Қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар

Ғаламдық жағдай барған сайын күрделеніп, өткір сипат алып барады, Сондықтан айналадағы ортаны қорғау мәселесі алға шығып отыр. Ғасырдың бас кезінде ақ В.И.Вернадский таяу болашақта Жердің табиғатындағы антропогендік сипаттағы, адамның қарекетінен болатын өзгерістер планеталық сипат алады деп болжаған еді. Бұл болжам нақты шындыққа айналып отыр.

Соңғы ғасыр ішінде дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісі 50 еседен астам ұлғайды және осы өнімнін 5 — тен 4 бөлігі қазіргі кезеңге катысты. 50 — ші жылдардан бастап адамның өндірістік қарекеті ауқымынын және табиғатқа араласуының басқа да формаларының жорықсыз өсуі жағдайында ауа және су бассейндері барынша ластанып кетті. Атмосферада күкірт қос қышқылы, азот қышқылы, көміртегі кос қышқылы және басқа да органикалық қосындылар жиналып жатыр. Атмосфераның ластануы мен «қышқылды жаңбырлардың» салдарынан өнеркәсібі дамыған елдерде 31 млн. гектар жерлерге нұқсан келтірілді. Қалыптаскан тенденциялар сақталған жағдайда осы ғасырда планетаның ауа бассейндегі СО2 кұрамы индустрия болғанға дейінгі кезеңмен салыстырғанда екі есеге ұлғайады, мұның өзі «парниктік нәтиже» салдарынан климатты көп өзгертуі мүмкін. Ұлан ғайыр территорияларда қалдық пен қоқыс орасан көп мөлшерде жиналуда. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі азып барады. Жыл сайын 6 млн га жер құлазыған далаға айналуда, 11 млн орман кесілуде. Адамның, әсіресе материалдық өндіріс саласындағы қарекетінің табиғи ортаға тигізетін теріс әсері шын мәнінде дағдарысты сипат алып отыр. Бұл экономикалық механизмнің ұлттық шекараларда бұзылуы ғана емес, сонымен бірге су мен ауаның асып ластануы, табиғат жағдайларының ғаламдық көлемде нашарлауы.

Табиғи ортаның барған сайын соншалыкты ластануына қарсы, қоғам мен табиғат арасындағы қазіргі қайшылықтарды жоюдың тұтас бір концепциясы жасақталған жоқ. Адамдардың қолында экологиялык дағдарысқа жол бермеу және оның көріністерін бейтараптандыру жөніндегі іс кимылдың халықаралық ауқымда келісілген бағдарламасы жоқ. Айналадағы ортаны корғау саласындағы халықаралық концепция мен іс -қимыл бағдарламасын талдап белгілеу алуан түрлі ғылыми, техникалық, өндірістік және өзге де міндеттердің шешілуіне байланысты. Олардың арасынан экологиялық қорғаныштың экономикалық аспектілері бірінші орынға шығарылады. Ауа және су бассейндері тазалығының стандарттарын іс жүзіне асыру үшін, сондай ақ адам өмірінің басқа да экологиялық жағдайларын қамтамасыз етуі үшін қажет шаралардың ауқымдылығы тазарту құрылғыларының барлық түрін салуға, қазіргі заманғы технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұтас алғанда табиғат қорғау қызметіне арналған шығындардың жалпы көлемі, сарапқа салынған деректер бойынша, экологиялық жағдайды тұрақтандырып алып, одан әрі жақсарту үшін кажет мөлшерден екі есе аз. XX ғасырдың аяғын да тіршілік ету ортасын сақтауға, оған келтірілген залалды жоюға, қазіргі және болашак ұрпақтар өмірінің қажетті сапасын қамтамасыз етуге қамқорлық жасай отырып, қоғам айналадағы ортаны қорғау жөніндегі жұмыстарды қаржыландырудың қалдықтық принципін бағдар ете алмайды.

Адам мен табиғат арасындағы өзара байланыстардың тарттысты сипаты мынадан да көрінеді: оның ресурстары экономикалық және демографиялык өсу үшін мүмкіндіктер ашып қана қоймайды, сонымен бірге белгілі бір шек қояды. Өсудің экономикалық шекаралары нақты шындыққа айналды, өйткені ендігі жерде ол шикізат пен энергияның қалпына келтірілмейтін ресурстарын, табиғи жүйелерге көп салмақ түсіретінін ескерместен, барған сайын мол өндіру мен лайдалануға негізделе алмайды. Бұлайша салмак салудың әрбір ұлттық шаруашылықтағы және тұтас алғанда дүниежүзілік шаруашылық көлеміндегі ұдайы өндіріс пен экономикалық өсуге тікелей қатысы бар. Олар табиғи ресурстарды пайдалануға деген жаңа, ұтымды көзқарастарды, Жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу мен бұдан былайғы әлеуметтік — экономикалық прогресс мүдделері үшін біздің планетамыздың экологиялык корғалуын қамтамасыз ету қажеттігін алға тартады.

Адамзаттың алдында сондай — ақ өзінің мәні жағынан экологиялық мәдениет болуы тиіс жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру міндеті тұр. Бұл арада қалдықсыз технологиялар басым болуы тиіс. Солардың көмегімен өндіріс пен табиғат арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетуге, ал кейінірек жоюға, экономикалық өсудің экологиялық шектеулерін алып тастауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға болады. Қалдықтар өндірістің болмай қоймайтын салдары емес. Қалдық өндірістің жетілдірілмеуінің салдары ғана. Озық технологияларды жер — жерге тарату арқылы ғана ұлттық табыстың материал және энергия қажеттілігін бірнеше есе кемітуге болады.

  • Экологиялық – экономикалық қатынастардың

Мемлекеттік экологиялық саясат мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол аймақтық, өнеркәсіптік, инновациялық және тағы басқа саясаттармен бірге Әлеуметтік-экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз ету, қоршаған орта жағдайының нашарлауына жол бермеу мәселелеріне міндеттейді. Мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыруда бірқатар құжаттар қабылданды Қазақстан дамуындағы ұзақ мерізімді стратегияның «Экология және табиғи ресурстар» деп аталатын бөлімі, Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі гидрогеологиялық, ннженерлік-геологиялық, геоэкологиялық және тағы басқа мемлекеттік бағдарламалар жасады.

Экономикалық даму жалпы алғанда, табиғи ресурстар қорына тәуелді болғандықтан, экологиялық проблемаларды экономикалық жоспарлау шенберінде қарастыру қажет. Егер бұл жүйелердің біреуінде өзгеріс болса, екіншісіне әсер етеді, сондықтан да экономика мен табиғат байланысы маңызды орын алады. Экологиялық проблемалар жоспарлаудың барлық сатыларын қамтуы керек, ал экономиканың дамуы экологиядан тысқары қалса, жердңн тақырға айналуы мүмкін.

Экономикалық даму барысында табиғи шикізат өндірісі, кеніштерді игеру, жер қойнауындағы байлықтарды пайдалану, ауа-су ресурстарын ұтымды тұтыну мәселелері өндіргіш күштердің элементтерінің даму дәрежесіне, сипатына тәуелді нәрсе. Табиғат өнімдерін игеру касиеттеріне байланысты жасанды заттар түзу процесі экономикалық, ғылыми-техникалық процеспен тәуелді дамиды. Индустриалды қоғамның даму кезеңдерінде өз қасиетін ұзақ мерзімге жоя қоймайтын, табиғатқа зиянды өндіріс калдықтары мен заттар жүйесі қалыптасады, бұл енді жер койнауын тікелей бүлдірумен қатар оны улайтын, адам өміріне тікелей қауіп төндіретін катерге айналды.

Бүкіл адамзаттық қоғамдық қатынастарының жиынтығы адамның еңбек қызметі, оның табиғатқа қатынасы негізінде жатыр.

Адам табиғатпен өзара әрекеттесе отырып еңбек құралдары көмегімен табиғи ортаны өзінің заттық әлемін құрады, тіршілік әрекетінің жағдайын ұдайы өндіреді. Адам мен таиғат арасында, жалпы адамзат еңбегнің өзара әрекеттесу нәтижесі болып көрінетін жасанды жолен құрылған «адамдық» таиғат дамиды және жұмыс істейді. Сонымен, еңбек процесі өркениеттің пайда болуынан бастап адамның қалыптасуының шешуші жағдайы ретінде ғана емес, сондайақ табиғатты жаңартушы фактор ретінде көрінеді. Адамдар өздерінің қоғамдасу әдістерімен, қоғамдық күштерді игеру арқылы ғана табиғаттың шынайы және саналы әміршісі бола алады. Қоғам адамның тіршілік әрекетінің тарихи формасы ретінде, жеке адамның қарапайым қосындысы емес және болмайды да. Ол адамның өндірістік, экономикалық, мәдени және басқа қоғамдық ұйымдардың өзара әрекектінің крделі жүйесі болып көрінеді.

Экологиялық проблемалар адамзаттың басты проблемасына айналды, ол барлығының және жекелеп алғанда әрбір адамнын мүддесіне тікелей қатысты. Қазіргі кезде дүниежүзілік барлық елдерінде қоршаған ортаны бүлдіру арқылы қоғам өз келешегін жоятынын мойындау түсінігі бірте-бірте өсіп келеді. Біз, адам өзінің техникалық жабдықталу жетістіктерінің арқасында бақты күшке ие болдық, ал шексіз кеңістік болып есептеліп келген жер шары аса Шсктеулі, тез тарылып қана қоймай, бірнеше сағатта жоқ болатын осал шарға айналған дәуірде өмір сүріп отырмыз. Әр түрлі континенттің адамдары өмірлік маңызды экологиялық байланыстың арқасында бір-біріне жалғасқандай болып шықты, қоршаған ортаны бұзу салдары әр түрлі халықтардың ортақ қасіретіне айналды.

Егемен еліміздің, тәуелсіздік алған мемлекетіміздің өсіп-өркендеп, әлемде еркениетті елдердің алдыңғы қатарына қосылуы оның экономикалық потенциалына көп байланысты. Бірақ, оған қарап экономикалық өсу ғана адамдардың аман-есен, сапалы өмір сүруіне кепілдік береді десек қателесеміз. «Тазалык — саулық негізі, саулық — байлық негізі» деген қазақ халқының мақалын естен шығаруға болмайды. Өйткені, бүгінгі күні экологиялық жағдайдын күрт нашарлауы адам өміріне және мемлекетіміздің дами түсуіне кәдімгідей қауіп төндіріп отыр.

Қазақстанның табиғи ортасы ерекше бай және зор алуан, оның өзі республиканың экономикалық тұрғыдан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы үшін аса маңызды негіз болып табылады. Республика Президентінің Казақстан халқына Жолдауында атап керсеткеніндей. басты міндет: «оларды, табиғи байлықтарды дұрыс пайдалану». Қазакстанның орасан зор табиғи байлык потенциалын пайдаланумен бірге қоршаған ортаны өз қалпында сақтау — бүгінгі таңда республика алдында шүғыл шешілуге тиісті негізгі міндет. Бұл міндетті шешу оңай мәселе емес,

 Қазіргідей ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылықтары айқын байқалуда. Жиырмасыншы ғасырдың аяғы адам баласының өз мекен ортасына бұрынды болмаған іс-әрекеттің ерекшелігімен сипатталады. Осының нәтижесінде адамзат табиғатты өзгертудің келеңсіз нәтижелерін сезінуде

Табиғат пен адам бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың адам тіршілігіне әсері. Табиғатта болып жаткан өзгерістердің көбі адам қолынан жасалады. Соның ішінде табиғатка зиян келтіретін келенсіз жақтары да бар. Бұл тұста жаңаның бәрі жақсылық емес дегек сөздің растығына көз жеткізгендей боласың. Табиғатпен өзара қарым-қатынастың бұзылуы экологиялык апаттарға әкеледі.

Өмірлік көп проблсмаларды табиғи ресурстарды шектен тыс пайлалану есебінен біржақты шешу қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде. Казірдің өзінде экологиялық жағдай адам өміріне қауіп төндіруде. Адамның денсаулығына және ұзақ жасауына айтарлықтай кері әсер етіп, демографиялық қатерлі өзгерістердің зардабын шектіреді.

Еліміздің жеткілікті дамыған өндірістік-экономикалық потенциалы, аса бай минералды-шикізат ресурстары коры бар. Соған қарамастан, мынандай экологиялық проблемалар өзекті күйінде қалып отыр:

— жердің азуы және ландшафтардың азаюы (еліміздің территориясының 60% шөлейт далаға айналған);

— су ресурстарының тапшылығы (Қазақстан сумен қамтамасыз етуден ТМД елдері арасында соңғы орынды алады);

— Арал, Балқаш және Семей ядролық және әскери полигондары, Каспий маңы аймағының проблемалары,

— елді мекендердегі ауаның, жер қыртысы мен судың жоғары дәрежеде ластануы.

Осы және табиғи қорлардың бірте-бірте азаюы, тағы басқа жағдайлар экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге айтарлықтай кедергі жасап келеді.

Әлеуметтік-экономикалық ілім барлык құбылыстар мен процестер бір-бірімен тығыз байланыста екенін дәлелдейді. Сондықтан қоршаған ортаның тепе-теңдігі, зандылықтарымен арнайы санасып отыруға тура келеді. Әйтпесе, адамның есепсіз әрбір қимылы бірте-бірте экологияның азып-тозуына, соның зардаптары орны толмас қыруар шығындарға ұшыратып, мемлекетіміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

Адамдар ерте заманнан табиғат ресурстарын өздерінің керегіне жаратып келелі. Ол кезде табиғат байлықтары мол, ал оны жұмсау аз болғандықтан адамдар олардың орнын толтыру, қалпына келтіру сиякты мәселелерге көп көңіл бөлмейтін. Кесілген ағаш орнына бірнеше жылдан сон басқа ағаш өсіп, ауланған балық орнын уылдырықтан өскен басқа балықтар толтырып, лайланған сулар өзен, көл, теңіз суларымен араласып тазарып жататын. Адамдардан келген залалды табиғат өз күшімен жойып, біртіндеп калпына келетін.

Алайда, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен қаруланған адамдардын іс-әрекеті миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан теңсіздікті бұзып, қоршаған ортаны аздырып, енді өздерінің өміріне қауіп төндіре бастады. Табиғи ортаны бұзулық, бүлдірудің мөлшері өте үлкен болғандықтан жасалған зиянды табиғат өз күшімен жоя алмайтын, өздігінен бұрынғы калпына келе алмайтын күйге түсті.

Дүниежүзінде әрбір 14-15 жылда өндірістік өнім шығару екі есе өсіп отырады. Ол үшін қажетті шикізатты, құрлыс материалын, азык-түлік адамдар табиғаттан алады. Сөйтіп, 15-20 жылда табиғат ресурстарын пайдалану да екі есе өсіп отырады. Ал, табиғат байлықтары болса, мұндай қысқа мерзім ішінде қалпына келмейді. Сондықтан жыл сайын қолда бар қорлар азайып, кейбір түрлері таусыла бастады

Көп ғасырлар бойы табиғатка қожалық етіп, билік жүргізуге үйренген адамдар онык байлыктарын есепсіз жұмсап, шашып-төгіп, қазіргі экологиялық дағларысқа әкелді. Өмір сүруге қажетті кеңістіктің тарлығын, табиғат байлыктарынын таусылатынын адамдар енді түсіне бастады.

Ерте заман адамдары келешегін ойлауды, іс-әрекетінің зардабы кандай болатынын күні ілгері болжауды біле бермейтін, ол үшін оларды кінәлауға құқығымыз жоқ. Оның үстіне табиғатқа келген зиян сол бойда көрінбей, ойлаған жылдар өткесін барып біліне бастайтынын да ескерген жөн.

Табиғат ресурстарын пайдаланғанда адамдар алдарына белгілі бір мақсат қояды да, соған тезірек жету жолын ойлайды. Бірақ, осы орындалған мақсат коғамға, табиғатқа қосымша қандай, біздің ойымызға келмеген залал әкелетінін ескермейді.

Өткен ғасырдан бастап-ақ адамның планета тағдырын ойлаған жанайқайы естіле бастаған еді, үстіміздегі жүзжылдықта ол табиғи ортаға түскен күштің шұғыл өсуінен әлемдік экологиялық жүйенің дағдарысына дейін жетті.

Табиғатқа жанашырлықпен қарау, табиғат байлықтарын сақтау, шаруашылыққа және баска да кызметтерін тияңды әрекеттердің алдын алу, қоршаған ортаның сапасын жақсарту және сауықтыру әрбір адамның өміріндегі нормаға айналуы тиіс. Өйткені, адам — тіршіліктің ең жоғарғы тетігі, оның табиғатқа тиісті дәрежеде табиғи процестерді үйлестіру, қоршаған ортаның жағдайына ықпал ету мүмкіндіктері бар. Сондықтан да дүниені бағындыратын күшке ие адам ғана бұл мәселені жалпы үйлстіру функииясын өзіне алуы тиіс.

Ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамзат өз өмірінің жағдайыи жақсартуға ұмтылуда, олардың табиғат процестеріне араласуын кеңейтіп, антропогендік әсердің масштабын өсіре түсуде. Табиғатқа әсер ету интенсивті түрде жүргізген сайын онын негативті зардабы суде. Жер қыртысы және су ластанып, орман кесіліп, атмосфералық ауа улануда. Қоғамның бақылаусыздығынан кең көлемдегі территориядағы табиғаттың табиғи ортасы бұзылуда.

Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян негізінен экология және экономикалық жағдайға әсер етеді. Экологиялық зиян экономикалык шығынға әкеп соқтырады, ал экономикалық зиян табиғатта негативті өзгерістерді туындатады. Экономикалық зиян өтемакымен өтеледі, ал экологиялык зиянды барлық уақыта қалпына келтіру мүмкін емес және оның құнын ақшамен бағалауға келе бермейді Өйткені, оның зарлабын жою өте ұзаққа созылады. Бір сөзбен айтқанда, экологиялық проблемаларды шешу мемлекеттің экономикасына орасан зор шығын әкелетіні сөзсіз.

Экологиялық шығындардың экономикалық шығындарға қарағанда мынадай ерекшеліктері бар:

— Экономикалык шығындар өнім өндіру саласында ғана болса, экологиялык шығын өнім өндіруде де, өндірістен тысқары да болады;

— Экологиялық шығындар қоршаған ортаны ластаудан болған залалдың себебінен және қоршаған ортаның табиғи кешені элементтерін алып қою нәтижесінде пайда болған өндірістен тыс шығындарды азайту арқылы өндірістік қордың базасын кеңейтуге арналған қор;

— Экономикалық және экологиялық шығындар уақыт пен кеңістікке бөлінген;

— Экономикалық шығындар – бұл өнім өндіруге бағытталған өндірістік шығындар, ал экологиялық шығындар – жанама, өндірістен тыс шығындар.

Қазіргі уақытта экологияық бағыттың дамуы қажет өйткені, экология – экономикалық бағаласыз шаруашылықтың даму тенденциялары жорамалдау мүмкін емес. Қоршаған ортаның элементтерін дәстүрлі экономикалық есептеулерге уақтылы кіргізе алмау қиындығы туындап отыр. Сондықтан адамның өндірістік іс — әрекетін экология – экономикаық тұрғыдан бағалаудың жаңа әдістемелері қажет.

Өндірістік процестерде экологиялық шектеулерді сезіну, әрі білу материалдық дүниеліктер мен энергияның табиғи айналымын пайдаланатын оңтайлы технологияларды жасауға әклуі керек. Қоршаған ортаға теріс әсердің негізгі себебі бұл өнеркәсіптік салалалардың шамадан тыс көбеюі, жетілмеген технологияны пайдалануы, өндіріс масштабының ұлғаюы және шектеулі территорияда шоғырлануы болып табылады. Осыған байланысты қоршаған ортаны ластаудан қорғаудың екі түрін қарастыруға болады:

  • өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының зиянды қалдықтарын тазалау;
  • қоршаған ортаға теріс әсер ету мүмкіндігін болдырмайтын шаралар: аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді кеңінен

Экономикалық және экологиялық тұрғыдағы пайдалы нәтижелерді және оларды алуға қажетті белгілі бір ресурстардың көлемін салыстыру өте маңызды, өйткені табиғат еңбектің өзі сияқты тұтыну құнының нағыз кезі болып табылады.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі өте маңызды. Себебі, біздің ел территориясында 1998 жылы 80-нен астам елді мекенде орналасқан 2921 өндірістік өнеркәсіптер болды. Соның ішінде, түсті және қара металлургияның химия мен нефтехимия өнідірісінің 151 ірі өнеркәсібі және жылу әнергиясының 138 өнеркәсіптері бар .

Республика бойынша 2000 жылы ауылшаруашылығы бағытындағы жер 93,1 млн гектарды немесе жер қорының 34,4%-н құрады. 1490 жылмен салыстырғанда барлық жердің ауылшаруашылық бағытындағы үлесі 2,4 есеге азайды. Ауылшаруашылық бағытындағы жерді негізгі пайдаланушылар мемлекеттік емес ауылшаруашылығы кәсіпорындары (64%) мен шаруа (фермерлік) қожалықтары.

Республикамыздың территориясында 39 млн гектардан астам егістік жер, 186 млн гектардан астам шабындык жане жайылымдық жер орналасқан. Республикада жайылымдық жердің шөбіне 100 млн бас қазақы, ірі жүнді, қаракөл және жібек жүнді қойлар мен ешкілерді, ірі қараны, жылқы, түйені жайып өсіруге болады. Осының 18 млн гектардай егістік жері желден, судан және ирригациялық тозудан зардап шексе, барлық жайылымдық жердің үштен бірі азып барады.

Жер құнарлылығы жөнінен Қазакстан қазір мақтана алмайды. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агентгігінің, мәліметтеріне сүйенсек, егістіктің 25% жарамсыз жағдайда десе де болады, 46% — құнарлылығы төмен, 24% — орташа, тек 4,7% ғана жоғары құнарлылықта. Жалпылай айтқанда, соңғы 40-50 жылдың ішінде құнарлылык өлшемі 22-30%-га төмендеген,

Қазақстан дүниежүзінде орманы аз елдердің қатарына жатады. Орасан зор 272,5 млн гектар территориядан орман қорының аумағы бар болғаны 11,4 млн гектарды құрайды, сонда республиканың тоғайлы жері — 4,2%. Ал, кейбір жекелегел аудандарда тіпті біркелкі емес: Актөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қараганды және Маңғыстау облыстарында үлесі 10%-дан Алматы, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 7-8%-га дейін.

Республиканың орман ресурстарына ормандағы өрттер айтарлықтай шығын әкелуде. Оның аумағы барынша құрғақшылык болған 1997-1999 жылдары 259 мың гектарға жетіп, одан барлығы шығын 1999 жылы 87,6 млн теңгені құрады. Орман өрті көбіне орманды алқаптың 30 пайызын алып жатқан отырғызылған қалқан жапырақты жерлерді қамтығанын ескерсек, осы жылдарда Шығыс, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескіден келе жатқан қарағайлы орманның төрттен бір бөлігі өмір сүруін тоқтатты деген қорытынды жасауға болады.

Өз бетінше ағашты кесу көлемі өсе түсуде, бұл 1999 жылдың аяғында 10 мың текше метрге жетті Орманды өз бетінше кесу және басқа себептерден соңғы 20 жылда жабайы шыққан орманның аумағы 25 пайызға, сексеуілді алқап 40 пайызға қысқарды. Қызылорда және Алматы облыстарында Сырдария және Іле өзендерінің ағынды арнасын қолдан бөгеуден ормандық тоғайлар құрып, территорияларының шөлейттенуі облыстардың кейбір аудандарында 46 пайызга дейін жетті.

Табиғи байлықтың негізі — жер. Олай болса, жер қатынастары мәселесі — мемлекеттік деңгейдегі мәселе ретінде үнемі күн тәртібінен түспеуі тиіс.

Жер қатынастары — бұл жерді иемдену, пайдалану және басқару бойынша тұлғалар арасында туындайтын қатынастардың жиынтығы. Оған меншік пен шаруашылық жүргізу (нормасы, жер нарығы, жер бағасы, рента, жерге салық салу, аренда, жер пайлалану мен жер ресурстарың басқару мәселелері кіреді.

Қазақстан Республикасы Констнтуциясына сәйкес жер мемлекет меншігінде қалады, сонымен катар жер жеке меншікте де бола алады. Егерде бірнеше адамдардан сұраныс түссе, онда жерлі аукцион бойынша сатуға болады.

Жерге жеке меншікті енгізу, яғни жерді жеке адамдардың қолына беру — әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелсрдін ең маңыздылығының бірі болып табылады. Бәрінен бұрын жер өндірістік ерекше туралы ретінде өткен, казіргі және болашақ ұрпақтың мұрасы екендігін ұмытпау қажет. Сондай-ақ біздің міндетіміз — келер ұрпаққа жерді сақтау, оның құнарлы күйінде жеткізу. Ол үшін жерді бөлу мен оны жеке меншікке беру міндетті емес немесе басқа әлеуметтік, экономикалық және жерді, қоршаған ортаны қорғайтын реттеуші механизмдер де бар. Ол өмір бойы иелену мен мұраға беру бойынша жерді ұзақ мерзімге арендаға беру. Сонымен, жерді иеленуге байланысты екі көзқарас қалыптасты: олардың бірі аренданы, ал екіншілері жерге жеке меншікті жақтайды.

Жерді жеке меншікке сатудың екі принципті артықшылығы бар:

— жерді сатудан аз уақыт ішінде үлкен көлемде ақша қаржыларын табуға болады;

-жерге жеке меншік иеленушіге оны болашақта тартып алмау кепілдігін береді. Жерге жеке меншікті жақтаушылар мемлекеттің жерді иеленудегі көпжылдық монополиялық тәжірибесінен бас тартуының бірінші себебін — меншік объектісі жағдайының нашарлауы мен оны тиімсіз пайдаланудың болуы деп көрсетеді. Сондай-ақ жерге жеке меншік құқығын енгізу отандық және шетел инвестицияларын тартуға, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол негізде өнеркәсіптік ауыл шаруашылық өндірісің дамытуға мүмкіндік береді деп дәлелдейді. Сондықтан да, жерді тек оның нақты қожайыны болғанда қана тиімді және ұтымды пайдалануға болады деп санайды.

Жер ұсынысының шектеулігі мен икемсіздігі ауыл шаруашылығында баға құру ерекшелігін ескереді. Бұл негізгі жаппай барлық экономикалық мектептерде танылады, айырмашылық олардың концептуалдық тәсілдерімен ерекшеленеді.

Жер рентасының маркстік тұжырымдамасы қоғамдағы барлық табыстың қайнар көзі қосымша өнім болып табылады дегеннен шығады. Сондықтан жер рентасы пайда және процент сиякты қосымша құнның өзгертілген формасы болып табылалы. Құрылу ерекшеліктеріне сәйкес жер рентасының екі түрін — абсолюттік және дифференциалдық көрсету классикалық политэкономияға тән жетістік. К.Маркс ілімі оның жүйелі дамуын өз дәуіріне сәйкес көрсете білді.

Қазакстан территориясында көмір, қара металл, фосфорит өндіруді жүзеге асыратын кәсіпорындары бар Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тау-кен және өңдеуші өндіріс орындарының айтарлықтай қалдық үйінділері жинақталған, ол 2000 жылдың басына 21815 млн текше метрге жетіп, аумағы 25 мын гектардай жерді алды. Республиканың барлық қалаларында көлемі күн санап өсіп бара жатқан тұрмыстық қалдықтарды сақтау мен өңдеу мәселелері шешілмей отыр. Оларды жинап қоятын орындар санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай емес, қоршаған ортаның жағдайына, оның ішінде жерге зиянды әсер етеді.

Жердін тозуы оның топырақ жамылғысын су ағыны мен желдің бұзуы және қиратуынан болады. Табиғатқа жердің қалыңдығы 18 см топырақ қабатын жасау үшін орта есеппен 1400-1700 жыл қажет болса, осындай жер қабатын тоздыру салдарынан жоқ қылу үшін 20-30 жыл ғана керек екен, ал кейбір жағдайда бір ғана нөсер жауын немесе алапат шаңды құйын жетіп жатыр. Адам өміріне, жануарларға, өсімдіктерге зиянды қалдықтардың және басқа заттардың түсуіне байланысты топырақтың физикалык және химиялық құрамының өзгеруі жерді ластайды. Бұларға өндіріс қалдықтары, тазартылмаған ағынды су, пестицид, гербицид, түрлі минералды тыңайтқыштар, мал фермаларының қалдықтары жатады. Жердің ластану салдары егістік жерлердің бүлінуіне, құнарлы қабатын бүлдіріп, құнарлылығын төмендетуге әсерін тигізеді.

Пайдалы қазбаларды өндіруден пайда болған үйінділер, карьерлср, ауаның, судын, топырақтың ластануы, әсіресе, табиғи пайдалы қазбаларды ашық тәсілдермен өндіру табиғи ортаны көп өзгеріске әкеліп соқтырады. Кенді алқаптардан шығатын түрлі қалдықтар бұрын орман басқан, көк шалғын ен даладағы каншама құнарлы жерлерді атдырып, жауып тастайды. Бұлардан басқа, әскери-жаттығу полигондары коршаған ортаны ластап, үлкен зиян келтіріп жатқанын ашық айтуымыз керек [10].

Байқоңыр ғарыш айлағынан осы күнге дейін зымырандар үздіксіз ұшырылуда. Оның адамдар үшін қауіпті зардаптары мүлде ескерілмейді. Ғарышқа зымыран самғату басталғалы жарты ғасырға жуықтады, осы уақыт ішінде республика аумағына қаншама гептил — адам денсаулығына зиян тигізетін удың шөккенін ешкім білмейді.

Ғалымдардың есебіне Қарағанда, тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі дамушы елдерде енді әрбір 15 жылда екі есеге көбейеді. ІПаруашылықтық қызметтің ауаны, суаттарды, топырақты улаушы және ластаушы қалдықтары тиісінше еселеп көбейеді. Өндіріс табиғат заттарының 100 шартты бірлігін игере отырып, оның тек 3-4-тен көп емес мөлшерін тиімд; қолданады, ал қалғандары ластаушы заттар мен қалдықтар түрінде қоршаған ортаға тасталады. Индустриялық дамыған елдін әрбір тұрғысына есептегенде жыл сайын табиғаттан 30 тонна заттар шығарылады, олардан жекелеген жағлайларда 1-1,5 пайыздан көп емес тұтынатын өнімдер формасын қабылдайды, ал қалғандары табиғат үшін ең қауіпті қасиетке ие болатын қалдықтарға айналады. Соңғы жылдары өнеркәсіптік қалдықтарды тастау (шахталар мен рудниктерге тасталган радиоактивтік калдықтарды, тұзды өндіруді және бұрғылаушы скважиналарды қоса есептегенде) кен өріс алды. Ғалымдар есебі бойынша сәуле таратудың табиғи айналасының 10 есеге көтерілуінін ауыртпалығы тұқым қуалаушылық арқылы әрбір жаңа ұрпақта 6 миллион ауру халықтың пайда болуына әкелуі мүмкін. АҚШ-ның Ұлттык инстнтуты жариялаған роктың алуан түрлерінен болған өлім-жітім туралы мәліметтерден осы аурудың 60 пайызы немесе одан көп оқиғалары, қоршаған ортаның әртүрлі факторлары әсерінен болатындығы (жылына 500 мың аныкталған.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Егер Қазақстан экономикасының материалдық өндіріс саласындағы өткен 10 жыл ішіндегі нақты міндеттері туралы айтар болсақ, оларға мыналар жатқызылды:

— рынокты өзімізде өндірілген азық-түлікпен және халық тұтынатын тауарлармен молыктыру;

-құрылыс пен құрылыс индустриясы базасын ең алдымен тұрғын үйлер салу үшін ұлғайту;

— экономиқалық шикізатты бағытын өзгерту;

— ғылымды көп керек ететін өндірістер мен машина жасауды дамыту, экологиялық таза технологиялар енгізу.

Бүкіл осы жұмыстарды үш кезеңге жүзеге асыру көзделді. 1992-1997 жылдарды қамтитын және белсенді түрде мемлекет иелігінен алу, меншікті жекешелендіру және тұтыншы рыногын тауарлармен молықтыру сияқты процестер тән бірінші кезеңде белгіленген міндет орындалды деп айтуымызға болады.

Екінші кезеңде, яғни 2005 жылға дейінгі аралықта экономиканың шикізаттың бағытын бірте-бірте жою және Қазакстанның дүниежүзілік экономикаға жедел енуі жөніндегі жұмыс одан әрі жалғасатын болады. Осы кезеңде рыноктық механизмдер іске қосылуға, барлық тауар өндірушілердің шынайы бостандық, табиғаттың ұтымды пайдаланылуы, технологиялардың жоғары деңгейі қамтамасыз етілуге тиіс.

2030 жылға дейін созылатын үшінші кезсңге анық тұрпатты экономиканың шапшаң қарқынмен дамуы және Қазақстанның дүниежүзіндегі жаңа индустриялы елдер қатарына қосылуы тән болады.

Осы алға қойылған мақсатқа жету үшін Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында жеті ұзак мерзімді басымдықтарды бөліп көрсетті. Солардың бірі-ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық тұтастылықты толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету. Өз Жолдауында Президент осы бағыт басымдығының айқын екенін атап көрсетті: егер ел қауіпсіздікті сақтап қалмайтын болса, бізде тұрақты даму жоспарларын құру мүмкіндігі болмайды.

Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі кезеңдегі даму жағдайында экономикалық қауіпсідікпен қатар экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың маңызы ерекше. Егер экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан қарасақ Қазақстанның дамуында төмендегідей экономикалық өзгешеліктер және әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп керсетуге болады:

— табиғи ресурстарды біржақты пайдалана отырып, шикізаттарды есепсіз, орасан зор көлемде шығару және сату, тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын өңдеу жүйесінің жоқтығына қарамастан, ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлердің тозғанын айналымнан шығарып тастап, тек ғана жаңа жерлерді игеру арқылы экономиканы экстенсивті өркендету;

— экологиялық жүйеге үнемі кері әсер ететін табиғи өндіріс орындарын пайдалануға басымдық беру арқылы халық шаруашылығының құрылымын өзгерістерге ұшырату;

— экономиканы милитзризаииялау;

-техникалық жүйенің осалдығы және экологиялық қауіп-қатері жоғары кәсіпорындардағы кадрлар мамандығының жетімсіздігі;

-өндіріс орындарында технологиялық процестерде қолданылатын табиғат қорғау жабдықтарының ескіруі және тиімсіздігі;

— Қала халқының өсуі, табиғи ресурстарды пайдалану есебінен экономиканын мемлекеттік және жекеменшік секторларында тауарларға және қызметке сұраныстың өсуі;

— стихиялық және антропогендік апаттар, апатты жағдайлар.

ХХ ғасырдың аяғынан басталған өндірістерді индустриализациялау, экономика және технологияның жаппай милитаризациялау, табиғи ресурстар рыногын глобализациялау — экологиялық жағдайды күрт езгертті. Қазақстан табиғи байлықтарды игеру және шикізат провинциясы ретіндс жержүзілік және евразиялық рынокта да бірегей орын алады. Мұнда пайдалы қазба байлықтарының 300-ден астам түрі шығады. Техногендік экологиялық жүктеме жылына әр адамға есептегенде 50 тонна затқа жетеді.

Елімізде соңғы бес жылда адам өмірінің ұзақтығы күткендегіден, әсіресе, дағдарыстағы аймактарда (Арал өңірі, өнеркәсіптік аймақтар, Лениногорск, Теміртау және т.б. қалалар) 4 жастан адамға төмендеді, тек ғана ұлттық қауіпсіздікке емес, еліміздің саяси, экономикалық технологиялық тәуелсіздігіне қауіп төндіретін халықтың қайыршылануы байқалады. Экономикалық саясатта үстемдік алып тұрған идеологиялық стереотип қоғамның экологиялық сферасына ауысты Қазақстанда салық төлеушілердің табиғат қорғау қорына аударған қаржысының өзінің тек үштен бірі ғана мақсатына жұмсалады. Жылына халықтың жан басына шаққанда экологиялық қауіпсіздігінен қамтамасыз етуге бір доллардай ғана, ал территорияның әр шаршы километріне бір жарым доллардай бөлінеді.

Бүгінде басқа да әлеуметтік — экономикалық шұғыл мәселелердің шешілуіне кедергі болып отырған көкейтесті мөселелерді жедел шешу қажеттілігі, жақын арадағы экологиялық қауіпсіздік саясатын анықтап тұрады. Бұл жөніндегі іс-шараларды қолданбау адамдардың денсаулығына зиян келтірумен қатар, Қазақстан Республикасының экономикасына орны толмайтын шығын әкеліп, шаруашылықтың бірқатар маңызды бағыттарының экологиялық тежелу қаупі болуына мүмкіндік тудырады. Сондықтан экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жүйесінің құрамдас бөлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасын халықаралық Қауіпсіздік жүйесіне қатысуының маңызды шарты болып табылады. Қоршаған ортаның сапасының төмендеуі, ірі техногенді апаттардың салдары, климат пен табиғи ортаның ғаламдық өзгеріске ұшырауы Қазақстан Республикасы түрғындарының денсаулығының нашарлауына, экономикалық шығындарға және табиғаттың құруына әкеліп соғады. Экологиялық қауіп еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі жасап отыр.

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін нығайту үшін, біздіңізше мынандай шараларды қолдану керек:

  • өндіріс пен ауылшаруашылығында қуатты және табиғи ресурстарды үнемдейтін технологияларды жасап енгізуді және ресурстарды қайта пайдалануды экономикалық жағынан қолдау;
  • табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін экономикалық жағынан негізделген төлемдер жүйесін енгізу;
  • қоршаған ортаның ластануының жергілікті және аймақтық квоталары мен лимиттері бегілеу;
  • экологиялық апат және төтенше экологиялық жағдай қалыптасқан аймақтарда экологиялық жағдай сауықтыру бағдарламаларын жүзеге асырудың ықпады механизмін жасау;
  • мемлекеттік экологиялық қорды құру.

Ебасымыз «Сындарлы он жыл» атты кітабында ұлттық қауіпсіздік жүйесі мен міндеттеріне нақты тоқталып өткен.

Ұлтық қауіпсідіктің міндеті едік дербестікті, аумақтық тұтастықты, халықтың өмірін қорғауды кепілді түрде қамтамасыз ету болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз ететін жүйе түрінде табылады.

«Қазақстанның көптеген аймақтары экологиялық дағдарысқа ұшыраған оса мемлекеті». Мемекеттің, экологиялық қауіпсіздігін нығайту үшін экологиялық дағдарыстан алып шығу мақсатында Қазақстанда 1996 жығы 1 – маусымда «Экологияық қауіпсіздігінің тұжырымдамасын» бекітті.

Елімідің экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы мемлекеттің маңызды механизмдерінің бірі болып табылады. Өйткені, Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі экологиялық жағдайының әрі қарай нашарлауының алдын ау үшін экологиялық саясатты жасап, оны іске асыруды, сондай – ақ болашаққа ұзақ мерзімді экологиялық тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамудың негізгі қалауды қажет етеді.

Бүгінгі елдерде саласындағы экономикалық өсім өнеркәсіптік қалдықтардың жыдам көбеюіне, ірі қалалар ауасының ластануына, сондай – ақ өзендер мен су қоймаларының бүлінуіне әкеледі. Қазіргі сәтте еіміздегі мұндай қалдықтар 20 милиард тоннаны құрайды. Айналаны ең көп ластайтын мұнай – газ саласы, түсті металлургия, тау – кен өндірісі, жылу – энергетикалық кешендерінің кәсіпорындары болып табылады.

Қазақстанның техникалық және экономикалық дамуыныі осы кезеңінде аумағымыздағы 500 – ден астам жерде бытырап орныққан миллион тонна өз қалдықтарымыздың үстіне шеттен радиоактивтік қадықтарды әкелуге және көмуге жол бермеуді таап етеді».

Ракета – ядролық және химиялық қарулардың жасалып, жинақталуына жол берілуі экологиялық қауіпсіздікке тиісті дәрежеде көңіл аударылмауының салдарынан екендігін айтпаса да түсінікті. Эколого – техногендік жағдайдың үнемі нашарлай түсуінің тағы да көп себептерінің бірі әбден ескірген, тозған және оның үстіне ойдағыдай техникалық қызметтен айрылған негізгі өндірістік қорлардың үлкен бөлігінің апатты жағдайға жақындай түсуі. Сонымен бірге атомдық, химиялық, транспорттық, метаургиялық, машина жасайтын, қорғаныстық халық шаруашыығының потенциалында қауіпті объектілері және құрылыстық комплекстер барлық экологиялық және технологиялық қауіпсіздіктерді ешқандай есепке алмастан салынып және пайдаланып келеді. Өнеркәсіпте, шаруашылығында, энергетикада, транспортта экологиялық жетілдірімеген технологиялар кең көлемде қолданылады. Осының бәрі елімізді ұзақ уақыт бойы экологиялық қауіпсіздік концепциясының өз мәнінде болмағанын көрсетеді.

Еліміздің қазіргі кезеңде экологиялық азып – тозудың терең дағдарысын басынан өткізуде.

Табиғатты пайдалануда экологлық проблемалардың туындауы бұрынғыдан келе жатқан дәстүрмен саяси экономия адамды табиғаттан бірте – бірте ажыратты және региондағы экологиялық шектеулер есепке алынбады. Осыдан барып, шикізатты мол табиғи пайдаланудағы мемлекеттің біржақты стратегиялық приоритттік саясатында, экономикасы мен правосында экологиялық шектеулер сақталған жағдайда ғана өсіп — өркендеуге және бірқалыпты экономикалық және адамзаттық дамуға қолы жетеді.

Табиғат пайдаланудағы транзитті елдермен байланыста, қарым – қатынаста өте қатты жол берілуде. Бізден өте жақсы және арзан шикізат, ал бізге түрлі қалдықтар, кешегі күні өткен техникалар, екінші сортты товарлар принципі орын алғаны сол, тіпті кең қанат жайып барады. Мұндай жағдайда сеніп отырған мұнайы және басқа ресурстармен Қазақстан әлемдегі өркендеп, дамыған елдермен экономикалық және технологиялық бәсекелестікте бірте – бірте эклогиялық аса қауіпті евразиялық полигонға айналып кетуі мүмкін.

Қазір Қазақстан да қасіретке айналған Арал өңірі мен Семей полигоны аймағының және басқа дағдарыстық аудандардағы жағдайлар туралы әлемдік дәрежеде мәселе көтергені мәлім.

Өкінішке орай, әлемдік коғамдастықтағы елдер саяси және дипломатиялық байланыстарында мұндай саяси-құқықтық; прецеденттер әзіресе сирек Біріккен Ұлттар Ұйымының тек ғана 1597 жылдың желтоқсанында «Қазақстанның Семей регионында экономиканы дамыту, адамдық және экологиялық реабилитациялау мақсатында халықаралық ынтымақтастық және үйлестіру» Қарары қабылданды. Алайда, мұндай терең экологиялық және әлеуметтік реабилитация жаңа мемлекеттік және постсоциалистік табиғат пайдалану субъектілерінің барлық тұрғындарына қажет Біріккен Ұлттар Ұйымының глобальды экологиялы форумында жоғары саяси дәрежеде жалпы, бірақ дифференциалды жауапкершілікті бөлісу принииптері әлдеқашан қабылданды.

Еліміздс экологиялық кауіпсіздік концепциясымен жете айналысуға соңғы жылдары аз да болса назар аударыла бастады. Жоғарыда аталған бірсыпыра жұмыстармен қатар 1998 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы қабылданды. Онда «экологиялық қауіпсіздік — жеке адамның, қоғам мен мемлекетің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындантын қауіп-қатерден қорғалуынын жай-күйі» деп анықтама берілген. Ал, осы Заңнын «Экологиялык кауіпсіздікті қамтамасыз ету» деген 21-бабында: «Тиісті мемлекеттік органдардың, меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың міндеті:

— қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау,

Қазакстанға экологиялық жағынан қауіпті технологиялардың, заттар мен материалдардың бақылаусыз әкелінуіне жол бермеу;

— ел аумағының радиоактивті, химиялық ластануына, бактериологиялық зарарлануына жол бермеу;

— экологиялық жағынан қауіпті және жетілдірілмеген технологиялардың колданылу ауқымың қыскарту;

— шаруашылық және өзіне де кызметтің келеңсіз экологиялық, зардаптарын жою болып табылады» деп атап көрсетілген.

Егер елімізде экологиялық қауіпсіздікті жақтау жұмысына үнемі баса назар аударылып, бұл жөніндегі жүргізілген оң шаралар, тәжірибелер кеңінен өріс алып, қабылданған заңдардың орындалуына қол жеткізсек, осы бағыттағы өмір талабына сай алға қойылган міндеттердің жемісті болатыны сөзсіз|7,9|.

Қазіргі Қазақстан тарихи оқиғалардың жемісі. КСРО Декларациясын, КСРО тарағаннан кейін 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік декларациясын қабылдап өз алдына жеке тәуелсіз ел болып қалыптасты. Қазір Қазақстан әлемдегі барлық мемлекеттермен қатынас орнатып, саяси — экономикалық байланыстары одан әрі даму үстінде.

Елдің табиғат жағдайына тоқтала келіп, оның экономикалық дамуы жағынан өте бай екендігі жөнінде тұжырым жасауға болады. Юнеско халықаралық ұйымының ғалымдарының пайымдауы бойынша, Қазақстанның жер байлығы 1 миллиардтан астам адамды асырай алады. Қазақстанда көптеген жер асты қазба байлықтары өндіріліп, ауыл шаруашылық өнімі 33 пайызын құрайды.

Қазақстан Республикасының ең басты мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі, адамзатты түгел алаңдатып отырған барлық аймақтарда қалыптасқан экологиялық ахуал, оны түзеу жұмыстары отандық және шетөлдік компаниялардың араласуымен жүрсе, әлі де көңіл толарлықтай емес. Күні бүгінгө дейін өндіріс қалдықтарын сақтау мәселелеріне жете көңіл аударылмауда. Түсті металлургия және химия өндірістерінің өң ірі зауыттарының улы қалдықтарымен газбен, ауаға таратумен табиғатты ластап, орасан зор зиян тигізіп отыр. Сонымен бірге, Қазақстан территориясы ұзақ уақыт бойы атом, ядролық, ракеталық, химиялық қаруларды байқау мақсатында полигон ретінде пайдаланылып, экологиялық көп зардап шеккен.

Елімізде табиғатқа қатты кері әсерін тигізіп отырған Байқоңыр космодромы бар.

Адамзат өркениеті, адам қоғамы, ғылыми- техникалық революция, өндіргіш күштер алға басып дамыған сайын адам мен табиғат арасындағы қарым қатынас күрделене түсуде. Осыдан біраз уақыт бұрын экология мәселелөрі тек ғалымдардың шұғылданатын кәсібі болса, бүгінгі күнде олар күллі адамзатты алаңдатып, назарын өзіне аударуда. Жыл өткен сайын жер қойнауынан өндірілетін триллиондаған тонна минералдық шикізат, онымен қоса қопарылып жер бетіне шығып үйілетін бос топырақ, кенді өңдеу кезінде одан ажыратылатын керексіз қалдықтар, мыңдаған фабрика — зауыттар мен жылу электр станцияларының зәулім трубаларынан будақтаған түтіндер, олардың қүрамындағы мыңдаған тонна газдар мен тозаңдар, өнеркәсіп кәсіпорындарының лас сулары, ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыштар, гербицидтер мен пестицидтердің суармалы жер арқылы шағын өзен, көлдерге қосылуы, жер шарында жылына жүз миллионнан астам автомобиль шығарылса, ал ызғып жүргендері триллиондап саналса, олардың күнделікті шығаратын зиянды газдарының өзі сағат сайын ауаны ластауда. Оның мөлшерін ой елегінен еткізіп, бүгінгі және келешектегі зияны мен залалын, адамзат тіршілігіне, экономикаға төндіретін қауіп — қатерін әрбір жөке адам біліп, түсініп, сезінуі қиын. Жеке адам түгілі ел басшылары да үнемі мұны ескеріп, қажетті шараларын қолданып жатқан жоқ.

Бүгінде адам қызметінің жер бетімен шектелмейтіні, оның космос кеңістігіне шығып, онымөн айналыса бастағанын ескерсек, экология мәселесінің маңызы мен актуалділігі күшейе түспек. Таза ауа, таза су, экологиялық таза азық — түлік өнімдері күн өткен сайын көкейкесті мәселеге айналып барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, адамдар арасындағы барлық аурудың 80-90 пайызы ішетін ас -суымызбен жұтатын ауамыздың нашарлығынан туындап жататын көрінеді.

Адам мен қоршаған орта арасындағы қарым — қатынас мәселесідабиғатты сақтау.оған келетін зиянның көлөмін азайту.оны жақсарту жөніндегі нақтылы іс шараны жүзеге асыру бүгінде әр мемлекет.әр өл өз бетімен ғана атқаратын іс емес.бүкіл әлемдік,барлық мемлекеттер мен елдер бас қосып.кұш біріктіріп жұмыла жасайтын үлкен мәселеге айналып отыр.Әртүрлі елдердің экологтарының бірлестігі.экологтардың Халықаралық қоғамы құрылуына әкелді.Оның 1-конгресі 1974 жылы Гаага қаласында болып өтті.

Семей әлемдегі ең ірі полигон болған еді деп атап өтті. Оның алаңын көптеген мемлекеттерің аумағымен салыстыруға болғандай 18,5 мың шаршы километр. Онда 470 жарылыс болды. Бұл бұрынғы КСРО-да жүргізілген барлық ядролық қару сынағының 70 пайызына жуығы.Сөйтіп.адамдардың денсаулығы мен табиғатқа ұшы — қиырсыз зиян келтірілді.

… Бізді Арал теңізі мәселесінің ғаламдық аспектілері қатты алаңдатып отыр деді одан әрі Президент. Арал шын мәнінде жер шарының картасынан жойылып барады.Аймақта табиғи ортаның терең бүліну өзгерістері жүріп жатыр. Ауыз су тіпті де жетіспейді. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Жұрт үдере көшуге мәжбүр. Төрт миллионнан астам адам тұратын экологиялық апат аймағы бүкіл Орталық Азия мемлекеттерінің аумағын қамтиды. Апат планетарлық сипатқа ие. Аралдың тұзды тозаңының элементтері Еуропадан да, Солтүстік мұзды мұхиттан да табылған.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

Ғылыми — техникалық революцияны іске асырған адамзаттың ақыл ойы қазіргі кезде: «Жер бетіндегі тіршілікті сақтауға бола ма, әлде болмай ма?» деген сұраққа тіреліп отыр. Өйткені, адамзаттың дүниетануының шыңы деп есептелінетін атомдық, ядроішілік энергияны ашуы табиғат күштерін меңгеруге көмектесуге тиіс еді, бірақ ол сонымен қатар жер бетіндегі тіршілікті жойып жіберу апатын тұдыруы мүмкін дүниежүзілік термоядролық соғыс қаупін тудырды. Еңбек өнімділігін арттырып, адамдардың тұрмыс жағдайларын жақсартуға өлшеусіз мүмкіндіктер ашуға тиісті ғылыми техникалық революция мен экономиканы тұрақтандыру арасында шиеленіскен қайшылық туып, мұнын өзі техника жасаушы миллиондаған адамдардың еңбегін олардың өз өміріне төнген қауіп — қатерге айналдырады.

Ғылыми — техникалық революцияның нәтижесінде туған дүниежүзілік атомдық қауіп — қатер мен қатар, табиғат пен коғамның қатынасында туған басқа да дағдарыстар бар. Ол дағдарыстың ішіндегі ең бастылары экологиялық, энергетикалық дағдарыстар болып саналады. Адам табиғатка бейімделіп қана қоймайды, керісінше, ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйене отырып, оны өз қажеттеріне сай өзгертеді. Осы іс — әрекеттің нәтижесінде адамның өз басына экологиялық қауіп төніп келеді: табиғат байлыстарын есепсіз тұтынуы салдарынан алдағы ғасырларда олардың қорының біртіндеп таусылу қаупі бар. Оларға алдымен қазба байлықтар, минералдық шикізаттар жатса, екіншіден, өзін — өзі толықтырып қалпына келтіріліп отырады деп есептеліп келген ауыз су, таза ауа, тірі организмдер, т.б. биосфералық заттар жатады.

Ғылыми техникалық революция табиғаттың мұндай байлықтары таусылмайтын шексіз еместігін, өлшеусіз, есепсіз өндіре беруге болмайтынын дәлелдеді. Мысалы: өз еліміздегі мұнай қорын алайық. Қазір Каспий теңізінің астындағы мұнай қорын бес мемлекет бес жағынан жанталаса өндіріп жатыр. Осы бәсекелес өндірудің нәтижесінде түбінде ол мұнай қоры таусылып, Каспий теңізінің астында орасан зор үңгір пайда болып, сол үңгірге теңіздің суы сіңіп кетіп, екінші бір Аралдың пайда болмасына кім кепіл бере алады.

Кейде мамандар мұндай экологиялық мәселердің себебін қазіргі ғылыми техникалық революцияның ішкі мәніне іздеп, оның бірден бір себебі ҒТР деп санайды. Алайда, мұндай пікірмен келісуге болмайды, өйткені ғылым да, оның негізінде жасалған техника да айналадағы табиғи ортаға өздігінше елеулі әсер етпейді. ҒТР — дың экологиялық жағдайларға тигізетін әсері оның жетістіктерін практикадан қолданудан басталады: қазіргі заманғы өндіріс ғылым мен техниканың барлық жетістіктерін қолдана бермейді, тек шамалы ғана — олар сол кезде ақ өндірісті өлшеусіз арттырған еді. Машиналардың күш қуатын арттыру, өндірістің үздіксіз әдісін қолдану шикізатты өлшеусіз талап етті, табиғатқа адамның ықпал жасауын арттырды.

Демек, қазіргі заманғы экологиялық дағдарыстың себептері ғылыми -техникалық революция пайда болудан әлдеқайда бұрын шыққан еді. Оның түпкі, басты себебі тауар өндірісінің табиғатының туатын аз уақыт жұмсап, мүмкіндігінше мол пайда табуда жатыр. Қайта керісінше, ғылыми -техникалық қызметті материалдық өндірістің жетекші саласына айналдыру табиғат пен қоғам арасындағы қайшылықтарды дүрыс шешу мүмкіндіктерін тудырады.Адамның табиғатқа еңгізетін өзгерістері оның қоршаған сыртқы орта мен қарым қатынасына игі әсерін тигізетіндей болуы тиіс.

Экологиялық дағдарыстың мәнін ашып көрсететін тағы басқа мәліметтер келтірейік. Қазіргі кезде жыл сайын жер астынан 100 млрд тонна шамасындай түрлі рудалар, жанғыш заттар, құрылыс материалдары өндіріледі екен. Атмосфераға 200 млн тоннадан астам көміртегі тотығы, 150 млн тоннадай күкірттің қос тотығы, 53 млн тоннадай азот тотығы, 50 млн тоннадан астам түрлі көмірсутектері т.б. шығарылады. Дүние жүзінде барлық зауыттар жыл сайын 32 млрд текше метр ластанған су ағызып, 250 млн тонна ұлы газдар шығарады екен.

Радиоактивті қалдықтардың мөлшері барған сайын өсуде. Мұның бәрі су мен топырақты, ауаны барған сайын ластауда. Демек, қоршаған ортаны ластандыруда қазіргі заманғы экологиялық көріністің бір сипаты болып табылады. Табиғат байлықтарын есепсіз пайдалану және қоршаған ортаның ластануына байланысты экологиялық дағдарыстарды қалдықсыз және аз қалдықты өндіріс ұйымдастыру арқылы шешуге болады. Бұл үшін ғылыми техникалық прогресті табиғи байлықтарды, шикізаттар мен материалдарды, отын мен энергияны өндірістің барлық деңгейлерінде есеппен тиімді пайдалануға бейімдеу қажет.

Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытындылайтын болсақ, болашақ коғамдық прогрестің тағдыры қазіргі кезде шиеленісіп отырған дүниежүзілік мәселелерді, біріншіден, жеке дара емес, кешенді түрде және екіншіден, мемлекетаралық, тіпті бүкіл планеталық стратегиялық тұрғыда шешуге байланысты. Мұндай стратегиялық жоспар әлі жасалған жоқ, бірақ халықаралық әлеуметгік дамудың дүниежүзілік ерекшеліктерін жан — жақты да терең талдамайынша, мемлекеттердің экономикалық және саяси мақсат -мүдделері мен іс — әрекеттерін тиісінше анықтап, қоғам мен табиғаттың қарым — қатынасының біртұтас адамгершілік нормалары мен прициптерін білмейінше, барлық мемлекеттердің бірлесе әрекет ету стратегиясын тұжырымдау мүмкін емес — мұнда әрбір мемлекеттің мүддесі бүкіл адзаттың ортақ мүддесімен үндесіп жатуы тиіс. Бұл стратегияны әрбір мемлекет жеке дара жасай алмайды. Ол барлық мемлекеттер ақылға сала отырып келіскенде, мәдениет аралық байланыстарды ескере отырып, аман — есен алға қарай дамудың жеке елдер мен бүкіл адамдық мүдделерін дұрыс ұштастырғанда ғана жасалуы мүмкін.

Соңғы кездерге дейін экономикалық өсу мен қоршаған ортаны қорғау приоритеттері арасында белгілі бір дәрежеде қарама-қайшылықтар болды. Экономикалық өсу табиғатқа зиян келтіруге апарып соқтырады деп есептеліп келді. Себебі, мемлекеттік мәселелерді шешуде оның болашақта неге апарып соқтыратынымен санаспай, кезсіз қадамдар жасау өмірде орны толмас трагедиялық жағдайларға кезіктіруде. Бүгінгі күні әлемдік сипат алған Арал өніріндегі, Семей полигонындағы т.б. экологиялық дағдарыстар осындай біржақты көзқарастың, уақытында келешегі жоқ, өткінші табыстарға жету үшін жасалған жұмыстын салдары.

Өткен ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанда экологиялық апатты тудыратын шаралар жүргізіле бастады, Семей полигонындағы жарты ғасырға созылған жарылыстар, Байқоңыр ғарыш айлағынан жыл сайын тобымен ұшырылған түрлі зымырандар, Арал теңізінің тартылуына қолдан жол беріп, құрып кетуге айналуы т.б.

Семей полигонындағы адам өміріне аса қауіпті жарылыстардың қоршаған ортаға зардаптарын алайық. Бұл аймақтардың адам төзгісіз экологиялық апат өңіріне айналуы содан зардап шеккен айматтарды әлеуметгік қорғау үшін Қазақстан Республикасының арнайы Заңдары қабылданды. Бұл заңдардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жыл сайын мемлекеттік бюджеттен бірнеше миллиардтаған қаржы бөліп отыруға тура келді.

2002 жылғы 5-6 қазанда Орталық Азия қауымдастығына және Аралды құтқару халықаралық қорына мүше мемлекеттердің басшыларының Душанбе қаласында өткен саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Жер шарында қай ұрпақтың тұсында болсын теңіздің тартылып кетуі тәрізді окиға болмағандықтан, мұндай теңізді қалпына келтірудің ешқандай тәжірибесі жоқ. Сондықтан біздер қалай да Арал теңізін толтыру емес, оның тартылуын тоқтату тұрғысында ізденуіміз керек. Ең қорқьныштысы теңіздің құрған қалған 150 шақырым жағалауынан ауаға 1 миллион тоннаға дейін тұзды шанның тарауы. Ал ол биік таулардағы мұздарды ерітуге әсер етуде». Н.Ә.Назарбаев Арал апатын тек аймақтық ғана емес, сондай-ақ планета аралық апат — Арал Жердің биосферасын сақтауда үлкен рөл атқарады деп атап көрсетті. Арал проблемасын шешу, оның айналасындағы табиғатты сауықтыру, тұрып жатқан халықтарды ауыз сумен қамтамасыз ету кең ауқымды және тиімді халықаралық ынтымантастықты ұйымдастыруды талап етеді.

1994 жылдың қаңтар айында қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарламасының, БҰҰ даму Бағдарламасының және әлемдік Банктың қатысуымен мемлекеттер басшыларының Нөкіс қаласында өткен конференциясында қабылданған «Арал теңізі бассейнінің экологиялық ахуалын жақсарту бойынша нақты әрекеттер бағдарламасында» негізгі төрт мақсат көзделген:

— қоршаған ортаны тұрақтандыру;

— теңіз маңдйындағы экологиялық апаттың бетін қайтару;

— бассейіннің жер және су ресурстарың басқару ісін жақсарту;

— осы бағдарламаларды жоспарлау мен жүзеге асыру үшін қоғамдық институттармен байланысты қуатты жан-жақты дамыту.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2002 жылы Оңтүстік Африка республикасында (Йоханнесбург) өткен Саммитте Біріккен Ұлттар Ұйымына экологиялық проблемаларды шешу үшін көлемді инвестициялар тарту бойынша ұсыныстар жасап, ең ірі экологиялық проблемалардың тізімін жасауға шақырды.

Елімізде экологиялық қауіпсіздікті сақтамау салдарынан бүгінде бүкіл әлемге қауіп төндіріп, адам өмірін қысқартып жатқан аса күрделі мәселені шешуге үкімет тиісті дәрежеде көңіл бөліп отырған жоқ. Арал өңіріндегі экологиялық апат аймағы тұрғындарын әлеуметтік Қорғау туралы Заң 1999 жылдан бері қаржының жетімсіздігінен тоқтап тұр. Бұл Заң толық орындалған кезде мемлекет жыл сайын бұған 5 миллиард теңгедей қаржы бөліп, экологиялық апаттың зардабын шегіп отырған Арал өңірі халкының әлеуметтік мәселесін шешуіне көмектесуі тиіс болатын. Қазақстан Республикасы Үкіметі экологиялық қауіпсіздіктің сакталмай, өрескел бұзылуынан келген шығынды отеу үшін қабылданған Заңды қаржының тапшылығынан толық жузеге асыра алмады. Алғашқы төрт-бес жылда қабылданған Заңның тек жекелеген баптары бойынша ғана жетімсіз қаржы бөліп келді. Сонымен қатар, Қызылорда облысының Қазалы ауданында халыктың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеругс Халықаралық Аралды құтқару қоры тарапынан соңғы екі жарым жылда 100 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді. Оның ішінде, Сарыбұлақ ауылында скважина қазылды, 4 орта мектепке шағын жылу қазандығы орнатылды, Қазалы су төрабын жаңғыртуға, Абай ауылы жанындағы көлдерді суландыру су тоспаларын жөңдеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді .

Байқоңыр ғарыш айлағынан есепсіз ұшырып жатқан зымыран зардаптарын шегіп жатқан халық әлі күнге мемлекет тарапынан аз мәнінде қамқорлық көріп отырған жоқ. Қазақстан үкіметі бұл маңызды мәселелергс көмек беруге жылда уәде бергенмен орындалмай келеді.

Жер бетіндегі табиғаттың бірте-бірте тозып, экологиялық дағдарысқа ұшырауы адамзаттың қолдан жасаған кесапаты екендігі сөзсіз. Сондықтан бұл апаттың алдын алып, экологияға ұшыраған аймақтарды шұғыл сауықтыруға үнемі назар аударып, тағдыры тығырыққа тірелген тұрғын халыққа барынша жаңашырлықпен қамқорлық жасау мемлекетті іс.

Кенестер Одағы кезінде Қазақстан жерін аса қауіпті түрлі сынақ аландарына айналдырғанын өте құпия ұстады. Олардың келешекке келтірер зиянын халыққа айтпай, жасырды. Сол кезеңде әскери-өндірістік кешендерге Қазақстанның 20 млн гектар жері пайдаланылған екен. Бұл жерлерді ел игілігіне пайдалануға, барлау жұмыстарын жүргізуге, жерасты байлықтарын игеруге рұқсат етілмеді. Адам айтқысыз зардап шегіп жатқан халыққа, қазақтың айдын шалқар қалды, жер жаннатында таза ауалы ен даласы бірте-бірте тозақты аймаққа айналып жатқан жерше ешкім жанашырлық, керсеткен жоқ.

Сондықтан бар құпияны жария етті, шындыктың бетті ашқан «Невада-Семей» қозғалысын халық бірден қолдап, бұл бастаманы әлемдік масштабта көтерген атақты ұлтжанды акын Олжас Сүлейменовтың ізіне ерді. Ол бүкілхалықтық, қозғалысқа айналды.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қоршаған ортаны қорғау министрі Айткул Самаконның айтуынша, ең бастысы, экономиканы және тұтас алғанда қоғамды экологияландыруға қол жеткізу керек. Бірінші бағытта экономиканың барлық саласына экологиялық фактордың интеграциялануына мумкіндік беретін экономикалық тетіктерді жасау керек. Мәселен, кез келген бағдарламаларды жасау барысында, энергияны және ауыл шаруашылығын дамыту жобасы, ендіргіш күштерді орналастыру схемасы, алып құрылыстар мен басқа да кең ауқымдағы бағдарламаларды жүзеге асыру барысында мідетті түрде олардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін ескеру керек.

Ғылыми-техникалық ерлеудіц қазіргі деңгейі, қуатты компьютерлердегі талдаудыц жүйелілік әдістері үлкен жобалардың шағын кейін алдын ала түсінуге мүмкіндік береді. Оларды іс жүзіне асырмас бұрын табиғатқа тиетін залалды есептен, оны болдырмаудың жолдарын іздестіру қажет.

Табиғат компоненттері өзара үйлесіммен құралға. Оның даму жолының өзіндік заңдылығы бар. Қазір экологиялық дағдарыстың түпкі себебі осы заңшылықты білмеуде, түсінбеуде, оған жөнсіз араласуда жатыр. Осыдай табиғаттың зат және энергия алмасу жүйесі бұзылады. Сондықтан әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары негізімен аздап болса да таныс болуы керек. Экологиялық сауатсыздықты жою — Үкіметіміздің халық арасында жүргізетін негізгі бір жұмысына айналуы тиіс.

Сондай-ақ, қоғамды экологияландырумен қатар, қоршаған ортаны қорғау әрбір адамның төл міндеті. Бұған білім берудің барлық кезеңінде балаларды оқыту керек. Экология мәселелері бойынша білім берудің мемлекеттік бағдарламасын жасау да қажет қоғамның тұрақты дамуына деген беталыс экологиялық проблемаларды шешуден бастау алады. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму стратегиясында халыққа экологиялық білім беру мәселесіне айрықша назар аударылған. Осы орайда, Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы Кеңесінің президенті Ш.Айтматов былай дейді: «Экология пәні мектептің сабақ кестесінде математика және ана тілі сабақтарымен қатар тұруы керек. Сонда ғана қоршаған ортаға деген қамқорлық нағыз өмір секілді шынайылыққа ие болады».

Республикамыз егемендік алғанға дейін табиғаттың қай саласы болмасын азып-тозды. Бұған еліміздің қазіргі экологиялық жағдайы куә. Экологиялық қауіпсіздікті сақтау проблемасы жеңіл-желпі қарап, құр байбалам салу, дабыраға айналдырып бос уақыт өткізумен шешетін меселе емес екендігін көп жағдайда түсінбейді. Соңғы кездері экологиялық зардаптардам құтқарудың жолын «халықты басқа жаққа көшіру керек» деп елді босқа қобалжытатын, істін байыбына бармай, нақты жағдайлы білмей ұсыныс жасаушылар көбейді.

Арал өңірінің экологиялық апат аймағы деп жарияланғаннан бергі соңғы 10 жылда осындай тұрғындарды басқа жаққа көшіру жайлы мәселе екі рет көтерілді. Алғашқысында, 1990 жылдың басында осындай даурыкта сөзге сенген тұрғындар бар жиған-тергенін сатып жан-жаққа удере кешті, нәтижесінде барған жерлеріне, жаңа қоныстарына үйренісе алмай, нарықтық кезеңдеп жаппай жұмыссыздыққа тап болған олар туып-өскен жеріне қайтып келуге зар болды. Осы тарихи шындықтан тиісті сабақ алып, қорытынды жасау орнына 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін уақытша тоқтатылған «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңды іске қосып, оған тиісті өтемақыларға қаржы бөлуге келгенде бұл өңірден халықты көшіру керек деген мәселе тағы да көтерілді.

Экологиялық қауіпсіздікті сақтауға немқұрайлы қарап, оны шешуді қаржының тапшылығына тірей берсек, ешқандай нәтиже шықпайды. Сондықтан алдымен халықты, экономиканы, экологияны сауықтыру керек. Экологиядан зардап шеккен тұрғындардың қалыпты өмір сүруіне бірінші кезекте жағдайлар жасалуы тиіс.

Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, халықтың көші-қоны мен денсаулығына байланысты тура және жанама шығындарды қоса есептесекде, Арал өңірін экологиялық сауықтыруға 35,4 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы керек. Қоршаған ортадағы өзгерістерге байланысты экологиялық зиян қоғам шығыны болып есептеледі. Ол келесі шығындардан құралады:

— қоршаған орта өзгерістеріне байланысты қоғамның қосымша шығындары;

— қоршаған ортаны бұрынғы қалпына келтіру үшін жұмсалатын шығындар;

— орнына келмейтін құнды табиғи ресурстардың белгілі бір бөлігіне қосымша шығындар.

Қазақстан дүние жүзінде бірінші болып өз еркімен ядролық қарудан бас тартты. Мұны жаһандық қауіпсіздің жүйесін қалыптастыруга, Жер бетіндегі бейбітшілік ісіне қосылған теңдесі жоқ үлес десек, ешбір ақыра айтқандық смес. Сонымен қатар, бұл өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге қосылған ең қомақты үлес.

Осы орайда біз әлемнің барлық ресми тұрғыда танылған ядролық державаларының Қазақстанға бірлескен және жан-жақты қауіпсіздік кепілдіктерін беруіне қол жеткіздік.

Республиканың бірте-бірте экономикалық өсіп-өркендеу бұған дейін қаржы тапшылығынан, тағы басқа себептермен көңіл бөлуге мүмкіндік болмаған бірсыпыра өмірлік мәні зор мәселелерді шешуге, мемлекеггік реттеуге бетбұрыс жасатуда. Осының нәтижесінде 2002 жылғы бюджет мөлшері ойдағыдай орындалды. Ал тұтастай алғанда, 2003 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 2002 жылға карағанда, денсаулық сақтау саласы бойынша — 38,3 пайызға, білім беруге — 33,6, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік камсыздандыру бойынша — 5,9 пайызға көбейтілді. Ең төменгі зейнетақы: мен жалақы көлемін 5 мың теңгеге көтеру, бес және одан көп баласы бар аналарды 53 жаста зейнетке шығару, жаңа дүниеге келген баланың анасына берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақысын, 2-ші топтағы мүгедектердің жәрдемақысын көбейтуге, Семей полигонынан зардап шеккендерге жене Арал апат аймағындағыларға тікелей әлеуметік көмекке 5,6 млрд теңге бөлуге мүмкіндік туғызды.

Жасыратыны жоқ, бұған дейін қабылданған бірсыпыра заңдар нақты іске асыру тетігі, қаржы кезі көрсетілмегендіктен орындалмай, сөз жүзінде қалып келді.

Көптеген роыноктық экономикалы елдерде мемлекеттік реттеудің дамыған жүйесі жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері:

— ауыл шаруашылығында тұрақты экономикалық жағдайды сақтау;

— орынсыз миграциялық процестерді болдырмау;

— азық-түлік қауіпсіздігіне қолдау жасау, жаңа жағдайға бейімделуге көнек беру;

— ішкі рынокты қорғау, халықаралық еңбек бөлінісіне ұлттық тауар өндірушілердің бәсекеге қатысуын және халықты сапалы арзан тамақ өнімдерімен, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті-қажетті шикізатпен қамтамасыз ету. Бірсыпыра министрліктер мен институттардың Қазақстандағы 1996 жылғы экологиялық жағдай туралы дайындаған баяндамасында көрсетілген кейбір мәліметтерді қысқаша келтірейік. Онда мемлекеттің өз территориясында экологиялық тәртіп пен нормаларды сақтауға тікелей өзі жауап беретіні атап айтылған. Соған қарамастан, Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауга кететін шығын жалпы табыстың 0,5 пайызынан аспайтыны, бұл қажеттіліктен 10 есе төмен екені көрсетілген.

Бұл мәселені мемлекеттік реттеу бағытында ондаған заңдар, қаулылар мен нормативтік актілер: табиғаттын төтенше жағдайы туралы заңдардан бастап, экологиялық бақылау, инспектор жөніндегі ережеден бастап, олардың функцияларын шектеуге дейін, орман ағаштарын кесу және су ресурстарына төлем мөлшері, нұсқаулар және есеп методикалары еңгізілді.

Қазіргі кезде қалыптасқан нақты және кеңінен қолданылып отырған шаралар — экологияны бұзғаны үшін айыппұл салынатын әртүрлі қаулылар болып отыр. Алайда, заңды бұзушылар таранынан қаржының жоқтығынан күткендей нәтиже бермей келеді.

1997 жылы қабылданған «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, егер қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі нұқсан келтірілсе және табиғи экологиялық жүйелер бұзылып, өсімдіктер дүниесі азып-тозса, экологиялық апат аймақтары деп жарияланда.

Бұл Заңның негізгі міндеті қоршаған ортаны қорғауда қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын реттеу, табиғи ресурстарды өндіру және тиімді пайдалануда заңдылықты және құқық қорғау тәртібін күшейту болып табылады.

Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері ушін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де кызметті табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатгы ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

Егер егемен ел болганнан кейін қабылданған бұл заңға байыптап қарасақ, бірсыпыра ерекшеліктерді де атап көрсетуге болады. Осы заң экологиялық қауіпсіздік пен табиғатты тиімді пайлаланудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды. Мұнда бірінші кезекте экономикалық реформа еріксіз қабылданған жаналықтар көп. Оқып-қарасақ заңды құрайтын 89 баптын үштен бірінен астамы жаңадан қосылған, мәселен, бұрын қоршаған ортаны қорғау ережелері мен нормаларын сақтау мақсатында ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық және басқа қызметтерін тәуелсіз тексеру — экологиялық аудит жоқ болатын. Заңда бұған арнайы тарау енгізілген. Мұның өзі, табиғат пайдаланушылар үшін жұмысында экологиялық зардаптарға объективті баға беруде белгілі бір кепілдік береді. Немесе экологиялық талап. Бірінші кезекте шаруашылық субъектілерінің өзіне заңды тұлға банкрот болған, жойылған және таратылған жағдайда, мемлекеттік мүлікті жекешелендіргенде экологиялық талаптар мен міндеттемелергі; есеп еңгізілген.

Төтенше экологиялық апат аймақтарында тұратын халыктың тұрғылықты жерлерді тастап, көшіп-қонуы, республика ішінде біржола, уақытша орын ауыстыруының басты себебі адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайсыз экологиялық жағдайларға тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңында экологиялық апат аймағында тұратын халықты адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы ортаға көшіру мүмкіндігі көрсетілген. Ал кеші-қон үрдісін іске асыру тетігі қаржы көзі көрсетілмеген. Сол себепті заңда көрсетілген бұл нормалар орындалмай отыр.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының “Атмосфералық ауаны қорғау туралы” Заңы 2002 жылғы 11 наурызда қабылданып, күшіне енді.

Бұл Заң атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған орта мен оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат жөніндегі азаматтар құқықтарын іске асыруға бағытталған.

Республикамызда экологиялық проблемаларды мемлекеттік реттеуде осы аса маңызды Заңдар бұлжытпай басшылыққа алынып, орындалуы тиіс.