Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз. Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз. Біз бәріміз экономикалық процестерге қатасушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетіне ие боламыз. Экономикалық статистика — бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс — әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әр түрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканы қалпын, жағдайын сипаттайды.
Макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларында пайдаланады. Бұл экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдәстерді жасағанда көмек көрсетеді.
Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипттайды.
Біз, осы көрсеткіштер қалай есептелінеді және олардың экономика туралы қандай ақпараттар алуға болатандығын қарастырамыз.
Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген. Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:
- Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.
- өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.
Жалпы ұлттық өнім — экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.
Жалпы ұлттық өнім экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлттық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып — үйренуіміз керек.
Аралық өнім және қосымша қосылған құн.
Көптеген өндіріс тауарлары бірнеше кезеңдерден өтеді: бір фирмада шикізат аралық тауарға айналады, содан кейін басқа фирмаға дайын өнім өндіру үшін сатылады. Біз осындай тауарларды жалпы ұлттық өнім есебінде қалай есептеуіміз керек? Айталық фермер бірнеше кг етті Мак Дональдс фирмасна 0,50 долларға сатады. Содан кейін Мак Дональдс елге 1,50 долл. тұратын гамбургер сатады. Осы жағдайда ЖҰӨ ді есептегенде, еттің және гамбургердің бағасы 2 долл. көлемінде деп есептеу керек пе немесе тек гамбургер 1,50 долл. деп алу керек пе?
ЖҰӨ — ге тек соңгы өнімнің бағасы ғана кіреді. Сондықтан гамбургердің бағасы ЖҰӨ — ң бөлігі болып табылыды, ал еттің бағасы енгізілмейді. ЖҰӨ тек 1,5 долл – ға көтеріледі. Мұның себебі, аралық өнімнің бағасы соңғы өнімнің бағасына кігізіліп қойылған. Фирманың қосымша қосқан құны өндірілген өнімнің құнының фирманың аралық өнімге, өзі жасаған құнынан алып тастағандағы айырмасына тең. Гамбургермен байланысты жағдайда фермер қосқан құн 50 центке тең (бұл жағдайда фермер аралық өнімді иемденбейді, ал Мак Дональдстің қосқан құны (1,50 – 0,50 долл.), яғни 1,00 долл. –ға тең. Жалпы қосылған құн 0,50 долл. +1,00 долл.,яғни 1,50 долл. тең болады. Экономика үшін жалпы қосымша құн сомасы барлық соңғы өнімдердің бағасы мен қызметтердің нарықтағы құнына тең болуы керек. Сондықтан ЖҰӨ ді барлық фирмалардың қосымша құнының сомасы ретінде қарауға болады.
Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ де нарықтағы бағалармен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осыкөрсетілген қызмет құны ЖҰӨ ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар , мысалы, тұрғылықты ортада өызмет бағасыретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етедіьв үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі ЖҰӨ ді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрін пайдаланады. Яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепеті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет себебі үшін, ЖҰӨ нің құрылымына өздері өзіне «төлейтін», «жалдау ақысы» енгізіледі. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелген құн өлшемін ЖҰӨ ге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады.
- Жалпы ұлттық өнімнің есептеу әдістері.
Жалпы ұлттық өнімді есептеудің әдісі бар: елдегі жасалған өнімге шығындар сапалы болуына «шығындар ағымы» немесе өнімді өндіру табыстар ағымы.
І-ші әдіске келсек «шығындар ағымы» . Оны қолдана отырып, барлық шығындарды қоссақ, біз жалпы ұлттық өнім көлемін аламыз.
Шығындар мыналардан тұрады:
- тауар және қызметтерді (нан, киім, көлік т.б) сатып алуға үй шаруашылығының кеткен шығындары.
- Станок, гимарат, үй құрылысы және тағы басқаларды алу үшін инвестициялар.
- Мемлекеттің тауар және қызметі (мемлекеттер, аурухана, электроқуаттар және т.б) және транспорттың төлемдерге ( зейнетақы, жәрдемақы, степендия және т.б төлеуге) кететін шығындар.
- Таза экспортты яғни экспорт пен импорт көлемінің арасындағы айырмашылық.
Ұлттық өндіріс көлеміне тек сол елдегі өндірілгендер кіргендіктен, басқа елдердің шығындарын алып тастау керек. Мысалы, Жапонияда автомобиль өндірді және оны АҚШ қа әкелді және сатады. Бұл жағдайда автомобильді өндірумен байланысты шығындар жапонияның шығындарына жатады, ал жеткізу және сату шығындары АҚШ шығындарына жатады.
ІІ әдіске келсек табыстар ағымы оны қолдана отырып, егер барлық табыстарды қоссақ ЖҰӨ аламыз. Табыстар мыналардан тұрады.
Жалпы рента , процент және пайда. Табыс бойынша есептелген, жалпы ұлттық өнімге жататындар: жалақы, рента, процент, пайда, жанама салықтар және амортизациялық шығындар.
Қайталап есептеуді болдырмау үшін, ЖҰӨ — ге кірмейтіндер.
- Аралық тауарлар, кейін қайта өндіруге кететін өнімдер. Оған шикізат, жанармай, көмекші материалдар жатады. Мысалы, ЖҰӨ — ге нан пісіретін өндірістегі ақтық тауарларды алу үшін қажетті дән, ұн, ашытқы жатпайды. Егер біз оларды қоссақ, онда ЖҰӨ — нің құнын үстемеленген құнның мөлшеріне дейін өсіретін едік.
а) Төлемдер ( әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы, жұмыссыздыққа жәрдемақы байланысты)
2) Барлық өндірістік емес келісімдер, яғни өндірілген өнімнің көлемінің өсуіне мүмкіндік туғызбайтындар. Оларға жататындар:
б) Бағалы қағаздарды сату сатып алу жөнінде келісімдер.
в) Ұсталған заттарды сатып алу
- – кестеде Жалпы ұлттық өнімді басқа да көрсеткіштерді есептеу әдісі қарастырылған шартты мысал көрсетілген.
ЖҰӨ ді есептеудің әдісі
ЖҰӨ ді шығындар сомасы бойынша есептеу. | ЖҰӨ ді табыста сомасы бойынша есептеу. | ||
Тауар ағымының әдісі | Шығындар ағымының әдісі | ||
Жеке тұтыну шығындары | 3226 | Тұтынылған капиталдың көлемі | 505 |
Жалпы жеке ішкі инвестициялар | 765 | Бизнеске салынған жанама салықтар | 393 |
Тауарлар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу | 964 | Жалақы | 2905 |
Таза экспорт | -93 | Арендарлық төлем | 20 |
Жалпы ұлттық өнім | 4862 | Проценттер | 392 |
Амортизация | -505 | Жеке алымдардан түскен табыс | 325 |
ТҰӨ | 4357 | Корпорацияның пайдасына салынған салық | 145 |
Бизнеске салынған жанама салықтар. | -393 | Дивиденттер Корпорацияның бөлінбеген пайдасы | 98 |
Ұлттық табыс | 3964 | Корпорацияның бөлінбеген пайдасы | 79 |
Әлеуметтік сақтандыру салымдар | -445 | Жалпы ұлттық өнім | 4862 |
Корпарацияның пайдасына салынған салық | 768 | ||
Трансферттік төлемдер | |||
Жеке табыс(алынған табыс) | 4063 | ||
Жеке салықтар | |||
Қолдағы бар табыс |
ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағасының индексі жалпы баға деңгеі туралы экономикада әр түрлі ақпарат берді. Осы екі көрсеткіш арасындағы үш негізгі айырмашылықтары бар:
1) ЖҰӨ дефляторы барлық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің құнын көрсетеді, ол тұтыну бағасының индексі тек тұтынушы тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасын есептейді. Сонымен, фирмалар мен мемлекет тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасының ЖҰӨ ін алуға болады.
2) Жалпы ұлттық өнім дефляторы тек қарастырылып отырған мемлекеттің азаматтары өндірген тауарларды есепке алады. Басқа елдерден импортталатын тауар ЖҰӨ дефляторында да көрсетілмейді. Сол себепті Жапонияда жиналып, АҚШ та сатылған «тойота» құнының өсуі, тек тұтыну бағасының индексінде көрсетіледі, моны Америкалық тұтынушылар тұтынады, бірақ ЖҰӨ дефляторында көрсетілмейді.
3) Бағаның әр түлі болуында.Тұтыну баға индексі есептегенде, әр түрлі тауар бағалары тұрақты салмақты болады, ал ЖҰӨ дефляторы есептегенде ауыспалы салмақ қолданылады. Басқа сөзбен айтсақ тұтыну баға индексі өзгермейтін тауарлар жиынында есептелінеді, ал ЖҰӨ дефляторы тауарлар жиынының өзгеруіне байланысты болады, яғни ЖҰӨ құрамының өзгерісіне байланысты болды.
ЖҰӨ дефляторы да және тұтыну баға индексі де анықталған тауар жиынының ағындағы бағасы базистік жылдағы сол тауарларды бағасымен салыстырылғаны көрсетіледі. ТБИ өзгермейтін тұтыну қаржыны қолданылыды, ал ЖҰӨ дефляторы өзгермелі тұтыну қаржыны бағаларға деген әр түрлі көзқарастар әсері не әкелетінін келесі мысалдан көреміз. Мысалы Алматыда болған қатты суық әсерінен барлық алма бағасы қатты көтеріледі. Дегенмен, алма ЖҰӨ құрамына кіргенімен, бағаны жоғарылауы ЖҰӨ дефляторында көрсетілмейді. ТБИ өзгермейтін тауар жиынтығы негізінде есептелсе, оған алма кіреді, сонда алма бағасынан көтерілуі тұтыну бағасының индексі көрсетілуіне алып келеді. Өзгермейтін тауар жиынын есептейтін индекс «Ласпейрс индексі», ал өзгеретін тауар жиынын «Поаше индексі» көрсетеді.
Бұл индекстер өмір құнын өлшеу үшін арналған, яғни белгілі бір өмір деңгейін ұстап тұру үшін қажетті шығындар. Әр түрлі тауарлар бағасы әр түрлі өлшемге өзгергенде Ласпейрес индексі өмір құнының өсуін Поаше индексіне қарағанда нақтырақ көрсетеді. Ласпейрес индексі белгілі бір тауар жиыны есептеу үшін қолданылады, мұнда қымбат тұратын тауарларды арзан тұратын тауарлармен алмастыру мүмкіндігі ескерілмейді. Поаше индексінде тауардың бір бірін алмастыруы есепке алынады. Бірақ мұнда әл ауқаттың төмендеу деңгейі көрсетілмейді. Тұтыну бағасының индексі, яғни мұнда тұтынушы үшін алма бағасы өсімі жоғарылайды. Бұл жерде өзгермейтін тауар жиыны қолданылады және алманы апельсинмен алмастыру мүмкіндігі есепке алынбайды. ЖҰӨ дефляторы бұл Паоше индексі, мұнда керсінше , тұтынушы үшін бағаның жоғарылауы толығымен көрсетілмейді. Осы жерде ЖҰӨ дефляторы өсім құнын көрсетіп тұрған жоқ, дегенмен алма құнының жоғарылауы тұтынушы жағдайына жағымсыз әсер тигізді.