Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау

Терең ұңғымаларды бұрғылау практикасы көрсеткендей бақытсыз оқиғалардың бір себебі болып ұңғыманы тұрғызуда технология мен техниканың жеткіліксіздігі болып табылады.

Ол үшін жобада келесі жағдайлар қарастырылады:

— мұнай-газ білінуін ескерту;

— мүмкін басқа шиеленістерді ескерту;

— ұңғыма тұрғызуда апат болдырмау үшін жағдай жасау.

Бұрғылау жұмыстарына дайындықтан бастап оны пайдалануға беруге дейінгі цикл ішінде бұрғылау бригадасының жұмысшыларына және басқа да жұмыстарды жүргізу үшін шақырылған бригадаларға (монтаждау, цементтеу, қабат сынағыш) әр түрлі қауіп түрлері төнеді. Осы қауіп көздерін бірнеше топқа бөлуге болады:

Бірінші топқа әр түрлі ауырлықтарды қозғалту-көтеруге байланысты қауіптерді жатқызуға болады. Бұрғылау процессі кезінде бұрғылау бригадасына әр түрлі ауырлықтағы, көлемдегі, өлшемдермен жұмыс жасауға тура келеді. Мысалы: ұңғыға бұрғылау, шегендеу құбырларын көтеріп-түсіру, қашаулар, қабатсынағыштар, түптік қозғалтқыштар және т.б. Құбыр тасығыш көліктерден бұрғылау қондырғыларының көпірлеріне жеткізу, свечаларды свеча жинағышқа жинау. Әрине бұл аталған жұмыстардың бәрі ауыр салмақтармен байланысты, сондықтан жұмыс істеу барысында осылардың біреу адам үстіне түсіп немесе басып қалатын болса ауыр жарақатқа әкеліп соғады.

Бұрғылау құбырлары жиналып тұрған мұнара үлкен желкенділікке ие. Сондықтан қатты жел тұрғанда мұнара жан-жағына дұрыс немесе жақсы бекітілмеген болса аударылып құлауы мүмкін.

Екінші топқа айналу механизмдерімен болатын қауіп түрлері жатады. Мысалы: ротор, лебедка, сораптар, трансмиссия, механикалық араластырғыш және т.б. егер олар керегінше қорғалып, жабылып тұрмаса.

Үшінші топқа үлкен қысымдармен немесе жұмыс істеу барысында үлкен діріл тудыратын қондырғы тораптарымен болатын қауіптерді жатқызуға болады. Мысалы: бұрғылау және цементтеу сораптар, компрессорлар, үлкен қысымды құбар желілері, сағалық жабдықтар, бұрғылау шлангалары және т.б. Осыған құбыр сыртында болатын мұнай-газ атқылаулары және грифондарды да жатқызуға болады.

Төртінші топқа дисперсті матеиалдармен, химиялық реагенттермен жұмыс істеу кезінде қауіптерді жатқызуға болады. Мысалы: цемент, саз, химиялық қоспалар ұнтақтары. Бұл шаңдар адамның тыныс алу жолдарына, бет дене терілеріне немесе көзіне түсетін болса ағзаға үлкен зиянын тигізеді (улану, тітіркену, күйю және т.б.). Бұндай қауіптерге бұрғылау кезінде ұңғыдан жуу сұйығы арқылы шығатын күкіртсутегі  көміртегі  газ тәрізді көмірсутектерін де жатқызуға болады. Уланудың тағы бір қауіпі болып қозғалтқыштардың жанған газы мен газ тәрізді көмірсутектермен ұзақ уақыт бойы тыныс алу салдарынан есеңіреу болып табылады.

Бесінші топқа өрттің салдарынан болатын қауіптер жатады. Ұңғыдан мұнай-газ, газ тәрізді көмірсутек білінуі кезінде болатын жарылыстар мен өрттер.

Олардың ауадағы қоспасы нормадан асып кеткен жағдайда немесе техника қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда орасан зор адамдардың және материалдық шығынға әкеліп соқтырады.

Қауіптің тағы бір көзіне жоғары вольтті тоқ көздерін жатқызуға болады. Мысалы: электр қозғалтқыштары, трансформаторлар, электр желілері. Бұрғылау себептерден болуы мүмкін. Оларға мыналар жатады: мұнай өнімдері мен жуу сұйықтарының қондырғы еденіне, баспалдақ, көпірлерге төгілуінен болатын қауіптер. Жоғары температуралы сұйықтар мен тұрғын үйлерді жылыту қондырғыларымен болатын қауіптер, жұмыс орындарының жеткіліксіз жарықтандырылуы, қатты дыбыстардың үздіксіз шығып тұруы, қыстасыз салқын, жаздағы ыстық, жұмыс орнында алкогольді ішімдік пайдалану, өндірістік тәртіптің және техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы білімнің төмен болуы.

Қорғаныс шаралары

Жалпылама шаралар

Осы жобаның бірінші бөлімінде көрсетілгендей ауа райының жылулығы жазғытұрым және жаз айларында +40 0С-ге дейін көтеріледі, ал күзгі және қысқы айларында -30 0С-қа дейін төмендейді. Жел дауылы жиі болып, оның жылдамдығы 5 м/с-тан 15 м/с-қа дейін өзгеріп отырады.

Осы көрсетілген факторлардың адам денесіне тигізетін еңбек қорғау тұрғысынан қолайсыз әсерлерінің алдын алып оларды болдырмау үшін, біздің жобамыз бойынша мұнара мен діңгекті арқанмен, инженерлі-техникалық талаптарға сәйкес керіп бекіту қарастырылады.

Бұрғы қондырғысының, жұмыс алаңының биіктігі еденнен 6 метрден кем болмай қапталуы керек.

Жазғы кезеңде бұрғышының жұмыс орнына ыстықтан қорғау үшін арнайы қалқан қояды.

Жұмыскер адамның қауіпсіздікпен зияндылық талабына сәйкес жазғы және қысқы арнаулы киімдер және құрал, саймандармен қамтамасыз етіледі.

Ауданның географиясы бірінші бөлімде суреттелген. Ол шөл ауданында орналасқан жаздың, аласа төбелі болып келген.

Біздің жобамыз бойынша бұрғы қондырғысы жерге еніп, төмендеп кеткен қауіпті жағдай болдырмау үшін жалпақ құбырлар бөлігінен жасалған іргетас қойылып бекітіледі. Демонтаж кезінде іргетастар алынып басқа жерге тасымалданады.

Көктемге қардың тез еруі және күзгі жаңбырдың болуына байланысты су тасқындарынан жұмыс алаңы мен келетін шығатын жолдары сақтау үшін, алаңның айналасында, жолдардың қатарында арнаулы су жүретін арықтар жүргізіледі. 

Өндірістік санитария

Жалпылама шаралар

 Кейбір өндірістік проценттер жоғары және дірілмен сипатталынады. Дыбыстың нормаланатын параметрлері дыбыстың орта квадраттық қысымы болады. Желдетудің талаптары бойынша мұнай шығаратын обьектілерінде, компрессорлық станцияларында жиналған газда күкірт-сутегі болғанда оны жалпы алмасу желдетуімен шығарады.

Көбінесе, төменгі зонада керек кездерде зиянды газдардың көзінің қасында желдетуді қолданады.

Кен орны жұмыскерлерін ішетін сумен жабдықтау керек, оны қақпағы тығыз отырғызылған резервуарларда сақтайды.

  1. Сыйымдылығы шамамен 30-40л.
  2. Ішетін судың температурасы 200С-тан

3.Тәулігіне 1 рет суды ауыстыру керек.

4.Сменада бір адамға 2-3л су болу керек.

Сумен жабдықтайтын персональды ай сайын медициналық тексеруден өткізіледі.

Бұлақ-Кемір алаңындағы жұмыскерлердің саны 80-ге дейін жеткенде здравпунктті ашады және бір дәрігер қабылданады. Бұрғылау қондырғыларында апатқа ұшыраған адамға бірінші көмек көрсету үшін жеке аптечка болу керек. Аптечка сақталатын бөлмелер жарық болу керек.

Бұлақ-Кемір кен орынының жұмыскерлеріне санитралық-тұрмыстық ғимараттар арналады: гардеробтық, душтық, құрғатқыш, асхана, жылыту және демалу үшін бөлмелер.

Өндірістік шағын климат

Шағын климатты сипаттайтын көрсеткіштер:

  1. Ауа температурасы;
  2. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы;
  3. Ауа қозғалысының жылдамдығы;
  4. Жылулықтың интенсивтілігі;

Басқа жұмыс орындарында микроклиматтың оптимальді нормалары белгіленген тәртіп бойынша салалық құжаттамаларға сәйкес болуы керек.

Жұмыс зонасындағы температура әртүрлі биіктікте және әртүрлі аймақта шекті нормадан аспауы керек.

Микроклиматтың оптимальді және шекті көрсеткіштерін орнату кезінде жыл периоды да ескерілуі керек, демек, салқын период кезінде жұмыс орнын радиациялық салқындатудан қорғау керек, ал жылы периодта күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғау керек.

Өндірістік жарықтама

Жұмыс орындарының жарықтығы жұмысын дәлдік дәрежесіне байланысты, сонда дәлдігі жоғары орындарда 25 лк төмен болмау керек.

Бөлмелерді жалпы электр қуатымен жарық беру үшін НОБ түрлі лампаларды қолданады. Жарық беретін қондырғының есебін ең кіші жарықты беруге есептейді.Мұнай өндірісінде қолданылатын бұрғы қондырғыларында ФВН-14 жарықбергіштер қолданылады. Оларды тек қана жарылуға қарсы түрде, магниттік қуаттары 50; 40; 12 Вт шығарады. 6м биіктікте мұнараның аяқтарында 4 жарықбергіш орнатылады (53м, көлбеуі 450-500 мұнара үшін) ФВН-64-1 түрлі шағылдырғышы бар, шығырдан 4м биіктікте және мұнараның екі аяғында 2,5м биіктікте орнады.

Барлық жарық берушілерде шағылдырғыштары болады. Лампалардың қуатын жарық беру үшін есептегенде есепке запас коэфициентін алу керек, себебі олар кірлеу мүмкін, шамамен 1,31,7.

Мұнарада ең кіші алаң 12м2.

Керекті жарық – 25лк.

Бұл жарыққа керек меншікті қуат, ілінудің биіктігі 2-3м болғанда – 12вт/м2,запас коэфициенті – 1,5.

Жарық берушілерді айына бір рет тазалау 2,5 биіктікте 2 лампаны, қуаты әр біреуінен 100вт болса, сонда

 Вт/м2   Мұндағы: лампалардың сомалық қуаты,Вт

жарыққа жататын алаң,м2

Вт/м2        

Мұнарада қондырылған светильниктер ФВН-64-1 жалпы жарық беру үшін

және қосымша болып саналады. Жұмыс орнының жарығын белгілейік

Вт/м2                                                                                        (3.2)

Мұндағы: жарық сәулесі, лк

запас коэфициенті

жарық түсетін алаң,м2

жарық беруші көздердің саны.

ФВН-64-1 жарықбергіштердің сәулесі 500 лк.

Жоғары жарық берушілердің сәулесі:

Төмен жарық берушілердің сәулесі:

Ұңғының сағасына түсетін сомалық жарық

Жұмыс орнының жарығы нормадан 3,4 есе асып тұр.

СНиП ІІ-4–89 құжаты негізінде табиғи емес жарықтандыру шарттары өнеркәсіптік кәсіпорындарда көз жұмысын талап ететін жұмыстарға, адамдардың физикалық және моральдік көңіл-күйіне көп әсер етеді.

Эвакуациялық жарықтану, адамнның қауіпті деген өтетін жерлеріне орналасады, ол өтетін жолдардың еденінде, баспалдақтарда орналасады, оның деңгейі ғимарат ішінде 0,1лк, ал ашық территорияда 0,2 лк болу керек.

Техника қауіпсіздігі

Ұңғыма құрылыс циклы кезінде жүргізілетін барлық жұмыстар “Құрылыс нормалары және ережелері”, құжаттарына сәйкес жасалуы тиіс. Осы нормалар мен ережелерге сәйкес әр кәсіпорын жергілікті жағдайларға байланысты, әр мамандық иелеріне, жұмыс түріне байланысты өндірістік ереже жасауы тиіс.

Бұрғылау жұмыстарын қауіпсіз, адам және материалдық шығынсыз аз уақытта сәтті аяқтау үшін төмендегідей техника және өртке қарсы қауіпсіздік шараларын жүргізуіміз керек.

  1. Бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін тек барлық тетіктері толық жұмыс істейтін бұрғылау қондырғысын пайдалануымыз керек. Мұнараны жан-жағынан тартып тұратын болат арқандар диаметрі, үзілуге беріктігі, бекіту орындары сол қондырғының техникалық құжаттарына сәйкес болуы тиіс. Бұрғылау қондырғысындағы электр тоғымен байланысты қондырғылар жерлендірілген болуы тиіс. Бұрғы қондырғысын монтаждап болғаннан кейін барлық қысыммен, салмақпен жұмыс істейтін тораптарды, жұмыс істеу кезінде күтілетін максималды салмақ пен қысымнан 1.5 есе көп салмақпен қысымға тексеруіміз керек. Өрт сөндіру құралдары тиісті өрт сөндіру тақтасында жұмыс жағдайында дайын тұруы керек.

Бұрғылау жұмыстарының алдында “бұрғылау жұмыстарын басқару” әкімшілігі, Госгортехнадзор, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау инспекторларынан тұратын арнайы комиссия жұмықа рұқсат беру туралы құжаттарға қол қоюлары тиіс.

Ұңғыманы бұрғылау кезінде көбінесе абайсыздан болатын бақытсыз жағдайлар, жұмысшылардың білімінің төмен болуынан, алаңғасарлығынан, ұқыпсыздығынан, жауапсыздығынан, тәртібінің нашар болуынан болады. Сондықтан осындай бақытсыз жағдайлардың болуын азайту үшін жасалатын шаралар, бұрғылауға қатысы бар барлық жұмысшыларды екі жылда бір рет қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер бойынша емтихан тапсырып тұруы тиіс. Мұнай-газ атқылауы кезінде жасау керек іс-қимылдар туралы ережені жылына бір рет арнайы комиссия тексеріп тұруы керек.

Бұрғылау бригадасының әр жұмысшысы резина қолғаптарымен, арнайы көзілдіріктермен, респираторлармен, резинадан жасалған етіктермен, противогаздармен (егер ұңғымадан күкірт сутегі білінсе) арнайы индикатормен жабдықталуы керек. Ұңғымадан қосымша газдар шығатын болса оларды 100 м қашықтықта орналасқан факел арқылы жағып жіберу керек. Ұңғымадан жуу сұйығы арқылы сутегі білінуі басталса, оған бейтараптандырғыш қосу керек.

Бұрғылау үрдісі кезінде пайдаланатын жанар-жағармайлар жақсы бітелген сыйымдылықтарда және ол ұңғымадан 40 м алыс жерде орналасуы тиіс. Көмір негізінде жуу сұйығы қолданылса, айналым жабық жүйеде жүргізілуі тиіс.

Бұрғылау қондырғысының, сорап сарайының, баспалдақ, көпірдің үсті мұнай өнімдерімен, балшықпен бүлінсе, оны қатты қысымды ағын сумен жуу керек немесе құм себу керек.

Бұрғы қондырғысында жұмысшыларға алғашқы медициналық көмек керсету мақсатында тиісті дәрі-дәрмек болуы тиіс. Егер ұңғымадан кенеттен мұнай немесе газ атқылаулары бола бастаса, электр желілері, жүйелерін өшіру керек, от ұшқыны шығатын кез-келген қондырғыны тоқтату керек, өртке қарсы, әскери және медициналық отрядтарды шақырту керек. Ашық фонтанды тойтару үшін арнайы, апаттарды тойтару бригадалары шақырылады, қалған бұрғышылар бригадасы ұңғымаға жақындамай апаттың тойтарылуын күтеді.

Электр қауіпсіздігі

Қандай да бір өндіріс орындары болмасын , онда электр қауіпсіздігіне ерекше көңіл аударылады. Сондықтан да бұл қауіпсіздікке мән беру аса маңызды болып табылады.

Сораптың қуаты  кернеуі  қорғаушы жермен қосқышының кедергісі

Жердің меншікті кедергісі:  ылғалдылық-

Жерге қосқыш құбырдан жасалған, жерге тік бекітіледі:

Мұндағы: жермен қосқыштың ұзындығы;

жермен қосқыштың құбырының диаметрі;

жер бетінен құбырдың беліне дейінгі қашықтық;

жердің меншікті кедергісі;

Құбыр қосқыштардың саны (шамасы)

Мұндағы: мезгілдік кооэфициенті, климаттық жағдай өзгерісімен жердің кедергісінен өзгеруін есепке алатын кооэфициент;

жермен қосқыш құралдың экранмен есепке алатын кооэфициент;

деп қабылдаймыз.

Қосқыштардың бір-бірімен байланыстыру үшін құрыш таспаны қолданамыз —

Таспаның ұзындығы:

Таспаның кедергісі:

Жердің кедергісі өзгергенде есепке алып,

Толық жерге қосқыштың кедергісі:

Қорытынды – қосқыштардың саны  болуы керек.

Өрт қауіпсіздігі

Мұнай кен орнында отты қолдануға болмайды. Өндірістік ғимараттарды, мұнай шығаратын обьектілерді желдердің бағыттарымен, ауаның температурасын, ылғалдылығымен есепке алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында мәнісі зор. Обьектердің арасында ұңғыманың сағасынан мұнай жинайтын резервуарлардың араларында қашықтығы 40м жақын болмауы керек.

Су мен техникалық су өткізгіштерден жүргізіледі.

Кен орнының әрбір обьектісінде өртті басатын бірінші құралдардың кешені, көлемі 0,5м3 құм толған жәшіктері болуы керек-4 дана

ОХП-10 өрт басқыштар 4-8 дана

Күректер  4дана

Балталар 2дана

Багорлар 4дана

Өрт шелектер 2дана

Стандарт талаптары міндетті болып саналады.

Қоршаған ортаны қорғау

Қазақстан Республикасының конституциясына сай: «Өмірге мен адам денсаулығына пайдалы әрі жақсы етіп, қоршаған ортаны қорғаушы мемлекетіміз мақсат ұстанады. Өмірге және адам денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар мен фактілерді қызметтес адамдарды заңға байланысты жауап тартылады» (31-бап). Біз яғни Қазақстан Республикасының тұрғыны Конституцияға сай табиғатты сақтап және табиғи байлықтарға сақ көзбен қарауға міндеттенеміз.

Жобамен таңдап алынған объектілерді іске асырған уақытта, қоршаған

ортадағы зиян келтіретін төменде көрсетілген факторлар болуы тиіс.

  1. Ұңғыны жууға арналған сұйықтың буға айналуына байланысты улы газдар бөлінуі мүмкін.
  2. Осы сұйықтың жүретін жолдарының ашық тесігінен сыртқа төгілетін бөліктерінің жерге сіңіп өсімдіктерді құртуы.

Осы айтылған факторлардың қоршаған ортаға зиянын келтірмес үшін, біздің жобамен төмендегі шаралар бойынша:

  1. Су қоймасын бу шықпайтындай етіп бекіту керек.
  2. Су жүретін жолдардың ашық тесігі болмас үшін күнделікті бақылауда болып, уақтылы жөнделіп тұруы керек.
  3. Ұңғыны пайдаланып біткеннен кейін, су қоймасының түбіндегі тұнбаларын айналадағы ортаға зияндық келтірмейтін жерге көму керек.
  4. Олардың орнын рекультивация жасап, ұңғы ауданымен бірге бұрынғы ұңғының болмаған уақыттындағыдай табиғи түрге келтіру керек.