Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан.
Батысы – Еділдің төменгі ағысы,Каспий маңы мен Тұран ойпаты.
Шығысы – Алтай таулары.
Солтүстігі – Батыс Сібір жазығы.
Оңтүстігі – Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесі.
Батыстан шығысқа дейін – 3000 км,солтүстіктен оңтүстікке дейін – 1600 км.
Қазақстан жерінің ауданы – 2724,9 мың км².Жер шарының халық мекендеген құрлықтың бөлігінің 2%-ы және Еуразия ауданының 5%-ы біздің еліміздің үлесіне тиеді.Аумағының өлшемі жөнінен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып табылады.
Жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-шы орын алады.Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын,Азияның 6,1%-ын құрайды.
Еуразия материгінде Ресей,Үндістан,Қытайдан кейінгі төртінші орында,ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейінгі екінші орында тұрады.БҰҰ мүше 180 мемлекеттің ішінде – 9-орында.
Республика жерінің шеткі нүктелері 55˚26΄-40˚56΄ с.е. және 45˚27΄-87˚18΄ ш.б. аралығында орналасқан.
Шекара туралы барлық мағлұматты кестеден қараңыз.
Шекарасы | Ұзындығы |
Жалпы ұзындығы | 13 331 км шамасында (2005ж) |
Құрлықпен
Каспий теңізі арқылы Ресеймен (батыс солтүстігінде) Қытаймен (оңтүстік шығысында) Қырғызстанмен (оңтүстігінде) Өзбекстанмен (оңтүстігінде) Түркменстанмен (оңтүстігінде) |
12 900 км шамасында
600 км 7591 км шамасы 1460 км шамасында 980 км шамасында 2300 км шамасында 380 км шамасында |
Ресей,Қытай,Орта Азия елдерімен шекаралас жатуы,еуразиялық көлік жолының аумағынан өтуі,егемендік алғаннан кейін 120-астам елдермен экономикалық-географиялық жақсарта түсті,сол тұрғыдан Қазақстанның төмендегідей артықшылықтары бар:
1.Тарихи – экономикалық дамыған елдермен шектесуі.
2.Транзиттік жол торабының үстінде орналасуы.
3.Жер бедерінің көп бөлігінің жазық болуы.
4.Минералды ресурстар қорының молдығы.
Шекара өзгерістері
Шекараны орнату негізінен екі сатыдан өтеді.Демилитация және Демаркация.
Демилитация ұғымына мемлекеттік шекара өтетін жерді анықтау,оны суреттеу және кейін бұл сызықты картаға түсіру жатады.
Демаркация болса, демилитациялау туралы шартқа сәйкес шекараны нақты жергілікті жерде анықтап,оның бойында тиісті шекаралық белгілер,нақты баған орнату болып табылады.
Қытаймен арадағы шекара
Қазақстан мемлекеттік шекараны демилитациялау келіссөздерін шығыстағы көршісі Қытайдан бастады.1992 жылы басталған бұл келіссөздер Қазақстан мен Қытай арасында 1994 жылы 26 сәуірде «Қазақстан Қытай мемлекеттік шекарасы» туралы келісімге қол қойылды.Бұл келісім 1997 жылғы 24 қыркүйекте,1998 жылғы 4 шілдеде жасалған «Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы» қосымша келісімдермен толықтырылды.
Сонымен Қазақстан аумағына Сауыр тауынан Шаған-Оба асуының сол жағына дейінгі аралық қалды.Ауданның жалпыф аумағы 442 км²,яғни бұл 70,3% қамтиды.
Қытай халық республикасына бекітілген Адырбай және Талдыайырық өзенінің жоғарғы ағысы сонымен қоса Тарбағатай тауының оң жақ бөлігі,Баймырза асуы бөлініп берілді.Жалпы ауданы 187 км²(29,7%).Жалпы даулы 944 км² аумақтың Қазақстанға 537 км² (56,9%),ал Қытайға 407 км² (43,1%) шешілді.
1999 жылғы қараша айында Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтышң Қытайға ресми сапары барысында ҚР мен ҚХР арасындағы шекара мәселесін толық реттеу туралы Бірлескен мазмұндама қабылданды.Демаркацияланған шекараның жалпы ұзындығы 1660 км.Осынау үлкен шекара бойында бірден бір даулы жер жоқ.1999 жылы 5 мамырда Алматыда қабылданған ҚР,ҚХР мен Ресей федерациясы аралығындағы мемлекеттік шекараның түйісу нүктесін ангықтау туралы келісімін ҚР парламенті 1999 жылдың 30 желтоқсанында ратификациялап,2000 жылдың 15 қаңтарында күшіне енді.1999 жылы 25 тамызда Бішкекте қабылданған ҚР,ҚХР мен Қырғыз республикасы арасындағы мемлекеғттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім 2000 жылдың 17 мамырда Қазақстан парламентімен бекітілді.Бұл келісім Қытай,Қазақстан;Қырғызстан мемлекеттік шекараларының Хан-Тәңірі шыңының жанындағы 11 шақырымға созылған түйісу нүктесін белгіледі.1999 жылы 23 қарашада Пекинде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев пен ҚХР төрағасы Цзян Цзэмин шекара мәселесі толық реттелгені туралы біріккен коммюникеге қол қойып,екі ел арасындағы жер дауы күн тәртібінен алып тастады.Қытай мен арадағы шекара халықаралық стандартқа сәйкес келеді.Шекаралық белгілер ауыстырылып,бақылау-өткізу пунктері құрылды.Бұрынғы Кеңес Одағынан «мұраға қалған» даулы мәселелер шешілді.
Өзбекстанмен арадағы шекара
Бірнеше даулы телімдері болып келген Өзбекстанмен шекараны анықтау қиын жағдайда жүрді.2001 жылы 16 қарашада және 2002 жылы 9 қыркүйекте Қазақстан мен Өзбекстан арасында «қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы» туралы келісімге қол қоюмен бұл да күрделі мәселе өзінің оң шешімін тапты.Кездесудің барысында қазақ-өзбек шекарасының 96% анықталды.Тек: Бағыс,Арнасай және Нысан аумағы «даулы»шешім шешілмеді.
Қазіргі уақытта Бағыс ауылында 10549 адам тұрады.Тұрғындардың көпшілігі қазақ ұлты.Осы кезден бастап Бағыс ауылының тұрғындары Қазақстан азаматтығын қабылдады.Бағыс ауылының аумағы 800 га және ауылда ішер су көзі бар.Түркістан ауылының тұрғындары екі ойлы болды.Бұл аумақ өзбек шекарасының аумағында болған.Тұрғындардың көпшілігі өзбек ұлтынан.Түркістан халқының тағдыры өз таңдауында болды.Арнасай ауылы мен 5 ауыл Қазақстан мемлекетіне өтті.Өзбекстан азаматтығына Қызылорда облысы мен Қарақалпақстанның шекарасымен шекаралас 1-ші және 2-ші аймақ өтті.
Ресей Федерациясымен арадағы шекара
Бүгінгі күнде Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының ұзындығы 7591 км.Қазақстан-Ресей шекарасының статусын анықтау мақсатында 1997 жылы Қазақстан-Ресей келісімі өтті. «21 ғасырдағы сөнбес достық» келісімін 1998 жылдың шілде айында Н.Ә.Назарбаев ресми шақыруында аяқталды.2007 жылға дейінгі дүниежүзіндегі ең ұзын шекара делимитациясының келісімін 2005 жылдың 18 қаңтарында Мәскеуге барған ресми сапарында аяқтады.Бұл Қазақстан-Ресейшекарасының негізгі делимитациялық тақырыбы еді. «Тарихи» құжатқа да келісім кезінде қол қойылды.Шекара туралы «Тарихи» келісім жаңа ғасыр бастамасы деп атауға болады деді Н.Ә.Назарбаев келісімшарт құжатына қол қою салтанатында.Себебітең құқылы екі ірі мемлекет арасындағы сызық құрлықтағы мемлекеттер арасындағы ең ұзыны,7591 км.
Каспий теңізімен арадағы шекара
1970 жылы КСРО Каспий теңізінің мұнайын игеру үшін теңіздің жағалауындағы одақтас республикалардың пайдалануына бөліп берген болатын.Со бойынша Түркменстан – 79 мың,Әзірбайжан – 78 мың,РКСР – 64 мың,Қазақстан – 113мың шаршы шақырым алды.КСРО – Иран арсындағы 1927 және 1940 жылдарыжасалған шарттар бойынша Иранның қазіргі еншісіне 14,6%,Қазақстанға – 29,9%,Әзірбайжан – 21%,Түркменстан – 17%,Ресейдікі — 19%.
2003 жылғы 27 ақпанда осы үш мемлекет 1998 жылғы Қазақстан-Ресей,2001 жылғы Қазақстан-Әзірбайжан,2002 жылғы Ресей-Әзірбайжан келісімдерін басшылыққа ала отырып,Каспий түбін бөлу үшін үш мемлекетің түйісу нүктесін тапты.Ол 42˚33,6΄ с.е. және 43˚53,3΄ ш.б. болып бекітілді.