Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәуірінде

1941 жылы 22 маусыма фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді.

Гитлершілдер КСРО-ға қарсы соғысты Атлантикадан Сібірге дейін славян және түрік-монғол тұқымдас “тазартылған” “герман-территориялық-этностық тұтастығын” құрудың шешуші кезеңі және дүние жүзін жаулап алудың алғы-шарты деп санады. Англия мен АҚШ-ты талқандағанға және “тұтастыққа” немістерді қоныстандырғанға дейін өзін-өзі басқаруға ұқсас Остланд, Украина, Мәскеу, Кавказ рейхскомиссариаттарын құру белгіленді.1941 жылы аяғында –1942 жылы басында “қауырт” соғыс жоспарының күйрегені белгілі болған кезде кеңес республикаларының “бірігу күшін” әлсіретудің жолын іздеуге тура келді, жаңағылардан басқа Еділ- Орал және Гросс-Түркістан буржуазиялық-ұлт мемлекеттерін, сондай-ақ Қарағанды, Новосібір және Кузнецк “индустриялық облыстарын” құру жоспары пайда болды.

Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысады. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Бұған дейінгі өткен жиырма жылдың ішінде жоспарлағандай патриархалдық феодализмнен социализмге аса зор секіріс жасауды, халықтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе жасалған еді.

Қысқа мерзімнің ішінде таптық, ұлттық және отарлық езгі, сауатсыздық және орта ғасырлық мешеулік жойылды, әйел теңдігі, ұлтаралық татулық пен келісім жүзеге асырылды. Осының бәріне қол жеткізуде халықтардың патриоттық дәстүрлері маңызды рөл атқарды.Қазақ халқы көп ғасырлар бойы өзінің байтақ даласының шекараларын ойдағыдай қорғап келген болатын. Отаршылдыққа қарсы күрес, орыстың үш төңкерісі жылдарында, азамат соғысының майдандарында, бесжылдықтың құрылысында халықтар достығы қалыптасып, нығайды.Соғыстың алдындағы жылдардағы фашизмге қарсы адамдарға зор ықпал жасады.

Бірақ сол қауырт дамудың көлеңкелі жақтары да боды-ашаршылық, негізсіз жазалау, онсыз ды аз ұлттық интеллигенттердің едәуір бөлігін қырып жіберу, қазақ халқының санын азайту, ұлы даланы қудалауға түскен халықтарды көшіріп әкелетін зонаға айналдыра бастау, міне осының бәрі халықтарды әлсіретті, олардың санасын улады, өлкенің мүмкіндіктерін елдің қорғаныс қуатын нығайту үшін дамыту және пайдалану мүмкіндіктерін тежеді.

КСРО-ға шабуыл жасай отырып, фашистік идеологтардың кеңес үкіметі жазалаған бұрынғы ақгвардияшыларға, бай шаруаларға, капиталистер мен помещиктерге, тоталитарлық жүйенңн жаппай терроры мен зорлық-зомбылығының қорлығы болғандардың бәріне үміт артуы негізсіз емес еді.

Ал кеңес адамдарының көпшілігі жауға қызмет істеу деген ойдан аулақ болды. Отанға берілгендік, патриотизм жаңа үниені жасаушылардың саяси пафосымен астаса отырып, халықтың көпшілігіне сталинизмнің қайғылы әсерін жеңе отырып, Отанды қорғау үшін топтасуға мүмкіндік берді.

1939 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның халқы 6,2 млн. Адам еді. Соғысушы армия қатарына соғыс жылдары 1196164 қазақстандық сапқа тұрды. Патша өкіметінің 1916 жылғы тәжірибесін қолдана отырып, сталинизм Қазақстан мен Орта Азияның түпкілікті халықтарынан және зорлап көшіріліп әкелгендерден еңбек армиясын және арнаулы құрылыс бөлімшелерін құрды, оларға Қазақ КСР-нан 700 мыңнан астам адам шақырылып алынды.Республикаға майдан алқабынан әкелінген, 1,5 млн-дай адамды және зорлап көшіріліп әкелінген халықты есептегеннің өзінде республикаан армияға алу проценті жоғары болды: майданға және қорғаныс өнеркәсібіне оның әрбір төртінші тұрғыны жіберілді.Мобилизациялау процентінің мұнша жоғары болуына негізінен экономиканың аграрлық сипаты, халықтың арасында шаруалардың үлес санының көптігі және индустрияның қорғаныс саласына жұмысшы күшін және Қазақ КСР-ның ауыл шаруашылығында механизаторларды брондау практикасының кеш енгізілуі себеп болды. Қазақстандықтардың негізгі көпшілігі майдандағы армияға толықтыру ретінде, шамамен үштен бір бөлігі республикада жасақталған бөлімшнлерде тіркелді.Бұлар 12 атқыштар дивизиясы, төрт атты әскер дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы, әртүрлі әскер түрлерінің 50-дей жеке полктері мен батальондары еді.Олардың ішінен үш атты әскер дивизиясы мен екі атқыштар бригадасы қазақтың ұлттық бөлімшелері болып құрылды.Мобилизациялық жоспардан тыс, негізінен еріктілерден құралған бұл бөлімшелердің тең жартысы коммунистер мен комсомолдардан тұрды, олар майдандағы армияның құрамына берілгенше киім-кешекпен және басқа тиісті заттармен, көлікпен және құрал-сайманмен республика бюджетінің және халықтың еркімен берген қаржылардың есебінен қамтамасыз етілді.

Республика офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау сіне лайықты үлес қосты.1941-1945 ж.ж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жіберілді еспублика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мың офицер даярлап шығарды.

Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше ысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат, станок жабдықтары сондай кәсіпорындардың пайдасына қайта бөлінді.

Майдан шебінен адамдардың, өндіріс потенциалдық және мәдени байлықтардың еріксіз көшірілуі көптеген қиыншылықтар туғызды.1941-1945 жж. Қазақстан батыс аудандардың 532,5 мың тұрғыны баспана, жұмыс, тыл еңбекшілерінің қатарына өз орнын тапты.970 мыңдай репатриацияланған немістер, поляктар осында келді. Олардың кпшілігі ауылдар мен селоларға таратылып орналастырылды. Ал қалаларда соғысқа дейін қиын болған тұрғын үй проблемасы одан сайыншиелінісе түсті: 1940 ж. Қаланың әрбір тұрғынына 5,1 шаршы метрден келсе, соғыс жылдары 4,3, ал Қарағанды қаласында 2,2 шаршы метрден ғана келді.

Бөлшек сауда жүйесіне азық-түлік және көпшілік қолды товарлар бұрынғыдан 7-15 есе аз түсті, ал базардағы баға 10-15 есе көтерілді.Елде халықты нан және басқа да аса маңызды азық-түлікпен жабдықтауға карточка жүйесі енгізілді, көмекші шаруашылықтар жүйесі, ұжымдық және жеке бақша шаруашылығы кеңейтілді. Мемлекеттің, еңбек ұжымдардың, республика тұрғындарының бірігіп күш жұмсауы арқасында ел азық-түлік проблемасын шеше алды. Молшылық болған жоқ, бірақ жұрт ең аз қажетін өтеді.

Тылды қайта құрудың құрамды бөлігі көшіріп әкелінген кәсіпорындарды оналастыру болды.Қазақстанға 220 фабрика, зауыт, ұстахана, артель және өнекәсіп комбинаты (соғыстың барысында бұлардың 20-сы қайта көшірілініп әкетілді) көшіріліп әкелінді, қатарға қосылды. Олардың көпшілігі (54 зауыт пен фабрика) тамақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары болатын. Әдетте олар өздері тектес кәсіпорындардың базасына орналастырылды. Көшіріп әкелінген әкелінген кәсіпорындардың көпшілігі өз жұмыстарын асығыс ыңғайластырылған үйлерде және типті бастырмалардың астында бастады. Көбінше жаңа орынға бұл кәсіпорындардың бұрынғы жұмысшылары мен инженер – техник қызметкерлердің оннан бір бөлігі ғана келді. Міне осындай жағдайда өнімдердің бұрын шығарылған ескі түрлері ғана емес, қару-жарақ пен оқ-дәріні бірсыпыра жаңа түрлерін шығару жолға қойылды.

Ұжымдандыру жылдарындағы сияқты, 1941-1945 жж. МТС-тар мен совхоздарда саяси бөлімдер, ал трактор және егіс бригадаларында саяси жетекшілер енгізілді. Саяси жетекшілерге көп жағдайда әкімшілік қызметі, “нормаларын әдейі орындамайтындарды, еріншектер мен қыдырымпаздарды” жазалауға дейін шара қолдану құқы берілді. Әкімшілік жүргізу, колхоздар мен совхоздардағы еңбекті әскери тәртіпке көшіру, әйелдер мен жасөспірімдерді жаппай еңбекке тарту, ауылдар мен деревняларда техниканың азаюы, еңбекке ақы төлеудің күрт азаюы, ал көптеген колхоздарда мүлде төленбеуі, колхозшылардың малдарын күшпен контрактациялау, соғыс салықтарының енгізілуі , міне осының бәрі ауыл мен деревня еңбекшілерінің жағдайына ауыр әсер етті, 1943 ж. Солтүстік облыстарда , 1944ж. Ақтөбе облысында ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі комиссия жұмыс істеді.

Халық комиссариаттары мен оның басшыларының құқықтары мен саладағы істің жағдайы үшін жауапкершілігі арттырылды.Мәжілістердің саны азайтылды, оралымдық, іскерлік арттырылды. Осымен бірге жеке адамға табыну практикасы, партияның ішкі өміріндегі былықтар, әсіресе әкімшілік жасау жолына түсуге әкеліп соқты. Сол жылдардағы Конституциялық емес, төтенше органдар құру жөніндегі теріс іс те осыған қызмет етті. Мәселен, Семей және Ақтөбе облысының аудадарында егін егуге басшылық жасауүшін, өртке қарсы күрес, көшіріліп әкелінген халықты орналастыру және т.б. жөніндегі үштіктер мен төтенше комиссиялар құрылған. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанда, Павлодар облыстарының партия комитеттері соғыстың алғашқы кезінде коммунистерді қорқыту, дөрекі әкімшілік көрсету тәсілдері қолданған.

Барлық дәрежедегі кеңестердің қызметінің мазмұны өзгерді.Ең алдымен басқару органдарының ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді.Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесінің жанынан және облыстарда жұмысшы күшін бөлу жөніндегі бюро, көшіріліп әкелінген халықты шаруашылық жөнінен орналастыру, әскер қызметкерлері жаұяларын қамтамасыз ету және тұрмыс жағынан орналастыру, әскери заказдар мен көшіріп әкелінген жабдықтарды моптаждау жөніндегі бөлімдер ( кейбір облыстарда олар төтенше комиссиялар деп аталды) ұйымдастырылды. 1944 ж. Еңбекшілер депутаттары аудандық, қалақық және облыстық кеңестері жанынан көп балалы және жалғызбасты аналарға жәрдем жөніндегі бөлім құрылды.

Соғыс жғдайында Кеңестердің атқарушылық-жарлық берушілік қызметі күшейді. Қолы бос еңбекке жарамды халықты мобилизациялау, міндетті көлік тасымалын енгізу туралы шешімдер мен жарлықтар қабылдау практикасы кеңнен қолданылды. Қала халқы ұшақ алаңдарын тазалау, кен орындарынан отын тасу жұмыстарына тартылды. Соғыс жағдайындағы Кеңестердің қызметі жеке басшылық жасау, билікті шоғырландыру, жоғары ұйымшылдық, дәлдік пен жеделдік тән болды.

Кеңестердің әкімшілік жасау-заң шығару қызметі күшейіп, мәдени-тәрбие қызметі әлсіреді. Кеңестердің соғыс жағдайында туған жедел — әкімшілік қызметінің күшеюі кейде жалаң әкімшілік жасауға ұласып кетіп отырды.

Соғыс жағдайында әйелдер қозғалысы өрістеді. 1943ж.партия комитеттерінің жанынан әйелдер арасындағы жұмыс бөлімінің кәсіпорындарда, транспортта, колхоздар мен совхоздарда 4300 әйелдер Кеңесінің құрылуы шығыс әйелдерінің социалистік Отанды қорғаудағы белсенділігін арттыруға, еңбекші әйелдерге идеялық тәрбие беру ісін жақсартуға көмектесті.Әскери экономиканы жасау. 

Неміс әскерлерінің КСРО-ға терең бойлап кірген, Еділ бойындағы шайқастар кезеңінің өзінде майдан шебі Қазақстанға жнткен жоқ. Бірақ майданның жақын келуі оның батыс облыстарының өміріне өзінің әсерін тигізді. 1942 ж. Қыркүйегінде олардың территориясына әскери жағдай жарияланды, Орал мен Атырау да қалалық Қорғаныс комитеттері құрылды, ол мемекеттік, партиялық және әскери органдардың билігін біріктірді. Оңтүстік Орал әскери округінің штабы мен әскери инженерлері жаудың Еділден өтіп, шығысқа қарай шабуыл жасаған жағдайына деп бірнеше қорғаныс шебінің сұлбасын белгіледі. Оралда жедел байланыс торабы жасалып, оның Атырау, Астрахань, Куйбышев және Орынбор желілері тартылды, бұл ставканы оңтүстік бағыттағы майдандармен телефон арқылы тұрақты байланыстыруды қамтамасыз етуге тиіс болды. Атырауда Каспий теңізі Волга өзен флотияларының бірнеше кемелерінен, содай-ақ жағалық бөлімшелер мен қызмет бөлімдерінен әскери-теңіз базасы жасалды.Неміс авиацмясы олар арқылы Сталинрадқа әскерлер және жүк тиеген эшоландар өтетін Сайхин, Шунгай, Жәнібек станцияларына шабуыл жасай бастаған кезде оларды қорғау үшін командование әуе шабуылынан қорғану 103- авиадивизиясының үш полкін, зенит зеңбірегінің екі полкін, төрт зенитті бронды пойыз, әуені бақылайтын, хабарлайтын және байланыс орнататын төрт батальон қойды. Осылар өзара күш біріктіре қимыл жасай отырып, жаудың 30 ұшағын атып түсірді.

Соғыстың бірінші күнінен бастап-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Мұның өзі жалпы одақтық экономикаға, өндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан жасауға тура келген саласында да оның үлесін арттыруды талап етті.

Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. Төрт жыл ішінде олар 34млн. тонна көмір шығарды, бұл бассейннің бүкіл өмір бойы шығарғанынан 3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнай аудандарының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39% арттырды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.

Республика мыс (39%), қорғасын (85%) өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды, осымен бірге зеттелген кеніштердің негізінде металдар шығару, байыту, балқыту кәсіпорындары: Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл коибинаттары және т.б. салынды. Осыладың арқасында республика молибденнің одақтық көлемінің 60 %, металл висмутының 65 %, полиметалл рудаларының 79% берді. Бұл нәтижеге жетуге жұмысшылар, техниктер мен инженерлер: Б. Аймұханов, Б. Смағұлов, В.Дементюк, А.Казакова, Д.А. Косых, Д.А. Қонаев, М.А. Лукьянова, А. Сафин, А.М.Сиразутдинова, Г. Хайдин және олардың шәкірттері, мен ізбасарлары ерекше үлес қосты.

1941-1945 жж. Барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, бомбалар, огнеметтер, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Өндірісті игеруде, онан кейін қару-жарақтың түрлерін жетілдіруге конструкторлар, инженерлер мен кәсіпорындардың озат жұмысшылары: И.А.Аристов, Г.А. Бариков, Н.К. Пышкин, П.Х. Резчик, Л.Я. Селеменова, Я.И.Фефер,Н. Шмарин, баса көңіл бөлді. Мұның өзі өндірістің сан және сапа көрсеткіштерін жақсарта беруге көмектесті.Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде металл өңдеу мен машина жасау саласының үлесі 1940 ж. 16-дан 1945 ж. 35 %-ке дейін өсті.

Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37% өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өсімнен 2 % жоғары. Бұл нәтижелерге еңбектегі үлкен ауыртпалыққа, жоқшылық пен қиыншылыққа қарамай қол жетті. Бірақ соғыс алда тұрған міндеттерді орындаудың басқа жолы мен әдістерін іздеу мүмкіндіктерінен жалпы айырды немесе оны мейлінше шектеді , сондықтан адамдар майданның талаптарын орындаудан күшін де, мүмкіндіктерін де аяған жоқ.

Ауыл шаруашылық еңбекшілерінің еңбек жағдайы мен міндеттері күрт өзгерді.Ең қиыны кадрлар туралы мәселе болды: майданға аттанған Қазақстандықтардың шамамен үштен екі бөлігі ауылдар мен селолардан кетті.Әскер қатарына шақырылған еркектердің орнын негізінен әйелдер басты. Соғыстың аяғына қарай көптеген колхоздарда жұмыс істеп жүргендердің 70-80 % әйелдер болды. Оның бер жағында жылына 400 және онан да көп, яғни міндетті минимумнан үш есе жоғары, еңбеккүн тапқан әйелдердің саны 1940 жылы 20607-ден 1945 жылы 94202-ге жетті.

Тіпті құрғақшылық болған 1943 жылы өзінде Ақтөбе облысы “Құрман” колхозының звено жетекшісі Ш. Берсиев тарының гектарынан 202ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда облысы “Авангард” колхозының звено жетекшісі Ы. Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелең ауданы  III интернационал колхозының жетекшісі М. Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алды.

Мал өсірушілер де күш-жігерін, білім-тәжірибесін аяған жоқ. Жезқазған ауданы Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын жүз қойдан 180-ге дейі қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау облысы “Жаңа талап” колхозының жылқышысы Ш. Шұғаипова бір мыңнан астам жылқыны шығынсыз бағып келді.Қазақстанның батыс облыстарында жау қолында қалған аудандардың 370 мыңдай малы бағылды. 1943 ж. Олар кері қайтарылды. Өз малдарын және батыстан айдап әкелінген малдарды сақтап қалуға, ал соғыстың ақырында ірі қара, қой мен ешкі жөнінен олардың соғысқа дейінгі санын біраз көбейтуге мүмкіндік берген қары жұқа шөлейтті және жартылай далалық өңірлерде малдың бір бөлігін жайып бағуға уақытында көшіру және оны жақсы ұйымдастыру болды. Бұл мал өсірушілердің еңбегінде біраз жеңілдетті. Соғыс кезіндегі бірінші қыста мұнай учаскелерде 2,1 млн. мал бағылды (24проц.), ал онан кейінгі жылдары 4,4 млн. мал (46 проц.) бағылды..

Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парызын өтеді: 1941-1945жж. Олар майданмен елге 5829 мың т. Астық, 734 мың т. Ет және басқа азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Соғыс кезінде қоғамдық мал басын толықтырудың маңызды көзі ауылшаруашылық артелі мүшелерінің жеке малын күштеп контракциялау болды. Мәселен, тек 1942 ж. Ғана колхоз фермаларын толықтыру үшін колхозшылырдан 600 мыңнан астам төл сатып алынған. Қазақстан колхозшыларының малы 1940 ж. 1943 ж. Дейін екі жарым есе өскен.

Соғыс жағдайында қажетті ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау, халыққа білім беру және мәденит пен ғылым мекемелерінің жүйесі сақталып және тіпті дамытылды. Дәрігерлер мен медбикелер госпиталдардан жаралылар мен аурулардың қатарға қосылу процентінің жоғары болуын қамтамсыз етіп қана қоймай, сүзек және басқа жұқпалы аурулардың шығуына және таралуына жол бермеді, бұрынғы соғыстарда мұндай шығындар соғыс майданында мерт болғандардан көп болғаны мәлім.

Барлық типтегі мектеп жүйесі өзгерген жоқ, бірақ оқушылар саны, әсіресе, ауылдық жерлерде азайды: жауынгерлердің жанұяларына мемлекеттің берген жәрдемі және жұртшылықтың көрсеткен көмегі барлық мұқтаж балаларды бірдей кмім-кешекпен, аяқ-киіммен қамтамасыз ете алмады.118 техникумнан 92-сі сақталды, бірақ оқушылар саны 389 ғана қысқарды.Соғысқа дейіегі 20 жоғары оқу орнына жаңадан төртеуі қосылды, оларда оқитындардың саны 1940 ж. 10,4 мыңнан 15 мыңға дейін өсті.

Мәдениет мекемелері азырақ сақталып қалды.Мәдениет сарайлары мен клубтардың шамамен төрттен бірі өндірістік орындарды немесе госпитальдарды орналастыруға берілді. Көпшілік кітапханалар екі еседен астам қысқарды, кітап қоры үштің біріндей азайды.

Республикада театрлардың саны бұрынғы күйінде қалды, олардыңжұмысында, сол сияқты жоғары оқу орындарының қызметінде жергілікті шығармашылық күштер мен көшіріп әкеліген Ресей және Украина өнер қайраткерлерінің ынтымақтастығы арқасында, әсіресе кинеметографияда елеулі сапалық өсу байқалды.Алматыға Мәскеу мен Ленинград киностудияларының келуімен байланысты Алматы деректі фильмдер студиясы әртүрлі жанрдағы фильмдер шығаратын “Қазақфильм” студиясы болып қайта қрылды. Майдан мен тылдың батырлары туралы Жамбыл Жабаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Д.Снегин, И.Шухов сияқты шеберлермен бірге Б.Бұлқышев, Қ.Жармағамбетов, Ж. Молдағалиев, С.Мәуленов, С.Сейітов сияқты жас жазушылар шығармалар жазды. Олардың кейбіреулері майдангерлері еді.

Соғыс жылдары Қазақстан ғылымы қарқынды дамыды. 1942ж. наурызына дейін-ақ олар халық шаруашылық және қорғаныстық маңызы бар 150 тақырып бойынша ұсыныстар мен тұжырымдар берді.Әсіресе геолог ғалымдар жемісті жұмыс істеді, олар пайдалы қазбалардың 500-дей кенішін ашты және 150кенішті зерттеді, бұлардың бір бөлігі бірден игеріле бастады. 1941-1945 жж. Республикада 12 ғылыми институт және олардың филиалдары ашылды, ғылыми қызметкерлердің саны 152-ден 864 адамға дейін өсті. Мұның бәрі КСРО ғылым академиясының қазақ филиалын Қазақ КСР Ғылым академиясы етіп қайта құру үшін алғышарт жасады, бұл заң жүзінде 1946 ж.маусымда аяқталды.Оның тұңғыш президенті белгілі геолог, академик Қ.И. Сәтпаев болды, ол Жезқазғанның қойнауын зерттеген және пайдалы кендерді іздеуді алдын-ала болжау туралы жасаған болатын.

Ғылымның дамуында республикалардың ынтымақтастығы елеулі рөл атқарды. Қазақстан ғалымдарының жанында Мәскеудің, Ленинградтың, Киевтің және елдің басқа қалаларының 20-дан астам ғылыми мекемелерінің ұжымдары және академиктер И.П.Вернадский, В.А Обручев, М.А.Панкратова, А.А Скочинский және басқалары сияқты дүние жүзіне мәлім ғалымдар жұмыс істеді.

Майданға ерікті көмек кең құлаш жайды.Халықтың патриоттық үлестерінен жиналған қорғаныс қоры 1943 ж. қазанға дейін ақшалай 185,5 млн. сомға және тапсырылған облигациялардың құны 193,6 млн. сомға жетті.1941 ж. күзден бастап патриоттардың қаржысына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтарын сатып алу науқаны басталды. Олар нақты жауынгерге арналды.Сондай-ақ бүтіндей колонна, эскадрилья сатып алынды. Қазақстанның қару-жарақ жасауға өткізілген барлық соғыс заемдарының және ақшалай-заттай лотереялардың құнын есептегенде республика халқының майдан қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом болды, бұл соғыстың екі жетілік тікелей әскери шығынын өтеуге жететін еді.

Әсіресе соғыстың бірінші қысында жылы киім көмегі едәуір болды. Республикада халықтан 2,5 млн. жылы киім, оның ішінде 11,5 мың шолақ тон, 312 мың пар киіз байпақ түсті. Мұның үстіне майдандағы солдаттарға 1600 вагон жеке және ұжымдық сәлем-сауқаттар жіберілді, кейде оларды облыстың немесе республиканың арнаулы өкілдері алып барды.Отан қорғаушылардың олармен кезднсуі, сол сияқты Қазақстан артистерінің майдан шебіндегі ормандарда, жер астындағы клубтарда немесе алдыңғы шептігі блиндждарға көрсеткен 1216 концерттері майдан мен тылдың бірлігінің айқын көрінісі болды.

Майдан мен тылдың бірлігін, халықтар достығын нығайтудға шығыс аудандар халықтарының майдангерлерімен алысқан хаттары да, сондай-ақ жауынгерлер жанұяларына көмек көрсету, жаралылар мен мүгедектерге қамқорлық шаралары, тылдағы аудандардың, жаудан азат етілген аудандардың халқына көпжақты қалтқысыз көмегі игі қызмет етті.Республика Лнинград және Мәскеу облысының бірсыпыра аудандарын, Орлов облысының қалалары мен селоларын шефтік қамқорлыққа алды. 19433 ж. ғана Қазақстан өз ресурстарынан Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріне, Украинаның шығыс облыстарына 2700 трактор, 123 комбайн, 880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді.Осының бәрін жеткізіп апарғандардың ішінен 295 комбайыншы, 636 трактор бригадасының бригадирі, 115 механизатор, 115 агроном, 65 МТС директоры сонда қалып, шаруашылықты қалпына келтіруге көмектесті.

Тылдың майданға көмегі жауынгерлердің жағдайын жақсартып қана қоймай, олардың жауынгерлік рухын көтерді, оларды жауды талқандау үшін мүмкін және мүмкін емес нәрсенің бәрін істеуге жігерленді.

Қазақстандықтар майданда 

Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арсында да бар еді.

Басқалармен қатар Брест қорғанын шекарашылар К.Әбдрахманов пен В.Лобанов, Атқыш К.Иманқұлов, пулеметші Е.Качанов, минометші В.Фурсов, зеңбірекші Ғ.Жұматов және басқа қазақстандықтар қорғады.Қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, одесса мен Севастополь үшін шайқасты. Мыңдаған кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің табандылығы мен ерлігіне қармастан соғыс алғашта қайғылы жағдайда өрістеді.

Соғыстың алғашқы айларында ауыр жеңіліске ұшырауымыздың себебі көп еді.Біріншіден, 12 мемлекеті басып алған және 14 одақтасы болған жаудың күші басым еді. Бүкіл шетелдік Еуропаның экономикасы вермахтқа жұмыс істеді, ол батыстағы жедел жеңістердің барысында қазіргі соғысты жүргізудің тәжірибесін алды және өзінің жеңілмейтіндігіне сендірді. Кеңес шекарасының өн бойына орналасқан бес солдат пен офицердің үшеуі ұлтшыл партияның мүшесі және олардың бәрі “гитлерюгенд” қатарына саяси жаттығу мектебінен өткендер болды.

Алайда 1941 ж. жеңілісстің себебі жаудың күші ғана емес, срнымен бірге Кеңес басшылығының есебінен жаңылуында да болды. КСРО соғысқа одақтастарсыз кірді, антифашистік одақты агрессияның барысында ғана құра бастады. Соғыс қимылдарының басталуына дейін армия қатары толықтырылып, қайта құралып және қаруландырып болмаған болатын, ал оның жауынгерлік даярлық дәрежесі мен тәртібі 1937-1938 жж. Жазалаудан кейін төмен еді. Армияда көз жұмып бағыну рухы орнаған еді, ал әскери істерге басшылық жасаған Сталиннің жетіксіздігі жағдайды онан сайын қиындатты.Англияны талқандамайынша, сйтіп Кеңес Одағының кең байтақ жеріне, жолдың жоқтығына және қатал ауа райына байланысты оның ерекше жағдайына сай даярлық жасап алмайынша Германия соғыс аша алмайды деп ойлады Сталин. Мұның үстіне Сталин және әскери қолбасшылық жаудың басты соққы беруі мүмкін бағытын, оның қимыл тәсілдерін, ал осыған сай өз әскерлері мен оны жабдықтау базаларын орналастыру жүйелерін қайта белгіледі.

Міне , осының бәрінің салдарынан Кеңес әскерлері бірсыпыра жеңілістерге, адам күші мен техникасы жөнінен көп шығынға ұшырады.

КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды, ол бұқаралық сипат алуы, ұйымшылдығы, өз жоспарларын Кеңес армиясы қолбасшылығының міндеттеріне бағындырып отырулары арқасында стратегиялық маңыз алды. Оған қазақстадықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда 3000-дай қазақстандық болды.300-дей қазақстандық қарсыласу қозғалысына қатысты.

Республика И.С.Арискиннің, А.Жұмағалиевтің, К.Ғ.Омаровтың, З.У.Хұсаиновтың есімдері кеңінен мәлім болды.Олар жолдарды бүлдірді, басқыншылардың гарнизонына жазалау операцияларын жүргізген кезде күтпеген жерден шабуылдап, батыл қимыл жасады. Қазақстандық саяси қызметкерлер Г.Акмолинский, Т.Жангелдин, Ж.Саин, Б.Оразбаев және басқалар партизандар мен тұрғын халық арасында үлкен жұмыс жүргізді. Г.Ахмедияров, Қ.Қайсенов Н.А.Морозов, С.А. Олексенко, С.О.Төлешов, В.И. Шаруда партизан отрядтары мен құрамаларының командирлері болды. Партизандар командирлері А.С.Егоровқа, Н.В.Зейбницкийге және Ф.Ф. Озмительге (өлгеннен кейін) Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

1941 ж. жазғы ұрыстарда шағын мен жеңілістерге қарамай Кеңес әскерлері гитлершілдердің “блицкриг” жоспарын іске асыртпай тастады, ал Мәскеу түбіндегі жеңіс соғыстың барысында түбірлі бетбұрыс жасаудың бастамасын қалады.Еділдегі, Крск иініндегі және Днпрдің жағасындағы шайқастарда ол алыбас қорғаныс қамалдарын жасауды және жаудың мұндай қамалдарын талқандауды, жау әскерлерінің ірі топтарын қоршап алып, жойып жіберуді үйренді.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97 қазақ. Қазақстандықтардың ішінен бірінші болып, 1941 ж. 22 шілдеде Кеңес Одағының батыры атағы 19-танк дивизиясының командирі генарал-майор К.А.Семенченкоға берілді, ең соңында (1990ж. 11 желтоқсанда) мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлына берлді, ол 1941ж. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады.

Ерекше ерлік көрсеткен төрт жауынгер: ұшқыш-штурмовиктер Т.Я. Бигельдинов, Л.И. Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д. Луганский Кеңес Одағының батыры атағын екі реттен алды.Батырдың қатаоында пулеметші М.Ж. Мәметованың, мерген Ә.Н.Молдағұлованың, атқыштар С. Баймағанбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың, зеңбірекшілер С. Мүткеновтың , И.К.Новикровтың, брон бұзушы П.К. Миллердің, минометші Қ.Сыпатаевтың, атты әскер М.М.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерінің командирі Б.П.Ушевтың , атқыштар дивизиясының командирі Ғ.Б.Сейфуллиннің есімдері бар; 110 қазақстандық Даңқ орденімен үш дәрежесіне де ие болды.

Республика Кеңес армиясының оның территориясында құрастырылған бөлімшелері мен құрамаларының жауынгерлік істерін мақтан етеді.

1941ж. маусымда шайқаста Литваның Шауляй қаласының оңтүстігіне таман 219-атқыштар полкі қатысты, бұл полк 1919 ж. қазанда Қостанай Қызыл Армия қатарына өз еркімен келген шаруалардан жасақталған болатын. Молдавияның Бельцы қаласының түбінде 78-атқыштар полкі ұрысқа кірді, мұның да туған күні сол 1919 ж. басталады.

1941 ж. қыркүйекте Свирь өзенінің жағасында петропавлдық 314-атқыштар дивизиясы , Волховта 310-Ақмола дивмзиясы, қазан-желтоқсан айларында Мәскеу түбінде 312, 316, 238, 391, 387-атқыштар дивизиялары , 39-атқыштар, 74, 75-теңіз атқыштар бригадалары ұрысқа кірді. Қазақстандық қалған дивизиялар, бригадалар мен полктер майдандағы армия қатарына 1942 ж. кіргізілді.

312-Ақтөбелік дивизия Малоярославль түбінде жаудың үш-төрт дивизиясына қарсы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс ұрысын жүргізді, оның құрамынан екі полк әкетіліп, бір полктің құрамында жауынгерлердің үштен бір бөлігі қалған кезде ғана ол Нара өзеніне шегінді. 312-нің қалған бөлімшелері басқа екі бөлімшелердің қалған бөліктерімен қосылып, жаңа 53-дивизия құрылды, ол соғысты Вена түбінде аяқтады.

102-Шымкенттік дивизия Украинаның солтүстік – шығысында қорғаныс шебін ұстап тұрды, одан Солтүстік Кавказға шегініп, сол жерде таратылып жіберді. 74-теңізші атқыштар бригадасы 292-атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды.Сталинградтың солтүстік батысында қазан айында болған ұрыстарда ол да таратылып жіберілді. Бір атты әскер дивизиясы (96-қазақ ұлттық) Өскеменнің өзінде-ақ, екі атты әскер дивизиясы (105- Жамбылдық және 106- Ақтөбелік қазақ ұлттық) майданға жақын өңірде адам құрамы басқа бөлімелерге беріліп,таратылып жіберілді, өйткені танк корпустары мен армиялары қайтадан негізгі жедел қимылды жылжымалы күшке айналды. 81-Жамбылдық атты әскер дивизиясы таратылмай тұрып Сталинград түбіндегі ұрыстардың нәтижесіне салмақты үлес қоса алды: 1942ж. қарашаның аяғында – желтоқсанның басында ол Котельниково қаласын алуға әрекет жасаған кезде мұнда жаудың қоршауында қалған Паулюстың армиясын босату үшін даярланып, жау әскерлерінің тобы жасақтала бастағанын анықтап берді. Соғыс бітерге қарай сақталған барлық қазақстандықтық 12 дивизия құрметті атаққа ие болды, олардың бесеу бір орденге, төртеуі екі, екеуі үш орденге ие болды. Бес дивизия гвардиялық дивизия атағын алды: Режицтік Ленин, Қызыл Ту, Суворов орденді, Кеңес Одағының батыры генерал –майор И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия, Новобугтік Қызыл Тулы, Богдан Хмельницкий орденді (бұрынғы жаңа Қазалылық 75-теңіз, мұнан кейін 3-гвардиялық атқыштар дивизиясы) 27- гврдиялық атқыштар дивизиясы, Ригалық Қызыл Тулы (бұрынғы 238-Семейлік) 30-гвардиялық атқыштар дивизиясы, Сталинград-Дунайлық Қызыл Тулы (бұрынғы 38-алматылық) 73-гвардиялық атқыштар дивизиясы. Ерекше міндет – соғыстың соңғы үктесін қою міндеті Идрицалық Кутузов орденді 150-атқыштар дивизиясы солдаттарының еншісіне тиді, бұл дивизия 1943 ж. ағында Старая Русса ауданында Қостанайлық 151-атқыштар бригадасының негізінде жасақталған болатын.Одерден Берлинге дейін шабуыл жасаудағы табыстары, адам құрамының ерлігі мен қажырлығы үшін берілді ол “Берлиндік” деген құрметті атақ, ал Жеңіс туын рейхстаг төбесіне тіккен 756-атқыштар полкі Қызыл Ту орденін алды.Дивизиясының 15 жауынгері оның ішінде қостанайлық И.Я.Сьянов Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Рейхстаг терезелерінің біріне бірінші Қызыл Ту тіккен лейтенант Р.Қошқарбаев, дивизия табы барлаушылар бөлімі бастығының көмекшісі капитан Б.В. Чупрета, взвод командирі кіші лейтенант байланысшы К.М.Волочаев және басқа жүздеген жауынгерлер КСРО-ның ордендері мен медальдарын тақты.

Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. 9 тамызда 52-шекаралық отрядтың капитан Г.А.Голубев бастаған тобы, қысқа шайқаста Аргуни өзенінің жағасында 20 жапон солдатын жойып, төрт солдатын тұтқынға алып атқыштар бөлімшелеріне жол ашты.Бір күннен кейін 150-дербес пулемет батальонының қатардағы жуынгері Л.Г. Кравченко “Лесной” деген жерде жау дзотының аузын денесімен жауып, оны басып алуды және жолдастарының өмірін сақтап қалуды қамтамасыз етті. 165-атқыштар полкінің командирі Н.Д.Құрманов Оңтүстік Сахалинде жапондардың қорғаныс шебін талқандауды ұйымдастырып, Харамитог бекініс ауданының жеті дзоты мен 198 атыс ұяларын басып алуды қамтамасыз етті.Осы жолы полк жаудың жаяу әскер полкін қоршап алып, оны толық құрамымен қолға түсірді. 290-теңіз жаяу скерлері батальонынан автоматшылар ротасының командирі И.М. Яроцкийге, 79-атқыштар дивизиясынан 179-атқыштар полкінің рота командирі С.Т. Юдинге және Тынық мұхит флотының штурмовик ұшқышы М.Е. Янкога (өлген соң) Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Бұлардың біріншісі Кореяның Сейсин портына десант түсіргенде қарамағындағыларға шебер басшылық жасады, екіншісі Оңтүстік сахалинде жапондықтардың бірнеше доттар мен атыс ұяларын басып алуды қамтамасыз етті, ал үшіншісі жаудың транспортын және Расин портында бірнеше ұсақ кемелерін бомбалап және пулемет оғымен суға батырған, ал өз самолетіне оқ тиген кезде оны қорғаныстың тірек пункті қызметін атқарып тұрған үйге бағыттаған.

Жапонияның тізе бүгумен Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы және екінші дүние жүзілік соғыс аяқталды. Адамзат фашистік-милитаристік диктатраның дүние жүзіне үстемдік жүргізу қаупінен сақталып қалды.

Агрессорлардың герман-италия-жапон одағын талқандау антифашистік одақ халықтарының аса зор күш – жігер жұмсауы және шығын беруі арқасында мүмкін болды. КСРО ең көп шығынға ұшыратады- 27 млн. астам адам мерт болды. Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар. Соғыстың тарихынан алған сабақтар мен қорытындылар ешқашан ұмытылмауға тиіс. Соғыстардың ішіндегі ең ауыр соғыс жылдары және ең Ұлы жеңіс адмзаттың онан кейінгі дамуына ықпалын тигізіп келеді.