Химия пәнін модульді оқыту

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат – оқушылардың шығармашылық бейімделуіне сәйкес бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып отыр. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін жаңа инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Орта білім беруді дамыту тұжырымдамасының басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Білім берудің маңызды шарты – оқу процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өздігінен білім алуға құштарлығын дамыту. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру.

Білімнің міндетті деңгейін меңгеру мақсатында модульдік оқыту технологиясы кеңінен қолданылуда. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.

Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс — әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу және қорытынды бөлімдерден тұрады.

Кіріспе бөлімінде оқытушы:

  • оқушыларды оқу бөлімнің жалпы құрылымымен, мазмұнымен таныстырады.
  • оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды
  • тірек схемаларға сүйене отырып модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын түсіндіреді.

Сөйлесу бөлімінде келесі қағидалар сақталуы тиіс:

  • оқу материалын біртұтас беру қағидасы
  • «өсу» бағытымен оқып – үйрену қағидасы
  • «қайта оралып отыру» қағидасы.

Сөйлесу бөлімінде оқытудың белсенді формалары қолданылып оқушының білімді өздігінен жүзеге асыруы қалыптастырылады.

Ұсынылған ойындардың бәрі оқушылардың бір – бірімен еркін қатынас жасауына, тақырыпқа бірнеше қайта оралу арқылы және оны түсіну дәрежесімен білімді жетік білу дәрежесіне көтеріледі. Оқу материалын жақсы меңгеруге, қарапайымнан күрделіге, жай тапсырмадан ізденіске өтуге мүмкіндік береді.

Қорытынды бөлім – оқушылардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған. [1,6]

Модулдік оқыту технологиясын химия сабағында қолдану үлгісін қарастыралық.

Модуль

Тақырыбы: Қаныққан көмірсутектер (Алкандар)

Модулдің құрылысы Сағат саны Модуль мазмұны Ескерту
Модулге кіру
Кіріспе 1 – ші сабақ 1. Сабақтың мақсаты, міндеттері мен

таныстыру

2. Алкандарға шолу лекциясы

3. Тірек – схемалармен таныстыру

Оқушының дәптеріне жазуы
Тақырыпты қалыптастыру, жетілдіру сабақтары
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлесу

2 – ші сабақ Метанның құрылысы

1. Тірек – схемалармен жұмыс істеу

2. «Оқыту» ойындары

— «сергіту»

— «жұбын тап»

— «көкпар»

3. Оқушының жеке жұмысы.

 

 

Топпен және жеке жұмыс

3 – ші сабақ Алкандардың гомологтық қатары, изомериясы, номенклатурасы

1. Тірек – схемалармен жұмыс істеу

2. Оқыту ойындары

— «сергіту»

— «ойлан тап»

— «химиялық эстафета»

— «сөз жұмбақтар» шешу

3. Оқушының жеке жұмысы

 

 

 

Топпен және жеке жұмыс

4 – ші сабақ Алкандардың химиялық қасиеттері

1. Тірек – схемалармен жұмыс істеу

2. Оқыту ойындары

— «сергіту»

— «белгісіз затты анықта»

— «бәйге»

3. Жеке жұмысы –

— деңгейлік тапсырмалар

 

 

 

Топпен және жеке жұмыс

5 – ші сабақ Зертханалық жұмыс

1. Метанды алу

2. Алкандардың химиялық қасиеттері

3. Орындалған жұмысты тапсыру

 

Жеке жұмыс

 

 

Қорытынды

 

6 – ші сабақ

 

Оқушылардың білімін бағалау

1. Жеке жұмыс

— деңгейлік тапсырмалар

— сәйкестігін анықтау, ретпен

орналастыру тест тапсырмалары

— ойдағы жұмбақ

2. Қорытынды

 

 

 

Жеке жұмыс

 

7 – ші сабақ

Оқушы білуі тиіс

  1. Алкандардың молекулаларының құрылысындағы жалпы заңдылықтар:

— сапалық және сандық құрам

— атомдар арасындағы байланыстар арасындағы түрі

— молекулалардың кеңістік конфигурациясы

  1. Алкандардың гомологтық қатары
  2. Алкандардың изомериясы
  3. Алкандардың номенклатурасы
  4. Алкандардың физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары
  5. Метан және оның гомологтарының химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері
  6. Алкандардың алу әдістері, қолданылуы.

Оқушы игеруі тиіс

  1. Метанның электрондық, кеңістік құрылыстарын жазу.
  2. Метанның гомологтарын салыстыру, физикалық қасиеттерінің өзгеруін түсіндіре білу.
  3. Алкандардың структуралық изомерлерін құрастыру және халықаралық номенклатурамен атау.
  4. Алкандардың химиялық инерттілігін дәлелдей білу.
  5. Орын басу реакциясының негізгі заңдылықтарын игеру.
  6. Алкандарды алу әдістері.
  7. Мұнай химиясы
  8. Алкандардың номенклатурасына, изомерияға, алу әдістеріне, химиялық қасиеттеріне арналған жаттығулар мен есептерді орындау.
  9. Органикалық заттардағы көміртегі, сутегі, хлорды сапалық жолмен анықтауды, метан алу және онымен тәжірибе жасауды игеру.

Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту қалыптастырылады: тірек – схемалармен жұмыс істеу. Оқыту ойын түрінде ұйымдастырылып, әртүрлі белсенді формалар қолданылады: топтық, жұппен және деңгейлік тапсырмалармен жеке жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалардың ІІ және ІІІ деңгейлерінде білім стандартының талаптарына сай, яғни «стандартты» жаттығулар берілген, ал І – деңгейге шығармашылық, ізденушілік, химияны тереңдетіп оқытуға арналған жаттығулар енгізілген. Деңгейлік тапсырмаларды оқушының өзі таңдайды және оны қарапайымнан күрделіге қарай ретімен орындау міндетті емес. Оқушы өз мүмкіндігіне қарап таңдауға ерікті.

Деңгейлік тапсырманың мысалы:

А; В – ІІІ деңгей, С – ІІ деңгей,Д; Е – І деңгейдегі тапсырмалар.

Деңгейлік тапсырма

( А – дан Е – ге қарай күрделенілген).

Изомерлер мен гомологтарды анықтаңыз
А Пропан, 2 – метилпропан, метилэтилметан, гексан, метан, пентан,

2 – метилбутан, тетраметилметан, этан

Дұрыс аталмаған алкандарды анықтаңыз
В 3 – метилбутан, изопропилметан, этилметан, триметилметан, диэтилметан, 2,3 – диметилбутан, 2 – метил, 2 – этилпропан
  Реакцияға түсетін заттар Соңғы өнімдер
С СН3СН2СООNa, CH3CH2CI, Bч2(hv), Na, HNO3 (15%), изобутан, этилен, NaОН, НСІ, Н2(Ni), метан, О2 (жану), Ғ2 (артық), [О] 4,CH3 – СН – СООН

|

CH3

CH3 – CH3, бутан,

2 – метил – 2 – нитропропан, этан, бромметан,

2 – метил – 2 – бромпропан,

СО2 + Н2О + Q

 

 

 

 

 

 

Схеманы шешіңіз
 

Д

 

X

CH3СООNa + NaOH … Bч2 … Na … HNO3

(T0C)(hv)T0C(15%)

 

Бастапқы заттан соңғы өнімге өту схемаларын құрастырыңыз
Е Метан2 – бромбутан

Литературы

  1. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. – М. Просвещение, 1986.
  2. Жадрина М.Ж. Оқушыларды химиядан алған білімін пайдалануға дағдыландыру. – Алматы, 1990.
  3. Жанпейісова М.М. Модулді оқыту. – Алматы.
  4. Мырзабайұлы А. Химияны оқыту әдістемесі. – Алматы, 1997.
  5. Махмудов М. Сабақтың дидактикалық құрылымы. – Алматы, 1998.
  6. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, 1990.