Мектепте инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану туралым

Елімізде болып жатқан жаңаша түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық потенциалын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында: “Қазіргі мектептердің, біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық игіліктердің сақтау; екіншіден, қоғамның интелектуалдық қуатын жетілдіру, еліміздің материалдық – қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет” – деп атап көрсетілуі мұғалім іс-әрекетіне жаңа бағыт сілтейді [1]. Бұл заңда қазіргі кезеңде мұғалімдердің біліктілігін жетілдірумен қатар, кәсіби қызметтің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.

Ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қазіргі қоғамызда әр мұғалімөз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек. Сонымен қатар, оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім – оқушы арасындағы қарым-қатынас, жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.

Қоғамды демократияландыру мен ізгілендіру экономика, құқық және т.б. салаларға өзгерістер әкеліп қана қоймай, мектептегі білім беру ісіне де әсер ететіні сөзсіз. Бұл білім беруді ізгілендіруді, қазіргі мектептердегі білім беру ісіне де әсер ететіні сөзсіз. Бұл білім беруді ізгілендіруді, қазіргі мектептердегі білім берудің мақсаттық бағдарларының өзгеруін талап етіп, басты орынға оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетімен оқуға деген ынтасын қалыптастыру мақсаттарын қояды. Әрине, мұны қойылған мақсатқа толық жетуді қамтамасыз ететін педагогикалық технологиясыз, мектептерде орнығып алған түсіндіру және қайта айтқызудан тұратын продуктивті оқумен шешу мүмкін емес. Сондықтан мұғалімдердің оқытудың қазіргі педагогикалық технологияларының мән-мағынасын түсініп, оны өз тәжірибелерінде қолдана білудің маңызы зор.

Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А. Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық теориясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі мен сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, жоғары ақпараттық коммуникациялық технологиялар және тағы басқа да технологиялар кеңінен қолданыс табуда.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған инновациялық оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуда.

Оқытудың инновациялық педагогикалық технологиясы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:

  • адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
  • өзіне және өзімен — өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
  • іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы;
  • айналадағы қоршаған әлемді және өзін-өзі жете түсінуі;
  • қажеттілік жүйесі:
  • шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
  • сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т.б. [2].

Мектеп тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп, инновациялық технологияларды пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Бірақ, олардың пікірінше, жаңашыл әдіс – тәсілдерді іс жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық процестерді бір жүйеге келтіріп, оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудырады.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің маңызды рөлі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.

Бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарасақ, оқыту ісі тек сабақ беру ғана емес,оқытудың басты міндеті – мұғалімнің білім беруі және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екендігін көреміз. Өскелең заман әрбір оқушының жеке тұлға ретінде тәрбиелеуін қажет етуде. Сондықтан әрбір пәнді оқытқанда, оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың маңызы зор.

Оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар орындаудың маңызы зор.

Сонымен төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

  • егер оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың қабілетіне қарай шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар берілсе;
  • егер әрбір сабақты түрлендіріп, жаңа әдіс-тәсілдермен, дәстүрлі емес формада өткізсе;
  • оқу – тәрбие үрдісіне инновациялық педагогикалық технологиясы ендірілсе, онда оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылықтары артады;
  • оқушының пәнге қызығушылығының артуы оқушының үлгерім көрсеткішіне тікелей әсер етеді.

Демек, қорыта айтқанда, бастауыш мектептің оқу – тәрбие процесінде инновациялық педагогикалықтехнологияны оқушыны дамыту құралы ретінде пайдалануға болады.

Әдебиеттер

1.ҚР “Білім туралы” заңы.Астана,2007

  1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. Москва, 1998

Резюме

В статье речь идет о том, что инновационные педагогические технологии являются средством развития учащихся начальных классов.

Summary

In this article, there is considered the effectiveness of new technologies in teaching and developing secondaryschool children ‘s knowledge l egree.