасы жеке құрамдас бөліктер шекарасының заңды үйлесімінен құралады. Алайда әрбір құрамдас бөлігі өз зандылығы бойынша өзіндік ерекшелігі бар кеңістік ауқымымен межеленеді. Климаттық, гидрологиялық және зоогеографиялық құрамдас бөліктердің шекарасы өтпелі, геоботаникалық фактор мен топырақтың түзілуіне байланысты қалыптасатын шекарасы өтпелі әрі сызықты, ал геологиялық және геоморфологиялық факторларға байланысты шекарасы сызықты бөлып келеді. Өтпелі шекараны да, сызықты шекараны да Батыс Қазақстан жерінен айқын көруге болады.
Оралдан Атырауға қарай жүрген кісі дала, шөлейт және шөл зоналарының территориялық табиғат кешендерін басып етеді. Олардың шекаралары климаттық белдеу арқылы межеленгендіктен, жай көзге ешқандай байқалмайды.
Шекаралар территориялық табиғат кешендерінің да-муына, әсіресе жеке құрамдас бөліктің өзгеру жылдамдығына байланысты болады. Табиғатга барлық құрамдас бөліктер бірдей жылдамдықпен өзгермейді. Ғылыми зерттеулер жер беті геологиялық құрылысы мен жер бедсерінін, өте баяу өзгеретінін дәлелдеп отыр Ал өте тез өзгеретін құрамдас бөлікке климат жағдайы жатады. Онық өзгеруі күн сәулесі сияқты сыртқы күші әсерлерімен бірге территориялық табиғат кешенінің құрамдас бөліктерінің әрекетіне де байланысты. Климат езгерістері ез кезегінде гидро логиялық, биогеографиялық прцестерді, топырақтың түзілу жолдарын өзгертеді. Адам әрекетіне байланысты көбіне өсімктер жамылғысы мен жануарлар дүниесінің ареалдары, жер бедері, езендер мен көлдер және олардың гидрологиялық режимдері өзгереді. Осылай жеке құрамдас бөліктердің түрлі дәрежеде, әр түрлі ауқымда, әр түрлі қарқында өзгеруіне байланысты территориялық табиғат кешендері шекарасының айқындаушы белгілері көмескіленіп кетеді.
Территориялық табиғат кешендерінің бірнеше сатылы морфологиялық құрылымдық және таксономиялық бірлік жүйесін құрайтыны мәлім. Олардың қай-қайсысы болсын фацияның занды түрде тізбектелген тіркестерінен құралады. Фация жаратылысына қарай жер бедерінің жеке элементтерінде, немесе микропішіндерінде қалыптасқандықтан, оның шекарасы, сөз жоқ, литогенді негіз бойынша межеленеді де, айқын байқалады. Ал морфологиялық құрылымдық немесе таксономиялық дәрежедегі территориялық табиғат кешендері өзінің құрамындағы фациялардың сан қатынасына, тіркестік сипатына, т.б. байланысты әрі өтпелі, әрі сызықты шекаралармен межеленеді. Шекаралардың қандай түрі болсын нақтылы жерлердегі жаратылыс жағдайларының ерекшелігіне қарай түзу немесе ирек сызықты болып келуі мүмкін.
Территориялық табиғат кешеидері ауқымды болғандықтан олардың төменгі және жоғарғы шекаралары болу керек. Осы кезге дейін айтылып жүрген пікірлердің ішінен Ф.Н.Мильконың тұжырымдарына тоқтала кеткен жөн. Ол территориялық табиғат кешендерінің төменгі және жоғарғы шекараларын зат және энергетикалық құрамдас бөліктердің тікелей әрекет етуінен байқалатын географиялық қабық бөлігімен (дандшафттық сфера) мәжелеу керек дейді