Қазақстан Республикасының Көлік инфрақұрылымы

Автожол саласы

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының ұзақтығы 128 мың км құрайды, оның 93 мың км астамы жалпы пайдаланудағы автожолдар. Жалпы пайдаланудағы автожолдардың жалпы ұзақтығының 23,5 мың км республикалық маңызы бардағысы, 69,5 мың км жергілікті желілерге жатады.

2005 жылдан бастап республикада жолдарды салу мен қайта жаңарту оське 13 тоннаға дейін есептік жүктемемен жүргізіледі, барлық халықаралық дәліздер ІІ техникалық санаттан төмен емес параметр бойынша қайта жаңартылуда. 72 стандарт үйлестірілді. 5 сатылы сапа бақылауы енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысымен Автожолдар саласын дамытудың 2006 – 2012 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді, соған сәйкес, жөндеудің барлық түрімен қаржыландыру көлемі 1,3 трлн.теңге немесе 10 млрд.АҚШ доллары болатын жалпы пайдаланудағы автожолдардың 42 мың км қамту жоспарлануда, бұл ретте 2007 жылдан бастап Республикалық бюджет жергілікті желілерге трансферттер бөлінеді, 2013 жылға дейін барлығы 141 млрд.теңге бөлу жоспарлануда.

2012 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйін 86% және жергілікті желілердің жай-күйін шамамен 70 % жақсарту күтілуде.

Соңғы 7 жылда саланы дамытуға жергілікті желіні қосқанда, 420 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді, оның ішінде 2001 жылы 24,5 млрд.теңге қаржыландырылса, 2007 жылы 134,3 млрд.теңге қаржыландырылды. Осы жылдар ішінде жалпы пайдаланудағы жолдардың      93 мың км қайта жаңартуға және 22 мың км астам жол жөндеудің барлық түрімен қамтылды, оның ішінде республикалық желідегі – 16,4 мың км.

2007 жылы 134 млрд.теңге игерілді, соның ішінде 119 млрд.теңге Республикалық бюджеттен және 15 млрд.теңге жергілікті бюджеттен. Жалпы алғанда 2007 жылы жалпы пайдаланудағы автожолдарда, жергілікті желілерді қоса алғанда, жөндеу жұмыстарымен шамамен 4 мың км қамтылды. Республикалық маңызы бар автожолдарда Астрахань – Атырау автожолындағы Қиғаш өзені арқылы өтетін шекаралық көпірлі өткел, Астана – Челябі автожолында ұзақтығы 41 км учаске, Омбы – Павлодар автожолында 15 км және Атырау – Бейнеу автожолында ұзақтығы 64 км Қаратабан – Доссор учаскесі пайдалануға берілді.

2008 жылы жалпы пайдаланудағы автожолдарды дамыту үшін 154,6 млрд.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 126,1 млрд.теңге (оның ішінде 105,7 млрд.теңге республикалық маңызы бар автожолдарға және 20,4 млрд.теңге жергілікті желінің трансферті) және жергілікті бюджеттен     28,5 млрд.теңге игерілді. Жөндеудің барлық түрімен 4,5 мың км қамтылатын болады, соның ішінде республикалық желіде 2,3 мың км және жергілікті желіде 2,2 мың км жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жылдың соңына дейін ұзындығы 579 км қайта жаңарту учаскелері пайдалануға берілетін болады: «Шонжа – Көлжат» автожолының 114 км, «Доссор-Бейнеу» учаскесінің 238,3 км, «Орал – Ақтөбе» учаскесінің 65 км, «Астана – Қостанай – Челябі» учаскесінің 81 км, «Таскескен – Бақты» автожолының 64 км, Астана қаласын Оңтүстік айналып өтудің 17 км салу.

Жылдың соңына қарай республикалық автожол желілерінің жағдайын 64 % және жергілікті желінің жағдайын 56 % жақсарту күтілуде.

Республикалық жолдарды ағымдағы жөндеу және ұстау үшін нормативтік қажеттілік 2008 жылғы баға бойынша 19 млрд.теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен қажетті соманың 39 % құрайтын 7,4 млрд.теңге бөлінді. Жергілікті желілер жолдарын ағымдағы жөндеу және ұстау үшін нормативтік қажеттілік 29 млрд.теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен қажетті соманың 26 % құрайтын 7 млрд.теңге бөлінді.

2007 жылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін дамыту үшін кешенді техника-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) әзірленді, Қазақстан аумағы бойынша 2287 км қайта жаңартуға жатады. Жобаның жалпы құны –804,1 млрд.теңге (шамамен 6,7 млрд.АҚШ доллары). 2007 жылдан бастап ұзақтығы 215 км Қарабұтақ – Ырғыз – Қызылорда облысы шекарасы учаскесінде жұмыстар жүргізілуде. 2008 жылға 2,5 млрд.теңге бөлінді.

2008 жылы 2,6 млрд.теңге бөлінген жобалық-зерттеу жұмыстары (бұдан әрі – ЖЗЖ) көзделген, олардың нәтижесі бойынша 5 облыс бойынша 1 984 км жоба-сметалық құжаттама) ЖСҚ дайындалатын болады. Жобаны Қарабұтақ-Ырғыз-Қызылорда облысы шекарасы учаскесінсіз Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын қаржыландыру схемасы анықталды, өзге учаскелер республикалық бюджет қаражатын тартумен (Ақтөбе қаласын солтүстік айналып өту, Шымкент қаласы арқылы өту, Алматы облысындағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (бұдан әрі – ҮАААЖ) шығу сыртқы заемдарды тартумен және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырумен және де концессия негізінде жеке инвестицияларды тарту есебінен (Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы және «Алматы-Қорғас»).

Жалпы алғанда 2004 – 2005 жылдары жаңартылған Ақтөбе – Қарабұтақ және Алматы – Бішкек учаскелерін қоспағанда жобаның іске асырылуы 2012 жылдың соңына қарай аяқталады.

 Азаматтық авиация

Республикада 66 әуе компаниясы қызметін жүзеге асырады, 41 әуе компаниясы жолаушылар және жүк тасымалын жүзеге асырады, оның ішінде 7-уі тұрақты тасымал жасайды. 25 әуе компаниясы авиациялық жұмыстарды жүргізеді (авиациялық-химиялық, орман күзету, мұнай- және газ құбырларын аралап ұшып шығу, Каспий шельфін игеру және басқа да жұмыс түрлері).

22 әуежай қызмет атқарады, оның ішінде 15 әуежай халықаралық мәртебесіне, 9 әуежай ИКАО санатына ие. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 729 әуе кемесі есепте тұр, оның ішінде 620 ұшақ және 109 тікұшақ.

Қазақстандық әуе тасымалдаушылары («Эйр Астана» АҚ, «Скат» АҚ) 15 шетел мемлекеттеріне ұшуларды орындайды. Қазақстанда тұрақты жолаушы ұшуларын 19 шетел мемлекетінен 28 шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырады. Ішкі әуе байланысы саласында 40 бағыт бойынша тұрақты ұшулар жүзеге асырылады.

«Ішкі әуе тасымалын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен (2008 жылы 667 млн.теңге) 9 әуе бағыты бойынша Астананы Тараз, Жезқазған, Петропавл, Семей, Қостанай, Талдықорған, Павлодар қалаларымен және екі облысаралық Қарағанды-Өскемен және Қарағанды-Қызылорда бағытымен байланыстыратын әуе тасымалдары орындалады. Келешекте 6-8 облысаралық бағытқа дейін ашылатын болады. 2007 жылдың маусым айынан бастап бірінші рет Шығыс Қазақстан облысында облысішілік субсидия төленетін әуе рейсі ашылады.

2005 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта қазақстандық әуе компанияларымен шамамен 6,2 млн. жолаушы тасымалданды (2005 жылы –1,6 млн., 2006 жылы – 1,9 млн., 2007 жылы – 2,7 млн.). әуе тасымалының 2008 жылға болжамдалған көлемі 2,8 – 2,9 млн. жолаушыны құрайды. 2006 — 2007 жылдағы көлемнің өсімі орташа 35 % құрайды.

2007 жылы республика әуежайлары 5,4 млн. жолаушыға қызмет көрсетті, өсімі – 34 % (2006 жылы – 4,0 млн., 2005 жылы – 3,3 млн.). Негізгі әуежайлар – Алматы және Астана (2,7 млн. (2006 жылға 2,0 млн.) және 1,2 млн. (0,86) жолаушы, 2007 жылы жолаушы ағымының көлемі тиісінше 33 % және 36 % құрады).

Әуе кемелерінің паркі жаңартылуда. 2007 жылы «Эйр Астана» әуе компаниясын операциялық лизингке 6 әуе кемесін сатып алды (соның ішінде 2 бірлік — Boeing 767/300, 2 — бірлік Airbus 320, 2 — бірлік Airbus 321), компанияның жалпы әуе паркі 18 бірлікке жетті. Республика әуе компаниялары өз меншіктеріне халыққа қызмет көрсетуге және теңіз бұрғылау қондырғыларына ұшу үшін 8 жаңа «Eurocopter» тікұшақтарын сатып алды.

2008 жылы «Эйр Астана» операциялық лизингке 3 әуе кемесін сатып алды (1 бірлік — Airbus-319, 2 бірлік — Airbus -320), «SCAT» әуе компаниясы операциялық лизингке Боинг-737-500 үлгісіндегі 2 әуе кемесі сатып алынды. 2008 жылдың соңына қарай әуе кемелерінің қазіргі заманғы паркі 23 бірлікті құрады.

2009 жылы ескіргендерін алмастыру үшін қазіргі заманғы өңірлік Ан-24 – Як-40 әуе кемелерін сатып алу жоспарлануда.

Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастырумен «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. Жабдықтарды жетілдіруге 2007 жылға инвестицияның жалпы көлемі 6 млрд. теңгені құрады, 2006 – 2008 жылдар кезеңінде барлығы 15 млрд. теңге инвестиция игерілетін болады.

Су көлігі

Қазақстан Каспий бассейніндегі негізгі жүк құраушы мемлекет болып табылады және тасымалданатын жүктердің негізгі түрлеріне мұнай, металл, астық және тағы басқалары жатады.

Отандық теңіз сауда флотын «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» АҚ компаниясы білдіреді. «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» АҚ компаниясының жылжымалы құрамы 16 бірлік флотты құрайды: соның ішінде, жүк көтергіштігі 12 мың тонна 3 мұнай құю танкері, жүк көтергіштігі 3 600 тонна баржа-алаңша, 5 тіркеп сүйрегіш.

Ақтау порты – Қазақстанның бірден-бір халықаралық теңіз сауда порты. 2007 жылы Ақтау порты арқылы жүкті ауыстырып тиеу көлемі 11,0 млн.тоннаны құрады немесе 2006 жылдың деңгейінде, оның ішінде мұнай – 9,3 млн.тонна және құрғақ жүк – 1,7 млн.тонна.

Жобалық қуатқа қол жеткізуге байланысты, Ақтау портын оның өткізу қабілетін 20 млн. тонна мұнай және 3 млн. тонна құрғақ жүкке дейін жеткізу мақсатында кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба шеңберінде мұнай құю және құрғақ жүк айлағын, сондай-ақ гидротехникалық қорғаныс құрылысын салу болжануда. Жобаның жалпы құны 41,7 млрд.теңгені немесе 347 млн. АҚШ долларын құрайды.

Баутино порты мұнай өндіруші компаниялар үшін теңіз операцияларын қолдау базасы ретінде пайдаланылады және жүктерді (жабдықтарды, құрылыс материалдарын, жанар-жағар май материалдарын және тағы басқаларды) ауыстырып тиеуді жүзеге асырады. Баутино портында негізінен Каспий теңізінің шельфін игерумен айналысатын компаниялардың кемелері орналасады.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын қарқынды игеру Баутино порты инфрақұрылымының өндірістік теңіз терминалдары операторларының одан әрі дамуын болжамдайды.

Құрық портында Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру бойынша мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде өндірістік қуаты жылына 20 млн. тоннаға дейін, «Баку – Тбилиси – Джейхан» жобасына қатысуға, сондай-ақ соған қатысты жобаларды іске асыруға бағытталған мамандандырылған мұнай құю терминалын салу жоспарлануда.

Теңіз жүзуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Құрық портының акваториясында кемелер қозғалысының қауіпсіз жүйесін құру жоспарлануда.

Ішкі кеме қатынасы үш су бассейнінде: Ертіс (1719,5 км), Іле-Балқаш (1308 км) және Орал-Каспий (956 км), ұзындығы 3983,3 км су жолы учаскелерінде жүзеге асырылады. 2007 жылы ішкі су көлігімен шамамен 1,28 млн. тонна әртүрлі жүктер тасымалданды, бұл 2006 жылғы көрсеткіштерден 127,1 % артық.

Автомобиль көлігі

Автокөлік құралдарының республикалық паркі шамамен 1 745 мың жеңіл, шамамен 312 мың жүк АКҚ және 75 мың автобустардан құралады (ҚР ІІМ-нің 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша деректері).

2007 жылы автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау көлемі 11,28 млрд. адамды, жолаушы айналымы 111,4 млрд. жолаушы-км құрады. 2006 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жолаушылар тасымалдау көлемінің өсімі 6,7 %, ал жолаушы айналымы бойынша 9,9 % құрады. Жүк тасымалдау көлемі 1,65 млрд. тоннаны, жүк айналымы 61,3 млрд. т-км құрады. 2006 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемінің өсімі 4,7 % және жүк айналымы бойынша 13,9 % құрады.

2007 жылы автокөлікпен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдар көлемі алдын ала экспорттық бағытта 1,9 млн.тоннаны және импорттық бағытта 3,2 млн. тоннаны құрады. Бұл ретте қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автокөліктік қызмет көрсету нарығындағы үлесі шамамен 58% құрады. Жүктердің негізгі көлемі экспорттық-импорттық қатынаста Ресей Федерациясынан, Еуропа елдерінен (Германия, Польша), Орталық Азия елдері мен Қытайдан тасымалданады.

МДП жүйесі бойынша тасымалдарға қазіргі кезде шамамен 4 650 автомобиль тартылған. Жүктерді тасымалдау үшін жыл сайын Еуропа мен Азияның 39 елдерімен шамамен 109 мың дана рұқсат беру бланктерімен алмасулар жүргізіледі.

Тұрақты қатынас бойынша 110 астам халықаралық және 115 облысаралық тұрақты жолаушы бағыттары бар.

Бәсекеге қабілетті отандық өнеркәсіпті одан әрі дамыту, ішкі нарықты ескірген автокөлік құралдарының импортынан, сондай-ақ төмен сапалы мұнай өнімдерінен қорғау мақсатында 2007 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2009 жылдың басынан бастап Еуро стандарттарын енгізуді белгілейтін Техникалық регламент бекітілді. Бұл Қазақстанның ірі қалаларындағы экологиялық жағдайды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына экологиялық параметрлері бойынша төмен техникалық сипаттағы автомобильдерді әкелуге және өндіруге тыйым салуға мүмкіндік береді.

Автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары
             
  2003 2004 2005 2006 2007 2008
Жол-көлік оқиғаларының саны — барлығы, бірлік 14 013 15 302 14 517 16 038 15 942 13 739
Өлгендер саны — барлығы, адам 2 754 3 136 3 374 4 271 4 365 3 351
Жараланғандар саны — барлығы, адам 16 951 18 794 17 422 19 389 18 951 16 400

Көліктегі қауіпсіздік

Қозғалыс қауіпсіздігі проблемасы – бірінші кезектегі міндеттердің бірі және саланы дамытудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша құрамдас бөліктердің бірі болып табылады.

Көлік инфрақұрылымының жағдайы сыни деңгейге жақындап қалды. Оның айтарлықтай бөлігі нормативтік мерзімнен асып пайдаланылуда, басқалары осы мерзімге жақындап қалды. Нәтижесінде, көлік жұмысының қауіпсіздігі бойынша жағдай айтарлықтай нашарлап барады.

Магистральдық темір жол желілерінің үздіксіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін мамандандырылған жылжымалы құрамның тозуы мыналарды құрайды: дрезиндік жүк – 213 бірлік немесе 59 %; дрезиндік жолаушы – 93 бірлік немесе 64 %; қар тазалау техникасы – 211 бірлік немесе 74 %; өрт сөндіру және қалпына келтіру поездарының жылжымалы құрамы – 419 бірлік немесе 74 %.

Жүк вагон паркінің орташа тозуы 67,8 % құрайды, платформа (76,69 %), өзге де вагондар (71,25 %) және үсті жабық вагондар (68,63 %) паркі аса тозған. «Өзге де» вагондар құрылымындағы басым үлесті астық таситын вагондар (65 %), цемент таситын вагондар (14 %) және фитингтік платформалар (14 %) құрайды. Жылжымалы құрам тапшылығы 20 мыңнан астам вагонды құрайды.

Жолаушылар вагоны паркінің құрылымында жолаушы вагондарының орташа-нормативтік қызмет мерзімі 28 жыл болғанда пайдалану мерзімі 28 жылдан артық вагондардың үлесі 413 бірлік — 19,7 %, 20-дан 27 жылға дейінгісі 703 бірлік – 33,6 %, 10-нан 19 жылға дейінгісі 834 бірлік – 40 %, 10-жылға дейінгісі 142 бірлік – 6,8 %. Пайдалану мерзімі бойынша 2008 жылы есептен шығаруға жататын вагондардың саны 150 бірлікті немесе жалпы мүкәммал паркінің шамамен 7 % құрайды. Бұл ретте жолаушы вагондарының табиғи тозуы сыни шекті тозу – 70 %-дан асып кетті.

1992 жылдан бастап саланың негізгі өндірістік қорларының тозуы 32 % — дан 70 % дейін артты. ИСМ БҚК келісілген ставкалар теміржол саласы кәсіпорындарының күрделі салымдарын толық көлемде ескермейді.

Бірқатар әуежайлар ұшу-қону жолақтарын қайта жаңартуды, аэровокзалдарды жөндеу және салуды, арнайы техникалар мен жабдықтарды жаңартуды қажет етеді.

Республикалық маңызы бар автожолдар желілерінің 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жай-күйі мынадай: жақсы – 21 %; қанағаттанарлық – 44 %; қанағаттанарлықсыз – 35 %. 2006-2007 жылдардағы жұмыс нәтижесі бойынша қанағаттанарлықсыз жолдардың ұзақтығы 3 мың км қысқарды.

Жергілікті маңызы бар автожолдардың 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жай-күйі: жақсы – 8,5 %; қанағаттанарлық – 45 %; қанағаттанарлықсыз – 46,5 %.

Автомобильдер паркі ескірудің жоғары дәрежесімен сипатталады: 12 жылдан астам пайдалануда болған АКҚ үлес салмағы жеңіл автомобильдер бойынша 59 %, жүк автомобильдері бойынша – 84 %, автобустар бойынша – 57 % құрайды, бұл халыққа автокөлік қызметін көрсету сапасына және экономиканың салаларына, қозғалыс қауіпсіздігіне және отандық өнімнің бағасындағы көлік шығыны үлесіне теріс әсер етеді.

Бүгінгі күні Ертістегі өзен көлігін дамыту Өскемен және Бұқтырма кеме қатынасы шлюздерінің техникалық жағдайымен тікелей байланысты. Көрсетілген шлюздер 50-ші жылдардың соңында тұрақты пайдалануға берілді. Аталмыш шлюздердің ғимараттарының әрдайым агрессиялы ортада болу және оларға теріс әсерлер, олардың аса жоғары дәрежеде тозуына және гидродинамикалық авария туындау мүмкіндігіне әкеліп соқтырды.

  1. Қазақстан Республикасы Көлік инфрақұрылымының стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің

стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі, функционалдық мүмкіндіктері және  ықтимал тәуекелдері

ҚР ККМ Стратегиялық бағыты мен мақсаты Іске асыруға

ҚР ККМ қызметі бағытталған мемлекеттің стратегиялық бағыттары

Стратегиялық құжаттың, нормативті құқықтық актінің атауы
1-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту
1.1-мақсат. Көлік-коммуникация кешенінің озыңқы қарқынмен дамуына қол жеткізу Экономиканың негізгі секторларын озыңқы инфрақұрылымдық қамтамасыз ету Ел Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауы

2-стратегиялық бағыт. Көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2.1-мақсат. Көліктің барлық түрінде жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету

көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік оқиғаларының саны мен ауыртпалығын азайту Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы

3-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамыту
3.1-мақсат. Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру

Транзит әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы

Стратегиялық жоспардың көрсеткіштеріне қол жеткізуге келесі тәуекелдер әсер етуі мүмкін:

Макроэкономикалық тәуекелдер ішкі және сыртқы конъюнктураны нашарлау мүмкіндігіне, экономиканың өсімі қарқынының және инвестициялық белсенділік деңгейінің төмендеуіне, банк жүйесінің дағдарысына, өнеркәсіптегі құлдырауға және т.б. байланысты. Мұндай сценарий кезінде тек көлік кешенінің ғана емес, сондай-ақ экономиканың көптеген басқа салаларының да дамуының мақсаттары іске асырылмайтын болады. Макроэкономикалық тәуекелдерді іске асырған жағдайда, көлік қызметтеріне сұраныс төмендеу мүмкін, нысаналы көрсеткіштерге әсер етеді.

Бағалық тәуекелдер. Металлургиялық кәсіпорындар өнімдерімен бірге, ресми жүк ағынының негізгі бөлігін құрайтын энергия тасығыштарға әлемдік бағалары көлік саласын дамыту үшін қауіпті фактор болып табылады. Осы сегменттердегі әлемдік конъюнктураның нашарлауы жүк айналымы көрсеткіштерінің төмендеуіне ғана емес көлік кәсіпорындарының табыстарын төмендетеді және соның салдарынан инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция мүмкіндіктерін төмендетуге де әкеп соғуы мүмкін. Тәуекелдердің бұл түрін төмендету ресей экономикасын әртараптандыруға, жоғары қосылған құны бар өнімнің құрылымдық үлесін арттыруға тікелей байланысты. Тәуекелдердің осы түрінен, сондай-ақ энергия ресурстарының құнына және қолжетімділігіне байланысты әр түрлі көліктік қызмет көрсетудің дамуы да байланысты. Осыған ұқсас үлгіде энергия тасығыштарға ішкі бағаның өсімі инфляциямен салыстырғанда басып озуы, мемлекеттік және жеке меншік көлік кәсіпорындары шығындарының отынды сатып алу шығыстарының артуына әкеп соғады.

Бюджеттік қаржыландыруды қысқарту (дағдарыстың салдары болуы мүмкін). Көлік кешеніне жеке инвестициялардың көлемін жоспарланып жатқан артуына қарамастан, стратегиялық және әлеуметтік маңызы бар жобалардың бір бөлігі бюджеттің қатысуынсыз іске асырыла алмайды. Бюджеттік жоспарлаудың ықтимал тәуекелдері 1) республикалық бюджеттің секвестрі бекітілген бюджет бағдарламаларын толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмай қалатын; республикалық және жергілікті бюджетті атқару кезінде бекітілген түсімдер республикалық бюджетке кем жеткізілген жағдайларда енгізілетін бюджет қаражатының шығынын белгіленген мөлшерде қысқартуды көздейтін арнайы механизм; нәтижесінде 2) Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттерін республикалық бюджетті нақтылау кезінде түзету.  

Заңнамалық тәуекелдер. Көлік саласының тиімді және серпінді дамуы, қазақстандық көлік кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттігі көбінесе жаңа нормативтік-құқықтық актілерді уақтылы және жедел қабылдауға және қазіргі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты. Нормативтік-құқықтық актілердің қабылданбауы немесе оны қабылдаудың ұзаққа созылуы Министрліктің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға айтарлықтай кедергі болады.

Геосаяси тәуекелдер. Қазақстанның халықаралық көлік желілеріне сәтті бірігуі, көбінесе көрші елдердегі тұрақты саяси жағдайларға байланысты. Атап айтқанда, Иран аумағы арқылы өтетін «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту жобасын іске асыру Иран мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың күрт нашарлап кеткен және әскери қақтығыс басталған жағдайда қауіп төндіруі мүмкін.

Техногендік және экологиялық тәуекелдер. Көлік инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамның тозуы шамасы бойынша болуы мүмкін кез келген ірі техногендік немесе экологиялық апат жабдықтың ықтимал жаппай істен шығуы, айтарлықтай қосымша капитал салымын қажет етеді және көлік жүйесінің басқа нысандарынан қаражат тартуға әкеп соғады.

Ұдайы толқынды гидродинамикалық жүктемеге ұшырайтын құрылыстардың тозуы салдарынан Ертіс өзеніндегі кеме қатынасы шлюздерінің бұзылу тәуекелі артуда, бұл ретте шлюздер жабдығы пайдаланылып келе жатқан жарты ғасыр уақыттан бері жаңартылмаған. Шлюздерді оңалту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру болмаған жағдайда, Қазақстанның Ертіс бойы өңірлеріндегі кеме қатынасы режимінің бұзылуына әкеледі.

Техникалық прогресс нәтижесінде, көлік кешенінің өзінде құрылымдық өзгерістерге көлік түрлеріне сұраныстың ауысуына әкелуі мүмкін белгілі бір көлік жүйесінің құрылымында сапалы өзгертуі ықтимал. 

Кадрлық тәуекелдер. Сала білікті кадрлардың тапшылығын сезінуде. Бұл ретте Министрлікте өңірлік көлік-коммуникация жүйесін басқару деңгейінде және әкімдіктердің коммуналдық меншігіндегі көлік-коммуникация кешені ұйымдарын басқару деңгейінде де кадрларды іріктеу мен орналастыру мәселелеріне ықпал ететін тұтқасы жетіспейді.

Әкімшілік және мемлекеттік қызметшілердің беделі мен мәртебесінің түсуі, олардың жеткіліксіз моральдық және материалдық ынталандыруы, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік мәселелерінің шешілмеуі жоғары білікті қызметкерлердің коммерциялық және басқа да құрылымдарға кетуіне, әкімшілік және мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдарын ауыстыруға талапкерлер арасындағы кәсібилердің, басқару менеджерлері санының төмендеуіне әкеледі.

Автожол саласы

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының ұзақтығы 128 мың км құрайды, оның 93 мың км астамы жалпы пайдаланудағы автожолдар. Жалпы пайдаланудағы автожолдардың жалпы ұзақтығының 23,5 мың км республикалық маңызы бардағысы, 69,5 мың км жергілікті желілерге жатады.

2005 жылдан бастап республикада жолдарды салу мен қайта жаңарту оське 13 тоннаға дейін есептік жүктемемен жүргізіледі, барлық халықаралық дәліздер ІІ техникалық санаттан төмен емес параметр бойынша қайта жаңартылуда. 72 стандарт үйлестірілді. 5 сатылы сапа бақылауы енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысымен Автожолдар саласын дамытудың 2006 – 2012 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді, соған сәйкес, жөндеудің барлық түрімен қаржыландыру көлемі 1,3 трлн.теңге немесе 10 млрд.АҚШ доллары болатын жалпы пайдаланудағы автожолдардың 42 мың км қамту жоспарлануда, бұл ретте 2007 жылдан бастап Республикалық бюджет жергілікті желілерге трансферттер бөлінеді, 2013 жылға дейін барлығы 141 млрд.теңге бөлу жоспарлануда.

2012 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйін 86% және жергілікті желілердің жай-күйін шамамен 70 % жақсарту күтілуде.

Соңғы 7 жылда саланы дамытуға жергілікті желіні қосқанда, 420 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді, оның ішінде 2001 жылы 24,5 млрд.теңге қаржыландырылса, 2007 жылы 134,3 млрд.теңге қаржыландырылды. Осы жылдар ішінде жалпы пайдаланудағы жолдардың      93 мың км қайта жаңартуға және 22 мың км астам жол жөндеудің барлық түрімен қамтылды, оның ішінде республикалық желідегі – 16,4 мың км.

2007 жылы 134 млрд.теңге игерілді, соның ішінде 119 млрд.теңге Республикалық бюджеттен және 15 млрд.теңге жергілікті бюджеттен. Жалпы алғанда 2007 жылы жалпы пайдаланудағы автожолдарда, жергілікті желілерді қоса алғанда, жөндеу жұмыстарымен шамамен 4 мың км қамтылды. Республикалық маңызы бар автожолдарда Астрахань – Атырау автожолындағы Қиғаш өзені арқылы өтетін шекаралық көпірлі өткел, Астана – Челябі автожолында ұзақтығы 41 км учаске, Омбы – Павлодар автожолында 15 км және Атырау – Бейнеу автожолында ұзақтығы 64 км Қаратабан – Доссор учаскесі пайдалануға берілді.

2008 жылы жалпы пайдаланудағы автожолдарды дамыту үшін 154,6 млрд.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 126,1 млрд.теңге (оның ішінде 105,7 млрд.теңге республикалық маңызы бар автожолдарға және 20,4 млрд.теңге жергілікті желінің трансферті) және жергілікті бюджеттен 28,5 млрд.теңге игерілді. Жөндеудің барлық түрімен 4,5 мың км қамтылатын болады, соның ішінде республикалық желіде 2,3 мың км және жергілікті желіде 2,2 мың км жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жылдың соңына дейін ұзындығы 579 км қайта жаңарту учаскелері пайдалануға берілетін болады: «Шонжа – Көлжат» автожолының 114 км, «Доссор-Бейнеу» учаскесінің 238,3 км, «Орал – Ақтөбе» учаскесінің 65 км, «Астана – Қостанай – Челябі» учаскесінің 81 км, «Таскескен – Бақты» автожолының 64 км, Астана қаласын Оңтүстік айналып өтудің 17 км салу.

Жылдың соңына қарай республикалық автожол желілерінің жағдайын 64 % және жергілікті желінің жағдайын 56 % жақсарту күтілуде.

Республикалық жолдарды ағымдағы жөндеу және ұстау үшін нормативтік қажеттілік 2008 жылғы баға бойынша 19 млрд.теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен қажетті соманың 39 % құрайтын 7,4 млрд.теңге бөлінді. Жергілікті желілер жолдарын ағымдағы жөндеу және ұстау үшін нормативтік қажеттілік 29 млрд.теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен қажетті соманың 26 % құрайтын 7 млрд.теңге бөлінді.

2007 жылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін дамыту үшін кешенді техника-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) әзірленді, Қазақстан аумағы бойынша 2287 км қайта жаңартуға жатады. Жобаның жалпы құны – 804,1 млрд.теңге (шамамен 6,7 млрд.АҚШ доллары). 2007 жылдан бастап ұзақтығы 215 км Қарабұтақ – Ырғыз – Қызылорда облысы шекарасы учаскесінде жұмыстар жүргізілуде. 2008 жылға 2,5 млрд.теңге бөлінді.

2008 жылы 2,6 млрд.теңге бөлінген жобалық-зерттеу жұмыстары (бұдан әрі – ЖЗЖ) көзделген, олардың нәтижесі бойынша 5 облыс бойынша 1 984 км жоба-сметалық құжаттама) ЖСҚ дайындалатын болады. Жобаны Қарабұтақ-Ырғыз-Қызылорда облысы шекарасы учаскесінсіз Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын қаржыландыру схемасы анықталды, өзге учаскелер республикалық бюджет қаражатын тартумен (Ақтөбе қаласын солтүстік айналып өту, Шымкент қаласы арқылы өту, Алматы облысындағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (бұдан әрі – ҮАААЖ) шығу сыртқы заемдарды тартумен және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырумен және де концессия негізінде жеке инвестицияларды тарту есебінен (Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы және «Алматы-Қорғас»).

Жалпы алғанда 2004 – 2005 жылдары жаңартылған Ақтөбе – Қарабұтақ және Алматы – Бішкек учаскелерін қоспағанда жобаның іске асырылуы 2012 жылдың соңына қарай аяқталады.

 Азаматтық авиация

Республикада 66 әуе компаниясы қызметін жүзеге асырады, 41 әуе компаниясы жолаушылар және жүк тасымалын жүзеге асырады, оның ішінде 7-уі тұрақты тасымал жасайды. 25 әуе компаниясы авиациялық жұмыстарды жүргізеді (авиациялық-химиялық, орман күзету, мұнай- және газ құбырларын аралап ұшып шығу, Каспий шельфін игеру және басқа да жұмыс түрлері).

22 әуежай қызмет атқарады, оның ішінде 15 әуежай халықаралық мәртебесіне, 9 әуежай ИКАО санатына ие. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 729 әуе кемесі есепте тұр, оның ішінде 620 ұшақ және 109 тікұшақ.

Қазақстандық әуе тасымалдаушылары («Эйр Астана» АҚ, «Скат» АҚ)15 шетел мемлекеттеріне ұшуларды орындайды. Қазақстанда тұрақты жолаушы ұшуларын 19 шетел мемлекетінен 28 шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырады. Ішкі әуе байланысы саласында 40 бағыт бойынша тұрақты ұшулар жүзеге асырылады.

«Ішкі әуе тасымалын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен (2008 жылы 667 млн.теңге) 9 әуе бағыты бойынша Астананы Тараз, Жезқазған, Петропавл, Семей, Қостанай, Талдықорған, Павлодар қалаларымен және екі облысаралық Қарағанды-Өскемен және Қарағанды-Қызылорда бағытымен байланыстыратын әуе тасымалдары орындалады. Келешекте 6-8 облысаралық бағытқа дейін ашылатын болады. 2007 жылдың маусым айынан бастап бірінші рет Шығыс Қазақстан облысында облысішілік субсидия төленетін әуе рейсі ашылады.

2005 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта қазақстандық әуе компанияларымен шамамен 6,2 млн. жолаушы тасымалданды (2005 жылы – 1,6 млн., 2006 жылы – 1,9 млн., 2007 жылы – 2,7 млн.). әуе тасымалының 2008 жылға болжамдалған көлемі 2,8 – 2,9 млн. жолаушыны құрайды. 2006 — 2007 жылдағы көлемнің өсімі орташа 35 % құрайды.