Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар – ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып , дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктердің дамуымен тығыз байланысты болады. Осы қаржы терминін енгізген адамын табу өте қиын , айту қиын. Бұл терминнің авторлығы 1577 жылы « республика туралы алты кітап » деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржының мәні , оның даму заңдылықтары , тауар – ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық – экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
- әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық
құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып , оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
- кез келген қоғамдық – экономикалық формацияларда қаржыбилеуші
таптың мүдделрін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
- өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін
тудырады. Мәселен , құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе , мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар – ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
- егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса , онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық – заттай факторларының фйырмашылығы , олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды , ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қардылы еңбектің және жұмсалынған күш – жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Қаржының мәні
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру , бөлу , айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуы айқындайды , өйткені өндірілген өнімдер сатып алу – сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес , қоғамдық қатынастардың барлық қатынасушылардың қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар мамандырылған еңбектің , орындалатын қызметтердің нәтижелерімен , әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда , оларды белгілі бір ақшалай баламен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі ( табысы ) жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер , қызметтердің өндірілген массасы – қоғамдық өнімнің – натуралдық – заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Сонымен қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоцияцияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бір – бірімен қолма — қол ақшасыз жасасатын есеп айырусылары ; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу ; табысты ( пайданы ) бөлу және кәсіпорындарда , фирмаларында ішкігшаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру ; мемлекеттің бюджеттің кірісіне салық төлемдерін аудару ; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу ; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма – қол ақшасыз немесе қолма – қол ақшамен есеп айырысу ретінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында – бөлуде және айырбастауда болады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.
« Қаржы » ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы , олардың ажырағысыз бөлігі , ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес , тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді , сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты. Қаржының басты белгілерінің бірі – оның оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек , қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның қозғалысымен аңғартып отырады. Қаржы тек ақша қорларының , атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да , функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама , ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі , ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге , бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатты болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында – бөлуде және айырбастауда болады.
Қаржының іс — әрекеті
Қаржының іс — әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып , іс — әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады.Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі – ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап , мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процесінің нәтижесінде құн оны құрайтын микроэлементтерге – с , v , және m – ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс құралдары құнының орны толтырылады , қызметкерлердің жалақысы төленеді және қосымша өнім алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басы өндіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынстарының мәнін және қаржы функцияларының бастауын құрайды. Сөйтіп , өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді « с » , « v » және « m » — ге сәйкес элементтерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан әрі бөлу және оны мақсаты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады.
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымдағы түседі , ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп , жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсаты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп , олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде ( материалдық өндірістік пен өндірістік емес салаларда ) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Бөлу процесі натуралдық – заттай нысанда да — өндірістік құралдары мен тұтыну предметтерінің қорларын жасаумен де , сондай – ақ ақша нысанында да – еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша қорларының қозғалысы арқылы да болып жатады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады , бірақ оның артық белгілері емес , өйткені бұл белгілер бағада да , еңбекке ақы төлеуге де , кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсаты ақша қорларының қозғалысында көруінің оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары , істің шын мәнінде , қаржы қатынастарының объектілері болып табылады. Ақша – қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында , өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер , қаржы қатынастарындағы іс – қимылдың амалдары ретінде директивалық , яғни қажетті , сөзсіз болатын , міндетті сипатты игеріп алады , мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының кқөлемі мен оның бағыттарын алдын ала қаратсыру қажеттігімен байланысты болады.
Сөйтіп , қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндікбереді , әрі қаржының өзгешелігін , ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі – қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастарының өрісін тежеп отыратын болса , қаржыға тән қор нысаны , міндетті сипаты , біржақты тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық сипаты экономикалық категория ретіндегі қаржының айрықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болады: қаржы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен , сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске , қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары. Қаржы ресурстары болмаса , қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса , мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды , өзінің әлеуметтік – экономикалық бағдармаларын , қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамассыз ете алмайды.
Қаржының функциялары және рөлі
Қаржының мәні , іс — әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес , сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын , яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын , мәннің іс – қимылдағы көрінісін , сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі , оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан – ақшаның туандайтын айырықщалықты экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономиккалық категорияның іс – қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне , оның қоғамдық , саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым – теоретиктер арасында осы күнге дейін пікірғалас тудырады.
Қазіргі уақытты қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушыларықаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында ақша нысанындағы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады , қаржының бөлгіштік сипаты оның іс — әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функциясы орындайды : бөлу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының мәні ең алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы – шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдалынатын қаржы арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылдатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны , сонымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік функциясының іс — әрекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптаатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар ( мекемелер , кәсіпорындар , бірлестіктер , мемлекет , азаматтар ) қаржылық бөлуде субъектілер болып табылады.
Қаржының көмегімен бөлгіштік процес қоғамдық өмірдің барлық сфераларында өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерінің жалпыұлттық , аумақтық , жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске бөлудің әр түрлі түрлерін – ішкішаруашылық , ішкісалалық , салааралық , аумақаралық бөліністі тудыратын көпсатылық тән.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табысты , сондай – ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін ( мысалы , айналым қаражаттаррын , мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда ) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдалынған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес , қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып , жүзеге асырады деп түсінуі керек.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс — әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді , ұлттық табысты және табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден ; табыстар мен қорланымыздарды қадыптастырудан ; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүргізілінеді:
- қаржылық – бюджетті әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
- несиелік – банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарының жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының – нормалардың , мөлшерлемелердің , тарифтердің , аударымдардың және т.б. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
- елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;
- қаржы ресурстарын маңызы зор прогресивті салалардың айрықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
- қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу , ол кәсіпорындардың әр түрлі рентабелділігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.
Қаржының бөлгіштік қасиеттері
Сөйтіп , ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді. Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесіне қатысуы бірдей емес. Алғашқы бөлу кезінде , жоғарыда атап өтілгендей , қаржы басқа экономикалық категориялармен , еңбекақымен өзара іс – қимыл жасайды. Қаржыны қолданудың негізгі сферасы – қайта бөлу , мұнда ол тектес экономикалық категориямен – кредитпен өзара іс – қимыл жасайды. Қаржының бөлгіштік функциясы аумақаралық , салааралық , ішкісалалық , ішкішаруашылықтық бөліністі қамтиды. Аумақаралық және салааралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады , бұл кезеде ақша қаражаттары шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бірінен алынып , қаржы ресурстарының жетіспеушілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік – аумақтық бірліктер мен салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрлерінің арқасында бүкіл экономиканың үйлесімді дамуына қол жетеді , бұл Қазақстан жайында түпкілікті салалардағы өндірістің дамуы үшін , сондай – ақ артта қалған аумақтарда экономика мен әлеуметтік – тұрмыстық инфроқұрылымды өрлету үшін өте – мөте көкейтесті болып табылады. Ішкісалалық және ішкішаруашылықтық қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылықтық жүргізуші субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін коммерциялық есеп пен өзін — өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.
Демек , қаржы бөлгіштік функциясы арқылы ақшалай табыстарды қалыптастыру және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің , экономикалық агенттердің экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп , бөлгіштік функция арқылы бөлу категориясы ретінде қаржының мәнің ашылады , ақша нысанындағы жиынтық қоғамдық өнімнің , оның құрамды элементтерінің қозғалысымен байланысты болатын экономикалық қатынастар айшықталады және сатып алу – сату натурадық — заттай нысандағы қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалынады.
Қорытысында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып , олардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.
Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да , түпкілікті табыстарды да қалыптастыру мен пайдалануды ортақтастырып , жүзеге асырады.
Қаржының бөлгіштік функциясы функциясының жақтаушылары бөлу арқылы қаржы ұдайы өндірістің басқа стадияларына — өндіруге , айырбастауға , тұтынуға белсенді ықпал етеді деп жорамалдайды. Мысалы , қаржы өндіріске қалыптастырылатын ақша қорларының мөлшері арқылы санмен әсер етеді : бұл қорлардың көлемін өзгерте отырып , өндіріске қалаған бағытта ықпал жасауға болады , не қолайлы қаржы жағдайларын жасау жолымен экономиканың жеке құрылымдық бөлімшелерінің дамуын тездетуге болады , не бұл өсудің қарқынын баяулатуға болады. Басқа жағынан , егер көтермелеу қорларының көлемінің өндірістің белгілі бір сапалық көрсеткіштерінің : еңбек өнімділігінің , ресурстарды үнемдеудің , қор қайтарымының және т. б. жетістіктерімен ұштастыра өндіріске сапалық әсер етуге жетуге болады. Қаржы көмегімен ұдайы өндірістің басқа сатыларында да осылайша әсер етуге болады. Сөйтіп , бөлгіштік функция арқылы қаржының ұдайы өндірістің барлық процестермен байланысты және бұл категорияның өндірістің барлық стадияларына белсенді әсер етуі бақыланып отырылады.
Қаржының бөлгіштік функциясы тұжырымдамасының жақтаушылары айқындамасындағы осал мезеті категорияның функциясы тап осы категорияның өзіндік ерекшелігін қамтып көрсетуі тиіс деген қағида болып табылады. Қарастыпылып отырған функция бөлеге қатысушы басқа экономикалық категорияларға да – бағаға да , еңбек ақыға да , кредитке де тән.
Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службаы қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде , бюджет жүйесінің кірісі және шығыс бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:
- қаржылық – шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың
кәсіпорындардың , бірлестіктердің , министірліктер мен ведомствалардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолмен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына : өнімді шығару мен өткізудің ауқымына , өзіндік құн мен рентабелділікке , еңбекке ақы төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;
- қаржылық – бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының бір бөлігін
мемлекеттік бюджетке алу арқылы , сондай – ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
- кредиттік – банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу
арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілдігі , қайтарымдылығы , ақылығы қағидаттарынан көрінеді.
Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамассыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарлардың басты элементтерінің өзара теңдестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндірске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.
Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі , мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында , ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады , бұлардың әрқайсысы ерекше , тек өзіне рөлдері орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып , баға , жалақы , кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс – қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы өндіріс цикліның басқа стадияларындағыдай сонымен бірге бөлгіштік процеске де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән әдістермен және тәсілдермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біркелкі процесіне қатыса отырып , бөлгіштік және басқа ұдайы өндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.
Жекелешендіру , мемлекет меншігін сатудан түсетін түсімдер сияқты уақытша көздер болып табылатын қаржы ресурстары олардың таусылуына қарай азаятын болады. Көздері жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері – роялти , бонустар болып келетін қаржы ресурстары артады. Еңбекке ақы төлеудің , тұтыну қорларының одан әрі өсуі қаржы ресурстарының құрамына тартылатын халық қаржыларының мөлшерінің өсуіне жеткізеді.
Мемлекеттің қаржы ресурстары көлемінің динамикасы мен құрылымның тенденциялары нарықтық қатынастарға көшу бағдармаларын жүзеге асырудың нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыру қаржы ресурстарын қалыптастырудың қарқынын тездетуге және өсуі интенсивті факторлармен шартасылған көздердің үлес салмағын көбейту бағытындағы олардың құрылымын жақсартуға жеткізетіндігін дәлелдейді.
Қаржының буындардың сипаттамасының матасылған қатары ретінде жоғары элементтері болады: қаржы қатынастары , қаржы қорлары , басқарушы аппарат. Жүйелеудің мұндай қассиеттері қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы ( басты ) элемент жүйенің басқа элементетерінің араында алдыңғы орынды алады , өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланыстағы оның рөлі айқындаушы болып табылады. Бұл бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы – қоғамдық өнімнің құнынн және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы , мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастыруымен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджетті , мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды , мемлекеттік кредитті кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджет – экономиканы , әлеуметтік – мәдени мұқтаждарды , қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің ортақтырылған қорын жасаумен және пайдалануымен байланысты ұлттық ьабысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастармен көрінетін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджет орталығы ( Қазақстанда – республикалық ) және жергілікті бюджеттерді (лблыстардың , қалалардың , аудандардың бюджеттерін ) кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдалынатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.
Қалыптастыру көздері:
- арнаулы мақсатты салықтар , қарыздар;
- бюджеттен берілетін субсидиялар;
- қосымша табыстар мен үнемделген қарж реурстары;
- ерікті жарналар және қайырмалдықтар.
Бюджеттен тыс қорлар толық көлемде ресурстарды мақсатты пайдалануды және аса маңызды әлеуметтік шараларды дер кезінде қаржыландыруды керілдендіреді; олар қаржылық қиыншылықтар жағдайында мемлекеттік билік органдары иек артатын қаржы резерві рөлін орындайды.
Мемлекеттік кредит – мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыруымен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен , соның ішінде шетелдіктермен және олардың мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.
Қаржы жүйеіне жиі сақтандыруды да жатқызады , бірақ көптеген ғалымдар оны дербес , бірақ қаржымен өзара әс — әрекет ететін категориялар деп есептейді.
Сақтандыру – шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген мүмкін болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбаыларының кірітеріндегі ысыраптарды өтеуге арналған ақша жарналары есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары араындағы тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.
Сақтандыру – айрықшылықты , өзінің буындары бар сферасы: әлеуметтік сақтанды ( барлық әдістер ) , жалпы сақтандыру , өмірді сақтандыру , жауапкершілікті сақтандыру , кәспкерлік тәуеклдерді сақтандыру және т. б.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъхектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды , материалдық өндірісте нақтылы өнім – қөғамның қаржы реурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді:
- Материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің өызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын өндірстік емес сферасының бір бөлігінің қаржысы. Коммерциялық есеп негізнде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы. Коммерциялық есеп – шаруашылықты жүргізу әдісі , оның мақсаты рентабелдік деңгейде шаруашылық жүргізуді жалғастыруға жеткілікті ең аз шығындармен ең көп табыс алу алу болып табылады.
- Коммерциялық емес сферасының қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір бас алуды мақсат етпейді. Бұл сфераны қаржыландыру үшін пайдалыфнатын қаржы ресурстары басқа да кітаптарда да қарастырылған.
Қаржы жүйесіндегі өндірістік емес сфера қаржысының орны мен рөлі оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады. Бұл сферасындағы қаржы қатынатары қаржы қатынатары оның бастапқы құрылымында және олардың арсында , қаржы жүйесінің басқа буындарының , өзге экономикалық жүйелердің : бағалардың , кредиттің және басқа буындардың арасында пайда болады.
Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы – кредит жүйесінің жалпыламаға ұғымы да бар , оған қаржы жүйесінің буындары ғана емес , сондай – ақ кредит жүйесі де кіріктіріледі.