Прессадағы жарнама басу кезеңінде шығарылған әртүрлі жарнамалық материалдар тұрады. Олар ең негізгң шартты түрде екіге бөлінеді.
- жарнамалық хабарландыру және жарнамалық шолу мұнда әр түрлі статья, репортаж әртүрлі шолу немесе тікелей және жанама жарнама жатады.
Жарнамалық хабарландыру жарнамалық хабарды басу кезеңінде орналастыру ақылы болып келеді.
Хабарландыру классикалық вариантты жарнамалық тақырып аты мен слогыннан басталады, ол қысылыңқы формада болады, жарнама берушінің коммерциялық ұсынысының қасиеті мен мәнін бейнелейді.
Жарнамалық хабарландырудың негізігі текст бөлімі көбі майда шрифтпен терілген, анық бірақ көп сөзден тұрмайтын негізгі текстің бөлімі жарнамалық үндеудің мәнін баяндайды, тұтынушылар үшін пайдалы өнімдердің қасиеттері мен оның басымдылығын бөліп шығарады. Хабарландыру соңынан мекен –жайы көрсетіледі (қажет болған жағдайда телефон, факс және басқа реквизиттер) осы арқылы тұтынушы анықтама ала алады. Ескере кету керек соңғы кездерде жарнамалық хабарландыру шыққанда хабарландырумен бірге кесімді купон (отрезной) немесе бланк заказ басылып шығады. Жарнамалық хабарландыруды көркемдеп безендіру оның мазмұны мен сай келуі тиіс және фирманың тауарлық белгісі элементі болып табылады. Жарнамалық хабарландыру мен статьяларды шығаруда баспада газет журнал әр түрлі справичник, және путеводитель көп қолданылады. Өнім мен тауарды жарнамаланғанда өндірістің мекен жайы көрсетіледі, баспа мекен- жайы көрсетіледі. Қоғамдық – саяси іс-әрекеттерді жарнамаланғанда көбінесе халыққа ұсынады. Прессадағы жарнама жақсы нәтижеге жету үшін, жақсы баспаны таңдай білу қажет.
Қандай болмасын тауарды жарнамаланғанда ең алдымен маркетингтік ізденіс жүргізу қажет сондай-ақ оқырман аудиториясын таба білу керек. Баспа жарнамасы туризмде аса маңызды орынға болады, мысалы еліміздің көрікті жерлерін газет журналға брошюркаларға басылып шығарылады.
Күнделікті басылып шығарылатын газеттерде, күнделікті тұтынатын тауарларды жарнамалауға болады. Баспадағы жарнама ролін орналастыруына байланысты кезеңдік және емес етіп бөлуге болады. Кезеңдік баспа жарнама ол күнделікті басылып шығарылатын газет, және апта сайынғы шығатын газет журналдар.
Ай сайын шығатын журналдар, егерде сапалы болса онда көп жылдар арасында сақтауға болады. Күнделікті шығатын газеттің оқырманы көп, өйткені мұндай газетті бүкіл семья оқи алады. Күнделікті шығатын газеттің бір пайдасы жарнамаланған тауарды күнде қайталауға төленген ақысына байланысты тауардың өтуіне мүмкіндік береді.
Жарнамада баспаның кезеңдік сатысы туризмге өте пайдалы болып келеді. Күнделіті баспа жарнамасы адамдар үшін сондай-ақ жарнама берушілер үшін де өте тиімді пайдалы болып келеді.
Кезеңдік емес баспа жарнамасына жылына бір рет шығатын газет, журналдарды жатқызуға болады. Оларды күнделікті оқи алмайсың. Мұндай жарнама түрі жарнама берушілерге тиімді болып келмейді және тиімді және қымбат болып келеді. Бұндай жарнама түрі туризмге шетелдік журналдарға жарнамаланған тиімді. Прессадағы жарнамада түстерді қолдану өте ерекше орынға ие болады, ал туризмде бұл маңызды роль атқарады. Мысалы суреттер, фотолар және басқада слайдтарды баспада қолдану қымбатқа түседі. Кейбір кезде ақ-қара түстері көп болса, жарнама берушіге тиімді және оқырмандардың көзі үйренген түстерді таңдай білу қажет. Баспада көп түсті қолдану көбінесе сауалдық және техникалық журналдарда көптеп кездеседі. Баспадағы түрлі-түсті түстерді таңдағанда стандартқа сай келетін көк, қызыл, сары түстерді қолданған жөн. Баспадағы жарнамада жарнама беруші төленген газеттегі орынға сай келу керек.
Баспа жарнамасы
Баспа жарнамасы жарнама құралының ең негізгі көрермен тұтынатын бөлігі. Баспа жарнамасында барлық түс гаммасын қолданылады. Бұлардың қатарына
- жарнама каталогтары
- жаңа жылдық жарнама сыйлықтар
- газет, журнал, брошюрка жатады.
Жарнамалық каталог дегеніміз тауардың, өнімнің қызметтің нақты бағасын, түрлерін көрсетеді.
Каталог бұл түптелген, брошюрланған баспа өнімі, мұнда әмбебаптық затқа не жатады соның бәрі кіреді. Белгіленген реттігіне және құрылымына қарай иллюстривті түрде енгізіледі. Мысалы үйге қажетті заттар, жалпы адамзат тұтынатын өнімнің бәрі жүйелі түрде енгізіледі. Проспект бұл брошюрланған түптелген баспа өнімі, каталогтан айырмашылығы көлемі кішкентай болып келеді, мұнда тарихи жолдар, орындар, көрікті жерлер, фирманың тауарлық белгісі, қонақ үйдің бағасы, қызметі көрсетіледі.
Буклет- бұл каталог проспектке қарғанда брошюрланбаған. Мұнда қысқа мерзімде қолданылатын тауар түрі қызмет, мекеме түрі көрсетіледі.
Буклет гармошка түрінде болады.
Плакат-ірі форматты баспа өнімі. Мұнда көбінесе бір жағынан басылады. Мұнда үлкен сурет, фотолар, ірі жарнамалық слогандармен қысылыңқы формада тауардың негізгі формасын көрсетеді. Соңғы кездерде жарнамалық плакаттарда соңғы жағынан өнімнің детальді құрылымы көрсетіледі.
Листовка- кіші форматты, бір иілетін баспа өнімі. Мұнда жарнамаланған тауардың иллюстриясы көп болып келеді. Яғни техникалық құрылымы көрсетіледі.
Жарнамалық каталог материалдарын көркемдеп безендіру үшін фирма символикасын, мекен-жайын, телекс, телефон тұтынушылар үшін ең қажетті жарнама түрі.
Жаңа жылдық жарнама сыйлықтық өнімдері. Бұл баспа жарнамасындағы ең бір эфетивті түрі болып табылады. Қабылғалық және столдық күнтізбелер фирма белгісімен белгіленсе тұтынушыларға өте тиімді. Кітап қаптары, күнтізбелер, киімдер, кепкалар баспа жарнамасының өнімдері болып келеді. Бұл айтылған жарнама тарату құралдары туризмде әр қайсысы маңызды роль атқарады. Мысалға алатын болсақ брошюрка, күнтізбе, открыткалар туризмге өте қатысы зор.
Аудиовизуальды жарнама
Аудиовизуальды жарнамаға –жарнамалық кинофильмдер видео фильмдер, слайд фильмдер жатады. Жарнамалық кино фильмдер жарнамалық құралдардың ең тиімді және жай, ыңғайлы формасы болып келеді. Аудио- визальды жарнаманың туризмдегі орны табиғи обьектілерді, көрермендерге жеткізуге яғни халық бара алмай жүрген жерлерді халық телевидение арқылы көре алады. Тек қана туризмде емес юасқада салада телевидение маңызды орынға ие болады.
Жарнамалық роликтер- бұл қысқа жарнамалық фильмдер, 15 секундқа созылады.
Мұндай жарнамалық фильмдер – мұнда 10-20 минутқа созылатын жарнамаылық фильмдерді жатқызуға болады. Бұл жерде өнімнің сапасын және өндірісті, халық қалай тұтынатын жайлы айтылады. Ол өнімнің жоғарғы сатыға көтерілгені жайлы көрсетіледі.
Жарнамалық – техникалық және жарнамалық фильмдерде халыққа танымал адамдар және мультфильм жанрларын және элементтерін түсіруге алады, компьютерлік графика және ойындық киноларды қолданылады.
Мұндай кейіпкерлер мен түсірген жарнамалық фильмдерді көбнесе демонстрацияларда, жәрмеңкелерде, көрмелерде, презентацияларда, пресс- конференцияларда, симпозиум, іскерлік кездесулерде қолданылады. Жарнамалық видео фильмдер классификациясы мен жарнамалық кинофильмдерге тәріздес.
Жарнамалық ақпарат, видеоэкспресс- бұл жарнаманың спецификалық түрі. Мұнда белгілі обьектіні видеосюжет етіп түсіргенін айтамыз. Видео сюжет жарнамасы туризмде маңызды роль атқарады, өйткені белгілі бір тарихи обьектіні түсіріп шетелдерге жарнамалауға болады, мұндай жарнама түрі туризмге ыңғайлы. Мысалы Түркістан қаласын алуға болады. Сондай-ақ басқада жағдайларда экологиялық, тарихи әлеуметтік, қоғамдық, саяси оқиғаларды бейнеленіп түсіруге зор ықпалын тигізеді.
Киім демонстрациясында видеофильмдер түсіруге болады. Видеофильм түсіруде арнайы эффекті кең көлемде анық түс гаммаларын қолдану керек. Көрермен аудиториясы көзі үйренген түстерді қолдану тиіс. Слайд фильмдер – бұл автоматикалық түстер дипазитивтік бағдарламалар арнайы фонограммалармен жасалынады. Слайд фильмдер тауардың әр түрлі ассортиментін жарнамаланғанда қолданылады. Слайд фильмдер арқасында теледидардағы жарнамаға үлкен жол ашады. Мұндай жарнамалық құралдар біздің елімізде даму үшін ең алдымен жоғары сапалық проекциялы техниканы алға қою тиіс. Слайд фильмдер демонстрациясын видео кассеталарға сонан соң теле экранға шығарады.
Радио және тележарнама
Радио және тележарнама құралдарын тұтынушылардың ең жаппай қолданылатын түрі. Радио біздің тұрмыстық өмірімізге қажет құралдың бірі. Күнделікті радионы қосқанда күнделікті жарнаманы естиміз, яғни адам қай жерде болмасын радиодағы жарнаманы естуге мүмкіндігі бар. Ал радиодағы жарнама тұтынушыларға үшін жарнама берушілер үшін арзан. Радионы адам күнделікті тамақтанғанда саяхатта автомобильде, поезда барлық жерде естиді. Сондықтан да радио жарнаманы танымдық әуесқойлық адам құлағына үйренген сөздермен жарнамаланған жөн. Ал туризмде радио жарнама кең көлемде орын алады. Кез-келген туристік фирманың қызметін қонақ үйдің қызметін еліміздің көрікті обьектілерін халыққа радио арқылы жеткізе алады. Радиодағы жарнамалық ақпараттың уақыты 30 секундтан 1 минутқа дейін жету тиіс. Радиода жарнаманың музыкалық әуенмен жарнамаланған дұрыс. Мысалға алатын болсақ газеттегі жарнаманы адам кез-келген уақытта оқи алады. Ал радиода жоспарланған уақытқа сай жарнамалайды. Мысалы азанғы 8- ден кешкі 8-ге дейінгі уақыт.
Радио жарнаманы ішкі дүкендік және сыртқы етіп екіге бөлінеді. Сыртқы дүкен мұнда ауылдық, қалалық, облыстық радио жүйелері кіреді. Мысалы базарлардағы радио түйіндері.
Ішкі дүкендік бұл белгілі орынға радио жүйелері. Ішкі дүкендік жарнамада тауардың сапасын, құрамын, қызметін айта алады. Радиода 16-18 сөзден аспауы керек. Радио тауар жағынан алынғанда ең сапалы құрал. Радио кең көлемде тарату құралдары көп:
- радио хабаоландыру
- радио роликтар
- әртүрлі радио журналдар және жарнамалық телерепортаждар.
Радио хабарландыру бұл диктор оқитын ақпарат.
Радио ролик –арнайы дайындалған радио сюжет, мұнда ойын сөздерін музыканың әуенімен қолданылады.
Радио журнал- радио ақпаратының элементтерін көрсетеді. Теледидарлық жарнаманың ең көп тараған түрі теледидарлық жарнамалық роликтер, жарнамалық роликтер, жарнамалық ақпараттар теолерепортаж, теле бағдарлама ақпарат пен бағдарламаның арасындағы жарнама. Телероликтер – бұл жарнамалық кино және видео роликтер бұл екі үш минутқа созылады. Олар көбінесе бағдарламалар арасында көрсетіледі. Теле хабарландыру- диктор оқитын жарнамалық ақпарат. Жарнамалық телебағдарламалар- мұнда әртүрлі шоу, викторина, репортаж, интервьюлар яғни тауар туралы сұрақтар.
Теле заставка – диктор текстімен музыка фото суреттер көмегімен түсірілген жарнамалық сюжет. Бағдарламалар арасында көрсетіліп тұрады.
Жалпы тележарнама жаппай бүкіл барлық салаға тиімді болып келеді. Үлкен аудиторияға ие болады.
Көрмелер және жәрменкелер
Жарнамалық іс әрекеттің ең негізгі арсеналы болып келеді. Жәрмеңкелерде, көрмелерде әр түрлі заттардың демонстрациясы өтеді. Мысалға мода, кітап т.б.
Жәрмеңке – бұл коммерциялық іс-шара.
Көрме- бұл рухани материалдар демонстрациясы.
Халықаралық жәрмеңкелер және көрмелер ереже бойынша әр жылы ортақ салада өнімдері өткізіледі.
Ұлттық көрмелер – бұл арнайы ұйымдастырылған ұлттық нақышы бар экспозициялар елдің дамуына әсер дамуына әсер ететін және өмірдің әртүрлі сферасында қажет етеді. Әр жыл сайын ұлттық көрмелер жарнамалық және коммерциялық жұмыстарды жүргізуге арналған ең тиімді құрал болып отыр.
Көтерме жәрмеңке -өндірілген өнімге бағасымен алады. Сондай-ақ көрмелер клиенттерге потенциаалды тұтынушылар табуға көп көмектеседі.
Көтермелер жарнаманың ең негізгң формасы. Қандай өнім болсын тауар, қызмет болсын жақсы форма болып табылады.
Жарнамалық сувенирлер
Жарнамалық сувенирлер жарнамалық мақсатта кең көлемде қолданады. Мысалға ұйымның белгілі бедгісімен әр түрлі сувенирлер шығаруға болады.
Фирмалық сувенирлік бұйымдар- бұл фирма белгісімен белгіленген сувенирлер. Бұлардың қатарына брелок, значок, зажигалка, авторучка, майка, сумка, күл салғыш, кепка жатады. Мысалы adidas фирмасының тауарлары. Жарнамалық сувенирлер дайындағанда пошталық реквизиттер көрсетілуі тиіс, болмаса жарнамалық слоган, лозунг.
Сериялық сувенирлік бұйымдар бұған әр түрлі наклейка грвюралар. Қол еңбегін қажет еткен сувенирлер жатады. Ішкі нарық жарнамасына ұлттық әшекейлерді мысалға матрешка, ағаштан жасалған бұйымдар, панно, осы заттарға жабыстырылған фирмалық белгілері.
Сыйлықтық бұйымдар – бұл іскерлік кездесулерде, мерейтойларда ірі коммерциялық келісімде сыйлық ретінде ұсынылады. Шетелдерде кеңсе заттарын ұсынады. Ал біздің елімізде шетелде келген қонақтарға «Абай елі» кітабын домбыра сыйлағанды жөн көреді.
Фирмалық орамдау материалдары- бұл фирманың белгісімен жасалған пакеттер, слоган сөздер, әртүрлі қораптар т.б.
Тікелей пошталық жарнама
Тікелей пошталық жарнама (директмейл) – бұл әртүрлі жарнамалық ақпараттарды іскерлік серіктерге тікелей пошта арқылы жеткізу. Тікелей пошталық жарнама – бұл қазіргі таңдағы тұтынушылардың потенциалды жаппай қолданылатын түрі. Біздің елімізде бұл түрі енді қолға алынып келе жатыр.
Жарнамалық ақпараттық хаттар жарнамалық бланктте теріліп керекті жеріне пошта арқылы жіберіледі. Тікелей пошталық жарнама берушілер үшін және жарнамалық агенттер үшін ең тиімді адресі көрсетілуі тиіс.
Сыртқы жарнама
Сыртқы жарнама- бұл жарнаманың жарнамалық құралдың ең тиімді түрі. Сыртқы жарнама түріне афиша, транспорант, жарнамалық щит, жарық ілулері, электронды таблондар, экрандар жатады. Сыртқы жарнама түрлерін көбінесе жолда, ірі жол магистралінде, адам жүретін жолдарда көрсетіледі. Бұл жарнаманы көркемдеп бейнелеуде анық нақты болуы тиіс. Яғни стандартқа сай келуі тиіс.